сол! -
деп Қартқожа қуанып қалды (Аймауытов).
г)
Бүл, ол, анау, мынау, осы, сол сілтеу есім-
діктері біраз жағдайларда алдын ала ескертілген
заттар мен құбылыстарды көзбен көріп тұрған
кезде де қолданы лы п, дейктико-анаф орикалы қ
қалыптарда жұмсала алатын орындары бар.
Ол үстелде үш жігіт отыр екен. Мені таны- стырды. Кемесерлеріміз екен. - Мынау -Ақбала жолдас, мынау -
Балташ жолдас... - деп жатыр (Аймауытов). -
Б үл қай әнші? - Әнші Әмірқан осы, -
деді (Аймауытов).
д) Кейде сілтеу есімдіктерінің алдын ала емес,
өзінен кейінгі сөздермен түсіндірілетін, кейін ба-
яндалы п сыры аш ылаты н кездері де бар. Сілтеу
есімдіктерінің бұлайша өзінен соң қолданылған
сөздер арқылы баяндалып қолданылуы препара-
тивтік қалы пта қолданылу деп аталады.
Ол мы- нау: бір нәрсені істегенде, сол істі істей білетін адам істесе, шапшаң да, жақсы да істейді (Байтұр-
сынов).
М үддесін т іл м е н айт ы п ж ет кізу қиы н екендігін, оған оте шеберлік керек екендігін мы- надан байқауға болады; орыстың асқан ақыны Пушкин ж азған өлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен (Байтұрсынов).
Екеуінің арасындағы ай- ырмасы сол: әншейін теңеу - әдетті теңеу бола- ды, мәселен, удай ащы, айдай жарық, күйедей қара дегендегі “у д а й ”, “айдай”, “күйедей” деген сияқты сөздер (Сонда).
Сілтеу есімдіктері субстантивтенгенде ғана
тәуелдік, септік, көптік жалғауларын қабылдай
алады.
Тәуелдік жалғаулары сілтеу есімдіктерінің
ішінде