П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010


йел затынан пайғамбар келген бе?



Pdf көрінісі
бет15/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1

йел затынан пайғамбар келген бе? 
Ғұламалар пайғамбарлардың адамдар арасынан 
таңдалғаны туралы ортақ пікірде болғанымен, әйел 
затынан пайғамбардың шығып-шықпағаны жайлы 
мәселеде ортақ ымыраға келмеген. 
Мәселен, имам Қуртуби, Ибн Хазм және Бәйжури 
секілді ғұламалар Мариям ананы, Перғауынның әйелі 


41
Пайғамбарларға иман
Әсияны, Хауа ананы, Мұсаның (ғ.с.) анасы Сараны 
және Ибраһим пайғамбардың жары Хажар ананың 
пайғамбар болғандығын айтады.
83
Адам баласына өздері қалаған адамын пайғамбар 
етіп таңдауға ерік берілмеген. Олар тек келген 
пайғамбарларға иман ету мен мойынсұнуға ғана жа-
уапты. Ал пайғамбарлардың негізгі міндеті – ақиқатты 
толық насихаттау. Пайғамбарлар дінді тарату бары-
сында небір қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан 
мұндай аса ауыр міндетті абыроймен атқара алу үшін 
таудай шыдам мен сабырлық қажет. Мәселен, Адам-
нан (а.с.) Мұхаммедке 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дейінгі 
бүкіл пайғамбарларға сан алуан күйе жағылып, жала 
жабылған. Ақиқатқа нанбаған қауым Зәкария, Жақия 
пайғамбарларды жауыздықпен шейіт етті. Мұндай қиын 
жағдайларға қарамастан пайғамбарлардың қайсысы 
болмаса да, өз істеріне берік болып, көркем төзімділік 
танытқандығына тарих куә. 
Алайда алдау-арбау, кемсіту, мұқату, жалғандық, 
көлгірсу, әділетсіздік пен опасыздық қаңтардың ая-
зындай қағынып тұрған дәуірде пайғамбарлық сияқты 
нардың нары ғана алып жүре алатын жауапкершілігі 
өте ауыр міндеттің әйел затына жүктелуі олардың нәзік 
жаратылысына кереағар емес пе? Әрі мұндай қоғамға 
ақиқатты уағыздау әйел заты үшін жан төзгісіз азап 
қой?!
Хақ тағала ешбір пендесіне шамасы жетпейтін 
міндет жүктемеген. Оның ішінде, әйел затына мұндай 
ауыр жауапкершілікті артпаған.
83
Қуртуби, әл-Жамиу ли-аһкамил-Қуран, Бейрут. 1988. 4/83-
84, 88.


42
Пайғамбарларға иман
Ал Құранда: 
«Сенен бұрын да біз өздеріне уахи еткен еркек-
терді ғана пайғамбар етіп жібердік. Егер білмесеңдер, 
білім иелерінен сұраңдар»
84

«(Мұхаммед 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
) сенен бұрын да 
өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана елші етіп жібер-
дік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар»,
85
– деп пайғамбардың тек ер кісіден ғана келгендігі 
айтылады. Осы аяттарға сүйенген ханафи мәзһабы 
ғалымдары пайғамбарлар тек ер кісілерден ғана келген 
және пайғамбардың ер кісі болуы шарт дейді.
Пайғамбарлық – аса ауыр міндет. Пайғамбарлық 
жүктелген жан қашан да қалың қауіп-қатер мен небір 
қиыншылықтардың бел ортасында, қылыштың жүзінде 
жүреді. Пайғамбарлар – адамзат баласын тәрбиелейді. 
Пайғамбар хақ дінді жаю жолында Аллаһ тағаламен 
және адамдармен тығыз байланыста болады. Ал нәзік 
жанды әйел затының бұған шамасы жете бермейді. 
Әйел затының биологиялық жаратылысында етеккір
бала көтеру секілді жағдайлар орын алады. Сәбиді 
дүниеге әкелгеннен кейін қырық күн шамасындағы 
нифас мерзімі тағы бар. Жаңа туған нәрестенің күтімі 
сияқты әйел заты ғана атқара алатын маңызды істер 
84
«Әнбия», 21/7; «Юсуф», 12/109
85
«Нахыл», 16/43


43
Пайғамбарларға иман
оның пайғамбарлық міндетіне кедергі болады. Керек 
десеңіз, бұл жағдайда әйел заты, тіпті, оразасын ұстап, 
намазын оқып, діни міндетін де атқара алмайды. 
Бұған қоса, жоғарыда айтылған «Қасас» сүресінің 
7-аяты мен «Әли Имран» сүресінің 42-аятында «уахи 
еттік» деген сөздің мәнін тек пайғамбарларға келетін 
уахи деп ұқпау керек. Яғни, бұл жердегі уахи «аян» 
мағынасында қолданылған. Ал «аян» адам баласына 
ортақ. Сонымен қатар, Құранда: 
«Раббың бал арасына: «
Тау лар дан, ағаш тар дан 
жә не адам дар дың сал ған күр ке ле рі нен ұя жа сап ал
» – 
деп уахи етті»,
86
 деген аят бар. Бұл аятқа қарасақ бал 
арасына да уахи етілген, яғни көкейіне бал жасау міндеті 
салынған. Ал осы «уахи етті» деген аятқа сүйеніп, 
«бал арасынан да пайғамбар шыққан» демейміз. Бұған 
қоса, хазірет Ибраһимнің (а.с.) көрген түсі негізінде 
ұлы Исмайылды құрбандыққа шалмақ болғаны, Жүсіп 
пайғамбардың (а.с.) түсінде күн мен айдың және 11 
жұлдыздың өзіне сәжде еткенін көруін де ескеріңіз. Дәл 
сол секілді хазірет Мұсаның анасы мен Мәриям анаға 
байланысты уахилар да олардың пайғамбар болғанына 
дәлел бола алмайды. Ол тек аян ғана.
Алайда әйел затынан пайғамбардың шықпауын, 
олардың құлшылығы, тақуалығы немесе мінез-құлқы, 
т.б. жағынан ер адамнан төмен болғандығынан деп 
ұқпау керек. Құранда: 
86
«Нахыл», 16/68


44
Пайғамбарларға иман
«Шынында, Аллаһтың құзырында ең ардақ-
тыларың тақуалықта алда болғандарың»,
87
деген 
аятта адамдардың ең абзалы олардың жынысына бай-
ланысты емес екендігі және Аллаһ тағаладан қорқып, 
Оған құлшылығымен жақын болғандардың жоғары 
тұратынын түсіндіреді. 
П


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет