Оқу қызметі аясы бойынша: Сабақтың өту қарқынына ерекше мəн беріп, заман талабына
сай оқушылардың білім алуын нəтижеге бағыттап оқыту жəне мұғалімдердің кəсіби дамуына
өзгерістер енгізу.
Үдеріс: жұмыс жоспары,іс-əрекеттегі зерттеулер, Lesson Study, коучинг жəне тəлімгерлік.
Жұмыс құралдары жəне түрлері, желілік қоғамдастық үшін: АКТ, қысқа мерзімді жəне
орта мерзімді жоспарлар, бағдарламалар, өзара жəне өзін-өзі бағалау əдістері, рефлексия,
зерттеу жұмыстары, сауалнамалар, коучинг, семинарлар, конференциялар, педагогикалық
бірлескен оқулар.
Қоғамдастық барысы кезінді ынтымақтастық, сенімділік жəне сəтті серіктестік, ең
бастысы өзара түсіністік болуы шарт. Сонда ғана жоспар мен жұмыс алға басып, нəтижесінде
анықталған маңызды мəселелер мен проблемалар өз шешімін табады жəне жаңа идеялар
туындайды. Бұл қоғамдастықтың тұрақты қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықпен бірлесе
жұмыс істеу өте тиімді.
Желілік қоғамдастыққа қолдау көрсетушілер: мұғалімдер,оқушылар, ата-аналар болуы
шарт.
Біздің мектепте желілік қоғамдастықтың құрылғанына аз уақыт яғни биылғы жыл болса
да, қоғамдастық аясында мектепішілік, мектеп аралық, облыстық, республикалық мектептер
49
мен байланыстарға шығып өз іс-əрекеттерімізбен тəжірибе бөлістік: мектепішілік коучингтер
өткізіліп, аудандық қоғамдастық мүшелерінің отырысы, Шығыс Қазақстан облыстық оқыту
семинары қатысулар болды.
Мектептің дамыту жоспары негізінде іске асырылған іс-шаралар:
1. Кездесу: 1-2 деңгей мұғалімдерімен кəсіби əңгіме өткізу;
2. Кездесу: Кəсіби қоғамдастық құру;
3. Кəсіби сұхбат: Тəлімгерлік жасау;
4. Желілік қоғамдастық жұмысын ұйымдастыру;
5. Талис саалнамасын алу арқылы мектеп проблемасын анықтау;
6. Коучинг: «Оқушылардың білім алуын нəтижеге ағыттап оқыту»
7. Коучинг: «Оқу үдерісіне жеті модульді енгізудің тиімділігі»
Осындай атқарылған іс-шараларға мұғалімдердің қатысуы белсенді түрде жəне
түсіністікте болды. Өткізілген коучингтер нəтижесінде əр мұғалім өзінің кəсіби дамуы
мақсатында өз тəжірибелеріне жаңа өзгерістер енгізе білді. Қоғамдастық мүшелері өздерінің
тиісті міндеттерін де жауапкершілікпен сезінді, мұғалімдер берілген тапсырмаларды орындай
отырып үйренді. Осындай мектепішілік жəне желілік қоғамдастықтың белсенділігі, нəтижесі
арқасында мұғалімдердің кəсіби дамуындағы көшбасшылықты дұрыс атқаруды үйренеді, ең
бастысы оқушының жоғары жетістікке жетуіне жəне сапалы білім алуына ықпалы зор.
Болашақта осы басталған іс-əрекет өз жалғасын тауып, нəтижесінде заманға лайық өз-өзіне
сенімді тұлға тəрбиеленетініне сеніміміз мол.
Əдебиеттер тізімі
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. Астана: «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014. «Оқыту
мен оқудағы өзгерістерді не үшін өзгерту қажет?», (4-б.).
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. Астана: «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014. «Екінші
деңгей бағдарламасының жалпы мазмұны», (8-б.).
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. Астана: «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014.
«Оқытуды басқару жəне көшбасшылық», (19,20-б.).
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. Астана: «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014.
«Коучинг жəне тəлімгерлік», (80-б.).
5. Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. Астана: «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014.
«ГЛОССАРИ» (131-б.).
6. Құдайбергенева К.С. Мектептегі іс-əрекетті зерттеу. Алматы, 2013. (3-б.).
7. Касбаева Г.К. Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі, №5/6, 2013, (48-б.).
8. Жартынова Ж.А. Интерактивті оқыту əдісін қолданып сабақты жоспарлау жəне
басқару. Алматы, 2014. (3-б.).
9.
Қошқарбаева Г.С., Ешимова А.Б. Білім жүйесіндегі қоғамдастықтың маңызы.
«Number one» желілік қоғамдастығы. http://zkoipk.kz/confnis3s/735-conf.html. (24.09.2014).
10.
Самат Е., Əмірханова С. Көшбасшылық жəне желілік қауымдастық.
http://www.baq.kz/regional_media/post/58067.
50
КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫН
ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Абиева Г. У.
М.Мəметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Бұл мақалада толеранттылық туралы жалпы мəлімет беріледі.Колледж студенттерінің
толеранттылығын дамыту жолы қарастырылады.
Аннотация
В этой статье даны общие сведения о толерантности.Рассмотрены пути развития
толерантности среди студентов колледжа.
Abstract
This article about the means of tolerant.It deels how to develop the tolerant of the college
students.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан Халқына Жолдауында(15 желтоқсан, 2012) аталған өзекті мəселенің бірі - заман
талабына сай құзыретті, білікті мамандарды қалыптастыру мен даярлауда білім мен
ғылымды жаһандық интеграциялау арқылы «бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның
іргетасына,қазақстандық толеранттылықтың негізіне айналдыру» деп оқу орындарына
үлкен міндет жүктейді.Толеранттылық кешенді феномен ретінде адамның өзіне, қоршаған
ортаға қарым-қатынасын анықтайды. Осы тұрғыдан алғанда толеранттылық - əлеуметтік-
мəдени жүйенің құндылығы болып саналады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазақстандық патриотизмге,
толеранттылыққа, биiк мəдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге
тəрбиелеу отандық білім беру жүйесінің негізгі міндеттері ретінде көрсетіледі. Яғни, білім
беру мазмұны адамдардың нəсілі мен ұлтынан, мəдени жəне конфессиональдық белгілерінен
тəуелсіз олардың арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа, тұлғаның
жалпыадамзаттық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Толеранттылық мəселесін
елбасымыз Н.Ə.Назарбаев халыққа жолдауында ерекше атап өтті: «Біз əркімнің ар-ұжданы,
абыройы мен беделі қадірленетін, мəртебелі мораль, этикалық негіздер мен рухани
құндылықтар ірге тепкен қоғам құруымыз»,-деді. «Толеранттылық» терминінің мағынасын
терең талдап, құрылымын білу үшін ресми құжаттарға да назар аударайық. 1995 жылғы 16
қарашада
ЮНЕСКО-ның
Бас
конференциясының 5.61 қаулысымен
бекітілген
«Толеранттылық
принциптері
декларациясында»
келесі
анықтама
ұсынылады:
«Толеранттылық – біздің əлемнің өте бай мəдени көптектілігін, біздің өзіндік анықталу
формаларымыз бен даралығымызды көрсету тəсілдерін құрметтеу, қабылдау жəне түсіну.
Оған ашықтық, білімділік, қарым-қатынас, ой, ар-ұят еркіндігі əсер етеді. Толеранттылық –
бұл біреуге орын беру, мойынсұну емес».
Көпұлттылық жағдайында педагог мамандар
өзінің кəсіби іс-əрекетінде «басқа», «бөтен», əртекті ортада жұмыс жасауға дайын, басқа
мəдениеттің құндылықтарын құрметтеуге қабілетті болуы тиіс. Сол себептен оқу-тəрбие
51
процесінің объектілері мен субъектілерінде толеранттылық қалыптастыру қажеттігі
туындайды. Осы қажеттілікті қанағаттандырудың бір жолы – педагог мамандарды кəсіби
даярлау барысында толеранттылықты қалыптастыру жəне оның деңгейін көтеру міндетін
шешу болып табылады. Ал педагогикалық сөздіктерде бұл ұғымға «қайсыбір жағымсыз
факторға жауап əрекеттің болмауы не бəсеңсуі; оның əсеріне сезгіштіктің төмендеуінің
нəтижесі» деген анықтама беріледі. Жалпы алғанда, толеранттылықтың негізі -өзінің
«басқаға, бөтенге» қатынасын бақылау болып табылады. Бұл күнделікті кездесетін,
тұрмыстық деңгейден бастап кəсіби қарым-қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын
мəселе болып саналады. «Толеранттылық» терминін саралау барысында ғалымдар арасында
елеулі қайшылықтар туындайды. Біраз жағдайда оны тікелей «төзімділік» сөзімен
байланыстырады. Қазақ тілінде «төзім» сөзі «шыдам», «сабыр», «тағат» мағынасында да
қолданылады. Яғни, «төзімді болу» - басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексіз төзу,
шыдауды білдіреді. Толеранттылық ұғымына педагогика ғылымы тұрғысынан түсініктеме
беруге əсіресе соңғы онжылдықта Г.Д. Дмитриев, А.В. Логинов, А.С. Меньшиков, В.В.
Самсонов, М.Б. Хомяков, Дж. Грей, Б. Берри, М. Мараверс, М. Уолцер, т.б. тарапынан үлкен
қадамдар жасалды. Дегенмен, философиялық, психологиялық жағынан бұл құбылысты
зерттеудің ертеректе басталғанын атап өтпей болмайды. Оның үстіне бұл термин қазіргі
мағынасында батыста ертерек қолданыла бастады, оның себебін демократиялық үрдістердің
онда бұрын жүргенінен көруге болады. Толеранттылық түсінігінің бостандық, сəйкестік,
теңдік феномендерімен тығыз байланысы өткен ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ осы
салада зерттеу жүргізген шетелдік ғалымдардың еңбектерінде оны үнемі назарда ұстауға
мəжбүрледі. Дегенмен, алғашқы кезде оның діни аспектісіне ғана көңіл бөлінді. Тек кейінгі
уақытта ғана оның саяси, гендерлік, жастық, этникалық аспектілері жан-жақты қарастырыла
бастады. Философиялық тұрғыда Уолцердің көзқарасын қабылдауға болатын болса, ол
педагогикалық құбылыс ретінде толеранттылықтың мəні үшін тым ауқымды, кең болуы
мүмкін. Негізінен алғанда бұл бес анықтаманы толеранттылықтың даму деңгейлеріне
сəйкестендірген жөн.
Қазақстан Республикасы тарихи даму жағдайында көп ұлтты мемлекет ретінде
қалыптасты. Тарихтың əр кезеңінде біздің республикамыз түрлі себептермен көптеген ұлттар
мен ұлыстардың Отанына айналды. Яғни, Қазақстан қоғамы этникалық əртектілігімен
ерекшеленеді. Қазіргі кездегі əлемде орын алған əлеуметтік, дінаралық, ұлтаралық, т.б.
қақтығыстар өршіп тұрған жағдайда ғалымдар тарапынан оны қалыптастырудың жолдарын
іздеуге ерекше көңіл бөлінуі заңды.
Жалпы тұлғада толеранттылықтың қалыптасуы үшін ол рухани дамудың белгілі бір
сатыларынан өтуі тиіс, ал ол педагогикалық проблема болып табылады. Сондықтан 1995
жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ға мүше елдер қабылдаған «Толеранттылық принциптерінің
Декларациясында» білім беру саласында толеранттылық идеясын насихаттауға басымдық
берілген. Педагогика ғылымында оның саласы ретінде «толеранттылық педагогикасы» даму
үстінде, онда толеранттылықтың мəнін зерттеу жəне оны əлеуметтік норма, əлеуметтік
құндылық ретінде практикаға ендіруге негізгі көңіл бөлінеді. Мəселе төңірегіндегі
педагогикалық-психологиялық əдебиеттермен танысу барысында толеранттылық жəне оны
қалыптастыру проблемасының философиялық, психологиялық, əлеуметтану, этикалық
жақтарын қарастырумен қатар оның педагогикалық аспектілерінің біршама зерттелгендігін
байқадық. Мəселен, ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы гуманистік жəне
антропологиялық (К. Ясперс), биогенетикалық (С.Холл) жəне психотерапевтикалық (Дж.
Дьюи жəне басқалар) бағыттар өкілдері толеранттылық қарым-қатынас табиғатына талдау
жасаған. Қоғамдық өмірдегі толеранттылықтың орны мен ролі туралы
52
қағидалар Б.С. Гершунский, В.А. Лекторский, А.Н. Леонтьев, М. Мчедлов, А.В. Петровский,
В.А. Тишков, О. Хеффе, т.б. еңбектерінде кездеседі. Бұл авторлар негізінен
толеранттылықтың əлеуметтік-мəдени жəне этникалық сипаттарына көңіл бөледі.
Дегенмен,
толеранттылық
қарым-қатынас
мəселесінен
бастап
педагог
толеранттылығының педагогикалық іс-əрекеттің табыстылығына əсеріне дейін қарастыратын
осы жəне басқа да зерттеулерді талдау кəсіби даярлық барысында болашақ педагогтардың
этникалық
толеранттылығын
қалыптастыру
мəселесінің
жеткілікті
деңгейде
зерттелмегендігін көрсетті. Ал оны қалыптастырудың маңыздылығы полиэтникалық
жағдайда дау тудырмас мəселе. Казіргі жаһандасу кезеңінде түрлі қоғамдар арасындағы
толеранттылықтың белең алып келе жатқанын көріп отырмыз. Дегенмен де, бұл ұмтылыстың
əліде толық жоғарыда айтылған анықтамаға сай толеранттылыққа айналуына біраз еңбек
сіңіруіміз керек. Студенттерді толеранттылыққа тəрбиелеу мен өмірлік ұстанымын
қалыптастыру мақсатында оқыту мен тəрбиелеу үшін жеке тұлғаға бағытталған жұмыс
жүргізілуі тиіс. Бұл студенттер арасындағы тəрбие жұмыстарын адамдарға ортақ
құндылықтарды: түрлі идеологиялы көзқарастарға, қоғамдық-экономикалық жағдайларға,
саясатқа, мəдениетке, діни нанымдарға жəне төзімділікті қалыптастыруға бағыттаудан
тұрады. Ізгілікті қоғамда білім мекемесі тəрбиеленушінің бойында өзара бір-біріне, ата-
анаға, айналасындағыларға деген сыйлы қатынасты; жасы үлкен адамдармен жас балаларға
қамқор болу, көмек беру; табиғат пен қоршаған ортаны қорғау ниетін тəрбиелеуі тиіс.
Мұндай тəрбиенің іргетасы отбасында ұлттық тəрбие беру арқылы қалыптасады.
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы «Жастардың төл
мəдениеттен нəр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал
мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға-
Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс» - деп көрсетілген.
Толеранттылық тек əлеуметтік климат, тұлғааралық қарым-қатынас, саясаттың
дамуына ғана əсер етпейді, оның көкейкестілігі міндеті қазіргі заман адамы мен оның
тəрбиесіне бағытталған. Толеранттылықтың негізі ретінде білім алушы мен оқытушының
педагогикалық қарым-қатынасын алсақ болады. Мұнда мəдениетке, ұлтқа деген тəрбиеге,
тұлғаның өзін көрсете алуына мəселелері қарастырылады.
Қазiргi уақытта барлық ұстаздардың алдында оқушы бойына толеранттық
сапаларды қалай сіңіруге болады деген үлкен сұрақ тұр. Білім алушының еліне, Қазақстан
болашағына деген азаматтық көзқарасы қалыптасуы қажет. Өз туған жерін сүймейтін адам өз
халқының тарихы мен мəдениет білмейді, өз елінің патриотты азаматы да бола алмайды.
Отанды өз үйіне, ауылына, туған жеріне, өмір сүріп жатқан қоғамға теңеуге болады. Өз жəне
өзге ұлт өкілдерінің өткені мен бүгінгі мəдениеті, ғылым жəне өнер саласындағы
мақтаныштарымен таныстыру қажет. Қазіргі біздің қоғамға жеке тұлғаның шығармашылық
ойлау стилінің тұрақты компоненттерінің интелектуалды жəне психологиялық даму жүйесі –
озық педагогика қажет. Осыған байланысты тəрбие жұмыстары барысында студенттерді
өз Отанын, туған жерін, өз халқының мəдениетін құрметтеуге тəрбиелейді.
Студенттерді
толеранттылыққа тəрбиелеуде тəрбие жұмысының маңызы зор. Осы орайда студенттерді
толеранттылыққа тəрбиелеу барысында ұлттық-мəдени құндылықтарды негізге ала отырып
іске асыру өзекті болуда. Толеранттылыққа тəрбиелеу - басқа өмір салтына,
көзқарасқа,құндылықтарға деген төзімділікке тəрбиелеу. Сыныптан тыс сабақтар, ұжымдық
шығармашылық жұмыстар тəрбиеленушірдің өзгелерге деген төзімділігін, кез келген жаңа
ортаға тез үйреніп, қалыптасуына мүмкіндік береді. Толеранттылыққа тəрбиелеу барысында
келесі бағыттарды қарастырған жөн:
53
1. Барлық адами қасиеттерге сыйластықпен қарау;
2. Əрбір адам – бірегей тұлға екенін түсіну жəне адамдар арасындағы айырмашылықты
сыйлау;
3. Өзара толықтыру принципін дамудың негізгі белгісі ретінде түсіну. Студенттердің
əртүрлілігі бірін-бірі толықтыратын элемент екендігін өздері түсінуі керек.
4. Өзара тəуелділік принципін заманауи іс-əрекет негізі ретінде қолдану керек.
Студенттерді мəселені біріге шешуге жəне тапсырманы орындау барысында өзара
төзімділікке үйрету;
Студенттерді толеранттылыққа тəрбиелеуде топ жетекшісінің маңызды зор. Топ
жетекшісі топтағы студенттердің жас ерекшелік, ұлттық индивидуалды ерекшеліктерін,
əрбір студенттің топпен қарым-қатынасын ұйымдастырушы. Студенттерді
толеранттылыққа тəрбиелеуде топ жетекшісінің жұмысы адекватты болып табылады, себебі
индивидуалды жəне эмоционалды күшке ие. Сонымен қатар тұлғааралық, ұлтаралық қарым-
қатынастың ұясы болып табылатын студенттер тобымен жұмыс жасайды. Студенттерді
толеранттылыққа тəрбиелеудің əсерлі болуына олардың ұжымда бірлесе жұмыс жасауы əсер
етеді. Студенттердің бойындағы толеранттылықтың эффективтілігі ұлттық жəне ұлтаралық
сферадағы мінез-құлықтық дағдының жəне сенімнің, білімнің қалыптасу тұрғысынан
қаралуы керек. студенттеріне толеранттылыққа тəрбиелеу үшін күрделілік деңгейіне қарай
дəстүрлі жəне дəстүрлі емес формадағы жұмыс əдістері қолдануға болады.
Толеранттылықты қалыптастыру күрделі үрдіс. Мұнда психологтың көмегінсіз
болмайды. Ең алдымен психологтың көмегіне жүгінеріміз анық. Яғни тұлғаның
толеранттылық деңгейін диагностакалаусыз оны қалыптастыру жұмысын жоспарлау мүмкін
емес. Сондықтан психолог түрлі əдістерді пайдалана отырып тұлға толеранттылығының
қалыптасу деңгейін анықтап беруі шарт.
Осы орайда студенттердің басқаның көзқарасына
деген шыдамдылығын жəне оған құрметпен қарау деңгейін анықтау үшін « Толеранттылық»
тестін жүргіздік. Бұл тестің басты шарты: ойланбастан, тез жауап беру болып табылады. Бұл
тестте студенттердің қоршаған ортасына деген қатынасын анықтауға арналған сұрақтар
қолданылды. Студенттердің берген жауаптары олардың өз көзқарастарын нық қорғай
алатындығын, диалог жүргізуге дайын екендіктерін көрсетті. Дегенмен кейбіреулері өз
көзқарасын біреуге жүктейтіндігін немесе басқа адамдармен тіл табысуға кедергі
болатындай мінездер танытатындарын жасырмады. Бала тəрбиесінде ата-ананың алатын
орны өте зор. Ата-ана мен балалар арасындағы толеранттылық қарым-қатынас жасау
мəселелеріне келетін болсақ, баланың мінезін жақсы түсіну үшін, ең алдымен, оның дамуына
жəне оған не нəрсе қажет екенін білу керек. Ол үшін біз ата-аналарға арналған
А.Ю.Монахованың « Өз балаңызды түсінуге тырысаcыз ба?» атты тестті құпия түрде
өткіздік. Сондай-ақ, ата-аналар мен
студенттер арналған Н.И.Дереклееваның
«Толеранттылық – адамгершілік мəдениетінің бөлігі ме?» атты сауалнаманы өткіздік.
Сауалнамада толеранттылық пен патриоттық тəрбие туралы мəселелер қамтылған,
Соңында сауалнаманың нəтижесі бізді қатты қуантты, өйткені ата-аналар да, оқушылар да
өзге ұлттарға сыйластықпен жəне мейірімділікпен қарайтындығы көрінді.
Толеранттылықты нығайтудың тағы бір жолы адам құқығын жүзеге асыру кезінде
байқалады. Толеранттылық тəрбие саласында жарқын мінезділік, мəдени ерекшеліктерге
қызығушылығы, əр түрлілікті мойындауы, əділетсіздікті жеңуге ұмтылу жəне
келіспеушіліктерді шешу қабілетімен баяндалады. Педагогикалық толеранттылық бұл –
оқытушының өз тəрбиеленушілерінің бойына жақсы қасиеттерді сіңіру барысындағы
«шыдамдылық пен кешірімділігі» ғана емес. Көп жылдық тəжірибе, оқытушының
54
педагогикалық толеранттылығы оның педагогикалық жұмыстар негізіндегі əр түрлі
«механизмдермен» байланысында ғана тиімді екендігін көрсетіп отыр. Колледж
студенттерінің толеранттылығын дамыту жұмыстары сабақтарда, сабақтан тыс тəрбиелік іс-
шаралар барысында жүзеге асады.
Қорыта келе сөзімді
толеранттылық мəселесі туралы елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы: «Біз
əркімнің ар-ұжданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мəртебелі мораль, этикалық негіздер
мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құрудамыз», - деген сөзімен аяқтаймын.
Əдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға
дейінгі тұжырымдамасы. edu.gov.kz
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. edu.gov.kz
3.Гершунский Б.С. Толерантность в системе ценнотно-целевых приоритетов образования //
Педагогика. – 2002. – № 7. – С.3-10.
4.Медведев Н.П. Толерантность и образование: грани соприкосновения//Качество
образования как социальная проблема: Материалы научной конференции. – Ставрополь,
2002. – С.307.
5. Гилфорд Дж. Три стороны интеллекта: Психология мышления. – М.: Прогресс, 1959. – 531
с.
6.Толеранттылықты қалыптастырудың кейбір педагогикалық мəселелері/ Ұлт тағылымы. –
2008. –№ 2. – С.23-27.
7.Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастырудың деңгейлері//
Ізденіс – 2008. –№ 4(1). – С.203-209.
55
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН АРТТЫРУДА ФОРМАТИВТІ
БАҒАЛАУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Абильдаева А. К.
№69 орта мектеп
Қызылорда облысы, Арал ауданы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада формативті бағалаудың ерекшелігі, бағалау техникасы қарастырылған. Сабақ
барысында оқушылардың өзін-өзі бағалауы, топтағы жекелеген оқушылардың оқу нəтижесін
бағалаудың үлгілері келтірілген. Оқыту үшін бағалау тиімді оқытудың негізі болып
табылады.
Аннотация
В этой статье рассматриваются особенности оценивания для обучения и техника
оценивания. Приводятся примеры самооценивание, так же оценивание результатов обучения
каждого ученика. Оценивание для обучения является основой эффективного обучения.
Abstract
This article considers the peculiarities of assessment for learning and the technique of
assessment. The examples of self-assessment during the group work. Assessment for learning is
considered to be the basis of effective teaching
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған
мелекеттік бағдарламасында көрсетілгендей енді аз ғана уақытта он екі жылдық білім беру
моделіне көшетініміз айқын. Білім берудің жаңа моделіне көшу дəстүрлі оқыту мен
бағалауға өзгеріс енгізу қажеттігін туғызуда. Себебі ХХІ ғасыр оқушысы тəуелсіз, өзін-өзі
уəждемелейтін, қызығушылық таныта білетін, сенімді, сыни ойлауы дамыған, сондай-ақ
қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей білетін оқушы, ал осы деңгейге жеткізу үшін
дəстүрлі бағалау мен оқыту жеткіліксіз.
Соңғы жылдары еліміздің білім беру жүйесінде көп өзгерістер болуда. Соның бірі
оқушылардың білім-білігі, дағдысы мен жетістігін бағалауда сапалы өзгерістер енуде.
Бағалау жүйесіне өзгеріс енгізу қажеттігінің бірнеше себебі бар:
Дəстүрлі бағалау тек мұғалім тарапынан ғана жүргізіледі.
Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдысы қалыптасуына толық мүмкіндік бере
алмайды.
Оқушыларды жекелей оқытуға қиындық тудырады. Əр оқушының оқу жетістігін
жекелей бақылап, бағлауға, алғашқы нəтижесімен кейінгі оқу жетістіктерін салыстыруға
мүмкіндік бере алмайды.
Көбіне оқушыға кері əсер ететін тұстары да бар. Бағалау мұғалім қолындағы
психологиялық қысым көрсететін құрал сияқты . Бұл тек балаға ғана емес, ата-анаға да
бағытталған қысым десек болады.
Оқушының нақты білім дəрежесін анықтай алмайды. Нені жақсарту қажет, бала өз
білімін көтеру үшін қалай жұмыс істеу керек екенін анықтай алмайды.
Мұғалімдер оқушы жетістігінің сапасын емес, көпшілік жағдайда орындалған
тапсырмалардың көлемі мен формасын бағалайды.
56
Оқушыларды бір-бірімен салыстырмалы бағалап, олардың өзіндік уəжденуімен,
белсенділігін кемітеді. Жақсы оқитын оқушылардың одан əрі білімінің жетілуіне, ізденісін
арттыруға , дамытуға мүмкіндік бермейді.
Оқушыларда қорқыныш сезімі болады.
Бағалаудың осы кемшілігі оқушылардың оқу жетістігін арттыру мен қатар жағымсыз
жағын болдырмайтын бағалаудың жаңа түрі қажет екенін көрсетті.
Жаңа бағалау түріне формативті бағалау немесе қалыптастырушы бағалау(оқыту үшін
бағалау) деп те аталатын бағалау түрін жатқызуымызға болады. Оқыту үшін бағалау –бұл
білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек
жəне қажетті деңгейге қалай жету керек екндігін анықтау үшін оқушылар мен олардың
мұғалімдері қолданылатын мəліметтерді іздеу жəне түсіндіру үдерісі[1,25-б]. Формативті
бағалау мұғалімге оқушының нақты білім дəрежесін анықтауға, нені қалай жақсарту
қажеттігін анықтауға мүмкіншілік береді, оқушының білім жетістігін ерте бастан түзетуге
көмектеседі, оқушыға жауапкершілікті сезінуге жəрдемдеседі. Бағалаудың бұл түрі оқытуда
жеке тұлғаны дамытуға бағытталған принципі арқылы жүзеге асады. Формативті бағалаудың
дəстүрлі бағалаудан өзгешелігі: көпқұрылымды, көп құралдары бар, барлық оқушыларға
түсінікті, ең бастысы психологиялық жағынан жағымды.
Мақсаты: мұғалім мен оқушының оқу процесіндегі əрекетін түзету. Міндеті: іс-
əрекетті түзету арқылы мұғалімнің оқушымен бірлесе отырып оқу нəтижелерін жақсарту.
Формативті бағалауды қолданудың тағы бір ерекшелігі: бағалау түрі күнделікті, əр сабақ
сайын қолданылады, яғни мұғалім де, оқушы да білім алу сапасына оқытудың ерте кезеңінен
бастап ықпал жасай алады. Сонымен қатар Формативті бағалау мұғалім үшін де, оқушы үшін
маңызды, себебі оқушыны басқа оқушымен емес, өз жетістіктері мен табыстарын салыстыру
арқылы өзіндік уəжденуімен, белсенділігі арттырады.
Мектепте математика сабағында формативті бағалау жүргізу оқытудың сапасын
арттырады. Математика сабақтарында формативті бағалаудың түрлі техникаларын үнемі
қолданып отырдым.
Соның ішінде жиі қолданған техникалар мен оқушыларға ұнаған бағалау түрлерін
бөліскім келеді. Ең алдымен мен 6,7 сыныптарға математика сабақтарында «формативті
тест» техникасын қолдандым. Формативті тест- Мұғалім оқушыларды топқа бөледі. Əр
оқушыға тест сұрақтары жазылған парақтар мен жауап парақтары таратылады. Оқушыларға
тест сұрақтарын талқылауға мүмкіндік беріледі. Содан кейін оқушылар өз беттерінше жауап
парағын толтырады. Əр оқушының баллы жеке есептеледі. Оқушыларға олардың өздері
дұрыс деп есептеген жауаптарын белгілеуге мүмкіндігі бар екенін алын ала ескерту қажет.
Жекелеген оқушылар топ шешімімен келіспеуі мүмкін, топтық талқылауда қандайда бір
сұрақтың жауабына консенсус болу міндетті емес. Оқушылар уақыт біткенде топтың
жауабы ретінде бір жауап ұсына алады. Бұл əдісті сабақ басында өткен тақырыпты еске
түсіру үшін де сонымен қатар сабақ соңында жаңа білімді бекіту ретінде қолдануға болады.
Осы əдіске ұқсас келесі бағалау түрі Элективті (таңдаулы) тест - Мұғалім əрбір оқушыға
«А, В, С, D» əріптері жазылған кесінділерді таратады. Берілген тапсырмаға 20 секунд уақыт
беріледі, содан кейін барлығы бірдей жауап беруге, яғни дұрыс жауабы бар нұсқаны
көтеруге ұсынады. Мысалы: дұрыс тұжырымдаманы анықтаңыз.
А. Параллель түзулер тік бұрыш жасап қиылсады
В. Қиылысатын түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады.
С. Берілген түзуге берілген нүктеге бір ғана параллель түзу жүргізуге болады.
D. Берілген бір нүкте арқылы бір түзу жүргізуге болады.
Мұғалім дұрыс жауапты түсіндіріп, дəлелдеуге мүмкіншілік береді.
57
Бұл жұмыс түрі оқушылардың түсінігі мен білік деңгейін, сапасын анықтауға
көмектеседі. Сол арқылы мұғалім алға қарай жылжуға бола ма, əлде бұл тақырыпқа əлі
тоқталу керек пе деген сауалды шешеді. Сонымен қатар тестті оқушыларға ұсынудың да
өзіндік ерекшеліктеріне мəн беріп отырдым. Мысалы АКТ-ны пайдалану арқылы тест
бағдарламаларын жəне флипчарттарды қолдандым. АКТ көмегімен тест орындау
оқушылардың қызығушылығын арттырды. Келесі сабақтардада осындай тапсырмалар
орындауды сұрайтын болды.
Сабақ соңында қолданылған техниканың бірі Карточка индексі (қайталау немесе
сұрақтар қою үшін) - Белгілі бір тақырыпты аяқтаған соң карточканың екі жағында да
жазылған тапсырмалар үлестіремін.
1 беті: өткен тақырып бойынша түсінген негізгі идеяларды тізбектеп жазыңыз.
2 беті: өткен тақырып бойынша нені түсінбегендеріңіз жайлы жазып, сол бойынша
сұрақ қойыңыз. Бұл оқушылардың өтілген тақырыпты қаншалықты игергендігін жəне
қандай мəселелерге қайта тоқталу қажет екенін анықтауыма мүмкіндік берді. Сонымен бірге
сабақ барысында оқушыларға дер кезінде көмек көрсетуге «үш минуттық пауза», «бір
минуттық пауза» техникаларын қолдану тиімді. Үш минуттық пауза – оқушыларға үш
минуттық кідіріс жасап , сабақтың идеясын, жаңа түсініктерді алдыңғы материалмен,
білімдерімен тəжірибесімен байланыстыруға, жəне түсініксіз тұстарын анықтауына уақыт
беремін. Оқушылар мына тіркестерді пайдаланып өз ойларын айтып отырды.
Мен ... туралы пікірімді өзгертім.
Мен .... жайында көбірек білдім.
Мені .... таңқалдырды.
Мен .... сезіндім.
Мен бұрын ..... ойлайтынмын.
Достарыңызбен бөлісу: |