Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет3/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113

Əдебиеттер тізімі 

1. Пахамова Е.М. Педагогикалық тəжірибені меңгеру жəне тарату \\Методист. 2005. № 2.

2. Селевко  Г.К.  Альтернативті  педагогикалық  технологиялар \\ҒЗИ  мектептегі

техологиялар, 2005. 224-б.

3. Селевко  Г.К.  Дидактикалық  жəне  əдістемелік  біліктілікті  арттыру  негізіндегі

педагогикалық технологиялар\\ҒЗИ мектептегі техологиялар, 2005. 288-б.

11


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТ САБАҒЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ 

ТҮРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

Абатова М. Ж. 

Жаңаөзен мектеп-гимназиясы 

Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау обысы  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Мақалада  мұғалім  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.  Назарбаевтың  биылғы 

Жолдауында ұстаздар қауымының алдына «Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін 

мектептерді  Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне  жеткізу  міндетін» 

қойғанын  айта  келіп,  оқыту  үдерісінде  критериалды  бағалаудың  мақсатына  тоқталады. 

Еліміздің  ертеңгі  болашағы - жас  ұрпаққа  өз  ана  тілін  меңгертуде    қазақ  тілі  мен  əдебиет 

сабағында  критериалды  бағалау  түрін  енгізудің  жолдары  мен  қолданудың  тиімділігін  өз 

тəжірибесі арқылы ашып көрсетеді.    



Аннотация 

В статье преподаватель, указав на послание этого года Президента Республики Казахстан 

Н.  Назарбаева  “В  среднем  образовании  надо  подтягивать  общеобразовательные  школы  к 

уровню преподавания в Назарбаев Интеллектуальных школах”, делает акцент на оценивание 

по  критериям.  Пути  внедрения  и  эффективность  использования  метода  оценивания  по 

критериям будут представлены на основе опыта обучения казахскому языку и литературы.  



Abstract 

In this paper the teacher demonstrates method of grading by criteria, emphasizing on this year’s 

message of President N. Nazarbayev to teachers where he said that «It is aimed to improve the 

standards of teaching in secondary schools to the level of the Nazarbayev Intellectual Schools». 

Relying on his experience the teacher shows ways and benefits of applying this method in teaching 

kazakh language and literature to the young generation of Kazakhstan.



 

Қазақстан  Республикасы  Президенті–Ұлт  Көшбасшысы  Н.Ə.Назарбаевтың 2014 жылғы 

14 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан 

халқына  Жолдауында: «Барлық  дамыған  елдердің  сапалы  бірегей  білім  беру  жүйесі  бар. 

Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 

2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 

100  пайыз  қамту  жоспарлануда.  Сондықтан  оларға  заманауи  бағдарламалар  мен  оқыту 

əдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін 

мектептерді  Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне  жеткізу  керек.  Мектеп 

түлектері  қазақ,  орыс  жəне  ағылшын  тілдерін  білуге  тиіс.  Оларды  оқыту  нəтижесі 

оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру 

болуға  тиіс»  деп  бүгінгі  таңда  ұстазға  жүктелер  міндеттің  маңызына  тоқталған  болатын.

 

Əлемде білім беру ісінің нəтижесін бағалай білудің өзіндік тəжірибесі қалыптасқаны белгілі. 



Бұл  ретте  оқушының  қаншалықты  білім  алғандығы  емес,  оның  алған  білімін  қаншалықты 

пайдалана  алатындығы  маңызды  болып  отыр.  Сондықтан  оқыту  жүйесіне  критериалды 

12


бағалауды  енгізудің  мақсаты:  мектепте  білім  беру  сапасын  көтеру,  мектеп  бітірушілердің 

білімін халықарлық стандартқа сəйкестендіру болмақ.  

Критериалдық  бағалау - бұл  білімнің  мақсаты  мен  мазмұнына  сəйкес  келетін, 

оқушылардың  оқу-танымдық  біліктілігін  қалыптастыруға  себепші  болатын,  айқын 

анықталған,  ұжыммен  шығарылған,  білім  процесінің  барлық  қатысушыларына  алдын  ала 

белгілі  критериялармен  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  салыстыруға  негізделген  процесс.



  

Сыныптағы  бағалау  тек  қана  техникалық  тəсіл  емес.  Мұғалімдер  жазбаша  немесе  ауызша 

түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана 

обьективті немесе жеткілікті дəрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, 

сондай-ақ  баланың  дамуы,  оқуы  жəне  уəжі  туралы  түсінік,  сонымен  қатар  өзін-өзі  бағалау, 

қабілеттілік жəне күш- жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Александер, 

2001 [Мұғалімге арналған нұсқаулық. 55-б.]. Баға баланы əрі қарай дамытуы үшін  күнделікті 

баға  «ынталандыру үшін» қойылу керек. Баға қою оқушыға əсер етеді, бағалауға өзі де қатыса 

алатындығын, өзінің де жеке тұлға екендігін сезінеді. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-

бірі бағалауы қызығушылық тудыратыны сөзсіз. Ал бұл əрекет –білім алуға түбегейлі ықпал 

етеді.  Балалардың  өздерін-өздері  бағалай  алуы  арқылы    өздерінің  оқуын  қалай  жақсартуға 

болатынын түсінеді. 

Мен    қазақ  тілі  мен  əдебиет  сабағында  суммативті  (жиынтық)  бағалау  тапсырмаларын 

орындатқан    кездегі  оқушылардың  білім,  білік  дағдыларындағы  өзгерістер  жайлы    өз 

тəжірибеммен бөліспекпін.   

Əр тарауды өткеннен кейін жиынтық бағалау   тапсырмаларын орындап болған соң,   А, 

В, С, Д, Е критерийлері бойынша берілген тапсырмалардың оқушыларға ауыр, жеңіл тигенін 

білу мақсатында рефлексия жаздырып отырдым.  Оқушылардың пікірін  білу маған қызықты 

əрі  өз  қызметімді  ары  қарай  жетілдірудің  тиімді  тəсілі  болды.  Гүлдана  есімді  қыз  өтілген 

тақырыптарды  шатастырғанына,  ұмытып  қалғандығына  өкініш  білдірсе,  кейбір  оқушы 

қиналғандығын, тапсырмаларды орындауға жетіспей қалғандығын жазыпты.  Оқушылардың 

басым  бөлігі    тапсырмалардың  ұнағандығын,  қиын  тимегендігін,  ал  кейбір  оқушылар 

тақырыпты  уақытында түсініп отырсаң, дайындалсаң жиынтық бағалау тапсырмалары қиын 

тимейтіндігін жазыпты (Егер берілген тапсырмалардың мазмұны оқушыларға ұнаса,олардың  

жүздерінде қуаныш, риза  болу көрінісі пайда болатынын байқадым). Ахмет Махамбет деген 

оқушым «Апай бізге мұндай тапсырмаларды тақырыпты ешуақытта ұмытпасын деп беретін 

сияқты»,-  деп  жазыпты.  Бір  оқушы  жиынтық  бағалау  тапсырмаларын  орындау  кезеңінде 

уақытты ұтымды пайдалану, əркім өз ойымен болып жатқан кезде сыныптағы тыныштықтың 

маңызын жазса,  бір оқушы  рефлексияда келесі тапсырмаларда өлең шығару немесе ой- толғау 

болсыншы  деген  ұсыныс  айтыпты.  Мен  бұған  ойланып  қалдым  жəне  оқушы  талабына 

қуандым.  Ал  Перизат  атты  оқушым  «Тарауды  аяқтаған  соң  орындайтын  сынақ-

тапсырмалардан жақсы баға алу үшін  күнделікті өтілген тақырыптарды міндетті үйренуге, 

дұрыс түсініп алуға, немқұрайлы қарауға болмайтынын  айтыпты. Егер тақырыпты уақытында 

меңгермесең  онда  суммативті  бағалауда  ешнəрсе  жаза  алмайсың»  депті.  Ал  келесі  оқушы 

«Əрине,  оқушылардың мұндай ойлары мұғалімді шабыттандырады, ары қарай жұмыстануға, 

зерделеуге ұмтылдырады. Тапсырмалардың бағдарлама талабына  жəне жас ерекшеліктеріне  

сай болуын көздеймін. Күрделірек тапсырма берген кезде оқушыға уақыт жетпей қалатынын 

тəжірибемнен  білдім.  5- сыныпта  əдебиет  сабағында    қорытындылаушы  бағалауда    А 

критерийі    (Білу)  бойынша  Ы.Алтынсариннің  «Дүние  қалай  етсең  табылады?»  əңгімесінің 

мазмұнын  жазуды  тапсырдым  жəне  сөз  санын  белгіледім.  Аз  сөзге  көп  мағына  сыйдырып, 

оқиғаларды  түгел  қамтып  жазу  көпшілік  оқушыларға  күрделі  болғандығын  білдім.  Бұл 

тапсырманы  орындау  барысында  балалардың  аса  мұқият,  ойлана  отырып  жазғандығын  

13


байқадым жəне сөздік қорын молайтуда, өз түсініктерін  байланыстыра жаза білуге үйретуде 

осындай  тапсырма  беру  керектігін  білдім.  Сабақ  кезеңінде  оқушылардың  өздігінен 

машықтанбаған тапсырманы қорытындылаушы сынақ- тапсырмада орындату бүкіл сыныптың 

төмен баға алуына себеп болады. Бұл оқушының қызығушылығына, ынтасына кері əсер етеді. 

Сондықтан  сынақ-  тапсырмада  орындауға    тиісті  білім-  білік  дағдылары  бағдарлама 

міндеттерін орындауды көздеуі тиіс. Сынып оқушыларының суммативті бағалаудағы жақсы 

көрсеткіші - күнделікті  білім-білік  машықтарының,  топтасып  білім  алудың,  бір-біріне  сын 

көзбен қараудың, білімдерін бағалаудың, ой еркіндігінің, бір- біріне үйретудің көрсеткіші.           

      Ата-  аналарды  да    сабаққа    кезек  қатыстырып,  қазіргі  оқыту  жүйесінде  бақылау, 

диктант жұмыстарын алудың үлгілерін көрсеттім. Олар балаларының орындаған жұмыстарын 

көріп, өз кездеріндегі оқытумен салыстырады, қазіргі балалардың сабақ кезеңіндегі еркіндігін, 

қазіргі білім берудің артықшылығын сөз етеді. Ал бақылау жұмыстарынан «Балам неге төмен 

баға алды?» деген ата- ана сұрағына оқушының жиынтық бағалаудағы жұмысын көрсетемін, 

ондағы ұпаймен есептелген бағалауды көріп, бағаның нақтылығына көз жеткізіп, ары қарай 

«Мен балама қандай көмек бере аламын?» деп кеңес сұрайды. 

Қазақ  тілі  мен  əдебиет  сабағында  шығармашылық  жұмыстарды  көптеп  орындату  (ой-

толғау,  мінездеме,  портрет  жазу,  шағын  эссе,  өлең  шығару,  ертегі  құрастыру,  əңгіменің 

тəрбиелік мəні мен негізгі ойын жаза білу)  оқушының сыни ойлай отырып жазу, сөйлеу тілін 

дамытады.  Сөздік  қоры  молайып,  өз  ана  тілін  еркін  меңгереді.  Ал  жоғарыдағы 

шығармашылық  жұмыстардың  əрқайсысына  арнап  жеке  критерийлер  бойынша  бағалау 

дескрипторларын дайындадым. 

 

 



Тəжірибе көрсеткендей формативті (қалыптастырушы) бағалауда бір критерий бойынша 

дескриптор дайындалып, ұпаймен бағаланатыны, күнделікті алған білімін меңгеру деңгейін 

анықтайтыны, жиынтық бақылау жұмысына дейін оқушының білімін жүйелейтіні, кездескен 

қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік беретіні анықталды. 

Оқытуды бағалау. (Жазба жұмысы. Диктант) 

Диктант 


(max 10) 

Бағалау критерийлері 

Ұпай

А 

Төменде көрсетілген талаптардың ешқайсысы ескерілмеген жағдайда. 0 



Тазалығы  талапқа  сай  емес,  каллиграфиялық  қателер  кездеседі, 

оқушының 3 түзетуі бар. Емледен 7, тыныс белгіден 5 қате жіберген 

Тазалығы  талапқа  сай  емес,  каллиграфиялық  қателер  кездеседі, 



оқушының 2 түзетуі бар. Емледен 6 қате, тыныс белгіден 4 қате жіберген 

Тазалығы  талапқа  сай,  бірақ  каллиграфиялық  қателер  кездеседі, 



оқушының 1 түзетуі бар. Емледен 5 қате, тыныс белгіден 3 қате жіберген 

Тазалығы  талапқа  сай,  бірақ  каллиграфиялық  қателер  кездеседі, 



оқушының 1 түзетуі бар. Емледен 4 қате, тыныс белгіден 2 қате жіберген  

немесе оқушы сол қателердің ішінде біртекті қателерді жіберген. 

Тазалығы талапқа сай, бірақ емледен 3 қате, тыныс белгіден қатесі жоқ 



немесе тыныс белгіден 1 қате 

Тазалығы талапқа сай, жазуы анық. Емледен 2, тыныс белгіден 1 қатесі 



бар. 

6-7 


Тазалығы талапқа сай, жазуы анық. Емледен 1, тыныс белгіден  қатесі 

жоқ 


8-9 

Еш қатесі жоқ, жазуы анық, таза жазылған, азат жол сақталған, түзету 

жоқ. Жұмыс талапқа сай орындалған. 

10 


14

Ұпайларды  бағаға айналдыру шкаласы 

Жинап алған ұпайлар саны 

Баға 

9-10 ұпай «5» 



6-8 ұпай «4» 

4-5 ұпай «3» 

2-3 ұпай «2» 

0-1 ұпай «1» 

 

 Суммативті (жиынтық) бағалаудың ерекшелігі: 

бір  тараудың,  модульдің  немесе  блоктың  соңында  білімді  қорытындылау  кезінде 

жүргізіледі; 

бақылау, сынақ жұмысы, тест, сұрақтарға жазбаша жауап беру т.б. түрінде алынады; 

мұғалім  əр  оқушының  өткен  шақтағы  білім  деңгейлерін  анықтап,  нақты  оқу  жетістігі 

анықталады; 

қай тақырыпты қайталау, қандай коррекциялық жұмыс жүргізу керектігін анықтайды; 

əр оқушының жеке ерекшелігін ескере отырып, оқытудың жеке траекториясы алынады; 

əрбір оқушының жеке дамуын бақылауға мүмкіндік беріледі.    

Ал  жиынтық  (суммативті)  бағалауда  оқушының  нақты  оқу  жетістігі  бағаланады. 

Жиынтық 

бағалау 


жұмысында, 

тест 


құрастыруда, 

ұпай 


санын 

белгілеуде 

М.М.Жанпейісованың  [Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы. 25-б., 81-

б.]  БЛУМ таксономиясының  барлық критерийлерін толық қолдануға тырыстым. 

 

Жиынтық бағалау.   8- сынып.   Қазақ тілі . 



Тарау: Сөйлем түрлері 

№  Критерийлер 

                      Тапсырмалар 

А (Білу)   max 10 



Диктант  

В (Түсіну) max 3 



Диктант мəтіндегі сөйлем түрлерін анықта. 

С (Қолдану)  max 3 



 Диалог құра. (Сөйлемнің 4 түрін қолдан) 

4 D 


(Талдау) max 3 

Мəтіндегі 1 сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 

Е(Жинақтау) max 6 



Тест сұрақтарын орында: 

1. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсетіңіз

А) жақты сөйлем В) толымды сөйлем С) сұраулы сөйлем  

Д) жайылма сөйлем Е) құрмалас сөйлем 

2. Сұраулы сөйлемді табыңыз 

А) Кейбіреулер ешнəрсе де істемейді. В) Сен ертең маған кел. С) 

Қонақтар ертең кетер. 

Д) Немене, менде ақшасы жоқ дейсің бе. Е) Кел, балалар, 

оқылық.  

3. Сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді? 

А) 5 В) 6 С) 7 Д) 4 Е) 2 

4. Лепті сөйлемді табыңыз. 

А) Пай-пай, қандай тамаша əн. В) Білім – адамның қанаты. С) 

Кімдер таратып, насихаттайды. 

Д) Қарлығаш сонда үйде жалғыз қалмақ па. Е) Айналайын, 

жастық уақытты бос өткізбе. 

5. Қуану, ренжу, аяу, кекету мақсатында айтылатын сөйлемнің 

түрін көрсетіңіз. 

А) Хабарлы сөйлем В) Сұраулы сөйлем С) лепті сөйлем 

Д) Бұйрықты сөйлем Е) Ашық сұрақты сөйлем 

15


6. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.

А) Несі тамаша В) Тарыңнан шамалы берші С) Қар жауды 

Д) Ойбай, қайда кетті Е) Табиғат қандай əдемі 

7. Бұйрықты сөйлемді табыңыз

А) Егіс көлемін көбейт В) Тіл қандай С) Сен енді бала емессің 

Д) Ал Марат ше Е) Бұл – тарихи жер 

8. Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?

А) Өкіну, қорқу, жирену, кекету мақсатында айтылатын сөйлем.

В) Дауыс ырғағының бəсендеу сазбен айтылатын сөйлем. 

С) Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатында айтылатын 

сөйлем. 

Д) Тек талап қою мақсатында айтылатын сөйлем. 

Е) Сөйлемнің соңында нүкте қойылатын сөйлем. 

9. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

А) Ойдың түсінікті болуы үшін айтылатын сөйлем. 

В) Қимыл иесінің күйін, қалпын, іс-əрекетін айқындауға жауап 

күтетін сөйлем. 

С) Сұрай айтылған сөйлем. 

Д) Адамның көңіл-күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлем. 

Е) Біреу я бірдеме туралы ойды екінші біреуге жай хабарлау 

мақсатында айтылған сөйлем. 

10. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

А) Балам, тоқташы В) Апырай, күннің суығын-ай С) Сен болған 

шығарсың 

Д) Аспан ашық Е) Алматы – оңтүстік астана  

Критериалды бағалауды тəжірибемде қолданудан түйгенім: білім берудегі өз іс-əрекетіңе, 

оқушы іс-əрекетіне сын көзбен қарап, үнемі ізденісте болып, зерттеу мен оқыту қатар жүретін  

бағалау түрі екендігін түсіндім. Бағалаудың ерекшелігі мен тиімділігі жайлы оқушылардан, 

əріптестерімнен сауалнама алдым. Бағалау өлшемдері мен Блум таксономиясына сай сынақ-

тапсырма құрастырудың шынайылығы мен əділдігі жөнінде оң пікірлерін білдім.  

Қорыта  келгенде  Елбасымыз  өз  жолдауында  «Қазақ  тілі  бүгінде  ғылым  мен  білімнің, 

интернеттің тіліне айналды. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мəңгілік 

Елімізбен бірге Мəңгілік тіл болды!»,-дейді.

 

Білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруде 



критериалды  бағалау  жүйесінің  ықпалы  өте  зор.  Ал  ана  тілін  жақсы  меңгерген  ұрпақ – 

еліміздің ертеңі, болашағы. 



Əдебиеттер тізімі 

1. Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына

Жолдауы. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  2014 жылғы 17 қаңтар. 

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Оқушыларды тыңдау жəне оларға жауап беру,  41-б.

3.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Оқыту үшін бағалау жəне оқытуды бағалау, 55-б.

4. Жанпейісова  М.М.  Модульдік  оқыту  технологиясы  оқушыны  дамыту  құралы.  Блум

таксономиясы,  81-б. 

5. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы. Тестілер

жəне оны құруға ұсыныстар,  25-б.  

6. balkhash.goo.kz/files/blog/1365648973213.ppt (2014. 09.)

16


КОМАНДАЛЫҚ ІС-ƏРЕКЕТЕГІ ЗЕРТТЕУДЕ ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС 

ІСТЕУДІ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА БОЛАДЫ? 

 Абдраманова Қ. С.,  

Джансугирова Ж. Д. 

Педагогикалық шеберлік орталығының  

Қызылорда қаласындағы филиалы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа  

Бұл  мақалада  авторлар  өздерінің тренерлік  тəжірибесімен  бөлісе  отырып,  мұғалімдерге 

зерттеу  дағдыларын  қалыптастыру  үшін  деректермен  жұмыс  моделін  ұсынады.  Бұл  модель 

деңгейлік  курс  тыңдаушыларына  мектептің  даму  жоспарын  жасау  үшін  аудит  жүргізуде 

деректермен жұмысты тиімді жоспарлауға көмектеседі. 

Аннотация 

В этой статье авторы на основе своей тренерской практики предлагают модель обработки 

данных в процессе проведения командного исследования в действии. Данная модель поможет 

развивать  исследовательские  навыки  у  слушателей  уровневых  курсов  при  планировании 

эффективной работы с данными аудита. 

Abstract 

In this article authors on the basis of the trainer's practice offer the model of data analysis in the 

process of the team action -research. This model will help to develop research skills of participants 

of the multi-level in-service training courses. It is useful to plan effectively the work with audit data. 

            Деңгейлі  бағдарлама  идеялары  аясында  қазіргі  таңда  Қазақстан  мектептерінде    іс-

əрекеттегі  зерттеу 1 жəне 2 деңгей  мұғалімдерімен  іске  асырылып  жатыр.  Өз  тəжірибесін 

жетілдірудің жаңа мазмұндағы бұл үдерісі зерттеудің жаңа қырларын меңгеруді қажет ететін 

маңызды да қиын  тəсіл екені белгілі. Қаншалықты біздің ұстаздардың зерттеуші-ұстаз болуға 

дайын  екендігі  бəрімізді  ойландырады.  Тренерлер  үшін  тыңдаушыларға  осы  зерттеудің 

мəнмəтіні  мен  тереңдігін  жеткізу  жəне  практик  зерттеуші    дағдыларын  қалыптастырудың 

тиімді  жолдарын  табу  өте  маңызды.  Теориялық  идеяларды  іс  жүзінде  тексеруді,  оқыту 

тəжірибесін өзгерту жəне бұл өзгерістің ықпалын бағалауды жəне практиктің кəсіби дамуын 

көздейтін  бұл  зерттеу  тəсілі  «педагогикалық  тəжірибені  жалпы  тұжырымдамалық  түсінуді 

жақсартуға мүмкіндік туғызып, соның негізінде практик-мұғалімде өзінің сыныптағы жұмысы 

жайлы өз теориясын құруға көмектеседі».(ІƏЗ,2012) Практик зерттеуінің мəні - өз тəжірибелік 

білімін үнемі толықтырып отыруында. Іс-əрекеттегі зерттеуде мұғалім сыныптағы жағдайды 

зерттеп,  оған  қатысты  болжам  жасай  алады.  Бұл  ретте  зерттеуде  ең  маңыздысы  жүйелілік, 

белгілі бір ситуацияның болу себебін анықтау үшін, қайталанып отыратын спираль тəріздес 

зерттеу  айналымы  қандай  да  бір  жағдаятты  жан-жақты  жүйелі  түрде  бақылап,  белгілі  бір 

қорытынды жасап, болашақтағы тəжірибемізді өзгертуге немесе бірнəрсені басқаша жасауға 

рефлексия жасай отырып, қорытындыға келеді. «Мəселені жақсырақ түсіну жəне тəжірибені 

жақсарту  мақсатында  өз  тəжірибесі  бойынша  іс-əрекеттегі  зерттеу  жүргізетін  практик-

мұғалімдер»  тұжырымдамасының  жақтаушылары  Левин,  Корей,  Зейнер,  Ноффки  (АҚШ), 

Стенхаузс,  Эллиот,  Раддок,  Сомех  (Ұлыбритания)  бұл  зерттеудің  негізгі  қағидаттары: 

17


тəжірибенің өзгеруі, практиктің жеке кəсіби өсуін көрсетеді деп атап көрсеткен.  

 

 



 

 Іс-əрекеттегі  зерттеудің  қарастырылған  проблемасына,  зерттеуге 

қатысқан  мұғалімдер  санына  байланысты      Ферранс (2000) атап  өткен      түрлерінен 

мұғалімдердің  бірлескен  іс-əрекеттегі  зерттеуіне,  яғни  командалық  зерттеуге  тоқталсақ. 1  

деңгей  мұғалімдерінің    мектеп  тəжірибесінде  енгізіп  жатқан    командалық  іс-əрекеттегі 

зерттеуі  əріптестер  арасындағы  ынтымақтастықтағы  əрекеттерге  жəне  зерттеушілік 

мəдениетке  тікелей    байланысты  екені  белгілі.  Белсенділік  танытып,  өзара  əрекеттестікте 

мəселелердің бірлесе шешімін табуға мұғалімдерді дайындау біздерге үлкен жауапкершілік 

артады.  Бұл  мақалада    деңгейлік  бағдарламалар  тренері  ретінде  өз  іс-тəжірибеміздегі 

мектепішілік  командалық  іс-əрекеттегі  белсенді  зерттеу  жүргізудегі  мұғалімдердің  аса  мəн 

беріп ескеретін, назар аударатын тұстарын қарастырғымыз келеді.  

Өзгеріс 


енгізер 

алдындағы мектептің бастапқы жағдайын, оның мүмкіндіктері мен əлсіз тұстарын анықтау өте 

маңызды.  Командалық  іс-əрекеттегі  зерттеуде  ақпаратты  жинауды  жоспарлауда  топ 

мүшелеріне рөлдің дұрыс бөлінуіне мəн берген жөн. Топқа тартылған мұғалімдердің ішінде 

коуч (1,2 деңгей мұғалімдері), мектеп əкімшілігінің өкілі, 3 деңгей мұғалімдерінен құралуы, 

ақпарттарды  жинақтауды  едəуір  жеңілдетеді.  Мектеп  бойынша  қандай  ақпараттар  алынуы 

керек,  қай  саланы  зерттеу  қажеттігін  команда  зерттеу  мақсатына  қарай  таңдау  жасайды. 

Дегенмен,  мектептің  ағымдағы  жағдайын  объективті  бағалау  жəне  зерттеу  фокусын 

ықшамдауда  деректерді  төмендегі  бағыттар  бойынша  жинау  тиімді:  мұғалімдердің  кəсіби 

дамуы, оқыту мен оқу үдерісі жəне көшбасшылық мəселелері. Сонымен қатар, зерттеу тобына 

деректерді  тиімді  жоспарлау  арқылы  зерттеу  мəселесіне  қатысты  ғана  деректерді  жəне  ең 

маңызды көздерді іріктеп алуға мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде маңызды емес деректерді 

жинаудың алдын-алады, зерттеу фокусынан тыс ақпараттарды талдаудан құтқарады, уақытты 

үнемдейді, зерттеу тобының деректерді жинауды сапалы жүргізуін қамтамасыз етеді. 

1.

 

Кəсіби даму бағытындағы жинақталған деректер арқылы мұғалімдердің кəсіби 



дамуы  қалай  ұйымдастырылғанын,  мектеп  көшбасшыларының  əріптестерді  оқытуы  қалай 

жүзеге асуда? Коуч пен менторлардың қызметі қалай жүргізілуде? Мұғалімдерге қандай əдіс-

тəсілдер үйретілуде, оларға тиімді керібайланыс беріле ме? Кəсіби даму қалай жоспарланған? 

Қандай  жоспарлау  əдісін  қолданады?  деген  сұрақтар  бойынша  осы  бағыттағы  маңызды 

мəселелерді анықтауға мүмкіндік беріледі. 

2.

 



Оқыту мен оқу үдерісі бойынша мұғалімдердің оқытуы мен оқушылардың білім 

алуы қалай жүзеге асуда, мұғалімдердің оқу бағдарламасынан күтетін болжамды нəтижесі мен 

шынайы оқушылардың жетістіктерінің алшақтығы мен сəйкестігі, оқушылардың белгілі бір 

пəн  бойынша  тек  білім  емес,  қажетті  дағдыны  қалыптастыруы,  бірлескен  оқу  ортасының 

қалыптасуы  мəселелері  бойынша  деректер  арқылы  мықты  тұстары  мен  əлсіз  тұстарын 

анықтай отырып, оқыту үдерісін бағалау. 

 

 

 



3. 

Мектеп 


көшбасшылығының  мəселелері  бойынша  мұғалімдердің  жоспарлау  үдерісіне  тартылуы, 

жетекші  мұғалімдерге  артылатын  жауапкершілік  қалай  ұйымдастырылған?  Мектептің  даму 

жоспарының мақсаттары мен атқарылған іс-əрекеттердің нəтижеге бағытталауы, басқару мен 

көшбасшылық мəселелері анықталады. Төмендегі кестеде деректерді жинауды жоспарлауда 

ескеретін мəселелер берілген: 

 

Зерттеу бағыты 



Дерек жинау əдісі 

Дереккөзі 

мен 

дəлелдемелер 



Деректі 

жинауға 


жауапты 

зерттеуші 

18


тобының 

мүшесі 


Кəсіби даму 

Сауалнама 

(Қанша 

мұғалім 


қатысады, кімдерден 

алынады?  Неліктен 

сол  мұғалімдерден 

сауалнама 

алу 

таңдалды?) 



Мұғалімдер, 

сауалнама 

қорытындысы 

Сұхбат 


(Қандай 

сұрақтар 

қойылады? 

Нені 


анықтағымыз 

келеді?) 

Коуч, ментор

Құжаттар:  коучинг 

жоспарлары, 

тəлімгерлік 

жоспарлары 

Мұғалімдердің 

кəсіби 

дамуының 



жоспарлары 

Коуч, 


менторлар, 

мектеп əдіскері 

Құжаттардың 

көшірмелері, 

сұхбаттың 

транскриптілері 

Оқыту  мен  оқу 

үдерісі 


Сабақтарға  бақылау 

жүргізу 


(қандай 

сыныптар 

бақыланады,  неше 

рет 


бақылау 

жеткілікті?) 

Оқушыны бақылау 

Оқушы 


портфолиосын қарау 

Сауалнама 

(қанша 

оқушы 


қатысады, 

нешінші 


сынып 

оқушылары, 

неліктен 

олар 


таңдалды?) 

Сабақ  жоспарлары, 

сабақты 

бақылау 


жазбалары, 

фото 


жəне бейнежазбалар 

Оқушы  жұмыстары, 

оқушыны  бақылау 

бойынша жазбалар 

Мектеп 

көшбасшылығы 



Мектеп  құжаттарын 

қарау: 


мектептің 

даму 


жоспары; 

мұғалімдердің  жеке 

құжаттары; 

портфолиолары; 

сұхбат 

(кімнен 


алынады? 

Қандай 


сұрақтар 

қойылады?) 

Құжаттардың 

көшірмелері 

Құжаттар  бойынша 

жазбалар 

Фотолар 

Сұхбат 


транскриптісі 

19


Жоғарыда  көрсетілген  үш  бағыт  бойынша  деректерді  жинақтау  арқылы  зерттеу 

командасы  мектептің  ағымдағы  жағдайы  жайлы  деректер  қоржынын  жасайды.  Деректерді 

жинақтап болғаннан кейін зерттеу тобы келесі сұрақтар бойынша кездесу өткізіп, деректерді 

талдауды жоспарлауы керек. Деректерді талдауды жоспарлау мектептің бастапқы жағдайын 

объективті  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Зерттеу  тобы  келесі  сұрақтарды  басшылыққа  ала 

алады: 1.Жинақталған деректер жеткілікті ме? 2. Алынған деректер жарамды жəне сенімді ме? 

3. Деректерді  қалай  талдау  қажет? 4. Зерттеу  тобының  əр  мүшесінің  рөлі  қандай  болмақ?

Зерттеу  тобы  осы  сұрақтар  бойынша  деректерге  шолу  жасаған  соң,  деректер  жеткіліксіз 

немесе  жарамды  болмаған  жағдайда  сапалы  деректерді  алудың  басқа  да  əдістерін 

қарастырады. Паттонның айтуынша (2001), шынайылық пен сенімділік – зерттеуді жобалау, 

нəтижелерді  талдау  жəне  зерттеу  сапасын  бағалау  кезінде  кез-  келген  сапалы  зерттеушіні 

толғандыратын факт. Деректер жеткілікті болған жағдайда «Оны қалай өңдеуге болады, бұл 

ақпараттарды мектепті дамыту үшін қалай пайдаланамыз?» деген сауалдардың қойылуы өте 

орынды.  Деректерді  интерпретациялау  үшін  үш  бағыттағы  алынған  деректердің  өзара 

байланысын  табу  керек.  Талдаудан  кейінгі  туындаған  қорытындыларды  мектептің  даму 

мақсатына  қалай  айналдырамыз,  өзара  байланысын  калай  табамыз?  Бұл  үшін  зерттеу  тобы 

деректерді  талдауда  төмендегі  схеманы  қолдануына  болады.  Ұсынылған  схема  деректерді 

логикалық санаттарға топтастыруға көмектеседі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет