Пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата12.03.2017
өлшемі480,09 Kb.
#9038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

      354. Мұнай-газ белгiсi байқалған кезде ұңғыманың 

сағасы саңылаусызданады және одан әрi аварияларды жою 

жоспарына сәйкес жұмыстар жүргiзiледi. 

      355. Ұңғымада күкiртсутегiнiң болуы кезiнде 

бұрғылау ерiтiндiсi күкiртсутегiн бейтараптандырғышпен 

өңделедi. 

      356. Өнiмдi кәдеге жаратуға мүмкiндiк болмаған 

жағдайда жануын үнемi ұстаумен газды ауаға жағусыз 

немесе бейтараптандырып барлау және пайдалану 

ұңғымаларын игеруге және зерттеуге рұқсат етiлмейдi. 

      357. Ұңғыманы игеру және гидродинамикалық зерттеу 

жөнiнде жұмыстың аяқталуы бойынша жұмыс аймағының ауа 

құрамында күкiртсутегiнiң болуы және саға арматурасының 

саңлаусыздығы тексерiледi. 

      358. Мұнай-газ белгiсi байқалған кезде 

ұңғымаларды жөндеу жұмыстары дереу тоқтатылып, ұңғыма 

бейтараптандырғышпен өңделген сұйықпен қайта 

бастырылады. 

      359. Техникалық жағдайларға байланысты бұрғылау 

аяқталмаған ұңғымаларда (авария немесе сапасы төмен 

желi) бұрғыланған қимасында мұнай-газды су қаты 

анықталса, онда сол қаттардың арасында көмiрсутектi 


шикiзат пен сұйықтықтың құйылысын болдырмау мақсатында 

оқшаулау жұмыстары жүргiзiледi. 

      360. Көмiрсутек негiзiндегi бұрғылау 

ерiтiндiлерiн қолдану кезiнде қоршаған ауа ортасының 

(iзбес-битум, инверттi эмульсия және басқалар) 

газданушылығын болдырмау жөнiнде шаралар қабылданады. 

Газданушылығын бақылау үшiн роторда, ерiтiндi дайындау 

блогында және сорғы үй-жайларында ауа ортасына өлшеу 

жүргiзiледi, ал газданушылық байқалған кезде оны жою 

жөнiнде шаралар қабылданады. 

      361. Ашық фонтанды тоқтату жөнiндегi жұмыстарды 

белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдаланушы жер 

қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi 

орган құрған штаб әзiрленген арнайы жоспар бойынша 

жүргiзедi. 

      362. Бұрғылау қондырғысы үй-жайлары бергiштен 

күкiртсутегiне шектi рұқсат етiлген концентрациясына 

жеткенде қосылатын сорма желдеткiштермен жабдықталуы 

тиiс. Бұрғылау қондырғысы үй-жайларын желдеткiш 

жабдықтармен жарақтандыру кестесi өндiрiстiк 

қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық 

органдарымен келiсiледi. 

      363. Ұңғымаларды бұрғылау, игеру (сынау) және 

жабдықтарды бөлшектеу жұмыстары аяқталғаннан кейiн 

жобалау шешiмiне сәйкес жер учаскесiн қалпына келтiру 

(рекультивация) жөнiнде жұмыстар жүргiзiледi. 

      364. Ең шеткi пайдалану ұңғымасынан, сондай-ақ 

көмiрсутегi кен орнының әр объектiсiнен, өлшемi қазiргi 

санитарлық қағида бойынша белгiленетiн санитарлық-

қорғау аймағы анықталады. Күкiртсутегi бар көмiрсутегi 

шикiзаты кен орындары үшiн ықтимал авариялық 

шығарындылар көлемiнен және күкiртсутегiнiң шашырауы 

жағдайларынан шыға отырып, санитарлық-қорғау аймағы 

анықталады. 

      365. Сейсмикалық әрекеттердiң нақты ошағын 

айқындау және зерттеу заңдылығын, оның уақытында 

кеңiстiкте жылжуын, жер сiлкiнiсiнiң механизмiн анықтау 

үшiн, сейсмикалық белсендiлiгiнiң нақты ошақтарын табу 

мақсатында игеру кен орындары ауданының сейсмикалық 

және геодинамикалық режимiн қадағалау жүзеге асырылады. 

      366. Өндiру және айдамалау ұңғымаларын игеру мен 

пайдалану көмiрсутегi шикiзатының ашық атқылауына, 

қатқа айдалынатын судың шығын болуына жол бермеу 

ұңғыманы тиiстi жабдықтау кезiнде жүргiзiледi. 

      367. Ұңғыма түрлерiн пайдалану құбырларының 


саңлаусыздығының бұзылуымен, қатаралық ағындарының 

болуымен, құбыр сыртындағы цемент тастарының 

болмауымен, сағалық ернемектiк қосылыстарын өткiзумен, 

сондай-ақ ақау ұңғымаларды игеруге, сынауға және 

пайдалануға рұқсат етiлмейдi. 

      368. Ақау ұңғымаларды жоюды құбыр сыртындағы 

көтерiлмеген цемент немесе қосалқы ұңғыманың жаңа 

сенiмдi конструкциясын бұрғылаумен кондукторды қосатын 

ұңғымалар қорын оңалту жөнiндегi iс-шаралар орындалады. 

Бұрғыланған ұңғыма қорын оңалту бiрiншi кезекте 

санитарлық-қорғау аймағында орналасқан ақау 

ұңғымаларында жүзеге асырылады. 

      369. Әр жаңа кен орындарында көмiрсутегi 

шикiзатын өндiрудi қарқындандырудың кез келген әдiсiн 

нақты жүзеге асыру ұңғыманың колонна бүтiндiгiн және 

цемент қоршауын қамтамасыз ететiн негiзгi процес 

өлшемдерiн негiздеу мақсатында жүргiзiлген тәжiрибелiк 

зерттеулер болады. 

      370. Көмiрсутегi шикiзатының кен орындарын игеру 

кезiнде химиялық реагенттердi (индикаторларды) 

қолданудың қажеттi жағдайы шоғырдың геологиялық қатарын 

және гидрогеологиялық жағдайын зерделеу болып табылады. 

      371. Қатқа әсер ету үшiн химиялық реагенттердi 

таңдау кезiнде олардың қауiптiлiк сыныбын, судағы 

ерiгiштiгiн, ұшпалығын ескеру қажет. 

      372. Ұңғыманы және негiзгi технологиялық 

операцияны жүргiзуге, ұңғыманы жөндеуге, зерттеуге, 

бұзылған немесе тексерiлмеген бiтеме-реттеушi 

аппаратураларды, механизмдердi, агрегаттарды 

пайдалануға жабдықтарды дайындау кезiнде туындайтын 

химиялық реагенттердiң және мұнайдың ықтимал жылысуы 

мен төгiлуiнiң, негiзгi процестi жүргiзу 

технологиясының бұзылуының, пайдалану құбырлары 

саңлаусыздығының алдын алу қажет. 

      373. Қатқа ингебиторлық тұз шөгiндiлерiн және 

парафин шөгiндiлерiн, беткi-активтi заттарды, 

демульгаторларды айдағанда, олардың жер үстiне тасып 

төгiлуiне жол бермеу үшiн арнайы техника пайдаланылады. 

      374. Ұңғыманы бұрғылағаннан, жерасты және күрделi 

жөндегеннен кейiн игеру сұйықтың төгiлуiн, ашық 

атқылауын болдырмайтын саңлаусыздандыратын құрылғымен 

ұңғыманы жабықтау кезiнде жүргiзiлуi қажет. 

      375. Пайдалану (өндiру) ұңғымасын сумен толтыру 

кезiнде оны бақылаудан басқа, колонна арқылы ұңғымаға 

су ағынының орнын, сулану көзiн және оның астасу 


тереңдiгiн белгiлеу мақсатында арнайы геофизикалық, 

гидрогеологиялық зерттеулер жүргiзу қажет. 

      376. Өндiрушi ұңғымаларды пайдалануды тоқтату 

туралы мәселенi шешу көмiрсутегi шикiзаты кен орындарын 

әзiрлеу және ұйғымаларды пайдалану тиiмдiлiгi шегiн 

белгiлеу бойынша қолданыстағы ережеге сәйкес 

қабылданады. 

      377. Егер кен орнын игеру кезiнде жер 

қойнауындағы көмiрсутегi шикiзатының қайтарымсыз 

жоғалуына әкелуi мүмкiн көмiрсутегi шикiзаты мен судың 

жерасты жылыстау немесе қатаралық ағындарының белгiсi 

байқалса, онда жер қойнауын пайдаланушы қат 

флюидтерiнiң ретсiз қозғалысының себебiн ақау 

байқалғаннан кейiн бiр жыл iшiнде белгiлейдi және 

жояды. 

      378. Газды кешендi дайындау қондырғыларына 



қосылған пайдалану ұңғымалары атмосферада газ 

шығарындысынсыз және жағусыз бақылау сепараторларын 

пайдалану арқылы зерттелуi тиiс. 

      379. Күкiртсутегi әсерi жағдайында пайдаланылатын 

технологиялық, iшкiұңғылық жабдықтарды, пайдаланатын 

және лифтiлiк бағаналарды коррозиядан қорғау үшiн 

коррозиялы-берiк маркалы болат және коррозия 

ингибиторлары қолданылуы, сондай-ақ коррозия 

ингибиторын қолданбай-ақ, тоттанбайтын коррозиялы-берiк 

болат, арнайы жабын және өнiмнiң коррозиялық 

белсендiлiгiн азайтатын технологиялық әдiстер 

пайдаланылуы тиiс. 

      380. Коррозиялық белсендi ортада пайдаланылатын, 

iшкiұңғылық жабдықтар, технологиялық аппараттар, шеген 

құбырлары және басқа да жабдықтар, сульфидтiк шытынауға 

берiк болуы тиiс. 

      381. Қондырғыларда, үй-жайларда және өндiрiстiк 

алаңдарда, жұмыс аумағына күкiртсутегiнiң тарау 

мүмкiндiгi болғанда, ауа кеңiстiгiн автоматты 

стационарлық газдабылберумен, сондай-ақ күкiртсутегiнiң 

жиналу мүмкiндiгi бар жерлерде кезеңдiк 

газдабылберушiлермен немесе газталдауыштармен бақылау 

жүзеге асырылады. 

      382. Қат қысымын қолдау жүйесiнiң сенiмдiлiгiн 

арттыру жөнiнде шаралар қабылданады. Қолданыстағы 

сарқынды сулардың суағызғысы қызмет көрсетудiң және 

барлық суағызғының ингибиторлық қорғаудың жоғарғы 

мерзiмiмен ауыстыру қамтамасыз етiледi және ағынды 

суларды айдау, сондай-ақ өтетiн су құбырын 


электрохимиялық қорғау жүзеге асырылады. 

      383. Мұнаймен бiрге өндiрiлген қат сулары қатты 

өлшенген заттар мен судағы мұнай өнiмдерi құрамының 

нормаларына сәйкес тазартуға жатады, қаттың қысымды 

ұстау жүйесiнде пайдаланылады немесе жұтылу 

горизонттарына көму мақсатында айдалады. 

      Қажет болған жағдайда өнiмдi қаттарға айдалған 

суды мұнай мен судағы күкiртсутегiнiң түзiлуiне 

әкелетiн оның күкiртсутегi бактерияларымен 

зақымданбауының алдын алу мақсатында антисептиктермен 

өңдеу жүзеге асырылады. 

      384. Қат суларын далаға, жоғары су көздерiне 

ағызуға, жерасты суларын ластауға әкелетiн жерасты 

горизонттарға айдауға, сондай-ақ құрамында күкiртсутегi 

бар сұйықтарды бейтараптандырмай ашық су кәрiздерiне 

ағызуға рұқсат етiлмейдi. 

      385. Күкiртсутегiнiң жоғары құрамымен қат сулары 

жабық ыдыстарда өңделуi және ұсталуы тиiс. 

      386. Өндiрiстiк ағындарды жер астына көму оларды 

шаруашылық-ауыз су және бальнеологиялық мақсаттар үшiн 

пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жерасты суы 

жоқ тоғыту ұңғымаларына, сенiмдi оқшауланған жұтылу 

горизонттарына айдамалау арқылы жүзеге асырылады. 

      387. Өндiрiстiк ағындарды жұтылу горизонттарына 

жерасты көму басқадай шешiм болмаған жағдайда ғана 

рұқсат етiледi: 

      шоғырларды суландырмай игеру кезiнде; 

      суландыру жүйесiнiң құрылысына дейiн бастапқы 

өндiру кезiнде өндiрiстiк ағынның едәуiр мөлшерiн алу 

кезiнде; 

      өндiрiстiк ағынның жобада қаралған мөлшерден 

артық болғанда және оларды басқа кен орындарына 

тасымалдау тиiмсiз болғанда; 

      қат суларын гидроминералдық шикiзат ретiнде 

пайдалану кезiнде; 

      мұнайды кешендi дайындау қондырғысында пайда 

болған өндiрiстiк ағындарды тазартудың ақталмаған 

күрделi технологиясы кезiнде. 

      388. Өндiрiстiк ағындарды терең көмудi жүргiзу 

үшiн оның аумағында қалдықтарды жинау және жоюға, 

олардың жер қойнауындағы жағдайы мен орын ауыстыруын 

бақылауға арналған үстiңгi және жерасты құрылыстар 

кешенi орналастырылатын арнайы объект (полигон) 

құрылады. 

      389. Сұйық қалдықтардың шамалы көлемдерi үшiн 


және жағымды геологиялық жағдайлардың болуы кезiнде 

қатты гидравликалық жару ақылы терең көму тәсiлi 

қолданылуы мүмкiн, оның әлсiз өтетiн жыныстары 

сiлемiнде тоғыту процесiнде қалдықтармен толтырылатын 

жасанды сызаттар жүйесi түзiледi. 

      390. Терең көму қауiпсiздiгi: 

      геологиялық орта қасиеттерiмен, жер қойнауындағы 

геохимиялық және физика-химиялық үрдiстердiң сипатымен, 

сондай-ақ оған айдалатын қалдықтардың техногендiк 

әсерiмен; 

      таужыныстарында жасанды ыдыстарға немесе 

коллекторларды өнеркәсiптiк қалдықпен толтыру 

технологиясы; 

      инженерлiк құрылыстардың және бақылау жүйелерiнiң 

жағдайымен анықталады. 

      391. Өндiрiстiң сұйық қалдықтарын көму, сарқынды 

суларды түсiру Қазақстан Республикасының экологиялық 

заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 

      392. Кәсiпшiлiк аумағында мұнай шлам қамбаларын 

орналастыруға рұқсат етiлмейдi, бар шлам 

жинақтағыштардың iшiндегiсi қайта өңдеуге немесе кәдеге 

жаратуға жатады, кейiннен жойылған қамбалардың 

аумағындағы жер қайта қопсытылады. 

      393. Жер қойнауын пайдаланушы жерасты суларының 

жағдайына инженерлiк ұңғымалар желiсi арқылы (кен 

орнының периметрi бойынша), сондай-ақ шлам 

жинақтағыштары орналасқан ауданда бақылауды жүзеге 

асырады. 

3. Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау 

және өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды және кешендi 

пайдалану 

3.1. Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау

 

      394. Жер қойнауы пайдаланушы пайдалы қазбаларға 



барлау жүргiзу кезiнде мыналарды қамтамасыз етуi тиiс: 

      геологиялық барлау жұмыстарын жобалау құжаттарына 

және келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасына қатаң 

сәйкестiкте жүргiзуi; 

      геологиялық барлау жұмыстарының барлық кезеңiнде 

келiсiмшарттың аумағы шектерiнде барлық пайдалы 

компоненттерiн зерттеу кешендiлiгi; 

      геологиялық барлау жұмыстары кезендiлiгiн жүргiзу 

дәйектiлiгi; 

      зерттелетiн жер қойнауын пайдалану объектiсiне 

сәйкес барлау әдiсiн таңдау, барлау желiсiнiң тығыздығы 


және барлаудың таңдалған техникалық құралдарының 

оңтайлайлығы; 

      геофизикалық зерттеу, пайдалы қазбаларды 

сынамалау деректерiнiң дұрыстығы және олардың 

мерзiмдiлiгi (атызды, керндi, шламды); 

      сынама алу тәсiлдерiнiң негiздемесi, алу 

әдiстерi, талдау жұмыстарының сапасы; 

      барлау деректерiнiң, сынамаларды алу және өңдеу, 

талдау жұмыстарының сапасын бақылау нәтижелерiнiң 

сенiмдiлiгi; 

      барлық келiсiмшарт аумағындағы геологиялық 

зерттеудiң толықтығы және минералдану ауқымының 

байқалуы; 

      пайдалы қазбалардың сапасын және технологиялық 

қасиеттерiн негiзгi және iлеспе пайдалы қазбалардың 

және оның компоненттер кешенiн анықтаумен жан-жақты 

зерттеу; 

      геологиялық құжаттаманың орындалу уақытылылығы 

мен сапасы (сынамалау жоспарлары, геологиялық карталары 

және олардың тiлiмдерi, кендi денелердiң, аймақтардың 

геологиялық контурларын енгiзу, тау-кен барлау 

қазылымдарының суреттемесi); 

      келiсiмшарт талаптарына сәйкес келiсiмшарт 

аумағын қайтарудың уақытылығы. 

      395. Сынама алу геологиялық барлау жұмыстарын 

және сынама алуды жүзеге асырушы негiзгi ұйымның тиiстi 

геологиялық құжаттамасымен сүйемелденедi. 

      396. Iшкi және сыртқы геологиялық сынамалау 

бақылауын жүргiзу кемiнде тоқсанына бiр рет жүзеге 

асырылады. 

      397. Iздестiру-бағалау жұмыстары кезiнде 

минералдық-технологиялық және кiшi технологиялық 

сынамаларды алуға рұқсат етiледi. 

      398. Кенорындарында, кендердiң бiрнеше 

өнеркәсiптiк түрлерi болған кезде технологиялық 

сынаманы алу және оларды зерттеу кеннiң әр түрiне жеке 

жүргiзiледi. 

      399. Барлау жұмыстарын жүргiзу минералдық 

шикiзаттың ақталмаған шығындарын және оның сапасын 

төмендетудi жоятын әдiстермен және тәсiлдермен жүзеге 

асырылады. 

      400. Барлау жүргiзу процесiнде өткен барлық 

барлау қазылымдары құжаттанады. Геологиялық құжаттамада 

жер қойнауын сенiмдi зерттеу үшiн қажеттi барлық 

дәлелдер көрсетiледi. 


      401. Бағалау жұмыстары процесiнде белгiленген 

заңнамалық тәртiппен бекiтiлген жобалық құжаттардың 

негiзiнде кенорнын тәжiрибелiк-өндiрiстiк пайдалануды 

жүргiзуге рұқсат етiледi. 

3.2. Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру

 

      402. Өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығына ие 



жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалар қорының 

мемлекеттiк сараптамасын өткiзгеннен кейiн ғана 

өндiрудi бастауға құқылы. Пайдалы қазбалардың барланған 

қорларын игеру пайдалылығы туралы мемлекеттiк 

сараптаманың қорытындысы мемлекеттiк есепке алудың 

негiзi болып табылады. 

      403. Жер қойнауын пайдалану жөнiнде операцияларды 

жүргiзу кезiнде жер қойнауын пайдаланушы: 

      лицензиялық келiсiмшарт талаптары мен бекiтiлген 

жобалау құжаттары шешiмдерiнiң орындалуын; 

      келiсiмшарт аумағы шектерiнде игеруге жататын жер 

қойнауынан барлық пайдалы қазбалардың барынша және 

экономикалық мақсатты алынуын; 

      өндiрiстiк маңызы бар оқшауланған кендi 

денелердi, қаттар мен шоғырларды игеру мүмкiндiгiн; 

      кенорыны қорын оларды өңдеу қиындығына әкелетiн 

қауiптi техногендiк процестердiң бiлiнуiнен, өндiрiстiк 

бағасының төмендеуiнен, пайдалы қазбаларды алу 

толықтығы мен сапасының төмендеуiнен қорғауды; 

      кенорнын игеру кезiнде жер қойнауынан алынған 

және қалған негiзгi және бiрге астасқан пайдалы қазба 

қорларының, минералдық шикiзат және өндiрiс 

қалдықтарының анық есебiн; 

      пайдалы қазбаларды өндiрудiң және кен өңдеудiң 

барлық кезеңдерiнде жер қойнауының минералдық 

ресурстарын ұтымды және кешендi пайдалануын; 

      бай учаскелердi iрiктеп игеруге жол берместен 

пайдалы қазбаларды жер қойнауынан алудың толықтығын 

қамтамасыз етудi; 

      пайдалы қазбалар қорларының аршылған, дайындалған 

және алуға дайын нормативтерiнiң сақталуын; 

      өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау және 

орналастыру кезiнде олардың су жинау алаңдарында және 

пайдалы қазбаларға астасқан жерлерiнде жиналуын 

болғызбау мақсатында экологиялық және санитарлық-

эпидемиологиялық талаптарды; 

      пайдалы қазбалар қорларының шамасын және 

құрылымын сенiмдi бағалау үшiн жер қойнауын алдын ала 



геологиялық зерттеудiң толықтығы; 

      кенорынын игеру кезiнде бекiтiлген сапасының 

сақталуын қамтамасыз етедi. 

      404. Болашақта олардың алынуы кезiнде 

қиындықтарды, осы қорлардың толық немесе iшiнара 

жоғалуын туындататын пайдалы қазбалар қорларының 

қалуына жол берiлмейдi. 

      405. Көп компоненттi минералдық шикiзатты оны 

кешендi пайдалануды қамтамасыз етпей-ақ өңдеуге жол 

берiлмейдi. 

      406. Өндiрiлген пайдалы қазбалардың геологиялық 

және маркшейдерлiк көлемi және сапасының деректерiн, 

өңдеу өндiрiсiнiң есептiк деректерi бойынша түзетуiне 

жол берiлмейдi. 

      407. Аршу және дайындау-кесу жұмыстарын 

жүргiзудiң таңдап алынған тәсiлдерi, көлемдерi мен 

мерзiмдерi аршылған, дайындалған және алуға дайын 

қорларының белгiленген нормативтерiн қамтамасыз етуi 

тиiс. 

      408. Аршу және дайындау тау-кен қазылымдарын 



жүргiзу кезiнде пайдалы қазбаларды қоса өндiрумен жер 

қойнауын пайдаланушы: 

      бiрге астасатын түрлi сортты, түрлi сапалы және 

түрлi типтегi пайдалы қазбалардың жеке алуын жүргiзедi; 

      оларды өндiру мен шығындарының есебiн жүргiзедi; 

      өндiрiлген пайдалы қазбалардың тұтынғанға дейiн 

бөлек жиналуын және сақталуын қамтамасыз етедi. 

      409. Кенорнын (шахта алаңын) аршу және игеру 

процесiнде пайдалы қазбалардың балансты және баланстан 

тыс қорларымен оған жанасқан дене учаскiлерiнiң 

(қаттар, кен шоғырлары) бүлiнуiне жол берiлмейдi. 

      410. Пайдалы қазбалардың алуға дайын қорларының 

көлемi мен сапасының, пайдалану шығындарының және 

құнарсыздануының нормативтерi алыну бiрлiктерi бойынша 

белгiленуi тиiс. 

      411. Кенорнын барлық тау-кен дайындау 

қазылымдарын игеруге дайындау кезiнде пайдалы 

қазбалардың сақталуын және алыну толықтығын, сондай-ақ 

тау-кен жұмыстарын жүргiзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз 

етушi ашық қазба жобалау шектемесiне жанасатын 

жерлерiнде жүргiзiледi. 

      412. Кенорнын ашық және жерасты тәсiлiмен 

құрамдастырып игеру кезiнде пайдалы қазбалардың 

негiзделмеген шығындарының алдын алу және тау-кен 

жұмыстарын жүргiзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету 


мақсатында жобалау құжаттарында көзделген арнайы iс-

шаралар әзiрленуде. 

      413. Өндiру жұмыс процесiнде жер қойнауын 

пайдаланушылар: 

      пайдалы қазбалардың алуға дайын қорларының көлемi 

мен сапасының, пайдалану шығындарының және 

құнарсыздануының нормативтерi алыну бiрлiктерi бойынша 

белгiлейдi; 

      тазарту оқпантүптерiнде жүйелi геологиялық 

қадағалау жүргiзедi және тау-кен жұмыстарын жедел 

басқару үшiн уақытылы геологиялық болжауды қамтамасыз 

етедi; 


      өндiру және шығындар нормативтерiнiң есебiн әр 

алыну бiрлiгi бойынша жүргiзедi; 

      пайдалы қазбалардың уақытша белсендi емес 

қорларының құрылуына, қосылатын таужыныстарының 

контактiлерiнде және кiшi қалыңдықты дене учаскiлерiнде 

(шоғырларда, қаттарда) шығындарға жол берiлмейдi; 

      нормативтен жоғары шығындарды және құнарсыздануды 

болдырмау жөнiнде iс-шараларды әзiрлейдi және 

жүргiзедi; 

      жұмыстарды жобалау құжаттарының күнтiзбелiк 

кестесiне сәйкес жүргiзедi; 

      өндiрiстiк барлауды және сынамалауды жүргiзедi; 

      жобада көзделген шоғыр, тау-кен қазылымдарының 

орындарын, сақтандырғыш тұтаспасын, технологиялық 

өтiмдiлiк жүйесiнiң бағыттары мен өлшемдерiнiң 

сақталуына бақылауды жүзеге асырады; 

      сынамалауға геологиялық бақылау жүргiзедi (сыртқы 

және iшкi бақылау), бұл ретте сыртқы бақылауды тоқсан 

сайын сынамалаудың жалпы көлемiнен 5% кем болмауы тиiс 

көлемде жүзеге асырылуы тиiс; 

      тау массивi, геологиялық-тектоникалық бұзылыстар 

және кенорнын игеру кезiнде туындаған басқа да 

құбылыстардың жағдайына үнемi бақылау жүргiзедi. 

      414. Өндiру (тазарту) жұмыстарын жүргiзу кезiнде 

тыйым салынады: 

      пайдалы қазбалар баланстық қорларын негiзделмеген 

шығындарына әкелетiн кенорнының мол немесе жеңiл 

алынатын учаскiлерiн iрiктеп игеруге; 

      пайдалы қазбалар қорларының оларды болашақта алу 

кезiнде қиындық тудыратын осы қорлардың толық немесе 

жартылай жойылу шығындарының қалуына; 

      пайдалы қазба қорларының олардың шығындарына 

әкелетiн кеулеуiне; 


      нормативтен жоғары шығындар мен құнарсыздануына; 

      алыну бiрлiктерiнiң белгiленген мерзiмдерiнiң 

бұзылуына. 

      415. Кенорнын аршу, дайындау және өндiру 

жұмыстары, оның iшiнде тәжiрибелiк-өндiрiстiк өндiру 

жобалау құжаттарына қатаң сәйкестiкте жүргiзiлуi тиiс. 

      Тау-кен геологиялық және тау-кен техникалық 

жағдайларының өзгеруi кезiнде жобалау құжаттарына 

уақытылы және белгiленген тәртiпте тиiстi толықтырулар 

мен өзгерiстер енгiзiледi. 

      416. Кенорнын игеру жобасы кен өндiру ұйымымен, 

пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорларының және 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет