ұңғымалардың өнiмдiлiгiн арттыру жұмыстары және су
айдамалау ұңғымаларын пайдалану жер қойнауын
пайдаланушылармен шоғырдың геологиялық құрылымының
ерекшелiктерiне және кен орнын игерудiң ағымдық
жағдайына байланысты, игерудiң жобалық құжаттарына
сәйкес жүзеге асырылады.
153. Ұңғыма құрылысы, егер оның құрылысы үшiн
жасалған техникалық жобаға және игеру жоспарына сәйкес
барлық жұмыстары орындалса, аяқталған болып есептеледi.
154. Құрылысы аяқталған ұңғыманы мердiгерден
тапсырыс берушiге өткiзу араларында жасалған
мердiгерлiк шартпен реттеледi.
155. Құрылысы аяқталған ұңғымалар бойынша
бұрғылау ұйымы тапсырыс берушiге (жер қойнауын
пайдаланушыға) белгiленген нысан бойынша жұмыстарды
қабылдау-тапсыру актiлерiмен рәсiмделген мынадай
құжаттарды ұсынады:
ұңғыманы бастау туралы актi;
ұңғыманы бұрғылау жобасы (типтiк геологиялық-
техникалық наряд);
ұңғыманы бұрғылауды бастау және аяқтау туралы
актi;
бекiту құбырларының сағасының альтитудасын өлшеу
туралы актi;
барлық геофизикалық зерттеулердiң құжаттары және
олардың тұжырымдамалары;
бекiту құбырларының есептемелерi, олардың
параметрлерi, диаметрi, қабырғасының қалыңдығы,
болаттың маркасы және бейметалл құбырлардың басқа да
қажет сипаттамалары;
бекiту құбырларын цементтеу актiсi, цементтеу
есептемелерi, цементтеу кезiнде цементтiк ертiндiнiң
сапасын сараптау және оның тығыздығын өлшеу нәтижелерi,
цемент ертiндiсiнiң сағаға шығуы жөнiндегi мәлiметтер
(цементтеу диаграммасы), құбырды өлшеу актiсi,
құбырларды жинақтау, ұңғыманы цементтеу алдындағы
ұңғымадағы бұрғылау ерiтiндiсiнiң тығыздығы;
барлық бекiту құбырларының тұйықтығын сынау
актiсi;
әрбiр объектiнi сынамалау және игеру жұмыстарының
жоспары;
бекiту құбырларын тескiлеу актiсi, тескiлеу
аралығы, тескiлеу тәсiлi және тесiктер саны;
әрбiр ұңғыманы игеру актiсi, сонымен қоса зерттеу
мәлiметтерi (дебитi, қысымы, өнiмдiлiгi, мұнайдың,
судың, газдың жiктелуi);
сорғы-қысымды құбырлардың өлшемi және түрi,
сонымен қоса, қосу клапандарын орналастыру тереңдiгi
(тесiктерi) көрсетiлген жабдықтар;
бұрғылаудың және ұңғыманы игерудiң барлық
кезеңiнiң геологиялық журналы;
тасбаған сипаттамасы;
бұрғылау кезеңi және мұнай-газдың байқалуы мен
құрылым жөнiнде мәлiметтерi бар ұңғыма паспорты;
ұңғыманың сағасын жабдықтау актiсi;
ұңғыма жөнiндегi геологиялық құжаттарды тапсыру
актiсi;
жер телiмiн рекультивациялау актiсi.
156. Егер қатты сынағанда мұнай мен газдың
өнеркәсiптiк ағымы алынса, бiрақ алаң жайғастырылмаған
және игеруге дайындалмаған болса, ұңғыманы уақытша
консервациялайды. Консервациялау тәсiлiн консервациялау
мерзiмiнiң ұзақтығына және қат қысымының жоғарылық
коэффициентiне сәйкес таңдайды.
157. Қандай да бiр жағдайларға байланысты
қолданылуы тиiмсiз болып табылатын ұңғымалар Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiткен жер қойнауы
объектiлерiн консервациялау және жою ережелерiне сәйкес
пайдалану қорынан алынады.
158. Өз мiндетiн атқарған, алдағы уақытта
пайдалануға тиiмсiз деп табылған ұңғымалар тиiстi
тәртiп бойынша жойылуға жатады.
159. Барлау ұңғымаларын сынау кезiнде
өнеркәсiптiк маңыздағы ағым бiрде-бiр объектiден
алынбаған болса, бекiтiлген тәртiппен жойылу
жүргiзiледi.
160. Ұңғымалар геологиялық себептермен, сондай-
ақ, ұңғымаларды жою нормативтерi мен нұсқаулықтары
бойынша техникалық себептермен жойылуы мүмкiн.
161. Жойылуға жататын ұңғымаларда қатаралық
ағымдар, құбыраралық түзелiмдер, қайталама газдық
жарылымдарды туындататын көздер жойылады.
2.2.1.7. Қатқа әсер ету жүйесiн игеру
162. Қатқа әсер ету жүйесi көмiрсутектердi жер
қойнауынан алудың жобалық құжаттарында ескерiлген
техникалық құралдар жиынтығы болып табылады.
163. Қатқа әсер етудiң техникалық құралдарының
кешенiне кiретiндер:
Жұмыс агентiнiң көздерi (су алу көздерi және
газды ұңғымалар, суланған мұнайды деэмульсациялау
қондырғылары, химиялық реагенттердi жеткiзушiлер және
т.б.);
су, газ, өнiм құбырлары;
жоғарғы қысымды сораптық және газкомпрессорлық
станциялар;
су айдамалау ұңғымалары.
164. Қатқа әсер ету жүйесi мыналарды қамтамасыз
етуi тиiс:
кен орнында, қатта және жеке аумақтарда өндiру
ұңғымаларына көмiрсутек шикiзаттарын қысымдау
мақсатында пайдаланатын объектiге қаттың энергиясын
қалпына келтiру үшiн қажет мөлшерде жұмыс агенттерiн
құю;
жұмыс агентiнiң құрамын, физикалық-химиялық
қасиетiн, механикалық қасиеттерiн, оттегiн және
микрорганизмдердi қажет кондицияға жеткiзу;
ұңғымалардың мүмкiндiгiн жүйелi өлшеу, жеке және
топтастырылған ұңғымаларда, қаттарда және игеру
объектiлерiнде, сонымен қоса кен орнында жұмыс
агентiнiң құйылуын есепке алу мүмкiндiгi;
жұмыс агентiнiң сапасы мен қасиетiн тұрақты
бақылау мүмкiндiгi;
әсiресе герметикалық тұрғыдан сенiмдi жұмыс
iстеуi.
Қатқа әсер ету жүйесi қуатының технологиялық
шығындарды есепке ала отырып, технологиялық блокқа және
барлық кен орнына жұмыс агентiнiң барынша жобалық
құйылуын қамтамасыз етуi тиiс.
165. Қатқа әсер ету айдамалау ұңғысына жұмыс
агентiн сiңiру арқылы жүргiзiледi.
Айдамалау ұңғымасының құрылымы (бекiту
ұңғымасының диаметрi, болаттың маркасы, цементтiң
көтерiлу биiктiгi және басқалар) мыналарға сай болуы
керек:
белгiленген көлемде қысым кезiнде жұмыс агентiн
құюға;
қат пен объект қимасының сенiмдi тұйықталуына;
қаттың ұңғыма түбiне әсер ету шараларын, барлық
тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргiзуге.
Айдау ұңғымасының құрылымы сүзгiш қат бетiнiң
тұтас қалыңдығы бойында барынша ашық болуын қамтамасыз
етуi керек.
166. Айдау ұңғымасының тиiмдi жұмысын қамтамасыз
ету үшiн iске қосылатын объектiнiң берiлген
қалыңдығында ұңғыманы қабылдау ұтымдылығын қамтамасыз
етуге байланысты, дәлiрек айтқанда, ұңғыма түбiндегi
сүзгiштiк қасиетiн қалпына келтiру арқылы және де
керектi айдау қысымын жасау бойынша шаралар кешенi
орындалады.
167. Ұңғыманың түп маңында бұрғылау кезiнде
төмендеген сүзгiштiк қасиеттi қалпына келтiру (тазарту)
ұңғыманы құрғату арқылы жүзеге асырылады. Контур
сыртындағы және iшiндегi айдау ұңғымаларын құрғату
(поршеньдiк, шомпольдi пайдалану) немесе ортадан тепкiш
электр сораптарды пайдалану арқылы жүргiзiледi. Контур
iшiндегi айдау ұңғымасын құрғату ұңғымаларды жоғарғы
өнiм алу жүйесiне қосу арқылы да орындалады.
168. Ыңғайлы геологиялық-физикалық жағдайда
(қаттың жоғары сүзгiштiк қасиетi) және өткiзгiштiгi
жақсы қалпына келтiрiлгенде айдамалау ұңғымалары
құрғатылғаннан соң, топтық сораптық станциялардың өнiм
құбырлары жүйесi арқылы жұмыс агентiне құюмен
толтырылады.
169. Өнiм қаттарының геологиялық-физикалық
жағдайы қолайсыз болғанда, оны қамтамасыз ету үшiн оған
қосымша әсер ететiн әдiстер қолданылады, оның iшiнде:
қатты қысымдық мүмкiншiлiгiне жеткенше төмендетiп
(ұңғыманың дiңiнде деңгейiн төмендету), артынан агенттi
айдау;
ұңғымаларды қайта жуу процесiнде сұйықтықты
аэрациялау;
агенттi мерзiмдi жоғарғы қысымда ұңғымаға айдап,
оны өз еркiмен атқылату (гидросвабирлеу әдiсi);
қысу сораптарын (цементтеу қондырғыларын) қолдана
отырып, агенттi қатқа белгiленген жұмыс қысымынан
бiршама артық қысыммен айдау;
кейiн қатты гидравликалық бөлумен гидроқұмды
тескiлеу;
ұңғыма түбi маңын қышқылдармен және беттi-
белсендi ерiтiндi заттармен өңдеу;
ұңғыма түбi маңын жылумен өңдеу және басқалар.
170. Қатқа ағынды суларды және де басқа да
коррозиялы арынды агенттердi айдағанда, өндiру
құбырларын (су және газ құбырлары), ұңғыманың бекiту
ұстындарын және басқа да пайдалану жабдықтарын
коррозиядан сақтау үшiн қорғаныс қаттары, коррозия
ингибиторы, құбыр маңы кеңiстiгiнiң тұйықталуы және
басқалары қолданылады.
171. Қатқа айдау үшiн дайындалатын беттi-белсендi
заттардың сулы ерiтiндiлерiмен, қышқылдармен,
сiлтiлермен, полимерлермен және басқа да химиялық
реагенттерiмен араластырылатын су ерiтiндiлерiн
дайындау үшiн егер бұл игерудiң жобалық құжатымен
тiкелей қарастырылмаған болса, реагенттердi
деструкциялап, шөгiндiге түсiрмейтiн суды пайдалану
қажет. Оның үстiне, айдалатын су қат суына химиялық
жағынан жақын болып коллекторлардан көмiрсутектерiн
ығыстыруға себепшi болуы қажет.
172. Жұмыс агентiн айдауға арналған айдау
ұңғымасын игеру геологиялық-техникалық қызмет жасаған
және жер қойнауын пайдаланушының басшылығы бекiткен
жоспар бойынша жүргiзiледi.
173. Жұмысшы агентiн айдауды бастау уақыты,
бұрғыланған ұңғыманы айдауға қою тiзбектiлiгi, айдаудың
көлемiн белгiлеу кен орнын әзiрлеуге арналған жобалау
құжаттарында анықталады.
174. Қандай жағдайда да жұмыс агентiн айдау,
iрiктеу аймағындағы қаттық қысымның қанығу қысымынан
төмендеуiне жол бермеуiмен орындалуы тиiс.
175. Контур сырты мен контур iшiндегi суландыру
кезiнде жұмыс агентiн айдау, әдетте, кен орындарын
игерудiң бастапқы кезеңiнде басталуы тиiс.
176. Контурiшiлiк суландыру кезiнде ұңғымаларды
бұрғылауды қиындатпау үшiн, айдау ұңғымасын толықтыру
маңындағы ұңғымалардың көпшiлiгi бұрғыланып бiткеннен
кейiн басталуы тиiс.
177. Контурiшiлiк суландыру кезiнде айдау
ұңғымалары қатарлас орналасса, оларды iске қосуды
осының бастапқы кезiнде айдау ұңғымасы мен мұнай өндiру
ұңғымасын кезекпен енгiзу қажет. Жұмысын өтеп жатқан
ұңғымаларды жоғары дәрежедегi iрiктеу кезiнде жоғары
суландыру деңгейiне жеткен соң айдамалау ұңғымасына
айналдыру қажет.
178. Ұңғыма мен қат бойынша жұмыс агентiн айдауды
мөлшерлеу тоқсанына бiр рет жүзеге асырылады және әрбiр
айдау ұңғымасын пайдаланудың технологиялық режимi
ретiнде рәсiмделедi.
Айдау ұңғымаларының технологиялық жұмыс режимiнде
мыналар көрсетiледi:
жұмыс агентiн айдаудың тәулiктiк көлемi;
айдалатын агенттiң қасиеттерiне қойылатын негiзгi
талаптар;
айдау қысымы;
белгiленген айдау агенттiң нормаларын қамтамасыз
ету жөнiндегi iс-шаралар.
179. Айдау ұңғымаларының технологиялық жұмыс
тәртiбi қаттың қысымын бiр қалыпта ұстап тұруды
қамтамасыз ететiн цех пен жер қойнауын пайдаланушы
геологиялық-технологиялық қызметпен бiрлесе отырып
жасалады және оның басшылығымен бекiтiледi.
Айдау нормаларын белгiлеу кезiнде мынадай негiзгi
ережелерге сүйену керек:
егер жұмыс агентiн объектiге айдаған сұйықтықтың
орнын толтыру 100% кем болса, айдауға қолданған
жабдықтардың өнiмдiлiгiнен және iстеп тұрған айдау
ұңғымаларының қабылдау мүмкiндiгiне байланысты шығын
айдау тапшылығын толтыру (жабу) үшiн сұйықтықтың
ыңғайлы айдалуын 30-50% асырып ұстанады;
егер де алынған сұйықтықтың орны айдау көлемiмен
(учаскеде) жетiлдiрiлсе, жұмыс агентiн айдау қалпы
сұйықтықты алу нормасымен тең болып, сол кезеңдегi
уақытта өндiрiп тұрған ұңғымалардың дебиттерiнiң
қосылымы болып анықталады, немесе одан бiрнеше есе
асады, бiрақ агенттiң шығын мүмкiндiгi 10-20% аспауы
керек;
кен орнының мөлшерi үлкен және қаттың арасының
тұтассыздығы мол болғанда, айдау қалпы алдымен
сүзгiштiк-сыйымдылық қасиеттерi жақын учаскелерде
орналасқан айдау ұңғымаларының топтарына белгiленедi,
содан кейiн учаске шегiнде орналасқан жеке ұңғымаларға
белгiленедi, көп қатты объектiлерде айдау қалпы тұтас
объектiге және учаскелерде жеке қаттарға бөлiнiп
берiлуi тиiстi;
көпқабатты объектiлерде тұтас объект бойынша және
учаскелер үшiн айдау нормасы жеке қабаттар арасында
бөлiнуi тиiс.
180. Ұңғымалар, объектiлер және тұтас кен орны
бойынша айдалатын су көлемiн дұрыс есепке алу
жауапкершiлiгi жер қойнауын пайдаланушының бiрiншi
басшысы немесе ол уәкiлеттеген тұлғаға жүктеледi.
2.1.8. Өндiру және айдамалау ұңғымаларын пайдалану
181. Мұнай өндiру ұңғымаларын пайдалану олардың
өнiмдiлiгiмен, суланған дәрежесiне байланысты
шапшымалық немесе механикаланған тәсiлдермен жүзеге
асырылады. Механикаланған тәсiлдiң құрамына сорғылық
және газлифтiк тәсiлдердiң әр түрлi түр өзгерiстерi
кiредi.
182. Шапшымалау тәсiлiнде, ұңғыманың түбiнен
шыққан өнiм жердiң бетiне тек қана қаттық энергия
есебiнен жүзеге асырылады, бұл тәсiл мұнай кенiшiн
игерудiң бастапқы кезеңiнде пайдаланылады, құбырлардың
табиғи сулануына байланысты өндiрiлген сұйықтың орташа
тығыздылығы артады.
183. Ұңғымалар өз шамасына қарай суланған сайын,
орташа тығыздығы ұлғайып, ұңғыма өнiмiнiң құрамындағы
бос газдың үлесi азаяды және осылардың жинағы дебиттiң
азаюына әкеледi, содан кейiн қат қысымы алғашқы
деңгейде сақталғанда ұңғымалар атқылауын тоқтатады.
184. Пайдалану ұңғымалары дебитiнiң азаюына
байланысты шапшымалау тәсiлi экономикалық тиiмсiз
болғандықтан, олар едәуiр пайдалы механикалық тәсiлге
аударылады.
185. Өндiру ұңғымаларының сипаттамасына, табиғи-
климаттық жағдай, пайдалану және жабдықтарды жөндеудi
ұйымдастыру жүйесiне байланысты кен орнын игергенде
мынадай арнайы сораптар қолданылады:
штангiлi терең сорапты қондырғы;
электр ортадан тепкiш сораптар қондырғысы.
186. Ұңғыманы пайдалану қиындаған жағдай (өте қою
сұйықтарды сорғанда, өндiрiлетiн өнiмдерге шаруашылық
қоспалауы көбейгенде, ұңғыманың өте үлкен
тереңдiгiндегi сұйықтың динамикалық деңгейiнiң
төмендеуi) мынадай арнайы сорап қондырғыларын пайдалану
қажет:
электровинттiк сорап қондырғыларын;
диафрагменттiк сорап қондырғыларын;
гидропоршендi сорап қондырғыларын.
187. Ұңғымаларды сипаттамасына қарай газлифтiлiк
тәсiлмен пайдаланғанда, газдың ресурстарының және
ұңғыманың жер үстiндегi газ айдайтын жабдықтардың
болуына қарай газлифт пайдаланудың мынадай негiзгi
сызбасы пайдаланылады:
сығымдық газлифт;
сығымсыз газлифт;
ұңғыма iшiндегi газлифт;
үздiксiз газлифт;
кезеңдiк газлифт.
Пайдаланудағы нысандардың сұйықтарын алу деңгейi
және қарқыны, өндiру ұңғымаларының түбiндегi және
сағасындағы қысым, шапшымалардың шектеулi қысымы және
топтық ұңғымаларды механикалық өндiруге ауыстыру,
сонымен бiрге механикалық өндiрудiң тәсiлiн таңдау кен
орнын игерудiң жобадағы құжаттарына негiзделедi және
геологиялық-техникалық шаралардың жобасына сәйкес
мұнай-газ өндiру ұйымдары жүзеге асырады.
189. Ұңғымаларды пайдаланудың барлық тәсiлдерi
сорапты-сығымдық құбырлар арқылы жүзеге асырылуы керек.
Бұл құбырлардың өлшемi және ұңғымаларға түсiру
тереңдiгi, сорылатын сұйықтықтың сипаттамасына,
ұңғыманың термобарлық жағдайына, пайдалану тәсiлiне
тәуелдi және бекiтiлген ұсыныс пен әдiсiмен анықталады.
190. Ұңғыманы пайдаланудың тәсiлдерiн ұңғыманың
жабдықтарын тереңге түсiру тәсiлiн және бiртұтастық
өлшемiн таңдау, кен орнын игерудiң және ұңғымаларды
пайдаланудың нақты жағдайына үйлестiрiлiп бекiтiлген
басшылық құжаттарымен және әдiстермен мұнай газ
өндiретiн ұйымдар орындауы тиiс.
191. Өндiретiн ұңғымаларды пайдалану үшiн
жабдықтарды таңдағанда мыналар қамтамасыз етiлуi қажет:
ұңғыманың сенiмдi және ақаусыз жұмысы;
ұңғымадан алынатын сұйықтың берiлген мөлшерi;
жабдықтардың жөндеуаралық жұмыс кезеңiндегi және
пайдалы қимылының жоғары коэффициентi;
басқа тәсiлдермен салыстырғанда өте аз шығыны;
ұңғыманың жұмыс тәртiбi және игерудiң процесiн
реттеу және қадағалауды жүзеге асыру мүмкiндiгi.
192. Ұңғымалардың жұмыс тәртiбiн бiркелкi
қамтамасыз ету және шапшымалау мезгiлiн ұзарту, қаттың
қуатын аса жақсы пайдалану мақсатымен ұңғымаларды
шапшымалық пайдалануда мүмкiн болатын ұңғыма iшiндегi
жабдықтардың бiрi қарастырылады:
құбырдың сыртқы кеңiстiгiн берiктейтiн сораптық-
сығымдық құбырлар ұстынының астыңғы жағына пакер орнату
немесе мұнайдан ажырап шыққан газдың негiзгi бөлiгiн
тұтып алып, осы құбырдың ұстынына бағыттайтын арнайы
май құйғыш бекiту;
құбырдың сыртқы кеңiстiгiнiң берiктiлiгiн және
мұнай-газ қоспасы ағынын бөлiп тастап, апаттық ахуалдар
жағдайында сораптық-сығымдық құбырлар бойынша кескiш-
пакер бөлiгiн орнату;
ұңғымалар жұмысы режимiн реттеyдi және мұнайдан
шығатын газдың (жер бетiне көтерiлген кезде) энергиясын
неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз ететiн ұңғыма
түбiнiң штуцерiн орнату;
газлифтiлiк клапандарға орналастыру үшiн бiр
(немесе бiрнеше) ұңғымалық камералар орнату, олар
шапшымалы игеру кезiнде құбыр сыртындағы кеңiстiктен
сораптық-сығымдық құбырлар ұстынына газ жiберудi
немесе, егер ол шоғырды игеру жобалық құжаттарында
қарастырылған болса, шапшылау аяқталғаннан кейiн,
ұңғымалар жұмысын газлифтiлiк әдiспен қамтамасыз етедi.
193. Ұңғымаларды жұмыс агентi ретiнде табиғи
газды қолданып сығымсыз газлифтi арқылы өндiруге
пайдалануға тек қана пайдаланылмаған газ кәдеге
жаратылғанда ғана рұқсат етiледi.
Ол жағдайда ұңғыманың құрылымы газды ұңғымаларға
қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиiс.
194. Ұңғымаларды сораптық пайдалану кезiнде,
сораптық жабдықтарды, оларға құм, газ, механикалық
қосындылар түсуден сақтандыру үшiн арнайы қорғау
құрылымдарын пайдалану қажет (газ айырғыштар, газды
және құмды зәкiрлер және басқалар).
195. Өздiгiнен қызып кететiн шоғырларды игеру
ұңғымаларын пайдалану кезiнде жабдықтар жоғары
температураға ыңғайланып, жегiштi, тотықтырғышты
көмiртегi, күкiртсутегi және басқалай құрамдардың
қостотықты мөлшерi басым болса, ұңғыма жабдықтары соған
сай таңдалады.
196. Екi немесе одан да көп объектiлердi бiр
ұңғыма арқылы бiрдей уақытта бөлiп пайдалану
өндiрiлетiн өнiмдер жеке-жеке есебiн жүргiзудi
қамтамасыз ететiн ұңғымалық және жер бетi жабдықтарын
қолдану жағдайында және әрбiр объектiнiң кәсiпшiлiктiк
зерттеулерiн жүргiзгенде ғана рұқсат берiледi.
197. Айдау ұңғымаларының iске қосу тәртiбi
мерзiмдерi және пайдаланылуы технологиялық сызбаларда
және әзiрлеу жобаларында белгiленедi.
198. Мұнайлы шектеменiң iшiнде орналасқан айдау
ұңғымалары әуелi өндiрушi ретiнде мұнай жинағыштарға
қосылатын етiп пайдаланылады.
199. Қат бойынша немесе құбыр сыртындағы кеңiстiк
бойынша апатты газ жарып өткен ұңғымаларды пайдалануға
тыйым салынады.
200. Шапшымалық немесе механикаланған тәсiлге
ауыстырылған ұңғымаларды құбыр арасынан пайдалануға
тыйым салынады.
201. Жобалық мәндерден асатын газ факторлы
ұңғымаларды пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
202. Егер жобалау құжаттарында басқасы
қарастырылмаса, түпкi қысым мәнiнен төмен қысымда
ұңғымадан су алуға рұқсат етiлмейдi.
2.2.1.9. Ұңғымалар жұмысының технологиялық режимiн
бекiту және бақылау
203. Өндiру және айдау ұңғымаларының саны,
пайдалануға енгiзу тәртiбi және оңтайлы жұмыс режимiн
әзiрлеуге арналған жобалау құжаттарында анықталып,
қабылданған әзiрлеу көрсеткiштерiне қаттардан мұнай,
газ және сұйықтық өндiру деңгейiне, қарқынына және
динамикасына байланысты белгiленедi.
204. Қабылданған кен көзiн игерудiң негiзгi
көрсеткiштерiн еске ала отырып, ұңғымалар мен қаттардың
зертханалық, геофизикалық және гидродинамикалық
зерттеулерiн талдау негiзiнде сұйықтықты алудың
технологиялық мөлшерлерi белгiленедi. Әр өндiрушi
ұңғымаға және ығыстырушы агенттiң қабылдағыштығы, әр
ұңғымаға, айдамалау көлемi бұлардың әрқайсысына сәйкес
құжат түрiнде рәсiмделедi.
205. Ұңғыманың пайдалануын бақылау және жасалып
жатқан геологиялық-техникалық iс-шараларды есепке алу
үшiн мынадай алғашқы геологиялық-техникалық құжаттар
болуы қажет:
өндiрушi және айдаушы ұңғымаларын пайдалану
бойынша тәулiктiк рапорты;
мұнай өнiмiнiң көлемдерiн, өнiмнiң суланғандығын,
геологиялық-техникалық iс-шаралардың орындалуын есептеу
журналы;
жерүстi мен жерасты жабдықтарының жөнделгендiгiн
есепке алу журналы.
206. Мұнайды, сұйықтықты және газды алудың
бекiтiлген нормасынан шыға отырып өндiрушi ұңғыманың
техникалық жұмыс режимiн өндiрушi ұйымның басшылары
қарастырады және бекiтедi. Ол кен өндiру объектiсiнiң
тұрақты жағдайына байланысты ай сайын не болмаса
тоқсанына бiр рет белгiленедi. Өндiрушi және айдау
ұңғымасы жұмысының технологиялық режимiнiң нысаны және
режимiн белгiлеу кезеңдiлiгi жер қойнауын зерттеу және
пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiледi.
207. Өндiрушi ұңғымалардың жұмысының
технологиялық режимiмен бiр уақытта, ұңғымадан және
пайдалану объектiсiнен сұйықтықты алу мөлшерiн
Достарыңызбен бөлісу: |