П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет842/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   838   839   840   841   842   843   844   845   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
599
ған ереже барлық уақытта табыс септігінің жал- 
ғаулы немесе жалғаусыз болып келуінің олшемі 
бола алмайды.
Тілдік материалдарға жүгінетін болсақ, мы- 
надай жайттарды байқауға болады:
1. С өздерді өзара б а й л ан ы сқ а түсіретін
қосымшалар (септік жалғаулары) жоқ кезде сөздер 
бірім ен-бірі м ағы на ж ақы н ды қтар ы н а қарай 
селбесіп тіркескен, соның бірі - сабақты етістіктер 
мен тура объект мәніндегі сөздер. Бүлар табиға- 
тында, органикалық байланыста болғандықтан, 
араларына соз салмай, ешқандай қосымшасыз 
ір гел е с тү р ы п б а й л а н ы с қ а н . М ү н д ай сөз 
тіркестерінің бағыныңқы сыңарларында ертеректе 
жалпылық мәні бар жалпы есімдер жүмсалған, 
өйткені жалпы есімдер жалқы есімдермен салыс- 
тырғанда тура объект болуға бейім создер. Бірақ 
тілдің дамып, синтаксистік қүрылыстың жетіле 
түсуі септік жалғаусыз байланысқан объектілік 
қатынастағы сөз тіркестерінің озгеріске түсуіне 
ықпал жасады.
2. Синтаксистік қүрылыстың жетіліп, күрде- 
лене түсуіне байланысты тура объект мәніндегі 
сөздер мен сабақты етістіктер арасына басқа бір 
сөздер сыналатын болды: 
жерді курекпен қазды,
суды кесемен ішті, етті қолмен жеді
т.б.
3. Тура объект мәніндегі жалпы есімдердің 
орнына жүре келе жалқы есімдер де, есімдіктер 
де, сан есімдер де, заттанған сын есімдер де 
ж ү м с ал а ты н б ол ды . Б үл о б ъ е к т м ә н ін д е г і 
сөздердің табыс жалғаулы түрінде қолданылуы- 
на түрткі болды: 
Маратты көрді, оны тәрбиеледі,
онды екіге бөлді, қыздарды байқады
т.б.
4. Белгілі бір сөзге назар аударып, логикалық 
екпін түсіріп айту тәжірибеде орын тепті, бүл соз 
тіркесі қүрамындағы сөздердің бүрыннан қалып- 
тасқан орнын өзгертуге түрткі болды, нәтижесінде 
табыс^септігі жалғаулы түрінде қолданылды: 
сой
сиырды, кес нанды, жон агашты
т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   838   839   840   841   842   843   844   845   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет