Ә. Талғатқызы, Г.К. Джумажанова
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Қазақстан, Семей қаласы
СТУДЕНТТЕРГЕ БІЛІМ БЕРУДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН
ӨЗДІК ЖҰМЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстандағы жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі
жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім берудің ең озық үлгісімен сәйкестендіруге
негізделеді. Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі
қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да енгізіліп, жетілдіріліп келеді.
Қазақстанның білім беру заңдары мен білім стандарттарында әрбір азаматтың сапалы білім алып,
өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін, өз бетімен жұмыс жасаудың маңызы зор екені атап
көрсетілген. Осыған орай, кредиттік оқыту жүйесінде қолданылатын маңызды оқыту нысандарының
бірі – білімалушылардың яғни студенттердің өздік жұмысы.
Өздік жұмыстың мақсаты – студенттерге аудиториялық сабақтар материалы бойынша СӨЖ
қосымша тақырыптары бойынша жеке кеңес алуға, оған қоса курстық жобаларды, есептеу –
графикалық бақылау жұмыстарын орындауға мүмкіндік туғызу.
Жоғары оқу орындарында СӨЖ ұйымдастыру сыртқы және ішкі мақсаттарға сәйкес қызмет
атқарады және дамытылады. СӨЖ атқарудың сыртқы мақсаты қоғамның мамандарды даярлауға
қоятын талаптарымен анықталады. Мамандарды дайындаудың сапасын арттыру міндетін шешудің
негізі оқыту сапасын күшейту болып отыр. Ол бірнеше факторлармен айшықталады. Ең бастысы,
маманды даярлау деңгейіне нарықтың қояр талабы және оқытудағы экстенсивті және интенсивті
факторлардың арақатынасының өзгеруі болып табылады. Әрине, осы орайда мәселе қарқынды
фактор пайдасына шешілуі керек екендігі түсінікті.
Жұмыста болашақ педагог-психологтардың өзіндік жұмыс істеу технологиясын
педагогикалық негізде жобалаудың жүйесі ұсынылды. Сонымен, студенттердің өзіндік
жұмыстарының тиімділігін арттыру екі бағытта жүргізілді: біріншіден – студенттердің
орындаушылық қызметтерін белсендіру (жандандыру); екіншіден – өзіндік танымдық қызметті
кеңінен ұйымдастыру.
Кредиттік жүйе бойынша оқыту кезінде білімді бақылау ұпайлы-рейтингті жүйе бойынша іске
асырылады. Ал өзіндік жұмыс сапасын бақылауды кафедра жүзеге асырады. Кафедра СОӨЖ есебін
беру формасын, мазмұнын белгілеп, өзіндік жұмыстың орындалу ретін, орындалу уақытын
анықтайды, оқытушылар мен студенттердің өзіндік жұмыс нәтижесі туралы есептерін қарастырады.
Өзіндік жұмысты бақылау ауызша және жазбаша түрде болуы мүмкін.
Жазбаша формада өзіндік жұмыс нәтижесі, тестілеу, конспект, реферат, баяндама,
шығармашылық, бақылау, курстық, диплом жұмыстары, ғылыми мақала, шығарма, аудио, видеоесеп
түрінде болады.
Өзіндік жұмыс нәтижесін ауызша бақылау коллоквиум, конференция, іскер ойын,шығарма,
мәлімдеме, жеке әңгіме және т.б. түрде болады.
Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше
орындауға, танымдық әрекеттерге қызығушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым
саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. Өзіндік жұмыс
студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда олардың барысында тиімді, әрі
өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды.
Өзіндік жұмыс түрлері сан алуан. Оларды топтастыру күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін
бір тобы сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:
а) жаңа білімді меңгеру, материалды жан – жақты талдау.
ә) жаңа білімді бекіту, түрлі жаттығулар, практикалық жұмыс, оқулықпен жұмыс,
шығармашылық жұмыс, реферат пен баяндамалар, тест жұмысын орындау.
Өзіндік жұмыстың тиімділігі:
1.
Зерттелетін тақырыптың, қарастырылатын мәселенің төңірегінде білім алушылардың
білімін тереңдету;
2.
Студенттер өз пікірін айтып, оны дәлелдей алуы;
3.
Студенттердің ізденушілік қабілетінің ұшталуы;
4.
Теория мен практиканы ұштастыра қолдануға мүмкіндіктің жасалануы.
235
Студенттердің қызығушылық танымдық қызметі барысында өзіндік жұмыстар жүргізудің
маңызы зор. Өзіндік жұмыс өз бетінше іс-әрекет арқылы іске асады.
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Пән бойынша
студенттердің өзіндік жұмысын жоспарлау пәннің бекітілген жұмыс жоспары негізінде орындалады.
Пән бойынша СӨЖ-ді жоспарлау нәтижесі белгіленген формадағы нормативті құжат түрінде пәннің
жұмыс бағдарламасының қосымшасы ретінде беріледі.
Студенттер үшін өзіндік жұмыстың маңызы зор. Өз еңбегімен ізденіп қараған болса, ол
студенттің жадында көп уақыт сақталады. Егер әрбір студент дәрісте белсенді ой әрекетіне қосылса,
күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға,
әр түрлі сұрақтарға жауаптарды өздігімен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін қалыптастыру
мүмкін болады.
Студенттердің өзіндік ұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы
студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады. Студенттің өзіндік жұмысы кез-келген пәнді оқуға
өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс - студенттің
ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оптималды шешімдерді
қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған.
Студенттің өзіндік әрекетінің нәтиежесінде оның бойында төмендегідей қасиеттер
қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздылығы.
2. Оқуға деген қабілеттілігінің артуы.
3. Берілген білімді игеру.
4. Жеңілден қиынға қарай қиналмай өтуі.
5. Рухани байлығы молайады.
6. Өз ойының дербестігі байқалады.
Өздік жұмыстың жалпы оқу үрдісіндегі маңыздылығы мынадай ерекшеліктері бойынша
сипатталады:
-
өздік жұмыс студент ойларын жазбаша түрде көрсете білумен қатар шығармашылық
ойлауының және зерттеу жұмыстарының негізін бекітуін қамтамасыз етеді;
-
дәрістен алған білімдерін кеңейтіп, тереңдетумен қатар теориялық, түпнұсқалық
материалдарды талдау дағдысын қалыптастырады;
-
оқу бағдарламасына сәйкес студенттің қаншалықты белсенділік, шығармашылық бағытта
өсуін бақылауға мүмкіндік береді.
Өздік жұмысты орындаудың тәрбиелік мәнінде атап көрсету керек. Студенттердің ынтасын,
маман ретінде алдына қойған мәселесін табандылықпен орындау дағдысын қалыптастырады. Сол
себепті оқытушы дұрыс талап қоя білуі шарт.
Сонымен, мынадай қорытындыға келеміз, өзіндік жұмысқа жұмыс бағдарламасы бойынша
көбірек тақырыптарды қалдырып отыруға болады. Білім алу үрдісінде кредиттік технология бойынша
оқыту кезеңінде студенттердің өздік жұмысының алатын орын маңызды.
Өздік жұмыстың жалпы оқу үрдісіндегі маңыздылығы мынадай ерекшеліктері бойынша
сипатталады:
-
өздік жұмыс студент ойларын жазбаша түрде көрсете білумен қатар шығармашылық
ойлауының және зерттеу жұмыстарының негізін бекітуін қамтамасыз етеді;
-
дәрістен алған білімдерін кеңейтіп, тереңдетумен қатар теориялық, түпнұсқалық
материалдарды талдау дағдысын қалыптастырады;
-
оқу бағдарламасына сәйкес студенттің қаншалықты белсенділік, шығармашылық бағытта
өсуін бақылауға мүмкіндік береді.
Өздік жұмысты орындаудың тәрбиелік мәнінде атап көрсету керек. Студенттердің ынтасын,
маман ретінде алдына қойған мәселесін табандылықпен орындау дағдысын қалыптастырады. Сол
себепті оқытушы дұрыс талап қоя білуі шарт.
Сонымен, мынадай қорытындыға келеміз, өзіндік жұмысқа жұмыс бағдарламасы бойынша
көбірек тақырыптарды қалдырып отыруға болады. Білім алу үрдісінде кредиттік технология бойынша
оқыту кезеңінде студенттердің өздік жұмысының алатын орын маңызды.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы. – Астана, 2005.
2.
Үздіксіз білім жүйесінде жүйесінде жаңа формация мұғалімін даярлау Тұжырымдамасының
жобасы. – Астана, 2005.
236
3.
Асанов Н. Өзіндік жұмыстардың ерекшеліктері. - Алматы, 2004
4.
Абдыгапарова С.Б., Ахметова Г.К., Ибатуллин С.Р., Кусаинов А.А., Мырзалиев Б.А., Омирбаев
С.М. Основы кредитной системы обучения в Казахстане. - Алматы: «Қазақ университеті», 2004.
ӘӨЖ: 372.881.151.212.2
М.Қ. Танашанова
«№4 нашар еститін балаларға арналған мектеп - интернат» КММ
Қазақстан, Семейқ.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
«Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе»
М. Жұмабаев
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны
қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Балалардың
ойлауын, қиялын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен
дидактикалық мәні бар.
Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал екіншісі ойлау қабілетін, үшіншісі есте
сақтау қабілетін жетілдіреді. Сонымен қатар сабақ үстінде ойын түрлерін қолдану нашар еститін
оқушылардың оқып, отырған сабағына қызығушылығын арттырады, түсінуге мүмкіндік туғызады.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің мақсаты – нашар еститін балалардың
қарым-қатынасын қалыптастыру, дамыту, тілдік және танымдық біліктілігін қамтамасыз ету.
Мұғалім үшін басты міндет оқушының қызығушылығын арттыру, әсіресе нашар еститін оқушылар
үшін, сөйлеу қабілетін дамыту маңызы зор. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағында ойын
түрлерін қолдану тиімді. Ойын дегеніміз-баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.
Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар [17].
Тілді үйренудегі ойынның мақсаты:
Ойын арқылы оқушылардың білім-білік дағдылары қалыптасады.
Оқытудағы ойынның міндеті:
Білім деңгейі мен дағдыларын жетілдіре отырып, ойын арқылы оқу мен тәрбие ұштасады.
Мұғалім ойната отырып, жаңа білімді меңгертеді. Оқушының танымдық қызметі мен ой-өрісі
кеңейеді, оқушының өзіне деген сенімі артады,оқуға деген қызығушылығы, белсенділігі дамиды.
Оқушыларды адамгершілікке, бір-бірін сыйлай біліп,қол ұшын беріп, көмектесуге үйретеді.
Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі: сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы
артады, логикалық ойлай білуге итереді, тәртіп сақтау дағдысы қалыптасады, есте сақтау қабілеті
дамиды. Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас
жасауға үйренеді, көңіл-күй көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді.
Әр түрлі ойын түрлерін тиімді қолдану үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын
қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа
қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан нашар еститін оқушылардың
осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының
қызығушылығын тудырады. Тіпті үлгерімі төмен оқушының өзі ойын арқылы берілген
тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды.
Әр түрлі зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып нашар еститін балалардың тілінің
дамуында сөйлеу қабілетін жетілдіріп, дүниетанымын кеңейтуде сөздік ойындардың атқарар рөлі
ерекше екені дәлелденді. Сондықтан барлық сабақтарда сөздік ойындарын қолдануға болады. Сондай
ойынның бірі – «Керекті сөзді тауып айт». Басқарушы көкөніс, жеміс, оқу құралдары, ойыншықтар
т.б. сөздерді атаса, оқушылар сол топқа жататын заттарды атауы керек[3,47].
Тізбек ойыны: берілген сын есімнің соңғы дыбысынан басталатын басқа сын есімді тауып
айту тапсырылады: таза – ақылды - .....
Сабақты «Сөйлеу минуты» ойынымен бастауға болады. Ойын мақсаты – балаларға үйде не
істегенін ауызша диалог түрінде айтқызып, әңгімелеп беруге үйрету. Ойын сұрақ-жауап түрінде
өтеді.
- Кеше қайда болдың?
- Теледидардан қандай кино көрдің?
- Кино не туралы?
237
Қай буынды жоғалттым? Ойынның мақсаты: сөздерді буынға дұрыс бөлуге жаттықтыру.
Сандар әлемі ойынның мақсаты: сөз құрамында сан есімдері бар сөздерді жазу арқылы еске
түсіру қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорларын кеңейту. Қай жұп құрамында сан есімдері бар
сөздерді көп жазса, сол жұп жеңімпаз атанады.
Мысалы:2+бастұз, к+3+ік, т.б.
Бұлқалайөзгерген?Ойынның мақсаты: бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып
кететіндігіне оқушылардың назарын аудару, ойында шағын топ болып жасырын түрінде
өткізугеболады. Екі топқа бір сөз беріледі. Әр топ берілген сөздің бір әрпін өзгерте отырып жаңа
сөздер жазу қажет. Қай топ көп сөз жазса, сол топ жеңімпаз аталады. Мысалы:қала– бала– дала.
Кім? не? Ойынның мақсаты: заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау.
Ойын шарты: бұл ойынды жарыс түрінде немесе топтар бойынша ойнауға болады.
Кім? ..................................
Не? .................................
Сөз тізбектерін жазу, ойынның мақсаты:сөздік қорды молайту. Ойын шарты:бір тақырыпта
сөздерді айту. Мысалы:
1. мектеп… парта, орындық, мұғалім...
2. оқушы… дәптер, мектеп, кітап...
3. Қазақ тілі… жаттығу, сөйлем, тыныс белгісі...
4. Әке… , әже, ана, ата-ана...
Оқушылардың қарапайым түрде орындай алмаған тапсырманы ойын түрінде 50 пайыздан
астамы орындайды.
Қазақ тілінде ойын элементтерін енгізудің маңызы зор. Ол оқушының шығармашылық
қабілетін, сабақта белсенділігін арттырады, қазақ тіліне деген қызығушылығын оятып, білімін
молайта түсуіне әсерін тигізеді [2, 97].
Менің қазақ тілі сабағында алға қойған мақсатым - нашар еститин оқушыларды дидактикалық
ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің
озық үлгілерін, сыннан өткен тәрбие көздерін қазақ тілін оқыту барысында тиімді қолдану қажет.
Қазақ тілі сабақтарында өнегелі өсиеттерді үйрету арқылы оқушыларды адамгершілік
құндылықтарын түсініп, оны келешек өмірінде дұрыс қолдана білуге дағдыландырылады.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Әбішева А. Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері// Бастауыш мектеп. -
№3. 2003. – 17 б.
2.
Оралбаева Н., Жақсылықова Қ. Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар және оларды
ұйымдастыру жолдары // Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. - №3. - 1996. -
186-202 б.
3.
Баялиева С. Сабақта ойын түрлерін қолдану // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. - №3. -
2004. - 97 б.
ӘӨЖ: 373.1
Н.С. Танбаева
Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы білім беру мектебі
Қазақстан, Павлодар қаласы
САНДАРДЫҢ
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ
ҰҒЫМЫ
Әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрі, дүниетанымдық ұстанымдары мен көзқарастары мақал-
мәтелдерде айқын көрініс табады. Мақал-мәтелдерде адам мен табиғат, қоғам мен адам, адам мен
адам арасындағы қатынастарды береді.Қатынастар адамгершілік (гуманизм) пен парасаттың, ақыл
мен ойдың, қайрат пен сезімнің бірлігі, біртұтастығы түрінде сипатталады. Мәселен, «өзін
табиғаттың «бел баласы» санаған қазақтың философиялық толғанысы: Адамгершілікке арналған үш
сауал бар: шөлге құдық қазған бір сауап, өзеңге көпір салған бір сауап, жолға ағаш еккен бір сауап,
Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.
Рухани жағынан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлер жүйе құрайды десек,
оның басты атрибуттарының бірі жеті аталық дәстүр қазақ ұғымында ұлт рухының өміршеңдігін
ұстап тұратын генеалогиялық тілдік тұғыр болып саналады. Жеті атасын білмеген – жетімдіктің
238
белгісі. Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Адамға екі нәрсе тірек-тегі, бірі – тал, бірі –
ділің жүректегі. Жетімнің қарны жетеу т.б. тілдік модельдер арқылы көрініс береді.
Сөз саптаудаадам мен адам арасындағы қарым-қатынастағы рөліне айрықша ден қойған
қазақы діл оның алғышарттары Көп сөздің емі – бір-ақ сөз, құр сөзге дауа жоқ. Мың сөз де бір істің
жарымына татымайды. Мың сөзді бір сөзбен тоқтатар. Мыңға татыр бір сөз бар. Мақтан тілге – мың
бәле. Отыз тістен шыққан сөз, тоғыз рулы елге тарайды. Арлы адамға бір сөзде жетеді, арсыз адамға
мың сөз де жетпейді т.б. деп көрсетеді.
Қазақ этносының дәстүрлі тұрмыстық өмірлік көзқарастарға қатысты сан арқылы кодқа
түсірілген ұғым-түсініктегі тұрақты теңеу, фразеологизм, мақал-мәтел, жұмбақ, нақыл сөз,
поэтикалық сөз-бейнелер т.б. этнолингвистикалық арналардың барлығынан табылады. Сандарға
негізделген мақал-мәтелдерді «киелілік» және «дәстүрлік» сипатына қарай қарастыру шынайы
өмірлік жағдаяттар астарындағы рухани-мәдени және қоғамдық-әлеуметтік факторларды айқындауға
мүмкіншілік береді.
Қазақта 3, 7, 9 және 40 сандары дәстүрлік ұғым тұрғысынан қасиетті, киелі болып есептеледі.
Киелі сандарға қатысты этникалық білім қорындағы бейнелі пайымдар мақал-мәтелдерде былайша
көрініс береді: Үшеудің бірі шарана, төртеудің бірі қаймана, Үш тағанның бірі қисайса, қалғандары
құлайды, Үш нәрсе тұрақтамайды: Бірі – саудаға түспеген мал (дүние), екіншісі – таласқа түспеген
ғалым, үшіншісі – саясаты жоқ патша, Үш болмайтын екілік жоқ, Түйе мінген адам үш бүктетіле
алмайды, Жаман мерген теке атқан жеріне үш барады, Жыланды үш кессе де кесірткелік әлі бар т.б .
үш санына қатысты мақал-мәтелдер арқауына басы бір нүктеде тоғысатын үш тірек бағандық және
үш қаттық дүние моделі алынып, үш саны кез келген құбылыстың тұрақтылығы мен орнықтылығын
бейнелейтін сан қилы үштік одақтар мен өзара тығыз байланыстағы үштік құрылымдардың (триада)
символикасы ретінде жұмсалатыны байқалады.
«Жеті» санының киелі сипат алуы ертеде «Жеті қарақшы» жұлдызына оны киелі санауына
тікелей қатысты деуге болады. Адам болмысының тігімен үш қат, көлденеңнен төрт құбыла, ал
екеуінің қосындысы жеті, сондықтан жеті бүкіл әлемнің символы. Бүкіл дін саласында «жеті» ерекше
рөл атқарады, христианның дініндегі крес те осыған байланысты.
Сандарға негізделген мақал-мәтелдердің ең жиі кездесетіндері де жеті санына негізделген.
Қарғыс жеті атаға жетеді, Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас, Кедейдің жеті
қаңтары бар, Жетім бала жеті күлшеге тоймас, Жетімге жеті бидай да тамақ, деген мақал-
мәтелдер пәле, дау, жетімдік, жоқшылыққа байланысты болса, Айла алтау, ақыл жетеу, Жеті атасы
би болған, жеті жұрттың қамын жер. Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс,
қырағылық, жолсапар, тектілік, заман уақыт мағынасын береді, Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын,
Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас, Алты жастан жинасам асырам, жеті
жастан жинасам жеткізем, Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.
Тоғыз санының қатысуымен жасалған Тойған үйге тоғыз бар, Егістікті бір рет сыйламасаң,
ол сені тоғыз рет қинайды, Отыз тістен шыққан сөз, тоғыз рулы елге тарайды. Тоғыз am бір
қазыққа байланбас т.б. мақал-мәтелдердің негізіне әлем тоғыз бөлектен құралады деп таныған
жалпыалтайлық дүние моделімен сабақтасатын көне әдет-ғұрыптар, ескі наным-сенімдер, дәстүрлі
тұрмыстық мәдениеттің элементтері алынады. Жақсы атаның аруағы қырық жыл сүйрейді, Қырық
жыл қырғын болса да, ажалы жоқ өлмейді, Қызға қырық жігіт сөйлеседі, бірі алады, Қыз қырық
жанды келеді, Бір қыз күйеуге шықса, қырық қыз түс көреді, Қыз алмаған жігіттің қырық қызда
дәмесі, Қырыққа келсе де, ырыққа келмеген, Құлықсыздың қырық желеуі бар, Қырсық қырық
ағайынды, Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ, сияқты тілімізде «қырық» саны ұйытқы болып
келетін көптеген мақал-мәтелдер молынан кездеседі. Қырық санымен кодқа түсірілген мифтік-
танымдық және діни сипаттағы сан алуан ақпараттар орын алады.
Қазақ этносының тым көнеден жалғасым тауып келе жатқан санау жүйесінде айрықша
«киелілік» сипатымен ерекшеленетін сандардан басқа да, мағыналық-мәндік өрісі этностың дәстүрлі
ұғым-түсініктеріне қарай жетелейтін сандар орын алады. Дәстүрлі сан есімдер қатарына бір, екі, төрт,
бес, алты, он екі, жүз, мың сандары жатады.
Мақал-мәтелдер құрамында екі саны тақ пен жұп, аздық пен көптік, жақсы мен жаман аралық
қарама-қайшылықты бейнелейді. Екі кошқардың басы бір қазанға сыймас, Екі қылыш бір қынапқа
сыймайды, Күн екіге бөлінбес, ай екіге жарымас, Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, Екеуге иық
көрсеткен біреу – өзінің соры, біреуге иық көрсеткен – елінің соры.
Төрт санының қатысуымен жасалған Төрт аяғы тең жорға, сүдігерге сүрінеді, Төрт
түліктің төресі түйе сияқты мақал-мәтелдер мал шаруашылығына байланысты болса, Дұшпан көзі
төртеу, Екі аяқтыда құрдас тату, төрт аяқтыда бота тату деген мақал-мәтелдер достық пен
239
дұшпандыққа байланысты, Өтірік екеу, шын төртеу, Өтірік пен шынның арасы төрт елі, көзбен
көрсең шын, құлақпен естісең өтірік деп шындық пен өтірік байланысты айтылса, Төрт тұрманы
түгел бай, тырнақтай тарту алады, Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар деп
ынтымақ-бірліккебайланысты айтылады. Сонымен, төрт саны дүние моделіне енетін белгілі бір
құрылымның бүтіндігін сипаттап, оны құрайтын барлық элементтердің түгел екенін білдіреді. «Төрт»
сан атауының «тұтастықты», «бүтіндікті» бейнелейтін символдық мағынасы жалпы адамзаттық
дүниетанымдық құндылықтардың тұғырына алынатын дүние жаратылысының төрттік элементі от,
су, топырақ, жел және оның түс-түрлік (ақ – су, қызыл – от, қара – жер, сары – жел), бағыттық
(1.Шығыс, 2.0ңтүстік, 3.Батыс, 4. Солтүстік), діни (төрт халифа, төрт қасиетті кітап, төрт періште
т.б.) т.б. семантикалық түрленімдерінен бастау алады.
Мифтік-танымдық, тұрмыстық, шаруашылықтық, мәдени, діни, жаугершілік сияқты өмір
тынысының көптеген қырына байланысты ұғым-түсініктердің (бес аспап, бес анық, бес парыз, бес
жақсы, бес қару т.б.) негізін құрайтын бес саны даналық қазынасында Аласыға алтау аз, бересіге
бесеу көп, Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады, Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара, Алпыс
батпан көтерген кісі бес батпан қосқаннан қорықпайды, Бес саусақ бірдей емес, Бестің басы
болғанша, алтының аяғы бол, Білмесіңді бес жасар баладан сұра, Бесіктегі бала бес түлейді, Күніне
бес рет балық асса да балықшы болдым демейді т.б. мақал-мәтелдердің жасалуына ұйытқы болады.
Олардың компоненттік құрамдық және жалпы мағынасы бес санының аздық пен көптік ұғымды өз
бойына қатар жинақтайтынын көрсететеді. Демек, бес саны көнеден келе жатқан сандық жүйеде
аздықтың шегі, көптіктің басталар тұсының белгісіне алынатыны байқалады.
Дәстүрлі сандардың бес санынан кейінгі атауыштық мағынасына мақал-мәтелдер құрамында
көптік реңкі үстемелене бастайды. Мысалы: Алпыс күн тасыған су алты күнде қайтар, Алты күн
атан болғанша, алты күн бура бол, Туғанда алтау едік, өле-өле жетеуміз, Алпысқа келгенде, алты
ағаң болсын, жетпіске келгенде, жеті жеңгең болсын, Сегіз кессе сіркедей қан шықпас, Жаманның
аяғы сегіз, бірі шалмаса, бірі шалады, Сексен де сегіз байлық, сегіз жарлық, Мың қосшыға бір басшы,
Батыр мың қолды бастайды, шешен тар сөз бастайды, Жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем,
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар, т.б. Жалқауға мың сылтау, Жын соққаннан, мың соққан жаман,
Жақсының бір-ақ сөзі – мың алтын, Жүз жылдығын ойлаған жығылмайды, т.б.
Қорыта айтқанда, қазақ этникалық салт-дәстүрлерінің, қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынас
жүйесінде жинақталған тәжірибенің пайымдық санау жүйесіне қандай да бір қатысы барларының
«киелі» және «дәстүрлі» сандар арқылы кодталуы тілдің куммулятивтік қызметімен астасып жатады.
Әдебиеттер тізімі:
1
Қайдар Ә. Қазақ этнолингвистикасы // Қазақ тілінің өзекті мәселелері: Актуальные вопросы
казахского языка. - Алматы: Ана тілі, 1998. - 356 б.
2
Қайдар Ә. Қазақ этнолингвистикасы // Қазақ тілінің өзекті мәселелері: Актуальные вопросы
казахского языка. – Алматы: Ана тілі, 1998. - 8-29 бб.
3
Жәрдем Кейкін. Қазақы атаулар мен байламдар. - Алматы: «Өлке» баспасы, 2000. - 256 б.
4
Дүсіпбаева Қ.С., Ахмеджанова Ф.Р. Қасиетті сандар қатысқан қазақ ескіліктері. - Өскемен, 2001.
5
Құралұлы А., Оспанова Г.Б., Әбдірахманова З.Б. Сандардың құпиялары мен мағыналары. -
Шымкент, 2003. - 80 б.
ӘӨЖ: 355.232
Достарыңызбен бөлісу: |