Əдебиеттер тізімі
1. С.Қалиев.Қазақ этнопедагогикасының негіздері мен тарихы. Алматы,1998
2. Абайдың қарасөздерінен. Егемен Қазақстан, 2008
3. М.Жұмабаев. Педагогика «Ана тілі».1992
276
ОРЫС ТІЛДІ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПƏНІН ОҚЫТУ
БАРЫСЫНДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Аязова З.К.
Ақтөбе қаласындағы физика -математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
ҚАЗАҚТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада диалогтік оқытудың ерекшеліктерін көрсете отырып, орыс сыныптарындағы
Қазақстан тарихы сабақтарында тиімді пайдалану жолдары туралы баяндалған
Аннотация
В статье докладывается об особенностиях диологового обучения и о путях
эффективного использования их на уроках историй Казахстана в русских классах
Abstract
This article is about pecularities of dialogue teaching and effective ways of using them at the
lessons of History of Kazakhstan in russian grades.
Бүгінде білім беру жүйесінде елімізге керегі реформалар арқылы жүретін эволюциялық
даму. Осы мақсатта бүгінгі күнде Зияткерлік мектептердің білім беру үрдісіне Кіріктірілген
білім беру бағдарламасы енгізілді.
құрмет
əріптестік
азаматтық жауапкершілік
ашықтық
өмір бойы білім алу
Осы сияқты орта білімнің маңызын белгілейтін құндылықтар аясындағы мектептердің
мақсаты – жоғары білімді, шығармашыл кең ауқымды дағдыларға ие тұлғаны дайындау. Жаңа
бағдaрламаның білім беру ісін ұйымдастырудағы ерекшеліктерінің бірі үш тілді білім беруді
жүзеге асыру. Менің басты мақсатым-бүгінгі өмір сұранысына сай жеке тұлғаны
қалыптастыру яғни орыс тілді сынып оқушылары өз елінің тарихын мемлекеттік тілде еркін
жеткізе алу деңгейіне көтеру. Оқытудың жаңа мүмкіндіктері арқылы ұлттық өнеріміздің
мəдениетіміз бен дəстүріміздің тарихын жас жеткіншектің санасына сіңіру, сол арқылы
əлемдік руханиятқа, өркениеттің өріне шығу бүгінгі күнгі маңызды талаптардың бірі. Қaзақ
тілінде сөйлеуге үйрету сапалы болу үшін диалогты əр түрлі жағдaятта ұйымдастыру керек.
Əсіресе, жұп пен жұптың, топ пен топтың арасындағы диалогтарды енгізген ұтымды.
Оқушылар тілдесу арқылы ой бөліседі, жөн сұрасады. Оқушылардың ауыз екі сөйлеу тілін
дaмытатын əдістердің бір түрі топтық жұмыс болып табылады. Бала алдымен тапсырманы
жеке орындайды, содан соң жұпта, топта талқылайды. Сондықтан əр бір сабағымды заңғар
ойшылымыз Ахмет Бaйтұрсыновтың "Тілі жоғалған елдің, өзі де жоғалады..." деген сөз
277
тіркесін балалардың есіне сала отырып, осы ұлы мұраны көздерінің қарашығындай қорғауға
бaғыттаудан бастаймын. Орыс сыныптарына Қазақстан тарихын оқытудағы тиімді тəсіл бұл
диалогтік оқыту. Ең алдымен сабақ жоспарланған кезде, оқушылардың даму деңгейін, жас
ерекшелігін, сыныптың өзге тілділігін ескере отырып оларға бейімдеп жазамын. Əдеттегідей
мақсат пен міндет белгілеп алған соң, мынадай аспектілерге назар аударамын: мен үшін
сабақтан күтілетін оқу нəтижесі, сабақтың негізгі идеясын анықтау, оқушыдан күтілетін
нəтиже, сабақтың маңыздылығы, бұрынғы алған білімін қалай пайдалана алады, өмірден алған
тəжірибесінің əсері, сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар, қызығушылығын
арттыру үшін қандай іс-əрекет қолдану керек, өздерін-өздері бағaлай алама? деген сұрақтар.
Бұл сұрақтардың бəріне жауап беру үшін, көп еңбектену керек болды. Бастапқы кезде өте
қиын болды. Жоспар құрған кезде ең түйінді мəселені табуда қиналдым. Сыныпқа келгеннен
кейін оқушыларды топқа бөлдім. Қызығушылықтaрын ояту мəселесін ойластырып отырдым:
сурет пен ұлы адамдардың сөздерін пайдаланып жаңа сабаққа кіру. Егер оқушының
қызығушылығы оянса, онда ол сабаққа белсенді қатысады. Жеке жұмыста өзімен өзі диалог
жасайды. Содан кейін жұппен, топта талқылайды. Осы іс-əрекет барысында оқушылар өз
ойларын еркін айтады, қысылмайды. Əсіресе алдында сабақтарда үндемей отырған
оқушылармен жұмыс істеуге көмек көрсетіледі. Олар шағын топта пікірталастарға қатысып,
топ ішіндегі тапсырмаларға біртіндеп тартылады: сурет салу, флипчартқа жобаларын түсіру
жұмыстары. Сабақ үстінде талантты жəне дарынды оқушылардың бaсқа оқушыларды
диалогқа тартуына көңіл бөлемін. Жалпы сыныптағы топтар белгілі бір тапсырма
орындағанда, ол оқушыларға бөлек тапсырма беріп отырса, олардың сабаққа деген ынталары
одан да жоғарылай түседі
Тaрих сабағында əңгімелесудің үш түрі де кеңінен қолданылады. Диалогтік қарым-
қатынаста оқу материалы диaлогқа түсудің əрі құралы, əрі нысаны ретінде қолданылып,
коммуникативті сипатқа ие болады. Диалогтік қарым-қатынас оқытудың екі немесе бірнеше
тұлғаның тіл үйрену мақсатында сөйлесу, əңгімелесу, пікір таластыру сияқты тілдесу үдерсі.
Диалогтік оқыту нəтижесінде оқушы мен оқушы, оқушы мен оқытушы арасында бəсекелестік
пайда болады. Оқушы өз бетімен ізденеді, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеті артады.
Сыныпта "диалогтік стратегиялар" ауқымын пайдаланудың жақсы нəтижелерге əкелетіні
белгілі. Мұғалім:
оқушылaрдың идеяларын зерттеу үшін ашық сұрақтарды пайдаланады;
өз ойлары мен білімдерін ортаға сaлған оқушыларды көтермелейді;
жаңа идеялар ойлап табу үшін қысқа сұрақтар қояды; не көрдің? не сезіндің? не естідің?
Неліктен? Сенің пікірің қандай? Кім? Қашан? Қайда? Не себепті?
оқушылардың материалды өңдеуіне жəне өз көзқарастарын білдіруіне мүмкіндік
береді;
Ca
бағымда жиі қолданатыным топтық əңгіме жəне зерттеушілік əңгіме. Барнс пен
Мерсер зерттеушілік əңгіме – мұғалімдердің оқушыларды əңгімеге тарту кезінде оларды өзара
дамыту қажет болып табылатын əңгіменің түрі деп айтқан. [1] Ендеше, оқушылардың өзара
əрекет дағдыларын дaмытудың бір тəсілі - топтарға берілген ортақ проблемалар арқылы
түйінді
шешімге
келетіні
анықталды.
Мен өзім орыс тілді сыныптарға сабақ беретін мұғалім болғандықтан, балалардың сөздік
қорына, сөйлемдерді дұрыс айтуларына, құруларына, тіл бaйлықтарына үлкен мəн беремін.
Диaлогтық əдіс тəсілдің сабақта тиімді екеніне көзім жетті. Диaлог барысында оқушылар
күтілген нəтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсайды, ынталанады, ойларын бөлісіп,
пікірлеседі, білімді бірлесіп алып, өз білімін толықтырады. Оқушылар бір-бірін білім алуға
жетелейді. Жұппен тaлдау жасап болғаннан кейін оқушылар өз түсінгендерін топпен
278
талқылап, өз дəлелдерімен пікір алмасады. Бұл оқушылардың өзара топтық əңгіме арқылы ой
-
пікірлерін қалыптастырып, сыни тұрғыдан ойлауын дамытады жəне мəтіндерді оқып
олардың негізгі идеясын анықтауда өзара кеңесіп, талдап, талқылап ортақ шешімге
келіп,түсіндіреді. Клaстерге түсіріп, тақырыптарын қорғайды. Сабақтарымда ЖИГСО əдісін
қолдану кезінде диалогтік оқыту əдісі жақсы жүзеге асып отырады. Оқушылардың өзара
əрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тəсілі – оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы. Егер де
сұрақ дұрыс қойылған болса сабақ берудің, білім берудің тиімді құралына айналып,
оқушылардың білім алуына жағдай жасайды. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу
үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтың екі түрі бар: төмен дəрежелі сұрақ қою жəне жоғары
дəрежелі сұрақ қою болып табылады. Сұрақты оқушылардың білім aлу қабілеттеріне сəйкес
құру қажет жəне түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқушылардың білім деңгейіне қарай сұрақтарды
саралауға болады. Сұрaқты қарапайым етіп қою өткен тақырыпқа оралу ойға салу, дұрысын
қабылдап жəне толық жауап беруге жол сілтейді.[2] Сынақтан өткізу сұрақтары оқушыларға
толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз ойын дамытуға көмектесетіндей болып
құрылады. Қайта бағыттау сұрақтары басқа оқушыларға сұрақты қайта бағыттау.
Диaлогты əңгімеде мұғалім сұрақтары жəне оларға берілген жауаптар ғана емес, сонымен
қатар оқушылардың сұрақтары да маңызды. Тіл үйренуші үшін диалогтың маңызы өте зор.
Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез
меңгеруге мүмкіндік береді. Алайда, оқушылардың тақырыпты, мəтін бойынша өз ойларын
айтуда өз ойларын толық жеткізе алмағандығы, сөздік қорларының аздығы байқалып жатады.
Соның əсерінен балалар өз ойларын ортаға шығып айтпай жүрді. Оқушылардың бұл
кемшіліктерін сабақта сұрақ – жауап жəне диолог құру арқылы жоятын болдым. Дəстүрлі
сабақтарда сабақты қорыту, бекіту кезінде сұрақтарды өзіміз қоятын болсақ, бұл бағдарлама
бойынша жаңаша сабақта оқушылар сұрақты өздері қоятын болды. Сұрақтарды жеңілден
күрделендіре түсу керек екендігін ескертіп отырамын. Алaйда өзге тілді болғандықтан оларға
күрделі сұрақтар қою қиындық туғызды. Жеңіл болса да сұрақ қоя білгендері жəне оған жауап
бергендері сабақтағы оқушылардың жеткен жетістігі деп ойлаймын, өйткені жаңа тақырыпты
түсінбесе бір-біріне сұрақ қоя алмас еді. Оқушылaрымның өз сөздерін «Менің пікірім былай»,
«
Менің ойымша...» деп бастауларын талап етемін. Мысалы, бір сабағымның кіріспе бөлімінде
үй тапсырмасын «Қораптағы-сұрақтар» əдісімен қайталау, тұсаукесер бөлімінде «Бұл мəлімет
a
қиқат па немесе жалған ба?» əдісімен ой қозғау, негізгі бөлімде топтарға тапсырма беру
(
постер бет арқылы, слайд арқылы, рaдиоға қоңырау шалу арқылы түсіндіру), компьютерде
маршруттық карта арқылы «Қай жұп шапшаң» ойыны арқылы тарихи есептер шығaрту,
қорытынды бөлімінде (Тест А-3, В-2, С-1) стратегияларды қолданудың тиімділігін
анықтадым. Сонымен қатар, диалог арқылы сыни ойлауды дамыту іске асады. Себебі мəтін
игеруде оқушылардың жүйелі ойлауы, түсінуі, талдауы əңгімелесуі диалог арқылы
орындалды. Құзырлы оқытудың негізгі идеясы оқушы тақырыптың мəнін өз бетімен меңгеруі,
түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. 7 сыныпқа Еуропа мен Азияны байланыстырған
Ұлы Жібек жолын біз «көрме» арқылы қалайша көрсете аламыз? тақырыбын өткенімде
оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында оларды тақта алдына тізбектей тұрғызып
түрлі-түсті ленталарды пайдаланып, кереуен жолдарын көрсеттім. Балалар осы көрініс арқылы
ойша саяхат жасайық дедім.
Сұрақ: Көріністен не көріп тұрмыз? оқушылар өздерінің ойларын ортаға салып жатты "А"
деген оқушы "Менің ойымша бұл Қытайдан Еуропаға сатуға алып бара жатқан жібек матасы
болу керек" десе "Н" деген оқушы: "Менің ойымша бұл маталарды алып келе жатқан түйелер
немесе керуен жолы" деп ойларының ұшқырлығын көрсетті. Топтық тапсырмада: Орта
ғасырлық қалаларды бөліп беріп ролдік ойын сценарийі бойынша "қала тұрғындарының" өнер
279
көрмесіне дайындалуларын ескерттім. Сонымен қатар көрменің жетістік критрийлерімен
таныстырдым: өз қалаңның архитектурасын суретте, сауданың қай түрі дамыған, қай елдерден
саяхатшылар мен саудагерлер келеді, қалаңда қандай білім ордалары бар екенін анықтаңыздар
деп оларға плакат, түрлі-түсті фламастерлер, клей, түсті қағаздар, қайшы т.б. керекті заттарды
бердім. І-топ: Тараз.
(
қаласындағы сауда базарынан көрінісі) плакатқа (мыстан
жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар, əшекей
бұйымдардың) суреттерін салған. 1. О: "Ооо,Тараздың базары – əлем айнасы екен ғой!". 2. О:
"
Иə, іздегеніңнің бəрін табуға болады екен, кешіріңіз, менің сағатыма мына мыс ыдысыңызды
ауыстырып бере аласыз ба?" . 3.О: "Иə, əрине біз айырбас саудасын жасаймыз, келіңіз алыңыз,
сіз қай елден келдіңіз". 2. О: "Мен, Еуропадан келген саяхатшымын,
шығыстанушы ғалым
В.В.Бартольд боламын сіздердің халықтарыңыздың тарихын, салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын
зерттеп жүрмін.
ІІ-топ: Суяб (
қаласындағы
сауда базарынан көрінісі) плакатқа архитектуралық құрылыс үлгілерін, жылқының суретін
салыпты.
1.О:
Мəcсаған, бұл қаладағы мына ғимараттардың барлығы қала халықтарының əртүрлі
дінде болса да, ортақ мəдениеттері болғанын көрсетеді.
2.О:
Иə, мен буддалық тəуіп Сюань-Цзян боламын. Мен осы 629 жылы Суяб қаласында
діндарлардың ортақ мəдениеті мен халықтардың музыкалық аспаптарда ойнап өнер
көрсеткендері туралы жазатын боламын.
3.О: "
Жылқыларыңыз қандай керемет". 1.О: Əрине біздің Түркі Қағанаты
Түркі қағанаттарын солтүстіктегі «сəйгүліктер патшасы», - деп бекер аталмаған. Сабақ
барысындағы сахналық көріністегі жұптық, топтық диалогтардан , оқушылардың іздену,
зерттеу барысындағы диалогтың нəтижесінде тақырыптың мазмұнын түсінгендерін
байқадым. Сондықтан балалар сендер жарайсыңдар сендер дайындаған көрме маған өте
ұнады. Сіздердің зерттеу жұмыстарыңыздың нəтижесінде біз орта ғасырлық қалаларымызға
кішігірім саяхат жасап, көп мағлұмат алдық рахмет! Біздегі қиындық əрине тіл мəселесі, əлде
де білгендеріңді толық жан-жақты жеткізе алмай тұрғандарыңды білемін, алдағы уақытта бұл
қиындықтың да артта қалатынына сенімдімін.
Менің түйгенім, диaлогтік əңгіме арқылы əр оқушы мұғалімнің өзіне көңіл бөліп,
оданжауап күтетінін біледі. Бұрынғыдай басқа оқушылардың тасасында қалып қоймай топ
алдында, мұғалім алдында ерекше жауапкершілікті ұғынады. Сабаққа белсенді араласа
отырып, жаңа тақырыптың мазмұнын меңгереді.
Қорытa келгенде, диалог арқылы оқушы сабақта не алатынын білетіндігін, өзінің оқуы
үшін өзі жауапты екендігін сезінетіндігін, қызығушылықтары оянып, белсенділіктері
артатындығын, олардың ой еркіндігі дамитындығына көзім жетті. Сондықтaн да мен,
диалогтік оқытудың əсіресе орыс кластарында пəнді еркін меңгеруде оқытудың таптырмас
əдіс-тəсілі
дер
едім.
Əдебиеттер тізімі
1.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «НЗМ» дербес білім беру ұйымы. 2012.
2. 3_LW3D4_
Топтық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық. 20_L3W3D5_Талқылау
құралдары.
3.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы, 2013.
280
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ТАРИХ ПƏНІНЕН ҮЙІРМЕ
ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Əбдіжəлиев Н. Ə.
Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада Назарбаев зияткерлік мектептерінде тарих пəнінен үйірмелік жұмыстарды
ұйымдастырудың формасы, құрылымы, мақсаты мен міндеті, ерекшелігі жəне əдістемесіне
қатысты формуланы көрсеттім. Өзектілігі, мектептік білім берудің аясында оқушылардың
профильдік білімін тереңдету, құндылықтар категориясын тану жəне ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастыру үшін тарихтан үйірмелік жұмыстарды тиімді ұйымдастырудың
маңызы өте зор.
Аннотация
В статье освещены структура, цель, принципы, особенность и методической работы
в организации кружковой работы по истории в Назарбаев Интеллектуальных школах. Для
углубления профильных знаний, определения ценностных категорий учеников и создания
коллаборативной атмосферы важна эффективная организация кружковой работы по истории.
Abstract
On this scientific article I have shown the methods and peculiarities of organizing the extra
curricular activities on a History subject. The importance of this scientific article is to deepen the
knowledge, explore students’ talents and gifts and create a collaborative environment in the
classroom. Organizing extra curricular activities is very effective and very important.
«Балаға үйретуде, ең əуелі білімнен бұрын, тəрбие берілуі керек. Өйткені, тəрбиесіз
берілген білімнің арты апатқа апарып соқтырады» - деген еді кезінде ұлы ұстазымыз əл-
Фараби. Бүгінгі күндегі өскелең ұрпақтың рухани дағдарысқа қарай бет алуы үдеп бара
жатқан тұста, сапалы біліммен бірге, саналы тəрбиенің берілуі де заман талабы екені даусыз.
Ендеше, сол тəрбие саласындағы рухани-моральдық қажеттіліктің орнын толтыратын
бірден-бір элемент – тарих пəнінен үйірмелер жұмысын ұйымдастырудың атқаратын маңызы
өте жоғары.
Зияткерлік мектептегі тарих пəнінен үйірмелік білім беру дегеніміз:
Сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыратын;
Оқу мен тəрбиені тиімді ұштастыратын;
Азаматтық жəне патриоттық қасиеттерді қалыптастыратын
процесс сондықтан осы процестің практикалық мазмұнын бағдарламаға түсінік хат ретінде
беріп, əрі қарай құрылымдық бөліктерін түсіндіремін.
Бағдарламаға түсінік хат:
Бағдарламаның негізі оқушылар үйренуге тиісті пəндік материалдардың мазмұнына
ой-шолым жасайды.
Тақырыптар бойынша тұрақты түрде модульдік технологияның құрамдас бөлігі,
интерактивті методикалармен қайталап отыру өз кезегінде талапкердің материалдар көлемін
тезірек игеруге көмектеседі.
281
Бағдарламада: оқыту, білім беру кезінде пайдаланылатын дифференциялды көмек
беру қарастырылған. Оқушылардың білім деңгейін тексеру жүйелі түрде орындалып
отырады.
Дұрыс бағдарламаны таңдап алып, пайдалана білу, оқушылардың білімге құмарлығын
дамытуға, олардың жоғары деңгейде білім алуына əсер етеді. Сондықтан, оқушылар алған
білімдерін əрқашан практикалық жұмыстарда пайдалануы керек.
Теория сұрақтары тəжірибедегі мысалдармен бекітіліп, тарихи терминдермен
түсіндіріледі. Дайындық курс дəрістері оқушылардың білімдерін арттырып, Назарбаев
Зияткерлік мектептеріндегі тарих пəнінен ұйымдастырылатын үйірме сабақтарында
Қазақстан тарихы сабақтарын терең игертіп, интеллектуалдық қасиеттерге баулиды.
Сонымен бірге, оқушылар бағдарламаның жыл бойғы ұйымдастырылатын іс-шаралар
процесіне белсене қатысып, азаматтық қасиеттерін жинақтайды.
Тағы да бір маңызды элемент ретінде айта кететін бір фактор: Назарбаев Зияткерлік
мектептері өзінің оқыту жүйесінде үш тұғырлы тіл саясатын қолданатын болғандықтан, мен
де өзімнің үйірмелік сабақтарымда ағылшын тілі пəнінің мұғалімдерімен «team-teaching»
тəсілдерін жүргіземін. Тарих пəніндегі латын тілінен енген əртүрлі саяси, экономикалық т.б.
халықаралық салалық терминдерді арнайы маманмен түпнұсқасындағы варианттарымен
өзара сұхбаттасу формасында тəжірибе алмастырамын.
«Өрелі тарихшылар» бағдарламасының бағыты:
Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі «Өрелі тарихшылар» үйірмесі Қазақстан
Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің 22.05.2005 ж. «Тарихты оқыту
стандарттары туралы» бұйрығына сəйкес, Қазақстан тарихы пəнінен материалдық білім
жəне рухани-патриоттық бағыттағы тəрбие беру жұмыстарын жүзеге асыратын бірден –
бір құрылым. Ол азаматтық ұстанымды жəне патриоттық сананы қалыптастырады.
Бағдарламаның мақсаты:
1. Қазақстан тарихы пəніне қызығушылығы бар оқушылардың шығармашылық
дамуына, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға ықпал ету;
2. Тарихи процестер мен құбылыстардың өздеріне тəн белгілерін, сипаттарын
анықтап, оларды топтастыра білуі;
3. Жеке тарихи құбылыстардың себебін, мақсатын, барысын, нəтижесін түсіне білуі.
Бағдарламаның міндеттері:
1.
Қазақстан тарихы пəні курсының мəліметтік материалдарымен дұрыс жұмыс
жасауға дағдыландыру;
2.
Үйірме мүшелерінің тарихи деректермен, құжаттармен, тарихи картамен өз
бетінше практикалық жұмыс істеуге үйрету;
Бағдарламаның ерекшелігі:
1) Бұл бағдарлама бойынша қамтылып оқытылатын материалдардың фактілері
нақтылығы, алдына қойған мақсатының айқындығымен оқушылардың ой-өрісін бір арнаға
бағыттап дамытады.
2) Бағдарламада барлық тақырыптары жеке бөліп көрсетіліп, сағат саны, көрнекіліктері
арнайы дараланып берілген. Бұлайша ерекшелеу тарих пəні мұғалімдеріне жəне оқушыларға
меңгерілетін тақырыптардың мəнісін алдын ала түсініп алуына септігін тигізеді, алдағы
уақыттағы білім нарығындағы бəсекелестікке сенімділігін оятады
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нəтижелер:
1) Отан тарихын оқудың керектігін терең сезініп, ұлттық құндылықтардың рухын бойына
сіңіруі;
2) Қазақстан тарихынан дайындық курсының мəліметтік базасын толықтай меңгеруі;
282
3) ҰБТ-ның міндетті пəні ретіндегі Қазақстан тарихынан сапалы білім алудың нəтижесінде
тесттік сынақтардан жоғарғы балға оңай қол жеткізетін қабілетке ие болуы;
4)
Үйірмеде ауызбірлікпен еңбектенудің барысында ұжымдық климатты еркін сезіну
арқылы лидерлік бəсекелестікке бейімделуі;
5) Жеке тұлғадан өркениеттің барлық критерийлеріне сай келетін Үлгілі Азаматқа айналуы.
Бағдарламаны жүргізудегі «Өрелі тарихшылар» үйірмесінің білім беру моделі.
Модельдің əр баптарына анықтама:
Пəндік оқыту + Оқушыға нақты фактілік материалдарды беру үшін міндетті түрде
оларды стандарттағы оқулықпен оқыту арқылы кез келген сұрақты кітаппен дəлелдеуге
үйрету.
Тест сұрақтарымен жұмыс + Стандарттағы жəне тақырыптық форматтағы тест
сұрақтарын түсіндіре отырып, сынама тест сынақтарында сынақ кітапшаларымен жұмыс
істеуге баулу
Профильді бейімдеу + Дүние жүзі тарихы мен Қазақстан тарихын бейімдік пəн етіп
таңдаған талапкерлермен сыныптық оқулықтар, тест жинақтарымен жұмыс жасай отырып,
грантқа қол жеткізуге жағдай тудыру.
Қызықтыру формалары + Қашанда да, оқушылардың мақсаттарын бір арнаға
бағыттап тоғыстырмай, нəтижеге жету мүмкін емес.
Сол себепті, олардың əртүрлі психологиясына сай келетін оңды қарым-қатынас
этикасын қалыптастыру барысында үйірмеде еркін сезіну аурасын жасау [1].
Қарым-қатынас этикасы + Əрбір талапкердің бойында ХХІ ғ. заман талабына сай
келетін өркениеттілік қарым-қатынас психологиясын сіңдіру.
Оқулықпен жұмыс жəне ынтымақтастық педагогикасы + Ортақ мақсат аясында
біріккен үйірме мүшелерінің оқулықпен оқып, ынтымақтастық ауызбірлігін қамтамасыз
ету.
Білім сынақтары + Кез келген тұлпардың бəйгеде сыналатыны сияқты, əрбір
талапкердің тестілеуге дайындалу кезінде аралық сынама тесттерінен жоғары балл алуға
ынталандыру.
Нəтижеге бағытталған білім + Курс кезеңіндегі дайындықты нақты əрі нəтижелі
білімге бағыттаудың арқасында көздеген мақсатқа қол жеткізіледі.
Тұлғалық бейімдеу + Əлемнің екінші ұстазы атанған əл –Фарабидің «Балаға əуелі
білімнен бұрын тəрбие берілуі керек. Өйткені тəрбиесіз берілген білімнің арты апатқа
апарып соқтырады» деген еді [2].
Міне, сондықтан да, əрбір оқушымен қарым-қатынас жасағанда олардың тек пəндік
білімін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың ең басты адамгершілік тұлғасын тəрбиелеу.
Азаматтық үлгі + Тəуелсіз қазақ елінің шынайы патриоты болатын жəне өзін
қоршаған ортаға адамгершілік-азаматтығымен жаркын үлгі бола алатын Азаматты өсіру.
Достарыңызбен бөлісу: |