Қолжетімділік. Оқу үдерісіне қатысушылардың барлығына бағалаудың мақсаттары,
əдістері мен тəсілдерінің түсініктілігі мен қарапайымдылығы.
Жүйелілік. Бағалаудың жүйелілігі мен бірізділігі.
Тілектестік. Оқушы мен мұғалім арасындағы серіктестік қарым-қатынастың оқушыны
қолдау мен дамытуға бағытталуы.
Бүгінде критериалды бағалаудың екі жолы: формативті (қалыптастырушы) жəне
суммативті (жиынтық) бағалау қолданылып келеді.
Формативті (қалыптастырушы) бағалау оқушылардың ағымдағы үлгерімінің
көрсеткіші болып табылады, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты көрсетеді, оқу
үдерісінде дер кезінде өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Формативті бағалаудың мақсаты
оқу үдерісі кезіндегі оқушы мен мұғалімнің іс-əрекетін түзету болып табылады. Бағалаудың
бұл түрі мұғалімге оқушының оқу мақсатына жету үдерісін бақылауға жəне оқу үдерісін
түзетуге, оқушыны жетістікке жетелеуге ықпал етеді.
Суммативті (жиынтық) бағалау оқу сатысы мен оқу ақпаратының бөлімін аяқтау
бойынша іске асады. Жиынтық бағалау түрлі тексеру жұмыстарды (тест, бақылау,
сарамандық, зерттеушілік жұмыстар, шығарма, эссе, жоба, ауызша таныстырылым жəне т.б.)
орындау нəтижесінде жүзеге асады. Аталған жұмыстар МЖМБС жəне оқу бағдарламалары
негізінде құрастырылады. Оқушы жетістігінің деңгейін мұғалім сұрақ, тест нұсқалары немесе
оқулықтағы тарау, бөлім соңында берілген сұрақтар арқылы анықтайды. Сонымен қатар,
мұғалім қосымша дереккөздерді немесе өз тəжірибесін пайдалана отырып тапсырмалар мен
сұрақтарды өзі құрастыра алады.
Бағалауды Роберт Стейк сорпаны бағалаудың екі кезеңімен салыстырған. Аспаздың
сорпаның дəмін татып көруі – формативті бағалау, тамақтанушының дəм татуы – суммативті
бағалау. Басқаша айтқанда, формативті бағалау сапаны ішкі бақылауды, ал суммативті бағалау
өнімнің өмірде қалай қызмет ететінін білдіреді.
Бағалаудың барлық түрі, əсіресе, формативті бағалау, үшін мұқият құрастырылған
критерийлер қажет. Оқушы мен мұғалімнің критерийлерді бірлесе құрастыруы оқушының
бағалауға деген позитивті қарым-қатынасын қалыптастырады жəне нəтижеге жету үшін
жауапкершілігін арттырады.
Критерийлерді бірлесе құрастырудың мынадай үлгісін ұсынғым келіп отыр.
1.
Тақырып, бөлім немесе тарауды өтер алдында оқушыларға сабақтың мақсаты мен
міндеттерін хабарлаңыз.
2.
Əр оқушыдан жұмысты бағалаудың 1-2 критерийін жазуды сұраңыз.
3.
Оқушылардың жазған критерийлерін тақтаға жазыңыз.
4.
Ұсынылған критерийлерді барлық оқушының түсінгеніне көз жеткізіңіз.
5.
Критерийлерді маңыздылығына қарай орналастырыңыз.
6.
Талдау барысында өте маңызды критерийлерді ғана таңдаңыз.
7.
Егер баға қою жоспарланса, онда əр критерийдің сандық көрсеткішін анықтаңыз жəне
бағалау шкаласын белгілеңіз.
Ескерте кететін жайт, критерий мазмұны оқушыға да, ата-анаға да түсінікті тілде
берілуі тиіс. Критерийлер оқушыларға өз жұмысының сапасын нақты бағалауға көмектеседі
жəне ол оқушыға өмір бойы қажет болады.
Төмендегі мысалдар арқылы критерийлерді құрастыру жолдарын көресіздер.
1-кесте.
Критерийлер
3
ұпай
2
ұпай
1
ұпай
112
Қоршаған
ортаның
өзекті
мəселелері
Қоршаған
ортаның
өзекті
мəселелерін
терең түсінеді
Қоршаған
ортаның
өзекті
мəселелерін
жартылай түсінеді
Қоршаған
ортаның
өзекті
мəселелерін
түсінбейді
Бұл тұста «терең түсіну» ұғымының нені білдіретінін анықтау жəне оны дұрыс əрі
нақты ашатын бағалау критерийін табу керек. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек:
«Терең түсіну» мен қарапайым түсінудің айырмашылығы неде?
Бұл түсінік қайда, қалай көрініс табады?
Қандай ойлау дағдылары терең түсінуге жеткізеді?
Бұл критерийлерді құрастырудың нақты еместігіне көз жеткізіп отырмыз. Олай болса,
дұрыс құрастырылған бағалау критерийлеріне назар аударсақ.
2-кесте
Критерий
3
ұпай
2 ұпай
1
ұпай
Қоршаған
ортаның
өзекті
мəселелері
Қоршаған ортаға əсер ететін
5 жағымды жəне жағымсыз
факторларды ұсына алады.
Факторларды атайды 2-ден
аз
факторды
атайды
5 фактордың əсерін нақты
дəлелдермен көрсете алады.
Жүйесіз
мысалдар
келтіреді
Бірде-бір
факторға
талдау жасай алмайды.
5 факторды талдай алады.
Жекелеген
факторларға
ғана
талдау жасай алады.
5факторды маңыздылығына
қарай орналастыра алады.
Оқушылар жоғарыда көрсетілген нақты критерий мен дискрипторларға сүйене отырып
жұмысты орындайды.
Тағы айта кететін жайт, бағалау критерийлерін құрастырумен қатар бағалау
техникаларын меңгерудің де маңызы зор. Формативті бағалау техникаларының бірнешеуіне
тоқталып өтсем.
1. Басбармақ. Мұғалім сабақты түсінген, түсінбегенін басбармақпен көрсетуді
сұрайды.
Мен түсіндім (бас бармақты жоғары көтереді).
Мен əлі де ........... түсіне алмадым (бас бармақ оң немесе сол бағытты көрсетеді).
Мен мүлдем түсінбедім (бас бармақпен төменді көрсетеді).
Мұғалім оқушының нақты нені түсінбегенін сұрайды, соған қарай жұмыс жүргізеді.
2. 20 секунд. Мұғалім тақырып бойынша негізгі сұрақтарды қояды да, ол төңірегінде
20 секунд ойлануға уақыт береді. Қабылдауы тез оқушыларда бірінші секундтің өзінде жауап
дайын болады. Бұл басқа оқушыларды осы жұмысқа ынталандыруға ықпал етеді.
Ортаңғы жəне жоғары сыныптың оқушыларына жауаптарды жаздыруға да болады.
3. Үш минуттық эссе. Мұғалім мына сұрақтардың бірін қояды да, эссе жазуға 3 минут
уақыт береді:
Бүгінгі өткендердің ішінде Сіз үшін ең маңыздысы қайсысы болды?
Қандай сұрақ Сіздің есіңізде қалды?
Бүгінгі сабақта Сізге не қиын, түсініксіз болды?
Мұны «Бір минуттық эссе» түрінде де қолдануға болады. Бұл тəсілде сұрақтарды
қысқартып, «Не білдің? Не түсініксіз болды?» деген сауалдарды ғана қоюға болады.
113
4. Мини-тест. Мұғалім тақырып бойынша 3-5 минут уақытты ғана алатын қысқаша
тестер дайындайды. Бұл техниканың ұтымды тұсы – оқушылардың критерийлерге сүйене
отырып, өзін немесе сыныптасын бағалай алуы.
5. Жазбаша комментарий. Жазба жұмысын тексергеннен кейін мұғалім баға
қоймайды, түрлі түсті сиямен белгілер қояды. Мысалы, жасыл түсті құстұмсық жұмыстың
сəтті тұстарын, басқа түспен қате кеткен орындарды белгілейді.
6. Екі жақты таратпа. Мұғалім екі жағында да тапсырмалары бар таратпалар береді.
1- жағына «Өткен тақырып бойынша негізгі идеяларды атаңыз», 2- жағына «Өткен
материалдардан түсінбеген тұстарыңызды сұрақ түрінде бейнелеңіз» деген тапсырма жазуға
болады.
7. Бағдаршам. Оқушылар үш түсті таратпалар бойынша өздерінің түсінген,
түсінбегендерін көрсетеді. Мұғалім жасыл таратпа көтергендерге:
-
Не түсіндіңдер?
Қызыл жəне сары таратпа көтергендерге:
-
Сіздерге не түсініксіз болды? - деп сұрақ қоя отырып, жұмыс түрлерін
жоспарлайды.
8. Сөздік көмек. Мұғалім жүйелі түрде оқушыларға сөздік көмек беріп отырады.
Мысалы, таратпаға «Сабақтың басты идеясы..........................болып табылады. Өйткені, .............
т.б.» деп жазылып беріледі.
9. Қате түсінікті тексеру. Мұғалім қате түсінік береді де, оқушылардан өздерінің
келісетінін, келіспейтінін жəне өз көзқарасына түсінік беруді сұрайды.
10. Оқушылармен жеке əңгіме. Мұғалім оқушының түсіну дəрежесін анықтау
мақсатында онымен жеке əңгімелеседі.
11. Үш минуттық үзіліс. Мұғалім оқушыға сабақтың идеясы, ондағы түсініктер,
олардың өткен сабақпен байланысы туралы ойлануға 3 минут уақыт береді. Бұл жұмыста
мындай тірек сөздерді қолдануға болады.
Мен...... деген өз пікірімді өзгерттім.
Мен .... туралы көбірек мағлұмат алдым.
Мен ........... таң қалдым.
Мен .......... сезімде болдым.
12. Температураны өлшеу. Бұл тəсіл арқылы тапсырманың орындалу барысын
бағалауға болады. Мысалы, бірнеше оқушыға тапсырма беріп, оның тапсырманы орындау
жылдамдығын, тапсырманың дұрыс орындалу деңгейін т.б. өлшеуге болады.
13. Элективті тест. «A, B, C, D» əріптері бар таратпалар беріледі, ойлануға 20 секунд
уақыт қажет. Сұрақ пен оның жауабының төрт нұсқасы оқылады. Қай жауап дұрыс болса,
оқушы сол əріпті көтереді.
14. Формативті тест. Шағын топтағы балалардың əрқайсысына тест сұрақтары жəне
жауапқа арналған парақшалар таратылады. Топта сұрақты талқылап, жауап парағын
əрқайсысы жеке-жеке толтырады. Олар топтың пікірмен келісуі де, келіспеуі де мүмкін.
15. Өзін-өзі бағалау күнделігі/ журналы. Оқушы сабақ барысында алған білім, білік,
дағдыларына баға беріп, күнделікке немесе журналға тіркеп отырады.
16. Жаңа материалды меңгеруді тексеру. 4 ұяшықты кесте сызылады: «Баяндау»,
«Түсіндіру», «Қорытындылау», «Бағалау». Оқушыларға өздері таңдаған ұяшық бойынша
тапсырма беріледі. Мысалы, «Қорытындылау» ұяшығын таңдаған оқушыға «Жаңа
материалдың негізгі идеяларын атаңыз» деген тапсырма беруге болады.
114
17. Сыртқы жəне ішкі шеңбер. Екі шеңбер құрылады, сырты шеңбердегілер ішкі
шеңбердегі оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды, келесіде орын ауыстыруға
болады.
18. Бір сөзбен қорытындылау. Мұғалім тақырыпты қорытындылайтын негізгі сөзді
табуды тапсырады. Мұны «Бір сөйлеммен қорытындылау» түрінде де қолдануға болады.
19. Сөздік баға. Мұғалім оқушыны тапсырманы жақсы орындағаны үшін мақтай
алады. Дəріс кезінде тыңдаушы-мұғалімдерге оқушыларды мадақтау сөздер жазуды ұсынып
келемін. Өкініштісі, кейбір мұғалімдер өздерінің аз мақтайтындықтарын мойындайды.
20. Екі жұлдыз, бір ұсыныс. Бұл бір-бірін бағалауда өте тиімді.
Бұл техникаларды сабақтың əр кезеңінде, əр түрлі мақсатта түрлендіріп қолдануға
болатынын тəжірибеде көріп келеміз.
Сонымен қатар, бағалауды есепке алудың қажеттігін ескерте кеткім келеді. Мына
кестеде топтық жұмысты бағалау үлгілері берілген.
3-кесте
Топ
№
Топтағы
ынтымақтастық
(міндеттерді бөлу
жəне орындау)
Тəртіп (басқа
топқа, бір-біріне
кедерге жасамау)
Тапсырманы
орындау
Басқа топты
тыңдау,
сұрақ қою,
толықтыру
Жалпы
ұпай
1-топ
5
4
4
3
16
2-топ
4
4
3
4
15
3-топ
4
2
3
2
11
4-топ
3
2
3
2
10
5-топ
2
2
2
2
8
4-кесте
Топтағы жеке оқушының жұмысын бағалау үлгісі
Оқушының аты-жөні
Айару
Сұлтан
Қарақат
Топтағы міндеттерді бөлуге қатысады
жəне өз міндеттерін орындайды
+
+
+
Идеялар ұсынады
+
-
+
Топтық талдауға белсене қатысады
+
-
+
Топ мүшелеріне көмектеседі
+
+
+
Мұқият тыңдайды жəне сұрақтар қояды
+
-
-
Талқылауды жүргізе алады
+
+
+
Топпен жұмыс жасай алады
+
+
+
Жалпы ұпайы
7
3
6
5-кесте
Сыныптың білім жетістігін талдау үлгісі
Сыныбы __________ Күні _____________ Тақырыбы ___________________
Баға
Баға нормалары
Оқушы саны
«5»
5
дұрыс жауап
6
«4»
4
дұрыс жауап
10
«3»
3
дұрыс жауап
7
«2»
2-0
дұрыс жауап
5
115
6-кесте
Сыныптың күтілетін нəтижеге жету деңгейін анықтау үлгісі
1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма 4-тапсырма 5-тапсырма
Тапсырманы
орындай
алмаған
оқушылар
саны
2
6
0
11
16
Əрине, жай ғана талдау жасаудың еш нəтиже бермесі анық. Сол себепті де талдау
нəтижесі бойынша тиісті жұмыстарды жоспарлап, жүйелі жүргізуге көңіл бөлген жөн. Бағалау
дұрыс жоспарланып, дұрыс ұйымдастырылған жағдайда:
Оқушылардың өзін-өзі реттей алатын болады;
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы, өз біліміне деген жауапкершілігі
артады;
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады;
Оқушылар əр жұмысты жоспарлап, оған жету жолдарын айқындай алатын болады;
Мұғалім оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді көре алады жəне сол бойынша
нақты көмек көрсетеді;
Құнды идеялар туады.
Əдебиеттер тізімі
1.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан
жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 2014.
2.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру
стандарты, 2014.
3.
«НЗМ» АББ Басқармасының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 9 шешімімен бекітілген
«НЗМ оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесін ендіру тұжырымдамасы»,
2011.
4.
«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», «НЗМ» ДББҰ, 2012.
5.
Шакиров Р. Х., Буркитова А.А., Дудкина О.И. Оценивание учебных достижений
учащихся. Əдістемелік нұсқаулық. 2012.
116
БАҒАЛАУ – ОҚУ ҮДЕРІСІНІҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ
Əлжанова Г. К.
«Өрлеу» БАҰО АҚ
Солтүстік Қазақстан облысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада оқушылардың оқу жетістігін бағалаудағы мұғалімнің рөлі жəне оқушы үшін
бағаның маңыздылығы туралы айтылған. Жалпы бағалаудың объективтілігі оқушылардың
білімі мен оқудағы жетістіктерін, қаншалықты табысты болатындығы көрсетілген.
Аннотация
В статье сказано, о роли учителя в оценивании достижения знания учащихся и важность
оценки для ученика. Объективность общего оценивания показывает насколько продуктивно
даются знания и достижение учащихся в учебном процессе
Abstract
In this article there is a role of a tearcher in assessment of acchievements pupils' education
and importance of assessment for pupils. Objectivity of total assessment show how productively it
gives education and pupils' acchievement in educational process.
Ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тəрбиелейді. Ал ұстаздың негізгі құралы
сабақ болып табылады. А.Байтұрсынов өз сөзінде: «Мұғалім əдісті көп білуге тырысу керек,
оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нəрсе есебінде қолдану керек»,- деген пікірі маңызды деп
есептеймін. Себебі əрбір мұғалім өз пəнін сүйетін, əрбір оқушының жүрегіне жол таба білетін,
оқушыларды өздігінен білім алуына жəне сабаққа деген қызығушылығының арта түсуіне жол
аша білетін, өз ісінің шебері болуы тиіс.
Қазіргі заман талабы білім беру барысында өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жəне
өзіне жоғары талаптар қоя білетін жаңашыл ұстаз болуды қажет етіп отыр. Жаңашыл ұстаз -
оқушылардың білімін бағалап қана қоймай оқушының алға жылжуын қадағалауды, оқушыны
үйрету барысында бағалауды жəне оқушының үйренуіне бағытталған бағалар қоюдың
қажеттігін де түсіне білуі тиіс.
Оқушылардың оқу білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, əрбір оқушының
оқудағы күтілетін нəтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан-жақты жəне əділ бағалай
білу. Оқушыларға оқу материалын меңгерте отырып, мəліметтерді өздігінше жинауға
итермелеу, қызығушылығын ояту жəне жеке тұлғаның нəтижеге жетуге деген талпынысын
дамыту мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі болып отыр. Бағаның объективтілігі білім
алушылардың білімін жəне олардың іс-əрекеттерінен күтілетін нəтижелер жүйесі негізінде
оқушының оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау.
Бағалау барысында оқушыларға жетістік нəтижелерінің критерийлерін ұсыну, оқудың
мақсатына оқушының көңілін аудару, өзі оқып ізденіп, қалай жұмыс жасау керектігін үйрету,
өзіндік бағалауға дағдыландыру, оқушылардың жұмыс сапасын үнемі айтып отыру жəне ата-
аналарға оқушылардың жеткен жетістіктерін көрсетіп отыру. Жалпы бағалаудың мақсаты -
оқушыларға өзіндік бағалауға мүмкіндік беру, сонымен қатар оқушының тəуелсіз болуына
мүмкіндік беру.
Бағалау – сабақтан ажыратылмайтын үрдіс. Алған білім деңгейін бағалау, оқушыларға
оқу үрдісінде қаншалықты табысты болғандығын, білімді игерудегі олардың жетістіктерін,
117
өсуі мен дамуын анықтау болып табылады. Сонымен қатар оқушының үйрену мақсаттарын,
табыс критерийлерін, нені үйрену қажеттіліктерін ескеру қажет. Оқушыларға өзіне «Мен нені
іздеудемін?», «не іздегенімді?», «нені үйренгенімді?» қайдан білемін деген сұрақтарды өзіне
үнемі қойып отыруға дағдыландыру мұғалімнің құзырында болып табылады.
Бағалаудың басты мақсаты - баланың өсіп жетілуін анықтап, оқушының қай деңгейге
жеткенін бағалап əр баланың тəжірибесінің табысты болуына себін тигізу. Оқушылардың оқу
жетістіктерін атап көрсету, нұсқауды мəлімдеу арқылы балаға нені оқыту керектігімен, қалай
оқыту керектігін үйрету жəне баланың əлеуметтік, əсершіл, танымдық қабілеттерін дамытып,
табысқа жетуіне қолайлы жағдай туғызу. Бағалауда оқушының оқуындағы олқылықтарды
жақсарту жолдарын, қандай тақырыпты меңгермей қалды немесе қандай тапсырманы орындау
жолын түсінбегенін əр тапсырма сайын ескеріп отырған жағдайда біз оқушылардың сабақ
барысында табысқа жеткен, жетпегендігін көре аламыз.
Жалпы оқу жүйесінде: не бағаланады?, қандай білім бағаланады? қандай тəсілдер
арқылы? не үшін бағалайтындығымызды үнемі назардан шығармауымыз керек.
Мұғалімдер оқытудың мақсаты оқушы нені білуі керек? Оқушы не істеуі керек? Оқушы
нені түсінуі керек? Нені қолданатыны жайында білудің маңыздылығын өзара талқылау
барысында белгілей алады. Баланың білімі əділ бағалануы үшін критерий құру арқылы бағалау
жүргізудің тиімділігін, критерийдің балаға əсерін, критерий кезінде бала ізденетінін,
талпынатынын жəне мұғалімнің бойында ұстамдылықтың болуын өз сабақтарымда өзекті
мəселелердің бірі деп санап келемін.
Мұғалімдер Кембридж бағдарламасындағы Оқыту үшін бағалау жəне Оқуды бағалау
модулін, сонымен қатар оқытудың жаңаша əдіс-тəсілдерінде бағалауды өз тəжірибесіне енгізе
отырып меңгереді. Курс барысында бағалаудың маңыздылығын, оқушы деңгейін анықтауды,
бағалау үрдісі арқылы оқушыны алға жылжыту жолдарын жəне формативті бағалау мен
суммативті бағалау жолдарын меңгереді. Сабақта мұғалімдер өз көзқарастарын дəлелдерін,
өзара пікір алмаса отырып, бір-бірінің жұмыстарын формативті бағалау арқылы оқушының
білімін əрі қарай дамыту жолдарын, бағалау модулін кері байланыс əдісінің бір тармағы деп
қарап келеді. Қалыптастырушы бағалауда мұғалімнің кəсіби біліктілігі жоғары болуы шарт.
Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нəтижелерін
жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин
(мұғалімге арналған нұсқаулық 56–бет).
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ
емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе
өзін - өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тəртібін мұқият
бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін жəне не
істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін
анықтау қажет (мұғалімге арналған нұсқаулық 57-бет).
Формативті бағалау əр сабақта жəне күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім
алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек жəне
қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар жəне олардың
мұғалімдері қолданатын мəліметтерді əздеу жəне түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер
жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің
сыныптастарын жəне өздерін бағалауға тартылуы мүмкін жəне мұғалімдер бағалауды
белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек.
Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға
мүмкіндік береді.
Мұғалім оқушыны бағалаудың қалыптастырушы əдісін тиімді қолдану барысында
118
алдағы жұмыстарды жақсарту үшін мақсатты анықтау: бұдан əрі, жетістік критерийлерін
толық жеткізілмеген жұмыс бөлігінің жанына жұлдызша қоюына немесе жұмыстың
жетілдіру жолдарын ауызша жеткізуге де болады. Қалыптастырушы бағалау - оқу үдерісіне
өзгеріс енгізу мақсатында оқушылардың алға ілгерілеуін бағалау. Оқушыларға өз жұмысын
əрі қарай жетілдіруге бағыт беру жəне бақылау жасау. Сабақта оқудың айқын мақсаттарын
ұсыну, оқушылардың материалды оқу мақсатына жетуі үшін олар жасауға тиіс қадамдарды
түсіндіру. Ал оқыту мақсаттары балалардың нені оқығанын, не білуі, не түсінуі тиіс
екендігін немесе сабақтың соңына немесе бірнеше сабақтан кейін олардың не істеуге
қабілетті екендіктерін сипаттайды. Ал табыс критерийлері мұғалімдердің оқушыларға нені
оқығандарын нақты тұжырымдауға көмектесу үшін пайдаланатын жəне оқушылармен
олардың жұмысы туралы диалогқа жəне өзара іс-қимылға негіз бола алады. Оқушылармен
тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама
беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек. Егерде
бала қателессе, жетекші сұрақтар қойып, баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды. Кері
байланыс көбінесе уəж болып табылады жəне де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім
мен сыйластық орнатады. Сөйтіп мұғалім əр оқушының нені біліп, нені ойлап, қалай
оқитыны туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен
өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп. Сондай ақ түрлендіру, дамыту, толықтыру
керек. Əртүрлі қалып пен мəнмəтінде қарастыра білу керек. Оқушылардың өздерін өздері
бағалай алуы жəне өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі.
Бағалау үдерісін шынайы жəне бəріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру
керек. Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін
бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау жəне бірін бірі бағалау парақтарын, өз ойын
пайымдайтын сұрақтар беруге болады.
Бағалау нəтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту. Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі
жəне қорытындылау сатысы. Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі
болып табылады. Себебі бағалау оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттыру
жолдарына елеулі əсер етеді. Мұғалім: мектепте бағалаудың біркелкі саясатын енгізуі, оқу
үдерісінде ынтымақтастық қатынас орнату, оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын
арттыру, өзін-өзі оқыту мүмкіндіктерін кеңейту жəне топтық, жұптық жұмыстарды
ұйымдастыра отырып оқушылар арасында өзара байланысты орната білу. Сонымен қатар
оқушылардың эмоционалдылығын қолдау жəне кері байланыс орнату. Кері байланыс
үдерісінде оқушылардың жауабын мадақтау жəне жеке мақсатты көрсеткіштерді белгілеуді
көздейтін бағалаудың бірі. Бұл жердегі негізгі идея - оқушыларды өздерінің жұмысына
қатысты айтылған пікірлер жайында ойландырып, оларды келешекте жетілдіру
мүмкіндіктерін табуға ынталандыру. Мұғалімдер оқушылардың үйренгенін үнемі жинақтап
отырып оқушылардың алға жылжуларына ықпал етуші тұлға болып табылады.
Мұғалімдер өз кезегінде
əр сабақ барысында формативті бағалауды жүргізіп отырлары
тиіс. Бағалаудың мақсаты не? сұрағына жауап ретінде қалыптастырушы бағалау – баланың
əрбір əрекетін бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, марапаттау, мадақтаулардың барлығы
баланың өсуіне, білім алуына өте тиімді əдіс екендігін түсіну. Сабақ барысын түсіндіре
отырып, интерактивті əдісті үнемі сабақтарда қолдану оқушы үшін өте тиімді.
Бүгінгі таңда оқушылардың ынтасын арттыра отырып қалыптастырушы бағалауды
оқушылардың өздеріне мүмкіндік беру арқылы оқу процесін тиімді ету мұғалімнің жұмысын
жеңілдетуде. Сонымен қатар мұғалімдер оқушылардың өсіп жетілуін жəне білім алуын үнемі
бақылап отыруы тиіс. Оқушыларға бір-бірінің жұмыстарына бағалауға тартылуын, өз
119
құрбыларына қарағанда қандай деңгейде екенін түсінуін жəне оқушыларға өздерінің қалай
білім алатынын, оқушылармен оларды оқыту стратегиясын жақсарту жолдарын анықтай
білулері керек. Мұғалімдер оқушыларға олардың оқуында туындайтын проблемаларды
анықтауға жəне қарастыру тəсілдерін табуға көмектесу, оқушыларды қателіктерді оқытудың
құнды мүмкіндігі ретінде қарастырғаны үшін мадақтау, оқушылар өздеріне баға беріп, білімін
қалай жетілдіре алатынын түсінуіне ықпалын тигізудің маңызы өте зор.
Бағалау арқылы оқытуды жақсартуда оқушылармен кері байланысты қамтамасыз ету,
оқушылардың өзіндік оқуын қамтамсыз ету, формативті бағалауды күнделікті тəжірибеде
түрлендіріп отыру, өзіндік оқуға белсенді қатыстырудың тиімді жолдарын ұсыну жəне
оқушыларға өздерін-өздері бағалай алуын жəне оқуды əрі қарай жетілдірудің жолдарын
түсінуіне ықпал жасап отыру. Жалпы оқуды бағалаудың мақсаты - оқушы қазіргі уақытта не
оқып білгенін, қандай бағытта даму керек екенін түсіну жəне қажетті деңгейге қалай жету
керек екендігін түсіндіру. Сонымен қатар əр мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта жүргізу
қажеттігін ұғынулары керек. Яғни, оқытудағы қиындықтарды анықтай білу, жетістікке
жеткендігін көрсететін кері байланыс, ынталандыру жұмыстарын жиі қолдану.
Өзін-өзі бағалау – өз əрекеттері мен дамуына баға беру, оларды сыни көзқарас
тұрғысынан талдау қабілеті, өз тəжірибесін кəсіби қызметпен байланыстыру əрекеттері
оқушыда рефлексия дағдысы қалыптасқандығын көрсетеді. Өзін-өзі бағалау жəне
сыныптастарын бағалау оқушыларға ойлайтын жəне оқитын тұлға ретінде өзінің білімін,
ағымдағы тапсырмаларды түсінуге, оқыту үдерісін жақсартудың жолдарын сезінуге мүмкіндік
бере отырып, оқыту үдерісінде жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Ол өзін өзі сыйлау сезімін,
оқу үшін өзінің ынталануы мен жеке жауапкершілігін арттыруға үлес қосады.
Өзін-өзі бағалау жұмысын кесетелер арқылы жүзеге асыру да тиімді болар еді. Мысалы:
оқушының өзін-өзі бағалау кестесі, өзінің пікірталасқа қатысуын бағалау кестесі, топтық
жұмыстарды бағалау кестесі, «ойды қорытындылау» тəсілін бағалау кестесі жəне топ
жұмысын бағалау кестесін құру.
Ал критерийлер құру арқылы бағалауда оқушы ізденеді, талпынады, ойланады жəне
ұмтылады, яғни оқуды жақсарту үшін өзара əрекеттесе отырып жұмыстарын өзара бағалауға
үйренеді. Оқушылар ұсынылған критерийлерді түсінбей қалмас үшін бағалау критерийлерін
түсіндіріп, талқылауды ескерулері тиіс. Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің
жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, өзара бағалаудың, өзін-өзі бағалаудың маңызы зор.
Ондағы мақсат - оқушыларға өз жұмыстарының сапасын көтеруге қызықтыру жəне оны
жақсартудың мүмкіндіктерін талдауға көмектесу.
Өзара бағалау оқушыларға бір-бірін қолдайтындай, қажетті кері байланысты орнатуға
көмектеседі, ол оқушыларға сөйлесу, талқылау, түсіндіру жəне бір-бірін сыни бағалау
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тиімді жасалған өзара бағалау алдағы уақытта оқу кезеңінде
оқушылардың одан əрі алға ұмтылуға деген жауапкершіліктерін дамытуға көмектеседі.
Өзін-өзі бағалау стратегияларының жалпы сипаты – белгілі бір критерийлердің
болуында. Мұғалім критерий ретінде оқушының түрлі əрекеттерін емес, оның білім, ұсталық,
дағдыларын алады. Критерийлер білім беру міндеттерімен анықталады. Критерийлер оқушы
нені білу керек екендігін көрсетеді. Өзін-өзі бағалау жəне өзара бағалау нақты критерийлерді
қажет етеді. Олар:
- не тексерілуге тиіс екенін түсіну;
- оқушыларға өзінің жұмыстарын қайта қарауға мүмкіндік беру;
- оқушыларға өздерінің жеке мақсаттарын анықтауға жəне өз жұмыстарын жақсарту
үшін не істеу керектігін анықтауға көмектесу үшін керек.
120
Бұлар өз кезегінде оқушылар жұмыстарының сапасын артырады жəне жұмыстарын əрі
қарай дамытуына жол ашады. Жалпы бағалау үйренушілердің жоспарланған нəтижелерге
жету көрсеткіштері ретінде қарастырылады. Өзара бағалау нəтижесінде оқушылардың адал
бағаға көздері жетіп, бəсекелестік тудырып, өз деңгейлерінің жоғары болуына талпынады,
келесі жолы қате жібермей, жіберген қателерінің дұрыс жауабына көңіл қояды, білім алуға
ұмтылады. Сондықтан да сабақта бағалаудың əр түрін қолдану жақсы нəтиже береді деп
ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |