Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет81/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   113

 Интерактивті негізде оқу мақсаты - 

білу емес, үйрене бiлу. Бұл əдістер оқушыларды   өзiне деген сенiмге тəрбиелейдi; 

-   шешендiк өнерiн жетiлдiредi; 

-  танымның мəнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын); 

-  сыни ойлау дағдыларын дамытады; 

-  өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады.  

Қолданып  жатқан  əдістің  нəтижесінде  оқу  үрдісінде  оқушылар  мыналармен  қарым – 

қатынасқа түседі: 

1. Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);

2. Оқушылармен (жұптасып жұмыс істеу барысында)

4. Шағын топтармен (3-4 оқушымен);

5. Оқушылардың  үлкен  тобымен  (көбіне  пікірталас/  дебат  сынып  болып  əлдебір  мəселені

талқылау барысында); 

6. Техника түрлерімен (мысалға, компьютермен,  интербелсенді тақтада жұмыс істеуде).

Сонымен қатар бұл əдістің тиімді жақтары: 

-Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады; 

-Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды; 

-Оқу үрдісінде  ізгілік қарым-қатынас орнайды; 

-Алған білімдерін өмірмен ұштастыра біледі; 

-Жан-жақты ойлау қабілеттері дамиды. 

Сабақтың мазмұнына сай интербелсенді əдістерді тиімді  жоспарлауға болады: 

«Мылқау пікірталас».  

Қатысушыларға  тақырып  көлемінде 4 көзқарасты  талқылау  ұсынылады.Талқылау  барысы 

келесі кезекпен ұйымдастырылады.:Шағын топқа бөлу 

Топтың əрбір мүшесі плакатқа жазылған тұжырыммен танысады да, соңына аяқталмаған екі 

сөйлемнің  бірін  аяқтайды. «Автормен  келісемін,  өйткені ...» жұмыстың  бұл  кезеңінде 

сөйлесуге, талдауға тыйым салынады. Шағын топтар барлық 4 плакатты аралап шығады. 

Барлық  топтар  өз  ойларын  жазып  болған  соң,  əр  топқа  бір  плакаттағы  жазуларды  талдап, 

қорытындылау ұсынылады. Əр топ өз ойларын ортаға салады, бүкіл сынып талқылайды. 

«Раундробин».  Оқушылар  парақтарына  өз  ойлары  мен  идеяларын  белгіленген  уақыт 

аралығында жазып, уақыт аяқталған соң, оң жағындағы көршісіне парағын ысырады. Көршісі 

алдығы  жолдасының  жазғанымен  танысып,  сол  ойларды  ары  қарай  жалғастырады. 

Белгіленген  уақыт  өткеннен  кейін  парақтар  тағы  да  оңға  қарай  иесіне  қайтып  келгенше 

701


жалғаса береді. Соңында парақтың иесі жазғандардың бəрімен танысып шығып, қорытынды 

тұжырым жазады. 

Оқушылардың  жаңа  материалды  меңгеру  деңгейін  олардың  жеке  қабілеттерін, 

қызығушылықтарын  есепке  ала  отырып,  нəтижеге  бағытталған  интербелсенді  əдістерді 

пайдалана отырып сабақ жүргізу бастауыш сыныптан басталғаны абзал. 

          

Қорытындылай  келе  интербелсенді  əдіс  арқылы  бүгінгі  күні  білім  беру  жүйесінде 

оқушылардың    шығармашылық    əрекетін  дамытуға,  олардың  оқу  еңбегіне  деген  жағымды 

уəжін қалыптастыру үшін, тиімді инновациялық шешімнің бірі. Біз əр технологияны қолдану 

арқылы белгілі бір жетістікке жете аламыз. Болашақ ұрпақты бəсекеге қабілетті жеке тұлға 

қалыптастыру, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу - қазіргі заман талабы. 



Əдебиеттер тізімі 

1. Əбілқасымова Ə. Мектеп реформасы: 12 жылдық білім беруге көшу қажет    пе? //12 жылдық

білім. №1, 2009. 

2. Жүнісбек Ə. Жаңа технология негізі – сапалы білім //Қазақстан мектебі, №4. 2008.

3. Сальникова "Педагогикалық технологиялар". 2005.

4. «Бастауыш мектеп» журналдары.  2008-2013 жж.

5. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеясы мен тəжірибелері. Алматы, 1991.

702


ҮШТІЛДІК  БІЗДІҢ  БОЛАШАҒЫМ 

Жуасбаева  З. О. 

№53  мектеп –лицейі, Қарағанды  қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  

Аңдатпа 

Бұл  мақалада  өскелең   ұрпақтың  үш  тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл,  орыс тілін 

ұлтаралық  қатынас  тілі  жəне  ағылшын  тілін  халықаралық  тіл  ретінде оқып  үйренуге  

ұмтылыс  жасауы — замана талабы, болашақ  ұрпаққа қажеттіліктен  туындатады. 



Анотация 

В    данной    работе      педагога      поднимает    актуальный      вопрос      о      трехязычии,  о  

необходимости   в  современном   обществе  изучить   казахский   язык  межжжнационального   

общения,  англиский   язык – международного   общения. В  статье   поднимается   вопросы   о  

важности и  значимости   всех   трех  языков.  

Abstract

 

In this article the teacher raises an actual question about studying three languages: Kazakh, 



Russian and English, the necessity of modern society to learn Kazakh language as the state, Russian 

language as the language of multinational communication and English as the language of international 

communication. This article shows the importance of learning all three languages. 

Тіл  –   адам    мен    адамды,    ұлт    пен   ұлтты     жақындастыратын   өзгеше   қатынас   

құралы.  Тілмен   сөйлесу  –  адамзат   баласы   үшін    тысқары   бір  дүние    емес,  ол   ішкі  

құбылыс. 

Тіл   –   қазақтың     жан      дүниесі,    рухани   негізі,  ел   еркіндігі    мен                          ұлтты    

танытатын    басты   белгі.   Ана   тілі  –  əр   адамға    ананың    ақ   сүтімен   бойға   жетіп,   

ананың    əлдиімен,   бесік     жырымен   құлаққа сіңіп,    атадан  -  балаға   жетіп   отыратын    

ұлы   күш.     Ана   тілі  –  ұрпақ    тəрбиесінің   пəрменді   құралы,   рухани   байлықтың  баға  

жетпес  байлығы,   қуатты  қайнар  бұлағы.      Ана     тілі  – халықтың өткен ұрпағы, қазірге 

жəне келешек  ұрпағы   арасындағы    тарихи   жалғастықты   жүзеге    асыратын бірден – бір   

сенімді    құралы.   Тіліміз    арқылы    халқымыздың   жан дүниесін    танып    білеміз,   себебі,  

халықтың      рухани   байлығының сарқылмас   бұлағы  сонда   жатыр.  Туған   жеріміз   бен  

ел- жұртымызды  да сол  арқылы  айтып  жеткіземіз. 

Тіл   адам   баласының   басты   қазынасы   болғандықтан   –   тіл   байлығы  елдің    

елдігін,   жұртшылығын,   ғылымы   мен   əдебиетін,   өнеркəсібін,  мəдениетін,  қоғам  – 

құрылыстары      мен        салт-санасының,    жауынгерлік        дəстүрінің    –    мұрасының      қай     

дəрежеде   екенін   танытатын    дəлелді    көрсеткіші.   Əр халықтың      ғұмыры   – оның    

тілінде.   Əрбір   тіл   өзінің   халқы    үшін   «Ұлы»  деп   қырғыздың   атақты   жазушысы   

Шыңғыс   Айтматов айтқандай,    тіл  –  ұлттың   тірегі.   Ол    жан  –  дүниеңді    ашып  

көрсететін   мөлдір   айнаң.   Тіл   жоғалса,   ұлт   та   жоғалатыны    белгілі. 

Қазіргі      таңда      əлемнің    алпауыт    мемлекеттері    көп    тілді,  əсіресе  халықаралық  

тілдерді    меңгеруді    маңызды    міндет    деп    санайды.  Сондықтан    біз  де  өз  халқымыздың 

қарыштап  дамып,  өркениеттен  кенже  қалмау  үшін  көп  тілді  меңгеруіміз  қажет.  Бұл  заман 

талабынан  туындап  отырған    қажеттілік.  Себебі,  бірнеше  тілде  еркін  сөйлей  де,  жаза  да 

703


білетін  маман    бəсекеге  қабілетті    тұлғаға    айналатыны    сөзсіз.  Осы    ретте,  елбасымыз  

Н.Ə.Назарбаевтың:  «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс  жəне  ағылшын  тілдерін 

де    белсенді  меңгеру    үшін    жағдай    жасауға  шаралар    қабылдап    жатырмыз.  Үштілділік   

мемлекеттік    деңгейде  ынталандырылуы    керек», – деген  болатын 2012 жылы 14 

желтоқсандағы Жолдауында. 

Тəуелсіздік  тізгіні  қолымызға  тиіп, егеменді  ел  болған  алғашқы күндерден  бастап-

ақ    елімізде    тіл    саясаты    Мемлекет    басшысы  Н.  Назарбаевтың    тікелей    басшылығымен   

салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы   жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына  

арнайтын    дəстүрлі  жолдауларында  да  тіл  саясатына,  оның  ішінде  қоғамдағы  мемлекеттік 

тілдің  мəртебесін  көтеру  мəселесіне  тоқталмай  өткен  емес.  Білім    мен    ғылымның,  эконо-

миканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бəсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей 

жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып,  алдымызға   үш тілді білу қажеттігін қойып 

отыр.  Əсіресе,  өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Мемлекет  

басшысы        бұрымдағы    жылғы  “Жаңа  əлемдегі  жаңа  Қазақстан”  атты  Қазақстан  халқына 

Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл əлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде 

танылуға тиіс.  Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық  қатынас тілі жəне 

ағылшын тілі —жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  кірігу тілі”,- деген болатын. 

Елбасы    Нұрсұлтан  Назарбаев    биылғы    халыққа    арнаған  “Қазақстан  халқының  əл-

ауқатын  арттыру — мемлекеттік  саясаттың  басты  мақсаты”  атты  Жолдауында  Үкіметтің 

алдына “Тілдердің үш тұғырлылығы” мəдени жобасын  іске  асыруды  жеделдету  міндетін  

қоя  отырып,  бүкіл  қоғамымызды  топтастырып  отырған  мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілін 

оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. 

Мемлекеттік      тілдің      қолданыс    аясын    кеңейту  мақсатында 2007 жылы  өзге  ұлт 

өкілдерінің балабақша бүлдіршіндері арасында “Қазақшаң қалай, балақай?”, жоғары сынып 

оқушылары  арасында  (өзге  ұлт  балалары) “Мемлекеттік  тіл — мерейім”,  сондай-ақ  Абай 

оқулары, “Мемлекеттік  тіл — менің  тілім”, “Қазақ  тілінің  үздік  оқытушысы”, “Үздік 

аудармашы”, “Тіл — халық жанын танудың кілті” атты  байқаулар  өтуде. Əрбір  облыстарда  

жыл  сайын   осы   байқаулар   белсене   өтуде. 

Жалпы алғанда “Тілдердің үш тұғырлылығы” тіл саясаты бағдарламасы күні кеше ғана 

айтылған дүние емес, Президентіміз аталмыш тілдік стратегияны 2004 жылы  жария  еткен 

болатын. Ал, өткен   жылы  Еуродақ өздерінде үш тілді білім тəжірибесін заңды түрде енгізді. 

Бұл тарихи қажеттілік.  Əрбір  адам  өз туған халқының, өзі  өмір  сүретін  елдің  тілін білу 

қажеттігі – ертеден  келе  жатқан  қағида. Алайда,   жаһандану   қалыптасқан   осы қағидаға  

түзетулер  енгізуде . Қазіргі  кезде  халықаралық  қатынас  тілін білу  қажеттігі  туындап  отыр. 

Бұл  біздің  жастарымыз үшін аса қажет. 

Елбасының    өткен    жылдың 29 мамырында  Ақордада  бір  топ  қазақ  тілді  бұқаралық  

ақпарат    құралдары    басшыларымен    ұлттық    жаңғыру    жəне  халқымыздың    бəсекеге  

қабілеттілігі  аясындағы  келелі  кездесуінде “Тілдердің үштұғырлылығы” бағдарламасына, 

мемлекеттік тіл мəселесіне кеңінен тоқталып өтті. Мемлекет   басшысы: “Қазақ  тілі  үш  тілдің  

біреуі  болып  қалмайды.  Үш тілдің  біріншісі, негізгісі,  бастысы,  маңыздысы  бола  береді.  

Қазақ тілі – Қазақстан  Республикасының   мемлекеттік  тілі.  Жəне  оған  қамқорлық  та сондай  

дəрежеде  болады”  деп сендірді. 

Орыс    жəне    ағылшын    тілдерін    оқып    үйрену    білімнің,  ұлттың    бəсекеге  қабілеттілігін  

шыңдай    түсетін,  экономикалық    мүмкіншіліктерімізді  арттыратын    бірден-бір    тетігі    дей  

келе,  жаһандануға  бейімделуді,  замана  көшінен    қалмай,  осы    үш    тілдің    үйлесіміне    қол  

жеткізу  арқылы  тілімізді, дінімізді,   дəстүрімізді,  салт-ғұрпымызды  сақтап  қала  аламыз, 

— деді. 

704


Калаларда  тіл оқыту орталықтарын ашу бүгінгі күннің талабына айналып отыр.      Тілдерді  

дамыту  саясаты  алдағы  уақытта  да  осы  бағытта  жүргізіле беретін  болады. 

Қазақстанда   бірде-бір  қазақша  мектебі  жоқ  қалалар  бар екен.  Павлодар,  Қостанай    сияқты     

облыстарда     қазақ     мектептері жоқтың   қасы. Етек-жеңімізді  енді  жиып, тəуелсіздікке қол 

жеткізген шақта, өз тілін  шұбарлап  қазақша  сөйлей  алмай жүрген жастарымыз қаншама? 

Қазақ  тілінде  білім  беру  жүйесін  шешпей  тұрып,  үш  тілді  оқытқанымыз дұрыс па? 

деген  ой  маған  жиі  келеді. 

Үш  тұғырлы  тіл  саясатын  дұрыс  түсінбей,  тек қана қазақ тілін қолданайық  деп 

даурыға берудің қажеті жоқ  сияқты. Одан  да  біз мемлекеттік  тілді  дамытып,  орыс  тілі  мен  

ағылшын    тілін    қажетіне    қарай  үйренеміз  керек.  Бүгінде    ағылшын    тілі    бастауыш  

сыныптардан  бастап оқытыла  бастады. Бұл,  өте  дұрыс  нəрсе.  Себебі,  бала жастайынан 

тілді  базалық  деңгейде  білсе,  болашақта  кəсіби  деңгейде  үйреніп  алуына  мүмкіндік  туады.  

Қазақ   мектебінде оқыған жас  қалада тұрғаннан кейін орыс тілін де білетіні  айдан  анық. 

Сонымен   қатар,  ағылшын      тілі тереңдетіліп  оқытылғаны  құптарлық  дүние. Қазіргі  кезде 

мектеп бағдарламасынан  ағылшын  тілін  еркін  меңгерген  көптеген  бітірушілер шет елдерде  

білімін  дамытып,  тəжірибесін  молайтуда. 

«Біз  барша  қазақстандықтарды  біріктірудің  басты   факторларының   бірі – еліміздің  

мемлекеттік   тілін, барлық  қазақтардың  ана  тілін  одан  əрі дамытуға бар  күш-жігерімізді  

жұмсауымыз керек»,– деген болатын. Мейлінше,  көп  тілді  меңгеру қажет, дегенмен өз ана 

тілімізді ешқашан ұмытпағанымыз жөн. 

Бүгінде   егеменді ел, тəуелсіз  мемлекет  болып  əлемге  жар  салып  жатқан дүбірлі  

кезеңде  қазақ  ұлтының  жанына  сүйеу,  рухына  тіреу  болатын басты  мəселенің  бірі  осы – 

тіл.  Мемлекеттік  тіл  мəртебесіне  ие  болған қазақ тілі – ұлттық  руханиятымыздың  өзегі.  

Қазіргі   кезде  қазақ  тілін дамыту,  оқытудың  деңгейін  арттыру  мəселесі  көтеріліп,  осы  

орайда түрлі шара  атқарылып  жатқаны  баршамызға  аян.  Қазақ  тілінің  қолдану  аясын 

кеңейту,  оның    мүмкіншіліктерін    барынша    пайдалану – еліміздің    əрбір  азаматының   

абыройлы  міндеті. 

 Қорыта   келгенде, “Тілдердің   үш тұғырлылығы” басты мақсаты мемлекеттік  тіл – 

қазақ  тілін  орыс  жəне  ағылшын  тілдерінің  деңгейіне дейін  көтеріп,  бəсекелестігін  арттыру  

болып  табылады. Өскелең   ұрпақтың  үш  тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл,  орыс тілін 

ұлтаралық  қатынас  тілі  жəне  ағылшын  тілін  халықаралық  тіл  ретінде оқып  үйренуге  

ұмтылыс    жасауы — замана  талабы,  болашақ    ұрпаққа  қажеттіліктен    туындап  отыр.  

Сондықтан    да,  елімізде  “Үш  тұғырлы  тіл”  мəдени    бағдарламасы    жасалып,  жүзеге 

асырылатын болады. 

Қазақ  тілінің  қадір-қасиеті,  тағдыры,  бүгінгі дамуы  мен болашағы ешкімді де бейжай 

қалдырмасы анық.  «Қазақ  тілі – қазақ ұлтының тілі» деп қоймай, «Қазақстан халқының тілі» 

деп құлаққа сіңіріп, санада тұрақтандыру қажет. Елбасымыз  Н.Назарбаевтың  «Қазақстанның 

болашағы – қазақ  тілінде»,  деген  ұлағатты  сөзінде  терең  мəн  жатыр.    Қазақстан     

Республикасының мемлекеттік   тілі – қазақ тілі.   Мемлекеттік  тілді  меңгеру – Қазақстан 

Республикасының əрбір азаматының парызы. 

Қазақстан    Республикасының  «Тіл туралы» Заңына сəйкес қазақ тілі республикамыздағы  

негізгі тіл – мемлекеттік тіл болуына орай оның қолдан аясы,  бедел-мерейі мемлекет ішінде 

ғана емес, халықаралық қатынастар деңгейіне дейін артып келеді.  Осыған  байланысты  қазақ 

тілін оқу мен оқытуды жан-жақты зерттеп,  дамыту жауапкершілігін алға тартып отыр. 

Мемлекеттік   тілдің   мəдениетін   көтеру, əдебиетті  насихаттау, талантты жастарды  

іздеп  табу  мақсатында  жəне  өз  елін,  жерін,  Отанын,  туған халқының  тілі  мен  салт-

дəстүрін   қастерлейтін  саналы да парасатты азамат етіп тəрбиелеу үшін жыл сайын біздің  

705


мектебімізде  дəстүрлі  тіл  мерекесі  өтеді.  Осы  мерекеге  байланысты    тіл    апталықтары  

жоспарлы түрде жүргізіледі.  Тілдер   апталығының   мақсаты: Қазақстан Республикасында 

тұрып    жатқан    ұлттар    мен    ұлыстардың    бірлігінің    негізгі    ұйтқысы  ретінде  мемлекеттік  

тілдің   мəртебесін  көтеру,басқа  ұлттардың  тілдерінің дамуына жағдай жасау. 

Өзге  ұлт  өкілдеріне  қазақ  тілін  оқытудағы  мақсат – мемлекеттік тілде сөйлей білуге,  

өз ойын  айта  білуге, сауатты  жаза  білуге үйрету.  Оқу  орыс тілде  жүргізілетін  сыныптарда,  

мектеп    ұжымына    қазақ  тілі  пəнінен  үйірмелер    мен  арнайы  курстар  жүргізіледі.  Мектеп  

оқушылары  қалалық, облыстық  сайыстарға, олимпиадаларға,  ғылыми  жобаларға қатысып, 

жүлделі  орындарға  ие болуда.  Сонымен  қатар  мектеп  ұстаздары  өзге ұлт мұғалімдеріне 

арналған қалалық  дəстүрлі «Тіл- достықтың құралы» сайысына қатысып, жыл сайын жүлделі 

орындарға ие болады. Тіл – ұлттың жаны. Ғабит Мүсірепов тіл туралы былай деген: «Тілін 

білмеген түбін білмейді».  Əрине, əр халықтың тілі өзіне ерекше құрметті. Тілдің байлығы, 

сөздік қорының өсуі халықтың өзіне байланысты. 

Елбасымыздың       халыққа    жолдауында  атап  көрсетілген  мемлекеттік тілімізді  

білетіндердің  санын  2020  жылға  95  пайызға  жеткізу    межелі мерзіміне  жетуге  көп  қалған  

жоқ.  Сондықтан  да  мемлекеттік  тілдің мəртебесін   асырып,  мерейін   тасыта  түсуге  бір  

адамдай  жұмылу  – бірдің де,  мыңның    да  қасиетті   борышы! 

Əдебиеттер   тізімі 

1. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан – 2030. –Алматы: Білім, 1997. 256-б.

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы //Егемен Қазақстан, 1999, 11 маусым.

3. Волков Г.Н.  Этнопедагогика: Изд. центр Академия, 1999.

4. Əбілова З.Ə. Этнопедагогика. Қаз. əлем тілдер унив-і,  Алматы,  1997.

5. Егемен  Қазақстан   №828-831(27902) 2014.

6. Сембаева Ғ. Тіл   жəне   біз //Мектептегі   сыныптан   тыс   жұмыстар. 2007. №8. 21- 23-б.

7. Қазақстан  Республикасындағы   тіл   саясаты: Құжаттар   жинағы. Астана: Елорда.  1999.

216-б. 

706


БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ: БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ 

Жукушева К. А. 

Лобанов орта мектебі 

 Айыртау ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Бұл мақалада білім беру жүйесінің бүгінгі жағдайы мен келешегі туралы ой қозғалған. 

Практик маман білім беру саласындағы өзгерістерге өз көзқарасын жəне болашақ туралы 

болжамын білдірген. Сонымен қатар деңгейлік курстар туралы, осы курстардың білім беру 

жүйесін дамытудағы оң  əсері туралы айта кеткен. 

Аннотация 

В  данной статье идет речь о состоянии системы образования на сегодняшний день и 

предположения на будущее. Специалист практик  выразил свою точку зрения на 

происходящие изменения в системе образования. Наряду с этим рассказала о пользе 

уровневых курсов в развитии системы образования. 

Abstract 

System education in it the article about today's the future the state an idea moved. A specialist 

expressed prognosis Практик to the changes to industry education self look and about the future. 

And also a level went away about courses, these the courses speaking about system education the 

impression your of  on to develop. 

       


Білім беру жүйесі  қоғамның əлеуметтік –экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады 

жəне оны айқындай түседі. Ал қазақ мектебінің бүгіні мен ертеңі, оқушылардың білімділік 

жəне тəрбиелік деңгейі шешуші дəрежеде мұғалімге, ата-анаға жəне қоғам қауымдастығына 

жүргізілген жұмыстарға, ізденіске  байланысты. 

       Ал білім беру деңгейі бүгінгі таңда –экономикалық жəне ғылыми-техникалық прогрестің 

бастау  көзі,  мемлекет  пен  қоғамның  табысты  дамуының  кепілі.  Білім  беру  саласында 

кештетіп    кенже  болып  қалу  елдің  бəсекеге  қабілеттілігіне,  ұлт  болашағына  жəне 

мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей əсер етеді. Білім беру сапасы Білім беру стандарттарына 

тікелей тəуелді болады. Себебі, осы стандарттың негізінде оқу бағдарламалары жазылып, сол 

негізде  оқулықтар  мен  оқу  əдістемелік  құралдар  кешені  жасалады,  яғни  білімнің  негізі 

қаланады.  Сонымен  қатар,  баланың  тұлғалық  дамуының  негізгі  параметрлері  оның  жалпы 

адамзаттық  құндылықтарға  бағытталуы,  ізгілік,  зиялылық,  креативтілік,  белсенділік,  жеке 

басының  намыс  сезімі,  ой-пікірдегі  тəуелсіздік  болып  табылады.  Осы  қасиеттердің  даму 

деңгейі тұлғаның  əлеуметтік қалыптасуы мен əлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері болып 

табылады  деп қарастыруға болады. Бүгінгі күнде жүзеге асырылып отырған еліміздегі  білім 

беру деңгейін əлем елдеріндегі білім беру деңгейімен салыстырып байқасақ келесі жағдайды 

байқаймыз.  Білім  беру  сапасын  анықтайтын  дүниежүзілік  PISA, TIMSS жəне    PIRLS 

зерттеулерінің  нəтижелеріне  көз  жүгіртейік.  Тұрақты  түрде    жоғары    нəтижелер  көрсететін 

елдер  қатарына  Сингапур,  Финляндия;  Қытай,  Жапония,  Оңтүстік  Корея,  Канада  елдері 

енеді.  Олардың  негізі  азиялық  елдер.  Бұл  жерде  «осы  елдердің  мектепте  білім  берудегі 

жоғары табыстылығы мен нəтижелілігін қамтамасыз ететін факторлар қандай?» деген сұрақ 

туындайды. Ал жауабы қарапайым, көбіне біз оған мəн де бермеуіміз мүмкін. Бұл елдердің 

707


білім беру саясатының басты мақсаты ұлттық ерекшеліктерді, өздерінің дəстүрлі мəдениетін, 

дəстүрлі құндылықтары мен бағдарын сақтауға бағытталған. 

 Бүгінгі күнгі білім  беру жүйесінің басты міндеті: 

 жеке  тұлғаның  ұлттық  жəне  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  негізінде  қалыптасуы

мен дамуы жəне оның кəсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау;

 баланың тəрбиелену, білім алу жəне жан-жақты дамуына, жетілуіне қажетті жадайлар

жасау;



ана  тілін,  ұлттық  салт  дəстүрлерді  сақтау,  ақпараттану,  денсаулығын  нығайту



сияқты құндылықтарды іске асыру болып табылады.

Осы  сияқты  қасиеттерді  білім  алушылардың  бойында  қалыптастыру  мен  дамыту  бүгінгі 

таңда  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесінің  жəне  осы  жүйеде  қызмет  ететін 

барлық  жаңашыл  мұғалімдердің  маңызды  міндеті  десек  артық  айтпаған  болармыз. 

Оқушыларға  осы  ретте  білім  беру  мен  тəрбиелеу  тұтастығы  Қазақстан  Республикасында 

этномəдени 

білім 

беру 


тұжырымдамасында 

да, 


мемлекеттік 

жастар 


саясаты  

тұжырымдамасында  да,  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  ұйымдарындағы  тəрбиенің 

кешенді бағдарламасында атап көрсетілген. 

       Елімізде 2013/2014 оқу жылынан бастап Білім жəне ғылым министрлігінің шешімімен 1-

ші  сыныпта  аптасына  бір  сағат  үшінші  тіл  ретінде  ағылшын  тілін  оқыту  енгізілген.  Қазіргі 

таңда  үш  тілдің  барлық  мектептерде  қандай  деңгейде  өткізіліп  жатқаны  жəне  оның 

нəтижесінің қандай екені белгісіз. 

12  жылдық  білім  стандартында 1-сыныптан  бастап  бірінші  тілді – 5 сағат,  екінші  тілді – 3 

сағат,  үшінші  тілді – 2 сағат  оқыту  жоспарланған.  Оның  нəтижесі  қандай  болмақ?  Бұл 

белгісіз. 

      Егер 2015/2016 оқу жылында осы стандарт енгізіліп, 1-ші сынып оқушылары жоғарыда 

көрсетілген  ауыр  жүктемемен  үш  тілді  қатар  оқитын  болса  жəне  АКТ  пəні  оқытылса,  онда 

олардың  білім  сапасы  одан  əрі  төмендеп,  мұндай  жүктеме  олардың  денсаулықтарына  кері 

əсер етеді. 

       Мəңгілік Ел идеясының басты мақсаты – жастарға рухани-адамгершілік тəрбие беру. Ал 

ондай  тəрбие  алдымен  тек  ана  тілі  арқылы  ғана  беріледі.  Қазіргі  уақытта  қалалық  жерде 

тұратын  қазақ  балаларының  өз  ана  тілін  нашар  білетіндері  жасырын  емес.  Оларға  оны 

меңгерту үлкен проблемаға айналып отыр. 1-ші сыныптан бастап үш тіл қатар оқытылатын 

болса, онда қазақ тілін меңгеру сапасы күрт төмендейтін болады деген пікірдеміз. 

      Елбасының  Қазақстан  халқына  Жолдауында  көрсеткен  «Қазақстан-2050»  Стратегиялық 

бағдарламасында  мектеп  түлектерінің  қазақ,  орыс  жəне  ағылшын  тілдерін  меңгеру 

қажеттілігі  атап  көрсетілген  болатын.  Біз  Елбасының  идеясын  толық  қолдаймыз.  Алайда, 

Елбасы  ағылшын  тілін  бірінші  сыныптан  бастап  оқыту  туралы  тапсырыс  берген  емес. 

Мақсат – мектеп бітірген түлектердің 3 тілде еркін сөйлеуіне қол жеткізу. 

      Кез  келген  білім  беру  реформасын  нəтижелі  жүргізу  үшін  педагогикалық  эксперимент 

жүргізу  керек.  Əлемнің  барлық  жетекші  елдерінде  білім  беру саласындағы  реформалар  тек 

эксперимент  негізінде  ғана  жүзеге  асырылады.  Мысалы,  Германияда  білім  беру  жүйесін 

перспективалық  дамыту  жоспарын  əзірлеген  кезде,  қабылданып  жатқан  шешімдер 

дұрыстығын анықтау үшін 2000-ға жуық эксперимент жүргізіліп, оның нəтижелері қоғамдық 

кеңестерде талқыланып отырған. Ал жапондық үздіксіз білім беру жүйесі жапон қоғамының 

рухани-адамгершілік құндылықтарын көрсететін негізгі 3 өмірлік ұстанымды насихаттайды. 

Олар: 


 ойланып үйрен, өз бетіңмен шешім қабылда, проблемаларды шешудің ең жақсы

жолдарын ізде жəне тап;

708


 

 



  əдемілікті түсін, өзіңде сұлулық сезімін тəрбиеле, жаның сұлу болсын, мейірімді бол, 

аяушылық білдіре біл; 

  Денің сау, төзімді, күшті бол. 



Осы келтірілген дəлелдер негізінде жаңа білім беру стандартын бекітпес бұрын эксперимент  

жүргізу керек деп есептеймін. Себебі менің ширек ғасыр бойы білім беру саласында қызмет 

еткен уақытымда көптеген өзгерістер басымнан өтті.  Мектепте қызмет еткен практик маман 

ретіндегі ойым осындай. Бұл ойымның негізінде  менің еңбек жолымнан өткен бірнеше білім 

беру  стандарттарының  кемшіліктері  мен  жетістіктері  жатыр.  Əрине  көш  жүре  түзеледі 

дегенге  сенгіміз  келеді.  Бұл  жас  мемлекетіміз  үшін  қалыпты  жағдай.  Кім  жұмыс  жасамаса, 

сол  қателеспейді.  Ал  қателік  бар  жерде,  ой  толғау  бар.  Сарапқа  салып,  тікелей  білім  беру 

мекемелерімен байланыста болу жөн.  Себебі  жаңа   Стандарттың білім жəне тəрбие сапасын 

көтеруге  тиімділігі  эксперимент  негізінде  дəлелденген  соң  ғана  бекітілуі  керек  деп 

есептеймін,  əрі  бұл  ойымды  көптеген  мамандар  қолдайды  деп  сенемін.  Бұл  экспериментті  

көпшілікке  арналған  қазақ,  орыс  жəне  шағын  комплектілі  ауыл    мектептерінде  де  жүргізу 

керек  деп  ойлаймын.  Сонымен  қатар  бүгінгі  таңда  Елбасы  қолдауымен  жүзеге  асырылып 

отырған  деңгейлік  курстардың  тиімділігі  өте  жоғары  деп  ойлаймын.  Бұл  курстарда 

білімдерін жетілдіріген мұғалімдер саны артқан сайын мектепте жаңаша сабақ беретін, бала 

жанын  зерттеп  тиімді    оқыту  мен  оқу  жолдарын  анықтай  білетін  мамандар  саны  артуда. 

Себебі,  Қазақстан  Республикасы    педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру 

курстарының  мақсаты  –қарқынды  өзгеріп  жатқан  əлем  жағдайында  қазақстандық 

мұғалімдердің  үздіксіз  кəсіби  дамуына  ықпал  ету,  оқыту  мен  оқудағы  инновациялық 

үдерістердің  енгізілуіне  қолдау  көрсету  жəне  қолданылатын  əдіс-тəсілдердің  тиімділігін 

қамтамасыз  ету.(1,7-  бет)  Біздің  балаларымыз  жаңаша  ойлауға,  ой  ойларын  ашық  жеткізе 

білуге  үйренсе,  сонымен  қатар  өз  бетінше  білім  алу  дағдылары  бойларында  қалыптасса, 

алған білімдері мен машықтарын алдағы өмірлерінде қолдана алар еді деген ойдамын. Себебі 

деңгейлік  курстың  басты  мақсаттарының  бірі  «нені  оқытудан  гөрі» «қалай  оқытуды» 

көздейді.  Сондықтан  деңгейлік  курстардың  білім  беру  саласын  дамытудағы  орыны  ерекше 

деп ойлаймын. 

      Тəуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дəуірдің күн тəртібінде тұрған негізгі жəне 

басты  мəселе – білім  беру,  ғылымды  дамыту.  Өркениет  біткеннің  өзегі,  ғылым,  тəрбие 

екендігіне  ешкімнің  таласы  жоқ.  Осы  орайда  білім  ордасы – мектеп,  ал  мектептің  жаны – 

мұғалімдердің  ең  басты  міндеті - өз  ұлтының  тарихын,  мəдениетін,  тілін  қастерлей  білетін 

жəне  оны  жалпы  азаматтық  деңгейдегі  рухани  құндылықтарға  ұштастыра  білетін  тұлға 

тəрбиелеу болып табылады. 

       Егеменді  еліміздің  ең  басты  мақсаты  өркениетті  елдер  қатарына  көтерілу  болса,  ал 

өркениетке  жетуде  жан-жақты  дамыған,  рухани  бай  тұлғаның  алатын  орны  ерекше  болып 

отыр. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға 

қалыптастыру  болып  табылады.  Міне  сол  үшін    білім  беру  саласының  қызметкерлері  де, 

білім беру саласына өзгерістер мен жаңа бағдарлама енгізуші мамандар да өз  бастамасында 

асығыстық  танытпай,  жан-жақты  сараптау  жүргізуі  керек.   Айтыста  ақиқат  ашылады.  Ал 

бірлесіп атқарған жүк жеңіл болары айдан анық. Əр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу 

үшін – ізденімпаз  ғалым,  нəзік  психолог,  жан-жақты  шебер,  тынымсыз  еңбеқор,  терең 

қазыналы    жəне  білімпаз,  кез-келген  ортаның  ұйытқысы  болу  керек.  Ежелгі  грек 

материалисі,  философ  Демокрит  айтқандай, «Еңбек  үздіксіз  үйренгендіктің  арқасында 

жеңілдей  түседі».  Олай  болса,  жас  ұрпаққа  үйретері  мол  аға  ұрпақтың  ісі  өрге  жүзіп, 

еңбектері үстем болып мерейі арта берсін. 

 

709




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет