«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С


Орта ғасыр дәуіріндегі өзін-өзі танудың ерекшеліктері



бет3/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
1.2. Орта ғасыр дәуіріндегі өзін-өзі танудың ерекшеліктері
Орта ғасыр дәуірінде адамға деген көзқарас түбегейлі өзгерді. «Болмыс кітабынан» алынған: «Адамды біздің бейнеміз бойынша жэне соған ұқсатып жаратайық» деген үзінді бүкіл христиан антропологиясының негіздемесі болды. Орта ғасыр авторларының антропологиялық ілімдерінде жаратушы мен адамның мақұлықтық табиғатының қарама-қайшылығы идеясын дәріптеумен қатар, адамның құдайдан алшақтауының алдын алу жолдары да қарастырылды. Дәл осы христиандық тұлғалық дәстүрдің негізі болды. Онда тұлға өзгеше киелі, абсолют ретінде қабылданады. Тұлға әлдебір мақүлық емес, ол қүдіретті бастаушы болып табылады. Адам сөзсіз қүндылық, түлға ретінде түсіндіріледі. Христиандық бойынша жоғары мұратта тән руханилықпен сәйкестендіріліп, онымен біте қайнауы керек. Адам өзіне ақыл-парасатты ғана дарытып қоймай, сонымен бірге жеке басылық байлығы мен бірегейлігі айқындалатын сезімдерін де өрбітуі қажет.

Аврелий Августиннің «Христиандық сократизм» атты ілімі сыртқы дүниені танымас бұрын өзін-өзі тану, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі байқаудың басымдылығына негізделді. Бонавентура болса, адам жанын ең алдымен оның мәңгілікпен, құдіретті «бейнемен» қарым-қатынасы негізінде қарастырды. Фома Аквинский мен Дунс Скот жан туралы барабар ілімді өзіндік сана-сезіммен (өзіндік рефлексиямен), жекеден жалпыға, әрекеттен себепке кезеңдік көтерілумен байланыстыра қарайды. Олар өзін-өзі бақылаудың интуитивтік айқындылығына және ішкі сезімнің қателеспейтіндігіне баса назар аударды. Фома Аквинский адамның өз әрекеттеріне Құдай алдында жауапты екендігі, яғни жеке адамның өз өмір жолын еркін таңдай алатындығы туралы айтады.

Византияда адам тәңірдің үлгісі бойынша және соған ұқсас жаратылған деп түсіндіру христоцентристік «құдайландыру» тұжырымдамасының аясында қарастырылды. Адам мен адамзаттың жоғары құндылығын мойындайтын «құдайландыру» ұғымының мағынасы Ұлы Афанасийдің: «Сөз біздің кұдайлануымыз үшін адамдандырылды» деген тезисінде толығынан қамтылған. Орта ғасырларда негізінен алғанда тұлғаның басты «өлшемдері» қалыптасты, адамның өзін-өзі сезінуіне, тануына белгілі бір қадам жасалды.

Орта ғасырлық араб әлемінде адам мәселесі: теологиялық, мистикалық және философиялық - жетекші үш идеялық бағыттың шеңберінде қойылып, талқыға салынды. Теологиялық бағыттағы бірінші көзқарас өкілдері мутакаллимдер - яғни качаыаның ізбасарлары, Құранға және Суннаның қасиетті аңыздарьша түсінік берушілер болды. Мутакаллизм құдіретті тағдыр, құдіреті күшті Алланы мойындау - яғни фатализмге негізделді. Теологиялық бағыттағы екінші көзқарас өкілдері мутазилиттер («бөлініп шыққандар») - құдіретті тағдырдың абсолюттілігін жоққа шығарып, әр адамның өз мінез-құлқы мен әрекеттеріне жауап беретіндігін негіздеу үшін Құран мәтіндерінің қайшылықты жерлерін пайдаланды. Мутазилиттер қүдіретті еріктің әрекет ету шеңберін айтарлықтай тарылтып, жамандық пен күнәһарлық ұтымдарын, адамдар алдындағы жауапкершілік пен Қүдай алдындағы жауапкершілікті ажыратып берді. Олар еркін ерік танытуды адам табиғатының игі нышандарын жүзеге асырудың шарттары ретінде, игі қажеттіліктерді саналы түрде қолдану, яғни әлемге тән мақсаттылық ретінде қарастырды.

Исламдағы мистикалық ағым - суфизм - адамды құдіреттілік пен мақұлықтықтың бірлігі ретінде қарастырды. Адам -универсумның ең жетілген болмысы, кез келген басқа болмыс -Абсолюттің сансыз белгілерінің бірінің керінісі. Әлем негізінен алғанда - макрокосм (алам-и-акбар), адам - микрокосм (алам-и-асгар). Адам «құдіреттілік» қоймасы» бола отырып, Құдаймен бірігу арқылы шынайы «менге» оралуға қабілетті.

Суфизмде өзін-өзі тану жолында жетілуге қабілетті болып келетін адамды ізгіліктің эталоны және жақсылық пен жамандықтың индикаторы деп санайтын «кемелденген адам» (әл-инсан әл-кэмил) тұжырымдамасы туындады.

Философиялық бағытқа шығыс перипатетизмі (аристотелизм) деп аталатын көзқарас та жатады. Араб тілді философтар адамның жаратылысы, оның мәні, әлемде алатын орны мен атқаратьш рөлін пайымдаумен, адамның танымдық қабілеттерін, жақсылық пен жамандық жэне т.б. таңдау мүмкіндіктерін айқындаумен айналысты. Оларды жоғары мұратты адам және оның кемелдену жолдары қандай болу керек деген мәселелер толғандырды. Адамды философиялық тұрғыдан пайымдау оның зияткерлік кемелденуіне бағытталған. Бұл бағыт өкілдерінің (әл-Фараби, ибн-Сина, ибн-Рушд жэне басқалардың) пікірі бойынша ой жүзінде және іс жүзінде көрініс беретін ақыл-парасат - адамның басты ерекшелігі болып табылады. «Жалпыға ортақ көзқарасқа қабілетті» ақыл-парасат ой жүзіндегі, ал «жеке нәрселер туралы ойлауға кабілетті» ақыл-парасат іс жүзіндегі болып саналды. Олар діни догмалардың шексіз беделіне күмән келтірді. Олар «қасиетті мәтіндердің мағынасын тура түсіндірудің қауқарсыздығын дәлелдеуді мақсат еткен» адамдарды зияткер элитаға жатқызды.

Әл-Фараби тағылымындағы адамның өмірлік мақсаты ретінде қарастырылған бақыт туралы ілім оның ақыл-парасат туралы ілімімен тығыз байланысты. Ақыл-парасат жэне ізгілікпен қатар қарастырылатын бақыт - әл-Фарабидің ізгілік көзқарасының негізгі категориясы және шығармаларының басты тақырыбы. Әл-Фарабидің айтуынша, адам өз түйсігі арқылы ұмтылатын әлдебір кемелдік бар. Ол адам үмтылатын ең игі жэне нағыз кемелденген мақсат болып табылады. «Бұл - адамның өзі үшін ізделіп отырған жақсылық; оған ешкім де, ешқашан да әлденеге қол жеткізу үшін ұмтылмайды және де бақыттың ар жағында адам қол жеткізе алмайтын ешнәрсе жоқ» [9, 289-6.]. Бақыт адамның өз-өзімен үйлесімді, жарасымды өмір сүруі үшін қажет. Қоғамдық құндылық болып табылатын адам өмірінің тіршіліктің басқа болмыстарынан айырмашылығы - бірегейлігінде, адамның кемелдігі де - біреу екендігін әл-Фараби өз еңбектерінде атап көрсетті. Екінші Ұстаз бұл дүниеде бақытқа қол жеткізу мүмкіндігін пайымдай отыра, бақытты тек шынайы адамзатпен, оның барлық дәрменсіздіктері, қадір-қасиеттері және кемшіліктерімен байланыстыра қарастырады. Әл-Фараби: «Адам өзінің мақтаулар мен мадақтауларға ие болған күйі үйлесімде болған кезде бақытқа қол жеткізеді», -дейді, өйткені оның тандау мүмкіншілігі бар, яғни ол өз бақытының жасампазы болып табылады.

Сондықтан да «біздің әрекеттеріміз керемет болуы керек, жан дүниеміз пәк болуы қажет» жэне де «бұл әрекеттер ерікті түрде жэне еркін таңдау бойынша жүзеге асқан кезде ғана бақытқа қол жеткізеді», - деп тұжырымдайды әл-Фараби. Ол адамның бақытқа ұмтылысындағы ынталылығы пен белсенділігін жоғары бағалайды.

Әл-Фараби философиясындағы адамгершілік туралы түсінік-темелерінің басты үғымдары - ақиқат, махаббат жэне сұлулық, бастапқы Жарық дүниенің нұрына белену. Махаббат дегеніміз -дүние сатыларымен ең жоғарғы сұлулық пен кемелдену мұратын білдіретін жоғары ұстанымдарға ұмтылу. Махаббат төменгі (жер­дей) және жоғарғы (көктегі) дүниелерді жалғастырушы дәнекер рөлін атқарады. Бұл екі дүниені эстетикалық тұрғыдан қарама-қарсы қою әсемдікті ұсқынсыздыктан, жақсылықты жамандықтан ажыратуға мүмкіндік беретін «ішкі түйсік» ретіндегі мұрат мәселесін көтерді. Қоғамдық дамудың әр сатысында эстетикалық мұрат адамдардың бір-біріне, олардың нысандық ортасына және табиғатқа деген қарым-қатынасының адамзат қол жеткізген ізгілік (адамгершілік) деңгейін көрсетеді.

Мұсылман әлемінің алғашқы халифтарының бірі, VII ғасырда өмір сүрген және замандастары Ілім табалдырығы деп атап кеткен Хазірет Әлі (али ибн Абу Талиб) «Бұл өмірде байлық пен білім екеуінің қайсысы құнды?» деген сұраққа былайша жауап береді:


  • Білім сені қорғайды, ал байлықты сен қорғаштайсың, сондықтан да білім құндырақ.

  • Білім достарыңның қатарын көбейтеді, ал байлық жауларыңның қатарын көбейтеді.

  • Білімді неғұрлым көбірек алсаң, соғұрлым көбірек жиналады. Білімді қанша жұмсасаң да, таусылмайды. Байлықты ретсіз жұмсасаң, кедейлікке, қайыршылыққа апарып соктырады.

Парсының ұлы ақыны, философ Омар һэйям астрономия, мате­матика және басқа да ғылымдар саласында маңызды жаңалықтар ашқан ғұлама ретінде ғана емес, сонымен қатар тамаша ақын, әлемге әйгілі төрт жолды өлең шумағы - рубаилардың авторы ретінде де танымал. Оның рубаиларында әлем, дүние, адам, оның өмірі, бақыты туралы өмірлік мәселелер кеңінен, қысқа да нұсқа түрде көтерілген. Орта ғасырлық күрделі дәуірде:

«Дүниенің саф алтыны, сарасы - біз, Мақсаты, майса гүлі, санасы - біз. Бұл жаһан дөп-дөңгелек жүзік болса, Жауһардай жанған соның шарасы - біз», -деп, гуманист О. һэйям адамды жоғары бағалайды. (10, 19-6.)

Онда Омар һәйямға дерексіз ізгілік емес, накты ізгілік тән:

«Тыңдасаң, бір сөз айтам, келші досым!

Баянсыз өмірге ерік берші, досым.

Әрдайым канағат қып қолда барға,

Тірліктің тамашасын көрші, досым» - деп жырлайды акын [10, 112-6.].

һәйямның бір қарағанда торығушылық, күмәншілдік сарынға толы болып көрінгенмен, рубаиларының астарында адамга, өмірге деген ыстық сүйіспеншілік және кемелдіктің жоқтығына қарсы наразылық жатыр. Омар һәйямның философиялық дүниетанымы үстемдік етіп отырған діни-догматикалық көзқарастарды қабылдаған жоқ:

«Кім көрген жаһаннам мен жүмағыңды? Білмейсің өлсең, барар тұрағыңды. Үміт пен үрей деген неге керек? -Шешпеді-ау ешкім осы сұрағымды».

Адамның тіршілік ету мәні, дүние мен танымның шексіздігі туралы толғана отырып, Омар һәйям өзінің зерделі шағында Сократ сиякты:

«Ғылымнан көңіл-санам мақұрым емес,

Нәрсе жоқ маған сыры мағлұм емес.

Күн-түн жетпіс екі жыл толғанып

Байқасам, білгенімнің барлығы - елес» [10, 100-6.].

Тіршілік теңізінің сыры жұмбақ:

Бір ғажап тесілмеген жәуһар сынды-ақ.

Өз қамын ойлап әркім сөз айтқанмен,

Білмейді өмір жайын ешкім шындап [10, 96-6.], - деп жазды. Сонымен бірге атақты шығыс ақыны және ғұламасы өз замандастары мен ұрпақтарына:

«Жүрмейді ертеңгіге бүгін еркің, Ертең деп ушықтырма көңіл дертін. Баян жоқ тіршілікте өтер-кетер, Кетірме қолда түрған өмір көркін» [10, 22-6.], - деп ақыл-кеңес береді.

Шығыстың үлы ойшылы Жүсіп Баласағұни - көне түркі тілінде жазылған бірінші энциклопедиялық шығарма «Қүтадгу білік» поэмасының авторы. Ж. Баласағұни бұл поэмада жалпы философиялық сипаттағы, сол сияқты нақты өмірлік, этикалық және эстетикалық тұрғыдан ауқымды жүйе ұсынды. Ол өмірдің мәні, адамның жаратылысы, оның қоғамдык және табиғи универсумдагы алатын орны мен рөлі туралы дүниетанымдық мәселелерді қарастырды.

Поэма беттерінде білімнің адам өмірінде атқаратын рөлі, бақыт, жаксы және жаман іс-әрекеттер, тіл және сөйлеу, көңіл күй және еріккүш, әміршілер мен түрлі басшыларға қажет қасиеттер, халыктың түрлі топтары өкілдерімен карым-қатынас жасау мәдениеттері туралы ой қозғайды. Трактатта отбасы жэне неке, ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне ерекше мән беріледі. Автор адам бойына жоғары адамгершілік қасиеттер отбасы тәрбиесі арқылы дариды, сондықтан да оларды жастайынан қолөнерге, үлгілі мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, үлкендерді сыйлауға және отбасы мен ата-аналарын құрметтеуге үйрету керек екендігіне баса назар аударады.

Трактаттың өн бойы білімге шакыру, ілім меңгеру мәселелеріне толы. Ақыл адам ұлылығының көрсеткіші ретінде бағаланады. Автордың ойынша, адамның өмір салтын шешуші жағдайда оның бақыты мен қайырымдылығы анықтайды, адамның ісі мәңгі жасайды.

Ж.Баласағұнидың: «егер адам артына өз ұрпағына пайда келтірердей іс қалдырса, бала тәрбиесінде ата-аналарға насихат боларлық өте құнды педагогикалық мұра қалдырса, оның жаны өлмейді. Егер бала жаман мінезді болса, онда жақсы адамдарға қауіп төн-гені. Адам өмірде өз ойындағы мақсаттарға жеткісі келсе, ол дұрыс тәрбие алуы керек. Ата-ана өз ұлына бірінші кезекте ата-текті жалғастырушы, үйдің қожайыны екендігін ұғындыруы қажет. Бұл -ата-ананың бірінші парызы. Халыққа тән адамгершілік бейне үлкенді, ата-ананы сыйлау мен құрметтеу арқылы айқындалады. Өнегелі тәрбие жас адамның өмірдегі өз жолын жаңылмай табуға көмектеседі. Өмір бәрінен де қымбат және оның әр минуты қымбат:

«Өткен өмір қайтып келмес, Болашағың бұлыңғыр. Ажал сенен алшақ кетпес,

Өмірің бос өтпесін, абай бол», - деген нақыл сөзінде өмірдің мәніне терең үңіледі [11].
Ж. Баласағұни адамның шыққан тегіне. шыншылдықка, кайырымдылыққа, карапайымдылық пен кішіпейілдікке аса көңіл бөлді. Ол «әділдік» пен «бақыт» ұғымдарын теңдестіре қарайды. Данышпан әділеттіктің мәні адамгершілікте деп санайды. Ж. Баласағұни шығармаларының адамгершілік бағыттары қаумалаған мәселелермен, атап айтсақ, өскелең буындарға (батыл, қайырымды, ата-анасын құрметтейтін) қамқорлығы және ата-ананың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігімен тығыз байланысты.

Ж. Баласағұнидың кіші замандасы Махм.ұт Қашғари толық мағынасында түркіәлемінің энциклопедиясы болып табылатын атакты «Диуани лұғат-ат-түрік» («Түркі тілдерінің сөздігі») сөздігін жазды. «Сөздіктің» фольклорлық материалдарында (мақалдарда, мәтелдерде, аңыз әңгімелерде жэне т.б.) этикалық, психологиялық, педагогикалық мазмұнға толы құнды идеялар көп. Онда адамның адамгершілік пәктігі және оның тәрбиелілігі насихатталады. Қарапайым диқандар, малшылар, ұсталардың адал еңбектеріне көп көңіл бөлінеді [12].

М. Қашғари өз еңбегінде түркі халқының қоғамдық өмірінің мазмұнын, дала адамдары болмысының рухани-адамгершілік негізін: адам мен Дүниенің, индивид пен әлемнің, ақыл, жан мен тәннің, рух пен жүректің біртұтастығын түсінуді жан-жақты қамтиды. Әрбір әрекетте адамгершілік жағына баса көңіл бөлетін көне түркілер үшін маңызы зор болды.

Түркі суфизмінің басшысы, ойшыл ақын қожа Ахмет Иасауи -мүхылман дініндегі мистикалық танымның жақтаушысы. Ол өзін-өзі тану және сана-сезім үдерісін Құдайды танумен теңестіреді, пайымдау, қарым-қатынас жасау, Құдай жолына түсуде адамға жеке рухани тәжірибе қажет екендігін мойындайды [13].

Оның ойынша, рухани қуатсыз, өз өмірін қиюға дейін дайын болатын шынайы берілусіз адамның өз тағдырын өзі шешуі мүмкін емес.

«Диуани хикмет» жэне «Рисала» атты еңбектерінде Иасауи өз ілімдерінің негізгі әдіснамалық ұстанымдарын анықтайды. Негізгі үстанымга Хақты, Руханилықты, Тазалықты тануға апаратын ізденіс жолын жаткызады. Адам осы мақсатқа жету жолында шаригат - заңдылық талабы, Ислам заңы; тарихат - тариат - тарих туралы ілім; мағрипат - кешкі ғабидат, хакикат-шындық жолы сияқты төрт кезендерден өтуі тиіс. Әр кезең Йасауидің түсінігінде өзіндік тазару мен өзіндік таным, Хақты тану Шындық шыңына ұмтылыс. Мұның күрделілігі адам үшін әр кезеңнің өзіндік аса маңызды мағынасының барлығы, оларды өтпейінше, өзіндік дамудың жолына түсу мүмкін емес. - Тарихат деңгейі: Тәубашылдық, Ғибадатшылық, Махаббат, Сабырлылық, Шүкіршілік, Ризашылдық, Заһидшілдік (аныктық), Ғаріптік сиякты сегіз жүйеден түрады. «Өзін-өзі тану» пәні түрғысынан қарар болсақ, «тәуба» ұғымы ерекше назар аударуды қажет етеді. Өйткені, Йасауи шыгармашылыгында «тәуба» - негізгі философиялық ұғым. Тәуба - шариғатқа жеңіл оймен қараудан құтылу мен тазалық пен шындық шыңы жолында өзін-өзі қайта тәрбиелеу сияқты құбылыстардың өлшемі, бастауы.

Тәубашылдық (риза болу, ризашылық) - адам көңілінде болатын түрлі құбылыстар мен өзгерістердің негізі. Тәуба, негізінде, этикалық түрғыда қолданылады. Қанағаттанушылық тәрізді «тәуба» философиясы біздің халқымыздың сана-сезіміне берік қонған.

«Ламакан» ұғымы дамудың жоғарғы деңгейін, жаңа сипатта жаңғыру деген ұғымды білдіреді. Иасауидың ойынша, абсолюттік акиқатты тануға ұмтылған адам алдына белгілі бір мақсат қоймаған Құдайдың құлы емес, керісінше ол - үнемі кемелденіп отыруга үмтылатын, өмірге құштар адам. Өйткені Адам - бұл түтас бір әлем, үлкен әлемнің шағын үлгісі.

Йасауи - сана мен ақыл-ойды тазарту идеясының жақтаушысы. Оның ілімі шыдамдылық және төзімділік, саналы сабырлылык, ұстамдылық, қанағатшылдық, тәубешілік (қанағатсыздық пен тойымсыздыққа қарама-қарсы) сияқты қасиеттер тән кемелденген адамды тәрбиелеу жолын көрсетеді. Бір жағынан, «Тәуба» ұғымы нақты адамның шынайы мүмкіндіктеріне сәйкестігін, екінші жағынан, өзін-өзі жетілдірудің көптеген кезендерінен адамның жүйелі түрде өтуі арқасында кемелдену жолында қандай да бір шектеудің болмайтындығын білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет