Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет32/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   113

І фаза  

Мақсаты: Жеке тұлға ретінде алып, оның іс - əрекет түрлерін мақсатта жетуге бағыттау. 

-

 



Өзіндік «Мен» қалыптастыру 

-

 



Дербес ізденуге баулу 

-

 



Сөзге, ойға, сұлулыққа, эстетикалық талғамын дамыту 

-

 



Болжам жасау, ұсыныс тастау, қорғау, модель құрастыру. 

-

 



Алдына қойған мақсатқа жету үшін дəл, айқын міндеттер қойғыза білу. 

-

 



Сұрақты дұрыс, мазмұндап қою, проблемді сұрақтар тудыру 

-

 



Сенім, өзіндік қорытынды

2



ІІ фаза 

Мақсаты:  

-

 



Жаңа  ізденіс  жұмысы  бойынша  деректер  жинап,  əңгімелесу  арқылы  болжамдар 

тыңдап, талқылау. 

-

 

Өзіне  дейінге  жеке  өзінің  қорытындыларының  қаншалықты  қисын  (логика) 



шындыққа жақындығын саралау. 

-

 



Сұхбат,  пікіллесу,  пікір  айту,  оны  талдау,  қорғай  білу  өз  пікірін,  сынға  түсу 

(талқылау) 



ІІІ фаза 

Мақсаты:  

-

 



Оқушылар «іс-əрекетін шығармашылық ізденіске жетелеу. 

-

 



Оқушыны  қабілетіне,  өз  ынтасына  сабақтағы  білімді  қабылдау  дəрежесіне  орай 

саралап  (сынақтар,  семинар  сабақтар,  тестік  сұрақтар,  рефераттарды  қорғау,  жеке 

тапсырмаларын орындау, олимпиадаға қатысу, ғылыми жұмыс қорғау) 

-

 



Таңдау тақырыбының ғылыми мазмұндылығына (құндылығына) назар аудару 

-

 



Дағдыны  қалыптастыруда  тақырыптың  мазмұнын  ашуға  зерттеу  жүргізуге,  ізденуге, 

жолдарын табуға, дəлелдеуге шығармашылыққа итермелеу. 

-

 

Оқушының  көзқарас  ой-тұжырымымен  тапқан  деректермен,  жинастырған 



мəліметтерімен  байланыстыру.  Ізденістерінде  шындыққа  жанаспайтын  деректер  болуы 

мүмкін. Бұл проблема, оны шешу жолдарын қарастыру.  

-

 

Ғылыми  бағытты  шығармашылық  тапсырмаларға  баулу  (реферат  қорғауға,  рецензия 



жазуға, сілтеме жасау, деректермен жұмыс) 

267


ІҮ фаза 

Мақсаты:  

-

 



Қосымша  материалдар  (газет,  журналдар,  жаңалықтар,  əдеби  кітаптар)  ғылыми 

еңбектермен оқушының білім кеңістігін молайта отырып, ізденіс дағдысын дамыту. 

-

 

Əртүрлі іс-шараларды ұйымдастырып, оқушыларды жан-жақты жинақталған біліммен 



қамтамассыз ету. 

-

 



Ғылыми еңбектердегі біліммен жеке тұлғаныңой - өрісіне, іс-əрекет етуіне, оны əрмен 

қарай дамуына əсер ету. 

-

 

Қосымша,  қосалқы  еңбектерді  (əдістемелер,  анықтамалар)  пəнаралық  байланыста 



пайдалана  отырып  берілетін  білім  мазмұнын,  ақпараттық  жаңылықтармен,  қоғамдық  орта 

өмірмен  байланысын кеңейту. 



Жинақтау, қорытындылау бойынша мақсатқа жеттік 

Ү фаза Мақсаты: 

Өлке тарихын өркендету 

Тұлға көбейді 

      Өлке экологиясы

Өлке тарихы

Ағарту жəне мəдениеті 

    Қорық

Қоғалыкөл тарихы

Мəдени мұра 

  «Тораңғылсай» мемлекеттік  

       қорымы

«Жазықсыз жапа шеккендер»           Тоғжан 

Қазіргі  таңда  құлаққа  сіңісті  болған  «Жаңа  технология», «Миға  шабуыл», «Дамыта 

оқыту» терминдер тəжірбиеде баланың ішкі мүмкіндігін тануға жетелейтін озық əдістер мен 

тəсілдер  əрі  ізденімаздылыққа  өз  бетімен  білім  жетілдіруге  көмекші  екенін  баяндайды. 

Əрине,  қоғам  дамуы  үнемі  алға  ұмтылуда,  үнемі  қозғалыста.  Сондықтан  қоғамдағы  елеулі 

өзгерістер білім беру саясатына да өз əсерін тигізбей қоймайды. 

Білім  саласындағы  əрбір  ұстаз  ізденімпаз,  шығармашыл,  жаңашыл  болуы  керек. 

Өздігінен білім көтере отырып, көптеген жаңашыл ұстаздар еңбегімен таныса отырып, өзіңе 

де ой туындайды.                                                         

Қандай  ұстаз,  қандай  пəнен  бермесін  оны  тереңдікте,  жан-жақты  оқытуда  жаңа 

технологияларға мықты методикаға сүйенері хақ

3



Міне  осындай  жаңалықтарда  біз  тек  ақпараттау  орталықтарынан  ғана  емес  өз 

елімізден,  арамыздан,  тіпті  күнделікті  аралас – құралас  қарым-қатынастан  алуымызға 

болады.  

268


Өз  тəжірбиемізде  СТО  бағдарламасының  стратегияларын  пайдалана  отырып,  көп 

тыңдаушы,  ізденуші  іске  асырушы  тіпті  ортасынан  оза  шауып  даралаынып  шыққан 

оқушылар да таптым. Яғни ол жеке тұлғаға əсер етеді.  

Дамытпалы  оқыту  əдістері  оқушылардың  белсенді  іс  əрекетіне  бағытталады

4

.  Бұл 


əдістерді  сабаққа  пайдалана  отырып  өзіме  көп  дос  таптым.  Жалпы  мұғалімнің  жұмысы 

баламен  көрінеді.  Оқушымен  ізденіс  кезінде  қандай  іс-əрекеттер  мен  əдістерді  пайдалану 

керектігіне тоқтала кетейік. 

Оқушыларды зерттеу-ізденушілікке үйрете отырып, алдағы уақытта мынадай істер атқаруды 

өзіме мақсат етіп алдым.  

1.Оқушыларды ғылыми қоғамға мүше болып кірулерін ұйымдастыру.

2.Ғылыми жоба,баяндамалар, рефераттар жазуға үйрету.

3.Интернет арқылы əртүрлі мəліметтер жинау, оларды талдай білу.

4.Ізденушілікке арналған бағдарлама жасау.

5.Ақпараттық құралдарды сабақта қолдану.

6.Оқушыларды  зерттеу – ізденеушілікке  үйрету  оларды  шығармашылыққа  шыңдау,субъект

ретінде дамуына жол ашу болып табылады. 

Əдіс 

тəсілдер 



Нəтиже 

Қандай 


көмек 

болады 


Кімдермен 

байланысты 

Жағдай 

жасау 


Халықтық 

педагогика. 

Сын 

тұрғысынан 



ойлау əдісі. 

Дамытпалық 

оқыту. Өнімді 

білім беру 

технологиясы 

Олимпиадада, 

ғылыми 

конференция 



ларда жүлделі 

орындарға ие 

болу. 

Мемлекеттік 



грант 

жүлдесін 

жеңу. 

Мектептің 



көмегі. 

Қалалық-


əдістемелік 

комитеті. 

Жеке тұлға 

көмегі. Ата-

ана көмегі. 

Жетекшінің 

көмегі. 

Қызылорда 

облыстық 

«Дарын» 


орталығы, 

Жоғары оқу 

орнындары 

университет,и

нституттары, 

ғылыми 


жетекші. 

Балаға 


мүмкіндік 

беру. 


Əлеуметтік 

жағдайы. 

Мұғалім 

мен 


əкімшілік 

бірлестігі 

Əдіс 

тəсілдер 



Шығармашылық ізденіс 

дағдыларын қалыптастыру

Жеке ізденіс 

Тұлға 


269

Ал  қазір  Республикамыздағы  жаңашыл  ұстаздар  еңбектерін  жəне  өзім  білім  алған  кездегі 

тəнті  тұратын  ұстаздарымның  еңбектерін  пайдаланамын.  Жаңа  технология  тəжірбиеде  жиі 

қолданбағанның  өзінде  дəл  осындай  болмағанымен  осы  жаңалықтар  ұстаздар  еңбегінде 

болды.  


Практикалық жағынан маңызы зор еңбектерден Қ.О. Бітібаеваның «Өнімді білім беру 

технологиясы» пайдалану мен үшін тиімді, əрі көмекші. 

Ертеңгі  еліміздің  еңсесін  тік  ұстап,  ел  мерейін  үстем  ететін  сапалы  білімді,  саналы 

азамат тəрбиелеу іс  - білім беру саласының еншісінде. Демек, салмақты талаптың ауыр жүгі 

білімдендірудің ошағы мектепке, яғни ұстаздар қауымына түсіп отыр.  

Қазіргі  кезде  Республикамызда  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  əлемдік  білім 

беру кеңістігіне енуге бағыт алуда

5



Оқушылардың  бойындағы  дарын – қабілетті  ерте  бастан  аңғара  отырып,  қабілет 

қарымын молайту үшін  болашақ  мұғалім мамандық иелері жемісті еңбек етуі керек.                        



Əдебиеттер тізімі 

1. Ү.Б.  Жексенбаева.,  Оқушылардың  ғылыми – зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыру. –

Алматы, 2006 -  4 – 7 бет.

2. С.С.  Меңдіғалиева.,  Г.Я.  Хачикян.,  Оқушылардың  ғылыми  қоғамдарын  ұйымдастыру

жəне республикалық ғылыми жарыстарын өткізуге арналған нұсқаулар. – Алматы, 2002 –

22-23 бет.

3. Ү.Б. Жексенбаева., Балалардың дарындылығын диагностикалау. – Алматы,

2005 – 7 – 8 бет.

4. Т. Тұрлығұл., Қазақстан тарихы пəнін оқыту əдістемесіндегі бірегей тұлға. – Қызылорда,

2006 – 15 бет.

5. Д. Көшімов. Демократиял негіздеріне кіріспе., - Алматы,

6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы\\

Қазақстан мектебі, №2, 2004, 8-б.// 

7. Н.Ə.Назарбаев \\ «Жаңа 

əлемдегі 

жаңа 


Қазақстан»(Қазақстан 

халқына


Жолдауы).28.02.2007.

8. «Бала құқығын қорғау конвенциясы»\\ 29-бап, 7 бет

9. Педагогическая энциклопедия. \\ М: Советская энциклопедия,1966,т.3,с 419.

10. Жексенбаева У.Б.Организация научно – исследовательской деятельности школьников. \\

«РАДиАЛ».Алматы,2006,с 7.

11. Фаберман Б.Л.Передовые педогогические технологии \\Т.Фан, 2000,с.130.

12. ГриценкоВ.Ю.,Довгялло  А.М.,  Савельева  А.Я.  Компьютерная  технология  обучения\\

Словарь-справочник, «Наука думка», 1992.

270


МЕКТЕПТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ  ХАЛЫҚТЫҚ ТƏРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ РӨЛІ 

Ахметова А. З. 

Бескөл орта мектеп-гимназиясы, 

Қызылжар ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Мақала  бүгінгі  күннің  өзекті  мəселелерінің  бірі -  халық  педагогикасы  туралы,  оның 

білім  бағытында  жаңашыл  қатынас  пен  сөйлесім  жолдарының  енгізілуі  айтылған. 

Этнопедагогика  саласының  өзекті  жеке  тақырыптары  арқылы  оқу-тəрбие  барысына 

қазақстандық патриотизмнің құрылу мəселесін енгізу көрсетілген. Мақалада мектеп өмірінің 

процессіне  енетін  этномəдени  білімі  мен  тəрбиенің  кейбір  тəсілдері  мен  түрлері  анық 

ашылған. 

Аннотация 

Статья  посвящена  актуальной  на  сегоднящний  день  проблеме  нородного  воспитания, 

вносящей новые формы диалога и общения в образование. Показана проблема формирования 

казахстанского  патриотизма  на  основе  актуализации  отдельных  тем  по  этнопедагогике, 

внедряемых в учебно-воспитательный процесс. Национальное возрождение невозможно без 

актуализации  исконных  традиций  воспитания,  идей  народной  педагогики,  этнопсихологии. 

Раскрываются    приемы  и  формы  реализации  этнокультурного  образования  и  воспитания  в 

процессе деятельности школы. 



Abstract 

The article is devoted to the urgent problem of folk upbringing that contributes much to new 

ways of communication in education as a whole. The formation of  Kazakhstani  patriotism on the 

basis of ethno- pedagogics  that should be taught at school, is mentioned in this work.  

It’s impossible to regenerate national self- consciousness without learning national traditions 

in upbringing, basic ideas of folk pedagogics, ethno- psychology. The article reveals some ways of 

realization of ethno- cultural education and upbringing as well in secondary schools. 

Қазақ  халқының  сан  ғасырлар  бойы  жинақтаған  мол  тəжірбиесі,  танымдық  мұрасы, 

салт-дəстүр,  əдет-ғүрып,  аңыз-ертегілері,  жұмбақ,  мақал-мəтел,  өлең-жырлары,  ұлттық 

ойындары ерекше тəрбиелік мəні бар баға жетпес асыл қазына. 

Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев ұлттық тəрбиеге ерекше мəн берді. «Қазақтың өздік ұлттық 

қасиеттерінің  қайта  қалыптасуына  қамқорлық  жасау-менің  перзенттік  те,  президенттік  те 

парызым»- деген. 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  саясатының  əлеуметтік-мəдени  даму 

жөніндегі  Тұжырымдамасында «...Республикада  тұратын  барлық  халықтар  мəдениетінің 

өзіндік ерекшелігіне тиісті көңіл бөлінеді, өйткені кез келген мəдениет-қайталанбас, теңдесі 

жоқ  қазына  жəне  белгілі  бір  халық  өзін  дүние  жүзіне  сол  арқылы  толық  танытады...»  деп 

атап  көрсетілген.

 

Осы  тұжырымдамада  айтылған  ойды  əр  мектеп  өз  мүмкіндігіне  қарай 



жүзеге  асыруда.  Мектептер  ұрпақ  тəриесіне  үлкен  мəн  беріп,  халықтың  салт-дəстүрлері, 

əдет- ғұрыптарына байланысты көптеген іс-шаралар өткізіп, ата - баба салған тəрбие жолына 

бой ұруда.

 

Неше  жерден  Батысқа  батып  кетеміз  десек  те,  ұлттық  төрбиені  сызып  тастауға 



болмайды.  Этнопедагогика  пəнінің  мектеп,  студент  өміріне  енгізілуі  де  əбден  дұрыс. 

Осындай  оқулықтардың  авторының  бірі - Серғазы  Қалиұлы

1,213-б.  Автор 

271


этнопедагогиканың  мақсаты-халықтың  салт-дəстүрді,  өнерді  дəріптейтін,  ана  тілі  мен  дінін 

қадірлейтін,  Отанын,  елін,  жерін  сүйетін,  жан-жақты  жетілген,  саналы  намысқор,  патриот 

адамзат тəрбиелеу деп дəл көрсеткен.  

Этномəдениет дегеніміз - ұлттық мəдениет. Өскелең ұрпаққа ұлттық мəдениетті қалай 

танытып үйретудеміз? Кімнен, неден үйренудеміз? Əрине осының бəрін халықтық тəрбиеден 

аламыз.   

Əрбір  ата-ана  өз  балаларының  тұңғыш  тəрбиешілері.  Бала - ата–ананың  адамгершілік 

өмірінің айнасы. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі қадірлеуінен, олардың 

өзара  бірлігі  мен  түсінушілігінен,  ата-ана  мен  балалар  арасындағы  мейрімді,  қарым-

қатынастың  қатынасуынан,  үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  секілді  толып  жатқан  жазылмаған 

заңдылықтар арқылы көрініс табады. Баланың жаны мен тəні таза, рухани бай, дені сау етіп 

өсірумен  бірге  еңбекке  деген  сүйіспеншілікке,  ұлтжандылыққа,  адалдыққа,  жинақылыққа 

баулып өсіріуі шарт. Осы тамаша қасиеттердің бəрін ата-ана бойынан тауып, соған еліктеп 

өссе  жəне  əрбір  ата-ана  баласының  жүрегіне  жол  тауып

оның  өміріндегі  шынайы  досына 



айналса,  тер  төккен  еңбегінің  жанғаны.

 

  Баланың  бастапқы  тəрбие  мектебі  алтын  бесік - 



отбасы болса, екіншісі, алтын ұя - мектеп. Бұл екі ортаныңда мақсат мүддесі ортақ. Отбасы, 

ата-ана  адамды  дүниеге  əкеліп,  қалыптастырып,  дамытып  жетілдірсе,  адам  бойындағы  бар 

игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады.

 

Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы- ақыл, 



ғылым,  жақсы  ата,  жақсы  ана,  жақсы  құрбы,  жақсы  ұстаздан  болады»  деп  көргендікпен ой 

түйген 


2, 4-б.   

Ал  мектеп  баланы  болашаққа  дайындап,  келешек  өмірін  қай  бағытпен  жүрсе  дұрыс 

екенін, өзідерінің керекті, бейім мамандық таңдауға жол, бағыт беретін ұя. 

Мектеп - балаға  ең  алғаш  ұлттық  тəрбие  беріп,  халықтық  педагогиканың  тамаша 

үлгілерімен  таныстырып,  оны  жүзеге  асыруда  басты  көмек  болатын  мекеме.  Болашақ 

ұрпағымызға  сапалы  білім,  саналы  тəрбие  беруде  мектептерді  негізгі  буын  деп 

қарастырамыз, яғни мектеп - ұлттық мəдениеттің негізгі орталығы. 

Тəрбиенің біртұтастығы халқымыздың «сегіз қырлы, бір сырлы» деген сөзі мен толық 

қамтылып  тұр  емес  пе?  Бала  кең  жазира  дала  төсінде,  сұлу  табиғат  құшағында,  жасауы 

жарасқан  киіз  үйдің  төрінде  іңгəлап  дүниеге  келгеннен  бастап  айтылған  ақ  тілек-баталар, 

ырым, тиым сөздер, тілашар, санамақ, ертегі, жұмбақ-жаңылпаш, дастандар, атқа міну, қыз 

ұзату,  келін  түсіру  т.б.  салт-дəстүр,  əдет-ғұрыптарымыздың  өзі,  оларға  киім,  əшекей,  ат 

əбзелдерін,  ойшылдар  мен    ақын,  күйші,  жырауларымызды  қоссақ,  осының  бəрін-кешенді 

біртұтас ұлттық тəрбие деп əбден айтуға болады. 

Баланы  тəрбиелеу  мақсатымен  жүргізілетін  тəрбиелік  жұмыстар      арман-мүдде,  түрі 

мен  əдісі    жағынан  тарам-тарам  болып  сан  тарапқа  бөлінеді.  Солардың  ішінде  біздің  сөз  

етіп отырғанымыз, ұлттық тəрбиені ұрпақ санасына қалай сіңіру. 

Мектептерде  ұрпақ  тəриесіне  үлкен  мəн  беріп,  халықтың  салт-дəстүрлері,  əдет- 

ғұрыптарына  байланысты  көптеген  іс-шаралар  өткізіп,  ата-баба  салған  тəрбие  жолына  бой 

салуда. 


Ұтттық  мəдениеттің  озық  үлгілері  əлемдік  өркениетті  мəдениеттің  алтын  қорына 

қосылып, оны əрі қарай байыта түседі. Əлемдік мəдениет жайлы академик М.О. Əуезовтың: 

«Əлем  мəдениеті-ұлттар  мəденитінің  жиынтық  қосындысы.  Əлемдік  мəдениетке 

итальяндықтар  əсем  сазды  музыкасымен,  француздықтар  сурет  өнерімен,  египеттіктер 

атақты пирамидасымен үлес қосса, қазақ халқы бай ауыз əдебиетімен үлес қосты...», - деген 

пікірін  дəлел  ретінде  келтіруге  болады.  Ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  дəстүр 

атаулының  ең  маңыздысы  педагогикалық  дəстүр  болып  саналады.  Педагогикалық  дəстүр, 

мəдениет атаулының өзегі-жүрегі, қан тамыры - халықтық педагогикасы. 

272


Халық педагогиканың баға жетпес мұрасы-дəстүр. 

Дəстүр    тарих  барысында    қалыптасып,  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  отыратын  əдеп-

ғұрыптар,  салт-сана,  қоғамдық  тəртіп,  заң,  мұрат  пен  игілік,  мінез-құлық  қалыптары  жəне 

қоғамда,  ұлтты  немесе  жекелеген  əлеуметтік  топтарда  ұзақ  уақыт  бойы  сақталатын 

əлеуметтік-мəдени мұра элеметтері. 

Дəстүр - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын көне көз қариялардың тəрбие 

жолы,  тəрбие  құралы.  Ендеше  жас  ұрпақты  дəстүр  түрлерімен  таныстыру,  олар  туралы 

мағлұмат  беру  ұлт  келбетін  береді  жəне  олардың  санасында  мақтаныш  сезімін  оятады. 

Сондықтан  дəстүрді,  жас  жеткіншектерді  тəрбиелеуде  пайдалы  деп  есептеп,  оны  ұрпаққа 

жеткізу əрбір отбасының, тəрбиеші-ұстаздардың абройлы міндеті. 

Дəстүр-педагогикалық құбылыс, өйткені онда тұрмыстық тəрбиенің бірнеше ғасырлық 

ақылы, өсиеті, дана сөздері мен көздері жатыр. 

Тарихтың қай кезінде болмасын ата-баба ұрпақ қамын ойлаған, ұрпағым қандай болады 

деп  қам  жеген.  Ұлттық  дəстүрді  қорғау,  меңгеру,  келесі  ұрпаққа  табыс  ету-бүгінгі  күннің 

өзекті мəселесі. Дəстүр тəрбие үрдісінде тəсіл ретінде қолданады. 

Мектебімізде  осы  халықтық  педагогика  негізінде  «Атамекен»  бағдарламасын 

басшылыққа ала отырып тəрбие жұмысы жүргізілуде. Əр сынып жетекшісі əр тоқсанға бағыт 

таңдап,  сол  бағыттар  бойынша  жұмыс  жасайды. «Тəрбие - тілден  басталады»  деген 

халқымыз,  ана  омырауынан  ажырамаған  кезден-ақ  бөбегін  ана  тілінің  ақ  уызымен 

ауыздандыра бастаған. Ана тілі-адамның ғұмыр бойғы серігі, рухани қуаты, күрестегі қуаты.  

«Ана сүті бой өсіреді,  

Ана тілі ой өсіреді» - деп,  дана халқымыз айтқандай, бала бойына ана сүтімен даритын  

ана  тіліміздің  қадір-қасиетін,  адам  өміріндегі  маңызын  əр  бала  білуге  тиіс.  Тəрбиенің 

бастапқы  əліппесін  бала  отбасында  алады.  Салауатты  отбасында  ғана  салауатты  ұрпақ 

қалыпттасады. 

Бүгінгі  өмір  талабымен  қарайтын  болсақ,  баланың 6-17 жас  аралығы  мектеп 

қабырғасында  өтеді.  Осы  өмірінде  оқушының  дүниетанымын,  сана  -сезімін,  білімін 

жетілдіруге  тікелей  ықпал  ететін - ұстаз.  Мектепте  оқушыға  жан - жақты  білім  берумен 

шектелмей, «білім  мен  тəрбие - егіз»  деген  ұғымды  ескеретін  болсақ,  сол  балаға 11 жыл 

бойына  сапалы  білім    бере  отырып,халықтық  тəрбиені  де  бойына  сіңіруіміз  керек.  Əрбір 

халықтың, ұлттың   болашақ   ұрпағын   тəрбиелеуде   өзіндік   ұлттық ерекшеліктері болады. 

Халықтық тəрбие берудің қайнар көзі - ауыз əдебиеті, ертегілер,  эпостық  жырлар,   ақындар  

айтысы,   аңыз  əңгімелер,   өлең  -жырлар , жаңылтпаштар, мақал-мəтелдер, қанатты сөздер 

жас  ұрпақты  адамгершілікке  төрбиелеуге,  сонымен  қатар  эстетикалық  (қол  өнері,  жан 

сұлулығы    т.б.)    тəрбиенің  жүзеге асырылуына  бағытталған.  Ауыз əдебиеті  салаларының  

бірі - мақал-мəтелдер,  солар      арқылы  мейірімділікке  тəрбиелеу,  имандылыққа  баулу,  өз 

елінің тілін, тарихын, мəдениетін, салт-дəстүрін үйретуге баулу нəтижесі күттірмей жететін 

іс-шара. 

(«Бір дегенім — блеу, екі дегенім — екеу, үш дегенім - үстік» т.б.). Сан үйретуді, тіл 

ширатуды, мақал-мəтел үйретуді, тақпақ жаттауды игі əдетке, одан əдепке, əдептен дəстүрге 

айналдырып, қазақ халқы «тілашар» дəстүрін қалыптастырды. Қалыптасқан тілашар дəстүрі 

бойынша  халық  баланың 5 жасқа  дейінгі  тəлім -  тəрбиесін  осы  тілашар  дəстүрін 

байланыстырады. 

Тілашар  дəстүрі  баланың  шілдехана  тойы,  бесікке  салу,  тұсау  кесу  рəсімдерінен 

басталып,  бөбектің  тілі  шыға  бастағанда  оған  үйрету,  жаңылтпаштар  айтқызу,  үш  жастан 

бастап айтқызу, əн үйрету, дарынын дамыту рəсімдері орындалады. 

Табиғатынан өнерпаз, шешен, меймандос мейірлі халық тəрбие мен дүниетаным үшін 

273


санамақтарды,  жаңылтпаштарды,  жұмбақтарды,  мазақтамаларды,  мақал-мəтелдерді, 

жырларды,  термелерді,  шешендік  сөздерді,  ертегілерді,  аңыз  əңгімелерді  шығарып  оны 

тəрбиеге салт-дəстүрлермен байланысты пайдаланды. 

Бастауыш  сыныптарда, 5-7 сыныптарда  мақал  -мəтелдер  айтудан  жарыс,  мақал - 

мəтелдердің  жалғасын  табу,  мағынасын  түсіндіру  сияқты  жұмыстарды  ойын  түрінде  өз 

мектебімізде  өткізіп  отырамыз.  Мысалы, 5 - сыныпта  əдебиет  сабағында  ауыз  əдебиеті 

тарауынан қортынды сабақ ретінде «Мың бір мақал, жүз бір жүмбақ» ойынын өткіздік. 

Қазақ  халқының  шешен - билері  Төле  би,  Əйтеке  би,  Қазыбек  би - халықтың  ұлттық 

бірлігін  нығайтып,  халықтығын  сақтауға  көп  əсерін  тигізген  данышпан  көсемдер.  Олардың 

бейнелерін сахнада сомдап, өнегелі сөздерін өсиет етіп көрсету де ұлттық мəдениетті мектеп 

табалдырығынан  қастарлеп,  оқушы  жадында  сақтау  жұмыстарының  бір  түрі  болып 

саналады. Балалар тəрбиесінде шешендік сөздердің алатын орны ерекше. Шешендік сөздер 

арқылы  баланың  сөйлеу  мəдениетін  арттыруға,  қазақ  тілінің  сөз  байлығын  молынан 

пайдалана  білуге  үйрету  аса  маңызды.  Халық  мақалдарымен,  шешендік  сөздермен 

сусындаған  адамның  сөйлеу  мəдениеті  де  жоғары.  Балалар  мектеп  табалдырығын 

аттағаннан-ақ  ауыз  əдебиеті  үлгілермен  танысып,  ұлттық  мəдениет  туралы  түсінік  алады. 

Мектеп оқушыларға тұрмыс - салт жырлары, аңыз əңгімелер, ертегілер т.б. түрлері арқылы 

тəлім-тəрбие  беріп,  өз  іс-шараларында  бұларды  меңгертуге  тырысады.  Мысалы, 5-9 

сыныптарда  батырлар  жырын  өткен  кезде  халықтың  басынан  кешірген  сан  алуан  өмірін, 

ерлік бейнесін, махаббат пен достық, ізгі арман, адалдық, батылдық сияқты қасиеттерін үлгі 

ете  отыра  ашып  көрсетеді.  Қазақ  қыздарының  сұлулығын  суреттеу  де  əсемдікті  танытып, 

эстетикалық тəрбие береді. 

Мектеп  ұжымы,  яғни  пəн  мұғалімдері  өз  сабақтарында  да  халықтық  педагогиканы 

кеңінен  қолданады.  Еліміз  егемендік  алғаннан  бері    мектептерде  білім  мазмұнының 

тұжырыдамасына  өзгерістер  енгізілді,  оқушыларға  ұлттық  дəстүрді,  музыканы,  өнерді, 

əдебиетті,  мəдениетті  терең  оқыту  жəне  оқу - тəрбие  жұмысында  халықтық  педагогиканы 

кеңінен  пайдалану  көзделді.  Мектептерде  халық  педагогикасын  тəжірибеге  енгізіп,  оқу - 

тəрбие  жұмыстарын  ұлттық  дəстүр  мен  салтқа  сəйкес  жүргізе  бастады.  Мектептердің  ішкі 

безендіру,  кабинеттер  мен  бөлмелерді  жабдықтауды  ұлттық  мəдениет  негізінде  жүзеге 

асыруда.  Оқушылар  қазақ  халқының  шежіресімен,  шешендік  өнерімен,  ел  билеген 

азаматтардың өмірімен мектеп қабырғасында жүріп танысуға мүмкіндік алды. Мектеп ішінде 

Əл-Фараби, Қорқыт Атадан бастап, қазақтың бұрынғы өткен хандары Абылай мен Кенесары, 

батырлары - Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбайлардың батырлық істері туралы, қара қылды қақ 

жарған  шешен  де  дана  билері  Үйсін,  Төле  би,  Қаздауысты  Қазыбек  пен  Əйтеке  билердің 

суреттері ілініп, өнегелі сөздері тиісті орын тапқан. Бүгінде халықтық педагогиканы мектеп 

өміріне енгізуде үлкен бетбұрыс жасалып, нақты шаралар арқылы іске асырылып жатыр. 

Халықтық  күй  мен  əн-жырды  насихаттап,  оқушыларды  халық  музыкасымен 

сауаттандыру  мақсатында 1-6 сыныптарда  ұлттық  күйшілер,  жыраулар,  ақындар  жайлы 

түсінік  беріліп,  олардың  шығармаларымен  таныстырылады.  Домбыраның,  қобыздың 

сиқырлы да сазды үнімен айтыс, терме өнері, əн əуендері орындалып, баланың эстетикалық, 

музыкалық  талғамы  жоғарлайды.  Сонымен  қатар  бейнелеу  өнері,  қол  өнері  арқылы  да 

оқушыларға  жан-жақты  халықтық  мəдениетке  негізделген  ою-өрнек  түрлері  туралы 

түсініктер беріліп, оқушының ұлттық өнерге деген құштарлығы арттырылады. 

Қол  өнері  үйірме  жұмыстарында  ұлттық  ою-өрнек,  киіз  үй,  ұлттық  кілемдер,  үй 

жиһаздары  т.б.  заттардың  макеттері,  түп  нұсқалары  жасалады.  Сыныптан  тыс  жұмыстар 

арқылы  халқымыздың  тарихын,  мəдениетін,  өнерін,  əдет-ғұрпын,  салт-дəстүрін  оқушылар 

санасына  ұялата  білу  мақсатында  мектепте  термешілер  сайысы,  əншілер  сайысы, «Жігіт 

274


сұлтаны», «Қыз сыны» т.б. іс-шаралар өткізіледі. 

Əртүрлі мерейтойларға байланысты ғылыми конференциялар, əдеби кештер өткізіледі, 

аудандық,  қалалақ  байқауларға  қатысып,  киіз  үй  тігіп,  қазақ  халқының  салт - дəстүрін 

жаңғыртылып отырылады. 

Халық педагогикасының негізгі саласының бірі - ұлттық ойындар. Бүл ойындар туралы 

бала мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап естіп, бірте-бірте ойнаудың философиялық 

негіздерімен,  ережелерімен  танысады. ¥лттық  ойындар  оқушының  өмір  тəжірибесін 

кеңейтіп, дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіре түседі. 

Ұлттық салт-сананың қалыптасуының екі негізі бар: игі əдеттер көп қолданыстан əдет-

ғүрыпқа,  яғни  өмір  қолданысынан  айналады  да,  ол  ұлттық  əдеп  (этика,  этник)  болып 

қалыптасады.  Бұл  -халықтың  рухани  өміріндегі  мəдени  ірге  негіз  болып  табылады.  Халық 

қалыптастырған  əдеп  (этика,  этник)  ұлттық  қолданысқа  айналады  да  ол  дəстүр  болып 

қалыптасады. Яғни əдеп (əдептілік) халықтың мəдени ерекшелігі болып, өмір қолданысынан 

заңды түрде енеді де, оның орындалмауы - заңсыздық, өмірге кереғар болып көрінеді. Ондай 

заңдылықты  бұзу - кінə,  айып,  қылмыс  ретінде  танылады.  Оны - салт-дəстүр  дейміз.  Салт-

дəстүрлердің  ұлттық  санаға  айналған  биігі - салт-сана  деп  аталады.  Дəстүр,  салт-дəстүр, 

салт-сана - ұлттық  болмысының  мəдени  сəулеті  болады.  Яғни  ұлттық  салт-санасы  сол 

ұлттың мəдениетінің биіктік деңгейін көрсетеді. 

Адамгершілік    ар,  ұлттық    намыс,  перзенттік    парыз    -    қазақ  халқының    тəлім-

тəрбиелік  кредосы  ("Жаным – арымны садағасы", «Басқа елге сұлтан болғанша, өз еліңде 

ұлтан  бол», «Отаның  үшін  отқа  түс»).Қазақ  халқы  өзінің  шешендік,  ақындық,  жыршылық, 

əзілкештік  қасиеттерін  тəлім-тəрбие  ісімен  арқауластырып  отырады.  Шешендік  сөздер - ой 

маржандары, тəрбиенің ақ алмасы. Əрбір шешендік сөз тыңдаушыны тəрбиелейді, оған ана 

тілінің  ақақтарын  асылдандырып  үйретеді.  Ал  ақындық  (көбінесе  жатқа  айтушылық)  өнері 

тəрбиеленушінің  ойын,  тілін  дамытумен  бірге,  оның  қазақи  қасиеттерін  қалыптастырады. 

Соның  бəрі  ана  тілінің  (яғни  қазақ  тілінің)  қарымдастығынан  байланысты.  М.Жұмабаевтің 

сөзімен  айтсақ. «Қазақ  тілінде  қазақтың  сары  даласы,  біресе  желсіз  түнде  тымық,  біресе 

құйындай екпінді тарихы, сар далада үдіре көкиіп тұрысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы 

мінезі - бəрі  көрініп  тұр 

3, 5-б.  Қазақтың  сар  даласы  кең,  тілі  де  бай.  Осы  күні  түркі 

тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ». Сол тіл ұрпаққа шешендікті де, 

тіл өнерінің барлық жанырларынан үйіре үйрете алатын асыл құрал. Қазақ халқы қашаннан 

еркін  де,  арда  халық.  Оның  дəлелі: «Басымнан  дұшпан  сөзін  асырмаймын,  дұшпан  сөзі 

басымнан  асып  кетсе,  сен  түгіл  ханыңа  да  бас  ұрмаймын» - деген  сөздер  ер көңілділік пен 

арлылықтың,  азаттық  пен  адалдықтың  белгісіндей  сайрап  тұр  емес  пе!  Өздері  осындай 

болған ел, баласын да осы жолда тəрбиелеген. Қазақ халқының (этностық) ерекшеліктеріне 

сəйкес қалыптасқан этнопедагогика ғылымының негізгі халық педагогикасы екендігі осынан 

көреміз. 

Этнопедагогика - ұлттық  тəлім-тəрбиенің  қайнар  бастауынан  бастап,  осы  уақытқа 

дейінгі болмысынан айқындап, оның болашағын белгілеп беретін ғылым. Ал ұлттық тəлім-

тəрбиенің  түпкі  негіздері  сол  ұлттың  ұлт  болып  қалыптасуына  дейін  бастау  алып,  ұлттық 

қасиеттерге сəйкес дамып, қалыптасты. 

Ұлттың  болашағы - ұрпағы  болса,  ұрпақ  тəрбиешісі-ұстаз.  Білімді  ұстаз  ғана  білімді 

шəкірт тəрбиелейді . 

Ұлттық  мектептің  болуы,  ол  тек  тілге  келіп  тірелмей,  сонымен  қатар  ұлттың  санасы, 

ұлттың  дүниетанымы  қалыптасқан,  халқымыздың  əдеп-ғұрпы  мен  салт-дəстүрін  санасына 

сіңірген азаматтардың болуы. Халықтың туғызған тəрбиелік дүниелерінің бəрін жас ұрпаққа 

дарыту-  барша  халықтың  міндетіне  айналдыру.  Сонымен  бірге  бүл  мұралар  ұрпақтан-

275


ұрпаққа жетіп келе жатқан дүние болғандықтан оны сақтап, оны  өміршең ету  қазіргі өмір 

талабы.  Сонымен  ұрпақ  тəрбиесі  қоғамнан  тыс  оқшау  тұрған  құбылыс  емес.  Өзіміз  өмір 

сүрген  қоғамның  бағыт-бағдарымен,  оның  заңдылықтарымен  бірге  жүріп  отырады.  Ендеше 

құрметті  мақсат-мүдеміз  бір  əріптестер,  ұлтжанды,  иманды,  инабатты  жеткіншектерді 

тəрбиелеудегі жауапты еңбектерімізге сəттілік тілеймін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет