П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет841/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   837   838   839   840   841   842   843   844   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

598
СИНТАКСИС
қ и м ы л иесі (субъекті) объектіні қ о зға л ы с қ а
түсіретін болса, қозғалыс мәнді етістіктерде қоз- 
ғалы сқа түсетін объект болмайды, қозғалы сқа 
субъектінің өзі түседі; 3. Объектіні қозғауш ы 
мәнді етістіктер табыс жалғаулы сөздерді тілеп 
түратындықтан, сабақты етістіктердің қатарына 
жатады да, ал қозғалыс мәнді етістіктерде мүндай 
қасиет болмайтындықтан, салт етістіктердің қата- 
рынан орын алады.
Объектіні қозғаушы мәнді етістіктер объекті- 
мен байланысты болғандықтан, ең алдымен, та- 
быс жалғаулы сөздерді меңгереді. Мүндай мағы- 
наны білдіретін етістіктермен қозғауға, жылжы- 
туға, орын ауыстыруға болатындай конкретті зат 
атаулары немесе осындай зат есімдердің орнына 
жүретін есімдіктер, есімшелер тіркеседі. Мыса- 
лы: 
затты апарады, қүрал-жабдықтарды жеткізді,
арбаны итерді, машинаны тартты, алгандарды
жеткізді
т.б. 
Жігіттер бірін-бірі ыммен түсінісіп,
газикті от алдырмай-ақ итеріп апарып қара жо-
лга түсірді
(“Егеменді Қазақстан” газеті). 
Бүркіт
қоянды қарга бір-екі рет домалатып алды да, үнін
өш ірді
(М ү қ а н о в ). 
Тақырбас м ені оқы ст ан
көкірегімнен итеріп кеп жіберді
(Соқпақбаев).
4. 
Бөлу, жару
және 
жинау
мәнді етістіктердің 
меңгеруі арқылы қүралған сөз тіркестері. 
Бөлу,
жару
етістіктері 
жинау
мәнді етістіктермен анто- 
нимдес, бірақ табыс жалғаулы сөздерді меңгеруі 
жағынан бастары алшақтамай, бір жерге түйіседі. 
Мүндай етістіктерге тән қимыл-әрекет ең алды- 
м ен, тура объектіге бағы тталады да, то л ы қ - 
тауыпггық қатынаста сөз тіркестері жасалады. Бүл 
тәрізді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларын- 
да бөлу, жаруға немесе жинауға болатындай нақ- 
тылы зат атаулары мен солардың орнына жүретін 
есімдіктер, қүрал-сайманның атын білдіретін зат 
есімдер және заттанған сан есімдер ғана болмаса, 
кез келген сөздер қолданылмайды. Мысалы: 
агаш-
ты бөлу, сүйекті жару, жерді жырту, шөп жинау
т.б. 
Жыланды қырьіқ бөлсе де, кесірткедей әлі бар
(Мақал). 
Сүрастыра келсем, ауылнай түқымды
бөлгенде, мүның мойнына екі пүт тары жазып
қойыпты
(Майлин).
5. 
Ішіп, жеу,
қоректену әрекетін білдіретін 
етістіктерд ің м еңгеруі арқы лы қ ү р ал ған сөз 
тіркестері. Қ оректенуді білдіретін етістіктер, 
негізінен, табыс жалғаулы сөздерді жетегіне алып, 
объектілік қатынастағы сөз тіркестерін қүрайды. 
Мысалы: 
тамақты жеу, сорпаны ішу, етті шай-
нау, дәнді шоқу, соны жеу, мүны ішу
т.б. 
Етті
жеудің алдында Ісләмді әлденеше кісі жіберіп таба
алмайды
(Әуезов). 
Бүркіт еттен бірер рет аузы-
на апарды да, әрман қарай оны жемей қойды
(Есенберлин). Ішіп, жеу мағынасында жүмсала- 
тын зат есімдер кісінің, жан-жануарлардың қорек-
тену әрекетін білдіретін етістіктермен табыс жа- 
лғауы арқылы байланысқанда, қимыл-әрекет тура 
объектіге бағытталып, тура объект мәніндегі зат- 
ты атап көрсетеді. Мысалы: 
нанды асықпай жеді,
сорпаны ыссылай ішті, жілікті сүйсіне кемірді
т.б.
Қ о р е к т е н у м а ғ ы н а с ы н д а ж ү м с а л а т ы н
етістіктер объектіні әрі толық, әрі жартылай қам- 
титын болса, аталған етістіктер табыс және шы- 
ғыс жалғаулы сөздерді қатары н ан меңгереді. 
Мысалы: 
Ертең бүйырса, сол қымызды сабаның
өзінен ішсең, қарагым
(Есенжанов).
6. 
Сөйлеу, ойлау, сезу, қабы лдау
м ән д і 
етістіктер де қолданылу ыңғайына қарай сабақ- 
ты етістіктер тобын қүрап, табыс жалғаулы сөздер- 
м ен б а й л а н ы с қ а т ү с е д і. Б ір а қ б ү л а р д ы ң , 
біріншіден, іс-әрекетті білдіретін етістіктермен 
салыстырғанда сабақтылық мағынасы шектеулі 
б о л ад ы , е к ін ш ід е н , іс - ә р е к е т т і б іл д ір е т ін
етістіктермен тіркесе алм айты н абстракт зат 
есімдер 
сөйлеу, ойлау, сезу, қабылдау
м ән д і 
етістіктерм ен ер кін тіркесе алады. М ысалы: 
уақиганы баяндады, тапсырманы сүрады, жагдайды
баяндады, күшін көрсет ті
т.б. 
Аздан соң әлгі
көмекшісі қайтып кеп, Тоқаштың адресін сүрады
(Шашкин). 
Сен оган айт, жас ақын, болган са-
ган қүмар де, сырын айтпай жас жүрек, қайтіп
қана шыдар де
(Аманжолов). 
Ауыл-аймагымен
сойылыңды согайын, дауыңды айтайын деп, қай
көп бергенге партиялас болады
(Абай). 
Ерегіссең
менімен, көрсетемін күшімді
(Қ ам бар батыр). 
Сөйлеу, ойлау, сезу, қабылдау мәнді етістіктердің 
бойына тек сабақтылық қасиет қана емес, салт- 
тылық қасиет те тән, сондықтан бүлар табыс 
септігінен басқа жанама септіктерді де меңгеріп, 
әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіреді.
Табыс септікті сөз тіркестері жалғаулы түрінде 
де, жалғаусыз түрінде де қолданылады. Мысалы: 
жер қазды - жерді күрекпен қазды, ет жеді

етті асыгып жеді, қой сойды - қойды түнде сой-
ды
т.б. Табыс септігінің жалғаулы, жалғаусыз 
қолданылуын түркологтарды ң көбісі белгілік, 
белгісіздік категориясымен байланыстырады. Бүл 
мәселені қазақ тілі материалдарының негізінде 
қарастырған М .Б.Балақаев тура толықтауыштың 
әрдайым жалғаулы болып қолданылатын қездерін 
нақты материалдардың негізіңде санамалап көрсе- 
те келіп, кісі аттары мен жіктеу есімдіктерінің 
толықтауыш қызметінде әрдайым жалғаулы бо- 
лып келуі сөздердің белгілік қасиетіне емес, ол - 
сө зд ер д ің с и н т а к с и с т ік н е гізгі қ ы з м е т ін ің
өзгешелігінде болуға тиісті, яғни толықтауыш 
қызметіндегі сөз бастауыш болып кетпеу үшін 
табыс жалғауын қабылдап түрады деп көрсеткен 
болатын. Бүл қағиданың дүрыстығы ешқандай 
күмән туғызбаса керек, бірақ үсынылып отыр-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   837   838   839   840   841   842   843   844   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет