№
Мектеп
бағдарламасына
сілтеме
Оқу мақсаты
Бағалауға арналған нұсқаулар
тарау 7.1 А: Компьютерді қолданудың əлеуметтік аспектілері
627
1
Электрондық
кестедегі
мəліметтер типі
Электрондық
кестедегі
мəліметтер
типі
мен
форматы туралы түсінік
қалыптастыру
(1)
Мəліметтер типін анықтау (5
сұрақ)
(2)
Берілген мəліметтер типіне
мысалдар келтіру
Дағдылары
Табыс критерийлері
жетті
талпынды
Білу жəне түсіну
Электрондық кестедегі мəліметтер типі
мен форматы туралы түсінігі бар
Мəліметтің мəтіндік типін дұрыс
анықтай алады
Мəліметтің сандық типін дұрыс
анықтай алады
Практикалық
дағдылары
Сандық форматты дұрыс қолдана
алады
Есепті шығару үшін формуланы дұрыс
анықтай алады
Оқыту үшін бағалаудың тиімді жақтарын атап өтсем, яғни оқыту тəжірибесінде
оқушылар нені үйренді:
-
жұппен жəне топпен жұмыс істеу
-
өзінің «+» жəне «-» жақтарын көре білу
-
сынды дұрыс қабылдау
-
сабақтың əр кезеңінде тақырыпты түсінгендерін қадағалап отыру
-
өзін жəне басқаны бағалау
-
болашағын болжай алу
К.Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін
жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген сөзі аталған міндетті жүзеге асыру жолында
ұстазды үлкен асуларға жетелейді, жауапкершілігін арттырады.
Əр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында
талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр” деп
атап көрсеткеніндей, ұстаз алдында жауапты да, қызықты да іс пен үлкен міндет тұр.
Қорытынды:
1. Бағалау критерийлері оқу мақсатына негізделген болу керек, жəне оқу үрдісінде
мұғалім əр уақытта оқушылардың назарын бағалау критерийлеріне аударып отыру
қажет.
2. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жұмыс барысын мақсатты, ал
бағалау үрдісін анық, айқынды етеді.
3. Бағалау критерийлері оқушыларға түсінікті болуы шарт.
Əдебиеттер тізімі
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, екінші басылым, 2014. – www.cpm.kz
2. Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі / Əдістемелік ұсыныстар, Астана, 2013
628
БІЛІМ БЕРУ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ШОЛУ
Есмаганбетова У.Х.
Қызылорда облысы бойынша«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада жалпы орта білім беру жүйесіне байланысты Англия, Америка Құрама
Штаттары, Франция елдерінің тəжірибесі қаралған. Деңгейлік бағдарлама тұжырымдары мен
талаптарына сəйкес кəсіби өсу мен өзгерістерге қабілетті заманауи ұстаз дайындау мəселесін
қамтиды.
Аннотация
В статье рассматриваются вопросы системы общего среднего образования в зарубежных
странах: Англии, Франции, Соединенных Штатах Америки. Подходы подготовки
современного учителя, способного к самоизменению, к профессиональному развитию,
согласно концепциям и требованиям уровневых программ.
Abstract
The article discusses the questions of the system of secondary education in foreign countries:
England, France, The United States of America. The approaches of the modern teacher, capable to
change his teaching experience, professional development, according to the concepts and
requirements of multi-level in service training programs.
Əлем жылдам өзгеруде, яғни өмірдегі барлық құбылыстар, құндылықтар, стиль мен
ұстанымдар да өзгеруде жəне оның барлығы біздің еліміз Қазақстанға өз ықпалын тигізуде.
Қай салада болмасын елеулі өзгерістер мен қайта құрулар орын алуда, соның ішінде білім
саласында да бірқатар жаңалықтар жағымды өзгерістерге жетелеуде. Білім беруді жаңарту
үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін жəне
алынған нəтижелерге бағытталған өзгерістер.
Білім - қоғамды əлеуметтік мəдени ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып
құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары құндылық екендігі ақиқат, бірақ ХХІ ғасырда
осы құндылықтар сипаттары өзгерістерге ұшырауда. Көзқарастар мен ұстанымдар өзгеруде.
Ең басты құндылық адам, ал адам капиталын дамыту кезек күттірмейтін маңызды мəселеге
айналды.Осы орайда жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп
тəрбиелеу əр ұстаздың, əрбір мектептің ең қасиетті міндеттерін құрауда. Мемлекетіміздің
білім сапасын арттырудағы стратегиялық іс-əрекеттерін ұсынатын түрлі құжаттар
қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасына сəйкес мұғалімдердің мəртебесін арттыру, кəсіби статусын
көтеру мақсатында ұйымдастырылып жатқан деңгейлік бағдарламаларды да ерекше тоқталып
айтуға болады. Мемлекеттік бағдарлама негізінде білім беру жүйесін əлемдік үздік үлгіге
сəйкес деңгейге көтеру көзделген.
Деңгейлік бағдарламалар бойынша өз біліктілігімді арттырып, тренерлік қызмет атқару
мүмкіндігін алғаныма өте қуаныштымын. Бағдарламаның теориялық мазмұны, педагогикалық
кəсіби өсуге үшін ұсынылған негізгі факторлары, яғни ойлау жолдары, жұмыс əдістері мен
629
жұмыс құралдарын меңгеру арқылы көптеген жаңа тұжырымдарға келдім деп айта аламын.
Көзқарастарым мен ұстанымдарым өзгеруде, бұрынғы педагогикалық стратегиялар мен
амалдар мен қазіргі кезде түйіндемелерімнің арасындағы алшақтық пайда болуы заңды
құбылыс деп ойлаймын.
Əлдем елдерінің жалпы орта білім беру жай-күйлерімен танысуға деген қызығушылық
пайда болып, бағдарлама мазмұнын тиянақтылықпен жүзеге асыруға талпынудамын.
Теориялық мазмұндар, түрлі стратегиялары мен көшбасшылыққа жетелейтін проблемалық
сауалдары жаңа тұрпаттағы ұстаздық əлеует қалыптастыруыма жетелеуде.
Əсіресе маған əсер еткен «ХХ ғасырда əлем өзгеруіне қарамастан мектептер азырақ
өзгеруде», «Кəсібилік мұғалімнің өзін білім беру қоғамдастығының бір бөлігі ретінде
қарастыруын талап етеді» (Bolam, McMahon, Stoll et al.,2005), Case-study, Жапонияда алғаш
1870 жылдары тəжірибені жақсарту үшін пайда болған Lesson Study қолдану, т.с.с.
тұжырымдар мен идеялар болды.
Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады
деген кеңінен тарағанпікір көңілге қонымды. Шетел əдебиетінен алынған деректер тиімді
көшбасшылар мектеп нəтижесіне жəне оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей
болмаса да, қатты ықпал ететіндігін дəлелдейді.Оқыту сапасы оқушылардың ынтасы мен оқу
үлгіріміне қатты əсер етеді десек те, көшбасшылық сапасының мұғалімдердің ынтасы мен
балаларды деңгейіне ықпалы бар ма деген мəселе төңірегінде үнемі пікірталас туындап
жатады [2,65-б.]
Деңгейлік бағдарлама авторлары ұсынып отырған оқытуды басқару жəне көшбасшылық
тұжырымдамасы мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор əлеуеті бар, оларды өзгеріс енгізу
тəжірибесіне, бірлескен кəсіби білім құруларына көмектесетін қолдау көрсетілген жағдайда
ғана көруге болады деген ұстанымға негізделеді. Ол педагогикалық жүйе сəтті болу үшін,
оқыту мектептің барлық деңгейінде қатар жүру керек, яғни оқыту оқушыларды, студенттерді,
мұғалімдерді жəне де мектеп жүйесінде жұмыс істейтін қосымша қызметкерлерді түгел қамту
керек деген көзқарасқа сүйенеді.
Əлемдік білім беру жүйесіне көшу тек білім мазмұнын жетілдіру ғана емес, білім
жүйесінің басқа да маңызды аспектілерін жетілдіруді көздейді. Пəндік, педагогикалық жəне
технологиялық білімдердің өзара əрекеттесуі мұғалімдерге жоғары деңгейде кəсіпқойлық бере
алады деген идеяны деңгейлік бағдарламалар жақтаушылары жақсы меңгерген деп білемін.
Ол өз кезегінде оқушылардың дайындық деңгейі мен жас ерекшеліктерін сақтай отырып,
материалдарды жүйелілік заңдылығымен меңгеруге, бірлескен əрекеттерді белсенділікпен
атқаруға, оқу мен оқыту үдерісінде эмоционалды қолдау табуларына мүмкіндік бере алады.
Осы жəне өзге де өзекті мəселелер төңірегінде əлемнің ең қуатты да дамыған елдерінде
жалпы орта білім беру мектептерінің құрылымдары мен оқыту үлгілері бойынша тəжірибе
алмасу мақсатында шолу жасау мақсатында кестені ұсынамын.
Əлем елдеріндегі жалпы орта білім беру модельдері жайлы
Елдер
Орта
білім
құрылы
мы
Оқыту
мерзімі
Орта білім беру тəжірибесінен
АҚШ 6+3+3
6-18
жас
Педагогикалық процесте эксперимент, жаңашыл мұғалімдер
өте көп, ата-аналармен жұмыс жақсы жолға қойылған.
Англия 6+5+2
5-18
жас
Тұңғыш рет экспериментті «ашық мектептер» пайда болған,
Ұлыбритания елінде барлық білім беру ұйымдарында
630
оқушылардың шығармашылық ой туғызуды қалыптастыру
бағдарламаларын жасау қолға алынған.
Франция 5+4+3 6-18
жас
Білім беру ұйымдарында оқытуды жекешелендіру бағыты
қолданысқа енгізілген, оқушылардың белсенділігін арттыру
арқылы оқытудың нəтижелілігіне қол жеткізу басты мақсатта
Германия 4+5+4
6+4+3
6-19 жас
Оқыту бағдарламаларының 2 типі жасалған: кооперативті жəне
кіріктірілген мектептер үшін.
Канада 6+4+3
6+3+3
6-19 жас
Оқытудың екі əдісі келең алған, біріншісі - баланың тəжірибесі
мен құлшынысын есепке ала оқыту, екіншісі – мұғалімге
жетекші ұйымдастырушы рөлін беретін дəстүрлі оқыту.
Қытай 6+3+3
6-18
жас
ХХІ ғасырда Қытайда білім беру реформасы білім берудің
ақпараттандырылуына,
технологияландырылуына,
экономиканың жаһандануына сəйкес дамуды қамтамасыз
ететіндей жаңа этапқа енгізілген.
Норвегия 6+4+3 6+4+3
Бастауыш мектепте оқыту бағасыз жүргізіледі, оқуға
байланысты кемшіліктері мен жетістіктері ауызша айтылады.
Балалардың психикасы мен денсаулығына аса мəн беріледі,
жастайынан өзіне-өзі сенімділігі мен табыстылық сенімдері
қалыптасады.
Жапония 6+3+3 6-18
жас
Мемлекеттік мектептермен қатар репетиторлық ақылы
мектептер жұмыс жасайды. Міндетті білім беру 9 жыл, ең
бастысы қоғамда белсенді тұлға қалыптастыру, белгіленген
тəртіп нормаларын қалыптастыру емес, өмір сүру образының
мəнін түсіну, іс-əрекеттерді жауапты түрде таңдай білу,
өзгелердің еңбегі мен мұң-мұқтаждықтарын құрметтей білу
сияқты өлшемдермен беріледі.
Англияның жалпы орта білім берудегі тəжірибесінде 13 жылдық мерзімде, 5-18 жас
аралығында қамтылады. Реформа жүргізу Актісіне сəйкес орта білім беру мерзімі төрт бөлікке
бөлінген: 5-7 жəне 7-11 жас, 11-14 жəне 14-16 жас. Бастауыш мектеп алғашқы екі стадиясынан
тұрады. Бастауыш мектепте барлық пəндерден бір мұғалім ғана береді. Сабақтың ұзақтығы
35-45 минут. Бастауыш мектепте оқу бағдарламасының 40 пайызы ағылшын тілін оқытуға, 15
пайызы дене тəрбиесіне, 12 пайызы қол еңбегі мен бейнелеу өнеріне, қалғандары басқа
пəндерді оқытуға бөлінеді. Оқушылардың білімдерін тексеру тестілеу арқылы жүзеге
асырылады, стандарт талаптарына сай білім, білік, дағдылары тексеріледі. Стандарт талабына
сəйкес оқушы білімінің үш деңгейі анықталған:
1) есте сақтау;
2) кездейсоқ ситуацияда өз білімін қолдана алу;
3) білім мен біліктілігін өмірде пайдалана алу;
70-жылдары экспериментальды «ашық мектептер» ең алғаш Англияда ашылған.
Солардың ішіндегі ең танымалы Э.Лоу атындағы білім беру ұйымы болған. Балаларда
парталар немесе қатып қалған сабақ кестесі, дəстүрлі сабақ жоспары жоқ жағдайда оқыған.
Сабақтар барысы айнымалы-ауыспалы түрде жүргізілген. Оқушылар мен оқытушылар сабақ
тақырыбы мен өткізілу уақытын, формасын бірге жоспарланған. Осындай ұйымдастыру
«кіріктірілген күн» деп аталған.
Лоу мектебінде оқыту «жаңалық ашу» əдісімен ұсынылған. Егер бала бір күннің
жартысын қалауы бойынша іспен шұғылдануды таңдаса, оған шек қойылмаған, тек құнды
бағыт-бағдар берілген, оқушылардың дағдыларының нəтижелеріне көп көңіл бөлінген.
631
Франция кіші жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету
жағынан бірінші орынға ие, «аналар мектебі», балабақшалар немесе бастауыш мектеп
жанындағы бөбектерге арналған сыныптар. Балабақшалар екі жастан бастап қабылдайды.
Мектепке дейінгі білім беру міндетті емес, оған қарамастан 3-6 жасқа дейінгі балалардың
барлығы балабақшамен қамтылған.
Франция мектептерінде «өнер арқылы тəрбиелеу» тұжырымдамасы ақылы оқыту жүзеге
асырылады. Ол негізгі үш мақсатты көздейді:
1)
Адам-рухани қазына, рухани-адамгершілікті қалыптастыру;
2)
Көркемдік-эстетикалық талғамын қалыптастыру;
3)
Мəдени мұра- қолөнерден тəжірибе жинақтау.
Бұл мақсаттардан көркемдік-эстетикалық бағытта оқыту арқылы балалар сезімдерін
дамыту, əдебиет жəне өнер шығармаларын оқыту арқылы адамгершілік-рухани тұлға
қалыптастыруға ықпал ету, мəдениет жəне өнер бағыттары арқылы оқушылардың жеке
шығармашылық қабілеттері мен икемділіктерін дамыту міндеттері туындайды.
Əлемдік мектепте С.Френе экспериментінің алатын орны ерекше. Френе техникасы
келесі элементтерден құралған: мектеп типографиясы, мектеп кооперативі, еркін мəтіндер,
фишка-карточкалар, жұмыс библиотекасы т.с.с. Френе мектебінің өмір ағымы өзін-өзі басқару
тəртібінде жүргізіледі, басшылығында бірнеше оқушыдан тұратын кеңес кооперативі мен
С.Френе тұрады. Оқу, шаруашылық, мəдени шаралардың, кикілжіңдердің, мадақтау
мəселелерінің нəтижелері дауыс беру арқылы кеңес қаулысымен шешіледі. Кеңес жыл сайын
қайта сайланып отырады, сөйтіп оқушылар кезең-кезеңмен басшылар мен орындаушыларға
айналып отырады. Кооператив жұмысы аптаның соңында ашық жариялы қорытындыларын
шығарып отырған [3, 25-б.]
Америка Құрама Штаттары. Соңғы кезде Америка құрама Штаттарында мемлекеттік
жалпыға білім беретін мектептер жанынан 4-5 жасар балаларға арналған мектепке дейінгі
оқыту мен тəрбиелеу топтарын құру мəселесіне ерекше көңіл аударылған. Бірқатар жерлерде
5 жасар балаларға бастауыш білім бөлігі ретінде тегін оқыту мəселесі ұсынылады екен. Орта
білім беру құрылымы 6+3+3, оқыту мерзімдері 6-18 жас аралығында. Жалпы орта білім беру
қоғамдық-мемлекеттік жəне жеке ақылы білім беру ұйымдары арқылы жүргізіледі.
Бастапқы білім беру 6 жастан 12 жасқа дейін қарапайым мектеп базасында оқытылады.
Орта мектеп екі буыннан тұрады: кіші орта мектеп жəне жоғары орта мектеп. Кіші орта
мектепте 7-9 сыныптар оқу бағдарламасының үштен бір бөлігін ғана міндетті білім беру
үлгісімен оқытылады, қалғандары таңдау бойынша жүргізілетін бейіндік пəндер. Жоғары орта
мектеп 10-12сыныптар, міндетті білім беру бағдарламасынан 5 пəн ғана міндетті түрде
оқытылады, қалғандары таңдау бойынша оқытылады. Оқушылар білімдерін бақылау мен
бағалаудың негізгі əдісі-тест. Оқу жылы 2-3 трисеместрге бөлінген, əрбір кезеңнен кейін
оқушылар 5 балдық жəне 100 балдық жүйе бойынша бағаланады.
А (93-100 балл)- өте жақсы;
В (85-92 балл) – ортадан жоғары;
С (75-84) – орта;
Д (65-74) – нашар;
Е (0-64 - балл) – есептелінбейді.
Жұмыс аптасы бес күндік, аптаның алтыншы күні балалардың таңдау бойынша
танымдық қызығушылықтарына сəйкес шығармашылық дамыту сабақтары. Америка Құрама
Штаттарында жалпыұлттық ата-аналар мен мұғалімдердің ассоциациясы жұмыс жасайды.
Əрбір қаламен мектептерде оның филиалдары жұмыс жасайды. Ата-аналар барлық мектеп
реформаларының қатысушылары. Оқу-тəрбие үрдісін үйымдастыру барысында ата-
632
аналардың ой-пікірлері жетекші рөл атқарады, кейде сабақ процесіндегі əдіс-тəсілдердің
қолданылу тəртібіне дейін өз ойларын білдіріп отырады екен. Ата-аналар мен мектептің
бірлесе жұмыс жасауындағы беріктілік пен тұрақтылық ертеден дəстүрге айналған.
Американың шеткі аймақтарының өзінде мектеп қоғамдық жəне ақпараттық өмірдің
эпицентріне айналған. Білім беру ұйымдарында ата-аналар комитетінің отырыстары,
жиындары, қабылдау күндері, басқосулар өткізіліп тұрады жəне балалардың барлық
жетістіктері, жұмыстары, проблемалары жинақталған папкалар жүргізіледі. Мектеп ата-
аналармен бірлесе, одақтаса жұмыс істеуге өте құштар жəне ақпараттық хаттар, телефонмен
жедел линия арқылы үзбей байланысып отырады [3, 9-б.].
Мектептерде мамандандырылған психологтар жұмыс жасайды. Сол сияқты оқытудың
дəстүрлі емес репродуктивті жəне ізденіс бағытындағы модельдері жасалып меңгерілуде.
Мысалы, «Жеке оқушыға арналған оқыту» технологиясы негізгі мектеп оқушыларына
арналған (индивидуально предписанное обучение). Оқулықтардың тарауларына сəйкес оқыту
материалдары бірнеше нақты мақсаттарды көздей отырып, бөлімдерге бөлінеді. Оқушыларға
өз мүмкіндіктеріне жəне қызығушылықтарына сəйкес бағдарлама тарауларын таңдап игеруді
ұсынады. Ол ағылшын тілін бесінші сыныптың, математика бойынша алтыншы сыныптың,
жаратылыстану пəндерін жетінші сыныптың бағдарламасы бойынша оқи алады.
70 жылдардың басында Америкада «ашық мектептер» пайда бола бастады. АҚШ
мұғалімдері И.Зильберманның жетекшілігімен (Университет Штата Конектитут) «ашық
мектеп» моделін жасап шығарды жəне ол екі мəселеге баса назар аударды:
1) мектепке мейірімділігі мен сезімі мол, жауапты кадрларды таңдау;
2) Оқытуды хаосқа айналдырмау, балалардың денсаулығын, мүмкіндігін есепке ала
отырып оқыту процесін жоспарлай білу [3,11-б.]
Жəне бір айта кететін жайт, Америкада экспериментальды мектептердің федеральды
бюросы жұмыс жасайды, жылына бес жүзге тарта эксперимент сынақтан өтеді. Эксперимент
мемлекет тарапынан жəне қоғамдық қорлар тарапынан арнайы материалдық қолдау тауып
отырады.
Əлем елдерінде жүргізілген осындай реформалардың мазмұнымен таныса келе, өзіміздің
елдегі реформалардың кешеуілдеп жатқанын, кеш болса да осындай игі бастамалардың орын
алғаны көңілге қонады. Дамыған елдердің білім жүйесіндегі жүргізілген эксперименттердің
нəтижелерімен таныса отырып, деңгейлік Бағдарламаның мазмұнының құндылығына,
мектептер мен ұстаздар əлеуетін дамытудағы маңыздылығын сезінудеміз.
Қазіргі кезде əлемнің барлық дамыған елдері, оқушының шын мəнінде оқу үдерісінің
орталық тұлғасы болуы үшін, оқушының танымдық іс-əрекеті əрқашанда педагог-
зерттеушілердің тұрақты назарында болуы үшін өздерінің білім беру жүйелерін
реформалаудың қажеттілігін саналы түрде сезініп отыр. Біздің жүйемізде де білім берудің
нəтижесі оқушыларымыздың өз бетінше белсенді қимылдауға, шешім қабылдауға, өмірдің
өзгермелі жағдайларына икемділікпен бейімделуге қабілетті болуына байланысты болып
отыр.
Осыдан келіп реформа талаптары қазіргі мектептің алдына қажетті білімдерді өздігінен
ала отырып, оларды өмірде орнымен қолдану, өзгермелі өмір жағдайларына икемділікпен
бейімделу, қазіргі технологияларды пайдалана отырып, оларды оңтайлы шешу жолдарын
іздестіру, əр түрлі əлеуметтік топтарда қарым-қатынас жасай алу, əр түрлі салаларда
жариялылықпен жұмыс істей білу, кез-келген шиеленісті жағдайлардан еппен шығып немесе
оны болдырмау қабілеттері бар түлектерді дайындау міндетін қояды.
Сыныптағы оқуды басқару үшін жеті модуль негізінде оқу мен оқытудың формаларын,
əдіс-тəсілдерін, құралдарын кешенді үдеріс есебінен қолдана білуге машықтандырар болса,
633
екінші деңгейде əдістемелік бірлестіктер арасындағы ұжымдасу арқылы келісімге келіп,
педагогикалық қызмет сапалығы мен мазмұндылығына қол жеткізуге бағытталған. Ал
мектептегі оқытуды басқару негізінде желіні дамыту проблемаларын зерделеу, команда құру,
серіктестік қызметін үйлестіру, аса тиімді үлгілерінқарастыру сияқты міндеттерді орындаудан
тұрады.
Тиімділігі жоғары жəне үнемі жетілдіріліп отыратын мектептер оқушыны оқыту мен
оқуының сапасын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданылатындығымен ерекшеленіп
отырады. Осыдан шығатын қорытынды, оқушыларының білім алуына басты назар аударуды
басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер өздерінің əріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі
бола алады.
Бұндай кəсіби деңгейдің жоғары нəтижелеріне шығу үшін дұрыс бағыт ұстану, үздіксіз
ізденіс, желідегі белсенділік жəне көшбасшылықты дамыту маңызды.Оқуға бағытталған
көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында оқу үдерісіне жəне
оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нəтижелеріне бағдарланған.
Көшбасшы мұғалімдер ғана оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нəтижелерді пайдалану,
мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары
мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың
жəне бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады.
Бұндай көшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, себебі мектептегі көшбасшылық
идеясын іске асыру маңызды екенін естен шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты
тарату жəне дамытуға басымдық беру қажет.
Мұғалім үшін оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың бірнеше мəні бар:
Мұғалім өзінің оқыту жəне оқу үдерістерін түсінуін нақтылау;
Оқыту жəне оқу үдерістерін əріптестерімен талқылауға мүмкіндік беру;
Ересектерді де, балаларды да оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы
оқудың жоғары мəдениетті деңгейін орнату;
Оқудың қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектемей, одан əрі кеңейту;
Оқушылардың оқу үдерісіне тартылуы;
Əріптестерді кəсіби дамыту үшін барлық оқушылардың мүмкіндіктерін бөлуге
болатындығына сенімді болу;
Оқыту мен оқу үдерістеріне əлеуметті, ата-аналар мен тиісті мүдделі адамдарды тарту
[1, 69-б.].
«Педагог – ол тəрбиеші ғана емес, ол біздің қоғамымызды мəдениеттің ең жоғарғы
сатысына көтерілуге көмектесетін жетекші тұлға» - деп Я.Колас
айтқандай, мұғалімдер күн сайын күрделі шешімдер қабылдайды.Бұл шешімдер туралы білім
мен пікірлерге сүйенеді жəне əрбір оқушының не үйреніп, келешекте неге қол жеткізуге тиіс
екендігіне бағытталған. Осыған байланысты мұғалімдер оқушыларды олар өмір сүруге тиіс
өзгермелі əлемге дайындауда маңызды рөл атқарады. Мысалы, бүкіл əлемдегі жас
оқушыларға айтарлықтай əсері болатын елеулі факторлардың бірі-инновациялық
технологиялардың кең таралған түрін пайдалануға байланысты білімге оңай қол жеткізудің
артып келе жатқандығы. Білімге қол жеткізудің күн сайын артуының нəтижесінде мұғалімнің
рөлі өзгереді. Алайда, бұл мұғалім рөлінің біркелкілігін білдірмейді, керісінше, мұғалімнің
рөлі барынша артады жəне оқушылардың білімге қалай сыни қарайтындығына бағытталатын
болады [2,13-б.].
Мектепке жəне мұғалімге өзгеріс не үшін қажет? Осындай сауалдар төңірегіндегі ой
толғаулар мұғалімдерге ұсынылған кезде, ең əуелі, сабақ үдерісін технологияландыру немесе
инновациялық талаптарды орындау секілді жауаптар алынады. Ең алдымен балалар үшін,
634
олардың жарқын болашағы үшін, жаңа ғасырда өмір сүруге дұрыс икемделе алуы үшін
мəнмəтінінде қарастырылмайтындығы көңілге кірбің түсіреді. Өркениетті елдердің басым
көпшілігінде қолдау тапқан жəне кейінгі жылдарда отандық тəжірибеде сынаманаланып
жатқан сындарлы оқыту теориясы тиімді оқыту мен табысты да құзырлы мұғалім
қалыптастыруға əсер ететіндігі дəлелденген. Бағдарлама мазмұны мен принциптеріне сүйене
отырып, оқыту мен зерттеуге ынта-жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін, əрбір оқушының
пəнді түсіну деңгейін диагностикалай отырып, кері байланыс орната алатын жəне оқытудың
мақсаты мен сабақтың табысты өту өлшемдерін қиыстыра алатын мұғалім ғана жоғары
деңгейдегі кəсіпқой бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |