Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет20/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113

Əдебиеттер тізімі 

1. Мұғалiмдерге арналған нұсқаулық . Екiншi басылым 4-бет

2. «Қазақстан тарихы» республикалық ғылыми- əдiстемелiк журнал  2007 №7

164


БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ ЖƏНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ 

ТƏРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ 

Амрина А.А. 

№ 2 Ұзынкөл орта мектебі,  

Қостанай облысы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Жаңа білім беру парадигмасына негізделген ерте жастан дамыту стратегиясы адамның 

өмір бойы білім алуға мүмкіншілігі бар деген ұстанымға негізделеді. Ол баланың қабілеттерін, 

дарындылығы  мен  ерекшелігін  ертеден  анықтап,  оларды  жүйелі,  жоспарлы  дамытуға 

бағытталған  əрекеттерді  ойластырады  жəне  тəрбиеленушілердің  ерте  жастан  дамуы 

болашақта  білім  алуға  ынталы,  білім  алушылық  дағдылары  қалыптасқан,  функционалды 

сауаттылығы дамыған оқушы қалыптасуына зор əсер етеді. Осыған байланысты бұл баяндама 

төрт бағытта жүргізілген жұмыс тəжірибесіне сүйенеді. 



Аннотация 

Данная  работа  опирается  на  опыт  работы  по  раннему  развитию  ребенка  в  условиях 

школьного миницентра. Автор, основываясь на новой парадигме образования – образование 

через всю жизнь, считает очень важным звеном в этой цепи раннее развитие и дошкольное 

воспитание и обучение, которое помогает раннему проявлению способностей и одаренности 

у детей, формирует познавательные способности, помогает приобрести навыки, необходимые 

для  получения  знаний,  способствуют  развитию  логического  мышления,  интеллекта  и,  в 

конечном итоге, формирует любознательного ученика. 



Abstract 

This is work against experience on early development of child in the conditions of primary 

school. An author, being  base on new paradigm of education is education through all life, considers 

a very important link in this chain early development and preschool education and educating, that 

helps the early display of capabilities and gift for children, forms cognitive capabilities, helps to 

purchase skills necessary for the receipt of knowledge, assist development of the logical thinking, 

intellect and, in the end, forms curious of student. 

«Тастарды шашу кезеңі болса, оларды жинау уақыты да келер». 

Жапон даналығынан 

Қазақстандық білім беру жүйесі соңғы кезеңдерде осы тастарды жан-жаққа лақтырумен 

шұғылданып келсе, енді соларды жинайтын шақ та келді, білем. Мұның дəлелі – білім беруге 

жаңаша  көзқарастар  туындап,  жаңа  парадигманың  өрбуі.  Оның  дəстүрлі  білім  беру 

жүйесіндегі өмірлік білім беруден өмір бойы білім алу  парадигмасына көшіп, жеке тұлғаға 

бағытталғандығы деуге болады. 

Мұндай түбегейлі өзгерістерге баруға білім беру саласын не итермеледі екен? Халыққа 

жалпы орта білім беру – кеңес дəуірінің мақтан еткен үлкен жетістіктерінің бірі, десек артық 

болмайды. ХХ ғасыр басында 1 % сауатты халық саны болған елдер үшін сауатсыздықтан жан-

жақты білім беруге көшу -  бұл, əрине, ауқымды нəтиже. Бірақ заман өзгерді. Заманмен бірге 

қоғам  да,  тұлғаға  қойылатын  талаптар  да  өзгерді.  Қытай  данышпаны  Конфуций  айтпақшы: 

«Құдай  сіздерді  өтпелі  кезеңде  өмір  сүруден  сақтасын!».  Адамға  қойылатын  талап  өзгерді, 

165


əлемде тіршілік үшін жанталасқан, аяусыз күрес жүріп жатыр, сондықтан білім беру жүйесі 

мектеп  қабырғасынан  осы  қатаң  өмірде  өмір  сүріп,  қиындыққа  төтеп  бере  алатын  тұлғаны 

шығаруы тиіс. Сондықтан бірім берудің парадигмасы жаңаруынан басқа амал қалмады. Қазір 

мектептердің  материалдық-техникалық  базалары  нығайды,  олар  интерактивті  құралдармен, 

электрондық жүйемен, кеңжолақты Интернетпен қамтамасыз етілген, соған қарамасан, жаңа 

парадигмаға  көшу  көп  қиындық  көруде.  Өзгерген  білім  беру  үдерісі  гуманистік  жолға  бет 

бұрады. Өйткені, егер бұрын педагог орташа оқушыға бағыттап жаңа біліммен қамтамасыз 

етуге тиіс болса, енді білім беру жүйесі жеке тұлғаға бағытталады, нақты Иван, Арман, Гүлнəр 

атты  оқушылардың  ерекшеліктерін,  қабілеттерін,  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  білім  алу 

ретін  анықтайды,  ұстаздың  функциясы  да  терең  білім  алуға  көмектесу  бағытында  өзгерді.  

Ойымша,  бұл  жерде  кемшілік  парадигманың  өзінде  емес,  мəселе  оны  бұрынғы  əкімшілік-

басқарушылық əдістермен енгізуде. Жаңалықта нақты қажеттілік ғалымдар мен министірлікте 

ғана  емес,  жаңалық  енгізуге  білім  беруге  қатысушы  үш  тұғыр:  ата-ана,  оқушы,  ұстаздарда 

мұқтаждық туындауға тиіс. Ал мұны түсінуді оларды тəрбиелеу қажет. Ресейлік ғалым Ю.В. 

Карякиннің «Новая парадигма образования» статьясында чилилік нейробиологтар У. Матуран 

мен  Ф.  Варелдар  жариялаған  сантьягтік  таным  теориясына  тоқталады. «Тірі  жүйелер 

теориясы» авторлары  мынадай тұжырымдама жасайды: «Тірі жүйе үнемі танымдық жасамай 

өмір сүре алмайды. «Өмір» мен «Таным» - синонимдер»[1, 40 б.]. Басқаша, таным жасауымен 

адам – тірі екендігін дəлелдейді. Бұл жаңа парадигманың өмір бойы білім алудың негізі бола 

алмай  ма?  Тірі  жан  ана  құрсағында  тіркеліп  өсе  бастауымен  тепе-теңдес  өмірді  де  тани 

бастайды, алдымен ішінен, сосын сырттан. Сонда бала мектеп табалдырығын аттағаннан соң 

басталған оқыту үрдісі қаншалықты кешігеді екен?!   

2013 жылы мен НЗМ негізіндегі деңгейлік курсыдан өтіп, І деңгейлі сертификатталған 

педагог  санатына  иелендім.  Ал  бұл  деңгейге  иеленген  ұстаздар  өз  мектебінің  Даму 

стратегиясына, оқу-тəрбиелік жұмыс жоспарына, мектеп негізінде инновациялық əрекеттерге 

өзгерістер  енгізіп,  олардың  жүзеге  асырылуына  қарапайым  қатысушы  ғана  емес,  олардың 

тікелей  ұйымдастырушы  мен  басқарушы  рөлін  жүзеге  асырулары  тиіс,  деп  түсінемін. 

Сондықтан  баяндама тақырыбы ретінде балалардың ерте жастан дамуы мен мектепке дейінгі 

тəрбие мен оқыту саласын таңдадым, өйткені, бала қабілеттері мен дарындылығы ерте жастан 

дамыта басталуы абзал, деймін. Себебі, қандай болып оқушы қалыптасатыны, қаншалықты 

оның  қабілеттері  ашылып,  дамуға  мүмкіншіліктері  пайда  болатыны,  дарындылығының 

ертеден айқындалуы, білімқуушылық ынта – мұның бəрі бала халқымыздың «қара сөзімен» 

айтқанда, «бесігінде  көлденең  жатқанда»,  немесе  басқаша - мектепке  дейінгі  оқыту  мен 

тəрбиені  жүзеге  асыру  үшін  мектеп  негіздерінде  құрылған  шағын  орталықтардан  басталуы 

тиіс  (тас  жинамақ  болсаңыз – неғұрлым  ерте  жастан  бастаңыз!).  Бұл  жағдайда,  қала 

тұрғындарының мүмкіншіліктері, əрине, ауылға қарағанда көбірек екендігі сөзсіз. Осы орайда 

мен № 2 Ұзынкөл орта мектебі негізінде жинақтаған тəжірибелерімізбен бөліскім келеді. 

Алдымен, мектепке дейінгі білім беру саласында біз мемлекеттік стандарттарға сүйеніп 

жұмысымыды  төрт  басты  бағытта  жүргізуді  шештік,  ол  жайында  Мектептің  Даму 

стратегиясына қажетті өзгерістер енгіздік: 

1. «М. Монтессори əдістемесіне негізделген мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту

орталығы» жұмысын ұйымдастыру нəтижесінде арнайы кеңістік-білімалушылық орта құру. 

2. Үштілділікті ерте жастан арттыру.

3.

Бала  қабілеттері  мен  дарындылығын  арттыру  мақсаттарымен  қосымша



бағдарламаларды енгізу. 

4. Білім  алуға  құштарлықтарын  жəне  интеллектуалдық  əлеуеттерін  арттыру

мақсаттарымен ерте жастан ізденушілік-зерттеушілік жобаларды жүзеге асыру. 

166


Белгілі  ғой,  адам 5 жасқа  дейінгі  мерзімде  айналадағы өмір  туралы  толық  мəліметтер 

жинап  алуға  үлгереді.  Кейінгі  ақпараттар  бала  миында  орныққан  Əлем,  өмір  туралы 

тұжырымдамалар  дəлденіп  тереңдей  түседі,  əлде,  ол  жинақталған  ой-пікірлердің  қателігі 

дəлелденіп, баланың санасы оларды қабылдайды немесе бас тартады.  

«М. Монтессори əдістемесіне негізделген мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту 

орталығы»  арнайы  монтессори  құралдармен  жабдықталады,  олар  баланың  күнделікті 

өмірінде қажетті білімдермен қамтамасыз етуге бейімделген жəне балалардың дамуы олардың 

мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктеріне  сай  жүреді.  Монтессори-тəрбиешісінің  басты  мақсаты 

уақытылы  кеңістік-білімалушылық  ортаны  қажеттілікке  байланысты  өзгертіп  отыру.  

«Дамыту  орталығында»  балалар  ата-аналардың,  тəрбиешілердің  көмегімен  гүлдер, 

көкөністердің  түрлерін,  ұсақ  үй  жануарлары  мен  құстарды  өсірумен  айналысады.  Мұндай 

жағдайда  бала  нақты  қайырымдылық  пен  мейірімділік  жасауға  үйрене  алады.  Мұны  Ю.В. 

Карякин  де  дəлелдейді: «Бүгінгі  күні  білім  беру  саласында  адамға  алгоритмді  əрекет  əсер 

етпейді. Жақын арада ол өзінің табиғатына сəйкес тар мамандырылыған орындарын табулары 

тиіс, кейбіреулері мүлдем құрдымға кетері анық. Ендеше ол технологиялардың орнына білім 

берудің «тəжірибесін» біз немен толтыра аламыз? «Тірі жүйе қоршаған ортада қарым-қатынас 

жасау  объектілерін  өзі  таңдайды  жəне  əрбір  қарым-қатынасқа  кіру  тірі  жүйенің  өзгеріп 

отыруына  əсер  етеді».  Арнайы  дайындалған  кеңістік-білімалушылық  орта  шеңберіндегі 

оқушының еркін таңдауы – болашақтағы білім беру тəжірибесін көрсетері ақиқат»![2, 43 б.] 

Екі  баладан  артық  баласы  бар  аналар  арасында  сауалнама  жүргізілді.  Оның  мақсаты: 

«Монтессори  дамыту  орталығына»  қатысқан  бала  мен  қатыспаған  баланың  қайсысы 

күнделікті  өмірінде  қажетті  білімдермен  қамтамасыз  етуге  көбірек  бейімделгенін  анықтау. 

Сауалнама қорытындысы көрсетті, сауалнамаға қатысқан 6 ананың 5-уі «Монтессори дамыту 

орталығына»  қатысқан  баласы  өз-өзінің  қажеттіліктерін  қамтамасыз  етуге  тез,  ертеден 

үйренгенін айтты, 6 ананың баласы – тумасынан мүмкіншіліктері шектеулі, соның өзі дамыту 

орталығына  қатысуы  оның  ұсақ  жəне  ірі  моторикасы  дамуына,  кеңістікте  бағытталуы, 

əлеуметпен қарым-қатынасын жеделдетуіне əсерін тигізді. 

Шағын орталық топтарында əр жастағы балаларды бірге топтастыру абзал болатынына 

көз  жеткіздік.  Əсіресе  əр  жасты  балалардан  құрылған  топтар  ауылдық  шағын  кешенді 

мектептер негізідегі шағын орталықтар үшін тиімді.   Балалардың жас ерекшеліктерінің ішінде 

өздерінен  үлкен  балаларға  еліктеу,  көрген-білгендеріне  өздерінен  кішілерді  үйрету 

қасиеттерін ескеру жəне қолдану қажет.  

Мұндай құрылым несімен ұтымды: 

         - Бір топқа жиналған əр жастағы балалар жасы кіші топтастарына көмектесуге тырысады, 

ұйымшыл, мейірбан болып өседі,  

-  кішілерге  білім  алуға  көмектесу  барысында,  өз  білімдерін  бекітеді,  білімдеріндегі 

кемшіліктерін көріп жоюға тырысады; білім алуға үəждері арта түседі;  

- ерте жастан белсенділіктері артып, жауапкершілігі, көшбасшылық қабілеттері артады, 

туындаған мəселелерді өз бетімен, тез шешуге жаттығады. 

2. Үштілділікті  ерте  жастан  арттыру  жұмысын  біз 2008 жылдан  бері  жүзеге  асыра

бастадық. Жалпы мектеп негізіндегі шағын орталықта мемлекеттік тілдегі жəне орыс тілдегі 

топтар бар. Бұдан 6 жыл бұрын «Мектепке дейінгі дамыту» шығармашылық тобы «3-4 жасар 

өзге  тілді  балаларды  қазақ  тіліне  үйрету»  бағдарламасын  құрып,  оқу-əдістемелік  кешен 

дайындады.  Бұл  кешенді  құрған  ұстаздар  тобы  Алматы  қаласында  өткен  республикалық 

байқауда 2 орын иеленді. Сол уақыттан бастап шағын орталықта қостілділік жүзеге артылып 

келді.  Ал 2012 жылдан  бері  үштілділік  енгізуде.  Қазір  мектепке  дейінгі  топтардың 

тəрбиеленушілерімен  үш  тіл  кіріктірілген  сабақтарда  бір  уақытта  үш  мұғалім  жұмыс  істеп 

167


жатады.  Ойын,  театрализация  арқылы,  аудио-бейне  таспалар  көмегімен,  электронды 

құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылады. Нəтижесінде, 2013 жылдан бері 1 сыныптан 

ағылшын  тілін  оқыту  оқу  бағдарламаларына  енгізілгенде,  оқушылардың  үштілділік 

дайындықтары адаптация үдерістерінен тиімді өтулеріне, білімділік, лексикалық қорлары əрі 

қарай оқуларын жеңілдетуге ықпалы тиді. 

2013-2014  оқу  жылы  соңында  жүргізілген  бақылаушылық  кесілім  қорытындысы 

көрсетті: жалпы екі 1 сыныпты 24 оқушы аяқтады.  

Кесте 1. Бақылаушылық кесілімнің салыстырмалы қорытындысы 

Бақыланған 

мəселе 


Мектеп негізіндегі шағын 

орталықта үштіліділік 

бағдарламадан өткен 1 сынып 

оқушысы 


1 сыныпқа сырттан 

(бала бақшадан, басқа 

мектептен) келген оқушы 

Олардың ішінде

16

8

Ағылшын, қазақ, 



орыс тілін 3 жастан 

үйрене бастады 

16

0

Ағылшынша 



лексикалық қоры 

Жыл соңында меңгерді –  

500 сөз 

Жаңылтпаштар, жұмбақтар, 

өлеңдер мен қысқаша əндер, 

фонематикалық жаттамақтар біліп 

келді 

Жыл соңында меңгерді - 



200 сөз 

Ағылшынша  

сан біледі 

Бірлік, ондық, жүздік, 

мыңдық 

Бірлік, ондық, жүз 



Ағылшын 

əліпбиін меңгерді 

Біліп келді 

Жыл соңында 

Ағылшынша 

фонематикалық есту 

қабілеті 

Ағылшын дыбыстарын 

ажырата алды, дұрыс айта алды, 

естіген сөздерді ауызша дұрыс 

қайтарып айту, диалогқа ауызша 

қатыса алу мүмкіншіліктері болып 

келді 

Жыл соңына қарай 



меңгерді. 

Сонымен,  тəрбиеленушілердің  ертеден  үштілділікке  тартылуы  олардың  тілдері  ерте 

дамып, тіл меңгеруге икемділіктері арта түседі, мектеп жасына келгендерінде тілдерді үйрену 

жеңілге түседі. Нəтижесінде 1 сыныптан факультативтік курс ретінде ағылшын тілін үйреніп 

келе жатқан 4 сынып, 2013 жылы 3 сыныптан бастап ағылшын тілімен қатар факультативтік 

курс ретінде екінші тіл – француз тілін үйрене бастады. Бастамақ бұрын оқушылар əріптерді 

өзара шатастыратын бола ма, 4 тілді қатарымен үйрену миларын күйзелтіп жібере ме, деген 

қобалжулар  мен  үрей  болды.  Бірақ  жыл  соңында  жүргізуші  ұстаздардың,  ата-аналардың 

пікірінше 2 тіл  қатарымен  үйрену  балалар  үшін  қиын  емес,  керісінше,  тілге  деген 

қызығушылықтары  арта  түсті.  Биыл  бұл  оқушылар  француз  тілін  екінші  жыл  үйренетін 

болады. 

3.

Бала  қабілеттері  мен  дарындылығын  арттыру  мақсаттарымен  қосымша



бағдарламаларды енгізу. «Мектепке дейінгі дамыту» шығармашылық тобы 2013 жылдан бері 

мектепке  дейінгі  тəрбиелеу  мен  оқыту    жұмыс  жоспарының  вариативтік  бөлігіне  өздері 

дайындаған қосымша бағдарламаларды: «Билеп – ойна», «Титтəй қоңырау», «Шебер қолдар», 

«Ақылды  үкі»  жүзеге  асыратын  болды.  Бұл  бағдарламалардың  ішіндегі,  мысалы, «Билеп-

ойна»  бағдарламасы  ерте  жастан  тəрбиеленушілерге  алғашқы  хореографиялық  білімдер 

берумен қатар, дене тəрбиесін дамытушы жаттығулар, ұлттық би ойындары («Қара жорға» би 

168


ойыны), əр ұлт өкілдерінің қарапайым би ерекшеліктерін танып-білуге, əндер, əуен түрлерін 

түсініп-білуге  үйретеді,  ерте  жастан  балаларда  шығармашылық  қабілеттерінің  ашылуына 

ықпал  етеді. «Титтəй  қоңырау»  бағдарламасы  болса,  балаларды  ертеден  əн  айтуға,  түрлі 

музыкалық  аспаптарды  меңгере  бастауларына  мүмкіншілік  береді. «Шебер  қолдар» 

бағдарламасы  тəрбиеленушілерді  қолөнерге,  соның  ішінде  ұлттық  қолөнермен  айналысуға 

ерте  жастан  баулиды. «Ақылды  үкі»  балалардың  интеллектуалдық  əлеуетін  арттыруға 

бағытталған бағдарлама: түрлі фокустар мен сахналық ойын арқылы балалардың логикалық, 

кеңістік  ойлау  қабілеттерін  арттыруды  көздеген  жаттығулар,  тапсырмалар,  ойындар 

қолданады. Өнерпаздық жобаларға, байқауларға, театрлік көріністерге, концерттерге қатысу 

тəжірибелері ерте жастан жинақталады, нəтижесінде мектеп жасына келерде бала өзінің ынта-

ықыласын, қабілеттерін, мүмкіншіліктерін анықтап, болашақта немен айналысқысы келетіні 

туралы хабардар болады. Бағдарламалар тəрбиеленушілердің əр шығармашылық қырларының 

ашылуына,  қызығушылықтарын  анықтауға,  өнермен  айналысуға  баулуға  зор  ықпал  етеді. 

Нəтижесінде  бұл  балалардың  ерте  жастан  қабілеттерінің  ашылуына  итермелейді.  Осы 

əрекеттердің əсері, деп ойлаймыз, мектеп оқушысы Утинова Нұргүл қаршадай жастан сахна 

төрінен  көрініп, 3 сыныпта  Астанада  «Сиқырлы  микрофон»  республикалық  байқауына 

қатысып, Роза Рымбаевамен бірге сахнада өлең айтып, биыл 9 сыныптан кейін Астанаға Өнер 

Академиясының вокалдық бөліміне оқуға түсті. Тағы бір шағын орталық түлегі Мозер Артур 

осы қосымша бағдарламалар нəтижесінде 2013 жылы мектепалды даярлық сыныбында оқып 

жүріп,  мектеп  негізінде  өткізілген  облыстық  семинарда  «Оригами»  өнеріне  байланысты 20 

минуттық  шеберлік  сыныбын  жүргізіп,  қатысушы  ұстаздарды  осы  өнермен  таныстырып, 

жасау  əдістеріне  үйретті.  Дəл  солай  мектептің  оқушылары:  Мукенова  Зарина,  Амангелдин 

Еркін,  Махан  Бақдəулет 5-6 жастарынан  аудандық  Мəдениет  үйінің  сахнасында  концерттік 

бағдарламалардың  жүргізушілері  болып  шығып  жүр.  Бұл  балалардың  ерте  жастан 

белсенділіктері артуына байланысты болған жағдай, деуге болады. 

4. Білім  алуға  құштарлықтарын  жəне  интеллектуалдық  əлеуеттерін  арттыру

мақсаттарымен ерте жастан ізденушілік-зерттеушілік жобаларды жүзеге асыру. 

Бұл бағыттың өзі үш бөліктен құрылды:  

Біріншіден,  білімберушілік  қосымша  бағдарламалар  енгізілді.  Балалардың  қалауы 

бойынша «Жұлдыздар не туралы айтады» жəне «Жер – біздің үйіміз» факультативтік курстар 

жүргізілетін  болды.  Бұл  бағдарламалар  бірнеше  кіріктірлген  аймақтарды  қамтиды, 

нəтижесінде, балалар логикалық, математикалық,  кеңістік, космос туралы, дүниетанушылық, 

өлкетанушылық білімдерін арттыруға мүмкіншілік алады.  

Екіншіден,  тоғызқұмалақ, «Алтын  сақа»,  шахмат,  дойбы  ойындарын  ерте  жастан 

үйренеді. Бұл интеллектуалдық ойындар балалардың ми жылдамдығын, əр жағдайларда тез 

шешім табушылығын, жарыскерлікті, көшбасшылықты арттыруға ықпал етеді.  

Үшіншіден, ерте жастан түрлі ізденушілік-зерттеушілік жобаларды жүзеге асыру. Соның 

ішінде  балалар  топтарында  гүл,  пияз,  бұршақ  өсіріп,  оларға  бақылау  жасап, «Бақылау 

күнделігіне»  күнделікті  өзгерістері  суреттеп  салып  отырады,  ой-пікірлерін  айтып, 

тұжырымдайды. «Жасыл  аймақта»  тұрып  жатқан  тоты  құстар,  кірпі,  мысықтың  балапанын 

тамақтандырып, оларды күтумен айналысады, жасалған əрекеттерін, бақылаған өзгерістерін 

күнделіктеріне белгілеп отырады.  

Сонғы екі жылы тəрбиеші Голубцова Т.Д. ықпалымен оның тобындағы балалар «жасыл 

адамдарды» өсіретін болды. Бұл үлкен ізденушілік-зерттеушілік жобаға айналды. Жыл бойы 

«жасыл адамдарға» балалар киім тігеді, бидай тұқымын егіп, оның өсуін бақылайды. Достарын 

атап, олар туралы түрлі оқиғалар ойластырады, оларға əн айтады, достарына жəне досы туралы 

ертегілер  жазады,  сурет  салады.  Бұл  жобаға  ата-аналар  да  кіріктіріледі.  Өйткені  олар 

169


баласымен  бірге  күнделік  толтырады.  Зерттеушілік  əр  уақытта  жүргізіліп  отырады.  Көз 

орнына  түймелер  тігіле  ме,  зерттейді    түймелер  не  үшін  керек,  олардың  түрлерін,  түсін, 

формасын,  жасалған  затын;  шашын  өріп  жата  ма,  зерттейді – өрімдердің  түрлері  қандай 

болады,  өруге  үйренеді,  тоқыма  жіптерден  өрімдердің  түрлерін  жасайды,  т.б.  бұл  жобаның 

балалардың  жаңалық  білуге,  білімалушылыққа,  шыдамдылық  пен  жауапкершіліктерінің 

артуына зор ықпал етері сөзсіз.   

Шағын  орталықта  ата-аналардың  рөлі  арта  түседі.  Бірге  отбасылық  жобаларға, 

жорықтарға, спорттық жарыстарға, фестивальдарға, басқа іс-шараларға қатысады, ата-аналар 

өз тобы балалар алдында сабақ жүргізеді - бұл олардың болашақта мектеп жəне баласының 

өміріне тығыз қатысып отыруды дағдылануға көмектеседі.  

Мұндай мектепке дейінгі салада тəрбиеші, мұғалімнің рөлі қандай екен? Оның мақсаты 

білімалушымен  бірге  оның  дербес  даму  траекториясын  анықтау,  оның  білім  алу  мен  даму 

барысына бақылау жүргізу, қажеттілікке байланысты жəрдем беріп, кеңістік-білімалушылық 

ортаны  уақытылы  өзгеріп  отыру,  жеке  тұлғалық  даму  бағдарламасына  қажетті  түзетулер 

жасап  отыру,  тəрбиеленушіге  жоба  дайындауына  көмектесу,  ата-аналарға  кеңес  беру. 

Балалардың дайындаған жобалары ауқымды, əлеуметтік маңызды, мамандыққа бағытталған 

болуы шарт. Мұндай жобалар бір емес бірнеше пəнді-аймақты алуы мүмкін жəне оларға кіші 

сынып  оқушыларын,  ата-аналарды  кірістіруге  мүмкіншілік  береді.  Жобаны  жүзеге  асыру 

барысында авторы таңдаған мамандығында бекітіліп, немесе оны өзгерту қажеттігін түсінуге 

тиіс.  Ерте  жастан  ізденушілік-зерттеушілік  жобаларды  жүзеге  асыру  əрекеті  тек  қана 

білімалушылық,  интеллектуалдық  дамытуды  көздеп  қоймай,  ертеден  кəсіби  бағдарлануды 

жүргізуге де əсерін тигізеді. 

Сонымен,  жүйелі  білім  беру  парадигмасы – қауымдастықпен  бөлініп,  білім  беру 

үдерісіне  көзқарасты  оқушылардың  өзіндік  танымдық  қозғалыстарына  бағытталған  жəне 

алдыңғы ұрпақтардың тəжірибесіне негізделген пəндік-білімалушылық орта құру барысында 

жеке  тұлғаны  қалыптастыратын,  оқытушылардың  жетекшілігімен,  таным  үрдісіне  табиғи 

даму  негізіне  тіректелетін  түсініктер,  құндылықтар,  анықтамалар  мен  тəжірибелердің 

жиынтығы [3, 43 б.].  Ал  мектепке  дейінгі  тəрбиелеу  мен  білім  беру  саласы  бұл  жүйеде  ең 

маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Халық даналығы айтады, «ел болам десең, бесігіңді түзе», 

ендеше «білім берудің бесігі», деп мектепке дейінгі кезеңді атау қате болмас. Өйткені басынан 

баланың білімқұштарлығы артса, ол өмір бойы білім алуға құштар болатынына сенімдімін. 

Неғұрлым ерте бала жан-жақта шаылған тастарды жинай бастайды, солғұрлым биік олардан 

там орнатары сөзсіз. 

Əдебиеттер тізімі 

1. Карякин  Ю.  В.  Новая  парадигма  образования // «Вестник  Томского  государственного

университета» журналы. Сериясы 14: Халыққа білім беру. Педагогика. № 329. 2009. 39-43 б. - 

http:


// cyberleninka.ru/.../n/novaya-paradigma-obrazovaniya (25.09.2014 ж.) 

170


СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ – БІЛІМ 

САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ƏЛЕМДІК ЖҮЙЕСІНДЕ  

НƏТИЖЕЛІЛІК КЕПІЛІ   

Андирова В.Т., Базарғалиева Б.Т.  

“Өрлеу”  АҚ  Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы,  

Ақтөбе қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Аталған  мақалада  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  сындарлы  оқыту 

теориясы  негізінде  дамыту  əдістері  сөз  етілген.  Балалардың  мектепте  алған  білімдерін, 

іскерлігі  мен  дағдыларын  адами  іс-əрекеттердің  əр  түрлі  салаларында,  сондай-ақ 

тұлғааралық  қарым-қатынас  пен  əлеуметтік  қатынастарда  өмірлік  міндеттерді  шешу  үшін 

пайдалана алу қабілеттерін бағалайтын əлемдік зерттеулерге байланысты өзекті мəселелер 

қарастырылған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет