Пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата12.03.2017
өлшемі480,09 Kb.
#9038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
      минералды су кен орындарына барлау бойынша 

жүргiзiлетiн iс-шаралар; 

      судың химиялық құрамының ерекшелiктерiне 

байланысты бальнеотехникалық жүйелердi жобалау және 

пайдалану ерекшелiктерi; 

      барлық тұтынушыларды минералды сулармен үздiксiз 

қамтамасыз ету және кен орындарды пайдаланудың 

рационалды жүйесiн құру бойынша iс-шаралар кешенi; 

      кен орнын жайластыру схемасы; 

      минералды су кен орындарын өңдеудi бақылау 

жөнiнде гидрогеологиялық қадағалаулар кешенi (жерасты 

суларының мониторингi) және оларды енгiзу тәртiбi; 

      минералды суларды таңдау, тасымалдау және 

пайдалану кезiнде шығын нормативтерi; 

      кен орнын бұзылудан және алдын-ала таусылудан 

сақтау шаралары; 

      ұңғымаларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу 

бойынша iс-шараларды белгiлейдi. 

      458. Жерасты суларын су және санитарлық заңнамада 

қарастырылған жағдайларды қоспағанда табиғи емдiк 

ресурстары бар шаруашылық қажеттiлiктерге пайдалануға 

рұқсат етiлмейдi. 

      459. Ұңғыма құрылымы оның ұзақ уақытқа қызмет 

етуiн, пайдаланудың тиiмдi тәртiбiн, түрлi типтегi 

сорғыштың пайдаланылу тиiмдiлiгiн және газлифттi 

(термогазлифттi, термолифттi, парлифттi) күшейту мен 

қозғауға икемдеудi және тек тiр түрдегi минералды суды 

шығаруды қамтамасыз етуi қажет. Оның құрылымын қиындату 

және ол үшiн трубаралық кеңiстiктi пайдалану жолымен 

бiр ұңғымадан құрамы жағынан әртүрлi минералды суларды 

шығаруға жол берiлмейдi. 

      460. Оң пьезометриялық деңгейдегi минералдық 

суларды тарту кезiнде ұңғыма құрылымы егер қордың есеп 

шартымен сәйкес келсе, пайдаланудың есептелген 

мерзiмiнде өзi ағатындай етiп қамтамасыз етуi керек. 

      461. Әрбiр тарту құрылғыларының барлық негiзгi 

гидрогеологиялық және гидрохимиялық мәлiметтерi, оның 

құрылымы және пайдаланылуы туралы нұсқаулықтары жайлы 

мәлiметтер жазылған төлқұжаты болады. 

      462. Жылы су көздерiн жасау жобасында анықталған 

жылы суды кешендiк пайдалану және барынша тартумен 

байланысты негiзгi технологиялық және технико-

экономикалық мәселелердiң және пайдалы қазба мен 

қоршаған ортаны қорғау талаптарын есепке ала отырып, 

оптималды технико-экономикалық көрсеткiштер кезiндегi 


барлық бағалы сәйкес құрамдардың кешендi шешiмi 

келтiрiледi. 

      463. Жылы су көздерiн әзiрлеу жобасы мына 

бөлiмдердi қамтиды: 

      ұңғыманы iздеу-барлау және дұрыс пайдалану 

кезiнде алынған геологиялық-кәсiпшiлiктiк бастапқы 

деректердi; 

      жасаудың таңдалған жүйесiн, жылдық өндiру 

деңгейiн негiздеу, ұңғыманың технологиялық жұмыс 

тәртiбi, пайдалану кезiнде суды орнымен жұмсау және 

жобаны жасаудың тиiмдi мерзiмi, қаттық қысымын сақтау 

мақсаттылығын; 

      жүйе негiздемесiн және пайдаланылған суды төгу 

орнын; 


      ұңғыманы зерттеу және жасалуын бақылау бойынша 

жұмыс көлемi және бағдарламасы; 

      кәсiптi орналастыру жобасын жасау үшiн бастапқы 

деректер. 

      464. Жылы су көздерiн орналастыру жобасы 

мақұлданған технологиялық сызбалар мен жасаудың 

жобасына негiзделедi. Жылы су кәсiбiн орналастыру 

жобасында мыналарға қатысты едәуiр тиiмдi және 

экономикалық жағынан мақсатты жағдайлар берiлуi тиiс: 

      iшкi кәсiп көлiгiнiң суды тарту (тереңнен немесе 

жоғарғы қаттан) және жылы суды тазалау жүйесi; 

      технологиялық құрылғылар, суды өңдеуге арналған 

жабдықтар мен аппаратуралар (спарациялау, дегазациялау, 

тазалау, тұздан тазартуға арналған техникалық шаралар); 

      тұтынушыларға (өңдеушiлерге) пайдалану немесе 

тасымалдау үшiн (олардың өнеркәсiптiк ерiтiндiсi 

кезiнде) пайдалы құрамдарын өңдеу мен дайындау; 

      жабдықтың шiруiмен күрес үшiн жасалатын шаралар 

мен құралдары; 

      ұңғыманың жұмысын (пайдалану, бақылау, 

пьезометриялық) бақылау мен реттеуге, сондай-ақ су 

орнын жасау кезеңiндегi ағымдық бақылауға қажеттi 

шаралар мен құралдары; 

      жылы суды алудың үздiксiз және үнемi тұрақты 

берiлуi мен тiркелу құралдары; 

      жылы сулардың кәсiбiнiң механикалық-энергетикалық 

және жөндеу базасы; 

      тұтынушыларға су берудi (әрбiр ұңғымада немесе 

топта) қамтамасыз ететiн сорғыш шаруашылығы; 

      су жабдығы және кәсiптiк кәрiз

      өндiрiстiк, әкiмшiлiк және тұрмыстық ғимараттар 


құрылысы. 

      465. Өнеркәсiптiк су iрку құрылысы және 

пайдалануын жасау сәйкес жерасты суларының орнын 

пайдалану учаскесiн мұқият барлау мәлiметтерi немесе 

көмiрқышқыл шикiзат орнын барлау мәлiметтерi негiзiнде 

жүзеге асырылады. 

      466. Өнеркәсiптiк су iрку құрылысы және пайдалану 

жобасы мыналарды қамтиды: 

      пайдаланылатын және бақыланатын ұңғыманың 

орналасу орнын көрсету; 

      пайдаланылатын және бақыланатын ұңғыманың 

құрылымдарына және көрсетiлген ұңғымалардың ұңғысымен 

түйiсетiн су сақтағыш көкжиектердi бейтараптандыру 

жөнiндегi жұмыстарға қойылатын талаптар; 

      пайдаланылатын және бақыланатын ұңғыманың 

сүзгiлер құрылымын сипаттау және олардың орналасу 

аралықтарын көрсету; 

      пайдаланылатын және бақыланатын ұңғыманың 

аузындағы жабдықтарға қойылатын талаптар; 

      пайдаланылатын және бақыланатын ұңғыманы бұрғылау 

технологиясына және бұрғылау жұмыстары кезiнде 

бақылауға қойылатын талаптар; 

      тәжiрибелiк жұмыстарды жүргiзуге қойылатын 

талаптар; 

      өнеркәсiптiк су iрку құрылысының тәртiбiне және 

оның күзетiлуiне қойылатын талаптар; 

      өнеркәсiптiк су орындарының шекараларындағы 

жерасты сулары тәртiбiн ұйымдастыру және бақылау 

жүргiзуге, алынатын судың есебiн жүргiзу, ұңғымадағы су 

құрамы мен қасиетiнiң деңгейiн бақылауды жүзеге асыруға 

қойылатын талаптар. 

      467. Жерасты суларының су iрку құрылыстарын су 

реттегiш қондырғылары, су есептегiш құралдары болмаса, 

сондай-ақ санитарлық күзет орнатылмаса, жерасты сулары 

объектiлерiнiң күйiн көрсететiн бақылау пункттерi 

құрылмаса, пайдалануға беруге рұқсат етiлмейдi. 

      468. Өнiмдi қатын пайдалану басқа өнiмдiлiк 

қатына зияны тимейтiн барлық жағдайларда, барлық 

талаптарын мiндеттi түрде сақтай отырып жүзеге асырылуы 

қажет. 


      469. Бiр ұңғымада жерасты сулары бар бiрнеше 

өнiмдi горизонттарды бiрiккен-бөлек пайдалануға жол 

берiлмейдi. 

      470. Өнiмдi горизонттарды пайдалану кезiнде 

пайдаланылушы көкжиектiң суларын жоғары немесе төмен су 


сорғыш көкжиектерде жатқан сулармен араластыруға жол 

берiлмейдi. 

      471. Жоғары газдалған суларды тартып, берудi 

қамтамасыз ететiн тарту құрылғылары газбөлгiштермен 

және газжинағыштармен жабдықталады. Газы көп су тарту 

құрылғыларын мәжбүрлi түрде пайдалану газ фазасының 

үлкен айқындалу тереңдiгiндегi сорғыштардың көмегiмен 

жүзеге асырылуы мүмкiн. 

      472. Эрлифттiк құрылғыларды (қысылған ауа 

көмегiмен суды көтеру) күкiрттi сутектi, көмiрқышқылды, 

радонды емдiк сулар, сондай-ақ қиын газды құрамы бар 

және байытылған органикалық суларды тарту үшiн 

қолдануға жол берiлмейдi. 

      473. Жылы, өнеркәсiптiк және емдiк минералды 

жерасты суларының орны пайдаланылған суды спорттық-

сауықтыру мақсаттарына қолданылмайтын кәдiмгi 

канализациялық желiге жерүстi су қоймаларына немесе 

шаруашылыққа пайдаланылмайтын жабық жерасты 

тереңдiктерiне төгу тәрiздi арнайы су пайдалану 

мәселесi шешiлгенде ғана игерiлуге рұқсат етiледi. 

      474. Жерүстi және жерасты жабдықтары 

температураның қатуын, ұңғымадағы қысым мен дебиттi, 

ұңғыма ұңғысындағы тереңдiк құралын түсiрудi қамтамасыз 

ету үшiн пайдалану, бақылау және зерттеу кезiнде, соның 

iшiнде пайдалануға берiлген кезiнде де ыңғайлы және 

қауiпсiз болуы тиiс. 

      475. Жылы суды, буды және минералды құрамдарды 

шығаруды есепке алу тұтынушыны қамтамасыз ету және 

бекiтiлген технологиялық тәртiптi сақтау, су iрку 

құрылысының аймағының күйiн, жерүстi және ұңғымалық 

жабдықты бақылау, су шығару орнындағы жұмыстарды 

бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi. 

      476. Жерасты суларының орнындағы барлық ұңғыма 

құрылымдары бақылау-өлшеу жұмыстары үшiн тиiстi 

жағдайларды қамтамасыз етуi қажет. Бiрдей уақытта 

бiрнеше қатарды пайдаланатын ұңғымаларда әр қат бойынша 

жеке-жеке дебитi мен температурасын өлшеп, тексеру 

жүргiзiлуi қажет. 

      477. Жерасты суларының кенiн есепке алу әр 

ұңғымадағы (сағасында немесе жинақтау пунктiнде) су 

шығынын қолданыстағы нормативтердiң талаптарына жауап 

беретiн өлшеу арқылы жүргiзiледi. 

      478. Автоматтандырылған су iрку құрылыстары мен 

кәсiптерiнде су мен бу шығынын өлшеу тiркелген жиi 

тексерiлiп тұратын бақылау-өлшеу құралдары арқылы 


жүргiзiледi. 

      479. Пайдалы құрамы бар жерасты және жылы 

сулардың құрамында осы суларды минералды шикiзат 

ретiнде пайдалануда жоғары тиiмдiлiкке қол жеткiзу 

мақсатында йод, бром, бор, магний, калий, литий, 

рубидий, цезий, стронций, германий (мг/л) қаншалықты 

екендiгi анықталады. 

      480. Шiрудiң даму қауiптiлiгi мен тұз бөлiну 

қаупiн анықтау кезiнде жабдықтың бүкiл жүйесiн шiруден 

қорғаудың тиiмдi әдiстерiн таңдауды және жасауды, 

коррозиялық және тұнба түзушiлiк кезеңдердiң сипатын 

анықтау үшiн жылдам түрде арнайы коррозиялық зерттеу 

жүргiзудi (ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарта отырып) 

ұйымдастыру қажет. 

      481. Ауыз су және тұрмыстық-шаруашылық үшiн 

пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жерасты су 

объектiлерiнiң су жинау алаңдарында кендердi шоғырлап 

шаймалау орнын орналастыруға, қалдықтарды көмуге, 

қоқыс, зират, мал өлiгiн тастау орындарына айналдыруға 

және басқа да жерасты суына зияны тиетiн объектiлер 

салуға жол берiлмейдi. 

      482. Жерасты су объектiлерiне зияны тиетiн болса, 

жердi ағын сулармен суаруға жол берiлмейдi. 

      483. Егер ұңғымалар жарамды немесе iшуге және 

тұрмыстық су жабдықтарына немесе емдiк мақсаттардағы су 

көкжиегiн ластайтын ұңғыма болса, онда өнеркәсiптiк, 

емдiк минералдық және жылы ағын суларды төгу үшiн 

мұндай сiңiргiш ұңғымаларды бұрғылауға жол берiлмейдi. 

      484. Сiңiргiш ұңғымаларды, соның iшiнде пайдалы 

қазбаларды шаймалайтын жерасты ұңғымаларын бұрғылау 

пайдалы қазбалар мен қоршаған ортаны қорғау мемлекеттiк 

органдарымен, су ресурстары және санитарлық бақылау 

басқармасымен осы ұңғымаларды бұрғылау ауданында арнайы 

зерттеулер жүргiзгеннен кейiн берiлетiн оң қорытындының 

бар болған жағдайында ғана рұқсат етiледi. 

      485. Өзара байланысы бар ұңғымалардың бiрiнде 

дебиттiң азаюы немесе су берiлуi толық тоқтап қалса, 

онда екi ұңғыманың бiрi жабылуы немесе жойылуы керек. 

      486. Жер қойнауын пайдаланушы мынадай жағдайда 

ұңғымаға күрделi жөндеу жүргiзедi: 

      пайдалануды жалғастыруға мүмкiндiк бермейтiн 

айналасындағы колонналардың зақымдалуы және ұңғыманың 

техникалық жөнделуiнiң мүмкiн емес жағдайында; 

      құмдалып кеткенде; 

      ұңғыма ұңғысында тұз жиналып қалғанда. 


      487. Ұңғыманың күрделi жөнделуiне байланысты 

барлық жұмыстарды техника қауiпсiздiгiн сақтай отырып, 

өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi 

органдардың аумақтық органдарымен келiсiм бойынша жер 

қойнауын пайдаланушылар жүргiзедi. 

      488. Жерасты су объектiлерiн пайдаланумен 

байланысты су iрку құрылыстарын орналастыру, жобалау, 

құрылысын салу, пайдалануға беру және пайдалану кезiнде 

аумақты су алып кетудi, шөлге айналуды, жердiң 

батпақтануын, топырақтың көшiп кетуiн болдырмау 

шаралары қарастырылады. 

      489. Сiңiргiш ұңғымалар мен құдықтарды су 

көздерiн санитарлық күзету аймағының 1 және 2 

белдемесiнде орнатуға жол берiлмейдi. 

      490. Сiңiргiш ұңғымалар мен құдықтарға 

радиоактивтi заттары бар пайдаланылған суды төгуге жол 

берiлмейдi. 

      491. Пайдаланылған суды, сондай-ақ ұңғымалық 

шаймалаудың жұмыс ерiтiндiсiн сiңiргiш ұңғымаларға 

тарту жүргiзiлетiн аудандарда қазбаны пайдаланушы 

жоспар бойынша жақын маңдағы ұңғымаларға, су көздерiне, 

құдықтарға жүйелi зертханалық бақылауларды 

ұйымдастырады. 

      492. Пайдалы қазбаларды өндiруге арналған 

пайдаланылған су мен шаймалау ерiтiндiсiн тарту 

мәселесiн шешу үшiн ұңғымаларды бұрғылау және тиiмдi 

тарту енгiзiлген арнайы бағдарлама бойынша зерттеу және 

тәжiрибе жұмыстары жүргiзiледi. 

      493. Пайдаланылған суды тарту көкжиегiн таңдаудың 

негiзгi шарты тартылатын суды күндiзгi кеңiстiктен, 

бальнеологиялық немесе өнеркәсiптiк маңыздағы ащы және 

минералды сулардан алшақтатып тұратын сенiмдi су 

өткiзбейтiн қондырғы, және мынадай түрлердiң болуы – 

тартылатын суды қабылдауға және сыйдыруға қабiлеттi 

коллекторлар болып табылады. 

      494. Пайдалы қазбалар орнын жасау кезiндегi 

жерасты суларының дренажын жүзеге асыру мен жобаны 

құрастыру кезiнде бақылаудың ұсталуы мен әдiстерi таулы 

массивтiң құрғау қарқыны туралы, бұзылған 

гидродинамикалық тәртiптiң барлық алаңындағы жерасты су 

деңгейiнiң жағдайы, деңгейдегi құрғау (немесе суалу) 

әсерiнiң бағасы, жерасты суларының қоры мен сапасы және 

қоршаған орта туралы мәлiметтердi дәл әрi нақты алуды 

қамтамасыз етедi. 

4.3. Жерасты суларын игеру кезiндегi авторлық қадағалау

 


      495. Авторлық қадағалауды жылсайын қабылданған 

жобалық шешiмдердi iске асыру үшiн өндiруге жобалау 

құжатын жасаған жобалық ұйым жүргiзедi. 

      496. Авторлық қадағалау кезiнде алынған ағымдағы 

ақпараттар пайдаланылады, ал қадағалау нәтижелерi жыл 

сайын есеп ретiнде баяндалады. 

      497. Авторлық қадағалау бойынша жыл сайынғы 

есепте мынадай ережелер көрiнiс табады: 

      технологиялық параметрлердiң нақты қол жеткен 

мәндерiнiң сәйкестiгi (немесе сәйкес еместiгi) 

көрсетiледi; 

      нақты және жобалық көрсеткiштерiнiң арасындағы 

айырмашылық және (немесе) жобалық шешiмдердiң 

орындалмау себептерi ашылады; 

      жобалық шешiмдерге қол жеткiзуге және әзiрлеу 

жүйесiн игеруде анықталған кемшiлiктердi жоюға 

бағытталған ұсынымдар берiледi; 

      жекелеген жобалық шешiмдердiң және 

көрсеткiштердiң өзгеруi туралы өнеркәсiптiк ұйымдардың 

ұсыныстары (егер ондай бар болса) бойынша қорытындылар 



берiледi.

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет