Пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата12.03.2017
өлшемі480,09 Kb.
#9038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

      3) газ және газ конденсатты кен орындарын 

өнеркәсiптiк игеру жобасы және жайластыру жобасы 

белгiленген тәртiпте бекiтiлгенде; 

      4) жайластыру жобасында қарастырылған iс-шаралар 

iске асырылғанда; 

      5) өндiруге арналған келiсiмшарт жасалғанда. 

      258. Газ және газ конденсатты кен орындарын 

өнеркәсiптiк игеру жобасының, егер бұл мерзiмде 

алынатын қордың 90 пайызы өндiрiлетiн болса 

келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн қамтиды. Егер өндiру 

аз шаманы құраса, онда есеп iрiктеудiң 90 пайызына қол 

жеткенге дейiн жүргiзiледi. 

      Осы жоба мына бөлiмдерден тұрады: 

      1) I бөлiм – Алғашқы геологиялық-кәсiптiк 

мәлiметтер: 

      геологиялық зерттеулер туралы қысқаша мәлiметтер; 

      стратиграфия, тектоника және өнiмдi 

горизонттардың сипаттамасы туралы қысқаша мәлiметтер; 

      сынамалы игерудiң нәтижелерi, егер ол 

жүргiзiлмесе, онда барлау ұңғымаларын сынамалау және 

зерттеу нәтижелерi; 

      газдың және конденсаттың құрамы бойынша 

мәлiметтер; 

      газ құрамындағы газ, конденсат және өзге де 

компоненттердiң қоры туралы мәлiметтер; 

      кен шоғырларының гидрогеологиялық сипаттамасы мен 

жұмыстың мүмкiн режимi; 

      игерiмдiк бұрғылау процесiнде кен орнының 

геологиялық қатарын нақтылау мiндеттерi, қажет жағдайда 

осы мiндеттердi барлау ұңғымаларын бұрғылау және 

сейсмикалық түсiру жүргiзу арқылы шешу. 

      2) II бөлiм - Өнеркәсiптiк игерудi жүргiзудiң 

негiзгi көрсеткiштерi мыналарды: 

      кен орнын игеру жүйесiнiң негiздемесi және 

таңдау; 

      газ өндiрудiң, пайдалы және қосалқы 

компоненттерiнiң әр нұсқадағы игерiлуiнiң және 

ұңғымаларды пайдаланудың жылдар бойынша есебi; 

      газ конденсат қайтарымының есебi; 

      ұңғыманың технологиялық жұмыс режимiн таңдау; 

      пайдаланылатын резервтiк, қадағалау, 

пьезометриялық, айдау ұңғымаларының қажеттi санын, 

сондай-ақ бұрғылау мерзiмдерiн анықтау. Есеп әр 


бұрғыланатын объектi және жалпы кен орны бойынша 

жүргiзiледi, көлденең ұңғымаларды бұрғылау жөнiнде 

мәселе қаралады және шешiм қабылданады; 

      пайдалану, резервтiк, қадағалау және 

пьезометриялық ұңғымалардың барлық қорын iске қосу, 

орналасу жүйесiн таңдау және бұрғылаудың дәйектiлiгi; 

      ұңғымалар құрылымы бойынша ұсыныстар; 

      өнiмдi горизонттарды ашу және газ өндiрудi 

қарқындандыру бойынша ұсыныстар; 

      газ және конденсат дебиттерiн, қаттық, түптiк 

және сағалық қысымдардың барлық жоспараланған кезеңдегi 

есебi, сондай-ақ осы жайғастыруды жобалаушы жобалау 

ұйымдарымен келiсiлген қажеттi кәсiптiк ғимараттардың 

iске қосылу мерзiмдерi мен ораналасқан жерi; 

      газ тасымалдау және оның ықтимал тұтынушылары 

бойынша ұсыныстар; 

      газ құрамындағы пайдалы және қосалқы 

компоненттердi кешендi пайдалану бойынша ұсыныстарды 

қамтиды. 

      3) III бөлiм – Техникалық-экономикалық 

есептеулер: 

      газ және газ конденсатты кен орындарын игерудiң 

әр нұсқасы бойынша кен орындарын толық дамыту үшiн 

қажеттi инвестицияларды есептеулер; 

      газ және газ конденсатты кен орындарын игерудiң 

жоспарланған кезеңiне кен орындарын игеру шығындары; 

      салықтар және басқа да төлемдер; 

      газ және газ конденсатты кен орындарын игерудiң 

барлық жоспарланған кезеңiне кiрiс және пайданы 

есептеудi қамтиды. 

      4) IV бөлiм – Газ және газ конденсатты кен 

шоғырының толық игерiлуiне бақылау. 

      5) V бөлiм – Газ және газ конденсатты кен 

орындарын әзiрлеу кезiнде жер қойнауы мен қоршаған 

табиғи ортаны қорғау. 

      6) VI бөлiм – Сызбалық қосымшалар: 

      шолу карталары; 

      барлық бұрғыланған және жобаланатын ұңғымаларды 

енгiзумен барлық өнiмдi горизонттар бойынша құрылымдық 

карталар; 

      геологиялық-геофизикалық қималар және профильдер; 

      нұсқасы бойынша игеру карталары; 

      газ және конденсатты кәсiпшiлiк игерудiң 

принциптiк схемасы; 

      жер үстi құрылыстарының орналасқан орнымен газ 


жинақтаушы желiлерiнiң принциптiк схемасы. 

      259. Газ және газ конденсатты кен орындарын 

өнеркәсiптiк игеру жобасы оны белгiленген тәртiпте 

бекiткеннен кейiн газ және газконденсатты кен орындарын 

әзiрлеудi жүзеге асыру негiзiнде негiзгi құжат болып 

табылады. 

      260. Құрамында күкiртсутек және күкiрт органикасы 

бар газ және газконденсатты кен орындарын өнеркәсiптiк 

игеру жобасын жүзеге асыруды бастағанға дейiн күкiрт 

тазарту немесе осы газдарды экологиялық қауiпсiз 

пайдаланудың барлық мәселелерi шешiледi. Сонымен қатар, 

осы жобаны жүзеге асырудың басталуына дейiн табиғи 

газдың этан, пропан-бутан, қос тотықты көмiртегi, гелий 

және басқа да компоненттерiн пайдаланудың мақсаттылығы 

мен бағыты оларды өнеркәсiптiк қамтыған жағдайда 

белгiленуi тиiс. 

      261. Газ құрамындағы конденсат мөлшерi (5 г/м

3

 



кем) болған жағдайда оны кәсiпте кәдеге жаратудың 

мақсаттылығы мәселесi шешiлуi қажет. 

      262. Құрамында 100 г/м

3

 аса конденсаты бар газ 



конденсатты кен орындарын жобалау кезiнде қаттық 

қысымды ұстаумен игеру әдiстерi қарастырылады. 

      263. Игеру әдiсiн таңдау әр жағдайда 

гидродинамикалық, термодинамикалық және техника-

экономикалық есептер негiзiнде мынадай өлшемдерге 

негiзделуi тиiс: 

      газдың алғашқы баланстық қорының, тұрақты 

конденсаттың және сұйытылған газ шамасына; 

      тұрақты конденсат құрамының кезең және жылдар 

бойынша игеру әдiсiне байланысты өзгеруiне; 

      игеру әдiсiне байланысты игерудiң аяғына қарай 

қаттағы тұрақты конденсаттың жиынтық шығынына; 

      кезең және жылдар бойынша газ және конденсатты 

ықтимал өндiру олардың тауарлық сипаттамасының игеру 

әдiсiне байланысты өзгеруiне. 

      264. Газ және газ конденсатты кен орындарын 

өндiрiлген газ (сайклинг-процесс), су, жанып кеткен газ 

т.б. конденсаттан тазартылған керi айдауды 

пайдаланумен, қысымды ұстаумен, айдамалау агентiнiң 

көлемiн, айдамалау ұңғымаларының саны мен орналасуын, 

оның сыйдырымдылығын, айдалатын агенттердiң мүмкiн 

серпiмдiлiк уақытын және олардың өндiрiлген өнiмдегi 

құрамын, өндiрiлген өнiмнiң тауарлық сапасын қамтамасыз 

етуге қосымша шығындарды, қысымды ұстаудың жалпы 

кезеңiн, қаттық қысымның толық немесе жартылай өтеу 


нұсқаларын есептеу жүргiзiледi. 

      265. Егер газ конденсатты шоғырда өнеркәсiптiк 

маңыздылығы бар мұнай жиегi және қаттың газды бөлiгiнде 

жоғары қаныққан мұнай болса, онда қатқа ықпал 

технологиясымен бiрге мұнай жиегiн өңдеу нұсқасын 

қарастыру қажет, мұндай жағдайда мұнай газ 

бүркемелерiнде газбен бiр жола жүзеге асырылатын 

болады. 


      266. Газ және газ конденсатты кен орындарын 

әзiрлеу процесiнде жаңа ұңғымаларды бұрғылау және осы 

кен орындарын әзiрлеу барысын қадағалау есебiнен 

ақпараттар толығып отырады. Мәселелер туындаған 

жағдайда, бұрын қабылданған игеру жобасы елеулi 

өзгерiстердi талап етсе, белгiленген заңнамалық 

тәртiппен бекiтуге жататын игеру жобасына толықтырулар 

жасалады. 

2.2.2.1. Газ және газ конденсатты кен шоғырын игеру 

мониторингi

 

      267. Мониторинг жүйесiне мыналар кiредi: жүйелiк 



және бақылау өлшемдерi мен қаттық, забойлық және 

сағалық статистикалық қысымдарды, пьезометриялық 

ұңғымаларда сұйықтық деңгейiн, газ – су байланысының 

жағдайын (мұнай жиегiнiң болуы кезiнде газ-мұнай және 

мұнай-су) анықтау, дебиттердiң және газдың, 

конденсаттың, судың (мұнайдың) химиялық құрамының 

өзгеруi. Жоғарыда аталған барлық зерттеулер сондай-ақ 

ұңғымаларды игеру барысында және тоқтаулардан немесе 

консервация кезеңiнен кейiн пайдалануға жiберудiң 

алдында қолданылады. 

      268. Зерттеу нәтижелерiнiң негiзiнде мыналар 

анықталады және кезең-кезеңмен нақтыланады: 

      кен шоғырының жұмыс режимi мен оның 

температуралық режимi; 

      көмiрсутек шикiзатының бастапқы және ағымды 

қорлары; 

      кен шоғыры бойынша қысымның таралуы; 

      кен шоғырының жекелеген учаскелерiнiң өзара 

әрекеттесуi; 

      кен шоғырының түрлi учаскелерiнде су (мұнай) 

қарқындылығы мен қозғалысының сипаттамасы; 

      газ бөлу, олардың дифференциалды дебиттерiн 

бағалаумен интервалдары; 

      өңдеу қорларын қамту; 

      колоннадан тыс ықтимал ағындарды анықтау. 


      269. Статикалық қысымдарды өлшеу ұңғымалардың 

барлық қоры бойынша кезеңдiлiкпен жүргiзiледi. Игерудiң 

бiрiншi кезеңiнде, өндеудiң аяқталу сатысында 

кезеңдiлiгiн бiрте-бiрте бiр жылға дейiн өзгерте 

отырып, тоқсанында кемiнде бiр рет жүргiзiлуi қажет. 

      270. Ұңғымалары көп кен орындарында және қысымды 

қалпына келтiру үшiн ұзақ уақыт қажет болса (бес 

тәуiлiктен көп) өлшеу кезеңдiлiгi өзгертiлуi мүмкiн. 

      271. Бiртектi емес коллекторларды өндеу кезiнде 

кен шоғырының түрлi бөлiктерiндегi қаттық қысым әр 

түрлi төмендейдi, сондықтан едәуiр айырымымен аймақта 

статикалық қысым өлшемдерiн олардың бiрдей тоқтауымен 

ұңғыма топтары бойынша жүргiзу орынды. 

      272. Ұңғымалардың сағасындағы статикалық қысым 

өлшемдерiн қысымды қайта қалпына келтiру қисықтарымен 

сәйкестендiру қажет. Оның кезеңдiлiгi өнiмдi 

горизонттың – қат қысымын қалпына келтiру уақытының 

ерекшелiктерiне байланысты белгiленедi. 

      273. Ұңғымалардағы қат қысымының өлшемдер жиiлiгi 

газ шығарудың қарқынына және сол себептi қат қысымының 

төмендеуiне байланысты өнеркәсiптiк игеру жобасымен 

белгiленедi, қаттық қысым төмендеуiн өлшеудiң екi 

сериясы арасындағы кезең барысында орташа алғанда оны 

үш рет өлшеу қателiгi есебiнен жоғары болатындай 

таңдалады. 

      274. Игерудi қадағалау, сондай-ақ осы мақсатта 

пайдаланылатын бақылау мен пьезометриялық ұңғымаларда 

жүзеге асырылады, олардың саны мен орналасқан жерi 

өнеркәсiптiк игеру жобасында белгiленедi. 

      275. Қадағалау ұңғымаларына өнiмдi горизонтты 

оның газға қаныққан бөлiгi шеңберiнде аршитын ұңғымалар 

жатады. Бұл ұңғымалар ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайды 

және қысымның нақты өлшеу, газ-су (газ-мұнай және 

мұнай-су) байланысының әрекеттерiн қадағалау үшiн 

қызмет етедi. Алдарында тұрған мiндеттердi шешу 

шаралары бойынша қадағалау ұңғымалары пайдалану 

ұңғымаларына алмастырылуы мүмкiн. 

      276. Пьезометриялық ұңғымаларға өнiмдi горизонтты 

оның суға қаныққан бөлiгi шеңберiнде аршитын ұңғымалар 

жатады. Оларда контурдан тыс және астыңғы жиек су 

деңгейiнiң төмендеуiне бақылау жүргiзiледi. 

      277. Қадағалау және пьезометриялық ұңғымалардың 

саны мен орналасқан жерiн белгiлеу кезiнде кен 

орындарында бұрғыланған барлау ұңғымаларын барынша 

пайдалану қажет. Шағын кен орындарында осы мақсатта тек 


осындай ұңғымаларды пайдалану қажет. 

      278. Қадағалау және пьезометриялық ұңғымалар 

бойынша өлшемдердi кем дегенде 1,5-2 айда бiр рет 

өткiзiп отыру қажет. 

      279. Iрi кен орындарында контурдан тыс, қаттың 

кен орнынан алып тасталынған бөлiгiнде қысымның түсу 

қарқынын қадағалау үшiн бiрқатар пьезометриялық 

ұңғымалар бұрғыланады. 

      280. Газды қаты көп кен шоғырлары үшiн, сондай-ақ 

күрделi құрамды кен шоғырлары үшiн тек шоғырлар ауданы 

бойынша ғана емес, оның көлемi бойынша да, яғни өнiмдi 

горизонт бойынша түрлi бөлiктерiнде қысымдардың таралуы 

туралы деректер болуы қажет. 

      281. Әр суланған газ ұңғымасы бойынша сулану 

себептерiн анықтау жөнiнде зерттеу жүргiзу қажет. 

      282. Игеру процесiнде қат суларының кен 

шоғырларына өтуi гидрохимиялық, кәсiптiк-геофизикалық 

және гидродинамикалық мониторинг әдiстерi арқылы жүзеге 

асырылады. 

      283. Жедел бақылаудың гидрохимиялық әдiсi 

пайдалану ұңғымаларының барлық қоры бойынша шығатын 

суда өзiне тән ион құрамының өзгеруiне байланысты 

жүйелiк бақылауды талап етедi. Әртүрлi аудандар мен 

бөлiктерде бақылау жүргiзiлетiн иондар тәжiрибелiк 

жолмен анықталады. Тоқсан сайын су сынамасын алу қажет 

(экспресс-талдау үшiн), ал бастапқы сулану 

көрсеткiштерi бар ұңғымаларда ай сайын (толық талдау 

үшiн) алу қажет. 

      284. Кәсiптiк-геофизикалық бақылау әдiсi 

пайдалану және бақылау ұңғымаларында газ бен су 

түйiсуiнiң жоғарылауын тiркейтiн арнайы радиоактивтiк 

каротаж әдiсi арқылы жүзеге асырылады. Зерттеулер 

жиiлiгi нақты шарттарға байланысты анықталады, бiрақ 

кем дегенде жылына 1-2 рет жүргiзiлуi тиiс. 

      285. Газ өндiру есебi кәдеге жаратылған газдың, 

ұңғымаларды зерттеу және түрлi үрлеу жұмыстары кезiнде 

кеткен газдың, сондай-ақ апаттық фонтандыру кезiнде 

кеткен газдың есебiн көрсетуi қажет. Осы және өзге де 

ықтимал шығындар жер қойнауын пайдаланушылар орындайтын 

қорлар балансында мiндеттi түрде көрсетiлуi тиiс. 

      286. Егер пайдалану басталарға дейiн едәуiр газ 

шығыны болса, онда олардың бағалануы үшiн аудандағы 

барлық ұңғымалардағы қат қысымын өлшеу қажет. Бағалау 

нәтижелерiн қорлар балансына шығындарының себептерiн 

түсiндiре отырып енгiзу қажет. 


      287. Екi жылда бiр рет жұмыс жағдайында конденсат 

құрамын анықтау бойынша әр ұңғыма зерттеледi, оның 

iшiнде температурасы төмен сепарация кезiнде шикi және 

тұрақты конденсат құрамы анықталады. Осы зерттеулер 

негiзiнде графикалық түрде қат қысымы – конденсат 

құрамының байланысы көрiнедi. 

      288. Графикалық түрде тәуелдiлiктi көрсету үшiн 

осындай жиiлiкпен тұрақты конденсаттың негiзгi 

физикалық-химиялық қасиеттерi анықталуы қажет: қат 

қысымы – конденсаттың үлестi және молекулалық салмағы. 

2.2.2.2. Газ конденсатын өндiрудi арттыру үшiн кен 

шоғырлары мен кен орындарының игерiлуiн реттеу 

жөнiндегi шаралар

 

      289. Кен шоғырлары мен кен орындарын жалпы 



игерудi реттеу газ конденсатын өндiрудi арттыру 

жөнiндегi мiндеттi жұмыс жағдайы болып табылады. 

      290. Бiрқабатты кен шоғырларын игеру кезiнде: 

      қаттан жынысты шығарудың алдын алу, газ дебитiн 

кемiту есебiнен депрессияны қысқарту арқылы ұңғымаға су 

конусының енуi; 

      пайдалы өнiм беретiн қат аралықтарының қосымша 

перфорациясы, забойлық ауқымының қышқылды өңделуi, 

қатты гидрокесу және басқалары арқылы ұңғымалардың 

өнiмдiлiгiн арттыру; 

      өңдеу барысында қысым қолданумен, жұмыс агентiнiң 

айдамалау фронтын көшiру, өндiрiстiк және айдамалау 

ұңғымаларының жұмыс iстеу тәртiбiн өзгерту, циклдiк 

толтыру және басқалар арқылы газ немесе газ конденсатын 

шығару деңгейiн арттыру; 

      қосымша пайдалану ұңғымаларын бұрғылау мен 

қадағалау және айдамалау ұңғымаларын, егер олар 

бастапқыда жүктелген мiндеттердi орындаса, пайдалану 

ұңғымасына көшiру арқылы кен шоғырларын қамтуды 

арттыру. 

      291. Көп қабатты объектiлердi әзiрлеген кезде 

қосымша iс-шаралар жүргiзiледi: 

      бiр уақытта жеке пайдаланудың немесе агенттердi 

(сенiмдi жабдықтардың болуы кезiнде) толтырып алу 

арқылы пайдалану объектiсiнде бiрiктiрiлетiн қаттың 

сүзгiлiк сипаттамаларының айырмашылығын есептеу; 

      өндiрушi ұңғымалар бойынша қаттың немесе қатқа 

айдалатын ағындарының су изоляциясы, құймаларды қолдану 

арқылы (цементтi, химиялық реагенттер және басқалар). 

      292. Кен орындарын игеру процесiнде бұрын 



өндiрiлмеген горизонттарға, соның iшiнде бұрғылау 

немесе жалғастырылған барлау жұмыстары процесiнде қайта 

ашылған пайдалану объектiлерiне бiрiктiруге рұқсат 

етiледi. 

      293. Бiрiктiруге рұқсат етiледi: 

      бiрдей геологиялық-кәсiптiк сипаттамалары 

кезiнде, сондай-ақ егер: 

      пайдаланылатын ұңғыма үлкен емес газ дебитiн 

беретiн және жаңа қаттың қосылуы осы ұңғыманың дебитiн 

әлдеқайда арттыра алатын; 

      қосылу негiзгi объектiден өндiрiлетiн маңызды 

компоненттердiң бұзылуына әкеп соқтырмайтын; 

      ұңғымада колоннаның артындағы цемент қосылған 

қаттан жоғары болады және оны сенiмдi жауып тұратын 

кезде жол берiледi. 

      294. Өңдеу процестерiн реттеу жөнiндегi ұсынылған 

iс-шаралар кешенi жабдықтарды қолдану және олардың 

тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асыруға және авторлық 

қадағалау процесiнде нақтылауға мүмкiндiк беретiн 

бақылау әдiстерi арқылы жүргiзiлуi тиiс. 

      295. Өңдеудi реттеу жөнiндегi жоспарланған iс-

шаралар және олардың кейiннен орындалуы өңдеудi 

талдаудың құрамдас бөлiгi болып табылады және өңдеу 

жобасына түзетулер мен толықтырулар енгiзу кезiнде 

ескерiледi. 

      296. Газ және газ конденсатты ұңғымалардың 

пайдалану тәсiлдерi геология-техникалық шарттармен 

белгiленедi, оларға мыналар жатады: 

      қаттық қысым шамасы мен ұңғыманың жұмыс дебитi; 

      газдың физика-химиялық және тауарлық қасиеттерi 

(бу тәрiздес ылғалдың, конденсаттың, күкiрттi сутек 

түрiндегi агрессивтi компоненттердiң, көмiр қышқылының, 

органикалық қышқылдың көлемi және тағы басқа); 

      пайдалы өнiм беретiн горизонттың және жоғарыда 

жатқан тау жыныстарының физикалық қасиетi (аномальдi 

жоғары және аномальдi төмен қат қысымы); 

      ұңғыманың термодинамикалық жұмыс шарты мен 

шарттар; 

      оқпандағы және газ кәсiптiк желiдегi 

гидраттүзушi; 

      бiр ұңғымада пайдаланылған қат саны және пайдалы 

өнiм беретiн горизонттарды ашу шарттары; 

      кәсiптiк өңдеу және тұтынушыларға немесе газ 

өңдеу зауытына газ тасымалдау үшiн үстiндегi қат 

қысымын пайдалану шарттары; 


      газ су немесе газ мұнай байланысына және ықтимал 

бұзылуларға қатысы бойынша ұңғымалардың орналасқан 

жерi. 

      297. Газ және газ конденсатты ұңғымалар үшiн 



орналасқан жерiнiң нақты жағдайларына байланысты 

белгiлi бiр уақыт мерзiмiне мына технологиялық 

режимдердiң бiрi белгiленедi: 

      тұрақты қысым градиентi - өнiмдi коллектордың 

ықтимал бұзылуы жағдайында. Бұл режим тұрақты депрессия 

режимiмен алмастырылуы мүмкiн, алайда әр нақты жағдайда 

мұндай алмастыру мыналарға негiзделуi тиiс; 

      забойлық қат аумағында газ сүзгiсiнiң тұрақты 

жылдамдығы – өнiмдi коллектордың ықтимал бұзылуы 

жағдайында, сондай-ақ саз ерiтiндiсiнен қаттың забойлық 

аумағын тазарту үшiн; 

      тұрақты депрессия – конустар мен суландыру 

тiлдерiнiң түзiлу қаупi жағдайында; 

      негiзгi ұңғымаларға тұрақты қысым түсуi - 

ұңғыманың штуцерсiз жұмыс iстеуi жағдайында немесе 

кәсiпшiлiкте алғашқы табиғи газ өңдеудi бастау алдында 

белгiлi бiр қысымды ұстап тұру үшiн; 

      тұрақты дебит – колоннаның өткiзу қабiлетiн 

қоспағанда қандай да бiр шектеу болмаған жағдайда. 

Тұрақты дебит режимi уақытқа байланысты емес, өйткенi 

дебит шамасы қаттық қысымның төмендеуiне байланысты 

өзгередi. 

      298. Iшiне фонтан құбырларын түсiрусiз пайдалану 

колоннасы бойынша газ ұңғымаларының пайдаланылуына 

рұқсат етiлмейдi. Қат қысымы пайдалану коллонасының 

қысу қысымынан жоғары болмаған жағдайда пайдалы өнiм 

беретiн қаттар үшiн газ құрамында коррозиялық 

компонентердiң болмауы, ұңғымадан конденсациялық және 

қаттық сұйықтықтың толық шығарылуы үшiн құбыр арқылы 

үрлеуге рұқсат етiледi, бiрақ бұл ретте жағдайда 

ұңғыманың оқпанында құм тығындары түзiлмесе. 

      299. Фонтан құбырларының диаметрi мыналарға 

байланысты анықталады: 

      ұңғыманың жұмыс дебитi; 

      оқпанында қысым мен температураның рұқсат етiлген 

айырмасы; 

      фонтан құбырларындағы қажеттi жылдамдық алу; 

      пайдалану колоннасының диаметрi. 

      300. Газ және газ конденсатты ұңғымалардан 

сұйықтық пен механикалық қоспаларды жою үшiн 

көбiктенетiн үстi-белсендi заттар, кiшi диаметрлi 


құбырлар, гидродинамикалық диспергаторларды қолдану 

ұсынылады. 

      301. Фонтан арматурасы газ ұңғымаларын 

пайдаланудың кез келген тәсiлiнде ұңғымаға құрал-

жабдықтарды түсiру, сондай-ақ температура мен ұңғыма 

құйылысында газ қысымын өлшеу мүмкiндiгiмен қамтамасыз 

етiлуi тиiс. 

      302. Жерасты газ қоймалары бос газды кен 

орындарында, су тасушы қаттарда және жерасты тұз 

қоймаларында жасалады. Жерасты газ қоймалары газдың 

буферлiк көлемiн алдын ала жасаумен толтыру режимiнде 

және газ айдау режимiнде газды кен орындары ретiнде 

пайдаланылады. 

2.2.3. Көмiрсутек шикiзаты кен шоғырларын игерудi 

реттеу

 

      303. Қаттық флюидтер сүзгiсiнiң арнайы бағыты мен 



жылдамдығын мақсатты өзгерту, қаттарды құрғату үшiн 

қолайлы жағдайлар жасау реттеудiң негiзi болып 

табылады. 

      Реттеу кен орнын игерудiң барлық кезеңi iшiнде 

жүзеге асырылады. 

      304. Игерудi реттеу және жетiлдiру нәтижесiнде: 

      әзiрлеу объектiсiнен көмiрсутек шикiзатын жылдық 

өндiру динамикасын қарастырылған жобалық құжатпен 

қамтамасыз ету; 

      көмiрсутек шикiзатын шығарудың жобалық 

коэффициенттерiне қол жеткiзу; 

      бұрғыланған ұңғымалар қорын барынша пайдалану, 

агенттi айдауға арналған шығындарды қысқарту, мұнай 

беру үшiн еш кедергiсiз бағыттас суды және басқаларын 

азайту есебiнен экономикалық көрсеткiштердi жақсарту. 

      305. Игерудi реттеу негiздемесi және әдiсiн 

таңдау мен тәсiлдерi алдыға қойылған мақсаттар мен 

мiндеттерге және нақты геология-физикалық шарттарға 

байланысты болады. 

      Игерудi реттеу қабылданған қағидаларды ескере 

отырып, реттеу тәсiлдерiн таңдау, яғни пайдалану 

объектiсiн дренаждау процесiн басқару жөнiндегi iс-

шараларға ғылыми негiзделген бағытты таңдау қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет