49
Пайғамбарларға иман
«(Жәннаттан) бір-біріңе дұшпан болып түсіңдер.
Сендер жер жүзінде белгілі бір мерзімге дейін
тұрақтайсыңдар. Жерде тіршілік етесіңдер және
жерде жан тапсырасыңдар. Және жерден қайта
шығарыласыңдар»,
102
– деді. Осылайша Аллаһтың
әмірімен екеуі де жер бетіне түсті.
Адам (ғ.с.) бүкіл ғұмырын ақиқат жолына арнаған.
Уақыт өте келе Аллаһ тағала хазірет Адамның
таңдаулы ұрпақтарының кейбіріне пайғамбарлық мін-
детін жүктеген. Олар да өздеріне берілген бұл міндетті
бірінен соң бірі мінсіз атқарды. Әр пайғамбар дүниеден
озған сайын әлем суып, келесі пайғамбардың келуімен
қара бұлт қаптаған көк жүзі шайдай ашылып, жаз боп
жадырап, күн боп жарқырап сала беретін
103
.
Ы
Достарыңызбен бөлісу: