Пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата12.03.2017
өлшемі480,09 Kb.
#9038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

белгiленген тәртiппен берiлген тау-кен бөлiгi актiсiнiң 

болуы кезiнде әзiрленедi. 

      Кенорнын игеруге жобалау құжаттарында: 

      жерүстi және жерасты құрылыстарының орналасуы; 

пайдалы қазбалар кенорнын аршу тәсiлдерi мен игеру 

жүйесi; негiзгi балансты және солармен бiрге астасатын 

пайдалы қазбалар қорларын жер қойнауынан ең толық, 

кешендi алуды, ұтымды және тиiмдi пайдалануды 

қамтамасыз ететiн өнеркәсiптiк процестердi 

механикаландыру және автоматтандыру құралдарын қолдану; 

      келiсiмшарттық аумақ шектерiнде кенорны қорларын 

толық игергенге дейiнгi мерзiмде пайдалы қазбалардың 

өндiру көлемдерiмен және сапалық көрсеткiштерiмен тау-

кен жұмыстарының күнтiзбелiк кестесi; 

      шығын және құнарсыздану нормативтерiнiң 

негiздемесi; 

      уақытша белсендi емес қорлары, олардың түзiлу 

себептерi және олардың белгiленген жою мерзiмдерi 

туралы мәлiметтер; 

      пайдалы қазбалар қорларының аршылған, дайындалған 

және алуға дайын нормативтерiнiң негiздемесi; 

      жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алудың ұтымды 

деңгейiн қамтамасыз ететiн алыну бiрлiктерiнiң қолайлы 

өлшемдерiнiң негiздемесi; 

      жер қойнауындағы немесе кейiннен оларды 

өндiрiстiк игеру үшiн баланстан шектелген қорларын 

сақтау; 

      құрылыс материалдарын өндiру үшiн құрылыс 

материалдары немесе шикiзат ретiнде тау-кен 

қазылымдарын толтыру үшiн өндiрiстiң қатты қалдықтарын 

пайдалану мүмкiндiгi; 

      сапасыз өңдеу өнiмдерiн және өндiрiс қалдықтарын 

оларды кейiннен пайдалану мақсатында бөлек қатпарлануы; 


      үйiндi өнiмдерiмен аз шығындарын қамтамасыз 

ететiн негiзгi пайдалы компоненттердi оңтайлы алу; 

      ең жоғары тiк алынуын қамтамасыз ететiн 

концентраттардағы пайдалы компоненттерiнiң оңтайлы 

құрамын анықтау; 

      iлеспе компоненттерiн бөлек өнiм түрлерiне бөлу; 

      минералдық шикiзатты, оның өңдеу технологиясын 

басқару және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында жүйелi 

сынамалау; 

      жер қойнауын, техногендiк минералдық түзiлiмдердi 

геологиялық зерттеу (егжей-тегжейлi және өндiрiстiк 

барлау) геологиялық және маркшейдерлiк жұмыспен 

қамтамасыз ету; 

      сорғытқы суларды, аршу және жанас жыныстарды 

ұтымды пайдалану; 

      өндiрiстiк қалдықтарды зиянсыз ету немесе көму

      жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстардың 

зиян келтiруiнен, өндiрiстiк персоналдың және 

тұрғындардың, ғимараттардың және құрылыстардың, 

қоршаған орта объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз 

ететiн шаралар; 

      жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың 

салдарын жою және бұзылған жерлердiң қайта өңдеу 

жөнiндегi шаралар; 

      пайдалы қазбалар шығындарын алдын алу жөнiндегi 

iс-шаралар; 

      өндiрiлген және өңделген минералдық шикiзат 

көлемi мен сапасының сенiмдi есебi бойынша техникалық 

құралдар және iс-шаралар, сондай-ақ олардың шығындары 

мен өндiрiстiк қалдықтары қарастырылады. 

      Қабылданатын техникалық шешiмдер тиiстi кесте 

құжаттарымен сүйемелденедi. 

      Жер қойнауын пайдаланушыға лицензияның немесе 

келiсiмшарттың талаптарымен ұсынылған пайдалы қазбалар 

қорларын жер қойнауында қалдыруға тыйым салынады. 

      417. Олардың өнеркәсiптiк маңызының жойылуына 

немесе толық жоғалуына әкелетiн кенорындарының, кендi 

денелердiң және шоғырлардың ең мол жерлерiн және жеңiл 

жететiн учаскелерiн iрiктеп игеруiне әкелетiн аршу және 

игеру жүйесiнiң нұсқаларына жол берiлмейдi. 

      418. Егер пайдалы қазбалардың баланстық 

қорларының, негiзгiсiмен бiрге астасатын игеруi жобада 

көзделмесе, құзыреттi органның келiсiмi бойынша пайдалы 

қазбалармен бiрге астасатын өндiру және оларды 

келешекте пайдалану үшiн арнайы үйiндiлерге қатпарлау 


тәртiбi мен жағдайын қарастыратын негiзгi жобаға 

толықтыру әзiрленедi. 

      419. Екi және одан көп жер қойнауын 

пайдаланушының пайдалы қазбалардың iрi кенорындарын 

игеруге, негiзгi және бiрге астасатын пайдалы қазбалар 

қорларын жер қойнауынан ең толық алуын, сондай-ақ бiрге 

өндiрiлетiн және уақытша пайдаланбайтын пайдалы 

қазбалардың есебi және сақтау бойынша шараларды 

қамтамасыз ететiн кенорнын шахталық (ашық қазба) 

алаңдарына тиiмдi бөлудi, шахталық (ашық қазба) 

алаңдарын құру және iске қосу кезектiлiгiн қарастыратын 

кенорнын игерудiң кешендi жобасы әзiрленiп жатыр. 

      420. Тәжiрибелiк-өндiрiстiк игеру жобасы 

мыналарды қамтуы тиiс: 

      осы учаскеде пайдалы қазбалардың кенорны бойынша 

орташасы негiзгiсiнен жоғары болмайтын құрамымен жұмыс 

жүргiзу үшiн беру учаскесiн таңдауды; 

      тау-кен геологиялық жағдайлары мен минералдық 

шикiзат сапасы туралы қосымша деректердi әзiрлеу және 

алу процестерiн бақылау бойынша зерттеулер кешенi; 

      сынамаланатын технологияның тиiмдiлiгiн бағалау 

үшiн қажеттi тәжiрибелiк-өндiрiстiк игеру ұзақтығын; 

      тәжiрибелiк-өндiрiстiк игеру технологиясын; 

      технологиялық жабдықтарға, машиналар мен 

механизмдерге қажеттiгiн; 

      тәжiрибелiк-өндiрiстiк игеру кезiнде пайдалы 

қазбаларды өндiру көлемiн; 

      тәжiрибелiк-өндiрiстiк өндiрудiң болжанатын 

технологиялық және экономикалық тиiмдiлiгi. 

      Тәжiрибелiк-өндiрiстiк өндiру көлемi мен 

мерзiмдерi жер қойнауының алдын ала мемлекеттiк 

сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленедi. 

      421. Жобалау құжаттарының негiзiнде әр алу 

бiрлiгiне, олардың игеруiне жергiлiктi жоба әзiрленуде. 

Алу бiрлiгiн игерудiң жергiлiктi жобасы жер қойнауын 

зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның 

аумақтық бөлiмшiлерiмен келiсiледi. 

      422. Алу бiрлiгiнiң локальдық жобасында техника-

экономикалық есептер мыналарға негiзделедi: 

      алу бiрлiгiнiң оңтайлы өлшемдерi, пайдалы 

қазбалардың шығын және құнарсыздану нормативтерi, алыну 

бiрлiгiнiң шектi игеру мерзiмдерi; 

      қажеттi толықтығын және сенiмдiлiгiн қамтамасыз 

ететiн пайдалы қазбаларды белгiлеу әдiстерi мен өндiру 

есебi. 


      Пайдалы қазба қорларының жағдайын және жылжу 

есебiн, шығындар және құнарсыздану көрсеткiштерiнiң 

нақты орындалуын және тау-кен жұмыстарының жағдайы 

көрiнiс табатын әр алу бiрлiгiне паспорт жүргiзiледi. 

      Өндiру есебi әр алу бiрлiгi бойынша жүргiзiледi. 

      423. Игеру жобалары: 

      кенорнының немесе оның жекелеген учаскелерiнiң 

геологиялық, технологиялық ерекшелiктерiн нақтылау және 

қорларды олардың зерттелу дәрежесi бойынша ең жоғары 

санаттарына аударуды; 

      тапсырмаларды орындау үшiн қажеттi геологиялық, 

гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық жұмыстарды 

жүргiзу және зерттеу әдiсi мен технологиясын; 

      пайдалы қазбалар қорларының болжанатын өсiмiн 

қарастыратын кенорнын толық барлауды қосуы мүмкiн. 

      424. Кенорындарын игеру кезiнде жер қойнауын, 

тау-кен қазылымдарын, ойық және үйiндi еңiстерiн, 

топырақтардың және кентiректердiң жағдайын, олардың 

деформациясын уақытылы анықтау, қызмет көрсету 

өлшемдерi мен мерзiмдерiн белгiлеу, пайдалы қазбалар 

шығындарын азайту мақсатында, сондай-ақ тау-кен 

жұмыстарын жүргiзудiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн 

жүйелi қадағалау жүргiзiледi. 

      425. Өндiру жұмыстары геологиялық және 

маркшейдерлiк қызметтермен сүйемелденедi: 

      толық көлемде және сапалық деңгейде белгiленген 

геологиялық және маркшейдерлiк құжаттарды жүргiзедi; 

      тазарту жұмыстарын жүргiзу кезiнде пайдалы 

қазбаларды толық және сапалы алу көрсеткiштерiнiң 

есебiн және шынайылығын бағалауды жүргiзедi; 

      пайдалы қазбаларды ұтымды және кешендi 

пайдалануды, тау-кен жұмыстарын тиiмдi және қауiпсiз 

жүргiзудi, тау-кен игеру әсерiнен ғимараттарды және 

құрылыстарды қорғауды қамтамасыз ету үшiн маркшейдерлiк 

жұмыстарды жүргiзедi; 

      жерүстiнiң, тау жыныстары массивiнiң қозғалуы 

және ашық қазба жағалауларының тұрақтылығына бақылау 

жүргiзедi; 

      қорлардың жағдайын және қозғалуының, шығындар мен 

құнарсыздануының, сондай-ақ бiрге өндiрiлетiн пайдалы 

қазбалардың және пайдалы компоненттерi бар өндiрiстiк 

қалдықтардың есебiн қамтамасыз етедi; 

      кен қазылымдарын түсiру және өлшеу, қазу 

қуаттарының, жарылған кен салмағының көлемi мен санының 

есебiн қамтамасыз етедi; 


      әр алу бiрлiгi бойынша өндiру және шығын есебi 

кiтабын жүргiзедi, бастапқы мәлiметтердi анықтау 

бойынша геологиялық-маркшейдерлiк жұмыстардың барлық 

түрлерiн үйлестiредi және бағалайды; 

      келiсiмшарт аумағы шектерiнде пайдалы қазбалардың 

астасатын алаңдарында, өз еркiмен құрылыс салуына жол 

берiлмейдi. 

      Өндiру кезiндегi жер қойнауынан пайдалы 

қазбаларды алу көрсеткiштерi есебiнiң уақытылылығы мен 

шынайылығына жауапкершiлiк жер қойнауын пайдаланушыға 

жүктеледi. 

      426. Бекiтiлген қорлармен және игеру кезiнде 

алынған нақты мәлiметтердiң айырмашылығы болған 

жағдайда барлау мен өндiру салыстыру материалдары жер 

қойнауының мемлекеттiк сараптамасына ұсынылады. 

      427. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы 

қазбалардың, әр жылдың бiрiншi қаңтарындағы жағдайы 

бойынша қорлардың алғашқы және жиынтық есебi негiзiнде 

қорлардың жылсайынғы есептiк балансы жасалады. Оған, 

қорлардың, олардың өсу нәтижесiнде өзгеруiн, сондай-ақ 

өнеркәсiптiк маңызын жоғалтуы ретiнде немесе кейiнгi 

геологиялық барлау жұмыстарында және кенорнын игеруде 

расталмаған шығынға жазуды негiздейтiн материалдары 

қоса берiледi. 

      428. Негiзгi және олармен бiрге астасатын пайдалы 

қазба қорларының және оның iшiндегi құрамдастарын 

зерттеу дәрежесi бойынша жоғары санаттарына өсуi және 

ауыстыруы, олардың нақты геологиялық материалдары 

бойынша есептелгенi негiзiнде жүргiзiледi және 

белгiленген заңнамалық тәртiппен бекiтiледi. 

      429. Барлық техногендiк минералдық түзiлiмдер, 

қалдықтар және өңдеу өнiмдерi (қалдық және 

шламқоймалары, таусылған кен, таужынысы, қойыртпақ 

үйiндiлерi және тағы басқалары), белгiленген заңнамалық 

тәртiпке сәйкес паспорттауға және есепке алуға жатады. 

      430. Өңдеуге белгiленген минералдық шикiзаттардың 

ұтымды және кешендi пайдалануына қойылған талаптар: 

      өңдеуге жоспарланған минералдық шикiзат жүйелi 

сынамаланады. Әр технологиялық сынамаға, алыну жөнiнде 

акт жасалады және паспорт толтырылады; 

      өңдеу кәсiпорнына түсетiн әр минералдық шикiзат 

партиясы технологиялық түрлерi, сорттары және ондағы 

негiзгi және iлеспе компоненттерiнiң құрамы бойынша 

бөлумен шикiзаттың саны мен сапасын көрсетумен 

сертификаты (паспорты) болуы тиiс; 


      өңдеу кәсiпорынына минералдық шикiзаттарды 

жеткiзудiң тәртiбi және ырғақтылығы, алдын ала 

теңелетiнiн немесе араластыруын жүргiзу үшiн қажеттi 

қор құру көздейдi; 

      өңдеу кәсiпорынына түсетiн бастапқы шикiзат 

көлемiн анықтау өлшеумен жүзеге асырылады. 

      431. Көп құрамды минералдық шикiзатты оны 

пайдалануды кешендi қамтамасыз етпестен өңдеуге тыйым 

салынады, егер ол жобада көзделмесе. 

      432. Егер қолданылатын технология өңдеудiң басқа 

тәсiлдерiн қолдану кезiнде мүмкiн болатын алу деңгейiн 

қамтамасыз етпесе, пайдалы компоненттердiң (пайдалы 

компоненттердiң) жоғары құрамымен минералдық 

шикiзаттарды, концентраттарды, жартылай өнiмдердi 

өңдеуге тыйым салынады. 

      433. Минералдық шикiзатты өңдеу кәсiпорыны 

түсетiн шикiзаттың есебiн, барлық өңдеу өнiмдерi мен 

қалдықтары бойынша шығындарды және компоненттерiн 

үйлестiруге бақылау жүргiзедi. 

      Деректердiң сенiмдiлiгi технологиялық және 

тауарлық баланстарды құру арқылы тексерiледi. 

3.3. Қатты пайдалы қазбаларды игеру кезiнде авторлық 

қадағалау

 

      434. Авторлық қадағалауды жылсайын қабылданған 



жобалық шешiмдердi iске асыру үшiн өндiруге жобалау 

құжатын жасаған жобалық ұйым жүргiзедi. 

      435. Авторлық қадағалау кезiнде игерудi 

мониторингтеуде алынған ағымдағы ақпарат пайдаланылады, 

ал қадағалау нәтижелерi жылсайын есеп түрiнде 

баяндалады. 

      436. Авторлық қадағалау бойынша жылсайынғы есепте 

мына ережелер көрiнiс табады: 

      технологиялық параметрлерiнiң нақты қол жеткен 

мәндерiнiң сәйкестiгi (немесе сәйкес еместiгi) 

көрсетiледi; 

      нақты және жобалық көрсеткiштерiнiң арасындағы 

айырмашылықтар және (немесе) жобалық шешiмдерiнiң 

орындалмау себептерi ашылады; 

      жобалық шешiмдерге қол жеткiзуге және әзiрлеу 

жүйесiн игеруде анықталған кемшiлiктердi жоюға 

бағытталған ұсынымдар берiледi; 

      жекелеген жобалық шешiмдердiң және 

көрсеткiштердiң өзгеруi туралы өнеркәсiптiк ұйымдардың 


ұсыныстары (егер ондай бар болса) бойынша қорытындылар 

берiледi. 

4. Жерасты суларын барлау және өндiру кезiнде жер 

қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану 

4.1 Жерасты суларын барлау

 

      437. Геологиялық барлау және пайдалану жұмыстарын 



жүргiзетiн жер қойнауын пайдаланушылар: 

      толық кешендi зерттеу және қайтымсыз су шығынының 

және ұңғыманы пайдалануда сапалық қасиеттерiнiң 

жетiспеушiлiгiн алдын-алуға қол жеткiзетiн жерасты су 

кен орындарын барлау және өндiру; 

      су тасымалдаушы қаттардың ластану мүмкiндiгiн 

жою; 

      егер бұл жобада қарастырылмаса, түрлi қаттар 



суларының ығысу және бiр қаттан келесiсiне (өте төменгi 

арынмен) ағу мүмкiндiгiн жою; 

      жерасты суларын бақылаусыз реттелмей шығуына жол 

бермеу, ал апаттық жағдайларда су шығынын жою бойынша 

жедел iс-шаралар қабылдау; 

      пайдалы компоненттерi бар жерасты суларын кешендi 

пайдалану; 

      барлау және пайдалану жұмыстары процесiнде 

жарамсыз болып қалған жер учаскелерiнде қайта құру 

жұмыс кешендерiн жүргiзу; 

      438. Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен 

қамтамасыз ету үшiн қолданылатын немесе қолданылуы 

мүмкiн жерасты су объектiлерiнiң су жиналатын 

аудандарында қалдықтарды, қоқыстарды, зираттарды, мал 

қорымдарын және басқа да жерасты суларына әсер ететiн 

объектiлердi көмуге рұқсат етiлмейдi. 

      439. Жердi жерасты су объектiлерiнiң күйiне әсер 

ететiн немесе әсер етуi мүмкiн ағынды сулармен 

суландыруға тыйым салынады. 

      440. Бұрғылау, оның iшiнде өздiгiнен құйылатын 

және барлау ұңғымалары, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз 

немесе тоқтатылған ұңғымалар реттеушi құралдарымен 

жабдықтауға, белгiленген тәртiпте консервациялау немесе 

жоюға жатады. 

      441. Өзге пайдалы қазбаларды барлау және өндiруге 

арналған жер қойнауларын пайдалану кезiнде, табиғатты 

пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен 

бекiтiлген тәртiпте жерасты сулары объектiлерiн қорғау 

бойынша шараларды қабылдауы және бұл туралы қоршаған 

ортаны қорғау жөнiндегi су қорын пайдалану және қорғау 



жөнiндегi, жер қойнауын зерттеу және пайдалану 

жөнiндегi құзыреттi мемлекеттiк органдарға және 

санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк 

органына хабарлауы қажет. 

      442. Аршылған жерасты су тасымалдаушы қаттар 

олардың ластануын болдырмайтын сенiмдi оқшаулаумен 

қамтамасыз етiледi. 

      443. Ұңғымалар ауыз-су және тұрмыстық сумен 

қамтамасыз ету не болмаса емдiк мақсаттар үшiн жарамды 

немесе қолданылатын сутасымалдаушы қатты ластаушы көзi 

болуы мүмкiн жағдайларда, өндiрiстiк, емдiк, минералдық 

және термалдық ағынды сулардан арылу үшiн жұту 

ұңғымаларын бұрғылауға рұқсат етiлмейдi. 

      444. Қажеттi жерүстi су көздерi жоқ және ауыз-су 

сапасына сай жеткiлiктi жерасты су қорлары бар 

аудандарда бұл суларды бекiтiлген заңнамалық тәртiпте 

ауыз-су және тұрмыстық сумен қамтамасыз етумен 

байланысты емес мақсаттар үшiн уақытша пайдалануға 

рұқсат етiледi. 

      445. Жер қойнауын пайдаланушы бұрғылау кезiнде: 

      барлық су тұтқыш қаттар мен өткiзгiш қаттарды 

оқшаулауды; 

      барлық құбырлардың саңылаусыздығын және олардың 

сенiмдi цементтелуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 

      446. Ұңғымаларды бұрғылау процесiнде керн, 

электрлiк каротаж және термокаротаж мәлiметтерi бойынша 

анықталған су тұтқыш сипатты барлық қаттар олардан 

өндiрiстiк су ағынын алу мүмкiндiгiн анықтау мақсатында 

нақты зерттелуi қажет. 

      447. Сынау кезiнде жерасты суларының пайдалы өнiм 

беретiн қаттарын аршыған барлау ұңғымалары кен орнын 

өңдеуге қосу сәтiне дейiн толық техникалық тәртiпте 

сақталуы тиiс. 

      Егер жақын жылдар аралығында ұңғымаларды 

пайдалану ұйғарылмаған жағдайда оны консервациялайды. 

      448. Бұрғылау ұңғымаларын толық немесе бөлшектеп 

жою не болмаса консервациялау кезiнде соңғылары 

қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қауiпсiз 

күйге келтiрiледi. 

      449. Техникалық себептерден бұрғылау аяқталмаған, 

бiрақ қимасында су тұтқыш қаттары бар ұңғымаларда 

саңылаусыздыққа тексерумен бiрге цементтi құю жолымен 

қаттарды оқшаулау қажет. Цементтеудiң 

қанағаттандырарлықсыз жағдайында ұңғымада оның 

техникалық жағдайына байланысты оқшаулау-жөндеу немесе 


оқшаулау-жою жұмыстары жүргiзiлуi қажет. 

      450. Ұңғымада "төменнен жоғары" әдiсi бойынша 

бiрнеше өнiмдi қаттарды кезектi сынау кезiнде әрбiр 

объект бөлек сыналуы қажет. Сынаудан кейiн қат оның 

саңылаусыздыққа мiндеттi тексерiлуiмен цементтi көпiр 

орнату арқылы оқшауланады. 

4.2. Жерасты суларын өндiру

 

      451. Өндiруге арналған жобалық құжат сәйкесiнше 



және жерасты суы кен орындарын өңдеу негiзiнде жүзеге 

асырылатын негiзгi құжат болып табылады. 

      Жоба суды пайдалану объектiсiнiң құрылысы және 

пайдалану үшiн барлық қажеттi мағлұматтарды, сонымен 

қатар алып тасталатын сулардың сапалық көрсеткiштерi 

(химиялық, бактериологиялық, радиологиялық), 

санитарлық-қорғау және басқа белдеулер мен аймақтардың 

өлшемдерi және олардың құрамын айқындау шарттарды, 

учаскенiң жалпы геологиялық-гидрогеологиялық жағдайы, 

жерасты суларының шоғырлану тереңдiктерi, жерүстi және 

жерасты суларының гидравликалық байланыстары, 

аэрациялық белдеудiң литологиялық-фациалдық құрамы 

туралы, сондай-ақ жерасты суларының бекiтiлген қорлары 

мен құралу шарттары туралы мәлiметтер, жер қойнауы және 

жерасты сулары күйiнiң мониторингi. 

      452. Жерасты суларының кен орындарын өңдеу жобасы 

(орталықтандырылған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық 

сумен қамтамасыз ету су қақпаларының құрылысы 

және/немесе пайдалану): 

      жерасты сулары кен орнының қысқаша геологиялық-

гидрогеологиялық сипаттамасын; 

      пайдалану және бақылау ұңғымаларын орналастыру 

орындарын белгiлеудi; 

      пайдалану және бақылау ұңғымаларының 

құрастырылымына және аталған ұңғымалар оқпанымен 

қиылысатын су тұтқыш қаттарды оқшаулау бойынша 

жұмыстарға талаптарды; 

      ұңғыма сүзгiлерiнiң құрастырылымын сипаттау және 

ұңғымалар сүзгiлiк болған жағдайда оларды орнату 

интервалын белгiлеуi; 

      пайдалану және бақылау ұңғымаларының саға 

жабдықтарына қойылатын талаптарды; 

      пайдалану және бақылау ұңғымаларды бұрғылау 

технологиясына және бұрғылау жұмыстарын жүргiзу кезiнде 

бақылауларға қойылатын талаптарды; 

      сынақ жұмыстарын жүргiзуге қойылатын талаптарды; 



      су қақпасын санитарлық қорғау аймақ белдеулерiн 

ұйымдастыру және құрастыруға және су қақпасын 

санитарлық қорғау аймағында қорғау режимiнiң сақталуын 

бақылауды жүзеге асыру талаптарын; 

      су қақпасын санитарлық қорғау аймағының 

шекарасында жерасты суларының режимiне бақылау 

ұйымдастыру және жүргiзуге, әрбiр пайдалану ұңғымасына 

алынған су есебiн жүргiзуге, ұңғымадағы су 

деңгейлерiне, құрамы мен қасиеттерiне бақылау жүргiзуге 

қойылатын талаптарды қамтуы тиiс. 

      453. Жерасты суларының су қақпалары жобаларында 

жерасты су деңгейлерiн, шығымдарын, температурасын және 

химиялық құрамын бақылау үшiн бақылау ұңғымаларының 

режимдi торы қарастырлады. 

      Ұңғымалар жобаларында бұрғылау тәсiлдерi 

белгiленедi және олардың құрастырылымы анықталады 

(тереңдiгi, құбыр колонналарының диаметрлерi, су 

қабылдау бөлiмiнiң түрi, сукөтергiштер және ұңғымалар 

оголовкалары), сонымен қатар оларды сынау тәртiбi. 

      454. Жерасты суларын пайдалану кезiнде келесi су 

қақпасы жабдықтары қолданылады: су қақпалы ұңғымалар, 

шахталық құдықтар, құрамдастырылған су қақпалары, 

сәулелiк су қақпалары, кенiштер шегенi. 

      455. Су қақпалы жабдықтар, су тасымалдауыштар 

және су дайындау станциялары тәулiгiне максималды суды 

пайдалануда орташа сағаттық шығынға жабдықталады. 

      456. Ұңғыма конструкциясы: 

      су шығымын, деңгейiн өлшеу, су сынамасын алу 

мүмкiндiгiн; 

      ұңғымаларды пайдалану барысында регенерация 

өткiзу кезiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзудi қарастырады. 

      457. Минералды сулар кен орындарын өңдеудiң 

технологиялық схемасы: 

      су қақпалы жабдықтарды пайдаланудың оңтайлы 

режимiн және бекiтiлген пайдалану қорларының шегiнде 

минералды суларды таңдауды қамтамасыз ететiн кен орынды 

өңдеу жүйесiн; 

      пайдалану, резервтiк және бақылау ұңғымаларының 

саны, олардың жұмысының технологиялық режимiн таңдау 

және негiздеу; 

      минералды суларды шегендеу тәсiлi және минералды 

сулар сапасының сақталуын қамтамасыз ететiн су қақпалы 

жабдықтарды, айдау жүйелерiн, тасымалдау, резервтеу 

және минералды суларды алдын-ала өңдеу (тұрақтандыру, 

қайнату, суыту және тағы басқалар тәсiлдер) тәсiлдерiн; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет