қамтамасыз етудiң геологиялық-техникалық жоспарын
жасайды және бекiтедi.
208. Пайдаланудың тәсiлiне байланысты өндiрушi
ұңғымалардың жұмыстарының технологиялық режимiнде
мынадай негiзгi өлшемдерi көрсетiледi:
сұйықтықтың өнiмi, суландырылуы, газ факторы;
ұңғыманың түбiндегi және сағасындағы қысымы
немесе ұңғымадағы сұйықтықтың динамикалық деңгейiнiң
жағдайы, штуцер диаметрi, сораптық-сығымдық құбырлардың
диаметрiмен (шапшымалық ұңғымаға) түсiру тереңдiгi;
плунжердiң диаметрi, теңселу саны, жүрiсiнiң
ұзындығы, сораптың түрмөлшерi және түсiру тереңдiгi
(сораптық пайдалану үшiн);
газдың меншiктiк шығысы және жұмыс iстеу қысымы,
iске қосумен жұмыс клапандарының тереңдiктерiндегi
қондырғылары (газлифтiлiк пайдалану үшiн);
пакерлердiң, газ якорлерiнiң, ұңғыма түбi
штуцерлерi және басқалардың түрi мен жiберу тереңдiгi.
209. Өндiрушi ұңғымалардың жұмысының белгiленген
технологиялық режимiнiң орындалуын бақылауды жер
қойнауын пайдаланушы ұйымның геологиялық және
өндiрiстiк-техникалық қызметкерлерi жүзеге асырады.
210. Дербес өлшеу мен зерттеулер үшiн арнайы
техникалық құралдармен жабдықталмаған жаңа ұңғымаларды
iске қосуға болмайды.
211. Технологиялық процестерде қолданылатын
барлық өлшеу-бақылау аспаптары мен құралдары
мемлекеттiк өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету тiзiмiне
енгiзiлiп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
белгiленген мерзiмдiлiкпен тексерiлiп отыруы тиiс.
212. Ұңғымалардың жұмыс режимi бойынша
материалдары сақтауға, талдауға және қорытындылауға
жатады. Мұнай өндiру цехы белгiленген технологиялық
режимдердiң орындалмау себептерiн айқындап,
ұңғымалардың және игеру жабдықтарының жұмыстарының
тиiмдiлiгiн арттыратын шаралар ұсынылып, осы шаралардың
орындалу қорытындысын талдау, бақылауды жүзеге асырады.
213. Жер қойнауын пайдаланушы игеру объектiлерi,
алаңдары, пайдалану тәсiлдерi бойынша ұңғымалардың
жұмыс режимiн талдау нәтижелерiн жинақтап, оларды жыл
сайынғы есеп беру құжаттарында көрсетедi.
214. Жер қойнауын пайдаланушылардың әр айдау
ұңғымасы бойынша техникалық құжаттамасы жүргiзiледi,
бұлардың iшiнде барлық пайдалану көрсеткiштерi,
жүргiзiлген геологиялық-техникалық шаралар және олардың
тиiмдiлiгi, ұңғыма сағасының және пайдалану
колонналарының берiктiгi және сенiмдiлiгi тексерiледi.
215. Бекiту құбыры тiзбегiнiң және айдау
ұңғымаларында циркуляцияның болмауы қысымды қалпына
келтiру қисығын талдаумен, тереңдiк шығын өлшегiшпен,
резистив өлшегiшпен, электр термометрмен тексеру,
радиоактивтi изотоптар, кигiзбе құбырларды пакермен
престеу арқылы анықталады.
216. Өндiру ұңғымалары мен ұңғыма жабдығының
техникалық күйi мынаны қамтамасыз етуi тиiс:
ұңғымаларды белгiлi уақытқа бекiтiлген
технологиялық режимдермен пайдалану;
ұңғыма режимiнiң параметрлерiн бақылау (сағасы
мен құбырарты кеңiстiгiндегi қысымды өлшеу, сұйықтық
пен газ бойынша ұңғыма дебитiн, өнiмнiң сулануын,
газдың қысымы мен үлестiк шығынын, сорғының қысымы мен
өнiмдiлiгiн өлшеу, саға сынамаларын алу);
ұңғыма мен ұңғыма жабдығының күйiн бақылау, қат
сипатының динамикасын анықтау, игеру процесiн бақылау
және реттеу мақсатымен кәсiпшiлiк-гидродинамикалық
зерттеу жүргiзу;
ұңғымаларды пайдалану кезiндегi қиындықтармен
күрес және олардың алдын алу;
қаттың ұңғыма маңы мен ұңғыманың түпкi маңына
әсер ету жұмыстарын жасау.
217. Ұңғымалар жұмысының технологиялық режимi мен
объект процесiн бақылауды жүзеге асыру үшiн ұңғымалар
сағалық және құбырарты қысымын бақылайтын
манометрлермен, сағалық сынама алу және саға
температурасын өлшеу қондырғыларымен, ұңғымаға түсуге
арналған арматуралық алаңдар мен лубрикаторлармен
жабдықталуы тиiс (манометр, термометр, дебитомер,
сынама алғыш және т.б.), сонымен қатар:
газлифтiлiк пайдалану әдiсiнде саға арматураларын
қосымша манометрлермен, шығын өлшегiштермен және газдың
қысымы мен шығымын реттейтiн басқа құралдармен
қамтамасыз етедi;
сағадағы штангалы тереңдiк сорғы қондырғылары
ұңғымаларды динамометрлеу, сұйықтық деңгейiн эколотпен
өлшеу, газ сынамасын алу үшiн орнатылады;
ұңғымаларды электр ортадан тепкiш сорғылармен
пайдалану кезiнде сағаға олардың жұмысын бақылап,
өзгертуге болатын басқару станциясы орнатылады, ал
ұңғыма жабдығы сорғыдағы қысым мен температураны
өлшейтiн арнайы телемеханикалық құрылғы орнатылады;
ұңғымаларды гидропiспектi сорғылармен пайдалану
кезiнде сағаға жүктеме агрегатының жүрiс санын
бақылайтын, сұйықтық қысымы мен тазалық деңгейiн
бақылайтын аспаптар орнатылады;
айдамалау ұңғымаларын ұңғымалық және үстiңгi
аспаптармен пайдалануда олардың қабылдағыштығы, айдау
қысымы және қаттардың сулануы үнемi бақыланады;
218. Ұңғымаларды өзара қатынасы мен айдалатын
агенттiң қат бойынша қозғалысын гидротыңдау,
геофизикалық әдiс, суға индикаторлар қосу және өндiру
ұңғыма өнiмiнде олардың пайда болуын бақылау әдiсiмен
тексерiледi.
219. Ұңғымалардағы зерттеу жұмыстарының
мерзiмдiлiгi мен көлемi бекiтiлген мiндеттi кәсiпшiлiк-
геофизикалық зерттеу кешенiне сәйкес, игерудiң жобалық
құжаттарының талаптарын ескере отырып, жер қойнауын
пайдаланушымен бекiтiледi.
220. Өндiру ұңғымаларының технологиялық режимi
бұзылған жағдайда жоспарланған ұңғыма жұмысының iс
жүзiндегi параметрлерiнiң түрлi сатыларында ауытқуларды
тудыратын себептердi анықтау мен жою бойынша шұғыл
шаралар қолданылады (ұңғымадағы құм тығындары, ұңғыма
түбiне газ не судың құйылуы, парафин, тұз, гидрат,
коррозияның түзiлуi).
221. Құм көп шығарылатын ұңғымаларда түп маңын
бекiту бойынша iс-шаралар жүргiзiледi. Бекiту әдiстерi
(сүзгi орнату, цементтеу, шайырмен өңдеу) нақты
жағдайға қарай таңдап алынады.
222. Ұңғымалардың түбiнде газ немесе судың тесiп
шығуы себептерiне қарай технологиялық режимдi өзгерту
немесе тиiстi оқшаулау жұмыстары арқылы жөнделедi.
223. Басқа қиындықтармен (тұздардың, парафиннiң
түзiлуi, құбыр мен қондырғылардың эрозиялық және
коррозиялық тозуы) күресу әдiстерi мен құралдары
олардың тиiмдiлiгiне қарай таңдап алынады.
224. Айдау ұңғымаларын пайдалануда қиындықтардың
сипаты мен ауырлығы (ұңғыма сыйдырымдылығының
төмендеуi, сыйдырымдылық дiңiнiң әртектiлiгi, кигiзбе
колонналардың герметикасының бұзылуы) айдау
ұңғымаларының жұмыс режимiмен де, оның құрылымының
айдаланатын агенттiң параметрлерi мен сипаттамаларымен
де анықталады.
225. Қатқа газ айдау кезiнде айдау ұңғымаларының
құрылымы газ ұңғымаларының талаптарына сәйкес келуi
тиiс.
226. Қатқа түрлi жылужеткiзгiштердi (ыстық су,
бу) құйғанда, құбыр-цемент қоршауы жүйесiндегi
термикалық қысымды азайту, әсiресе, ұңғыманың қалыпсыз
жұмыс режимiнде төмендету шаралары қарастырылуы қажет.
227. Ұңғымалардың өнiмдiлiгiн және сыйымдылығын
арттыру, қатқа байланысты гидродинамикалық байланысын
жақсарту, олардың игерiлуiн және пайдалануға берiлуiн
тездету мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар
ұңғыманың оқпантүп төңiрегiндегi аймағы мен қаттың
ұңғыма маңы бөлiгiне әсер ету әдiстерi жоспарланып,
орындалады (қышқылмен өңдеу, қаттың гидровликалық
жарылуы, гидродинамикалық әсер).
228. Нақты әсер ету әдiсiн таңдауды жер қойнауын
пайдаланушы қаттың түпкi аймағы жағдайын, кен мен
сұйықтық құрамын зерттеу, сонымен қатар, мердiгерлiк
немесе жөндеу қызметi ұйымдарының ұңғыма мен объектiлер
бойынша әртүрлi әдiстердi жинақтау және зерттеу арқылы
жүзеге асырылады.
229. Ұңғыманы ағымдағы (жерасты) жөндеу кезiнде
мынадай жұмыстар жүргiзiледi:
ұңғыма құрылғысының тозуына байланысты оны толық
немесе жартылай алмастыру (штангiнiң үзiлуi, сорғы
плунжерiнiң сыналуы, өткiзгiш сым-электр қозғалтқыш
жүйесiнде оқшаулау кедергiсiнiң нөлге дейiн төмендеуi,
сорғы берудiң үзiлуi және т.б.);
ұңғыма қабырғаларын және оқпантүбiн әртүрлi
қалдықтардан (құмнан, парафиннен, тұздан, коррозия
өнiмдерiнен) тазалау.
230. Ұңғыманы толық жөндеу кезiнде мыналар
орындалуы тиiс:
түзету-оқшаулау жұмыстары (қаттың кейбiр суланған
интервалдарының ауытқуы, цемент сақинасының
герметикалық еместiгiн және кигiзу ұстынын жөндеу,
қаттың түп аймағындағы нашар цементтелген тау
жыныстарын бекiту);
басқа қатқа өту және қаттарды ортақтандыру
жұмыстары жүргiзiледi;
ұңғымаларды санаттан санатқа қызметi бойынша
өткiзу;
ұңғыманы iске қосу немесе жөндеу жұмыстары
кезiнде апат жағдайларын болдырмау (сорғы сығымдау
құбырларын, электр орталық құрылғыларды, тереңдiк
штангалық сорғыларды шығару, ұңғы бойын тазалау және
т.б.);
кесiп тастау пакерлерiмен, екi қатты қосарлап-
бөлек iске қосу, ұңғыманың екiншi жиегiн шығару
жабдықтарымен қамтамасыз етiлген ұңғымаларды жөндеу;
қосымша тескiлеу жасау және торпедалау;
консервация немесе ұңғыманы жою.
231. Мұнай өндiрудi әртараптандыру мақсатында
техникалық жағынан жарамды ұңғымаларда қаттың су
айрылуын, қаттарды радиальдық ашуды, ағынды
болдырмайтын технологияларды, акустикалық оңалтуды,
термобарий-химиялық әсердi, электр әсерiн, қаттарға
толқынды бароциклдық әсердi, химиялық өңдеудi
қолдануды, сондай-ақ қаттың өткiзгiштiгi жоғары
учаскесi арқылы өндiрушi ұңғымалардың түптiк аймағына
айдамалаушы ұңғымалардың әрекетi аймағынан судың
бұзылуына жол бермеуге бағытталған, қаттардағы жөндеу-
оқшаулау жұмыстарын қоса алғанда ұңғымалардың түптiк
аймағына және қаттың ұңғымалық бөлiгiне әсер ету
бойынша жұмыстар жүргiзiлуi мүмкiн.
Ұңғыма түбi аймағына және қаттың ұңғыма маңы
бөлiгiне әсер ету жұмыстары ұңғыманың күрделi
және/немесе ағымдық (жерасты) жөнделуiне жатпайды.
232. Ұңғы сағасы және бойы құрылғылары, жұмыс
сұйықтықтарының тығыздығы мұнай-газ шығуын ескертуi
қажет.
233. Ұңғыманы жөндеу жұмыстарын бекiтiлген жоспар
бойынша мұнай-газ өндiру өнеркәсiбiндегi өрт
қауiпсiздiгi ережелерiне, жер қойнауын және қоршаған
ортаны қорғау талаптарына, сонымен қатар қолданып
жатқан құрылғыларды iске қосу ережелерi мен
нұсқауларына және технологиялық үрдiстердi келтiруге
сәйкес жүргiзу қажет.
234. Жүргiзiлген жөндеу жұмыстары және оның
мазмұны, ұңғыманы және оның құрылғыларын аралық жөндеу
кезеңi және жүргiзiлген жұмыстардың техникалық-
экономикалық әсерi туралы ақпарат жер қойнауын
пайдаланушыда пайдалану объектiсiнiң барлық игеру
мерзiмi бойында сақталуы қажет.
235. Пайдалану объектiлерiн игерудi бақылауға алу
қабылданған игеру жүйесiн бағалау, оны одан әрi
жетiлдiру бойынша ақпараттар алу мақсатында жүзеге
асырылады.
236. Кәсiпшiлiк зерттеулердiң мiндеттi кешенiне
кiретiндер:
тұтас объектi бойынша қатты және ұңғыма түбi
қысымдарын және көп қабатты қат объектiлерiн тереңдiк
манометрiмен және басқа әдiстермен өлшеу;
жер бетiндегi ұңғыманың мұнай, газ, сұйық
өнiмдерiн жеке немесе қозғалмалы өлшеуiш
қондырғылармен, оған кiретiн траппен және сыйымдылығын
өлшеуiшпен немесе жинау пунктiнде, автоматикалық топтық
қондырғы "Спутник" көмегiмен және тағы басқалармен
өлшеу;
жеке қаттардың ұңғыма өнiмдерiн көп қабатты
объектiлерде үздiксiз өлшеудi тереңдiк аспаптарымен
(өнiмөлшеуiштерiмен) орындау;
пайдалану объектiлерiндегi газдың кәсiпшiлiк
факторларын өлшеу;
ұңғыма өнiмiнiң сулануын, сұйықтықтың сынамасын
анықтау;
шығарып тастау бағыттарынан алынған айдамалау
ұңғымаларының ұңғыма сағасы манометрлерiмен және
жұмысшы агенттi айдау көлемiн ұңғымаларда санаушы
аспаппен немесе шоғырлық сорап станцияларындағы шығыс
есептегiштермен өлшеулер, сонымен қатар көп қабатты
объектiлердiң жеке қаттарының қабылдағыштығын тереңдiк
шығыс есептегiштерiмен немесе басқа тәсiлдермен
(термограммамен, радиоактивтiк изотоп айдаумен және
т.б.) өлшеулер;
өндiргiш және айдамалау ұңғымаларды қалыпты және
қалыпсыз режимдердегi гидродинамикалық зерттеулер;
ұңғыманың техникалық жағдайын мұнай, газ, суға
қанғыштығын анықтаулар және ұңғыманың техникалық күйiн
кәсiпшiл-геофизикалық зерттеулер;
ұңғыма өнiмiнiң тереңдегi және жер бетiндегi
сынамаларын алу және зертханалық зерттеулер;
айдалған судың қалқыма бөлшектерi мен тұз
құрамының өлшеулерi.
237. Аталған жүйелiк өлшеулерден басқа,
объектiнiң және айдалатын жұмысшы агентiнiң
температуралық режимiн бақылау, таңбаланған заттарды
айдаумен қаттардың жұмысын бағалау, қаттардағы
парафиннiң түсу мүмкiншiлiгiн зерделеу сульфат-
редукцияны бақылау, гидроттықтау және т.б. арнайы
зерттеулерi алға қойылып және жекеленген жоспарлармен
жүзеге асырылады.
238. Пайдалану объектiлерiнiң кен көзiн игеру
жөнiндегi бақылау зерттеулерi мұнай-газ өндiрушi
ұйымдарының күшiмен немесе олардың тапсырмасымен
мамандандырылған ұйымдардың айлық жоспары бойынша
орындалады.
239. Пайдалану объектiлерiнiң кен көзiн игеру
жөнiндегi бақылаудың алғашқы мәлiметтерi жер қойнауын
пайдаланушыларда кен орнын барлық пайдалану мерзiмiнде
сақталады.
240. Өлшеу кешенiнiң ерекшелiктерi және олардың
кезеңдiлiгi мiндеттi түрде пайдалану объектiлерiнiң кен
көзiн игеру, жобалау құжаттарында олардың геология-
физикалық және кен көзiн игерудiң ұсынылған жүйесi
ескерiле отырып негiзделедi.
241. Кәсiпшiлiктiк зерттеулердiң көлемi мен
кезеңдiлiгi кен көзiн игерудiң әр сатысында, әр
пайдалану объектiсi бойынша дербес бекiтiледi.
242. Пайдалану объектiлерiнiң кен көзiн игерудегi
бақылау жөнiндегi зерттеулер кешенi жүйелi және
бiржолғы өлшемдер жасауды көздейдi.
243. Жүйелi зерттеулердiң әрбiр түрiн жүргiзудiң
мынадай мерзiмдiлiгiн ұстану ұсынылады:
1) қаттық қысымды өлшеулер:
игерудiң негiзгi кезеңiнде (I-II-III игеру
сатыларында) – тоқсанында бiр рет;
игерудiң IV аяқталу сатысында – жарты жылда бiр
рет орындалады.
Iстеп тұрған, өндiрушi және айдау ұңғымаларының
түп қысымын өлшеу әр тоқсан сайын бiр реттен сиретiлмей
бақыланады.
2) Ұңғымалардың дебитiн өлшеулер мынадай
мерзiмдiлiкпен орындалады:
аз дебиттiлер (тәулiгiне 5 т. дейiн) - 15 күнде
бiр рет;
орта және көп дебиттiлер - 7 күнде бiр рет.
Айдау ұңғымаларының қабылдағыштығын өлшеу ай
сайын жүргiзiлуге тиiс.
3) Ұңғымалардың сулануын өлшеу мерзiмдiлiгi,
олардың сулану жағдайына байланысты жүзеге асырылады:
сусыз ұңғымаларда - ай сайын;
суланып жатқан ұңғымаларда - ай сайын.
244. Газ факторын өлшеу қаттық қысым қанығу
қысымынан асқанда жылына бiр рет орындалады. Қат қысымы
қанығу қысымынан төмендегенде өлшеулер тоқсан сайын
немесе ай сайын орындалады.
245. Айтылған өлшеулер кешенi әрбiр жаңа ұңғыма
бойынша бiрден, сондай-ақ қандай да бiр технологиялық
немесе техникалық iс-шаралар жүзеге асырылғанға дейiн
және одан кейiн орындалады (ұңғы түбiн өңдеу, сумен
жару, оқшаулау жұмыстары және басқалар), ал одан кейiн
– жоғарыда көрсетiлген мерзiмдiлiкпен.
246. Гидродинамикалық зерттеулер қысымды
(деңгейдi) қалпына келтiру әдiстерiмен және қалыптасқан
алулармен әрбiр ұңғыма бойынша оны пайдалануға алған
соң және одан кейiн қажет жағдайларда орындалады.
247. Айдалатын судағы қалқымалы бөлшектердi және
мұнай өнiмдерi және басқа қосындылар мөлшерiн өлшеулер
күн сайын орындалуға тиiс.
248. Жекелеген (бiржолғы) өлшеу бiр мерзiмде
орындалатын зерттеулердiң толық кешенiн немесе оның
қажет бөлiгiн көздейдi және әрбiр жаңа бұрғыланған
ұңғымада, сондай-ақ қандай да бiр технологиялық немесе
техникалық iс-шараларды (ұңғы түбi аумағын өңдеу,
күрделi жөндеу, жабдықты ауыстыру және т.б.) жүзеге
асырылғанға дейiн және одан кейiн орындалады.
249. Бiр жолғыларға мұнайгаз суға қаныққан
қаттарды бағалау үшiн ұңғымаларда жүргiзiлетiн
кәсiпшiлiктiк-геофизикалық зерттеулер жатады, олар
қажет болған жағдайларда орындалады және де олардың
көлемi әсiресе ұңғымалар суланғанда көбейе беруi тиiс.
Осыған ұңғымалар мен қаттардың өзара қатынасын,
шоғырлар қималарын фотоколориметрлiк зерделеу жөнiндегi
гидродинамикалық зерттеулер де жатады және т.б.
250. Игерудi бақылау, сондай-ақ осы мақсаттарда
қолданылатын бақылаулық және пьезометриялық ұңғымаларда
жүзеге асырылады, олардың саны мен орналастырылуы
өнеркәсiптiк игеру жобасында белгiленедi.
2.2.2. Газ және газ конденсатты кен орындарын жобалау
және өнеркәсiптiк игеру
251. Тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк жобалар кен орнына
толық немесе жекелеген кен шоғырларына, немесе олардың
учаскелерiне (блоктарын) жасалуы мүмкiн.
252. Тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игерудiң жобасы осы
пайдалану кезеңiне кәсiпшiлiктi жайластыру жобасын құру
үшiн негiз болып табылады.
253. Осы жоба мына бөлiмдерден тұрады:
1) I бөлiм – Геологиялық-өнеркәсiптiк мәлiметтер:
геологиялық зерттеу туралы қысқаша мәлiметтер;
стратиграфия, тектоника және өнiмдi
горизонттардың сипаттамасы (тиiмдi қалыңдық,
кеуектiлiк, өтiмдiлiк, литология және басқалар) туралы
қысқаша мәлiметтер;
барлау ұңғымаларын сынамалау және зерттеу
нәтижелерi;
газдың және конденсаттың құрамы бойынша
мәлiметтерi;
газдың және конденсаттың қоры туралы мәлiметтер
(С1 және С2 дәрежесiнде);
ұңғымалардың мүмкiн жұмыс дебитiн есептеулер;
кен орындарын барлауға дейiн ұсыныстар.
2) II бөлiм – Тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игерудi
жүргiзудiң негiзгi көрсеткiштерi:
игеру жүйесiн таңдау;
ұңғымалардың технологиялық жұмыс режимiн таңдау;
тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру мерзiмiнде
игерудiң әртүрлi нұсқаларын есептеу, игерiмдiк
ұңғымалардың санын және орналасу орнын анықтау;
келiсiмшарт жасалған мерзiмiн қамтитын өте ұзақ
кезеңге болжамдық есептер;
игерiмдiк ұңғымалардың құрылымы бойынша
ұсыныстар;
өнiмдi горизонттарды аршу мен газ өндiрудi
қарқындату бойынша ұсыныстар;
жайғастыруды жобалайтын ұйыммен келiсiлген
кәсiпшiлiктi жайғастыру бойынша негiзгi ережелерi;
газ тасымалдау мен оның мүмкiн тұтынушылары
бойынша ұсыныстар.
3) III бөлiм – Техника-экономикалық есептеулер:
жайғастыру;
кен орнына тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игерудiң
шығындары;
салықтар және басқа да төлемдер;
тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игерудiң шығыстары мен
кiрiстерiнiң есептеулерi.
4) IV бөлiм – Газ және газ конденсатты кен
шоғырының толық игерiлуiне бақылау.
5) V бөлiм – Газ және газ конденсатты кен
орындарын әзiрлеу кезiнде жер қойнауы мен қоршаған
табиғи ортаны қорғау.
6) VI бөлiм – Сызбалық қосымшалар:
шолу карталары;
тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеруге енгiзiлетiн
өнiмдi горизонттардың игеруге жобалаған және
бұрғыланған барлау ұңғымалары көрсетiлген құрылымдық
карталар;
геологиялық-геофизикалық қималар және профильдер.
254. Егер кен орындарында, қорларын анықтау
сенiмдiлiгi төмен дәрежедегi және жалпы қордың көп
мөлшерi (70 пайыздан жоғары) С2 дәрежесiнде анықталған
кен шоғырлары болса, экономикалық пайдалылық болса,
онда негiзгi объектiлердi игеру жобаларымен қатар
тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру жобалары жасалуы мүмкiн.
255. Газ және газ конденсатты кен орындарын
өнеркәсiптiк игеру жобасында газды, конденсатты және
қосалқы компоненттердi барынша алуға және пайдалануға
байланысты негiзгi технологиялық және техника-
экономикалық мәселелердiң кешендiк шешiмi берiлуi тиiс.
256. Өнеркәсiптiк игеруге, геологиялық барлау
жұмыстарының барлау-игерiмдiк сатысында шешiлетiн
мiндеттерi анықталған газдың, негiзгi және қосалқы
компоненттердiң қоры анықталған және белгiленген
тәртiппен бекiтiлген, қажет жағдайларда тәжiрибелiк-
өнеркәсiптiк игеру жүргiзiлген кен орындары жатады.
Игеруге қосуға жоспарланған шоғырда өнеркәсiптiк
маңызы бар мұнайлы жиек болған жағдайда, олардың өзара
байланысы, газ және мұнай бөлiктерiн кезектеп немесе
бiрге игеру туралы мәселелер шешiлуi тиiс.
257. Газ және газконденсатты кен орындарын
өнеркәсiптiк игеруге қосуға рұқсат етiледi, егер:
1) өнеркәсiптiк игерудi жобалауға қажет
геологиялық-техникалық мәлiметтер болғанда:
белгiленген тәртiпте бекiтiлген газ, сондай-ақ
пайдалы және қосалқы компоненттердiң қоры туралы;
кен шоғырының (кен шоғырларының) геометриясын,
оның өнiмдiлiгiн және қысымның ықтимал өзгеру
динамикасын бiржақты анықтауға мүмкiндiк беретiн барлау
жұмыстарының, егер соңғысы жүргiзiлсе сынамалы игерудiң
нәтижелерi туралы.
2) ұңғымаларды игеруден бастап игеру процесiнде
алынған газды, конденсатты және қосалқы компоненттердi
толық пайдалану қамтамасыз етiлгенде; Достарыңызбен бөлісу: |