Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет6/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113

Использованная литература 

1.

Бенин В.Л. Педагогическая культурология: Курс лекций: Учебное  пособие. –Уфа:



Изд-во БГПУ, 2004. -515с.

2.

Дымина Е.В. Мир ценностей и проблемы осмысления действительности. – М., 1999.



-12с

39


БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ: МҰҒАЛІМНІҢ КƏСІБИ ДАМУЫ ЖƏНЕ ОҚЫТУ 

САПАСЫ 

Абдуллаева  Б. Ə. 

Қызылорда қаласындағы №4 облыстық  

дарынды балаларға арналған мектеп-интернат 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Мектеп  оқушыларының  сындарлы  ойлауы,  өзіндік  ізденіс  пен  терең  талдау  машығын 

игере алуы, нəтижесінде мектеп бітірушінің  Ұлттық бірыңғай тесттен жоғары сапа көрсетуі 

үшін  мектептегі  əдістемелік  жұмысты  технологияландыру  қажеттілігі – қазіргі  оқыту 

үдерісіне  қойылатын  басты  мақсат.  Ол  үшін  мектептегі  əдістемелік  жұмыстарды 

ұйымдастыруды жаңғырту қажет. 



Аннотация 

           В статье рассматриваются новые технологии и методы организации методической 

работы в школах. Главная цель современного  обучения на сегодня  -  обеспечить   усвоение  

полиязычия выпускников   школ  в результате прививания учеников мыслить конструктивно, 

заниматься поискательными работами и глубоко обсуждать.  Для этого  нужно организовать  

обновление методических работ  и технологиий  в школах. 



Abstract 

           This article discusses new technologies and methods of  methodical work in schools. 

The main goal of modern education today is to provide multilingualism to school graduates, as a 

result of grafting pupils to think constructively, engage  into  self-searching and discuss deeply. 

Біздің  болашаққа  барар  жолымыз  қазақстандықтардың  əлеуетін  ашатын  жаңа 

мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді, 

денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? («Қазақстан жолы -2050: Бір 

мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан) 

Кəсіби,  мəдени  сапасы  жоғары,  шығармашыл,  жеке  тұлғалы  педагог  кадрлардың  көп 

болуы – қоғамның  өркениетті  дамуының  алғышарты.  Өйткені  ұлттық,  жалпыадамзаттық 

барлық  оқытушылар  мен  мұғалімдердің  жастарды  жаңалыққа,  ғылым,  білімге  бағыттап 

ынталандыруынан,  жастар  алдына  айқын  мақсат  пен  міндет  қойып,  нəтижелілік  сапаға  қол 

жеткізетін тиімді оқыту технологияларын қолданудан, қызығушылық мотивациясын тудыра 

білуден егіледі. Сондықтан да білім беру ұйымдарында  оқу-тəрбие үрдісін инновациялау - 

қазіргі көкейтесті мəселе.  

Қазақстан  Республикасында  білім  берудің  инновациялық  дамуы  турасында 

мемлекетіміздің Президенті Н.Ə.Назарбаев өзінің əр жылдардағы халыққа  Жолдауларында  

атап көрсетіп, инновациялық даму ұлтымыздың бəсекелестік қабілетін көтеретінін, ол үшін 

білім  деңгейіміздің  жоғары  болуы  қажеттігін  баса  айтуда. «Əлемдік  білім  кеңістігіне 

толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз, - дей 

40


келе,  реформалаудың  нəтижелерінің  бірі – жаңа  сатыдағы  педагогтың  өмірге  келуі,  уақыт 

талабына  сəйкес  болуы»,-  деп,  оқытушылар  мен  мұғалімдер  қауымына  айқын  міндеттер 

жүктеді.   

Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар.  Біздің елімізде де қоғам 

талабына,  сұранысына  сай  қазіргі  Қазақстанның  білім  беру  ұйымдарының  құрылымы  мен 

ұйымдастырылуы, мониторингтік қызметі икемді əрі өзгермелі болуда. Яғни, біздің еліміздің 

ұлттық  білім  жүйесінің  жаңа  үлгісі  оқушының  қабілет - бейімділігін,  қызығушылығын 

дамытуға бағытталып,  оның  өмірлік  жоспарларын  іске асыруға  негізделген  инновация  оқу-

тəрбие  үрдісіне  дендеп  енуде.  Дəстүрлі  оқыту  əдісінен  жеке  адамды  тұлғалық  дамытуға 

негізделген  технологияларды  зерттеу,  тəжірибеге  енгізу  бағдарламаларымен  жұмыстар 

жүргізіліп, мұғалімнің кəсіби, мəдени сапасына, педагогикалық, психологиялық, əдістемелік 

шеберлік  деңгейіне  жоғары  талаптар  қойылуда.  Бұл  талаптар  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  халыққа  арнаған  Жолдауларында,  Үкіметіміздің  Қаулы-қарарлары  мен 

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің мемлекеттік бағдарламаларында 

айқын көрініс тауып отыр.   

"Инновация"  деген  сөз "novus" латынның  жаңалық  жəне "in" енгізу  деген  сөзінен 

шыққан, ал оның қазақша аудармасы "жаңарту, жаңалық, өзгерту" деген мағынаны білдіреді. 

Зерттеуші ғалымдар Т. И. Шамова, П.И. Третъяковалардың еңбегінде "Инновация" дегеніміз 

-  жаңа  мазмұнды  ұйымдастыру,  оны  енгізудің  əдіс-тəсілі  мен  технологиясын  қамтитын 

құбылыс, - деп көрсетілген. Педагогикалық инновацияны зерттеуші ғалым Н. Нұрмағанбетов 

"Инновация 

білімнің 

мазмұнында, 

əдістемесінде, 

технологиясында, 

оқу-тəрбие 

жұмыстарының  түрлерінде,  тəсілдерінде,  оқу-тəрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруда,  мектеп 

жүйесін басқаруда көрініс табады", - деп, өзінің жіктемесінде инновацияның жеке түрі (жеке 

дара бір-бірімен байланыспаған), модульдік түрі (жеке-дара кешені бір-бірімен байланысқан), 

жүйелі (мекемені толық қамтитын) түрлерін көрсетеді.  

Зерттеуші ғалымдар пікірінде Отандық білім беру ұйымдарының қазіргі даму барысында 

инновациялық өзгеріс төмендегідей бағыттарда жүріп жатыр: 

- білім берудің мазмұнын қалыптастыру;  

-жеке тұлғаны дамытуға арналған жаңа əдістерді табу; 

- педагогикалық технология құру жəне оны жүзеге асырып үйрену т.б. 

Бұл  бағыттағы  білім  беру  мекемелерінде  жүріп  жатқан  инновациялық  ізденістер  оқу 

орнын  басқару  жүйесіндегі  əдістемелік  жұмыстарды  да  инновациялаумен  қатар  жүруде, 

дегенмен  əдістемелік  жұмыстарды  инновациялау  оны  жүргізу  технологиясын  тиімді 

жаңалауды  қажет  етеді.  Өйткені  бүгінде  педагог  кадрлардың  шығармашылық  деңгейін 

көтеріп,  дəстүрлі  педагогикалық  технологиядан  интерактивті  əдіс-тəсілді  қамтитын, 

оқытудың  жаңа  жəне  ақпараттық - коммуникациялық  технологиясы  мен  құралдарын 

пайдалана  отырып,  қоғамның  жеке  тұлғалы,  дамыған  адамын  тəрбиелейтін  маманға 

айналдыру  өзекті  мəселеге  айналған.  Сондықтан  мұғалімдер  қауымының  санасына  жаңа 

педагогикалық  инновация  мазмұнын  қалыптастырып,  олардың  кəсіби  білімі  мен  мəдениеті 

əлемдік  білім  мен  мəдениетке  теңестірілген,  іскер,  білікті  маман  ретінде  танылуында 

инновациялық тұрғыда ұйымдастырылған əдістемелік  жұмыстың орны ерекше.  

41


Əдістемелік  жұмысты  инновациялаудың  бір  түрі - оның  мазмұнының  логика 

құрылымдық схемасын жасау. "Педагогиканың логикалық - құрылымдық курсы" əдістемелік 

нұсқауының "Мектептану " бөлімінде мектептегі əдістік жұмыстардың логика-структуралық 

құрылымын берген туындыгер ғалым Г. Қ. Нұрғалиева мектептегі əдістік жұмыс мақсатын: 

"Педагогика  ғылымының  жетістіктерін  мектеп  практикасына  ендіру", -деп  көрсеткен. 

Сонымен қатар əдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен озат тəжірибені зерттеу жəне таратуға 

ерекше  мəн  берген.  Бұл  еңбекті  əдістемелік  жұмысты  инновациялық  тұрғыда  дамытуға 

арналған  ғылыми  сілтеме  құжат  деп  қарауымыз  керек.  Себебі  қазіргі  кездегі  оқу-тəрбие 

жұмысының нəтижелілігіне қол жеткізетін инновациялық əдістің бір түрі - жұмыс бағытын, 

анықталған басымдық берілетін түрлерін  модельдеу.  

Ғылыми-теориялық  модель - іс-əрекеттің  бағдаршамы.  Сондықтан  мектептерде  оқу-

тəрбие  үрдісінің  өзіндік  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  əдістемелік  жұмыс  бағытын 

модельдеу жүргізіледі.  

Əдістемелік  жұмыс  құрылымының    модельдік  бағыттарын  төмендегідей  етіп  алуға 

болады: 

 Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  стандартының  талаптарын  қамтамасыз  ететін



білім мазмұнын беру, жетілдіру  

 Оқытудың,  тəжірибе  жинақтаудың  жаңа  педагогикалық,  психологиялық,  денсаулық



сақтайтын оқыту технологияларын енгізу; оқу, практикада қолдану  сапасын арттыру 

 Оқу-материалдық, нормативтік-құқықтық базаны сауатты қолдануды ұйымдастыру



 Кадрлардың кəсіби, мəдени біліктілігін арттыру

 "Дарын", "Ізденіс",  «Педагогикалық  шеберлік»  т.б.  мектептерін  құрып,  ғылыми-



шығармашылық жұмысты жандандыру 

 Əдістемелік кабинет, "Əдістемелік қызмет" мектебі жұмыстарын тиімді жүргізу



 Білімді  бақылау  мен  бағалаудың  тиімді  жолдарын  іздестіру,  білім  бағалауды

технологияландыруды, критерийалды бағалауды  тəжірибеге ендіру 

 Мектепішілік бақылау жəне сапаға баға берудің объективті өлшемдерін жетілдіру



 Мұғалімдердің    ақпараттық-коммуникациялық  білім  мен  мəдениетін,  құзыреттілігін

жетілдіру 

Əдістемелік  жұмыста  логика-құрылымдық  материал  қосымша  ғылыми  ақпарат 

хабарлары  болғандықтан,  жан-жақты  сипаттап  жазуды  қажет  етпейді.  Сызба-модель 

əдістемелік жұмысты жүргізудің бағыттарын, түрлерін, жолдарын, əдіс-тəсілдерін, жоспарлау 

мазмұнын, мониторингтік қызмет құрылымын т.б. тірек - сызба түрінде ғылыми білім ретінде 

тез қабылдауға жəне ұзақ есте сақтап, қайта жаңғыртып пайдалана білуге мүмкіндік береді. 

Əдістемелік  жұмыстағы  модельдік  сызба  жұмысты  жоспарлау,  ұйымдастыру,  жүргізу, 

басқаруда тиімді əдіс болып табылады.  

Біздің  елімізде    ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын  жақсартуда  білім 

саласы  қызметкерлерін  жауапты  міндет  күтіп  тұр.  Ол – жалпы  білім  беретін  мектептерді 

Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту деңгейіне жеткізу міндеті. Егер əрбір білім беру 

ұйымында  əдістемелік  жұмыс  мазмұны  əр  мұғалім  үшін  тиімді,  қолжетімді,  нəтижегеге 

бағдарлай  жүйелі  ұйымдастырылса,  онда  жалпы  білім  беретін  білім  ұйымдарындағы 

мұғалімдердің педагогикалық табысқа жетуіне бірден – бір мүмкіндік болар еді. Мұғалімдер 

42


қауымынан  талап  етуден  бұрын,  оларға    алдымен  тиімді  бағытты  көрсетіп,  жұмыс 

мазмұнының бар жаңалығын нұсқасақ, кəсібіміз нəтижелірек болар еді. 

Осындай  басымдықтарды  басшылыққа  ала  отырып, 2013-2014 оқу  жылында  мектеп – 

интернатымыздың жұмыс тақырыбы -  Дарынды балаларға берілетін кешенді оқу мен тəрбие 

негіздерін  тереңдету  жəне  элитарлық  білімнің  функционалдығын  қамтамасыз  ету - деп 

алынып,  оқу  жылының  барысында  тақырып  аясында  жұмыс  жүргізілді.Тақырыпқа  сəйкес 

мектебіміздің алдында мынадай міндеттер тұрды: 

Білім  берудің  жаңа  бағдарламаларын,  оқу  жоспарларын,  мемлекеттік  білім  беру 

стандартын,  нормативтік  құжаттар,  əдістемелік    нұсқауларды  талдау,  игеру  жұмыстарын 

ұйымдастыру; 

 Оқытуды  ұйымдастырудың  жаңа  формаларын,  əдістерін  педагогикалық



технологияларды меңгеру жəне тəжірибеде қолдану; 

 Білім  бағалауды  технологияландыру,  мұғалімдерді  білім  бағалауда  объективтік



принцип ұстауға бағыттау; 

 Математика,  физика  пəндерін  оқушылардың  үлгірім  көрсеткіштерін  көтеру,



математика, физика жəне орыс тілі пəндері бойынша оқушылардың білім  сапасын арттыру; 

 Сынып журналдарының дұрыс жүргізілуін қадағалау мен бақылауды  ұйымдастыру;



 Оқушыларды  даралап  жəне  саралап  оқытуда  жаңа  технологиялармен  жүргізетін

жұмыстарды жандандыру; 

 ҰБТ  орталығын  құру,  білім  сапасының  орта  балын  көтеру  бағытындағы  жүйелеу,



үздіксіздендіру, нəтижеге бағыттау;  

 Мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмысын жандандырып, озат тəжірибелерді



ақпараттандыру, насихаттау;  

 Қазақстан  Республикасы  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тəрбие  тұжырымдамасы



аясында тұлғаға нəтижеге бағытталған жұмыстарды жандандыру;  

 Элективті курстарды оқушы сұранысына сай мазмұнда жүргізу;



 ҰБТ-ке жан – жақты дайындық жүргізу;

 Оқушылардың  білім  сапасын  арттыру,  олардың  дарындылығын  айқындап,  біліміне,



ойлау қабілетіне ықпал ететін интеллектуалдық шараларды өз дəрежесінде ұйымдастыру; 

 Ата – аналармен ынтымақтастықты нығайту;



 «Дарынды  оқушыға - талантты  мұғалім»  деген  түсінік  біздің  тəжірибемізде  көп  

кездеседі,  солай  болуы  да  керек.  Сондықтан  мұғалімдердің  талап  үдерісінен  көрінуі  үшін 

үздіксіз білім жетілдіруі,  үнемі педагогикалық ізденіс пен көшбасшылық шығармашылықта 

болуы міндетті. Осыдан бес  ғасыр бұрын хан Абылай – білекке сенер заманда ешкімге есе 

бермедік  десе,  екі  ғасырдан астам уақыт бұрын ұлы Абай – дүниенің кірпіші болып қалан – 

деп ұрандатты, ал, Елбасымыз ғасырлар тоғысында – жаңа ғасыр – кемел ғылым мен білімде 

деп саналы ой тастады. Жас ұрпаққа саналы білім мен сапалы тəрбие беретін, əрине, педагог 

кадрларымыз.  Сондықтан,  бірініші  кезекте,  мұғалімдеріміздің  деңгейі  жоғары  болуы 

ешқандай дəлелдемені қажет етпейді.   

ҚР – сында  білім  беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасындағы негізгі басымдықтардың алғашқысында мұғалімнің кəсіби деңгейіне мəн 

берілген. Даралап талдап қарасақ, олар 

-

 Педагогикалық шеберлікті дамыту 



-

 Оқытуды технологияландыру 

-

 Педагог мəртебесін арттыру 



43

-

 Білім бағалауды технологияландыру 

-

  Электронды оқыту жүйесіне көшу  



-

 Кəсіби əріптестікті дамыту 

 Мемлекеттік  бағдарламаны  басшылыққа  ала  отырып,  оқу  жылындың  барысында 

облыстық деңгейде  – 20 мұғалім,  республика көлемінде – 11 мұғалім кəсіби   білім жетілдірді. 



   Шығармашыл мұғалімдердің  озат  тəжірбиелерін тарату жұмыстары да өз деңгейінде 

жүргізіліп отырды: 

Республикалық  ғылыми – практикалық    конференцияға – 6, халықаралық  ғылыми – 

тəжірибелік  конференция  жинағына – 1 оқытушының  іс – тəжірибесі  ақпараттандырылса,  

республикалық деңгейдегі  семинар – кеңеске  -23 мұғалім мен тəрбиешілер қатысып, кəсіби 

білімдерін жетілдіріп қайтты. Республикалық авторлық конкурсқа  химия пəнінің  мұғалімі 

Болатқызы Салтанат қатысып,  1- орын иеленді. 

Облыстық авторлық конкурсқа  тарих пəнінің мұғалімі  Смағұл Айман қатысып, жүлделі 

орын алды. Оқу жылы барысында ұйымдастырылған Облыстық, республикалық, халықаралық 

ғылыми-конференциялар  мен  семинарларға 20-дан  астам  мұғалімдер  мақала  ұсынып, 

инновациялық тəжірибелерімен бөлісті. 

Сыныптар үшін білім тексеруге арналған арнайы 16 тест жинақтары дайындалды. Бұл 

оқу – əдістемелік құралдар мектепішілік əдістемелік көрмеге қойылды. 7- сынып бойынша  4, 

8- сынып бойынша 4, 9- сынып бойынша  6, 10- сынып үшін - 2 тест тапсырмалар жинағы 

(əдістемелік құрал) дайындалды. 

   «Ғылыммен  шұғылдануды  мұрат  еткендер    өздеріне  сеніп  тапсырылған  істі 



қазына  ретінде  қарайды,  ал  ол  қазына – бүкіл  халықтың  меншігі»  деп  даналарымыз 

айтқандай  біздің  мектеп-интернатымыздың  биылғы    оқу  жылындағы  мол  қазынасы – 

оқушыларымыздың жетістіктері.   

2-6 сəуір күндері Байқоңыр қаласында өткен халықаралық «Ғылым əлемін ашамыз» атты 

ғылыми жоба байқауының   «Ғылыми-техникалық прогресс- экономикалық өсудің негізгі 

буыны»  секциясы бойынша 11- сынып оқушылары Жакешова Рауан, Мəжит Абай  алтын 

медаль  иегері  атанып,  білім  грантын  жеңіп  алса, «Жер  жəне  космос  туралы  ғылымдар» 



секциясы  бойынша 11- сынып  оқушылары  Шалғынбай  Бексұлтан,  Орынбасар  Балғабай 

«Жер-Ай  кеңістігіндегі  ғарыштық  объектілердің  стационарлық  жағдайлары  жəне  олардың 

орнықтылығы»  тақырыбы  бойынша  ІІІ  орын  алып,  білім  грантын  жеңіп  алды.  Ресей 

федерациясы  Королев    қаласында  өткен  «Адам-Жер-Космос»  атты  халықаралық  ғылыми 

жарыста 11- сынып оқушысы Сыздық Ақбота «Сыр бойында күрішке арнап, топырақты негізгі 

өңдеу  тиімді  тəсілдерін  зерттеу»  тақырыбы    білім  грантын  жеңіп  алды.  Оқу  жылының 

барысында облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылған түрлі пəндік олимпиадалар, 

ғылыми жоба байқаулары, интеллектуалдық сайыстарға оқушылардың 92 пайызы қатысып, 

олардың 61 пайызы жүлделі орындар иемденді. 

Мектептегі  əдістемелік  жұмысты  инновациялау    нəтижесі  сапалы  білім  беруде  

төмендегідей түйінді мəселелердің шешілуіне қолжетімдікті қамтасыз етті: 

1) Мұғалімдердің    инновациялық  тұрғыда  жұмыс  жасау  қабілеті  қалыптасып,  кəсіби

жетілуі, кəсіби  қызығушылығы артты. Нəтижесінде  2013-2014 оқу жылында мұғалімдердің  

90%-ы инновациялық іс – тəжірибелерін  кəсіптік басылымдарға, облыстық, республикалық, 

халықаралық ғылыми – практикалық конференцияларға ақпараттандырды; 

44


2)

Салалық  мекемелермен    əріптестік  байланыс  мақсатты  түрде  жолға  қойылды.

Назарбаев  Зияткерлік  мектебімен,  дарынды  балалардың  қазақ – түрік  лицейлерімен  түрлі 

формадағы тəжірибе алмасу жұмыстары жандандырылды. Арнайы əдістемелік көмек күндері 

ұйымдастырылып, интерактивті сабақтар сериясы өткізілді.    

3) Бітіруші  түлектерді  Ұлттық  Бірыңғай  Тестке  дайындау  инновациялық  тұрғыда

ұйымдастырылып, оң нəтиже берді. 5 «Алтын белгі» белгісінің  иегері мен 2 Үздік аттестат 

иегерлері өз білімдерін дəлелдей алды.  

Үздіксіз  еңбек  сапалы  нəтиже  берері  сөзсіз.  Ол  үшін  мектепішілік  əдістемелік 

жұмыстарды  инновациялау  кəсіби  біліктілікті  қажет  етеді.  Сонда  ғана  мектеп  оқушылары 

сындарлы ойлауды, өзіндік ізденіс пен терең талдау машығын игере алады, сонда ғана мектеп 

бітіруші  үш  тілді  қатар  меңгере  алады.  Сонда  ғана  серпінді  даму  ортасында  өзін – өзі 

белсендіруге дайын бəсекеге қабілетті дарынды оқушылар тəрбиеленетіні сөзсіз. 

Əдебиеттер тізімі 

1. ҚР Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты

Қазақстан халқына Жолдауынан 17.02.2014 

2. Б.А.  Əлмұхамбетов.  Я.С.  Бенцион:  Педагогикалық  кадрлармен  əдістемелік  жұмыс:

келелі мəселелер, тəсілдер шешімін іздеу.  Алматы, 2002 ж. 

3. Г. Нұрғалиева "Педагогиканың логикалық - құрылымдық курсы", Алматы, 1996 ж.

45


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖƏНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ 

Абзалбекова А. Н. 

С.Сейфуллин атындағы орта мектеп 

ШҚО, Тарбағатай ауданы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   



Аңдатпа 

Бұл  баяндамада  қазіргі  заманға  сай  білім  беру  жүйесіндегі  өзгерістерді  қалай  жүзеге 

асыруға болатыны жəне осы заман ағымына қарай мұғалімнің қалай өзгеруі қажеттілігі жайлы 

берілген.  Мұғалімнің  кəсіби  дамуы  үшін  өз  білгенін  өзгеге  үйрету  барысындағы 

көшбасшылық  пен  педагогикалық  қоғамдастықтың  маңызы  жайлы  нұсқаулық  берілген.  Іс-

əрекетті  зерттеудегі  мұғалімнің  оқушы  белсенділігін  арттыруы,  тəлімгерлік  тəжірибе  негізі 

жəне  əріптестерін  үйретудегі  нəтижелер    мен  қоғамдастық  жұмысының  жүзеге  асырылуы 

туралы баяндалған.  



Аннотация 

В  этом  докладе  говорится  о  необходимости  изменения  учителя  в  соответствии 

современными  требованиями  в  системе  развития  образования.  Раскрывается  значимость 

лидерства педагогического сообщество для профессионального роста учителя в деле передачи 

знаний. Изложенны исследовательские действий учителя для повышение активности ученика, 

основы опыта наставничества и результаты обучения коллег.  



Abstract 

In this lecture talked about the necessity of change of teacher for conformable modern 

innovations in the requirements of present in the system of development of education. Given to 

instruction about meaningfulness leadership pedagogical association for the professional height of 

teacher on business of transmission of knowledge. Expounded research actions of teacher increase of 

activity of student, bases of teacher's experience and results of educating of colleagues. 

Қазіргі əлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер əсіресе білім саласы үшін маңызды 

екені анық. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, əлемдік білім берудің алдыңғы 

қатарлы озық тəжірибелері қолданылуда. Білім беру саласының барлық бағыттарында жаңаша 

көзқарас,  яғни  жаңаша  базистік  оқу  жоспарына  көшу,  білім  мазмұнын  жаңаша  жан-жақты 

жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен əдістемелік кешендерге көшу тағы басқа жүйелілікпен 

қарастырылып,  қалыптасуда.  Осыған  орай  əлем  қалай  өзгерсе,  мұғалім  де  өзінің  өзгеруіне 

мүмкіндік  жасауы  яғни  жаңашыл  болуы  қажет. «Білімді  ұрпақ-ел  болашағы»  дегендей, 

өскелең ұрпақты алған білімін өз өмірінде қолдана алуға, заманына лайықты өзін-өзі басқара 

алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру бүгінгі заман талабы болып отыр. «Білім саласына 

қызмет еткеннің бəрі Қазақстанның болашағына қызмет етеді» деп елбасымыз Н.Ə.Назарбаев 

айтқандай,  мұғалімдер  қауымының  өскелең  ұрпақ  алдында  жауапкершілігінің  зор  екені 

белгілі.   

Егер  дəстүрлі  оқытуда  оқу-тəрбие  үдерісінде  басыңқы  рөл  мұғалімде  болса,  қазір 

белсенді  қызметті  оқушы  атқарады,  оны  оқытпайды,  ол  өзі  оқиды.  Екінші  (негізгі)  деңгей 

бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер: менторинг пен коучинг арқылы мектепте 

əріптестерінің  жұмыс  тəжірибесін  жетілдіруі,  мектеп  мұғалімдерінің  кəсіби  қоғамдастығын 

ұйымдастыруы, сынып аясында жоспарлауды жəне іс-əрекеттегі зерттеу жүргізуі тиіс. 

46


Қазіргі білім «барлығы баланың өзі үшін», «баланың рухани байлығы үшін» деген ізгілік 

ұстанымдарына  негізделіп,  баланың,  адамның  ойлау  бейнесін  өзгертуге  бағытталған. 

Сонымен қатар, заманауи білім əдіснамалық негіздері біздің «қалай оқу керектігін үйренуге», 

«нені оқыту керектігіне», «мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген 

маңызды  мəселелер  бойынша  жұмыс  атқаруды  талап  етеді. «Мектеп  жұмысы  мен  оқушы 

жетістігін  өрістетудегі  негізгі  тұлға - мұғалім»,-деп  Стронг  айтқандай,  мұғалімнің 

оқушыларды тəрбиелеуі жəне мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен 

оқушылардың оқыту нəтижелеріне көбірек ықпал етіп мұғалімнің кəсіби дамуына мүмкіндік 

ашатыны  анық.  Кəсіби  мұғалім  өзін  білім  беру  қоғамдастығының  бір  бөлігі  ретінде 

қарастыруын талап етеді. Кəсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз 

қолымен  жасайды.  Алғашқы  қадам – əрбір  ұстаз  үшін  маңызды  шешімдерді  талап  ететін 

құндылықтар  мен  мəселелерді  анықтау.  Келесі  қадам – өзгерістер  бағдарламасы  жөнінде 

əріптестерінің кеңестері. Осы əрекет басымдықтарын ұғыну мен келiсу бойынша атқарылған 

жұмыстардан соң мектептегі мəжiлiсте қаралып, мақұлданған кейін мұғалім өзінің мəселесі 

бойынша  нақты  жоспар  құра  бастайды.  Бұл  үдеріс  жалпы  түрде  құндылықтарды  анықтау, 

кəсіби  міндеттерді  анықтау,  дамыту  бағдарламасын  құруға  арналған  келісім  мен  кеңестер, 

атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру, зерттеуге негiзделген көшбасшылықты дамыту 

бойынша  жұмыс,  кəсiби  бiлiмдердiң  дамуына  жəрдемдесуге  ықпал  ететін  желілік 

қоғамдастықтағы жұмыстарды  айқындайды.  

Адамгершілік  мақсаттағы  мұғалімдер  өздерінің  əріптестері  мен  айналасындағыларға 

əсер  ету  үшін,  көшбасшылық  қасиеттерін  көрсетеді,  мұғалімнің  тəжірибесі  жетілдіріледі. 

Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады (Frost, 2011). Əріптестердің кəсіби, яғни 

оқыту мен оқудың дамуына ықпал ету үшін мұғалімдерге коучинг пен тəлімгерлікке жүгініп, 

мамандарға  тəлімгерлік  жасап,  бағыт-бағдар  беру,  қолдау  көрсетудің  орны  ерекше  болып 

табылады.  Мұғалім  оқушы  мен  əріптесін  үйрете  жүріп,  өзі  үйренеді.  Демек,  мұғалімнің 

əріптестеріне  коучинг  өткізіп,  тəлімгерлік  етуі, LESSON STUDY (сабақты  зерттеу)  үдерісі, 

желілік қоғамдастық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) меңгеру, оқушы 

белсенділігінің əсерін арттыру үшін қолданатын əдістерді - интерактивті əдістерді пайдаланып 

сабақ  өткізу  кезінде  кəсіби  педагогикалық  қоғамдастықтың    мұғалімнің  кəсіби  дамуына 

пайдасы  орасан  зор  екені  мəлім.  Мұғалімдердің  кəсіби  дамуындағы  педагогикалық 

қоғамдастықтағы  түсініктер  мен  тəсілдер  еңбек  жолын  жаңа  бастап  жатқан  мұғалімдердің, 

тəжірибелі ұстаздардың, сондай-ақ тəлімгерлік етудің тəжірибесіне негізделген. Мұғалімдер 

əріптестерімен өздері сабақ беретін пəн бойынша жəне басқа да пəн бойынша, мектепішілік 

қауымдастық  құрудың  сондай-ақ,  желілік  кəсіби  қоғамдастық  шеңберінде,  іс-шаралар 

аясындағы тəлімгерлік барысында ынтымақтастық орнатуының маңызы орасан зор болмақ. 

Желілік  қоғамдастық арқылы əлемдік үздік тəжірибелерді қорытып, деректер жинақтау жəне 

мектепішілік  қауымдастық  кезінде  де  өзгерісті  іске  асырудың  кешенді  жоспарын  құрып, 

орындалу  кезеңдерін  белгілеу,  пайдалы  тиімділігін  зерттеп,  ұжым  талқысына  салу  жəне 

кеңейту əдіс-тəсілдерін құру сиякты маңызды іс əрекеттер мектептің даму жоспарына енгізілуі 

шарт.  Мұғалімдер  əріптестерімен  ынтымақтастықта  оқу  ортасын  құрады  жəне    жүргізеді, 

сондай-ақ  басқару  жəне  жоспарлауға  үлес  қосу  үшін  өзінің  мүмкіндіктерін  барынша 

жетілдіріп  отыруға  тиіс.  Мұғалім  жүргізетін  дамыту  жұмысы  бағдарламасы  (МЖДЖ) - 

«мұғалім - оқыту  мен  тəжірибесін  жетілдіру  жұмысының  көшбасшысы»  түсінігіне 

негізделген.  Көшбасшылықтың  бұл  түрінің  кең  тараған  нысаны  болып  табылады.  Ол 

мұғалімдердің:  

 Іс-тəжірибені жетілдіруге бастама жасау жəне ол үшін өзіне жауапкершілік алу;

47


 Оқыту  мен  оқу  тəжірибесіне  өзгерістер  енгізу  үшін  əріптестерімен  стратегиялық

шешімдерді бірлесіп таңдау;

 Деректерді бірлесіп жинау жəне қолдану;

 Оқыту мен оқу үдерістерін əріптестерімен талқылау;

 Мəдениетті де бірлескен орта құрастыру;

 Əріптестерді  кəсіби  дамыту  үшін  барлық  мұғалімдердің  əлеуеттерін  бөлуге

болатындығына сенім арту;

 Оқыту мен оқу үдерісіне ата-аналар мен тиісті мүдделі адамдарды тарту;

Кəсіби білімді қалыптастыруға таратуға атсалысу үшін көшбасшылықты нығайтудың ерекше 

тəсілі болып табылады.  

Оқу – бұл  жекеленген  құбылыс  немесе  дағды  емес,  ол  оқушылардың  оқуға  қабілетін 

жақсартуға  мүмкіндік  беретін  педагогикалық  тетіктердің  біртұтас  кешені.  Мектептегі  іс-

əрекетті  зерттеу  кезінде  мұғалім  дұрыс  көшбасшы  бола  білуі  керек.  Бұрынғы  дəстүрлі 

сабақтарда  мұғалім  дайын  білімді  берсе,  қазіргі  жаңа  сабақтарда  мұғалім  дайын  білім 

бермейді, тек тапсырмалар беріп, оқушының өзі ізденуіне итермелеу қажет. Сонда оқушы өзі 

ізденіп,  сыни  тұрғыдан  ойланып  жұмыс  жасайды.  Сол  арқылы  оқушы  өз  бетімен  жұмыс 

жасауға жəне ойлау туралы ойлануға дағдыланады. Мұғалім тек бағыт береді, оқушы əрі қарай 

өзі  шығады.  Нəтижесінде  оқушы  сапалы  білім  алу  үшін  қысылмай  еркін  сөйлеу  керектігін 

білді,  өз  бетімен  іздену  қажеттігін  түсінеді  жəне  менмендігі  басым  болу  керектігін  біліп, 

мұғалімнің бағыт-бағдарын дұрыс қабылдауды түсінеді. 

Балаларды оқыту мұғалімнің басты қызметі жəне балаларға білгенін үйрету мұғалімнің 

міндеті  болып  табылатыны  белгілі.  Жалпы  алғанда  балаларды  оқыту  мен  ересектерді 

оқытудың  айырмашылықтары  бар  екенін  байқадым.  Балаларды  оқытуда  пəннің  терең 

білімділігін  қажет  етеді  жəне  балаларды  оқытуда  үлкен  жауапкершілік  болады.  Өйткені, 

мұғалім  баланы  қалай  оқытса,  бала  соны  сол  қалпында  қабылдайды,  сондықтан  сапалы, 

қызықтару арқылы берілген білім баланың пəнді тереңірек білуіне септігін тигізеді. Сонымен 

қатар  мұғалімдерді  үйретуде  асқан  шеберлік  пен  үлкен  түсіністік  те  қажет.  Сондай-ақ, 

балаларға жəне ересектерге жас ерекшеліктеріне сай берілетін тапсырмалар да өзгеше болады. 

Алайда, мұғалімдерді оқыту кезінде аз уақыттың ішінде нақты, тартымды жүргізілген жұмыс 

елеулі нəтиже көрсететінін мұғалімдерге өткізген коучинг барысында байқадым.      

 Тəжірибесі  аз  мұғалімдердің  кəсіби  тұрғыдан  дамуына  тəлімгерліктің  маңызы  зор. 

Менторинг жасау кезімде өзімнің тəлім алушыма оқу мен оқыту үдерісінде кəсіби дамуы үшін, 

өзгеруіне себепкер бола алғаным мені қуантты. Өзімнің үйренгенімді біреуге үйрету міндет 

деп ойлаймын. «Тəлімгерлік-əсіресе дəстүрлі ұғымда, субьектінің ағалар мен даналар салған 

жолмен  жүруге  мүмкіндік  береді.  Ал  тəжірибелі  ағалары  оларға  білімін,  тəжірибесін  беріп, 

жоғары мүмкіндіктерге апаратын «есікті» ашуға көмектеседі» дегендей, ендеше өз білгеніңді 

өзгеге беру яғни білгеніңмен бөлісудің тиімділігін тəлімгерлік жасау кезінде  байқауға болады. 

Сондай-ақ, мұғалімдерді жаппай үйрету мақсатында мектебімізде мектепішілік қоғамдастық 

құруды мектеп əкімшілігімен жəне 1-2 деңгей мұғалімдерімен бірлесе жоспарладық.  

Өз 


қоғамдастығымыздың 

жоспарын 

құруда 

бізге 


жəне 

əріптестерімізге 

қатысушылардың кім екенін жəне олардың өзара қалай байланысқанын анықтау мақсатында 

ұйымдастырушылық  құрылым  қоғамдастыққа  шолу  жасауға  мүмкіндік  береді.  Бұл – 

қоғамдастық туралы  біздің басқа мүшелерге өз көзқарасымызды жеткізу үшін пайдалануға 

болатын, жалпы алғанда, біздің қол жеткізген нəтижелерімізді жəне алдағы уақытта қандай 

бағытта даму керектігін көрсететін  құрал. 

Қоғамдастықтың  ұйымдастырушылық  құрылымы  бізге  мыналарды  анықтауға 

көмектесті: 

48


 Қоғамдастықтағы ақпарат ағынын;

 Қызметтің аясы мен көлемін;

 Басты рөлдер, үдерістер мен мақсаттарын;

 Ең бастысы, мұғалімдердің кəсіи дамуындағы сенімді серіктестік болып табылады.

Ұстаздың жетекші топтарында жəне қоғамдастық аясында өзара тығыз қарым-қатынас 

орнату үшін мұғалімдер бірлесе, ынтымақтаса жұмыс істеулері қажет. Мұндай бірлескен жəне 

ынтымақтаса  атқарылған  жұмыс  өз  мектептерінде  тəжірибені  таратып  қана  қоймай, 

мұғалімдердің кəсіби дамуының негізін құрастыруға көмектеседі. Егер мектеп əкімшілігі мен 

деңгейлік курсты оқып келген жаңашыл мұғалімдер өз жұмыстарының кейбір салаларын басқа 

да мұғалімдермен  бөлісетін болса, күнделікті жұмыс ағымы өз ағынымен ағатын  еді. Мектеп 

проблемалары туралы «ойланатын» көшбасшы мұғалімдер қатары көбейген сайын, басқару 

қызметі  де  соғұрлым  тиімді  болатыны  байқалады.  Себебі,  мұғалімдерден  алынған 

сауалнамалар  арқылы  мектептің  проблемалық  тақырыбы  анықталды.  Осы  проблемалық 

тақырыппен  жұмыс  істеу  барысында  мектебімізде  нені  өзгерту  керектігі    анықталып, 

мектепішілік  қоғамдастық  құрылды.  Өз  мектебіміздегі  кəсіби    жəне  желілік 

қоғамдастығымыздың  құрылымының  жоспарын  жасап,  жан-жақты  ойланып,  ұжымдық 

талқылау  арқылы  өз  қоғамдастығымыздың  мəнін  ашатын  ат  ойлап  таптық. «Сенім»  кəсіби 

қоғамдастық  жұмыстың  мақсаты:  мұғалімдердің  кəсіби  өсуін  дамыту,  ойлау  жолдары  мен 

тəсілдерін қолдануды жетілдіруге жағдай жасау арқылы өз іс-тəжірибелеріне талдау жасауына 

жетісу.  Бұл  қоғамдастықтың  нəтижесінде  мұғалімдердің 40%-ы  тəжірибе  алмасу,  өзін-өзі 

жетілдіру  арқылы  өз  жұмыстарына  рефлексия  жасау  туралы  үйреніп,  түсініп,  қолданатын 

болады. Қоғамдастығымыздың мəнін ашып, талқылау жасаған соң, келесі қадамдарды жасауға 

көштік: 

1. Өз  мектебіміздегі  мектепішілік  қоғамдастығымызды  басқаратын  барлық  негізгі

топтарды: «ақпарат  таратушы»  топтары,  «үйлестіруші»  топтар, «тəлімгерлік»  топтары, 

«бақылаушы» топтар, «дамытушы» топтар негізінде топтарды анықтадық. 

2. Содан  соң  топтардың  қызметіне  көмектесу  мақсатында  олардың  арасында  жұмыс

істейтін асенімді қарым-қатынас орнататын адамдарды анықтадық. 

3. Мектептің бүгінгі  таңдағы жұмыстарына мектеп əкімшілігімен  біріге отырып талдау

жүргізілді.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет