П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет482/497
Дата14.10.2023
өлшемі38,54 Mb.
#113886
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   497
БОЛЖАЛДЫҚ САНДАР СӨЗЖАСАМЫ
375
Топты қ сан есім ш ығыс септік жалғауы ар- 
қылы есептік сандардан талғамай жасалады, топ- 
ты қ сан жасалатын есептік сандарға не оны ң 
құрамына шек қойылмайды, тек 
-ер
жұрнағы ар- 
қы лы топты қ сан жасалуда ғана ш ек бар. Ш ы- 
ғы с септіктің топты қ сан жасаудағы қызметі 
өнімді, мағынасы жағынан алғанда, шығыс септік 
мұнда өз мағы насы нан мүлдем айры лған, оңда 
қимылдың басталар нүктесін білдіру мағы насы 
мүлдем жоқ. Топтық санда ш ығы с септік өз ма- 
ғы насы нан айрылып, заттардың сан мөлшерін 
топтап көрсетеді, сондықтан оның синтаксистік 
қызметі де сақталмаған. Ш ы ғы с септіктегі сөз 
сөйлемде мекен пысықтауыш, кейде толықтауыш 
болса, топтық сан есімдер сын қимыл пысықтау- 
ышы болады. Мысалы: 
Қаладан келді, жаксыдан
— шарапат. Олар он бес — жиырмадан келеді.
Келтірілген мысалдарда/сдляддя - мекен пысық- 
тауыш, 
жаксыдан -
толықтауыш, 
он бес-жиыр-
мадан -
сы н-қим ы л пысықтауыш.
Топтық сан есімдер сөз түрлендіруші қосым- 
шалармен түрленбейді.
5 .6 . Б О Л Ж А Л Д Ы Қ С А Н Д А Р С Ө З Ж А С А М Ы
Объективті өмірде зат, құбылыс атаулының 
барлы қ уақытта саны, мөлшері ан ы қ бола бер- 
мейді, сөйлеушіге заттардың саны нақтылы бол- 
мағанда, оның шама, мөлшерін болжалдап қана 
айту тілде кең орын алады. Осымен байланысты 
тілде бол ж алд ы қ сан есім дер к а л ы п тас қ а н . 
Тіліміздегі болжалдық сан заттың, нәрсенің са- 
нын дәл, нақты білдірмейді, тек ш амам ен, бол- 
жалдап қана оның сан мөлшерін білдіреді. Мұнда 
болжалдық санның жасалуына негіз болған сан- 
ды қ ұғы м нақтылы өз м ағы насы н сақтай ал- 
майды, ёйткені заттың саны болжалдық санға 
негіз болып тұрған есептік саннан арты қ болуы 
да, кем болуы да мүмкін. М ысалы: 
Қүдасының
аулына Үлжан отыз шакты кісімен келген
(Әуе- 
зов). 
Б ұл екеуінің елі жақын, 30-40 шақырымдай
ғана жерде
(М ұқанов). 
Бір сиырдан бес-он литр
сүт алғанша, жиырма-жиырма бес литр сүт алса,
бір гектардан бес-он центнер астык алғанш а,
жиырма-ж иырма бес центнер астық алса ішті
жара м а?
(Ғ.М ұстафин).
Келтірілген мысалдарда 
отыз шақты кісі
де- 
генде кісінің нақты саны отызға жетпеуі де, отыз- 
дан арты қ болуы да мүмкін. Сонда 
отыз шақты
дегендегі 
отыз
дәл өзінің сандық мәнінде тұрған 
жоқ. Сол сияқты оты з-қы ры қ дегенде де нақ- 
тылы сан 31, 32, 34, 37, 41 сияқты осы сандар-
дың м аңы ндағы нақтылы бір сан екені сөзсіз. 
Бірақ оны сөйлеуші дәл білмейді. Сонды қтан 
о ты з-қы ры қ дегендегі сандар осы мөлшерде де- 
генді ғана білдіреді. Қалған мысалдардағы 
бес-он,
ж иырма-жиырма
бесдегендерде де дәл ж оғары - 
дағы жағдай.
Сөйтіп, болжалдық сан есімдерде нақты сан 
мөлшер ұғымы жоқ, абстракты сан мөлшер ұғы- 
мы бар, бұл оны ң есептік саннан негізгі м ағы на 
айырмашылығы.
Болжалдық сан есімдер тілімізде өте жиі қол- 
д а н ы л а д ы , о н ы ң ж асалу ж олы ж а ғ ы н а н да 
мүмкіндігі өте мол. Оларды екіге топтауға бола- 
ды, болж алдық сан есімдер синтетикалы қ және 
аналитикалық тәсіл арқылы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   497




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет