Пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата12.03.2017
өлшемі480,09 Kb.
#9038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

суландырудың жүйесi қалыптасады. 

      86. Айдамалау ұңғымаларының объект ауданында 

әртектi орналасқан жағдайында контур iшiнде әсер ететiн 

iрiктеу жүйесi қалыптасады. 

      87. Айдамалау ұңғымалары мұнайлы контур сыртында, 

немесе контур бойында қатарынан орналасқан кезде 

контурдың сыртында, немесе контурдың iшiнде суландыру 

қалыптасады. 

      88. Айдамалау ұңғымаларын мұнайлы контурдың 

iшiнде қатарынан орналастырған жағдайда қатар 

(блоктық), барьерлiк және басқа контур iшiндегi кенiштi 

блоктарға бөлген суландыру қалыптасады, бұның iшiнде 


бiрдей беске дейiн өндiрушi ұңғыма орналасады. 

      89. Кейбiр жеке жағдайларды контур iшiндегi 

суландырудың қатар (блоктық) жүйесi ошақтық 

суландырумен толықтырылады және (немесе) контур 

сыртындағымен (контур iшiндегiмен) үйлестiрiледi. 

      90. Айдамалау ұңғымаларын орналастыру, 

суландырудың түрi объект құрылысының ерекшелiгiмен, қат 

флюидтерiнiң қасиетiмен және басқа да геологиялық-

физикалық факторлармен анықталады. 

2.2.1.4. Айдамалау және өндiру ұңғымаларының түптiк 

қысымын таңдау

 

      91. Өндiру ұңғымаларының түптiк қысымы түптiк 



қысымның сiңiрушiлiк қысымнан төмендеген кезiнде мұнай 

бойынша өнiмдiлiк коэффициентiнiң төмендеуi есепке 

алынумен жобалық ұнғымаға (өндiрушi және қысымдаушы 

бiрге алынғанда) толық дебитпен анықталады. 

      92. Тұтқырлығы жоғары, аз парафиндi, аз газдалған 

мұнай кен орындарын игеру кезiнде өндiру ұңғымаларында 

мұнай және газдың қанығу қысымына байланысты емес, 

түптiк қысымды мүмкiн болатын деңгейде ұстау қажет. 

Парафиннiң еру температурасынан 10 пайызға үлкен қат 

температурасы бар кен орнын игерген кезде қат қысымын 

мұнай және газдың қанығу қысымына байланысты емес, 

технологиялық негiзделген деңгейде ұстау қажет. 

      93. Жобалық құжаттардағы қарастырылған 

көрсеткiштерден төмен түптiк қысымда өндiру ұңғымаларын 

iске қосуға рұқсат етiлмейдi. 

2.2.1.5. Мұнай және мұнай-газ кен орындарын игерудiң 

техникалық-экономикалық көрсеткiштерi мен нұсқалары

 

      94. Мұнай және мұнай-газ кен орындарын игерудiң 



жобалық құжаттарында негiзгi технологиялық және 

экономикалық көрсеткiштердiң динамикасы негiзделедi: 

мұнайды өндiру, сұйықты өндiру, ағымды суландыру, жұмыс 

iстеп тұрған ұңғымалар саны, су айдау көлемi, мұнайды 

және сұйықтарды алудың жиынтығы, салықтар мен 

тасымалдау шығындарын алып тастағандағы сату құнын 

есепке алу арқылы есептелген күрделi және ағымды 

шығындар, несиеге мұқтаждық, несие өтемi, несиенi 

қайтару мерзiмi. 

      95. Жылдық көрсеткiштер пайдалану объектiсiн 

жайғастыру кезеңдерiмен байланыстырылады. Ол төрт 

кезеңге бөлiнедi: бiрiншi – негiзгi қорды бұрғылау 



ұлғайту және мұнай өндiрудiң өсуi; екiншi – мұнайды 

өндiрудi тұрақтандыру; үшiншi – мұнайды өндiрудiң кенет 

құлдырауы; төртiншi – ұзақ уақыт кезеңi iшiнде аз 

мөлшерде бәсең төмендетумен мұнайды аз өндiру. 

      96. Пайдалану объектiсiн және кен орнын игеруге 

арналған жобалық құжаттарда тұтас алғанда игеру жылдары 

бойынша техникалық-экономикалық көрсеткiштердiң үш 

нұсқасы қарастырылады. 

      Бiрiншi (негiзгi) нұсқа қат энергиясының қуатты 

пайдаланудың табиғи режимi арқылы игеру болып табылады. 

Келесi жобалық құжаттарда бiрiншi нұсқа болып алғашқы 

жобалық құжат арқылы қолданылатын, бұрын тиiмдi, 

геологиялық құрылымның және мұнайлық қаттардың 

өнiмдiлiгi жөнiндегi жаңа мәлiметтер және технология 

мен экономикалық жағдайға байланысты жаңа мағлұматтарға 

сәйкес қайта есептелген нұсқа қабылданады. 

      Екiншi нұсқасы игерудiң негiзгi элементтерiн 

жетiлдiру арқылы ұсынылатын игерудiң тиiмдi нұсқасы. 

      Үшiншi нұсқасы ұсынылған игерудiң ұтымды 

нұсқасынан айырмашылығы, техникалық әрекеттердi iске 

асыру қарқынында және тәжiрибелiк сынақтау ұтымды жүрiп 

жатқан тиiмдi технологияларды қолданудың айтарлықтай 

тәуелдiлiгiмен ерекшеленедi. 

      97. Қажет болған жағдайда есептелетiн нұсқалар 

саны үшеуден артық болуы мүмкiн. Қағидаттық мәнге 

әртүрлi қарқынды бұрғылау және әртүрлi күрделi 

қаржыландыру нұсқалары ие болады. 

2.2.1.6. Өндiру және айдамалау ұңғымаларының 

конструкциясы және бұрғылау, қаттарды ашу

 

      98. Ұңғымаларды салу және оларды пайдалануға беру 



жөнiндегi барлық операциялар ұңғымаларды салу жобасына 

сәйкес жүзеге асырылуға тиiс. Ұңғымаларды салу жобалары 

өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органмен 

келiсуге жатады. 

      99. Ұңғымаларды салуды жобалау мына ережелерге 

негiзделедi: 

      ұңғымаларды бұрғылау ұңғымаларды салудың 

топтастырылған немесе жеке техникалық жобасы бойынша 

атқарылады; 

      техникалық жоба ұңғымаларды салу процесiн 

реттейтiн негiзгi құжат болып табылады. Техникалық 

жобаларды осы жобалау жұмыстарының түрiн орындауға 

арналған лицензиялары бар жобалау ұйымдары жасайды, 

белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдармен 



келiсiмделедi. Жобаларда өнiмдi қаттарды сапалы ашу, 

ұңғымаларды бекiту және оның сенiмдiлiгi, игерудiң 

жобалық құжаттарының технологиялық талаптарының 

барлығының орындалуы қарастырылады; 

      ұңғымаларды салуды жобалағанда барлық негiзгi 

жұмыс түрлерiне және қоршаған ортаны қорғауда 

қолданылатын нормативтiк құжаттар басшылыққа алынады. 

Технологиялық жоба, геологиялық барлау жұмыстарының 

және кен орнын игерудiң технологиялық жобасы (пiшiнi) 

негiзiнде жасалған ұңғыманы құру жобасына тапсырыс 

негiзiнде жасалады. 

      жобалауға қажет алғашқы мәлiметтердiң толықтығына 

және сенiмдiлiгiне тапсырысшы, ал жобалық құжаттардың 

сапасына жобалық ұйым жауапты болады; 

      ұңғымаларды салу лицензияға сәйкес мердiгер 

бұрғылау ұйымы мен жер қойнауын пайдаланушы ұйым – 

тапсырысшы немесе жер қойнауын пайдаланушының өзi (оның 

операциялық компаниясы) арасындағы келiсiм негiзiнде 

атқарылады; 

      жұмыстың сапасын арттыру және қауiпсiздiгiн 

қамтамасыз ету мақсатында жобаға өзгерiстер қоршаған 

ортаны қорғау, мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi 

мемлекеттiк органдардың талаптары арқылы енгiзiледi; 

      жобаның орындалуын қадағалау тапсырысшыға және 

жобалық ұйымға жүктеледi; 

      ұңғыманы салудың сапасы және жобаны орындау 

жауапкершiлiгi мердiгерлiк бұрғылау ұйымына жүктеледi. 

      100. Мынадай: 

      газда күкiрттi сутегiнiң көлемi алты пайыздан 

астам болатын; 

      тереңдiгi бес мың метрден астам болатын құрлықта; 

      тереңдiгi төрт мың метрден астам болатын теңiзде; 

      сағалық қысымы отыз бес мегапаскальдан астам 

болатын ұңғымалар салынған жағдайда ұңғымаларды салу 

жобаларын құзыреттi орган бекiтедi. 

      Ұңғымалардың өзге де түрлерi бойынша салу жобасын 

жер қойнауын пайдаланушы бекiтедi. 

      101. Ұңғымаларды салу жобалары құзыреттi орган 

бекiтетiн ұңғымаларды салу жобаларын жасау жөнiндегi 

арнаулы талаптар ескерiлiп әзiрленедi. Ұңғымаларды салу 

жобалары қауiпсiздiк жөнiндегi құзыреттi органмен 

келiсуге жатады. 

      102. Ұңғымаларды салу кезiнде тиiстi нормативтер, 

оның iшiнде талаптары қазақстандықтан төмен болмаса 

және оларға қайшы келмесе шетелдiк нормативтер де 


пайдаланылады. 

      103. Ұңғымаларды салу бойынша барлық операциялар 

режимдiк-технологиялық құжаттардың талаптарына, олардың 

жобалық жағдайларындағы ұңғымалардың сағалары мен 

забойларын орналастырудың нақты нүктелерiнiң 

сәйкестiгiн қамтамасыз ететiн маркшейдерлiк-

геофизикалық жұмыстардың барлық кешенiн мiндеттi 

өткiзумен толық сәйкестiкте жүргiзiледi. 

      104. Бұрғылау тәсiлдерi және оларға сәйкес 

бұрғылау құбырлары, қашаулар, бұрғылау режимi, бұрғылау 

ерiтiндiсiнiң түрi және құрамы техникалық 

регламенттердiң талаптарына сай келуi тиiс. 

      105. Игерiлетiн кен орындарында әртүрлi қаттық 

қысымдарда қаттық түзiлiмдердi бұрғылаумен ашу 

тәсiлдерi көзделедi және негiзделедi. 

      106. Өнеркәсiптiк игеру жобасында бұрғылау 

технологиясы алдын ала келтiрiледi және ұңғымаларды 

салудың жеке немесе топтық жобаларында егжей-тегжейлi 

қарастырылады. 

      107. Запастағы бұрғылау ерiтiндiсiнiң көлемi 

техникалық жобада анықталады. 

      108. Жоғары газ факторымен және ауытқымалы жоғары 

қаттық қысыммен мұнай, газ және газконденсаттық 

ұңғымаларды бұрғылауға арналған айналымдық жүйе – 

арнайы жабдықтарды пайдаланумен бұрғылау ерiтiндiсiн 

үздiксiз газсыздандыру мүмкiндiгiн көздейдi. 

      109. Құрамында күкiрттi сутек мөлшерi жоғары, 

қимасында тұздың, ауытқымалы жоғары қаттық қысымдардың 

және жоғары температуралардың болуымен кен орындарында 

және теңiз кен орындарында ұңғымаларды салу 

ерекшелiктерi: 

      мұнай және мұнай-газ кен орнын барлау жобасына; 

      технологиялық схемаға, мұнай, мұнай-газ, газ 

немесе газконденсат кен орнын игеру жобасына сәйкес 

ұңғымаларды салуға арналған жеке немесе топтастырылған 

техникалық жобаларда көзделедi. 

      110. Ұңғымалардың конструкциялары қажеттi 

диаметрлермен және ұзындықтармен, цементтелген 

бағаналық кеңiстiктермен, өнiмдi қаттар саласындағы 

ұңғымалық жабдықпен және ұңғымалар сағасының 

жабдықтарымен белгiленген шеген құбыр тiзбегiн құрайды. 

      111. Ұңғыма құрылымы оны бұрғылау және пайдалану 

кезiнде тұрақтылықты, технологиялықты және 

қауiпсiздiктi, оның iшiнде: 

      ұңғымаларды пайдалану кезiнде қолданылатын 


құбырдың ұтымды диаметрi және түбiнiң құрылымы есебiнен 

объект өнiмдiлiгiн барынша толық пайдалануды; 

      жобаланған әдiстердi қаттарға қолдану немесе жер 

бетiнiң табиғи режимiн пайдалану жағдайында ұңғымаларды 

пайдаланудың ұтымды тәсiлдерi мен режимiне арналған 

жабдықтарды тиiмдi пайдалану мүмкiндiгiн; 

      ұңғымалар құрылысы және пайдаланудың барлық 

кезеңiнде жұмысты қауiпсiз және күрделенусiз жүргiзудi; 

      ашылатын қимаға қажет тау-кендiк-геологиялық 

мәлiметтердi алуды; 

      Бiрiншi кезекте ұңғымалардың бекiтiлуiнiң 

берiктiгi және ұзақ мерзiмге төзiмдiлiгi, бекiту 

құбырларының және сұйықтық қатының бiр-бiрiнен және жер 

бетiнен оқшаулануы үшiн олармен қоршалып тұрған 

шеңберлi кеңiстiктiң тығыздығы есебiнен қоршаған ортаны 

қорғауды; 

      ұңғыма дiңi және бекiту құбырларының мөлшерiн 

барынша жетiлдiрудi; 

      ұңғымаларды пайдалану кезiнде жөндеу және зерттеу 

жұмыстарын жүргiзу үшiн жағдайлар жасауды; 

      бөлу клапандарын, пакерлiк және басқа 

құрылымдарды қондыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге 

мiндеттi. 

      112. Газлифтiк тәсiлмен игеруге бағытталған 

ұңғымалардың құрылымы, газдық ұңғымалардың құрылымына 

қойылатын талаптарға сәйкес болуы мiндеттi. 

      113. Ыстық су, бу және газ айдайтын құбырлардың 

құрылымы игерудiң жобалық құжаттарында және ұңғыманы 

құру жобасында негiзделедi. 

      114. Өнiмдiлiгi дәлелденген мұнай, газ және 

газконденсат кен орындарындағы барлау ұңғымаларының 

құрылымы оларды пайдалану талаптарына сай болуы тиiс. 

      115. Ұңғымалардың дiңi ұңғымалардың мақсатына, 

бұрғылаудың геологиялық-техникалық мүмкiндiктерiне, жер 

бетi және күзет аумағына байланысты жобаланады. 

      116. Өнiмдi қатта тiк дiңдi жайпақталған көлбеу 

ұңғымалары қолданылады. 

      117. Дiңi көлбеу ұңғымалар, оларды пайдалану 

мақсатына және бұрғылаудың нақты геологиялық-техникалық 

жағдайларына байланысты жобаланады. 

      118. Ұңғыманың көлбеу бағытталған дiңi, бұрғылау 

құбырларының соңы, бұрғылау режимiнiң көрсеткiштерi, 

ұңғыма дiңiн тереңдету қарқыны және басқа шаралар 

жиынтығы мына мәлiметтердi қамтамасыз етедi: 

      бұрғылау жұмыстарының технологиясы және бұрғылау 


техникасының ахуалына сәйкес ұңғыманы жобалық 

тереңдiкке дейiн қиындықсыз жеткiзу; 

      уақыттың және қаржының төмен көлемiнде ұңғыма 

құрылысын сапалы салу; 

      түптiк тiк бағыттан ауытқуының, белгiленген 

бағыттан ауытқуының мүмкiн шегiн қамтамасыз ету; 

      ұңғыма дiңiнiң қисаю радиусының деңгейiнiң 

белгiленген шегiнен аспауы; 

      пайдалану және жерасты жұмыстары кезiнде жерге 

енгiзiлген бұрғылау құбырларының және бекiту 

құбырларының, сонымен қоса жер асты жабдықтарының еркiн 

өту мүмкiндiгi; 

      бекiту құбырларының егелуiне, науалануына, 

аспаптардың және геофизикалық құралдардың қыстырылып 

қалуына, созылып кетуiне жол бермеу. 

      119. Өнiмдi қаттардағы жайпақ ұңғымалардың дiңi, 

кен орындарын жайпақ ұңғымалармен игеру жобаларына 

негiзделедi. 

      120. Дiңi жайпақ, еңкiш ұңғымаларды бұрғылау 

барлық геофизикалық зерттеулер кешенiн атқаруды 

қамтамасыз ететiн жеке техникалық жобаға сәйкес 

жүргiзiледi. 

      121. Жер бетiндегi құрылымдар және ұңғыма 

сағасының жабдықтары ұңғыма құрылысын салу кезiнде 

нақты геологиялық-техникалық жағдайларға сәйкес 

бұрғылау жағдайларымен байланыстырылады. 

      122. Бұрғылау кондырғысын таңдау, бұрғылау 

құбырларының немесе бекiту құбырлары мен оның 

секцияларының ауадағы едәуiр ауыр салмағының iлмекке 

түсiрiлетiн жұмыстық салмағына сәйкес таңдалынады. 

Iлмекке түсетiн салмақтың мүмкiн болатын шегiнiң 

ауырлығы едәуiр ауыр бұрғылау құбырларының ауадағы 

салмағынан кем дегенде 40 пайыз артық болуы керек. 

      123. Бұрғылау ертiндiсiн механикалық тазалаусыз 

ұңғымаларды бұрғылауға тыйым салынады. 

      124. Жетекшi және аралық құбырларды қондырғаннан 

кейiн, егер оларды мына төмен құбырларды қондырғанға 

дейiн газдық, газконденсаттық, сонымен қоса мұнайлық 

немесе сулық деңгейлер ашылу мүмкiндiгi болса, ұңғыма 

сағасы превенторлық қондырғылармен жабдықталады. 

      125. Превенторлық қондырғыларды, манифольдарды 

(дроссельдiк сызықтар және тұншықтырғыштар), 

гидробасқару станцияларын, дроссельдеу пульттерiн және 

траптық-факельдiк қондырғыларды таңдау нақты тау-кендiк 

геологиялық жағдайларға тәуелдi мына технологиялық 


операцияларды атқаруда қолданылады: 

      ұңғыма сағасын түсiрiлген бұрғылау құбырларында 

және оларсыз тұйықтау; 

      ұңғымадан флюидтердi қабылданған технология 

бойынша жою; 

      төменгi превентарды жапқаннан кейiн бұрғылау 

құбырларын плашкаға iлу; 

      бұрғылау құбырларының кесiлуi; 

      тұйықтау кезiнде ұңғыманың жағдайын бақылау; 

      бұрғылау құбырларын қысылудан сақтау мақсатында 

кеңейту; 

      саға тұйық жабылған мерзiмде бұрғылау құбырларын 

толық немесе бөлшектеп түсiру немесе көтеру. 

      126. Өте үлкен қысымды газдық, мұнайлық және 

сулық деңгейлердi ашу кезiнде, сонымен қоса күкiрт 

сутегi болғанда (алты пайызға дейiн) ұңғыма сағасына 

үш, сонымен қоса бiр әмбебап превентор қондырылады. 

      127. Өте жоғары қысымды қаттарды ашқанда және 

күкiрт сутегi мөлшерi алты пайыздан артық болған 

жағдайда кемiнде төрт превентор, оның iшiнде бiр 

кеспелi плашкасы бар және бiр әмбебап превентор 

қондырылады. 

      128. Мұнайды өндiру, әзiрлеу, сақтау және 

көмiрсутек шикiзатын өндiру және сақтау орнынан 

магистралдық құбырға немен басқа көлiк түрiне ауыстыру 

орнына дейiн қажет өндiрiстiк объектiлер мен басқа 

инфрақұрылымдарды салу қажеттiлiгi белгiленген тәртiп 

бойынша бекiтiлетiн жобалық құжаттарға сәйкес 

жүргiзiледi. 

      129. Бұрғылау кезеңiнде өнiмдi қаттарды ашу түп 

аумағының табиғи жағдайын барынша сақтауды қамтамасыз 

етуi тиiс. 

      130. Ұңғыма құрылысының техникалық жобасында 

қаттарды ашуға арналған бұрғылау ерiтiндiсiнiң түрi мен 

параметрлерi геологиялық-физикалық құрылым 

ерекшелiктерiне, қаттардың коллекторлық және сүзгiлiк 

сипаттамаларына сәйкес, бұрғылау кезеңiнде жүргiзiлетiн 

зерттеулердiң әдiстерi мен мақсатына сәйкес 

негiзделедi. Бұрғылау ертiндiсi ретiнде коллекторлардың 

табиғи өтiмдiлiгiн және мұнайлылығын барынша сақтауға 

ыңғайлы жүйелер, сонымен қатар қажеттi геофизикалық 

зерттеулердi жүргiзу мүмкiндiгi қолданылады. 

      131. Өнiмдi қаттарды ашудың сапасына бақылау 

тапсырыс берушi мен мердiгердiң технологиялық және 

геологиялық қызметтерiмен жүзеге асырылады. 


      132. Бекiту құбырларын цементтеу жұмыстарын 

жүргiзгенде, кеуек және кеуектiк жарықшақтың, 

құбырлардың табиғи өнiмдiлiгiн сақтау мақсатында аз 

сүзгiленетiн және жалпы минералданатын, осы деңгейдi 

ашуда пайдаланылатын бұрғылау ерiтiндiсiнiң 

минералдануына жақын тампонажды ерiтiндiлер 

қолданылады. 

      133. Құрамында күкiрт сутегi және көмiрқышқыл газ 

және басқа арынды қоспалар бар кен орындарында 

коррозияға төзiмдi құбырлар және тампонаждық цементтер 

қолданылады. 

      134. Бекiту құбырларының цементтелуiнiң және 

қаттарды оқшаулаудың сапасы арнайы геофизикалық 

зерттеулермен бақыланады. 

      135. Геофизикалық зерттеулер мыналарды қамтамасыз 

етуге мiндеттi: 

      бекiту құбырларының қабырғасының қалыңдығын және 

нақты диаметрiн бақылау және тiркеу; 

      түсiрiлген құбырларының технологиялық 

жабдықталуының бөлшектерiнiң нақты жағдайын бақылау 

және тiркеу; 

      құбыр сыртындағы цементтiң таралуы жөнiнде 

мәлiметтер алу; 

      цементтi тас пен құбыр, цементтi тас пен тау 

жыныстары арасында қуыстардың және ағымдардың болуын 

анықтау; 

      құбыр сыртындағы қуыста газдың және сұйықтың 

болуын анықтау. 

      Бекiту құбырларын цементтеу жұмыстары ұңғыма 

құрылымының тұйықтығын тексерумен аяқталады. 

      136. Өнiмдi қаттың ұңғыма дiңiмен байланысы 

цементтелген құбырды тескiлеу, сүзгiнi цементтеусiз қою 

немесе түптi ашық тастау арқылы жүзеге асырылады. 

      137. Өнiмдi қатты тескiлеу арқылы ашу кең 

таралған тәсiл болып табылады. 

      138. Игерiмдiк құбырды тескiлеуден бұрын ұңғыма 

сағасы, ұңғыма құрудың техникалық жобасына және 

бекiтiлген сызбаға сәйкес тескiлеушiлiк жапқышпен 

жабдықталады, ал ұңғыма коллектордың табиғи мұнайлығын 

және өнiмдiлiгiн барынша сақтауды қамтамасыз ететiн, 

мұнай-газ бөлектеуiне жол бермейтiн тығыздықтығы, 

құрамында берiк фазалар ең төмен бұрғылау ерiтiндiсiмен 

толтырылады. 

      139. Қатты ашу тәсiлi мен тескiлеу аралығын 

тапсырыс берушiұйымның геологиялық қызметi құбырды 


түсiруден бұрын атқарылған геофизикалық зерттеулердiң 

материалдарын алғаннан кейiн бiр тәулiк аралығында 

атқарады. 

      140. Тескiлеудiң тәсiлi, түрi және тығыздығы 

объектiлердiң геологиялық-кәсiптiк сипаттамаларын 

есепке ала отырып, тескiлеу тәсiлдерiнiң қолдануы 

жағдайларына және салаларына сәйкес таңдалады және 

бекiту құбырларында және цементтiк таста қосымша 

бүлiнудi болдыруға жол бермеуi қажет. 

      141. Оқталған перфораторды ұңғымаға түсiруден 

бұрын тескiлеу аумағындағы және құбырдағы қысымды 

анықтау және аспаптардың өту мүмкiндiгiн тексеру үшiн 

ұңғымаға тереңдiк манометрмен шаблон түсiрiледi. 

      142. Тескiлеу кезiнде ұңғыма сағасындағы сұйықтың 

деңгейiне бақылау жасалады. Оның төмендеуiне жол 

берiлмеуi керек. 

      143. Шапшымалық арматура ұңғыма ернеуiне 

орнатылудан бұрын сынақтық қысым мөлшерiне сығымдалуы 

қажет, ал орнатылғаннан кейiн қолданылатын құбырдың 

қысымына тең қысымға сығымдалуы керек. 

      144. Өндiру ұңғымаларын игеру көмiртек 

шикiзатының өнеркәсiптiк ағымын алу мақсатында 

қолданылады және ол бұрғылау процесiнiң негiзгi бөлiгi 

болып табылады. 

      145. Ұңғымаларды игеру жұмыстарын ұңғыма 

құрылысының жобасында қаралған технологиялық жағдайлар 

сақталғанда және техникалық жабдықтар әрi 

материалдармен қамтамасыз еткенде ғана бастайды. 

      146. Ұңғымаларды игеру қаттардың гидродинамикалық 

сипаттамаларын, пайдаланудың ұтымды режимiн анықтау 

мақсатында типтiк және жеке жоспарларға сәйкес 

атқарылады. 

      147. Ұңғыманы игерудiң кешендiк жұмыстары мына 

мәселелердi қамтамасыз етуi қажет: 

      Қаттың түп маңын шаю сұйықтарымен барынша 

тазалау; 

      түп маңындағы аумақта қаттың қаңқасын сақтау; 

      табандық судың және газ бүркемесiнен газдың жарып 

шығуына жол бермеу; 

      қаттың сандық және сапалық сипаты мен 

геофизикалық параметрiн анықтау мақсатында 

термодинамикалық зерттеулер жүргiзу; 

      газ, су, мұнай байқалуы мен ашық субұрқақтардың 

бақыланбауын болдырмау; 

      пайдалану дiңiнiң деформациялануын болдырмау; 


      жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау. 

      148. Күрделi геологиялық жағдайлардағы қаттарды 

ашқан ұңғымаларды (өте жоғары қаттың қысымы, күкiрт 

сутегi және басқа қышқыл газдар, жоғарғы температура 

және мол газ факторы) игеру үшiн жеке жоспар жасалады. 

      149. Ұңғымаларды игеру кезiнде термобарлық және 

гидродинамикалық зерттеулер кешенi жүргiзiледi, қаттың 

сұйықтық сынамасы алынып тексерiледi, өнiмнiң сулануы 

анықталады. 

      150. Егер жүргiзiлген жұмыстар нәтижесiнде қаттың 

өнiмдiлiгi анықталса және осы объектiге тән сұйық ағымы 

алынса, ұңғыма игерiлген деп есептеледi. Техникалық 

жобаның нормалары мен талаптарына сай бұрғыланған және 

игерiлген ұңғымалардың керi нәтижелерi алынса, олардың 

себептерi анықталады және болашақ жұмыстар жоспары 

бекiтiледi. 

      151. Қажет болған жағдайда шоғырдың геологиялық-

физикалық қасиеттерiне байланысты ұңғыманың өнiмдiлiгi 

қатты қайталап тескiлеу немесе түп маңын тазалау арқылы 

қалпына келтiрiледi. 

      152. Пайдалану тәсiлiн таңдау, ұңғымалық 

жабдықтарды орнату, iрiктеу, сонымен қоса өндiрiлетiн 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет