тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясының жаңа əдіс-тəсілдерін қалыптастыру.
Осы мақсатты қоюға не негіз болды? Мектептің даму жоспарына қажеттілікке сəйкес өзгеріс
енгізуіміз қажет. Осыған сəйкес сауалнама, сұхбаттар алынып, аталған басымдық анықталды.Іс-
138
əрекеттерді зерттеу жұмыстарының нəтижесінен анықталған басымдық мектебімнің басты назар
аударатын жағы болып табылады.
Қазіргі таңдағы əлемдік қарқынды өзгерістер, білім беру жүйесіндегі өзгерістерді кажет
етеді. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong,
Ward & Grant, 2011), демекші Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасы барлық мұғалімдерді оқу тəжірибесіндегі
өзгеріс үшін кіріспе бөлімде айтылғандай НЕ істеу қажет, сонымен қатар осы өзгерістерді
ҚАЛАЙ енгізу керектігі туралы негізгі идеялармен таныстыру мақсатында əріптестерімізге
семинар-тренинг өткізіледі. Жоспар бойынша мектептің осы күнгі ахуалын зерттеу əдістері
сұхбаттасу, сауалнамалардың қорытындысы бойынша SWOT талдау жасалынып отырады.
Осы талдау бойынша мектептің мықты жақтарын айта кетіп, мектепке төніп тұрған
қауіпті айтпауға да болмайды деп есептейміз. Осы сұрақтардың жауабын анықтау мақсатында
жоғарыдағы басымдықтың табыс критерийлеріне сүйеніп, ынталы топпен бірге зерттеу
жұмыстарын бастауға шешім қабылдап отырамыз.
Басымдыққа жету үшін нəтиже жəне табыс критерийлерін анықтап аламыз. Атап айтсақ,
мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісіне сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа əдіс-тəсілдерін үйренеді,
оқушылардың сыни ойлау дағдысы қалыптасады, оқу сапасы жоғарылайды, мұғалім (оқушы)
екіжақты сын тұрғысынан ойлаудың жоғарғы деңгейін қалыптастырады, деңгейлік жұмыстар
ұйымдастырады,оқушының сабаққа деген қызығушылықтары артады.
Көшбасшылық жоспарыма жəне мектептің даму жоспарына жоғарыда аталған бағыттар
бойынша семинар-тренинг, коучинг, Lesson Study жəне сабақтарға қатысып,зерделеу жəне
талдау жұмыстарын жүргізу сынды жұмыстарды жоспарладық.
Басымдыққа бір қадам алға жетелейтін жұмыстың түрі - екінші деңгейлі мұғаліммен
коучинг үдерісін өткізу.Ынталы топ жоспарланған жұмыстардың сəтті өтуіне ықпал ету
жұмыстарымен үнемі айналысып отырады. Əр ынталы топтың мүшелері,яғни педагог
қызметкерлер өткізілетін іс-шараларға байланысты ресурстарды, таныстырылымдарды,
бейнетаспаға түсіру жұмыстарын ұйымдастырып, мектепішілік қорға жинақтап отырады.
Коучингті өткізу – басымдыққа қол жеткізу. Коучинг барысында оқыту мен оқу
кезеңдеріндегі тəжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, қатысушылар бір-бірімен
диалогқа түсу сапалық деңгейді көтеріп, тəжірибе алмасу барысында жетілдіретіндігін білеміз.
Осы мақсатта жоспарға сəйкес ынталы топпен бірлесе отырып, «Топтық тергеу əдісін
қолдану, үйрену, меңгеру, өмірге ендіру–сын тұрғысынан ойлауға бағыттаудың негізі» атты
коучинг өткіземіз. Коучингте оқушыларды оқу жəне оқыту үдерісінде оқушылардың сын
тұрғысынан ойлау дағдысы қалыптастыра отырып, қалай оқу керектігін үйренеді. Топпен
139
бірлескен жұмыс жасауда «Топтық тергеу» стратегиясын жəне сабақта тиімді пайдалануын
біледі. Бұл стратегияның өте маңызды үдеріс екенін, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауға
дағдысын қалыптастыратынын түсінеді. Өз сабағына «Топтық тергеу» стратегиясының
талаптарына сəйкес жұмыс жасауды үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тəжірибе, толғану жəне ой жүгірту нəтижесінде алынған
ақпараттарды ұғыну, бағалау, талдау жəне жинақтауда қолданылатын əдіс екенін ескеріп,
басымдығыма сəйкес екінші коучингті жоспарлауды ортаға салдық. Коучинг тақырыбы:
«Сабақта мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлау тəсілін қолдану дағдысын дамыту». Эдвард де
Боненің «Ақылдың алты қалпағы» əдісін қолдануда əріптестерге алты түсті қалпақ жасауда
«Қалай жасаймыз, қандай қалпақ түрін жасасақ?»-деп, ойлану арқылы сын тұрғысынан
ойлануларына мүмкіндік беріледі. Əріптестер коучинг барысында бақылау, тəжірибе, толғану
жəне ой жүгірту нəтижесінде алынған ақпараттарды ой елегінен өткізу арқылы Блум
таксономиясының жоғары деңгей сұрақтарын қолдану, талдау, жинақтау, бағалау арқылы сыни
тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыра алады. Коучке тəрбиелеуші тəлім алушы
стартегияның мақсаты мен күтілетін нəтижесіне жəне қолдану тəртібіне интерактивті тақта
арқылы түсінік беріп өтеді. Сондықтан бұл тақырыптар мұғалімдер үшін оқушыларға сын
тұрғысынан ойлау дағдысының қалыптасуына ерекше ықпалын тигізеді.
Келесі жоспарлайтын іс-əрекетіміз - тəлімгерлік. Коучингте мұғалімдер жаңа
стратегиямен танысып, сол стратегия арқылы бірлесіп жұмыс істеуге үйренсе, тəлімгерлікте
ережеге сəйкес (МАН, І деңгей,37-бет) тəжірибесі аз мұғаліммен жеке дара сенімділіктен
құралған қарым-қатынас құру болып табылады.
Аталған үдерісті жүзеге асыруда жылдық тəлімгерлік жоспар жасалынып, сол жоспар
бойынша атқарылған жұмыстардың барлығына да тəлім алушыларымызды қатыстырып,
тəлімгерлік жұмыстар жүргізілуде. Əрбір коучинг, сабақ соңында тəлімгерлік кездесулер болады.
Ол арқылы біз, ынталы топ мүшелері тəлім алушылардың өсу деңгейін бақылап отырмыз.
Коучқа тəрбиелеуші тəлім алушының коучингте үйреткен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын
қалыптастыратын стратегияларын өз сабағында тиімді пайдаланып жатқандықтары бақыланып,
кəсіби өсуіне ықпалы тиіп жатқандығы кері байланыс арқылы анықталуда.
Ал ІІІ деңгейді бітірген тəлім алушыға шынайы мақсат қоюға жəне оған жету жолдарын
жоспарлауға, тəжірибесін арттыру арқылы оқыту мен оқудағы сапаны арттыруға, кəсіби
дағдыларын дамытуда қажетті білімдер мен тізбектелген сабақтар топтамасын қалай
жоспарлауды үйрете отырып, мəселелерді (проблемаларды) шешуде кеңес беріліп, осы
дағдыларды тренингтер, семинарлар арқылы үйрете отырып, мектепті жан – жақты өзгертуге
ықпал етуді мақсат етеміз.
Мектепке өзгерістерді енгізу үдерісінің бірден-бірі - ол Lesson Study. Lesson Study
Жапонияда тəжірибені қолдану үшін пайда болған екен. Шетел мемлекеттерінің өзіне ұнаған
тəсілдерін өз мектебіне əкелсем деген ойымды, мектептегі тəжірибе уақытымда аз пайызда болса
да жүзеге асырдым. Енді биылғы оқу жылына жоспарлап, ынталы топтың ықпалымен жүзеге
асыруға ықпал жасаудамын.
Əрине бұл тəсілді жүзеге асыру үшін бірлескен түрде егжей-тегжейлі жоспарлау көзін
жасаймыз. Lesson Study үдерісін басынан аяғына дейін өткізу үшін қалыпты жасалатын
қадамдар бар:
Lesson Study тобы өзара келісе отырып, нəтижеге жетелейтін ереже жасайды
жəне бір-бірімен қарым-қатынаста болып, зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады.
Топ сыныптағы зерттеу нысандарын анықтап алады.Соған сəйкес сабақты
жоспарлайды.
140
Сабаққа мақсат қойып, оны фокус оқушыларына бағыттап, күтілетін нəтижені
бірлескен түрде жасайды.
Сабақ соңында талқылап, келесі сабақты жоспарлайды. (МАН,1-деңгей, 47-48
бет).
Lesson Study -ді өткізуді жылына екі рет деп жоспарлап отырмыз. Ендігі қадамымыз –
фокус сыныптарын таңдау. Өткізілу тəртібіне сəйкес фокус сыныпты таңдап, топ
мүшелерінің бірінші отырысында сыныптағы фокус оқушыларды таңдаймыз. Cабақ беруші
мұғалімнің мақсатымен таныса отырып, күтілетін нəтижені анықтап, сабақты жоспарлаймыз.
Сабақ барысында бақылау парақтарындағы табыс критериилері бойынша сабақты
бақылаймыз. Сабақ соңында оқушылардан сұхбат алып, кері байланыс жасаймыз. Нəтижесін
назарға алып, топпен қайта кездесіп, келесі сабақты жоспарлаймыз.
Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады.
Мен көшбасшы мұғалімінің негізгі бағыттарының, функцияларын атқаруда өз мектебімді
жетілдіруге арналған жоспарланған іс - əрекеттерімді орындай отырып, мектептің даму
жоспарындағы перспективалық жұмыстарын жүзеге асыруға өзіндік үлесімді қосамын.
Əдебиеттер тізімі
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық бірінші (ілгері) деңгей.
2. Асқарбек Құсайыновтың «Əлемдегі жəне Қазақстандағы білім берудің сапасы»
141
ЖАҢА БІЛІМГЕ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС
Альмагамбетов Қ.С.
«Өрлеу» БАҰО АҚ
Павлодар қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Бұл мақалада жаңа формациядағы мұғалімнің тұлғалық қалыптасуындағы оқыту мен
оқудың жаңаша əдіс-тəсілдерін меңгеру дағдыларын қалыптастырудың жолдары
қарастырылып, көшбасшылық , ынтымақтастық қарым-қатынастарды құрудың, кəсіби желілік
қоғамдастықтарын қалыптастырудың жолдары көрсетіледі.
Аннотация
В данной статье описаны пути формирования профессионального сетевого сообщества,
построения лидерских и согласованных взаимоотношений, а также рассмотрены способы
развития умений в освоении новых приемов личностного становления учителя новой
формации.
Abstract
At this article are represented the ways of formation of a professional network community, the
plotting of leading and coordinated relationships, and also are considered the ways of development
of skills in mastering of new methods for personal creation to a teacher of a new formation.
ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Ендеше, Қазақстан мұғалімдеріне де үлкен жауапкершілік
жүктеліп отыр. Болашақ ұрпаққа əлемдік деңгейде бəсекеге қабілетті білім беру мақсатына
орай «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай
дайындайды?», «Мұғалім өзі не үшін өзгеру керек?» деген маңызды сұрақтар білім сапасын
арттырудың бір жолы болмақ. Сол себептен
білім жүйесі де мазмұндық түбегейлі өзгеруде.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж
университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп əзірлеген деңгейлі бағдарламасы бойынша
Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстардың негізгі идеясы
осының дəлелі. Осы деңгейлік бағдарламалардың мұғалімдер қауымына берері, үйретері көп.
Кембридж бағдарламасының басқа технологиялардан ерекшелігі - жеті модуль арқылы іске
асатындығында. Бағдарламасының негізгі мақсаты – оқытудағы басқару жəне көшбасшылық
модулiн педагогикалық көрегендiк пен педагогтiк қиял, мамандығына лайықты жұмысқа
қабiлеттiлiк, өз бiлiмiңдi көтеруге дайын болу жəне жаңашылдық сынды қасиеттердi дамытып,
ұштай
түсу
керектігін
меңгертеді.
Оқу сияқты, көшбасшылық та адамның басты, бірақ, аса күрделі əлеуеттерінің бірі болып
табылады. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тəрбиелеудегі ең озық тиімді
ізденістерін, тəжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін
жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек...
Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту да басты рөл атқарады. Сондықтан, мектепте
мұғалімдер көшбасшылығын белгілеудің негізгі өлшемдерін ұғына білудің маңызы зор.
Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы-мұғалімдер
өздерінің əріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола біледі.
142
Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу
мақсатында оқу үдерісіне жəне оқушылардың, сондай-ақ, мұғалімдердің, қызметкерлердің
нəтижелеріне бағдарланған. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау,
нəтижелерді пайдалану, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін
білу, оқушылар топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды
белгілеу арқылы сыныптардың жəне бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады
.Мұғалімнің кəсіби дамуын қамтамасыз ету моделінің бірі – мектепте жəне мектептер
арасында желілік қоғамдастық құру. Желілік қоғамдастық виртуалды түрде жəне ресурстық
орталықтар арқылы құрылуы мүмкін. Мұғалімнің желілік қоғамдастықтағы қызметін
ұсынылған бөлімдер бойынша бағалауға болады. Олар – тіркелгені, ресурстық қорға үлесі,
ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану, қарым-қатынас мəдениеті деңгейі жəне тақырыпқа
сай жұмыстану белсенділігі. Мұғалім бірінші кезекте өзін-өзі бағалайды, ол өз кезегінде
мұғалімнің кəсіби өсу деңгейіне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндіктер
береді. Желілік қоғамдастықтардың пəндік бірлестіктерден гөрі атқаратын қызметі ауқымды,
қамтитын көлемі кең. Желілік қоғамдастық алдыңғы кезекте мұғалімдердің кəсіби өсіп,
қалыптасуын қамтамасыз етеді жəне қоғамдастық жұмыс аясын кеңейте отырып басқа
мектептермен байланысқа шыға алады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институтының да алға қойған мақсаты қысқа мерзімді курстан кейінде тыңдаушылар өз
ішінде желілік қауымдастықты құра отырып, бірлесе жұмыс атқарып, нəтижеге жету. Қазіргі
заман талабына сай мұғалім болу ең жауапты, ең күрделі, ең зиялы мамандық болып табылады.
Себебі, ол адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған зор жауапкершілікті қажет ететін
мамандық. Қазіргі мектептің міндеттері:
- Алдыңғы ұрпақтың соңғы ұрпаққа жинаған, қалыптастырған мəдени құндылықтарын
жеткізу;
-Баланың тұлғасын дамыту;
- Баланың, мектептің əлеуметтік бейімделуі,
Қандай бір əдістермен педагогикалық технологияны пайдаланбасын, баланың рухани
жан дүниесіне əсер етуде мұғалімнің өз тұлғасының əсері ерекше. Оқушылардың мұғалім
бойындағы ең бағалы деп есептейтін қасиеттері: баланы жақсы көруі, мейірімділік,
сезімталдық, əділеттілік, талап қойғыштық, əзіл айта білуі, келешекке сенімділік, іске
шығармашылықпен қарау болып табылады. Ал, мұндай қасиеттерге ие болу үшін мұғалім
рухани бай, зиялы жəне шығармашыл тұлға болуы қажет. К. Д. Ушинский: «Оқу орнының
талабына көп нəрсе байланысты, ең бастысы тəрбиешінің тұлғасының рөлі ерекше, жас
ұрпаққа беретін əсерін оқулықпен, жазалау жəне мадақтаумен алмастыруға болмайды», - деп
жазған. Əрқайсымыз, студент не жас мұғалім болайық «мұғалім» деген сөзді естігенде өзінің
ең сүйікті мұғалімдерін кəсіби шеберліктермен қоса, тұтастай тұлға ретінде есіне
алады.Мұғалімнің тұлғасын тұтастай алып қарау, əрқайсысының жеке ерекшеліктерін де қоса
қарастырады. Сонымен ХХІ ғасыр мұғалімнің тұлғасы қандай болу керек деген сұрақтың
төңірегінде ой толғау.
Педагог – зиялы тұлға. Өзін жинақы, сүйкімді ұстайды. Прогрессивті көзқарастарды алға
тартады. Сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарайды.
Жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлекция жасап отырады: мəдениеті, эрудициясы жоғары,
эстетикалық, көркемдік талғамы бар. Саясатқа, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылық
танытады. Шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отырады.Педагог – рухани бай
тұлға. Оның рухани байлығы балаға деген махаббатынан, жоғары адамгершілік жəне ұят
сезімінен көрінеді. Ол өзінің оқушылары жəне əріптестерінің пікірімен санасады. Тұлғаның
рухани байлығы өмірдің мəнін жəне өмір сүру мақсатын, өзінің кəсіби шеберлігін
143
айқындауына ұмтылуында болып табылады. Педагог адамдардың қарым - қатынасына, əлем
сұлулығына ерекше мəн береді. Онда эмпатия мен рефлексия жоғары дамыған. Ол жаңа өсіп
келе жатқан баланың рухани əлемінің байлығын түсінуге тырысады, сондықтан да өзінің
планетарлық,
тіпті
космостық
ойлау
үрдісін
дамытады.
Педагог – шығармашыл тұлға. Ол бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс
үстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жүзеге асыру – оның қалыпты кəсіби үлгісі.
Мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірде жəне кəсіби қызметте мəдениет əлемінде өз
орнын табуынан көрінеді. Оның еркін ой - пікірі жəне кəсіби жауапкершілікті сезінуімен
тұтастықта. Өзін - өзі бағалай алады, алайда менмендікке жол бермейді. Ол материалдық жəне
рухани құндылықтар əлемінде өз бағытын еркін айыра алады. Ол батыл шешім қабылдайды,
өзінің өмірлік позициясы бар, яғни айналадағы ортаға, адамдарға, өзіне деген қарым -
қатынастың берік жүйесі бар.
Педагог – адамгершілігі мол, мейірімді тұлға. Бүкіл тіршілік атаулыға, əсіресе балаға үлкен
сүйіспеншілікпен қарайды. Өзімен көз қарасы сəйкес келмейтін адамдарға төзімділік
танытады. Əр ұлт өкілдеріне жəне халықтың салт - дəстүрлеріне сыйластықпен қарайды.
Педагог – бəсекелестікті тұлға. Жоғары кəсіби шеберлікті меңгеру үшін рынок жағдайында
өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, мықты жақтарына сүйене отырып, əлсіз жақтарын
жетілдіріп отыру керек. Озық педогогикалық тəжірибелерді оқып, танып өз ой елегінен өткізе
отырып, шығармашылықпен қолдана білу керек. Кəсіби мəні бар басылымдарды қадағалап,
үздіксіз білім жетілдіру курстарынан өтіп отырған жөн. Бəсекелестікті тұлға болу үшін тек өз
елімізде емес, білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болады, жоғары еңбек
нəтижесіне
жетуге
ұмтылады.
Педагог мəдениет адамы. Ол белгілі бір мəдени кеңістік пен əлеуметтік - мəдени
ситуацияларды ескере отырып, ең жаңа ғылым, өнер жетістіктерін бойына сіңіреді. Өз
халқының əдет - ғұрпы мен салт – дəстүрін бағалайды, біледі. Көркем жəне кəсіби
əдебиеттерге қызығушылық танытады, өнердің алуан түріне мəн береді, ең бастысы өзінің
шəкірттеріне қызықтыра біледі.
Педагог тəрбиеші. Педагог қандай бір бағытты қаламасын, қандай міндеттерді шешпесін,
негізгі қызметі – тəрбиешілік. Тəрбие үрдісі тəрбиеленушілердің алуан түрлі іс - əрекеттерін
(ойын, оқу, еңбек, жеке, ұжымдық) педагогикалық басқару негізінде жүзеге асады.Қазіргі
кезеңде тəрбиеші – педагогтың тəрбие жұмысын ұйымдастырушы ретінде нақты тəрбие
міндеттерін шешуге бағытталған білім, білік қабілеттеріне талдау жасау керек. Мұғалім –
тəрбиеші үшін ең маңызды, ең шешуші құндылықтарға назар аударған жөн. Құндылықтар
жүйесі қазіргі мұғалімдердің педагогикалық мəдениетінің мазмұнын айқындайды. Негізгі
құндылықтардың ең бастысы – бала, оның рухани – адамгершілік əлемі. Мұғалім үшін ең
маңыздысы, оның іскерлігі болып есептеледі, сонымен қатар, психологиялық мəдениеттің де
рөлі ерекше. Бала психологиясының дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтарды түсіну
үшін қажет. П. П. Блонский мұғалімдерді «практикалық психолог» болуға шақырады.
Тəрбиеленушілердің жан - дүниесін түсініп, сезініп, олардың жеке - психологиялық
қасиеттерін бағалаған жағдайда ғана табысқа жете алады.Педагог тəрбиеленушінің сеніміне,
сүйіспеншілігіне əділетті болғанда ғана бөлене алады. Сондықтан ұжымдағы тəрбиеші мен
тəрбиеленушінің арасындағы адамгершілік – психологиялық ахуал шешуші рөл атқарады.
Балаларды қызықтыру, білім алудың қажет екенін сезіндірудің маңыздылығына нақты іс -
шараға қатысуын қамтамасыз ету арқылы көз жеткізеді, бұл табысқа жетудің алғашқы қадамы
болып
саналады.
Жұмыстың келесі кезеңі – тəрбие ісін жүзеге асыру барысында балаларды ұйымдастырып,
топтық ұжымдық, ұжымдық ынтымақтасуы мен шығармашылық іс - əрекетін жүзеге асыру.
144
Педагог тəрбиеші жобалай, болжай білу керек. Бір күн, бір апта, бір ай, бір жылды жобалап,
болжай білген жөн. Сонымен бірге, тəрбиешінің тəрбиеленушімен белсенді қарым-қатынас
құра білу тыңдай да, тыңдата да білу керек. Дер кезінде батыл шешім қабылдай алуы да
маңызды. Жоғары рухани деңгейі, зиялылық, жұмсақ жымиыс, жайлы дауыс, жеңіл əзіл ең
кішкентай балалардан бастап, ересектерге де ұнайды. Жеңіл əзіл арқылы шиеленісті
жағдайдың бетін қайтаруға болады. Педагог – тəрбиеші үздіксіз даңқ пен табысқа кенеле
бермейді. Қиын жағдайларда тығырықтан шығу үшін жеңіл əзіл (юмор) керек - ақ. Педагог -
тəрбиеші өзін - өзі бақылап, педагогикалық іс - əрекетін дер кезінде түзете білген жөн. Педагог
тəрбиеші оқушы тұлғасына тəрбиелік ықпал етуді біріктіре, кіріктіре білгені дұрыс. Отбасы,
мектеп, достарын қамтып, мезгілінде көмекке келе білу керек. Педагог кейбір шиеленісті
жағдайдан өзінің интуициясы жəне шығармашылығы арқылы ғана шыға алады. Психолог,
педагог П. П Блонский «Нағыз мұғалім энциклопедиялық сөздік емес, алайда ол Сократ» - деп
жазған еді. Нағыз педагог ең алдымен шығармашыл жəне кəсіби ойлайтын адам екені анық.
Бақытты педагог қана оқушыларын бақытқа кенелте алады. Тек мейірімді мұғалім ғана
оқушыға мейірім дəнін себе алады. Өзін - өзі дамыта алатын педагог оқушыларын өзін - өзі
дамытуға ынталандыра алады. Сондықтан біз оқушыларымыз күткендей мұғалім болуымыз
өте қажетті. Тақырыптық жоспар, сабақ жоспарын жасағанда оқытушы тек өзінің жұмысын
ғана емес, оқушылардың іс - əрекетінің сол пəнге деген жеке көз қарасымен білім деңгейін,
қызығуы мен қабілетін ескерте отыру қажет. Оқушылардың алуан түрлі іс - əрекеттерін
жобалаған кезде оқытушы ұжымдық жəне жекелік шешім қабылдау үшін жан - жақты
міндеттер мен тапсырмаларды іріктеу керек: репродуктивті жəне шығармашылық,
оқытушылық, дамытушылық жəне жаттығушылықты ескерген жөн. Қазіргі оқытушылар оқу
материалын проблемалы түсіндіру, эвристикалық əңгіме жүргізе білу, дискуссиялық жағдай
жасай алуы, интеллектуалды - шығармашыл ахуал жасау, студенттердің оқу - зерттеушілік
қызметін ұйымдастыруы қажет. Шəкірт тұлғасын өз пəнін жетік білуге оқыту арқылы
тəрбиеленеді. Концепция мен технологияларды оқыту мен тəрбиелеу, жұмыс түрлерін
жинақтау педагогикалық қызметті тиімді етеді. Əрбір оқытушының өзінің шығармашылық
лабораториясы болу керек, дидактикалық материалдар комплексі, аудио, видео, техникалық
құралдар, компьютерлік техниканы меңгеру жəне пайдалану ғана қалыпты жағдайы болуы
тиіс. Оқытушы бүкіл əдіс - тəсілдерін біріктіріп, кіріктіріп пайдаланғанда жоғары
көрсеткіштерге жетеді.
Педагог - əдіскер. Қазіргі жағдайда педагог қызметінің ауқымы кең жəне алуан түрлі. Оның
негізгі бағыттарының бірі – əдіскерлік мəдениетін өзін - өзі дамытуы, кəсіби шеберлігін
үздіксіз арттырып отыруы. Əдіскер – педагог өзінің жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп қана
қоймай, басқаларға өз тəжірибелерді тауып, танып, тарата білу керек; б) оқу - əдіскерлік
проблемаларды танып, талдама жасайды; в) алуан түрлі əдіскерлік жұмыстарды тиімді
тұтастыра білуі керек; г) жас педагогтардың өзін - өзі дамытуға көмек береді. Өзін - өзі
дамытуға бағдарлама құрғанда жалпы - мəдени, философиялық - əдістемелік, тəрбиелік,
дидактикалық, педагогикалық, психологиялық, техникалық дайындықтарға назар аударады.
Əдістемелік жұмыстың өз мəнінде жүруіне «ашық сабақтардың» рөлі зор. Педагог өз оқу
орнының көлемінде шектеліп қалмай, семинарларға, конференцияларда қатысу белсенділік
танытады. Білім жетілдіру курстарына қатысады.
Педагог – зерттеуші. Педагог зерттеуші ретінде өзінің педагогикалық қызметінде
қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оны шешуге деген қажеттілік туындайды.
Жұмысқа шығармашылықпен қарау, шабыттану – зерттеушіліктің қозғаушы күші болып
табылады. Педагогикалық инновацияның дамуына байланысты, педагогикалық эксперимент
жүргізе отырып тіпті жас педагогтар да өзінің зерттеушілік қабілетін дəлелдей алады.
145
Сондықтан педагогикалық негізгі міндеттерінің бірі методикалық мəдениет арқылы өзін - өзі
дамыту болып табылады.
Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі - білім берудің жаңа жүйесінің
жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз
байланысты. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас
жаңаша ойлауды қалыптастырады. Жастарға білім мен тəрбие берудің негізі болып саналатын
жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі мəселе
болса, бастауыш мектеп – мұның түп қазығы, бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты жəне
оны мектеп тəжірибесіне енгізуде шешуші орынды мұғалім қызметі алатыны анық.
Қорыта келгенде, кез келген мұғалім оқытудың дəстүрлі формасынан арылып, жаңа
замандағы жаңа инновациялық технологияларды оқу үдерісінде молынан қолдана білу.
Оқушыны сабаққа қызықтыра отырып, жетелеудің жолдарын тиімді пайдалану. Мұғалім
сабақта тек бағыт беруші қызметін атқарып, оқушыларды топта, ұжымда ынтымақтастықты
ұйымдастыра алса, нəтижеге жететіні айдан аңық. Сондықтан жаңашылдықпен іздену арқылы
оқытудағы басқару мен көшбасшылық-қазіргі оқыту үрдісінің басты мақсаты.
Достарыңызбен бөлісу: |