24
өз классификациясын аударманы жасау барысындағы аудармашының жеке әрекеттерімен
байланыстырады. Ғалым оны сол секілді аудармашылардың кәсіби даярлығын көтеру үшін
де қолдануға ұсынады. Рецкердің тұжырымына сәйкес, аудармашының санасында әуелі
барабарлықтар, одан соң баламаларды іздеу орындалады. Егер таңдалған нұсқалардың
ешқайсысы сәйкес келмесе, ол сәйкес ауыстырулардың көмегіне жүгінеді[2;204].
Аудармашыларды оқытуда да осы кезекке иек артқан дұрыс: алдымен оларды
барабарлықтарды табуға үйретіп, содан кейін баламаларды тауып, соңғы кезекте сәйкес
ауыстыруларды жүзеге асыруға баулыған дұрыс.
Рецкер теориясында ерекше назар, сәйкестіктерді автоматты түрде таңдап алу әрекетін
тыйып,
аудармашылық
әрекеттің
шығармашылық
мазмұнын
қамтамасыз
ететін,
барабарлықтарды заңсыз тұрғыда табуға аударылады. Рецкер ұсынған заңды сәйкестіктер
классификациясы аударма барысында автордың өзі тарапынан да, аударма ғылымындағы
өзге теоретиктер тарапынан да бірнеше рет нақтылауға ие болған болатын. Мәселен,
барабарлықтарды талқылаған кезде, олардың біржақты және екіжақты болатындығы
айтылды. Жоғарыда келтірілген the United Nations —
Организация Объединенных Наций,
Біріккен Ұлттар Ұйымы тіркесі екіжақты барабарлықтар қатарына жатады, өйткені аталмыш
тіркес қазақ тіліне әрдайым бірдей болып аударылады. Қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару
процесі жүзеге асқанда да, дәл осындай құбылыс байқалады. Бірақ «тілдік бірлікті өзге бір
тілдің терминдеріне қатысты бірмәнді интерпретациялау біржақты бағытта ғана орын алады»
[1;56]. Мәселен, орыс тіліндегі ЭВМ сөзі {электронно-вычислительная машина) ағылшын
тіліне computer болып аударылады, ал ол қайтадан орыс тіліне аударылу кезінде не ЭВМ,
немесе (бұл аударма әсіресе соңғы уақытта ерекше танымал болып барады) компьютер
болып тәржімаланады. Екінші топқа қатысты Швейцер баламалардың бірнеше түрлерін
бөліп атауды ұсынады (нұсқалық сәйкестіктер). Баламалар жоғарыда келтірілген ағылшын
тіліндегі fair сөзі мен оның қазақ тіліндегі екі аудармалық нұсқалары «әділ» және «адал»
сөздері синонимдік қарым-қатынаста болады.
Әйтсе де ТТ аудармашының қоластындағы баламалар синонимиясы қандай да бір
балама не нұсқалық сәйкестіктің таңдалуына контекст әсер ететін идеографиялық (мағына
деңгейінде) немесе стилистикалық {жақсы, керемет, тамаша) түрде ғана болмауы мүмкін. Ол
абсолютті яғни контекстке мүлдем бағынбайтын түрде де кездеседі: мәселен, ағылшын
тіліндегі Grand Jury сөзін бірдей деңгейде Жоғарғы Қазылар алқасы деп те, Жоғарғы Сот
кеңесшілері деп те аударуға болады. Сәйкесінше, контекстегі бірмәнділік / көпмәнділік пен
контекстке тәуелділік / тәуелсіздік, Швейцер атап көрсеткендей, әрдайым сәйкес келе
бермейді. Оның үстіне түпнұсқа тілінде қолданылатын көпмағыналы сөздер аударма тіліне
бір-біріне синоним болып табылмайтын сөздердің көмегімен аударылады. Біздің
талқылағалы отырғанымыз тілдегі омонимдер турасында болмақ. Мәселен, ағылшын
тіліндегі «fair» сөзі қазақ тіліне «адал» деп те, «ақсары» деп те аударылуы мүмкін. Қазақ
тіліндегі сәйкестіктің дұрысын таңдап алу үшін, «fair» сөзінің ағылшын тіліндегі мәтінде
пайдаланылған мағынасына байланысты болады.Айталық. егер біз «by fair means» тіркесін
аударатын болсақ, оның аудармасы қазақ тіліне «адал жолмен/ адал» болып аударылады. Ал
егер, fair сөзі fair hair тіркесінде пайдаланылған болса, оны «ақсары шашты» деп аудару
керек. Рецкер ұсынған аударма тәсілдерін сипаттауда бірқатар кемшіліктер де жіберілгенін
айта кету керек.
Мәселен, антонимдік аудармаға арналған бөлімде антонимдер жоқ бейнелеулер
берілген. Біз талқылап отырған мысалдарда, ТТ сөйленімдер АТ сәйкес тұрақты
тіркестерімен ауыстырылады: Take your time — Не спешите, Асықпаңдар; Mind your own
business — He вмешивайтесь в чужие дела, Өз жұмысыңды біл. Бұл кезде аталмыш сөздер
терминология тарапынан қиындық тудырса да, аудармашының тәржімасында нақты және
дәл аударылған. [3, 174] атап көрсеткендей, « сәйкестіктер классификациясының әдемі
ғимаратында кейбір аяқталмай қалған тұстар бар екендігін»: классификациялардың біртұтас
базасының жоқтығын; бірмәнді барабарлықтар өз құрамына бірден артық лексеманы қамтуы
салдарынан, олардың лексикалық қамту аясының түсініксіз қалыпта қалады (мәселен,