Аннотация
В настоящее время именно способность личности применять знания в новой ситуации
определяет ее успешную адаптированность в условиях современного мира и влияет в целом
на удельный вес, вкладываемый ею в развитие различных областей жизнедеятельности
человека. В статье рассматривается возможность релизации компетентностного подхода на
основе конструктивной теории и формирование функциональной грамотности учащихся.
Аbstract
This article discusses the development of the educational system of Kazakhstan, together with
an increase in functional literacy of students. Value is given to the formation of high school
graduates as competent individuals through constructive learning.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының
бəсекелестігін арттыру, білім, білік, дағдыларын өмірде қолдана білетін, шығармашылыққа,
өзгермелі заман жағдайында өзіндік шешім қабылдай алатын əлеуметтік құзыретті тұлға
қалыптастыру мақсаты анық белгіленген.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға
арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің
PISA, TIMSS жəне PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нəтижесін жақсарту
қажеттілігі көрсетілген.
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген халықаралық бағалау
зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының (ЭЫДҰ)
қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың
халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып
табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен
дағдыларын адами іс-əрекеттердің əр түрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-
171
қатынас пен əлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу
қабілеттерін бағалайды.
Əлемдік білім беру жүйесіндегі көшбасшы елдер тəжірибесі бойынша
м
ектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері айқындалған, олар:
білім
беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); оқыту нысандары мен əдістері;
білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі; мектептен
тыс, қосымша білім беру бағдарламалары; мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік
нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі); барлық
мүдделі тараптармен əріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының
болуы; ата-аналардың балаларды оқыту мен тəрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі
[1, 2-б.].
Осы орайда мектеп мұғалімдерінің оқыту əдістері мен қазіргі заман талабына сай
интерактивті,
инновациялық,
жобалық-зерттеу
технологияларын,
сандық
инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, сынып ұжымын жаппай оқыту нысанынан əрбір
білім алушының жеке білім беру аймағын іске асыру ерекше мəнге ие болып
отырғандығына көзіміз жетеді.
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің деңгейлік біліктілігін арттыру
курстары мектеп мұғалімдерінің аталған технологияларды игеріп, қоғам сұранысына сай
білім беруге, заман талабы негізінде нəтижелі еңбек етуіне бағдар беріп, өзіндік ой-
тəжірибесімен байланыстыра отырып жаңаны меңгеруге ықпал етеді. Мұғалімдер
қауымының білім берудегі Кембридж тəсілінің, яғни сындарлы теориялық оқытудың мəн-
мақсатын жəне негізгі идеяларымен танысуы, оқытудың тиімділігін арттыру əдістерін ой
елегінен өткізуі, оқытуды балаға жайлы, жағымды ахуалда жүргізуі жəне оқушының өз
пікірін еркін жеткізе білуі – еліміздің жас өркенінің білім сапасын арттыруға апарар жол
болып табылады.
Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пəнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған
білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету
[2, 5-б.]. Міне осы тұста біз сындарлы оқыту теориясы мен оқушының функционалдық
сауаттылығын дамыту мəселелерінің өзара байланысы мен өзектілігін айқындаймыз.
PIZA тест тапсырмаларында оқу сауаттылығын бағалау 6 деңгей бойынша
жүргізіледі. 1-деңгей – базалық деңгейден төмен: мəтіннің тақырыбы мен мақсатын түсіну,
негізгі ойды ажырата білу. 2-деңгей – базалық: мəтіндегі бір немесе бірнеше қарапайым ойды
түсініп, ажырата білу, өз тəжірибесі мен білімі негізінде салыстыру мен байланысын табу
арқылы қорытынды жасау. 3-деңгей – орта: мəтіндегі бірнеше идеялар негізінде мəтіннің
жекеленген бөлімдері арасындағы байланысты анықтай білу, күнделікті біліміне сүйеніп
біріктіру, салыстыру, сөздер мен сөз оралымдарының мəтіндегі мəнін түсіну. 4-деңгей –
жоғары: күрделі мəтіндерді түсіне білу, мəтіндегі қарама-қайшы идеяларды ұғына білу, сыни
тұрғыда бағалай білу. 5,6-деңгейлер – өте жоғары: күрделі мəтіндерді терең түсіне білу,
ақпаратты талдай білу, тіл ерекшелігі мен ой қисынын түсіну, болжам негізінде сыни
тұрғыда қабылдай білу жəне бағалау.
Американ психологі Б.Блумның таксономиясы бойынша осы деңгейлерге сай
тапсырмалар беру арқылы оқушылардың мəтінмен жұмыс жүргізуде білу, түсіну, қолдану,
талдау, жинақтау, бағалау деңгейлеріне сай əрекет етуін тиімді ұйымдастыру пəн мұғалімінің
жұмысының нəтижесіне ықпал етеді.
Мəтінді түсіну деңгейлері бойынша жалпы түсіну, ақпаратты табу, мəтінді
интерпретациялау мен интеграциялау, мəтін мазмұнына байланысты рефлексия, мəтіннің
берілу үлгісіне байланысты рефлексия жүргізу барысында өз тəжірибемізде сындарлы оқыиу
172
теориясы негізінде жұмыс ұйымдастыру, оқытудың белсенді стратегияларын қолдану
тиімділігіне көз жеткіздік.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда мəтінмен қоса тест
сұрақтарын да тиімді қолдануға болады. Тест үлгісіндегі тапсырмалар арқылы оқушының
меңгерген білім деңгейін бақылаумен ғана шектелмей, жеке тұлғаның дамуына да жағдай
жасауға болады [3, 50-б.]. Тест түріндегі тапсырмалар сан алуан болуы мүмкін.
Тапсырмаларды ашық түрдегі жəне жабық түрдегі тест сұрақтары деп екі топқа жіктеуге
болады. Жабық түрдегі тест сұрақтарында оқушы бір немесе бірнеше дұрыс жауапты
таңдайды.
Ал ашық үлгідегі тест сұрағында бала қысқа немесе толық жауапты өзі жазады.
Жауаптар арасындағы сəйкестікті табуға арналған тест сұрақтары жəне сұраққа байланысты
жауаптардың берілу жүйесін түзуге бағытталған тапсырмаларды ұсыну оқушының дайын
жауап арасынан дұрысын оңай-ақ таңдай қоюдан гөрі ойлануға, тапсырманы сыни тұрғыда
қабылдап, өзіндік шешімін табуға жетелейді.
Жабық үлгідегі бірнеше жауапты сұрақ үлгілері:
1. Табыс септігі жалғауы жалғанған сөзді табыңыз.
А) Бүлдірген тергенде
В) Ақынмен қоштасу
С) Əжемнің əңгімесі
D) Кішілерге бас бол
Е) Абайдың кітабын оқыды
F) Дəптеріне жазды
G) Ағам көмектесті
H) Сабақтан келді
2. Теңеуді табыңыз.
А) Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл. (Абай)
B) Аққудай аспандағы əнді өрлетіп,
Қондырып қоңыр қаздай мамырлатып. (І.Жансүгіров)
C) Мен бір шарға ұстаған –
Қара балта едім:
Шабуын таппай кетілдім,
Қайрасаң тағы жетілдім. (Махамбет)
D) Жерің анау –
Жасыл жолақ кілемдей. (І.Жансүгіров)
Е) Əйнегі – күн, шатыры – аспан,
Кең дала... Төсі – толқыған егін. (Д.Əбілев)
F) – Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, əнші есіл ер!
Ала жаздай əн салсаң,
Селкілде де, билей бер! (Крылов – Абай)
G) Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп... («Қобыланды батыр» жыры)
H) Сығалап сұлу күн де күлімдеді,
Жел сыбырлап құлаққа күбірледі. (С.Мұқанов)
Сəйкестендіру түріндегі тапсырма үлгісі:
173
1. Ұлы Абайдың қарасөздерінен алынған үзінділерді сəйкестендіріңіз.
А) Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.
Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол.
В) Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық
жүректе жігер, қайрат, байлаулықтың жоқтығынан азады.
С) Сол мақтан деген нəрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп
атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін.
D) Адам баласына адам баласының бəрі – дос.
Е) Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық,
кедейлік – бəрі осыдан шығады.
1) «Он төртінші сөз»
2) «Жиырма бірінші сөз»
3) «Отыз төртінші сөз»
4) «Отыз жетінші сөз»
5) «Отыз сегізінші сөз»
Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығы дағдыларын дамытуда сындарлы
оқыту жүйесіндегі қалыптастырушы бағалау əдістері де оң нəтиже береді. Сабақ барысында
мұғалімнің қойған бағасынан гөрі оқушының өз жұмысына сыни тұрғыда қарап, өзін-өзі
бағалауы немесе кластастарының берген бағасының балаға оң ықпалы болатындығын,
өзіндік, өзара жəне мұғалім бағасы сабақ қорытындысында салыстырылып, сараланып
отырылса, бағаның объективтілігі артатындығын, бағаның əділдігіне оқушының өзінің, тіпті
ата-анасының да еш күмəнінің болмайтындығын ұғындық. Оқушылар бағалаудың осы
түрінде өзінің білім алу əрекетіне белсене қатысады. Мұғалім мен оқушының арасында
жедел кері байланыстың болмауы оқушылардың оқуға деген ынтасына кері əсер ететініндігі
анық. Баға арқылы мұғалім оқушының оқуға деген ынтасы мен өзіндік бағасын төмендете
алуы мүмкін екендігін жадынан шығармауы тиісті. Сондықтан əр мұғалім шəкіртінің өзін-өзі
бағалау жəне өз жұмысы нəтижелерін жақсарту əдістеріне ұмтылдырып, дамуына үлесін
қосады. Оқыту үдерісінде тиімді жұмыс моделі төмендегідей: жоспарлау – оқыту – бағалау –
жоспарлау. Бағалау тың жоспарларға, жаңаша ізденістерге жетелейді, өйткені мұғалім
оқушылардың білім нəтижесіндегі өзгерістерге байланысты оқыту əдістері мен
технологияларына сыни тұрғыда қарап, жаңартып отырады.
Əр оқушының жеке тұлға ретінде дамуына, мектепте алған білімін өмірде кез келген
жағдайда қолдана білетіндей құзыретті түлек ретінде қалыптасуына ұстаздық
жауапкершілігін сезінген мұғалім жан-жақты, үздіксіз, кешенді жұмыс жүргізсе ғана білім
сапасы анық болатындығы сөзсіз. Бұл мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындаудағы үш
маңызды мəселеге тіреледі. Олар:
• Өз қызметтері аясында, оқу үдерісі мен өз оқушыларын дамыту үдерісінде сарапшы болу
үшін құзыретті мұғалімдерге қандай білім түрлері қажет болады?
• Мұғалімдерге əр түрлі оқушылар үшін тиімді оқу тəжірибесін ұсыну, оқушылардың
идеялары туралы кері байланысты қамтамасыз ету, өзінің мұғалімдік тəжірибесін сыни
бағалау жəне оны жақсарту үшін қандай дағдылар қажет?
• Əр баланың жеке тұлға есебінде де, кəсіби ұжым мүшесі ретінде де табысқа жетуіне, өз
білімі мен дағдыларын дамытуды жалғастыруына көмектесу үшін мұғалімдерге қандай
кəсіби міндеттердің шешімін табуы қажет?
Өз тəжірибемізде Л.С.Выготскийдің «Білім беру үрдісінің негізін білім алушының
жеке іс-əрекеті құрауы қажет, оқытушы осы іс-əрекетті дұрыс бағыттап, реттеп отыруы
қажет» деген пікіріне сай болатыны жөнінде шешімге келдік [4, 174-б].
174
Республика бойынша біліктілікті жетілдірудің жаңа жүйесі – Кембридж бағдарламасы
бойынша құзыреттілікке бағдарланған жұмыстар біліктілікті арттыру орталығы тарапынан
жүйелі жүргізілуде. «Кембридж жобасы – жаңаша бағдар» тақырыбында институт
базасында, Алға жəне Хромтау аудандарында ашық есік күндері өткізілді. «Кембридж
бағдарламасы – жаңа мүмкіндіктер мен даму бағыттары» тақырыбында облыстық семинар-
сараптама, «Бəсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру – сапалы білімде» тақырыбында
ұйымдастырылған əдістемелік көпір педагогтердің кəсіби құзыреттілігін қалыптастыруда
үлесін қосары сөзсіз.
Аталған бағдарлама бойынша базалық мектептерімен (Дарынды жасөспірімдерге
арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицейі, Ақтөбе облыстық
дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты,
№9 мектеп-гимназия) жұмыс жақсы жолға қойылған. Барлық тренерлер дерлік оқыту
курсымен шектелмей, жаңаша тəсілдерді тарату мақсатында шебер-кластар көрсетеді.
Назарбаев Зиятерлік мектебімен, Педагогикалық шеберлік орталығымен тығыз
байланыста бірлескен семинар-форумдар ұйымдастырылды.
Облыс деңгейінде «Жаңаша сабақ: игі бастама» жəне «Педагогтердің кəсіби
құзыреттілігін дамыту стратегиясы: əлемдік тəжірибе жəне ізденіс» тақырыптарында
əдістемелік жинақтар шықты.
Əдебиеттер тізімі
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012
жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы. Астана: Əділет, 2012.
2. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін
арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Астана, 2012.
3. Рождественская Л., Логвина И. Формирование навыков функционального чтения. 2012.
4. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімнің шығармашылық əлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында
дамыту: теория жəне тəжірибе. Aлматы, 2005.
175
ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫ ИННОВАЦИЯЛАУДА ТƏРБИЕНІҢ
МАҢЫЗЫ
Аниярова М.О.
Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы
Назарбаев зияткерлік мектебі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Берілген жұмыста қазақ əдебиетін инновациялауда тəрбиенің алар орны ашылып
жазылған. Мақсаты - əдебиет сабағында инновацилық əдіс тəсілдерді тəрбиелік мəнде
пайдалану. Бұл жұмыс тəрбие ісінде, əсіресе, əдебиет пəнінің мұғалімінің жауапкершілік
жүгінің салмақтылығын ерекшелейді. Əдебиет сабағын инновациялау арқылы, мұғалімнің
оқушыларда ұлттық мұрамызға деген құрметті қалыптастыруына көмекші құрал болып
табылады.
Аннотация
В данной работе раскрыта воспитательная роль в преподавании казахской литературы
инновационными технологиями. Цель исследования – использование инновационных методов
и приемов в литературе как воспитательной составляющей. Данная работа обособлена
воспитательным и творческими основами, которые реализуют поисковые навыки учащихся.
Abstract
The purpose of this work is to use innovative techniques in educational purpose at the lesson
of Kazakh literature. This work explores that the basis of creativeness is inquisitiveness. This is one
of the helpful guides for students to appreciate the national heritage.
Президентіміз Н.Ə.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында: «...Бізге экономикалық
жəне қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»,-
деген еді. Еліміз бен жеріміздің ертеңгі иесі бүгінгі ұрпақтың заман көшіне сай білімді ұрпақ
болуының алғышарты – қоғам жаңаруының қажеттілігін игерген тұлға болуы. Білім беру
саласындағы бүгінгі реформаның шарықтап тұрғандығы осы қажеттіліктен туындап отыр.
Жаһандану заманында білім беру саласын инновацияландырудың маңызы артты. Əр
мұғалімнің мойынындағы жауапкершілік – өз сабағын талапқа сай инновациялап түрлендіру.
Бұл заманның адамы – бүгінгі оқушы. Оқушыны осы заман адамы қылып жан-жақты оқытып
қана қоймай, оны адам баласы қылып тəрбиелеу қашанда негізгі проблема болып қала береді.
Ғұлама ойшыл Фарабидің: «Адамға тəрбие бермей тұрып, білім мен ғылымға үйретсең, ол
жүрген ортасына апат əкеледі», - дегеніндей, жан-жақты алынған білімнің қоры қанша терең
болғанымен, жанында тəрбие сабақтасып жүрмесе, ол білімнің адамзат үшін қызмет ететіне
шек бар. Сондықтан да тəрбиенің маңызы қашанда жоғары. Келешек ұрпақтың патриот болуы,
елі мен жерін сүйіп ол үшін қызмет етуі, Отан алдындағы жауапкершілікті түсінуі, тілін сүюі
жəне құрметтеуі – кемелді тəрбиеден бастау алады.
Тəрбиенің көшін жүргізетін ол – əрине, мұғалім. КСРО Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қ.О.Бітібаева: «Қандай
176
заманда, қандай реформа жағдайында болмасын білім ордасы, мектептегі, басты тұлға –
мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты ең алдымен осы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады.
Ал мұғалімдер қауымының алдында тұрған басты мақсат – рухани жан дүниесі бай, жан-
жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қарастыру болмақ. Рухани байлықтың түп-тамыры
ең алдымен əр халықтың ұлттық салт-дəстүрі, мəдени байлығында жататыны белгілі. Сол
ұлттық байлықты адамзат ұрпағының адам тəрбиелеу, білім беру ісіндегі озық үлгілерімен,
тұғырлы ұстанымдармен, тығыз байланыстыра отырып дамыту, жас ұрпақтың қабілеті мен
талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, осы арқылы өз-өзіне деген сенімін
нығайту – бүгінгі таңдағы басты мəселе»,-дейді.[1, 5-б.] Оқушының рухани байлығын молайту
үшін əуелі мұғалім өзі де осы құндылықтарын арттырып отыруы қажет. Ізденімпаз мұғалімнен
тиімді тəрбиеші шығары сөзсіз. Ұрпақ тəрбиесіне өз өмірін, еңбектерін арнаған данышпан
Абай 1895 жылы отыз бірінші қара сөзінде: «...естіген нəрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп
бар: əуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек, екінші — сол нəрсені естігенде я көргенде
ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек, үшінші — сол нəрсені ішінен
бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек, төртінші - ой кеселі нəрселерден
қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық,
ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нəрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл
төрт нəрсе-күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нəрселер»,-деп тəрбие жоқта ақыл мен
ғылым тозатынын, ұзаққа апармайтынын айтады[3, 116-б.]
Тəрбие ісінде əсіресе, əдебиет пəнінің мұғалімінің жауапкершілік жүгі салмақты.
Əдебиет сабағын инновациялау арқылы мұғалім оқушыларда ұлттық мұрамызға деген
құрметті қалыптастыра алады. Шығармашылдықтың негізі – ізденімпаздықта. Əдебиетші
мұғалім оқушыны өзіне деген сенімінің қалыптасуына, өз бойының шығармашылдық қасиетін
танытуына жетелеуші болуы арқылы тəрбиелейді. Əдебиет сабағын инновациялаудың
тəрбиемен сабақтастығын былайша жіктеуге болады. Əдебиетті оқытудағы тəрбие оқушының:
1.
Оқытудағы əдіс-тəсілдерді түрлендіріп отыру арқылы əдеби шығарманы қызыға
оқуына, өз беттерімен көркем туындыны оқуына;
2.
Əдеби шығармаларды талдату арқылы жақсы мен жаманды ажырта алуына, өмірмен
байланыстыра алуына, саралай алуына, эстетикалық талғамының өсуіне;
3.
Əдеби шығармалардығы көтерілетін проблемаларды табу жəне шығу жолдарын
жасауына, логикасының дамуына;
4.
Шығармадағы кейіпкерге, қоғамға өз көзқарасымен баға беруіне;
5.
Лирикалық кейіпкерді түсіну жолдарын іздестіруге;
6.
Əдеби мұраны құрметтеуге, танытуға бағыт беру арқылы жүзеге асады.
Əдебиет - өнер. Өнер ежелден тəрбиенің – қайнар бастауы. Кез келген адамның өнерді
түсінуі жəне құрметпен қарауы оның рухани дүниесінің көрсеткіші. Рухани дүниеге
тəрбиелейтін тəрбие бар жерде инновациялану жаңғыра алмақ.
Қазaқ əдебиетінің инновациясы мен тeхнолoгиясын жасайтын да, оны айқындaйтын
да, осы тəрбие болып табылады. Тіпті, қaй халықтың болмaсын, жалпы адамзаттың келешегі
мен өркениеті тəрбие іcінің дұрыс жетілуіне байланысты. Адамның дұрыс тəрбиесі –
тіршіліктің іргетасы болған да, оның сапалы білімі – өмірінің мазмұнын анықтайтын айнасы
екені aнық. Ендеше, қазақ халқы өзінің тəуелсіздігін бағалауы үшін, бүгінгі ұрпақ тəрбиесі мен
білім жүйелеріне жауапкершілікпен қарау керек. Жоғарыда айтқан білім саласын реформалау
мақсатында біз батыс елдерімен тəжірибе алмасып жатырмыз. Бұл қатынас осы мүддені
жүзеге асыруда бірден-бір қажетті қадам. Қазақ педагогикасының жаңа заманда жаңа
белестерге көтерілуіне жұмылдырылып жатқан игі бастама. Батыстың оқушының бойына
қалыптастыратын ой еркіндігі, өз пікірін өмірмен байланыстыра отырып дəлелдей алуға
177
мүмкіндік беретін педагогикалық тəжірибесі біз үшін қажет дүние. ХХІ ғасырда мұғалім
болған жандарға туған сəттілік сағаты. Жақсыны үйреніп, оны ел игілігі үшін пайдалану -
мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсатпен бірге мұғалімде ұрпақ алдында, келешек алдында
үлкен жауапкершілігі де бар. Ол – ұлттық құндылықтарды ұмытпау жəне жоғалтпау. Жаңа
дүниемен бірге халықымызда барды сабақтастырып пайдаланбау – ұстаз шеберлігіне сын.
«Халық педагогикасының негіздері» (1995), «Халық педагогикасы мен психологиясының
негіздері» (2005), «Педагогика мен психология негіздері» (2008), «Ұрпақ тəрбиесінің жаңа
ілімі» (2012)... атты монографиялар мен оқулықтарда, адам тəрбиесінің мүлдем жаңа – екі
сатылы методологиясы мен жүйелері жүрек тəрбиесі мен ақыл тəрбиесі жəне негіздері егжей
‑
тегжей жазылған. Қазақтың біртуар қаламгерлері М.Жұмабаев пен Ж. Аймауытовтың
педагогика мен психолгия туралы жазған құнды дүниелерін де пайдалау қажет. Мысалы
«Əлемдік педагогикалық ой‑сана» атты еңбекте былай деп жазады: «... Дамыған мемлекеттер
арасында Жапонияның білім беру жүйесі ерекше. Жапондықтар ең алдымен өздерінің ұлттық
құндылықтарын жоғары бағалайды. Олардың білім мен тəрбие жүйесінде, балабақша мен
мектеп қабырғасынан – əдептілік, ұлттық сипаттағы құндылықтар мен адамгершілік жəне
имандылық пен өнегелілікті ең негізгі мақсат етіп қояды. Жапондықтар басты үш қасиетті
қадыр тұтады. Бірінші ‑ ұлт мүддесін‑ жеке бастың мүддесінен жоғары қою, екінші ‑ білімге
құштарлық, үшінші – еңбексүйгіштікті бала жасынан қастерлеуге тəрбиелейді. Бұрынғы,
«Қытай ғылымы – Жапония рухы» (нансай‑вакон) деген ұранды «Жапон рухы ‑ Шығыс
техникасы» (вакон‑есай) атты ұранмен алмастырды. «Вакон‑есай» деген – «шетелдіктер
тапқан білімді алу, бірақ оларға Жапон рухы мен ойлау образынан ауытқуына мүмкіндік
бермеу» дегенді білдіреді. Жапония білім беруде ең алдымен тəрбиеге ерекше мəн беретін
мемлекет...» болып табылады. [4] Тəрбие
мен білім берудің осындай жүйесін ұсынған Нитобэ Инадзоны Жапон халқы ұлы педагог
ретінде дəріптейді. Қазақ əдебиетінің бастауы саналатын ежелгі дəуір əдебиеті де, халық ауыз
əдебиеті де ұлттық құндылықтарға негізделген. Ұрпақ тəрбиесіне ерекше жауакершілікпен
қараған халқымыз, тарихи жырларын, батырлар жырларын, мақал-мəтелдер, аңыздар,
ертегілер шығарғанда үлгі-өнегені, тəлім тəрбиені, ұрпақ бойына сіңіру керек отаншылдықты
бірінші кезекке қояды. Бала елін сүйсе ұлт болашағы барын, жерін сүйсе өзгеге жүген
бермейтінін жадыларында ұстаған. Қыз баланың, ұл баланың тəрбиесіне де айрықша мəн
беріп, олар құратын отбасының халық болашығын жалғастыратынына сенген. Сондықтан да
қазіргі мұғалім əдебиет сабағында инновациялық əдіс-тəсілдерін осындай маңыздылықтарға
сай жоспарлауы керек. Жалпы əдебиет сабағын инновациялау жаңашыл ұстаз
Қ.О.Бітібаеваның лабораториясында ерекше көрініс табады. Қазақ əдебиетін Бітібаеваша
оқытқан мұғалім инновация мен тəрбиенің алуан сырын таныта алады. Мысалы
Қ.О.Бітібаеваның қазақ əдебиетін оқыту технологиясына тоқталайық. Сабақтың бірінші
кезеңінде:
жағымды көңіл-күй туғызу, оқушыларды сабаққа жұмылдыру үшін мұғалімнің көңілді музыка
тыңдатуы, пихологиялық жаттығулар жасатуы, іскерлік ойындар өткізуі, өлең, жыр оқытуы
керектігін көрсетеді. Сабақтың екінші кезеңінде: оқушыларға сабақтағы мақсаттарын
айқындауы, диагностика жасай алулары, өзіндік ізденістерін дамытуы үшін спикерлер,
ассистенттер хабарламасымен, өзін-өзі бағалаумен, даралап, саралап оқытумен, ұжымдық,
дамыта оқу керектігін көрсетеді. Ал, жаңа сабақты меңгеруде оқушы:
- жаңа білімнің түйінін бөліп алуы үшін;
- шығармашылықпен жұмыс жасауы үшін;
- өз бетімен мақсатқа жетуі үшін, проблеманы шешуі үшін;
178
- логикалық ойын алгоритмдеуі үшін индивидуальдік, жұптық, топтық жұмыс түрлерін
көрсетеді. Сондай-ақ, оқушының:
- жеке бас ерекшелігін дамытуы;
- ғылыми ізденісін, көркем мəтінді өз бетімен талдай алуы;
- ауызша жəне жазбаша тілін дамытуы;
- тезис жасай алуы;
- адамзат əдебиеті, мəдениеті, өнері, рухани байлығын құрметтеуі;
- əдемілік, сұлулықты қабылдауы;
- адамды сыйлауы, қазақстандық патриотизм мен ұлтжандылық қасиеттерін қалыптасуы;
- рухани тазалыққа, саяси-демократтық көзқарасының қалыптасуы;
-қоғам алдындағы өз борышын түсінуі, мейірім, инабат, имандылық белгілерін бойына
жинауы;
- туған халқының, басқа да халықтардың əдет-салтын, дінін, тілін құрметтеуі,
- махаббатты құрметтеуі үшін өнерпаздық қабілеттерінің ашылуы үшін сабақты түрлендіріп
конференция, əдеби айтыс, модель, жоба қорғау, дебат, қазылар үкімі, ізденіс,
конструкциялау, əдеби-музыкалық, брифинг, коррекция сабақтарды өткізуді қарастырады. Үй
тапсырмасы кезеңінде оқушының шығармашылдық ізденістерін дамытуға, көркем мəтінге
анализ, синтез жасап бағаға дейін жетуі үшін жеке тұлғаны дамытуды көздейтін-салыстыру,
тəжірибе жасау, ғылыми бағыттағы тапсырмалар түрлерін көрсетеді. Əдебиет сабағының
тақырыптық-тəрбиелілік мəнінің ашылуында Блумның мақсаттар жүйесін ұсынып, сол
бойынша білім, түсінік, қолдану, анализ, синтез, бағаға жетуді өз беттерімен орындатуға
тапсырмалардың сан түрін ұсынады
[1, 22-б.].
Адaмзат қoғамының қайыpымдылығы мeн паpасаты – сапалы тəрбие мен білім
жүйелерінің жeтілуіне тікелей байланысты екені белгілі болып отыр. Ендеше, жер бетіндегі
бүгінге дейінгі біржақты жүргізіліп келген тəн тəрбиесінің кемшіліктерін ары қарай
жалғaстыру жақсылыққа апармайды. Өйткені, адамның мəні жаны мен рухында екендігін
кванттық энергия түcініктерінің тылcымдары анықтап берді. Олай болса, адамдағы үш
жүйенің – тəн – жан – рухтың тəрбие үндестіктерін таппай, Абай армандаған «толық адам –
нұрлы ақылдың» болуы да мүмкін емес eкені рас. Тағы бір тоқталар дүние – «Адам тəрбиесінің
жаңа ілімі» атты еңбекте – тəрбиенің екі сатылы методологиясы оның І биолoгиялық индивид
сатысынан шығатын ‑ жүрек тəрбиесі жүйесі, ІІ cананы жeтілдіру сатысынан шығатын ақыл
тəрбиесі жүйесі, осы екі жүйеден бастау алатын жеті түрлі негіздері түгелімен дерлік,
халықтық дəстүр‑салтымызбен үндесіп жатқанын айтқан дұрыс. «Адам тəрбиесінің жаңа
ілімінің методологиясы мен жүйелері жəне негіздері бұрын‑соңды əлемдік педагогикада
айтылмаған. Жұртымызда жүрек тəрбиесімен туған тұлғалардың саны аса мол. Бұған сонау
көне замандардан бастап көптеген мысалдар келтіруге болады. Біздің эрамыздан бұрын өткен
– Алып Ер Тұңға, Ұлы Мөде хан, Аяз би, Алаша сияқты эрамыздың бастапқы кезінде Түркі
қағанатын құрғандар Тоныкөк, Бумын, Естеміс, Қапаған, Күлтегіндер.. орта ғасырдың ұлы
тұлғалары Шыңғыс хан, Күшілік хан, Жошы, Бату, Қобыланды, Алпамыс, Бейбарыс сынды
кешегі Қазақ хандығын құрғандар Əз‑Жəнібек, Керей, Қасым, Хақназар, Əз Тəуке, Жиренше,
Қарашаш, Өтейбойдақ, Асан‑қайғы, Мөңке би кеше ғана өткен тəрізді халқымыздың ұлы
қолбасшысы Қабанбай батыр, серіктері Бөгенбай, Наурызбай, Райымбектер мен Бұхар жырау,
Абылай, Əйтеке, Төле, Қазыбек, Құттыбайлар – академия бітірмегендер екені белгілі.
Бұлардың бaрлығы да - жүрек тəрбиесі жүйесінің құдіретімен дүниеге келген жандар?!.. Енді
мынау, ғылымы мен білімі дамып, жаратылыстың небір тылсымдарын ашып жатқан заманға
қажеті, адамдағы тəн, жан, рух тəрбиeлерінің үндестіктері қажет болып тұр.
[5] Сонда
адамзат қауымы, өзінің тəрбиесін осынау үш тaғанның құдіретімен шешcе, ықылым
179
замандардан аңсап келe жатқан қaйырымды қоғамын орнатады. Білімнен тəрбиенің салмағы
басымдығы да - осы.
Ұлы Абайдың он тоғызыншы қара сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды:
естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені,
көргені көп болған адам білімді болады...» -дегеніндей, баланы оқытуға белсенді іс-əрекет
болғанда ғана нəтиже болады [3,105-б.] Белсенді
іс-əректке себепші болатын əдіс тəсілдер шығармашылдыққа, ізденімпаздыққа жетелейді.
Дамыта отырып оқыту, шабыттандыра отырып оқыту-мұғалім шеберлігін танытады. Əдебиет
сабағында үнемі шығармашылдық ізденіспен жұмыс түрлерін жандандырса, əдебиет нұры жас
жеткіншеке тəрбие сəулесін шашады. Əр шəкірт cөз өнеpінің қилы-қилы құпияларын тaнып,
шетcіз-шексіз сыр мен сезімге мaңып аспандай кең əсемдік əлемінде самғайды. Абай осы қара
сөзін: «естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады, əрбір естілік жеке өзі
іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нəрселерді ескерсе, жаман дегеннен
сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады»,-деп естілікке тоқталады [3,105-б.].
Ал естілік болса, ол- тəрбиенің жемісі.
Баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру, өз бойынан шығармашылдық қасиет
іздеуге дағдыландыру оның өмірден өз орнын табуға жол ашады. Жас ұрпақтың саналы азамат
болып шығуы үшін тəрбие ордасы-мектеп, ондағы ұстаздар жауапты. Заңғар тұлғалы
М.Əуезов: «...Тегінде, əдебиеттен сабақ беретін əр адам өз сабағын шын мəніндегі эстетикалық
сұлулық биігіне көтеріп əкетуі шарт»,-деп адам бойындағы көп қасиеттің төркінін тəрбиеден
іздегеніндей, əдебиетші мұғалімнің жауапкершілігі бұл маңызды шаруаның қомақты бөлігін
еншілейді [2, 5-б.].
Еңбексіз талант тұл. Шығармашылдықтың негізі - ізденімпаздықта. «Тəрбие тал
бесіктен басталады» демекші, мектептегі тəрбиенің тал бесігі - əдебиет. Əдебиетті оқытушы
мұғалім берері таусылмас қазына болуы керек. Əдебиетті оқытудың озық əдістері мен
тəсілдерін ұлттық құндылықтарға, адамзаттық тəрбиеге негіздеп дайындағанда бұл мақсаттың
мүддесінен шығамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |