Кемпiрбай Бөгембайұлы
(1834-1895)
Кемпірбай Бөгембайұлы (1834—1895) аты алты арыс Арғын еліне түгел
мəлім, суырып салма ақын. Ақындыққа қоса əнші, биші, ойыншы, өнерпаз
болған. Кемпірбай əдебиет тарихында тек бірер айтысы жəне өлерде айтқан
бақылдасу ретіндегі сөздерімен ғана мəлім. Өзге шығармалары бізге əзір
белгісіз.
Кемпірбай Шөжемен 20 жасында Семейден Қарқаралыға барып,
Жаныстың Сатыбайының асы үстінде айтысады. Салған жерден жас қыран
кəрі тарланға шап береді.
Аржағы айыр кезең үлкен бөрлі,
Бабамның аруағы маған қонды.
Шілденің он бесінде сауын айтып,
Жаныстың Сатыбайының асы болды.
Тəуекел дариясына бетім жудым,
Ажалдан қашар болсам неге тудым?
Сол асқа жұрт жиналған барайын деп,
Жаратып жалғыз көктің белін будым.
Əрқашан салушы едім омырауға,
Құдай-ау, бергеніңе сансыз тəуба.
Сыртында қаралы үйдің жетектеткен,
Кез болдым Шөже деген бəле-дауға.
Айтысқа көп түсіп əккі болған Шөже Кемпірбайдың аяқ алысын байқап,
одан жалтара сейлейді. Қаралы үйде отырғандарын сылтау етіп, айтыстан бас
тартады. Бірақ Кемпірбай кеуделеп қоймаған соң айтыс басталып кетеді.
Үйреншікті əдіспен оны сөзден бөгеу қиын еке-нін сезген Шөже басқаша айла-
амал қарастырады. Кемпірбайдын жас-тығын, оның дін мəселесіне əлі жетік
еместігін пайдаланады. Сөйтіп, тіке айтыспай, жұмбақтар, сұраулар беріп, соған
сай жауаптар күтеді. Осындай тəсілмен ғана тəжірибелі Шөже
Кемпірбайды токтатып кетеді.
Кемпірбай кезінде басқа да талай айтыстарға түсіп, көп адам-дарға өлең
арнап айтып жүрген. Солардың ішінде оның Жамшыбай ақынмен айтысын жəне
Қисық батырға шығарған өлеңін айта кетуге болады.
Задында, Кемпірбай ділмəр ақын болған. Оның тілге жүйріктігін өз
өмірі туралы айтқан мына бір өлеңі де аңғартса керек:
Бөгембай əкем аты, мен Кемпірбай,
Өзге ақын мен сөйлесем тұрар былай.
131
Талабым тəңір берген таудан үлкен,
Алмаса өз бақытын қайтып құдай.
Едірей, Арқалықпен малыма жай,
Арда емген құлынынан жабағы, тай.
Ағайын, қайыр берсең өзіме бер,
Кенже ұлы кедейліктің мен Кемпірбай.
Бөгембай əкем аты, Кемпір едім,
Өлеңді кəсіп қылып тентіредім.
Даусымның келмей тұрған мəнісі сол,
Бақырдан ұрлық етін жеңкіредім..
Бұл өлең Кемпірбайдың тек шешендігінің ғана куəсы емес, сонымен
бірге ақын өмірінен мəлімет берер дерек. Біз бұдан ақынның кедей ортадан
шыққандығын байқаймыз. Кемпірбай - өлеңді жасынан кəсіп еткен акын. Бала
күнінен мүқтаждықты көп көріп, ел аралап, етінің тірлігімен күнелткен. Ақын
өмірінін соңғы сəті Семейде өткен, сонда жерленген. Оған ақынның мына
бір сөзі куə:
Атығай, Қарауыл мен өрдегі Үйсін,
Қарөткел таныс едім екі араға
Семейде топырағым болар білем,
Кемпірбай дұға қылсын бишараға.
Қала түрғыны Тобықты Жанкелді үйінде ауырып жатып айтқан
ақынның бір өлеңі мəлім. Төсектен тұра алмай, өмірді терезеден ғана көріп,
мүгедек боп жатқанына назаланады ақын. Өткен өмірін еске алып,
тіршіліктің қадірін адам кеш біледі деп, өкініш те білдіреді.
Жүлде алған жүйрік едім талай жерде,
Кешегі Кемпір едім көзің көрген.
Ақ үйде айқай салған қайран басым,
Қор болды-ау екі көзім терезеден...
Біз жоғарыда Кемпірбай шешен ақын дедік. Бұл пікірге ақынның
көптеген өлеңдері дəлел бола алады. Сондай көркем дүниенің бірі — көңілін
сұрай келген Əсет ақынға айтқан толғауы. Бұл толғау ақын-дық өнер қуатын
дəріптейтін бейнелі, өнегелі, өткір сөздерден тұрады. Ақын өзі туралы:
Боз шапса, боз озбай ма буырылдан,
Мен шапсам, жер тынысы қуырылған.
Жай тастап құлашымды алып жылдам,
Жабының күнде озушы ем тұғырынан...
Келсе де тоқсан ақын торай бермей,
Мен дағы озып жүрдім пиғылымнан...
Тереңдеп Сырдың суы қаптаса да,
Сонда да келмеуші еді жұлығымнан,— деп жырлайды.
132
Ақын көбіне бейнелеп, тұспалдап сөйлеуге шебер. Өмірден қол үз-гелі
жатқан Кемпірбай бойындағы өнерді өзін біржола тастап ұшқалы тұрған
көкала үйрекке ұқсатады:
Ұшса да қанат байлап аспанменен,
Өлімнің кім құтылар құрығынан.
Сұрасаң хал-жайымды, Əсетжаным,
Жатырмын ұшайын деп тұғырымнан.
Əсетжан, осы аурудан өлем білем,
Алланың аманатын берем білем.
Кеудемнен көк ала үйрек «қош» деп ұшты,
Сол шіркін кəрі жолдас өлең білем.
Дəл осы бір жолдардан алқымды, шабысымен жер танабын қуырған
өлең атты өнер-жарысында оза шапқан, ақындық талантты аңғару қиын емес.
Нұрым Жаршағұлұлы
(1825 – 1898)
Нұрым Жаршағұлұлы (1825—1898) XIX ғасыр əдебиетінінiң көрнектi
өкілі, халық поэзиясынын, дəстүрлі сарынын жалғастырушы, бұқара халықтың
мұңын жырлап, ел бірлігі мен ер тілегін көксеген əйгілі ақын. Ақыннын, өз
сөзімен айтсақ, ол:
Он екі ата байұлы
Сахараның мен Нұрымы .
Су тағының құлыны,
Тайпалмас жүйрік жорғасы.
Нұрым қазіргі Манқыстауға қарасты Қарақия деген жерде, Жайық
жайлап, Тайсойған, Бүйрек қыстаған, Адай елінде туып ескен. Əкесі Жаршағұл
шаруа болған. Нұрым жасында ауыл молдасынан оқып,ислам діні бағытында
тəрбие алған.
Қазақ жəне көрші түрікмен елдерін жас шағында аралап, халық
ақындарының дəстүрлі мектебінен өткен. Хиуа сияқты өз кезінің мəде-
ниет орталығында болып, мұсылманша оқыған.
Нұрым жастайынан ел аралап, өлең-жыр айтумен ерте шұғылданған.
Нұрымнын Жаскелең, Əбубəкір молда, Қашаған, Балмырза, Беріш
қызымен,
Тананың төрт ақыны тағы басқа кейбір ақындармен айтыстары мəлім.
Нұрымның Əбубəкір молдамен айтысында молдалардың қулық-сұмдығы
сыналады. Ақын Əбубəкірді қазақтың жебір, арамза молдасы деп
айыптайды.
Мен келдім Мырзалының ордасына
Жолықтым Əбубəкір молдасына.
Бір жүйрік осы арада бар деген соң,
Көңілім токтамады бармасыма.
133
Жолықпай бұл қазағым жүрген шығар,
Кесетін қорғасынды алмасына.
Қазақтың молдалары жейді харам,
Болғанда тəңірі мақшар қисап күні,
Береді не деп жауап алласына…
Ал Жаскелеңмен айтысқанда, Нұрым Адайдың елі мен жерін, Есеттей
ерін дəріптеп, оларды тіліне тиек етеді.
Маңқыстауда пiр Бекет,
Əнекей сонда керемет.
Кетсе кемін толтырған,
Адайдан шықты Ер Есет,
Садуақас сəбидің
Жомарттығы кем емес,
Көлденең қазақ баласы
Көркемдікке тең емес...
Есетім менің ер болды,
Дін үшін емес, күн үшін
Мыңнан саулық қоздаған,
Жүзден інген боздаған...
Нұрым да басқа айтыс ақындары сияқты елін мақтайды. Халқым шетінен
дəулетті, əркімде де «мың саулық қоздаған» деп, өз жұртын жер-көкке көтереді.
Енді Нұрым мен Беріш қызы диалогынан бір мысал келтіре кетелік:
Нұрым:
Айтайын ал дегеннен, ақын апа-ай,
Сөзіммен салған жерден сені жанай.
Ерегес екі талай болған жерде
Салдыртып озып жүрміз біздер талай.
Байрағын бізге берген талай жүйрік,
Дүниеден кім көшпейді болса бұйрық.
Ай, апа, көп ұзамай кідіртермін,
Кезегін енді сөздің сізге бердік.
Қыз:
Сен жігіт, мазамды алдың айқай салып,
Беріш қыз атым менің тұрсаң танып.
Қорықпай қыз тұсына келемін деп,
Сан жүйрік құр сандалған есін танып.
Көрмеген бұрын жүзің құрбы екенсің,
Айт маған аты жөнің танысалық.
Айтыс осындай танысу сөздерден басталып, əрі қарай жалғаса бе-реді.
Бұл айтыстан да Нұрымның сөз тапқыр, ойлы, жүйрік жас екені бірден көрінеді.
Нұрымның табан асты сөз тапқыр шешен ақын болғандығын оның
Жиенбет таналардың төрт бірдей ақынымен тіл қағысып, оларды бірден басқа
ұрғандай, тоқтатып кетуі де куə бола алады. Ел аралап жүрген Нұрымды жол
134
тоспайлап, сөзден бөгемек боп, тап берген төрт ақынның ауыздарына былай
деп құм құйып кетіпті:
Пəлеге тап болдым ғой Таналаған,
Көп қарға бір сұңқарды паналаған.
Ортаңа мен бір келген көкжал бөрі,
Төрт төбет айналамда абалаған.
Бұл сөздер Тана руынан шыққан төрт ақынға оқтай боп тиеді. Олар əрі
қарай айтысуға жасқанып, Нұрымға сый-сияпат көрсетеді.
Ақынның жеке тақырыптарға жазған өлеңдерінің де əлеуметтік мəні
жоғары, ойлы, парасатты. Оның шығармаларында адамгершілік сарын басым.
Кейбір өлеңдерінде діни ұғымдар кездессе де, ол өмiрден түңілмейді, адамның
болашағына сенім білдіріп, оның ынта-жiгерiн ардақтайды. Адамнын,
қоғамдағы мəні, өмірден алар орны туралы пікірлері де көңіл аударарлық.
Нұрым халық ерлігін ардақтап ұзақ толғаулар шығарып айтқан
ақын. Оның «Жаумыт шапқанда» атты ел басына екі талай күн ту-
ғанда ерлік іс көрсеткен батырларды жырлаған толғауы мəлім. Бұл
жырдың ұзын ырғасы 200 жолдан астам. Ақыннын, бұл толғауы былай
басталады:
Ойыл, Қиыл, Жем, Қайнар
Көлденен. жатқан ел жайлар.
Бетегесі белден шық,
Жегендерді желдентіп,
Қонушы еді қарыштап,
Маңғыстаудын ойынан,
Көшіп шыққан көп байлар.
Желпіндіріп ат сайлар
Желбіретіп ту байлар.
Ақын осы жырлауында кезінде елге басшы боп қол ертіп, сөз ұстаған
Төлеп би мен Мыңбай батырларды нағыз халық ұлдары, «миллион байтақ ел
үшін» еңбек еткен адал азаматтар ретінде суреттейді. Оларды жауға қарсы
халықты жұмылдыра, біріктіре білген басшылар; «Тентегін тыйып», түзу
жолды ұстағандар, ар-намысын жібермей халқына қызмет еткендер,- деп
мадақтайды:
Ардақтап ,өскен ел үшін,
Арулап өскен қыз үшін,
Еңіреп туған мұнды үшін...
Аттанған да Төлеп би
Мен садақа деп еді,
Миллион байтақ ел үшін...
Мыңбай батыр бас болып...
Көктен нұрлар құйылып,
Тебеген аяқ, тең жүріс,
Тентектер іштен тыйылып.
Тататұғын тұз-нəсіп,
Əркімге содан бұйырып...
135
Нұрымнын, бұл өлеңі 1908 жылы жарық көрген. Ол ақынның ел іші, ру
арасы тартыстарын сипаттайтын 84 жолды толғау. Елдегі жікшілдікті сынап,
ақын ел арасы наразылығын қоздырушыларға қарсы шығады. Жеке адамдар
арасында болатын кейбір қырқылжың келіспес тік, екі елді жауластыруға дейін
қозатынын көрсетіп, ондай даурық палыққа ақылы бар адамдар бармасқа тиіс,-
деп ақыл айтады. Ақынның «Атанбекке» арнауы осындай.
Айтса дағы айналма,
Көрінгеннің сөзіне.
Əшкере болған ісің бар,
Жиылған жұрттың көзiне,-деп басталатын бұл
толғауда, кезінде ел бастаған Адай Атанбек батырдың бір ісіне ақын наразылық
білдіреді. Елдегі дауды басудың
орнына оны өршіте түскеніне қынжылады.
Айдыннан ұшқан аққудай
Қонушы едік өңменіп,
Дариянын жарқын көліне.
Сізден кетсек қонармыз,
Елсіз де жердің шөліне.
Жауһəрлі болат секілді,
Қарасам тақыр өңіңе,
Ғадалет ісің болса да,
Қарамай айтам көңіліңе...
Ел бастаймын деген адам өзінің жеке басы мүддесінен халық мұңын
жоғары ұстай білуі керек деп, оған халық ынтымағы туралы ұзақ толғайды. Ел
берекесін кетіретін мансапшылдық ниеттен туған жеке егестердің халық тілегіне
жат екенін айтып тоқтатады. Ел-жұрттың тынымын кетіретін егестен аулақ
болуды тілейді. Береке-бірліктің құ-діретін ардақтайды.
Бұл жерде ақын батырды əдейі көтермелей сөйлеп барып, қатты
сынайды. Оның алдында халықтың талабын ұсынып, бұл тілектері орындалмаса,
одан қол үзуге даяр екенін де білдіреді.
Яғни елің тыңдамаса, ер тұл боп, екі ара біржола айрылып кететінi
ескертіледі. Халық бақыты, жоқ-жітік қамы əрбір ер азаматтың алды-на қояр
мақсат деп біледі.
Дəреже қонған басың бар,
Бақытың аз күн артылып.
Жеделдес өскен жақсыны,
Күнде тілер деймісіз,
Біз де келіп сарсылып,
Түсінбеске сөз айтсаң,
Есікті кетер сарт ұрып.
Əзелде бақыт тіленіп,
Хауа халқың жөн алған
Пақырлар келсе төр алған,
Жауабымен сөз алған
136
Бұл тілегім бермесең,
Екінші əрі айналып,
Босағаңды көре алман.
Атаның ұлы болсаң, берекесіздікке жол бермей, ізгілікке ұмтыл,
азғындарды ауыздықта деп ақыл береді жырау Атанбекке.
Нұрым - өмірді болжағыш ойлы акын. Өмір ағымы туралы түйіндері бір
кездегі халық түсініктерін танытқандай. Өткінші дүниеден қапыл қалмай,
маңызды-мəнді істер жасап өтуді насихаттайды.
Неше бір шешен өткен жоқ
Қу домбыра қолға алып,
Шаршы төрде қақсаған.
Неше бір сұлу өткен жоқ,
Ақ бетін, сəнді ажарын,
Ай менен күнге қақтаған.
Неше бір батыр өткен жок,
Қу найзасын саптаған,
Елдің шетін сақтаған.
Бір өлімнің айласын,
Шыбын жанның пайдасын,
Ешкім ойлап таппаған.
Нұрым екі сөзінің бірінде мысалдап сөйлейді. Өмір тəжірибесін
қорытып, нақыл сөздер қалдырған шешен. Оның нақылдары жалпы адамгершіл
идеяда, халықтық мораль тұрғысында кедеді.
Ақын əзірше аздаған толғау, терме, арнау өлендерімен ғана мəлім-боп
отыр. Олардың ішінде жарық көріп, кең тарағандары: «Мен қашанғы жүйрігің»,
«Ұсынсам қолым жетер ме?» «Əлеумет, келдің қаумалап», «Қоштасу», «Той
бастар», «Көңіл айту» сияқты салт өлендер үлгілері жəне «Əтенбекке», «Шенен
ер» арнаулары.
Нұрым өлеңді көп шығарған. Жеке толғау, арнаулардан баска сюжетке
құрылған жыр, дастандары да болған. Кейбір кəриялар осы күнге дейін айтып
жүрген «Жəумыт шапқанда», «Балуанияз батыр», «Тоғыз ауыл», т. б. толғау,
жырлары осыны дəлелдейді. Оның жырларын Гурьев облысы (қазіргі
Мақғыстау облысы) Маңкыстау ауданының ақыны Мұрын Сеңгірбаев (1860—
1954) ұзақ жылдар бойы жырлап келген. Осы Мұрыннан жазылып алынған
қол жазбалардың ішінде Нұрым мен Қашаған өлеңдері көп.
Бұл шығармаларынан ақынның өмір жолын, ақындық сүрлеуін
аңғарғандаймыз. Рас, ақын басқалар секілді кедейлік тауқыметін тарт-қан кісі
емес. Сондықтан оған біреудің сойылын соғып жарамсақтанып
жүру оның қаперіне де келмейді. Біреудің соңынан еруге жоқ. Нұрым
жай үгіт айтып, нақыл сөз термелеп қана қоймайды. Соған коса елге үлгі болар
адам образын танытуға талаптанады. Адамның жақсы қасиеттерін термелеуде
акын ерлікті біріншi орынға қоятын сняқты. Елі үшін еңіреп туған ер
азаматқа деген ақын ықыласы бөлек. Өзінің «Шенен ер»— атты жоқтау
үлгісіндегі толғауында ол азамат ердің тұлғасын сүйсіне жырлайды;
137
Кешегі кеткен Шенен ер,
Қатепті қара нар еді,
Төс табаны түрілген.
Жүйрік еді саңлақты,
Байрақты жерде жугірген
Қара кылды кақ Жарған,
Алысқа кеткен атағы
Қайыспас қара нар еді,
Қозғалмайтын қатебі
Ажарым еді Шенен ер .
Жапырақтай жайқалған.
Жау жағыма пана еді,
Дұшпанның бетін қайтарған.
Нұрым өлеңдері нақылдылығына қоса суретті. Ол адам бейнесін, сүлу
келбетін айқын теңеу, эпитеттер арқылы шебер суреттеп бере алады. Өзінің
бір үзатылғалы жатқан ел сүлуымен қоштасу түрінде айтқан өлеңінде ол:
Қырымның жұрт жиналған қызығындай
Бедерің бес жасыңнан түұ бұзылмай.
Қып-қызыл екі бетің алмадайын,
Базарда пұлы қымбат қырмызыдай.
Бай болсын, мырза болсын бұланңаған,
Жүйрiктiң жерi бар ма сыналмаған,
Сейілдеп серуенге шыға келсең
Қорынып касыңда ешкім тұра алмаған.
Асылдай ақ күмістей айырулы-ай,
Қсиетті бір мінезің абыйұрлы-ай.
Ақ бетің ақк жауқазын айға меңзес,
Бұқардың пұлы қымбат ақ ұнындай...
Ақын өзінің суырып салма өнеріне шебер, тілге ұста шешен
болғандығын мақтан етеді. Өз бойындағы ақындық талантты аруаққа сүйене
біткен қас жүйріктің екпініндей асыл қасиет деп танытады.
Мен қашанғы жүйрігің,
Той ішінде толғаған.
Шынымен шырқасам
Бабам Қадыр қолдаған.
Сөз қалама ұртымнан
Көре алмаған біреулер,
Сөз айтады сыртымнан
Қас жуйріктің белгісі,
Дуды көрсе жұлқынған .
Айтулы жүйрік мен едім,
Салдырмай қамшы ұмтылған.
Асылы, ақын өз бойындағы ақындық талантты байқай да, бағалай да
білген. Басқа да ақындар сияқты ол да кейде менменсіп, қеуделе-генімен,
138
орынды жерде сөз тауып айта алатын заманының даңқты ділмəрі болғаны
сөзсіз.
Мəделi Жүсiпқожаұлы
(1816- 1888)
Мəделі Жүсіпқожаүлы (1816—1888) - XIX ғасырдағы əрі батыр, əрі ақын
атанған азаматтың бірі. Туған жері қазіргі Шымкент облысының Қызылқүм
ауданының «Қожатоғай» елдi мекенi (бұрынғы Ақбұлақ болысы, Бадам деген
жері). Негізгі мекені — Қосжарсуат, Қосқүдық деген жерлер. Ақын осы жерде
1816- жылы өмірге келген. Арғы атасы Жиенқожа да, өзінін туған əкесі де
кезінде елге мəлім дəулетті адамдар. Ата дəулетін пайдаланып, жас шағында
діни медреселерде оқып, көп нəрседен хабардар болған. Мəделі өзінің
қабілеттілігін жастай танытады. Кезінде кең тараған Шығыс əдебиеті
үлгілерін көңіл қоя оқиды. Ертегі, дастан, қиссаларға ден қояды. Он бес
жасынан бастап ойын-сауықтарда өзі де өлең шығарып айта бастайды,
импровизация өнеріне жаттығады. Мəселен, Мəделінің Айым қызбен жұмбақ
айтысы ақынның шалымдылығын аңғартады:
Бауырым деп күймеген,
Бауыры бүтін бар ма екен?
Алыс пенен жақынды,
Жортпай білген бар ма екен?
Ащы менен тұщыны
Татпай білген бар ма екен?
Жақсы менен жаман сөз,
Айтыспай білген бар ма екен?
Қыз бүған қанағаттандырарлықтай жауап береді. Бірақ, осы жұмбақтың
ретіне қарап отырсак, біразы сол ескі кітап сөздерімен тағдырлас шешілетін
нəрселер. Əрине, кітап сөзі дегеніміз білім көзінен қашық болмаса керек.
Ақынның бізге қазір мəлім мұрасы көп емес. Бас-аяғы 1500 жолдай.
Оның көбі жеке өлеңдер мен толғаулар, арнау мен айтыстар: «Батырбек пен
Байзаққа», «Ахмет төреге», «Төре түйесінін сөзі», «Əбділлə қожаға», «Майлыны
мұқатуы» сияқты арнаулары мен «Батыр бір оқ», «Қосжарсуат, аман бол туған
жерім», «Көпестер жорға жегер арбасына», «Тұрмысың аман-есен Орда басы-
ай», «Айналайын əзірет». «Датқа еке, мен осында туып едім», «Қанайға»,
«Шəріпке», «Ас құяды кең адам», «Кетпейді бастан бұлт, күн жайланып», «Тегін
алған күң еді», «Əуелі қылсам баян сөздің басы» т. б. толғаулары маңызды
шығармалар.
Ол өзі өмір суріп отырған кезеңге, үстем қоғам билеген кер заманға
барынша наразы. Онын бойынан əділет атаулыны таппай, тек қана қайғысы мол
қайыршылықты көрген. Адам баласының бірін бай, бірін кедей немесе «жақсы»,
«жаманға» бөліп екеуіне екі түрлі көзқарас қалыптастырып, осылайша, бір туыс
адам баласын алалап, жікке бөліп отырғаны ақын ақылына қонбайды.
Жарлы, бай, жақсы, жаман ала жасап,
139
Адамды бір-біріне теңгермеген.
Еркінше еліктірген қайран заман,—дейтіні де сондықтан. Адамдар арасын
біріктіріп, теңестіріп, ауыз бірлігін күшейтіп, адал өмір сүре білуге үндейді.
«Дүние деген.ғаламат» деп, тіршілікті қадірлей білуге, оны қорлықпен
өткізбей, мəнді де сəнді, мағыналы да зор мақсатпен сүре білуді меңзейді.
Ақын творчествосындағы халықтық дəстур мен тіл шеберлігін оның бір
қыздың тойында айтқан «Той бастарынан» да айкын көреміз. Онда сұлу қыздың
келбетін ақын шебер бейнелейді. Көптеген ұтымды теңеулер тауып қолданады:
Шекеліктің атындай,
Қөрінеді сұлу бедерің.
Жүзің піскен алмадай,
Бұрымын жібек талмадай.
Қасың қиғаш қаламдай,
Тісің меруерт маржандай.
Сиқыңды сұлу жаратқан
Майда шуақ самалдай.
Ақын өлең күрылысына мəн бере жырлаған. Мысалы:
Аман бол кетсем, ерлерім,
Адыра қалған, жерлерім,
Адасып, көнбей ерлерім
Айрылар болды елдерім.
Азды-көпті өмір-жаз,
Уақыт өтпей тұра алмас,—дегендей ақынның бір əріптен басталып
отыратын ұзақ жолды толғаулары, оның өлең құрылысына ерекше көңіл
бөліп, ізденгенін көрсетеді.
Мəделі Жүсіпқожаұлына бiреудi мақтап, жағынып сөйлеу жат. Нағашысы
атақты Шаншар руының белгілі шешені — Қызыл би, əйелі есімі талайды
тітіркендірген қанды балақ Кенесарының карындасы — Қалипа болған. Өз басы
дене күшi тасқан əрі батыр, əрі палуан, «малды десең малды, əлді десең əлді»
нағыз айтулының өзі. Көп жерде оның айтқаны билік, шешкені кесім секілді.
Ол қай кезде де батыл сөйлейді, батымды қимылдайды. Жасқануы аз,
«жақпаймын-ау» деп жағымпазданбайды, басқаны ертерлік ақылы мен ауқымы
бар. Дүниеде болып жатқан коғамдық кұбылыстарды өзінше қабылдап, өзіндік
шешім табуға əрекеттенеді...
Алғашқы кезде қазақ халқының Россияға қосылуына жан-тəнімен қарсы
болса да, кейін байыпқа салып, алдыңғы пікірінен тез қайтады. Халқына қан
төгісудің пайдасыздығын дəлелдеп, тыныштыққа шақырады. Осыны
пайдаланған генерал-губернатор Кауфман бір кездерде Мəделіні болыс қылып
та тағайындайды. Алайда ақын көп кешікпей бұл мансаптан бас тартса керек.
Болыстың жеке бастың кабілеті мен халықтың қалауымен сайланбайтынын,
оған қалталылардың ғана колы жететінін ақын жақсы түсінеді:
Жарымас насыбайға шақшасы жоқ,
Жараспас қызға көпшік боқшасы жоқ,
Тіріліп Наушаруан келсе дағы,
140
Бұл күнде болмас болыс ақшасы жоқ...
Ақын өзі өмір сүрген заман тəртіптеріне наразы «Халықтың қамын
ойлаушылар азайды: Ұлықтың көмейіне, қақалғанша, пара тығу, мұнымен ел
оңбақ емес»... деп, ол ашық айтады.
...Қетпейді бастан бұлт, күн жайланып,
Шешенді сақау қылды, тіл -байланып,
Тұлпардан есек озып бəйгі алып жүр,
Бұл кунде заман кетті теріс айналып...
Жүйріктің жүйріктігі, біліктінің билігі өзі бір оқшау көрініп тұр мас
болар ма? Табиғат берген, халық танып ерекше құрметтеген жандар ғана
билік орынға сайланбас болар ма, парықсыздар билеген ел на-рықсыз болып
қала береді емес пе?—деп, өкініш етеді;
...Дарияның таудан аққан құруы жоқ,
Билігін əділ төре бұруы жоқ...
Тышқанды елбасы, болыс сайлап,
Ел-жұртқа қызметқ қып жүруі жок...
Өрнек бар үлкен биден, өткен жаннан ,
Тұлпар бар — озып журген мыңнан салған.
Көзбенен көкірексіз ойлайсың-ау
Бүгінде ақыл кетті-ау мұсылманнан.
Таудан аққан дариядай сарқылмайтын ақыл-ойлы, тілге шешен сара
жолды, сардары-салмақты азамат басшыны аңсайды оның көңілі. Өзінінен
артық өрісі жоқ, тапқанын ұртына тығып, ініне тасудан өзгені білмейтін көр
тышқан секілді тоғышарларды, көргені аз, білімі тапшы топастарды басшы
сайлағаннан ел қандай жөнді қызмет көрмек? Бұрынғы өткен-кеткендердің
əділеттік тəжірибесін игеріп, ең болмаса үлгісін алса, қазіргі көкірексіз
көзбен ғана ойлап шерменде болудан арылар ма еді...— деп аласұра
армандайды. Екі жүзділік пен ездікті, жарамсақтық пен жалтаң
қылықтыларды жалаң қылыштай жасқандырып отыруға тырысады. Осыдан
оның сын-сықақ өлеңдерінде жеңіл əжуадан гөрі, ащырақ кекету мен мұқату
басым келеді.
Датқа-еке, басың піскен асқабақтай,
Дау келсе, сөйлемейсің жасқалақтай.
Жаппастың жүз ділдасын қарпарыңда,
Көп ұлын соғыстырдың тасқабақтай...
Мұнда бір датқаның, дəлірек айтқанда, Қанайдың сыртқы бейнесі,
қылық-қимылы, қикым-сиқым харакет-əрекеті бəрі ашылған. Бір ақ шумақ
осы өлеңнен кейін біздің санамызда аскабақ басты, шоң желке, шөп тыққан
тұлып сияқты кəмпиген тұлға үялайды. Ол жайшылықта нығыз, сөз бермес
мылжың, құр кеуденің өзі, ел басына қиын дау-дамай туғанда, аузына құм
құйылған жетесіз қиямпұрыс, қисық жалаңқая бейнесі көпке дейін тұрып
алады. Ол пара алып, пайда түсірерге келгенде сеөден маталып, даудан
шаталам.деп ойламайды. Кім де болса маңына жуысқандарды қарпып қап,
жалмап салып отырған қызыл көздiң өзі. Өлеңнін соңғы түсініктерін оқып
141
қарасақ, ол адам, міне, ақынның өз туысының бірі, тіпті, нағашы жұрты ма,
қалай? Не болса да, ақын басына түскен ауыртпалықты пайдаланып, одан пара
алам деп жалақтап отырған алпауыт. Ақын оған ашылған аранына тосқауыл
болар сөздер айтады. Тіпті өз анасы, қара пейіл Қанайдың қарындасын оның
есіне салып та көреді. Бірақ, бұндай ақынны. наз ретіндегі сөздері оның тас
жүрегін жібітер жылу құйып əсер ете алмайды.
Дарияның суы тасып сазы қалды,
Шіркін-ай, көңілдің бір назы калды.
Болмаса атыс-шабыс қадірі жоқ,
Батырдың өзі кетсе, зары қалды.
Өмірдің көбі кетіп,, азы қалды,
Жиғанмен өліп-өшіп дүние-малды,
Көрге кірген күнінде əдірə қалды.
Жүйріктің майда келер құйрық жалы,
Сөйлемөс жалған сөзді ер Мəделі.
Апаңның көзі кетсе мейлі еді,
Опасыз, апан, үйде тірі əлі!
Мəделі сөзіміздің басында атағандай басканың жанжал шатағынан
қашып қорқа соғатын адам емес. Тек, туыстықтан безіп араны ашылған Қанай
датқаның опасыздығына қынжылады. Бұл сияқты опасыздардың, жуандардын
адамгершіліктерінің жоқтығын ақын ерте түсінген. Қолынан келсе, шаруа
еңбегі, халық ақысын иелеріне солардан алып, қайтарып бергісі келеді. Бұл іске
кейде қолдап кіріскен де кезі болыпты. Кейбір байлардың малын барымталап,
елдегі жоқ-жітiкке үлестіріп жүріпті. Қолынан келген осы бір азғана қызметiн
əділет жолындағы күресім деп үғады.
Құдай-ау, өзің оңда бұл ісімді,
Дұшпандар біліп жүрсін күлісімді.
Өзім де əділет үшін қызмет қылдым,
Тер төгіп, қанға бояп қылышымды,— дейді.
Осыдан кейін Қоқандарға арқа сүйеген еп бектері Мəделінің артына
түседі. Оны ұстайды, елін шабады. Еселеп
мал өндіріп алады. Ақын аулы басқа
жаққа қоныс аударуға мəжбүр болады. Мəделінiң өзі де үстіне сауыт киіп, еті
тірі жігіттерді ертіп, туған жерлерiн тастап, ат арқасында күн кешеді. Осындай
басқа түскен ауыртпалықты көрсетер-лік ақыннын елі, жерімен қоштасу
ретінде айтқан өлеңi бар.
Қосжарсуат, аман бол туған жерім,
Кіндік кесіп, кірімді жуған жерім.
Желі тартып, жем беріп бедеу атқа
Дүрілдетіп жылкыны қуған жерім,
Қайыр қош, аман болғын, тораңғы, тал,
Бүлдіргені бүйректей, жидесі бал...
Бұл - ұзақ толғау. Ақынның туған жер, өскен елге деген аяныш сезімі
көңілден айтылған наз боп төгіледі. Үйреніскен қоныстың əрбір бұта-талына
дейін ақынға кымбат; əрбір сай-сала, алқапты кең дала оны қимасындай
142
толғантады, елі үшін, жері үшін ол жаудың қанын ішуге бар. Бірақ тауы
қайтқан ердің каруы қажырсыз. Жауы күшті. Бой тасалағаннан басқа амал
қалған жоқ. Міне, осы себептен бұл тұстағы ақын сөзі мұңды.
Ақын Ахмет төреге айтқан өлеңдерінде өзінің кісі мінін, оның ішінде,
жауыққан адамының мінін бетіне айтатын батыр мінезді адам екендігін айқын
аңғартады.
Болар ең түйе болсаң оқпақ қана,
Тұрар ең түске дейін оттап қана.
Түстен кейін шаңдаққа аунап жатып,
Жатар ең жанбасыңды боқтап кана.
Болар ең түйе болсаң маңқа түйе,
Жүк артқан кірекештер қатпа түйе.
Сайлау жерге келгенде тартынып қап,
Мұрныңды тұрар ен, жыртып қана.
Базарға жылкы болсаң өтпес едің,
Теңгеге анық отыз жетпес едің,
Келі түйген қатынды айналсоқтап,
Бақанмен ұрса дағы кетпес едің...
Ақынның бұл сияқты Ахметтей төрені қатпа түйе мен жемсау жабы атқа
балауы жай емес. Ақын сөзінің ар жағында.үлкен мəн жатыр. Сен мал
болғанда осындай кейіпте болсаң, адам кейпінде де осыдан асып жатқаның
шамалы деген түсінік береді. Мəделі ел татулығын, тыныштығын, өмірдің
тиянақтылығын тілеген ақын. Ол осы тьшыштыққа жетер жолда талай жорық
азабын басынан кешті. Талай таң асырып ат мінді, ел аралап, бірігіп Қоқанға
қарсы күш көрсету əрекетін жасап бақты. Қоқандарға бағынышты болмау
мақсатында күрестер жүргізді. «Халқымды басқа елге тəуелді етпеймін» деп
қолдан келгенді істеп бақты. Бұхара хандығынан медет болар таяныш та
іздеген кезі болды. Бірақ, Бүхар ханы оны өзінің белгілі адамы етіп қошамет
көрсетсе, де ақын оның есепті қошеметін, алдамшылықтарын аңғарып калады.
Сондықтан қоқандықтармен соғысып жатқан бұкаралықтардың бір оңтайлы
кезін тауып, еліне қайтып кетеді.
Араға бес-алты жыл салып оралған ақынға туған жері жылы ұшырап,
əрбір көдесі мен көкпегі, бетегесі мен баялышы, онсыз да қам көңіл ақын
жанын айрыөша толқытады. Солардың бəрі айналып келіп, өткен күннің
суретін көз алдына тосады.
Тұрмысың аман есен, «Орда басы-ай»
Не көрмес тірлікте жастың басы-ай.
Алдыңнан қыз-қатынды шұбатқан соң,
Қоканның кырғын тапты боз баласы-ай.
Тұрмысын, аман-есен, Қотырбұлақ,
Мырзаби зекет алды, жаудай. тонап
Өлтіріп Мырзабидің өтін алып,
Еліміз төмен ауды Арыс құлап...
143
Мəделі өзіндік ерекшеліктері бар, ойын айтып жеткізер қабілеттері мол
ақын. Өзінің бастан кешкен өміріне , көрген-білген, түйгендерінен қорытып,
батыл сөз қозғайды. Ақын стиліне астарлап сөйлеу, термелеп мысқылдау, ақыл-
нақылдар айту тəн:
Бір атты бір атпенен теңгере ме,
Арыстаннан аю өзін кем көре ме?
Өзінің əркім бақпай қотыр тайын,
Біреудің тұлпарына жем бере ме?
Мəделі өзінін. Ақындық
талантын жоғары бағалайды. Ақындық шабытын
шалқыған дарияға балап, сөзінің күшін қорғасынды балқытатындай əсерлі деп
дəріптейді.
Көкірегім дариядай шалқушы еді,
Қызыл тілім кемедей қалқушы еді.
Сөйлесем мың кісінің ортасында,
Тыңдаған қорғасындай балқушы еді.
Мəделі өзі туған өлкені басқыншылардың қандайынан болса да
қорғаудан жанын аямаған. Əсіресе, қокан феодалдарының өктемдік-теріне
тойтарыс беруге бар күш-қуатың жүмсап, олардан өз елін білек-тің күші,
найзаның ұшымен қорғаған. Майлы ақынның айтуынша, Мə-делі көзсіз ер
болған.
Қорғауға шықтың атысып,
Түркістан шаһар қаланы...
Топқа қарсы ат шаптың,
Батырлық бағың жамалды.
Бұхардаң алдың ерлікпен
Батыр басы атағын.
Съез — тартыс жерлерде,
Тайдырмадың табанды...—деп, Майлы Мəделінін. кезінде, орда бұзып,
ханнан кек алу жөнінде талай қиындықты да басынан кешкенін, жау құрған
тұзақты бұзып, елді жеңіске ерлікпен бастаған батыр болғанын мадақтайды.
Орда шауып отқа ұрдың,
Бейнетін көрдін жаулардың,
Аранға талай ұрындың,
Беттескенді қашырып,
Жеңсіз берен киініп
Жауға шаптың құйылып.
Қокандарға наразылығын Мəделі езінің Мырзаби оқиғасына бай-ланысты
іс-əрекеттерінде жəне сол биге арнап айтқан өлеңiнде толық танытады. XIX
ғасырдың орта шенінде Ташкент каласына жақын қон-ған қазақ рулары (көбіне
Қоңыраттар мен Дулаттар) Қоқанның зорлық-зомбылығына қарсы ашық
күреске шығады. Олар Мəделі, Мұсабек, Ырысқұлбек батырлардың
144
қостауымен Қоқанның Мырзаби бастаған хан зекетшілерін қырып салады.
Қазақтар мен қоқандықар арасында үлкен дау басталып кетеді. Зекетшілердің
қиянаты, елге жасаған зəбір-жапасы, адам айтқысыз озбырлықтары халық
намысына тиеді. Қарулы қолмен келіп білгендерін жасап, елдің арын аяққа
басады. Мал-мүлік алымына қанағат тұтпаған зекетшілер елдегі қыз-
келіншектерді де қорлайды. Міне, осы зорлықшылар əрекетіне қарсы тұрар,
қайрат керсетер ерлердің бірі-Мəделі ақын болыпты. Кейін қоқандардың өлген
зекетшілері мен Мырзабидің құнын алмақ боп, бар қазаққа жаулық қыла
бастаған тұста Мəделі ханға өзі барып, зекетшілерді өлтірген тек қана жалғыз
өзі екенін айтып, жазасын өз мойнына алады. Ол үшін жазықсыз көпті бекер
жазғырмауларын
талап
етеді.
Мырзабиді
өлтіру
себебін
де
айтады.Адамшылыққа жатпайтын тағылық қылықтары үшін, халық өкімі
ретінде Мырзабиді өз қолынан өлтіргенін ерлікпен мойындайды, ал сол үшін
жазғыратын жаза болса, өзім ғана тартамын деп Қоқан ханы алдында тепсініп
тұрып алады..
Дүрліккен елдің дүбірінен сескенген Қокан ханы Мəделіге кешірім
жариялап, елді тыныштандыруды оның өзіне тапсырады. Мəделі ақын-ның бұл
істері төтен ерлік есептеліп, халық аңыздарын туғызады. Осы бір оқиғаның
ұзын- ырғасын Жамбыл Жабаев «Ханым сұлу» деген атпен жырлапты.
Аңыздағы ақын жігіт образының прототипі Мəделі ақын екен. Ал, Ханым сұлу
— Айым сұлу Сапақ қызы, Мұсабек батырдың қарындасы (Мұсабек
Қалдарбекұлы — Қоқанға қарсы күрес бастаушы, Қоңырат елінен шыққан
батыр, Мəделінің серіктерінің бірі).
Мырзаби оқиғасын Мəделі: «Қарағашты Ташкеннен, Мырзаби деген бек
шықты, қатын менен қызыңнан, зекет бергін — деп шықты» деген жыр
жолдарымен бастайды.
Қоқандар зəбірін ақын тарихи шындыққа сай танытады. Ол қоқан бектері
зорлықшыларының намысқа тиер айуандық қылықтарын батыл сынайды:
Ақ білек ару қыздарды,
Ата-анадан айырып,
Қөзінен жасын ыршытты.
Қаталдығы асқан соң,
Зұлымдығы өткен соң
Ер намысын қорғайтын
Қазақтан да ұл шықты.
Мəделінің Қоқан зекетшілерін сынаған сөздері Жанкісі ақынның
жырларымен үндес, пікірлес. Тегінде, осы екі ақын бірінен соң екін-шісі
қоқандықтарға қарсы қазақ елінің наразылықтарын жырлаған бір сарындағы
жыраулар болса керек.
Орда бегі басында
Қотырбұлақ қасында,
Жер астынан жік шықты,
Қаһарын шашып халыққа
Екі құлағы тік шықты.
145
Оның қылған ісіне
Қазақ елі түршікті.
Мəделінің бізге біраз мысал өлеңдері жеткен. Сондықтан оны поэзияда
өзіне тəн түр іздерін салған ақын десе болады. Оны ақын-ның «Шəріпке
айтқаны» деген ұзақ өлеңінен байқауға болады. Оқи-ғаның мазмұны: Шəріп
деген бай Ташкент жаққа барып, Арыстанбай дегенге қарындасын ұзатып, көп
мал алады. Көп ұзамай Арыстанбай-ды бақ көтеріп, Шымкенттегі ұлықтын,
орынбасары болады. Арыстан-бай ұлықтың маңайына келгесін, Шəріпті де
қолдап, оны болыстыққа сайлатады. Болыс болған соң ісінбей жүру қиын емес
пе, Шəріп Қасымбай деген өзімен дəрежелес, екінші болыспен ұстасып, төре
алдына жүгініске түседі. Ісін əбден оңғару үшін ол алдын ала ұлыққа 150 сом
пара берген екен. Істің беті ақша иесі Шəріп жаққа беттей беріпті. Мұны
сезген екінші қарсыласы төреге 500 сом пара береді де, шеккі-нің басын езіне
қарай біржола аударады. Мұнан кейін Шəріп күңкіл-деп тағы біреулерге
шағым етпек болып жүргенде, төре естіп қалып Шəріптің «төбесінен жай
түсіріп» əкімшіліктен қуады. Мұны естіген Мəделі ақын мысал өлең шығарып,
осылардың харакетін əжуа етеді...
Есектің қала десең жайы мынау,
Бір адам жүреді екен қылып ылау.
Дамылсыз күндіз-түні мінгеннен соң,
Арықтап жүдеу тартып болды бұрау.
Бір күні есек жылап қылды налыс,
Бір жал сұрап, иесіне қылыпты өкпе-арыз...
Сүйегім тіршілiкте ағармай ма,
Құтылар бүл пəледен заман қайда?
Кұдая бір жеткізсең жоқ арманым,
Мінілмей бірер апта жүрсем жайда...
Есектің мінəжатын қабыл алып
Сол күні иесіне бір ой түсті...
Қулықпен пайдасы жоқ еткен істің;
Арамнан пайдасы жоқ тойған іштің,
Иесі қулық қылып семіртуге,
Қаптады бір терісін жолбарыстың...
Міне, сөйтіп Мəделі сипаттап отырған есекке иесі жолбарыс терісін
қаптап, өзгенің бауына апарып қоя береді. Шəріптің болыс деген аты-нан
басқалардың қорқатыны сияқты, жолбарыс боп жүрген есектен қорқып бақша
иесі оны ұстауға батпайды. Бірақ, арамнан болса да тойынған есек, жалған
барыс боп жүргенін мүлде ұмытады. Майлан-ған іш шыдатпайды, ол есектігіне
басып, ақырып қоя береді. Одан ке-йінгі оқиға белгілі. Есек екенін білген соң
бақ иесі оны таяқ астына алып, бақтан қуып шығады.
Бүған қарағанда ақын кезінде сирек қолданылатын кəрі мысал
жанрында да қалам тартқанын байқаймыз. Əрине, Мəделі мысалы қазіргідей
жетілген түрінде емес, шұбалаңқы болып келеді. Бірақ сол кездің өлшемімен
қарағанда біраз жетістігі бар екендігі айқын.
146
Мəделі - өзіне дейінгі ақындардан үйреніп, іздене жүріп өскен ақын. Ол
топтан озып шыққан талай жүйріктермен кездесіп, олардың өлең өрнегін үлгі
еткен.
Өрнек бар үлкендерден, өткен жаннан,
Озып жүрген тұлпар бар мыңнан-саннан.
Қөкірексіз көзбенен ой ойлайды,
Бұл кунде билік кеткен малсыз жаннан.
Акын өлеңдері бейнелі, суретті. Сондықтан да нысанасына дəл тиіп,
мəтелді сөз ретінде халық аузында өмір кешеді.
Асқар таудың айдыны қырыменен,
Өзен көркем көрінер жарыменен .
Əркім үкі тағады ботасына,
Ісі барма біреудің нарыменен —деген өлең жолдары ақыннын, бейнелі
сөзге əуестігін таныта алғандай тағылымы мол шығармалар.
Өзінін туған жерінің көрінісі де оның өлеңдерінде өзіндік ерекше-лігімен
бейнеленеді.
Мəделі Сыр бойын, арқаны түгел аралап, қазақ елін, көрші өзбек жерін
жақсы білген. Өзi тұстас ақындармен кездесіп, тілдескен, Ар-ғынның аға ақыны
Жанақты көрген, оның өнеріне бас иген. Ол ақынды өз елінің бірлігін сақтаушы
деп есептеген.
Арқада Торайғыр, Шоң жау болғанда,
Өлеңмен жарастырған ақын Жанақ,-деп, еске алады ол Жанақтай даңқты
ақынды.
Мəделі де кейбір өзіне тұстас, мекендес Майлы, Құлыншақ, Базар
сияқты ақындарға ұстаз саналған.
Бірақ Мəделі шығармалары əлі толық жиналып, жарық көре алмай
жүр. Қазақстан Ғылым академиясы қорында Мəделінің «Шəріп ке айтқаны»
деген 200 жолдан астам толғауы, Тұрмағамбет жазып ал-ған ақынның болыстық
туралы өлеңі, «Майлыға айтқан əзілі» ғана бар. Баспа бетін кергені де жоқ
емес. 1924 жылдары «Арыстан Ташкент жаққа Шəріп барған» деген толғауы
«Жас қайраттың» бесінші санында түгел жарияланған. «Ертедегі қазақ əдебиеті
хрестоматиясында» (1967) ақын шығармаларының үзінділерінен үлгілер
басылған болатын.
Қорыта айтқанда, ақын творчествосықың дені жоғарыда талдау
жасағанымыздай, халықтық тұрғыдағы ақындық өнердің туындылары.
Өлеңім — темір мылтық сегіз қырлы,
Білесіз бəріңіз де біздің сырды,-деп өзі айтқандай, шындығында да, Мəделі
өз заманына лайықты, əдебиет тарихынан орын тауып орнығар өңерпазымыздың
бірі. Оның өлеңдерін жақсы білетін кəрі құлақ қариялар аз емес. Олар —
ақыннын туған-туысқандары, Сарыағаш пен Қызылқүм, Бадам тұрғындары.
Мəделінің Бадамдағы күмбезді мазары да зерттеушілер назарына ілінуге тиіс.
147
Достарыңызбен бөлісу: |