Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет22/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   113

Əдебиеттер тізімі 

1. Бітібаева.Қ.,  Құдайбергенова  Г.,  Мұқашева  М.  Əдебиетті  оқытудың  инновациялық

технологиясы.  Өскемен:  Білім  беру  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру    мен  қайта 

даярлау институты, 2002. 

2. Қабдолов.З.  Ғұлама. //Əуезов  дəрістері:  Республикалық  ғылыми-практикалық

конференциясының  материалдары  /Семей:  М.О.Əуезов  атындағы  Семей  университеті,

2003 

3. Абай. ІІ том. А: Жазушы, 2005.



4. Əлемдік педагогикалық ой сана 7 т.-webirbis.ksu.k/.../cgiirbis_64.eхе...əлемдік ой-сана/ бас

ред. Ж.Қ.Түймебаев,

 

22.09.2014



5. Ғаббасов  С.Ұрпақ  тəрбиесінің  жаңа  ілімі-http://ult.kz/social/1105-rpak-tarbiesini-zha-a-

ilimi.html,22.09.2014

180


ТИІМДІ ОҚЫТУДА КРИТЕРИАЛДЫ 

БАҒАЛАУДЫҢ РӨЛІ 

Арзиева А

.Т.  

«Өрлеу» БАҰО АҚФ, Алматы қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



  

Аңдатпа 

Заманауи зерттеулер жəне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тəжірибесі критериалды 

бағалау жүйесін білім беру саласында қолданудың  тиімділігін көрсетіп келеді. Сондықтан, 

осы мақалада критериалды бағалау жүйесін мұғалімдердің іс-тəжірибесіне енгізу мəселелері 

мен  жолдары қарастырылады.  

Аннотация 

Современные  исследования и опыт Назарбаев Интеллектуальные школы показывают, 

насколько  эффективным  является  использование    системы  критериального  оценивания  в 

системе  образования.  В  этой  связи,  данная  статья  посвящена  проблемам  внедрения 

критериального оценивания в практику учителей.  

Abstract 

Modern research and experience of Nazarbayev Intellectual Schools proved the efficiency of 

criteria-based assessment in the education system. Therefore, this article based on the problems of 

introduction of the criteria-based assessment in the practice of teachers. 

Дəстүрлі мектепте бағалау мəселесіне онша назар аудармай келген едік.  Бағалау – бұл 

сабақтың соңында жүзеге асырылатын үрдіс деп қарастырылатын. Біз - Баланың білімі қандай 

деңгейде?  Баға  шынайы  ма?  Оқушы  мұғалім  қойған    баға  мен  келесе  ме?  Бағаның  əділ 

екендігін ата-аналарға қалай түсіндіреміз? – деген сұрақтар төңірігінде ойланбайтынбіз. Ал, 

заманауи зерттеулерде «бағалау»  мəселесі жан-жақты қарастырылып, зерттеліп, оның білім 

сапасын жəне оқушының белсенділігін арттыруда өте маңызды екендігі дəлелденді.  

Бағалаудың қыр-сырын Кембридж  ғалымдарының  жүргізген сабақтарында жан-жақты 

талқылап,  оның  маңыздылығы  туралы  ойландым.  Олардың  бағалауға  байланысты  бізге 

қойған  алғашқы  сұрақтары:  Бағалаудың  мақсаты  неде?-  деп  ойлайсыздар;    Қалай 

ойлайсыздар, бағалаудың қандай түрлері бар? т.б. Біз əріптестер мен бірге осы жəне тағы да 

басқа  сұрақтарды  топтық  жұмыста  зерттей  келе,  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  жаңаша 

бағалаудың  маңыздылығын түсіндік. «Бағалау» мəселесін басқа қырынан  танып, біліп  оған  

деген көзқарасым өзгерді.  

          Заманауи  зерттеулерде  бағалаудың  ерекшеліктері,  оның  түрлері  мен  мүмкіндіктері, 

маңыздылығы зерделеніп, талдау жасалынған. Мысалы, Александер  бағалауға байланысты 

өзінің  төмендегі  тұжырымдарын    айтады: «Сыныптағы    бағалау  тек  қана  техникалық  тəсіл 

емес.  Мұғалімдер  жазбаша  немесе  ауызша  түрде  баға  қою  жолымен  бағалайды.  Олар 

қолданатын кез келген нысанның артында баланың дамуы, оқуы жəне ынтасы туралы түсінік, 

сонымен  қатар  өзін-өзі  бағалау,  қабілеттілік  жəне  күш-жігер  сияқты  ұғымдарға  қатысты 

құндылықтар жатады» [1,19-б.] 

Соңғы жылдары ғалымдар бағалаудың екі түрі болатындығын дəлелдеген: оқыту үшін 



бағалау  жəне  оқуды  бағалау.  Əсіресе,  оқытуды    жақсартуда  оқыту  үшін  бағалаудың 

181


маңыздылығы анықталғанҚазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін 

арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей Бағдарламасында: «Бұл Бағдарламаның басым 

бөлігі, түрлі тəсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін 

қамтыған.   Дайын  білім  беруге  негізделген  «дəстүрлі»  стиль  арқылы  алынған  білім 

оқушылардың жинақтаған  өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық 

есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алған. Дəстүрлі оқытудан алынған механикалық 

түрде есте сақталған мəліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мəн-

мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту немесе емтихан 

аяқталған соң керексіз болып қалады жəне оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды» - 

деп айтылған [2, 31-б.]

  

  Сондықтан, «оқушының пəнді терең түсіну қабілетін дамытуда, алған 



білімдерін  сыныптан  тыс  жерде,  кез  келген  жағдайда  тиімді  пайдалана  білуін  қамтамасыз 

етуде»


 – 

 критериалды бағалау мəселесінің мəні мен маңызын танып-білу 

– 

бүгінгі күнде тың, 



өзекті  мəселе  болып    саналады [1, 22-б.]

     


    Оның  үстіне, «Қара  жəшік»  ішіндегі    негізгі  

жұмыстардың бірі – «Оқушымен бірге критерийлерді талдау».

 

 Критериалды бағалау не үшін 



керек? – деген сұраққа жауапты  мұғалімдермен бірге табуды жоспарладым. Бағдарламада: 

«Осы  Бағдарлама  құзырлы  мұғалімнің  алдына  оқушының  жан  дүниесін  жақсы  түсіне  білу 

жөнінде  нақты  міндеттеме  қойып  отыр.  Құзырлы  оқытудың  маңызды  факторы  мұғалімнің 

оқушының  тақырыптың  мəнін  өз  бетімен  меңгеруін  түсінуі  мен  бағалай  алуы  болып 

табылады.  Мұндай  тəсіл  бұл  үдеріске  оқушының  өзінің  де  қатысуын    талап  етеді» - деп 

айтылған [1, 49-б.].

 

  Критериалды бағалауда оқушы өзін-өзі бағалай алуына жəне сыныптасын 



бағалауына мүмкіндік бар. Сонымен бірге, бұл бағалау жүйесі ең алдымен оқушыларды жақсы 

оқуға  жетелеп,  оның  өсу  қарқыны  мен  біліміндегі  ақауларды  анықтауға  бағытталған.  Осы 

тұрғыда, мен мұғалімдерге  критериалды бағалауды қалай үйретсем болады? Ол үшін қандай  

əдіс-тəсілдерді қолданғаным тиімді? Критериалды бағалаудың  маңыздылығын  мұғалімдер 

түсіне  ала  ма?  Критериалды  бағалауды  қолданудың  нəтижесінде    мұғалімдер  қандай 

жетістіктерге  жетеді? –деген  сұрақтардың  жауабын  іздедім.  Одан  шыққан  жауап: 

«Тыңдаушыларым  бағалаудың  мəнін  түсініп,  критериалды  бағалауды  өздерінің  іс-

тəжірибелерінде  тиімді  қолданудың  əдіс-тəсілдерін  үйреніп,  осы  тақырып  бойынша  бар 

білімдеріне жаңа білім қоса алса – онда оқушының оқу жетістігі əділ, шынайы,  объективті  

бағаланады, –деген тұжырымға келдім.  

Бүгінгі  күнде  Қазақстандағы  ең  алдыңғы  қатарлы  мектептердің  бірі - Назарбаев 

Зияткерлік мектептері.  Ал, 

орта білім беру жүйесіндегі басты мақсат - Назарбаев Зияткерлік 

мектебінің  тəжірибесін  тарату.  Себебі,  Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  отандық  жəне 



əлемдік озық тəжірибелерді зерттеп,  инновациялық технологияларды білім мазмұнына 

енгізуді  жүзеге асыруда. Бұл мектептердің негізгі бағыттарының бірі –

 «Оқушылардың оқу 



жетістіктерін  критериалды  бағалау  технологиясын  қолдану».  Назарбаев  Зияткерлік 

мектептері  «Оқушыларының  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалаудың  жүйесін  енгізу 

тұжырымдамасында»  дəстүрлі  оқыту  үдерісіндегі  бағалау  туралы  төмендегі  тұжырым 

айтылады:  

«Көп жылдар бойы бағалау оқушының жетістіктерін басқа оқушының нəтижесімен 

салыстыру арқылы жүзеге асырылып отырды, ал бұл бағалаудың бірқатар кемшіліктері бар: 

1. Педагогтарға, ата-аналарға жəне оқушыларға түсінікті болатын білім беру жетістіктерін

бағалайтын нақты өлшеулердің жоқтығы;  

2. Педагог əр оқушының жетістігін алдын-ала айқындалған өлшеулер негізінде емес, жалпы

сыныптың орташа білім деңгейіне қарап бағалайды; 

3. Оқушыларға қойылған баға оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері бойынша

алынатын нақты білімді, білікті, дағдыны көрсете алмағандықтан, əр оқушының жеке білім 

182


алу траекториясын анықтауға мүмкіндіктің болмауы; 

4. Қорытынды баға қоюда ағымдағы бағалар есепке алынады, бірақ ол оқытудың қорытынды

нəтижесін əділ бағалау болып табылмайды;  

5. Оқыту үрдісінде  мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмағандықтан,

оқушының білім алуға деген белсенділігі төмендейді»[3, 7-8 б.].   

Осы тұрғыдан, бағалаудың маңыздылығы туралы айтылған  заманауи теорияларға сүйене 

отырып, мұғалімдердің критериалды бағалау бойынша  түсініктерін қалыптастыру жəне оны 

өздерінің іс-тəжірибесінде   тиімді қолдануды қамтамасыз  ету  мəселелері  төңірігінде  əр 

түрлі жұмыстар  жүргізілді.   

Тренинг  сабағымда  курс  тыңдаушыларын    топқа  бөліп,  топтың  ережесін  шығардық. 

Осы ережелерді қандай мақсатпен жаздық? –деген сұрақтың төңірегінде түрткі тастадым. Əр 

түрлі  жауаптар  болды,  мен  болсам:  Сіздер  топта  жұмыс  жүргізудің  критерийлерін 

жаздыңыздар-деп  айттым.  Мұғалімдер  ойланып  қалды.  Сосын,  критериалды  бағалауды 

түсінуге жағдай жасау мақсатында, мұғалімдерге бейнематериалды көрсете отырып, төбеден 

шанамен  сырғанаған  əрбір  оқушыға 0–5-ке  дейінгі  баға  қойдым.  Сонымен  не  үшін  

оқушыларды осылай бағалады – деп ойлайсыздар? - деген сұрақты қоя отырып мұғалімдерді 

сыни тұрғыдан ойлауын  дамытып, ой қозғаттым. Мұғалімдер пікірлерін білдіру барысында 

«Ержан жақсы сырғанағаны үшін «5» алды десе, Айнұр нашар сырғанағаны үшін «3» алды деп 

жатты. Ал, Асан неге «4» алды? - деген сауалға Ренат: «Ол 5 ке сырғанамаса да, кішкене жақсы 

сырғанады»-  деп  жауап  берді.  Мұғалімдер  осы  кезде  əр  оқушыны  бағалауда  неге 

сүйенгендігімді сұрады. Осы сəтті талдау барысында мұғалімдер бағалау критерийі  болуы 

керектігіне  көз  жеткізді.  Сосын,  əр  пəн  мұғалімдеріне  өз  пəндері  бойынша  бағалау 

критерийлерін  жасауды  тапсырдым.  Кейбір  тыңдаушылардың  жұмыстары  сəтті  шықпады 

жəне  тыңдаушылар  уақытты  үнемді  пайдалана  алмады.  Оларға  өздері  ғана  бір  сабаққа 

критерий құру қиындық туғызды. Мен осы жерде  жұптық жəне топтық жұмыс ұйымдастыру 

керектігі туралы ойландым.  

     Келесі  потокта    критерийлерді  құрғызу  барысында  топтарды  белгілі  пəндер  бойынша 

топтастырып отырғыздым, яғни топтық əңгіме жүргіздім. Мысалы, қазақ тілі пəнінің, физика 

пəнінің,  математика  пəнінің  мұғалімдері  деген  сияқты.  Топтық    жəне  жұптық  жұмыста  өз 

пəндері  бойынша  критериалды  бағалауды  құрды,  қиындық  туындамады.  Əр  топ  өздерінің 

пəндері бойынша бір сабаққа құрған критерийлерін флипчартқа түсіріп, қорғап, критериалды 

бағалаудың  ерекшеліктерін  анықтады:  алдын-ала  бағалау  шкаласы,  бағаның  əділдігі,  өзін 

бағалауға  мүмкіндіктің  берілуі.  Əрбір  əрекеттен  соң,  кемшіліктері  айтылып,  ұсыныстар 

беріліп формативті бағалау жүргізіліп отырды.  «Өкіл» əдісін қолдану барысында критералды 

бағалаудың мəн-мағынасы ашылды. Біріккен пəн мұғалімдері берілген тапсырманы орындап, 

басқа топтарға өкілдікке бір-бір мүшелерін жіберіп, олардағы жақсы дүниелерді өздеріне алып 

келіп, ой бөлісуінің арқасында  критериалды бағалаудың қызметтері анықталды: бақылау, 

дамыту,  қызықтыру,  диагностикалау,  ынталандыру.  Сабақта  өзара  бағалау  жұмыстары 

жүргізілді.  Сабақтың  соңында  кері  байланысты  жүзеге  асыру  мақсатында      «Плюс,  минус, 

қызықты» əдісін пайдаланып мұғалімдер бүгінгі сабақта Не білді? Не қиын болды? Не қызық 

болды? – деген сұрақтарға жауап алдым. 

      Сабақтарымда    критериалды  бағалауды  түсінуге  жағдай  жасау  мақсатында,  Сіз 

оқушыларыңызды  қалай  бағалайсыз?  Қаншалықты  деңгейде  оқушыларды  əділ,  шынайы 

бағалаймын,  деп  ойлайсыз? – деген  сұрақтың  төңірегінде  түрткі  тастадым.  Жалпы  əңгіме-

дебат  орын  алды.  Келесі  қадамда  Порталдағы  «Мұғалімнің  бағалаудағы  рөлі»  ресурсты  

топтық  жұмыста  талқылап,  бағалауда – мұғалімнің  атқаратын  рөлін  анықтадық.  

Тыңдаушыларым топтық жұмыс жүргізе отырып: критерийлер оқушының жас ерекшелігіне,  

183


бағдарламаға сай алынады,  əрбір жетістік  балмен жəне дескриптор арқылы белгіленеді 

деген  тұжырымға  келді.  Мен  бұл  сабақта  осы  критериалды  бағалауға  байланысты 

«Бағдаршам» əдісі арқылы кері байланыс жүргіздім. Жасыл түс – мен толық түсіндім. Сары 

түс – маған  тағы  көмек  керек,  қызыл  түс – мен  мүлдем  түсінбедім-  деп  көрсетілген.  Кері 

байланыс қорытындысына қарай отырып, жүйелі жоспарланған жұмыс болды- деп шештім

Курс  тыңдаушылары  бірінші    «Бетпе-бет»  кезеңінде  бағалау,  оның  ішінде  критериалды 

бағалау  туралы  жан-жақты  білім  алған  соң,  бұл  мəселе  өз  жалғасын  екінші  «Бетпе-бет» 

кезеңінде  тапты. Мысалы,  мектепте орындауға арналған тапсырмаларға өздері критерийлерді 

дескрипторларымен құрды. Бағалау парақшалары бойынша мұғалімдер  бірін-бірі жəне өзін-

өзі бағалады. Тыңдаушылар өздерін əділ, шынайы, нақты бағалауға мүмкіндік алды.

 

Сонымен 


қатар,  мұғалімдер  портфолиоға  рефлексивтік  есептер  жазған  уақытта,  əрбір  топ  есептерге 

критерий  дайындады  жəне  оны  қорғады.  Бұл  жерде  міндетті  түрде,  Бағдарламада  берілген 



критерийлерді негізге алдық. Есептерді тексеру мақсатында, критерийлердің  ең үздік нұсқасы  

негізінде  мұғалімдер  өзінің,  бір-бірінің  рефлексивтік  есептерін  бағалады.  Оларға 

портфолиоларын    белгілі  критерийлер  арқылы  бағалап,  өзіндік  жұмысының,  іс-əрекетінің 

бағасын беріп, өзін-өзі тексеруге де мүмкіндік туып жатты. 

Курс өткізу барысында критериалды бағалау жайында тыңдаушыларда толық түсінік 

қалыптастыру  үшін  оны  жүйелі  түрде  қолдануды  жоспарладым.  Əрбір  сабақтың  жоспарын 

құрғанда, оның мақсатына, міндеттеріне, сабақтың  кезеңдеріне ерекше назар аудардым.   

Мұғалімдердің  білімдерін жетілдіруде жан–жақты жұмыстармен қатар, критериалды 

бағалауды  қолдану кезінде қиындықтарды жеңу үшін, қайталап, нақтылап, жетелей отырып 

жұмыс  жүргізуге  тырыстым.  Тапсырмалардың  жүйелі  болуын,  критериалды  бағалау 

үдерісінің  нақты  берілуін  қадағалап  отырдым.  Ойлануға  уақыттың  жеткілікті  мөлшерде 

берілуіне  де  көңіл  бөлдім.  Өзім  оқытқан,  сертификатталған  мұғалімдерім  осы  критериалды 

бағалау  бойынша    тиімді  жұмыс  жүргізіп  отырғанын  қала,  республика  көлемінде  жүргізіп 

жүрген он-лайн режиміндегі сабақтар барысынан да көруге болады. Сонымен қатар, оларды  

конференцияларға, республикалық, қалалық, аудандық семинарларға,  шеберлік сыныптарына 

тарта  отырып,  олардың  нəтижелі  жұмыстарының  куəсі  болып  жүрмін.  Тəжірибемдегі 

өзгерістерді қорытындылай келе, бағалауға, оның ішінде критериалды бағалауға байланысты 

төмендегі  нəтижелерді көре алдым.  



Мұғалімдер: 

 Бағдарламада  бағалауға  байланысты  айтылған    негізгі  идеялар  мен  теорияларды

меңгерді;

 Критериалды бағалаудың əділ, шынайы, объективті болатындығына көзі жетті;

 Оқушының оқу жетістіктерін бағалауда критералды бағалаудың рөлін түсінді;

 Критериалды бағалауды іс-тəжірибесінде қолданудың тиімді əдіс-тəсілдерін үйренді.



Өзім:

 Əрбір  əрекетіме, ісіме сын көзбен қарауды үйрендім;

 Бағыттаушы, реттеуші, нұсқаушы рөліне ауыстым;

 Кəсіби өсуім байқалды.



Əдебиеттер тізімі 

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, (Үшінші деңгей) 2013 ж.

2. Глоссарий (оқу-əдістемелік құрал), Қазақстан-Астана, 2013 ж.

3. НЗМ ДББҰ Тұжырымдамасы, Астана, 2013 ж.

184


МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН 

ҚОЛДАНУ 

Архабаева Ж. К.  

№11 жалпы орта мектебі  

Екібастұз қаласы, Павлодар облысы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Критериалды  бағалау  оқушы  жетістіктері  мен  кемшіліктері  туралы  ақпарат  береді, 

оларды өз бетімен білім алуға, өзін өзі жетілдіруіне əсер етеді жəне кері байланыс міндетін 

орындайды. Баяндамада критериалды бағалаудың дəстүрлі бағалаудан айырмашылығы жəне 

артықшылығы атап көрсетілген. Бағалау критерийлері жəне алгебра пəнінен өзіндік жұмысқа 

арналған дескриптор нұсқасы берілген. 



Аннотация: 

Критериальное  оценивание  позволяет  не  только  объективно  оценивать  достижения 

учащихся,  но  и  активизировать  процессы  саморазвития  и  самообучения  учащихся,  что 

особенно актуально при формировании учебно-познавательной компетентности школьников. 

В  докладе  показаны  различия  и  премущество  критериального  оценивания  от 

традиционного.Для  выполнения  самостоятельных  работ  по  предмету  «Алгебра» 

используются варианты дескриптора и критерии оценивания. 

Abstract 

Criteria estimation allows not only to estimate objectively achievements of pupils, but also to 

intensify processes of self-development and self-training of pupils that is especially actual when 

forming educational and informative competence of school students. Distinctions and a 

premushchestvo of criteria estimation from the traditional are shown in the report. For performance 

of independent works on the subject "Algebra" options of a descriptor and criteria of estimation are 

used. 

Оқу  үрдісінің  ең  маңызды  жақтарының  бірі    –  оқу  нəтижелерін  бағалау  болып 



табылады. Оқу үдерісін  басқаруда негізгі орын бағалауға беріледі.  

Мұғалім оқушы жұмысын бағалаған кезде, өзі оқушыға нені үйретсе соны бағалайды. 

Мектептегі оқушының алған барлық білімі  оның болашағына қажетті өмірлік қоры болмақ, 

сондықтан оқушы жұмысын бағалаған кезде объективті болудың маңызы ерекше. 

 Ғылыми-педагогикалық  əдебиеттерге  шолу  жасасаңыз,  бағалау  үдерісіне  қатысты 

белгілі бір жүйенің (классификацияның) жоқтығын байқайсыз.  

 Осы  уақытқа  дейін  оқушының  білім  деңгейі  мен  білім  сапасын - тест,  тексеру 

жұмысы, жазба жұмысы, əртүрлі диктанттар, өздік жұмыстар, ғылыми жобаның орындалуы 

олимпиадаларда  қатысуы  немесе  тоқсан  қорытындысы  бойынша  өзара  салыстыру  арқылы 

өлшеп, бағалап келгеніміз шындық.  

  Жұмыстың  осылай  ұйымдастырылуы  оқушылардың  өз  оқу-əрекеттерін  дұрыс 

бағалай алмауына, сыни тұрғыдан ой елегінен өткізе алмайтындығына əкелді. Қазіргі күндегі 

көпшілік  «оқу  озаттарымыздың»  күннен-күнге  қарқыны  арта  түскен  ақпараттар  ағымына 

ілесе  алмай,  оларды  сараптай  алмай,  дұрыс  талдауға  мүмкіндігі  болмай,  бүгінгі  күнде  бел 

алған бəсекелестікте қабілетсіз болып отыруы – шындық. 

185


 Білім  беру  жүйесінде  ұзақ  жылдар  бойы  оқушылардың  білім,  білік,  дағдысын 

бағалаудың  бес  балдық  жүйесін  өзгерту  жəне  жаңарту  мəселесінің  туындауына  

Республикамыздың  білікті,  білімді,  жаңашыл  (новатор)  ұстаздарының  пікірінше  мынадай 

қайшылықтар себепші: 

  бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы; 



  білім саласындағы жəне оқушы танымындағы өзгерістер арасындағы қайшылықтар; 

  білім  беру  жүйесіндегі  болып  жатқан  өзгерістер  мен  осы  жүйені  басқарудың  сипаты 



арасындағы қайшылықтар; 

  қоғамдағы сұраныстардың өзгеруі т.б. 



   Қазіргі  білім  беру  жүйесінің  ерекшелігі  оның  негізгі  тауары – құзіреттілік,  яғни 

білім  алушының  қандай  да  бір  іс-əрекетке  құзіреттілігін  дамыту,  арттыру,  қалыптастыру 

десек, біз оқушының білім, білік, дағдысын бағалаудан, құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын 

бағалауымыз керек. Мектептегі бағалауды жаңартудың мақсаты – оқушылардың бағаларын 

мазмұнды,  объективті,  дифференциалды  ету.  Білім  алушының  құзыреттілігін  дамытуға, 

тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі. 

Білімді  тексеру,  бағалау  оқушының  білім  алуына  көмектесіп,  оның  жəне  мұғалімнің 

білім сапасы жөнінде сандық мəлімет береді. Мұғалім оқушы білімін бағалау процессінде, өз 

жұмысындағы  жетістіктер  мен  олқылықтарға  (кемшіліктерге)  баға  беріп,  жұмыс  əдістерін 

толықтырып, түзетіп, өз жұмысына түзетулер жасайды. 

 Заманауи  мектептің  оқушысы  ұтымды  ұйымдастырылған  сабақ  барысында  

шығармашылық  импульс  алады,  дүниені,  қоршаған  ортаны,  қоғамды  танып-білуге,  өз 

қабілеттерін дамытуға ұмтылады. 

Критериалды  бағалау  жүйесі  жоғары  сынып  оқушылары  үшін  қолайлы,  өйткені  осы 

жастарда  балалар  ерекшеленуге  құштар  болады,  яғни  оқушының  белсенділігін 

арттырады.Оқушылар арасында сайыс- жарыстар, бəсекелестік пайда болады. 

Критериалды  бағалау – білім  алушының  негізгі  құзіреттіліктерін  қалыптастырушы 

білім  алудағы  нəтижелерін  алдын  ала  анықталған,  бірлесіп  жасалған,барлығына  белгілі 

критерийлермен салыстыру процесі. 

Критериалды бағалаудың артықшылығы неде: 

1. Пəннің оқытылу мақсатына сəйкес келуі жəне мұғалімнің көңіл күйіне қатыссыз

объективті бағалау;

2. Оқушы жетістіктері нақты анықталады;

3. Бағаның нақтылығы барлығына (ата- аналарға,  оқушыларға, мұғалімдерге) айқын

көрініп тұрады.

4. Оқушының өзін өзі бағалауына мүмкіндік береді;

5. Оқушыны өз еңбегінің нəтижесіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді,

6. Білім сапасы көтеріледі.

Критериалды  бағалау  қолданысында  білім  алушының  оқудағы  жетістіктерін  тексеру

үшін бағалаудың қалыптастырушы жəне жиынтық формалары қарастырылған (1-кесте). 

Оқыту үшін бағалау (қалыптастырушы) 

Оқуды бағалау (жиынтық) 

Оқыту үшін (қалыптастырушы) бағалау 

мақсаты кері байланысты қамтамасыз ету 

үшін мұғалім жəне оқушы жүргізеді. Бұл 

оқушы үшін төмен бағанды бағалау болады. 

Жиынтық бағалаудың мақсаты оқушының 

бір тақырып немесе тоқсан аяғында жеткен 

жетістігі немесе белгілі бір стандартты 

меңгеруі. 

186


Оқушы қазіргі уақытта не оқып білгені 

анықталады 

 Оқылған тақырыптың немесе тараудың 

соңында (бақылау немесе сынақ жұмысы 

арқылы) 

Оқушыларға өз жұмыстарына түзетулер 

жүргізе отырып, жоғарырақ деңгейге жетуге 

көмектеседі 

Оқушыларға оқылған тақырып бойынша 

жеткен жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік 

береді 

Мұғалімге əр оқушының материалды игеруі 



туралы ақпарат жинауға, оны талдауға жəне 

ары қарай оқыту сапасын тиімді 

ұйымдастыруды  жоспарлауға мүмкіндік  

жасайды.  

Мұғалімге оқушы білімінің нəтижесі  

бойынша қорытынды жасауға жəне 

қорытынды  бағаны қоюға мүмкіндік береді. 

1-кесте.Қалыптастырушы жəне жиынтық бағалау 

Əлемдегі 

соңғы 


зерттеу 

жұмыстары 

біздің 

ұғымымызда 



формативті(қалыптастырушы)  бағалау  үдерісінің  едəуір  дамуы  мен  білім  беру  мен  білім 

алуда  қолдану  мүмкіндіктеріне  серпін  берді.  Оқыту  үшін  бағалауды  түсіну  үшін  оны 

дəстүрлі бағалауға қарама-қарсы қойған дұрыс.  

Оқыту  үшін  бағалауда  оқушы  не  білетінін  көрсетеді,  өзін-өзі  бағалайды  жəне 

жетілдіреді. Қалыптастырушы  бағалаудың дəстүрлі бағалаудан айырмашылығы: 

Күнделікті сабақтағы іс-əрекетке килікпейді;



Бағдарламаны меңгеру кезінде оқушы білімін дамыту үшін қойылады;

Оқу жоспарының сыныпта орындалуын көрсетеді;



Əрбір жеке тұлғаның əлсіз немесе күшті жақтары туралы хабарлама береді;

Оқушының үлгерімі туралы бірнеше көрсеткіш көрсетеді;



Ең бастысы əрқашан кері байланыс болады;

Математикадан оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін үш  критериді қолданамын(2- 

кесте).  

Критерийлердің 

белгіленуі 

Критерийлердің 

атауы 


Критерийлердің мазмұны туралы қысқаша түсінік 

А 

Білу жəне түсіну 



Оқушылар оқылған материалдар бойынша білімдері 

мен түсінгендерін айта алады. Тақырыпқа байланысты 

элементар есептерді дұрыс шығаруды біледі, 

математикалық тілде берілген ақпаратты дұрыс 

түсінеді 

В 

Қолдану жəне 



талдау 

Оқушы есепті шығарудың оңтайлы əдіс-тəсілін таба 

біледі,алған білімін қолдана алады, есептің жауабының 

дұрыстығын тексере алады, математикалық 

тұжырымдамаларды дəлелдей алады, есептің шешілуін 

түсіндіре алады, ұғымдар арасындағы байланысты 

талдай алады. 

С 

Жинақтау жəне 



рефлексия 

Оқушы тақырып бойынша реферат немесе баяндама 

жазып, оны қорғай алады, жобалармен зерттеулер 

жүргізеді, есептерді шешуді жоспарлай алады, 

қорытынды жасай алады, математикалық ақпаратты 

берудің əртүрлі тəсілдерін қолданады.Стандартты емес 

есептерді шеше алады 

2-кесте.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерилері 

187



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет