П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет563/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   559   560   561   562   563   564   565   566   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

440
МОРФОЛОГИЯ

сын есім,
заттың санды қ мөлш ерін білдіретін - 
сан есім,
есім сөздердің орны на жүретін орынба- 
сар сөздер 
есімдік,
қимыл, іс-әрекетті білдіретін - 
етістік,
қим ы л, іс-әрекеттің әр түрлі сипатын 
(амалын, мекенін, мезгілін, мақсатын, себебін т.б.) 
білдіретін - 
үстеу,
әр түрлі дыбыстарға, қимыл- 
қозғалы старға еліктеп аталатын - 
еліктеу
сөздер 
болып бөлінеді. Осы атаушы сөздерден басқа 
көмекші сөздердің бір түрі 
шылаулар
және 
одағай
сөздер
мен 
модаль сөздер
де ж еке-ж еке сөз табы 
болып қаралады, өйткені олардың жеке лексика- 
лы қ мағы налары болмаса да, өзі қатысты сезге я 
сәйлемге қосы м ш а грамматикалық мән үстейді 
немесе ойға қатысты (коңіл күйін білдіру я мо- 
дальдық) мәндер қосады.
Сөйтіп, қазақ тілінде мынадай сөз таптарын 
кәрсетуге болады.
1. Зат есім 
6. Етістік
2. Сын есім 
7. Еліктеу сөздер
3. Сан есім 
8. Ш ылаулар
4. Есімдік 
9. Одағай
5. Ү стеу 
10. М одаль сөздер
2.3. С Ө З Т А П Т А Р Ы Н Ы Ң ҚАЛЫ П ТАСУЫ
М Е Н Д А М У Ы
Әрине, көрсетілген 10 сөз табының тілімізде 
сөйлеу процесінде алатын орны, атқаратын қы з- 
меті бірдей, біркелкі емес. Олардың әрқайсы сы - 
ның ұқсас топтардан айқы нды лы ғы , ажыратылу 
шегі, түрлену жүйесі, жетілу дәрежесі де бірдей 
емес. Ж алпы тілдің өзі тарихи құбылыс болған- 
ды қтан, оны ң грам м атикалы қ топтары ны ң бірі 
сөз таптары да тарихи құбылыс, олардың қалып- 
тасып, дамып отыру жүйесі бар.
С өз та п т ар ы н ы ң ш ы ғу ы н , қалы п тасуы н
бірсыпыра ғалымдар сөйлем мүшелерімен байла- 
ныстырады. Негізгі сөз таптары сөйлеу процесін- 
де сөздердің белгілі сөйлем мүшелері қызметінде 
жұмсалуы барысында біртіндеп жасалып қалып- 
тасқанын көрсетеді. Әрине, бұл процесте сөйлем 
ішіндегі сөздердің орын тәртібі, орналасу тұрғы - 
сы ны ң да әсері бар. Өйткені сөздер, бір ж ағы - 
н ан , сө й л ем д егі о р ы н тәртібі ар қы л ы (бұл 
сөздердің белгілі тәртіппен орналасуы ның қол- 
даныла келіп тұрақталуы негізінде қалыптасады), 
екінші ж ағы нан, белгілі сөздермен тұрақты син- 
таксистік қатынас жасап, грамматикалық сипаты 
айқындала бастау арқылы белгілі грамматикалық 
мағыналарға ие болады. Сол жалгіы грамматика- 
лы қ мағы наларының негізінде сәздер жеке-жеке 
грамматикалық топтарға, яғн и сөз таптары на 
жіктеле бастайды.
Тілдің көне балаң ш ағы нада сөз таптары 
бүгінгідей бір-бірінен грамматикалық тұлғалары 
арқылы да, семантикалық сипаты арқылы да онша 
ажырап тұрмаған. Ол кезде грамматикалық тұлға- 
лардың деривациялық қызметінің озі дамымаған, 
тіпті грамматикалық тұлғалар қалыптаспай тұрған- 
да, сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы таза 
аналитикалық жолмен ғана байланысқан. Жіктеу 
есімдікгерінің Орхон-Енисей жазбаларының тілінде 
баяндауыш қызметіндегі сөзбен қайталанып тірке- 
суі, бір жағынан, олардың әлі жіктік жалғауға то- 
лы қ айналып бітпегенін, екінші ж ағы нан, белгілі 
бір сәздің жалпы грамматикалық мағы наларын 
қалыптастыруда сөздердің қосымшасыз, орны ар- 
қылы белгілі қызметте қолданылғанын көрсетеді. 
М ысалы, Күлтегінде: 
Арық оқ сэн, ансық тосық
емәз сэн, бір тодсар, ачсық емэз сэн -
Арық бол 
сен, аш ты қ-тоқты қ бол сен, бір тойса аш болмас 
сен. Тонықұқта: 
Табған, Оғуз, Қытаң буучегу қабы-
сыр, қалтачы біз өзі ічі тасын тұтмыс тег біз -
Табғач, Оғы з, Қытаң бұл үшеуі қабысып, (табы- 
сып) кетсе, қалатыны біз, оз іш і-сырты н ұстай 
алмастаймыз. 
Білге Тонықұқ анығ ол, өз ол аңлар

Білікті Т өны құқ аңдағыш ол, ол өзі аңғарар.
С өз ж өқ, алдымен саралана бастаған - есім- 
дер төбы мен етістіктер. Бұл төптардың өзі сөйлеу- 
де қызметтері, орын тәртібі арқылы ажырап отыр- 
ған. Есімдер субъект (субстант), объект есебінде, 
сөйлемнің соңындағы создер предикат қызметін- 
де жұмсалып, көпш ілік жағдайда бір сөздің әзі 
әрі есім ұғымында, әрі қимылдық ұғымды орын 
тәртібіне қарай білдіріп жұмсала берген. Тілімізде 
қазір омоним деп танылып жүрген, түркі синкре- 
тизмі деп аталатын құбылыс, я ғн и есім - етістік 
бір буынды негізгі түбірлер осының айғағы болса 
керек: 
кош
(керуен) - 
көіи
(бір ж аққа көшу), 
той
(думан, ас беру) - 
той
(төйып тамақ ішу), 
тоң
(қатқан жер, кесек) - 
тоң
(қалтырау, төңу), 
ық
(жел тимейтін жақ) - 
ық
(желдің ағымымен кету), 
ой
( төмен, өйпаң жер) - 
ой
(жерді қазу), 
жау
(май, 
көздің жауын алды
немесе 
жаубүйрек, жау
жұмыр
дегенде, көне түрі: йағ -май) 
-ж а қ
(май- 
лау, сөз соңындағы) 
ғ
дыбысы есім сөздеудыбы - 
сына айналған, етістікте қатаң қ дыбысына ауыс- 
қан, 
соз
(ақы ры н, жайлап: 
тез байығаннан соз
байыған қайырлы
деген мәтелде) - 
соз
(тарту, ұзар- 
ту), 
түт
(төбеге, бұрыштарға ш аң-төзаңның жи- ’ 
налып қалуы) - 
түт
(майдалау, жүн түту) т.б.
Д е м е к , с ө й л е м д е г і қ ы з м е т і м ен о р ы н
тәртібінің тұрақталуы арқасында ең алдымен есім 
(негізінен зат есім) және етістік сөз таптары 
қалыптаса бастаған. Сөйлемнің бірінші позиция- 
сы ндағы сөздер зат атауы мен оны ң алуан түрлі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   559   560   561   562   563   564   565   566   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет