2.1. Адамның өзі туралы түсшіктерінің қалыптасуы
Өзін-өзі тану үдерісінің нәтижесі адамның өзі туралы жан-жақты ұғымдары мен білімінің қалыптасуы болып табылады. Өзін-өзі танудың нысаны - шындық емес, іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі адамның өз тұлғасы.
Өзін-өзі тануда адам бір мезгілде танымның субъектісі ретінде де және нысаны ретінде де көрінеді. Психологтердің пікірінше, өзіндік сана неғұрлым кең ұғым - өзіндік санадан әрқашан өзін-өзі тану шығады. Өзіндік сана мен өзін-өзі танудың бір емес екенін атап айту қажет. Әдетте зерттеушілер өзін-өзі танудың өзара бірлікте қарастырылатын екі негізгі компонентін бөліп көрсетеді: 1) өзін білу жэне 2) өзіне деген көзқарасы. Ал И.И.Чеснокова өзін-өзі тануды үш компоненттің: өзін-өзі танудың, өзіне эмоциялық-құндылық қатынастың және тұлғаның мінез-құлқын өзі реттеуінің бірлігінде түсінуді ұсынады [40, 59-6.].
Өзіндік сана-сезімнің оянуын баланың ана құрсағындағы даму кезеңімен байланыстыратын түсініктер де бар. Мұнда баланың өз денесінің шектеулілігі сезімінің пайда болуына даярлайтын ана құрсағындағы кезеңмен байланысты тактильдік түйсінулер басты рөлді атқарады.
Өзара қарым-қатынастың өзіндік сана-сезімді дамытудағы маңыздылығын барлық авторлар да қолдайды, дегенмен баланың ересектермен ара қатынасының механизмдерін, формаларын, ондағы өзіндік сана-сезімнің оянуы мен жас кезеңіне байланыс-тылығын түсіну әр түрлі. Бала дамуын психоаналитикалық дәстүрде қарастырушы авторлар өзіндік сана туындауын баланың анасынан субъективті бөлінуі деп түсіндіреді. Ч. Кули мен Дж. Мидтің айтуына жүгінсек, балада өзіндік сана-сезімнің, онда басқалардың орнына өзін қою қабілетінің оянуымен, сөйтіп өзінің қасиеттері мен ерекшеліктерін басқаша қабылдау перспективасын меңгерудің туындауымен байланысты [41].
В.Н.Мясищевтің пайымдауынша, бала басқаларға қатысты жинақталған білімді өзіне аударады - осы үдерісте өзіндік сана-сезімі оянады, белгіленеді. Сонымен қатар өзіндік сана-сезімнің пайда болуы қоршаған ортаға деген нақты формадағы эмоциялық қатынасының (тілегі,сезімі) көрінуімен байланыстырылады.
Өзіндік сана түсінігімен «рефлексия» термині қатарлас-тырылады. Рефлексия өзін-өзі тану әрекеті ретінде адамның жан дүние әлемінің ішкі кұрылысы мен ерекшелігін ашады. Тұлғаның өз-өзіне рефлексивті қатынасын өзіндік сана кеңістігінің даралық шеңберінен шығатын үдеріс ретінде авторефлексия деп анықтауға болады. Адамның өз-өзіне рефлексивті түрде карай алу қабілеті -тұлғаның адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды интерио-ризациялаудың нәтижесі болып табылады [42].
Өзіндік сана нақты адамдар мен іс әрекеттің нақты субъектілері катынасатын қоғамдық қатынастар жүйесінде қалыптасады. Сонымен бірге сана-сезімнің дамуына қоғамдық қатынастардың эсері қосымша сипатта ғана болады. Тұлғаның мән-мазмұны ол өсіп-жетілетін қоғамдық қатынастардың көпқырлы жиынтығы аясында анықталады. [43].
Белгілі әлеуметтік топтар арасында және сол топтагы тұлғалық рөліне байланысты индивидтің басқа адамдармен өзара әрекеттесуі үдерісінде «Мен» сезімінің қалыптасуын интерактивтік теорияның (ағылшынның «interact», яғни «өзара қарым-қатынас» деген сөзінен шыққан) негізін қалаушы американдық ғалым Дж Мид зерттеген. Оның көзқарасы «Мен бейнесі» индивидке тікелей берілген немесе өзіндік сезінулердің қорытындысынан пайда болады деген көзқарастарға кереғар келеді. Мидтің пайымдауынша, өзін-өзі танудың негізі индивидтің басқа адамдармен іс жүзінде өзара әрекеттесуі болып табылады. Индивидтің өзін-өзі тануы тікелей емес, жанама түрде өзі мүше болып кіретін әлеуметтік топтың басқа мүшелерінің жеке көзқарасынан немесе жалпы топ мүшелерінің көзқарасынан құралады, себебі ол өзінің «Менің» тікелей қабылдамай, өзін басқа топ мүшелерімен тең нысан ретінде қабылдау арқылы кіреді. Ол өзі үшін тек басқа индивидтермен бірлесіп әрекет ету аясында олардың өзіне деген қарым-қатынасын қабылдаған кезде ғана нысан бола алады [41].
Жиырмасыншы ғасырдың басында психолог Ч.Х.Кули «бейнелі Мен» теориясын қалыптастырды. Бұл теорияға сәйкес адамның өзі туралы үғымы қоршаган ортаның пікіріне байланысты қалып-тасады және құрамдас үш бөліктен тұрады: мен басқаларға қалай көрінемін, баскалар мені қалай бағалайды деген түсінік, осыған байланысты өзін-өзі бағалауы. Танымның дүниетанымдық аспек-тісі Б.Г. Ананьевтің, А.Н. Леонтьевтің, С.Л. Рубинштейннің және т.б. көрнекті психологтердің еңбектерінде терең көрініс тапқан. Таным объективті шындықтың субъективті бейнесін білдіреді. Олардың арасындағы айырмашылық сонда - санада өзінің көптеген аспектілерімен бүкіл объективті дүние бейнеленеді, ал өзін-өзі тану арқылы адам өзін осы дүниеден бөледі, өзін тұлға, қатысушы адам, әлемді танушы және оны өзгертуші субъект ретінде саналы түсінеді.
И.С.Кон «Мен» ұғымын адамның өзі туралы түсінігінің синонимі ретінде қарастыруды үсынса, адамның өзі туралы Р.В.Бернс «Мен» тұжырымдамасына мынадай анықтама береді: " Бұл индивидтің өзі туралы барлық түсініктің бағалауымен қатар жүретін жиынтық". Ол «Мен тұжырымдамасының» суреттеме қүрамын өзіне деген қатынасты, өзіндік бағаны, өзін қабылдауды қатыстыратын «Мен бейнесі»немесе «Мен суреті» деп атайды. Бұл ұғым толыққанды түрде американ психологі К. Роджерстің тұлғаның феноменологиялық теориясында қарастырылады [44].
Достарыңызбен бөлісу: |