Пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата12.03.2017
өлшемі480,09 Kb.
#9038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

есепке алу барлау басталғаннан бастап жүргiзiлуi тиiс. 

      27. Өндiру немесе бiрлескен барлау мен өндiруге 

арналған келiсiмшарт жасасқан жағдайда геологиялық-

кәсiптiк сипаттамалары қолайлы, шағын көлемдi 


шоғырларды оларды сынамалы пайдалану сатысынан 

өткiзбей-ақ өнеркәсiптiк игеруге енгiзуге болады. 

      28. Шоғырлардың статикалық геологиялық-кәсiпшiлiк 

үлгiсi ұңғымаларды бұрғылау және зерттеу кезiнде 

тiкелей және жанама жолмен алынған жүйелi нақтылаумен 

(сейсмикалық зертттеулер, аэроғарыштық түсiру және 

басқалар) шоғырларды (пайдалану объектiлерiн) игеру мен 

геологиялық-барлау жұмыстарының барлық сатыларында 

барлық геологиялық әрi геофизикалық ақпаратты жүйелеу 

мен кешендi жинақтау арқылы нақтыланады және жасалады. 

      29. Көмiрсутек шикiзаты шоғырларының статикалық 

геологиялық-кәсiпшiлiк үлгiсiнiң негiзi геометриялау 

әдiстерiн пайдалану болып табылады. 

      30. Шоғырларды геометриялау кезiнде мiндеттi 

геологиялық графиканың қатарына мыналар кiредi: 

      ұңғымалар қималарының егжей-тегжейлi қатынасының 

схемалары; 

      өзiне тән ерекшелiктерi қамтылған бағыттар 

бойынша қиманың өнiмдi бөлiгiнiң геологиялық егжей-

тегжейлi бейiндерi: мұнай, газ, су (сулы мұнай, газды 

мұнай, газды су түйiсулерi) және перфорация 

интервалдары арасындағы түйiсулердi түсiрумен; 

      мұнайлы және газды түйiсулердiң iшкi және сыртқы 

сызықтарын, сынамаланып шығу немесе қаттардың 

фациальдық алмасу аймақтарын, сондай-ақ тектоникалық 

бұзылу сызықтарын (олар болған жағдайда) түсiрумен 

зерттелетiн объектi коллекторларының үстiңгi және 

астыңғы беттерiнiң құрылымдық карталары немесе 

карталары; 

      жалпы, тиiмдi мұнай-газқаныққан қалыңдықтардың 

карталары. 

      31. Көмiрсутек шикiзаты шоғырларының статикалық 

геологиялық-кәсiпшiлiк үлгiсiнiң мiндеттi құрамдас 

бөлiгi мыналармен сипатталатын мәлiметтер болып 

табылады: 

      объектiнiң табиғи режимi, энергетикалық 

мүмкiндiктерi, бастапқы қаттық қысым, қанықтыру қысымы 

және конденсаттың керi бағытта тұнуы және басқалары; 

      объектiнi құрайтын таужыныстарының заттық құрамы, 

қаңқа түйiршiктерiнiң минералдық құрамы, цемент, саз, 

карбонат құрамдары және басқалар; 

      таужыныстары-коллекторларының сүзгiлiк-сыйымдық 

қасиеттерi, кеуектiлiгi, мұнай-газ өткiзгiштiгi және 

сумен қаныққыштығы және заттық көлемi құрылымның басқа 

параметрлерi; 


      өнiмдiк қаттардың бiртектi еместiгiнiң, 

бөлшектенушiлiктiң, үзiлмелiлiктiң, құмдақтықтың, 

құбылмалылықтың, өткiзгiштiлiгiнiң сандық бағалауы; 

      қаттық және жер үстiндегi жағдайларда қаттық 

флюидтердiң ерекшелiктерi, мұнайдағы парафиннiң және 

газдағы конденсаттың және басқалардағы құрамы. 

2.2.1. Көмiрсутек шикiзаты мен iлеспе компоненттердiң 

қорын бағалау

 

      32. Көмiрсутек шикiзатының кен орындарындағы 



анықталған геологиялық қорлар екi топқа бөлiнедi: 

рентабельдi (алынатын) және рентабельдi емес. 

      33. Көмiрсутек шикiзатының қорын есептеу 

геологиялық-барлау жұмыстарының әрбiр сатысының 

аяқталуы бойынша және игеру процесiнде жүзеге 

асырылады: 

      көмiрсутек шикiзатының кен орны ашылғаннан кейiн, 

яғни iздестiру сатысы аяқталғаннан кейiн - жедел; 

      көмiрсутек шикiзатының кен орнын бағалау 

сатысының аяқталуы бойынша – қорларды Қазақстан 

Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөнiндегi 

мемлекеттiк комиссияның бекiтуiмен (бұдан әрi – Қорлар 

жөнiндегi мемлекеттiк комиссия); 

      шоғырларды сынамалы пайдаланумен барлаудың барлық 

сатыларының аяқталуы бойынша – қорларды Қорлар 

жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның бекiтуiмен; 

      игерудiң алғашқы жобалық құжаты бойынша кен 

орындарын пайдаланушылық бұрғылаудан кейiн (мұнай және 

мұнай-газ кен орнын игерудiң технологиялық схемасы 

немесе газ және газ конденсатты кен орнын тәжiрибелiк-

өнеркәсiптiк пайдалану жобасы бойынша) - бұрын 

бекiтiлген геологиялық немесе алынатын қорлардың iрi 

және ерекше кен орындары үшiн 10 пайыздан, және 

басқалары үшiн – 20 пайыздан артық өзгерген жағдайда, 

қорларды Қорлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның 

бекiтуiмен. 

      34. Өнеркәсiптiк маңызы бар мұнай, газ, конденсат 

және олардың құрамындағы бөлшектердiң қорларын есептеу 

және есеп жүргiзу зерттеудiң барлық сатысында басым 

жағдайда көлемдiк әдiспен, қажеттiлiк пен мүмкiндiкке 

қарай саладағы қабылданған және құрылатын басқа да 

әдiстермен жүргiзiледi. 

      35. Барлау сатыларында көмiрсутек шикiзаты кен 

шоғырларының сынамалы пайдалану деректерi болған 

жағдайда, шағын көлемдегi мұнай және конденсат қорларын 


бағалау зерттелетiн шоғырлар қорының масштабын анықтау 

мақсатында материалдық баланс принципiне (газ үшiн – 

қаттық қысымның түсу әдiсiмен) негiзделген әдiстердi 

қолдануға рұқсат етiледi. 

      36. Кен орындарын iздеу, барлау және пайдалану 

сатыларында көмiрсутек шикiзаты мен оның құрамындағы 

компоненттердiң геологиялық қорларын есептеу және 

есепке алу әр өнiмдiк қат немесе кен шоғарларының жеке-

жеке тұтас және мұнай, газ, су-мұнай, су-газ,су-газ-

мұнай аймақтарына бөлiп бiртұтас кен орны бойынша 

жүргiзiледi. 

      Стандарттық шарттарда (0,1 МПа және 20

о

С) мұнай, 



конденсат, этан, пропан және бутан қорлары - мың 

тоннамен, бос газ қорлары – миллион м

3

, гелий мен аргон 



қорлары – мың м

3

 есептеледi. 



      37. Кен орнындағы көмiрсутек шикiзатының қорлары, 

сондай-ақ оны алудың деңгейi жер қойнауының мемлекеттiк 

сараптамасына және Қорлар жөнiндегi мемлекеттiк 

комиссияның бекiтуiне жатады. 

      38. Алынатын қорлар және көмiрсутек шикiзаты мен 

олардың құрамындағы өнеркәсiптiк маңызы бар 

компоненттердiң алыну коэффициенттерi жер қойнауының 

мемлекеттiк сараптамасына жiберiлетiн көмiрсутек 

шикiзатының алыну коэффициентiнiң техникалық-

экономикалық негiздемесi түрiнде игеру нұсқаларының 

технологиялық және техникалық-экономикалық есептерi 

негiзiнде анықталады. 

      39. Қорлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссия 

көмiрсутек шикiзатын алудың шектi коэффициентiн 

технологиялық, экономикалық және экологиялық талаптарға 

барынша сәйкес келетiн нұсқа бойынша бекiтедi. 

2.2. Көмiрсутек шикiзаты кен орындарын игеру

 

      40. Кен орындарын өнеркәсiптiк игеруге дайындау 



төмендегiлердi көздейдi: 

      барлау жұмыстарын жүргiзу; 

      сынамалы пайдалануды жүргiзу; 

      3 млн. тоннадан астам қоры бар кен орындары үшiн 

сандық модельдер жасауды қоса алғанда, көмiрсутек 

шикiзаты шоғырларының статикалық геологиялық 

модельдерiн құру; 

      көмiрсутек шикiзаты қорларын есептеу. 

      41. Бiрлескен барлау мен өндiруге арналған 

келiсiмшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 

өнеркәсiптiк игеру жобасын әзiрлеуге көмiрсутек 


шикiзатының қоры бекiтiлгеннен кейiн немесе осы 

Қағиданың 33-тармағына сәйкес олар өзгерген жағдайда 

көмiрсутек шикiзаты қорларын қайта бекiткеннен кейiн үш 

айда кiрiседi. 

      42. Кен орнын жайластыру жобасы өнеркәсiптiк 

игеру жобасы негiзiнде орындалады. 

      43. Жер қойнауын пайдаланушы кен орнын игеру 

схемалары мен технологияларында маңызды өзгерiстер 

болған жағдайда кен орнын жайластыру жобасын дайындауға 

кiрiседi. 

      44. Егер: 

      мұнай кен орнын барлау бойынша жұмыстар 

орындалса, қажет болған жағдайда шоғырларды сынамалық 

пайдалану немесе кен орнының ауқымды учаскелерiн 

тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру, ал газ және газ 

конденсаттық кен орындары бойынша – тәжiрибелiк-

өнеркәсiптiк пайдалану жүргiзiлсе; 

      көмiрсутек шикiзаты қоры мен оның құрамындағы 

қосалқы компоненттердiң мемлекеттiк сараптамасы 

жүргiзiлсе және қорлар пайдалы қазбалар қорларының 

мемлекеттiк балансына қойылса; 

      жоба өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы 

құзыреттi органмен келiсiлген болса; 

      өнеркәсiптiк игеруге арналған жобалық құжаттар 

белгiленген тәртiпте бекiтiлген болса, көмiрсутек 

шикiзаты кен орындарын (шоғырларын) өнеркәсiптiк 

игеруге енгiзуге рұқсат етiледi. 

      45. Көмiрсутек шикiзаты кен орындарын 

(шоғырларды) өнеркәсiптiк игеруге iлеспе газдарды қайта 

игерусiз (кәдеге жаратусыз) рұқсат етiлмейдi. 

      46. Газ және газконденсаттық кен орындарын игеру 

тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк пайдаланудан басталады, ол 

сандық модельдер жасау газ және газконденсаттық кен 

орындарын жобалаудың алғашқы сатысы болып табылады және 

мынадай жағдайларда жүргiзiледi: 

      өнеркәсiптiк санаттар бойынша газ, конденсат және 

басқа компоненттердiң қорларын есептеудi қамтамасыз 

ету, игеру және кәсiпшiлiктi жайғастыру жобаларын 

жасауға қажеттi бастапқы деректердi алу үшiн; 

      iрi және бiрегей кен орындарында қаттық қысымның 

әртүрлi бөлiктерiнде пайдалану ұңғымаларының 

дебиттерiнiң динамикасын бағалау бойынша нақты 

деректердi алу үшiн, сондай-ақ игеру жобасын жасауға 

қажеттi басқа деректердi нақтылау үшiн; 

      мұнай газ-конденсаттық кен орындарында мұнай 


шоғыршақтарыныңөнеркәсiптiк құндылығын және оларды 

игерудiң мүмкiн жолдарын нақтылауүшiн. 

      47. Тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк пайдалануды 

жүргiзуге өндiруге арналған келiсiмшарт болғанда рұқсат 

етiледi. 

      48. Егер: 

      мұнай шоғыршағы болған жағдайда белгiленген 

тәртiппен оның өнеркәсiптiк мәнi мен шоғырдың газ 

бөлiгiмен байланыс сипатын бағалау бағдарламасы жасалса 

және бекiтiлсе; 

      белгiленген тәртiппен тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк 

пайдалану жобасы бекiтiлсе; 

      тау-кендiк бөлу алынса; 

      қажеттi кәсiпшiлiк құрылыстар белгiленген 

тәртiпте пайдалануға берiлсе; 

      магистральдық құбыр иесiмен тасымалдау мәселелерi 

реттелсе, газ және газконденсаттық кен орындарын 

тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк пайдалануға енгiзуге рұқсат 

етiледi. 

      49. Газдағы күкiрт сутегi мен күкiрторганиканың 

мөлшерi 10 ppm артық болса, кен орындарын тәжiрибелiк-

өнеркәсiптiк игеруге енгiзу, тек онымен бiрге тазартқыш 

қондырғыларды қосқанда ғана мүмкiн. 

      50. Жекелеген жағдайларда барланатын немесе 

өнеркәсiптiк игерiлетiн объектiлерде шағын шоғырларды 

немесе iрi шоғырлар учаскелерiн пайдалануға берудi 

көздейтiн мұнай және мұнай-газ кен орындарын 

тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру жүргiзiледi. 

      51. Мұнай және мұнай-газ кен орындарын 

тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игерудiң жобасында 

негiзделетiндер: 

      жұмыс жүргiзу үшiн шағын шоғырды немесе iрi 

шоғырдың ауқымды учаскесiн таңдау; 

      өндiрушi және айдамалау ұңғымаларының саны және 

орналасуы; 

      тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игерудiң технологиясы; 

      арнайы жабдық пен қатқа әсер ететiн агенттерге 

қажеттiлiк; 

      игеру процесiн бақылау бойынша зерттеулер кешенi 

және объектiнiң геологиялық-физикалық ерекшелiктерi 

туралы қосымша деректер алу; 

      мақұлданған технологияның тиiмдiлiгiн бағалау 

үшiн тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игерудiң ұзақтығы; 

      тәжiрибелiк жұмыстарды жүргiзу кезеңiне 

көмiрсутек шикiзатын өндiрудiң және әсер ететiн агенттi 


айдаудың деңгейi; 

      кәсiпшiлiк жайластыру жүйесiне қойылатын негiзгi 

талаптар; 

      тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк жұмыстардың 

технологиялық және экономикалық тиiмдiлiгiн алдын-ала 

болжау. 


      Тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк жұмыстардың нәтижесiнде 

кен орнының анықталмаған гидродинамикалық және 

геологиялық модельдерiне талдау жасалуы, резервуарды 

қосымша геологиялық-геофизикалық зерттеу бойынша 

ұсынымдар дайындалуы тиiс. 

2.2.1. Мұнай және мұнай-газ кен орындарын жобалау және 

өнеркәсiптiк игеру

 

      52. Мұнай және мұнай-газ кен көздерiн игерудi 



жобалау белгiленген тәртiпке сәйкес есептелген және 

Қорлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссия бекiткен қорларды 

барлау және бағалау нәтижелерiне негiзделедi. 

      53. Жобалау кезiнде тiкелей өлшеулердiң және 

есептеулер арқылы анықталған деректер пайдаланылады. 

      54. Есептеу арқылы рұқсат етiлетiн ең аз тиiмдi 

қалыңдық шегiнде бұрғылауға жататын аудан анықталады, 

ол үшiн жалпы қалыңдыққа арналған вариация 

коэффициентiнiң орташа мәндерi мен квадраттары, 

жекеленген қаттар сандары, ұңғымалар мен қаттардың 

өнiмдiлiгiнiң коэффициентi және әрбiр қаттың тиiмдi 

қалыңдығының бiрлiгiне өнiмдiлiктiң меншiктi 

коэффициентi анықталады. 

      55. Шоғырды сынамалы пайдалану деректерi бойынша 

забойлық қысымды қаныққан қысымнан төмен азайту кезiнде 

мұнай бойынша өнiмдiлiк коэффицентiнiң азаю дәрежесiн 

анықтау ұсынылады. 

      56. Айдамалау ұңғымаларына нақты су жiберу және 

өндiрушi ұңғымаларды нақты суландыру нәтижелерi бойынша 

қаттық жағдайларда қозғалғыш су мен мұнайдың ара 

қатысын, өндiрушi ұңғымаға судың мұнайды ығыстыруының 

бiртектi емес көрсеткiшiн, сондай-ақ өткiзгiштiгi 

бойынша қаттардың қаттарының бiртектi еместiгiнiң 

есептiк көрсеткiшiн анықтау ұсынылады. 

      57. Көрсетiлген қажеттi физикалық мәлiметтер жоқ 

болған жағдайда, қаттардың қаттарының бiртектi 

еместiгiн геофизикалық өлшемдердiң деректерi арқылы, ал 

су мен мұнайдың қозғалысының ара қатысын - олардың 

тұтқырлығы мен қалдықты мұнай қанықтылығының мәндерi 

бойынша табу керек. 



      58. Басқа кен орындары деректерiнiң ұңғымалардың 

тығыз торымен ұқсастығы қаттардың коллекторлық 

қасиеттерiнiң (тиiмдi қалыңдықтың, меншiктi 

өнiмдiлiктiң) ретсiз өзгеру қадамдары белгiленедi. 

      59. Мұнай және мұнай-газ кен орындарын 

өнеркәсiптiк игеру үшiн мыналар жасалады: 

      тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру жобасы; 

      игерудiң технологиялық схемасы; 

      өнеркәсiптiк игеру жобасы; 

      игерудiң техникалық-экономикалық негiздемесi. 

      Егер қажеттiлiгi болмаса, аталған құжаттардың 

кейбiреуi алынып тасталады. 

      60. Жобалау құжаттарынан басқа, игеру процесiн 

жедел жетiлдiру ұсынымдарымен бiрге, жобаны iске 

асыруды авторлық қадағалау және игерудi талдау бойынша 

есептер орындалады. 

      61. Егер экономикалық есеп нәтижелерi бойынша 

көмiрсутек шикiзатын алудың соңғы коэффициенттерiнiң 

өзгеруi болжанса, көмiрсутек шикiзатын алудың соңғы 

коэффициенттерiн Қорлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссия 

қайта бекiтедi. 

      62. Мұнай және мұнай-газ кен орындарын 

өнеркәсiптiк игерудi бiрнеше жер қойнауын пайдаланушы 

жүргiзсе, жұмыстар жер қойнауын пайдаланушылар 

арасындағы кен орнын бiртұтас бүтiн ретiнде бiрiгiп 

игеру жөнiнде келiсiм жасалып, құзыреттi органмен 

келiсiледi. Аталған келiсiмнiң негiзiнде белгiленген 

тәртiп бойынша жобалау құжаттарына тиiстi өзгертулер 

енгiзiлiп, онда жер қойнауын неғұрлым тиiмдi пайдалану 

мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардың игеру 

операцияларын үйлестiру жұмыстарының тәртiбi мен 

мазмұны негiзделедi. 

      63. Жер қойнауын пайдаланушының көмiрсутектi 

таңдап алудың жобалау құжаттарындағы нормаларды бұзуына 

жол берiлмейдi. Нақты жылдық өндiру көлемi жобадағы 

көрсеткiштен он пайыздан артық болмауы тиiс және бұл 

жағдайда ұңғымалардың жобадағы жұмыс тәртiбiн сақтау 

және жобалау құжаттарындағы пайдалану объектiсiн игеру 

бойынша мыналарды орындау шарты қойылады: 

      пайдалану қорын бұрғылау жөнiндегi бағдарламалар; 

      агенттi айдау көлемi мен құрамы; 

      өндiрудi қарқындату жөнiндегi iс-шаралар. 

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 

Үкiметiнiң 30.09.2014 № 1047 қаулысымен.

 


2.2.1.1. Мұнай және мұнай-газ кен орнын игеру жүйесiн 

таңдау, пайдалану объектiлерiн бөлу

 

      64. Мұнай және мұнай-газ кен орнын игеру 



техникалық және технологиялық iс-шаралар кешенiн 

қамтиды: белгiленген торлар бойынша түрлi ұңғымаларды 

бұрғылау және оларды оңтайлы пайдалануға жағдай жасау, 

өнiмдi қаттарға әсер етудi, игерудi бақылауды, өнiмдi 

тауарлық сапаға дейiн дайындауды, өнiмдi тапсыру орнына 

дейiн тасымалдауды, сондай-ақ басқа да осы жұмысқа 

қатысты iлеспе iс-шараларды ұйымдастыру. 

      65. Әрбiр пайдаланылатын объектiге нақты 

геологиялық-физикалық шарттарға және жеткiлiктi 

экономикалық тиiмдiлiгi болған жағдайда техникалық 

мүмкiндiктерге сай келетiн игерудiң өз ұтымды жүйесi 

сәйкес келедi. 

      66. Ұтымды игеру жүйесiн таңдау жүйенiң негiзгi 

элементтерiн оңтайландырумен нұсқаларды қарау арқылы 

жүзеге асырылады. 

      Негiзгi мақсат мыналарды дәлелдеуге арналады: 

      пайдалану объектiлерiн атап көрсету; 

      ұңғымаларды пайдаланудың тәсiлi мен режимi; 

      ұңғымалар торларын орналастыру және тығыздық 

жүйелерi; 

      қатқа әсер етудiң түрлерi; 

      өндiрушi және айдамалаушы ұңғымалардың 

қабылданатын есептiк забойлық қысымдары; 

      қаттардың мұнай өнiмдiлiгiн арттыру үшiн агенттi 

таңдау; 

      iлеспе газды кәдеге жарату, iлеспе газды тауарлық 

күйге дейiн қайта өңдеу. 

      67. Көмiрсутек шикiзатының кен орындары бойынша 

пайдалану объектiлерiн бөлу - игерудi жобалаудың 

бiрiншi кезеңi – оңтайландырылған мiндеттер ретiнде 

геологиялық-физикалық, техникалық, экологиялық және 

экономикалық факторлар есепке алына отырып шешiледi. 

Нәтижесiнде бiр, екi және одан да көп объектiлердi 

бөлуге рұқсат етiледi. 

      68. Бiртұтас игеру объектiлерiне өнiмдi қаттар 

немесе мұнайлығы бiр қатта, мұнайдың, физикалық-

химиялық қасиеттерiне, коллекторлық қасиеттерiне, 

шоғырлардың жұмыс режимдерiне, қаттық қысымдар 

шамаларына жақын қаттар бiрiктiрiледi. 

      69. Көп қатты кенiштен екi немесе одан да көп 

игеру объектiлерiн таңдау үшiн олардың қыртысы арасында 

барлық ауданы бойынша өткiзбейтiн тау жынысы болуы 



қажет. 

      70. Игеру үшiн таңдалған объектiнiң сусыз кезеңде 

және суландырған кезде пайдаланудың ұзақ мерзiмi iшiнде 

ұңғымалардың жоғары дебитiн қамтамасыз ету үшiн 

шоғырдың аудандық бiрлiгiне жеткiлiктi меншiктi қорына 

және жеткiлiктi өнiмдiлiкке ие болуы тиiс. 

      71. Мұнай және мұнай-газ кен орындарын игеру екi 

типтi режимде жүзеге асырылады: қаттық энергияны табиғи 

және жасанды режимдерде толықтыру. 

      72. Режимдердiң бiрiншi типiне табиғи су қысымын 

пайдалану жатады, бұл кезде контурдың сыртындағы сулы 

аумақтан мұнай шоғыры жатқан жерге су кiрiп, мұнайды 

ығыстырып шығарады, сонымен қатар әртүрлi ара 

қатынаста: серпiндi режим, ерiген газ режимi. 

      73. Газды газ бүркемесiнен негiзсiз шығаруға және 

қаттық жағдайларда мұнайды газсыздандыруға жол 

берiлмейдi, ол негiзгi өндiрiлетiн флюидтi алу 

коэффициентiн азайтуға әкеп соғады. 

      74. Режимдердiң екiншi типi қаттарға әсер ету 

процестерiнiң әр түрлi схемалары кезiнде қаттарға түрлi 

ығыстырғыш агенттердi айдауға негiзделедi. 

      75. Ығыстырғыш агент ретiнде мыналар қолданылады: 

      әр түрлi табиғи көздерден алынған және тазаланған 

iлеспе кәсiпшiлiк сулар; 

      түрлi химиялық реагенттермен өңделген су, ыстық 

су, бу, газ және сумен ығыстырылған шоғыршақ түрiндегi 

басқа энергия тасымалдаушылары. 

2.2.1.2. Ұңғымалар торы

 

      76. Игерудi жобалау кезiнде ұңғыманың негiзгi 



торы (негiзгi қордың ұңғымалары) және резервтiк 

ұңғымалар қарастырылады. 

      77. Негiзгi қордың ұңғымаларын бүкiл пайдалану 

объектiсiнде барлық ұңғымалардың ара қашықтығы бiрдей 

төртбұрышты және үшбұрышты геометриялық немесе ұңғыма 

қатарлары арасында ара қашықтығы ұзартылған және 

қатардағы ұңғымалар арасында қашықтығы азайтылған 

торларда орналастырады. 

      78. Резервтiк ұңғымалар қаттардың құрылысын 

ұқыпты тексеру үшiн бұрғылау жұмыстары жүргiзiлген 

кезде объектiнiң алаңдарында орналасады. 

      79. Пайдалану-бағалау ұңғымалары коллекторлардың 

фильтрациялық-көлемдiк қасиеттерiн зерттеу бойынша 

қысқа бағыттағы мiндеттердi, кен орнының параметрлерiн 

анықтау бойынша өндiрiстiк-зерттеу жұмыстарын 


жүргiзудi, өндiрiстiк қорларды растауды орындайды. 

      80. Әр объект үшiн ұңғыма торларының ұтымды 

тығыздығы алынады. Ұтымды болып көмiрсутек шикiзаты 

қорларын неғұрлым толық алу мүмкiндiгi кезiнде ең 

жоғары экономикалық тиiмдiлiкке қол жеткiзетiндей 

осындай ұңғымалар саны мен осындай тығыздығы бар тор 

есептеледi. 

      81. Ұңғымалар торының тығыздығы геологиялық-

физикалық факторларға байланысты iрiктеледi, олардың 

негiзгiлерi: 

      Аудан бiрлiгiне мұнайдың меншiктi қоры; 

      қаттағы мұнайдың қасиетi (тұтқырлығы, газдың 

мөлшерi, қаттық қысым мен сiңiрушiлiк қысымының ара 

қатысы); 

      өнiмдi қаттардың әртектiлiгiнiң сипаты мен 

дәрежесi; 

      тау жынысы – коллекторларының сүзгiлiк 

қасиеттерi. 

      82. Ұңғыма торларының тиiмдi тығыздығы 

гидродинамикалық есептердiң негiзiнде бiрнеше түрлi 

игеру жұмыстарының техникалық-экономикалық 

көрсеткiштерiн салыстыру арқылы анықталады. 

      83. Екi-үш және одан да көп объектiлерi бар 

жүйеде өндiру және айдамалау ұңғымалары бiр-бiрiмен 

байланысады. 

2.2.1.3. Айдамалау ұңғымаларын орналастыру

 

      84. Су және су ерiтiндiлерiн кiргiзуде айдамалау 



ұңғымаларының өзiндiк ерекшелiгi суландыру жүйесiнiң 

түрiн анықтайды. 

      85. Объектiнiң барлық ауданында айдамалау 

ұңғымаларын бiркелкi орналасқан жағдайда беснүктелiк, 

жетiнүктелiк, тоғызнүктелiк және басқа контур iшiнде 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет