П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет846/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   842   843   844   845   846   847   848   849   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

2.1.4. Шығыс жалғаулы сөз тіркестері
Шығыс септігінің қалыптасу тарихы жайын- 
да түркі тілінде әр түрлі козқарастар бар. Алайда 
шығыс септігін жатыс септігінің негізінде қалып- 
тасты дейтін пікір басым.


СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
ОУІ
Ертедегі ескерткіштер тіліне назар аударатын 
болсақ, жатыс септігінің шыгыс септігі қызметінде 
қолданылғаны мәлім. Демек, бүл кезеңдерде атал- 
ған септіктер түлғалық жағынан да, сол тәрізді 
мағыналық жағынан да сараланбаған. Мүндай 
қүб ы лы с М ахмуд Қ аш ғар и ең б ектер ін д е де 
кездеседі, бірақ орхон-енисей ескерткіштер тілімен 
салыстыратын болсақ, жатыс септігі мен шығыс 
септігі іпггей сараланып, дербестікке ие бола бас- 
тай д ы . М е к е н д ік , м е згіл д ік м ағы н а ж аты с 
септігінің үлесіне тиеді. Демек, бүл айтылғандар 
шығыс септігінің жатыс септігі негізінде кейін 
қалыптасқандығын қуаттайды.
Шығыс жалғаулы сөз тіркестерінің басыңқы 
сыңарларында етістіктер де, есімдер де жүмсала- 
ды, бірақ етістіктердің қолданылуы есімдермен 
салыстырғанда әлдеқайда мол. Бүл ерекшелік 
меңгерудің ең алдымен етістіктерге тән екендігін 
қуаттайды.
Шығыс жалғаулы сөздерді керек ететін салт 
етістіктер озге септік жалғаулы сөздерді талап 
ететін етістіктерден мағыналық жағынан сарала- 
нады. М әсел ен , бары с ж алғаулы создерм ен 
қ и м ы л -әр е к е тт ің б ағы ты н, тірелер н үктесін
білдіретін етістіктер тіркессе, шығыс жалғаулы 
сөздермен қимыл-әрекеттің басталар жерін, жа- 
салғандығын, тегін білдіретін етістіктер тіркеседі. 
Демек, сөздер бірімен-бірі ретсіз тіркесе бермейді, 
олар тек мағыналық түрғыдан жақын, орайлас 
болғанда ғана тіркеседі. Мәселен, 
безу
деген етістік 
тек шығыс жалғаулы сөздерді меңгерсе 
(дуние-
ден, өмірден безу), жақындау
етістігі тек барыс 
жалғаулы сөздерді меңгереді 
(қалага, елге жақын-
дау).
Бірақ бүған қарап шығыс жалғаулы создерді 
меңгеретін етістіктер өзге септік жалғаулы сөздерді 
меңгермейді деген қорытынды шығаруға болмай- 
ды. Мәселен, қозғалыс-әрекетін білдіретін 
кет,
шық, тус, қайт
т.б. етістіктерді алатын болсақ, 
бүларіыығыс жалғауынан тыс барыс және көмек- 
тес жалғаулы создерді де меңгереді. Бүл қасиет 
е т іс т ік т е р д ің м а ғ ы н а л ы қ ж а ғ ы н а н алуан
түрлілігімен тікелей байланысты.
Ш ы ғы с ж алғаулы сөзд ерд і талап ететін 
етістіктердің мағы налы қ жағынан алуан түрлі 
болы п келуіне қ а р а й м үндай етістіктерм ен 
тіркесетін бағыныңқы сыңарлар да мағыналық 
түрғы дан әр түрлі болып келеді. М іне, осы 
ерекшелік шығыс жалғаулы сөз тіркестерінің ма- 
ғыналық жағынан қүбылмалы, әртарапты болу- 
ына ықпал ж асайды. М ысалы: 
уйден келді -
көлемдік мағынаны білдірсе, 
былтыргы жылдан
қалды -
мезгілдік мағынаны, 
ол кірпіштен салын-
ган -
заттың істелу тегін білдіреді. Мүны былай 
қ о й ғ а н д а , ш ы ғы с ж а л ға у ы н д ағ ы әр тү р л і 
создердің бір ғана етістікке иек артып байланы-
суы мен әр түрлі етістіктердің бір ғана сөзбен 
тіркесуінен де сөз тіркесінің мағынасы қүбылып, 
өзгеріп отырады. Мысалы: 
Жаз айынан қалган -
мезгілді білдіреді, 
Әкеден қалган -
іс-әрекеттің 
ш ы ққан , тараған жерін білдіреді
тунгі еттен
қалган, шараптан қалган -
бүтіннің бөлшегін 
білдіреді. Немесе 
балконнан қарады, балконнан
тусті, балконнан қулады, балконнан агызды
тәрізді 
сөз тіркестерінің мағыналары да біркелкі емес. 
Демек, соз тіркестерін баяндауда олардың басыңқы 
сыңарларымен бірге бағыныңқы сыңарларын да 
назардан тыс қалдыруға болмайды. Объектіге алы- 
нып отырған шығыс жалғаулы сөз тіркестерінің 
ерекшеліктері семантикалық түрғыдан топтасты- 
рылған салт етістіктердің меңгеру қабілетін ай- 
қындау арқылы ашылады.
Қозғалыс-әрекетін білдіретін етістіктер ма- 
ғы налары ны ң алуан түрлілігіне қарай барыс, 
шығыс, қала берді көмектес жалғаулы создерді 
қатарынан меңгереді. Осылардың ішінен шығыс 
жалғаулы сөздерді қозғалыс-әрекетінің басталған 
орнын, шығар жерін білдіретін етістіктер болма- 
са, мүның кез келген мағыналық топтары мең- 
гере алмайды.
Шығыс жалғаулы создерді қажет ететін қоз- 
ғалыс монді етістіктер меңгеру қабілеті жағынан 
жоғарыда айтқандай, біркелкі емес. Мәселен, 
асу
(таудан), 
өту
тәрізді етістіктер тек шығыс жал- 
ғаулы сөздерді меңгерсе, ал 
қашу, шыгу
тәрізді 
етістіктер барыс септігіне қарағаңда шығыс септігін 
б а с ы м ы р а қ қ а ж е т етед і. Б о л м а с а , м ү н д а й
етістіктердің бір қатары аталған септіктердің 
екеуін де қатарынан, тең дәрежеде тілеп түрады.
I. 
Тек шыгыс жалғаулы сөздерді меңгеретін 
қозғалыс мәнді етістіктер: Мүндай топқа жата- 
тын етістіктер саны көп емес. Олардың қатарына 
асу
(белден), 
оту, озу, бөлініп шыгу
тәрізді сөздер 
жатады. Осы аталған етістіктердің табиғатына 
назар аударатын болсақ
болініп шыгу
етістігінен 
басқалары қозғалыс-әрекетінің не басталар ор- 
нын, не шегін білдірмей, тек белгілі бір нысанды 
басып өткендікті білдіреді. М іне, осы қасиет 
мүндай топқа жататын етістіктердің барыс жал- 
ғаулы сөздерді меңгермей, тек шығыс септігін 
меңгеруіне ықпал жасайды. Мүндай етістіктердің 
м ең гер уін ен қү р ал ған ш ығы с ж алғаулы сөз 
тіркестері тіркес қүрамындағы сөздердің алуан 
түрлілігіне қарай мағыналық жағынан да әр жақ- 
ты болып келеді. Солардың негізгілері мыналар:
1. 
Қимыл-әрекеттің белгілі бір нәрсені жанай 
откендігін білдіреді. Мысалы: 
Бір белден асып,
екінші белдің оріне қарай тоқтамай, жарысып келе
жатты
(Әуезов). 
Арықтагы лай су жиектен асып,
тасып кошеге жайылды
(Шашкин).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   842   843   844   845   846   847   848   849   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет