Қазақстанның «АҚ жол» демократиялық партиясы xxi-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы Астана – 2014 ж



Pdf көрінісі
бет19/28
Дата12.03.2017
өлшемі5,45 Mb.
#9204
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28

Халел:

«Азамат! Ақсақал, қарасақалдар! ( көзімен көпті шолып өтті) 

Менің айтпағым... (сұқ саусағымен көрсетіп) мына жауыздар ту-


287

ралы, Тасболатов, Кедейшин, Қарманов тағы-тағылар, бұлар кім-

дер?  Елін  сатып,  ерін  жаншып,  ел  намысынан  безгендер.  Бұлар, 

қайғыменен  шерленген,  қара  күнде  селденген  Алаш  баласын 

аздырмаққа  ойланғандар.  Бұлар,  қара  басының  қамы  үшін,  рулы 

елін сатып, ұрпағын құртамын деушілер. Олай болғанда, бұларды 

аяу жөн бе? Жоқ, орындарына жіберу, дұрыс па? Осы отырған аза-

мат! Бұл сұрақтарға тезінен жауап табуға міндетті. Менімше, сөз 

қысқа, жауыздардың қылмысы айқын. Олар қылмыстарына қарай, 

жазасын  тартуға  тиісті.  Сондықтан,  (дауысын  көтеріп)  ұсыныс 

біреу-ақ, тұтқындағы алтау атылуға тиіс. Олармен, қазақ елі жа-

сай  алмайды.  Олар,  мыңды  айдаған  байыңды,  ақсүйек  төреңді, 

көмейсіз шешен биіңді құртамын деушілер. Олармен кемтігің тол-

майды. Олар атылатын болса, алты Алашта алты қатын буаз болар. 

Алты Алаштың жолында, тұтқындағы алты адам əлпештеген......... 

байдың  садағасы  деп  атамыз!  Тұтқындағы  алты  адам  туралы 

шығатын үкімнің тез орындалуын қуаттаймын» деп, сөзін бітірді.

Міржақып:(ортаға шығып)

«Азамат! Қазірде тұрмыстың толқыған кезі, дүниенің теңселген 

шағы,  ат  басына  күн  туып,  ауыздықпен  су  ішер,  ер  басына  күн 

туып, етігімен су кешер шақ. Қазірде, ел күңіреніп, ер қажып, жау 

жетті дейтін шақ. Қазірде, ел еркіндігі үшін, батыр батылдығына, 

данышпан  ақылдылығына  (дауысын  көтеріп)  елім  деген  азамат, 

ерік-қайратына сүйенетін шақ. Ел қорғау, отан қорғау ісі-оңай іс 

емес, жұмылған көптің, қажусыз білектің қайратында болатын іс. 

Бұл  жолда,  қан  төгіліп,  ер  кетпекші,  ел  күңіреніп,  не  жетпекші. 

Азамат! Біз, тағдыр шешейік деп отырмыз. Алты адамның орнын 

жоғалтуды  қарап  отырмыз.  Бұл  жұмыс  оңай  іс  емес,  тағдырын 

шешу қиын. Алты бірдей адамды, алты минутта жоғалту тарихта 

бір із қалдыратын іс. Сондықтан, алты бірдей адам жоқ болғанда, 

не үшін жоқ болады. Оларды жоқ қылғанда, не үшін жоқ қыламыз. 

Кеп  осында.  (дауысын  көтеріп)  Атылатын  алты  адам,  қара 

бастарының қамы үшін, қаны бірге елін қансыратуға қам еткендер. 

Алты минутта жоқ болатын алты жан, алты Алаштың баласын алты 

рулы  елге  сатушылар.  (дауысты  көтеріп)  Азамат!  Сондықтан, 

алты  миллион  елі  бар,  Сары  Арқа  сары  белі  бар  алты  Алаштың 

атынан аластатылған алтауға айтылатын үкім, мынау болу керек. 



288

Қаны бірге қазағын қаралы күнге сатушы, ел бостандығына қарсы 

тұрып,  рулы  елін  жоғалтамын  деуші  алтаудың  өлімі,  еркіндігін 

көздеп,  бостандығын  іздеген,  Отанын  қорғап,  іргелі  жұрттығын 

көксеген қазақ елінің қамы үшін деп атамыз. Азамат, ұсынысым 

біреу- ақ» деп, сөзін бітіреді. (оның соңынан іле-шала)



Полковник Тоқтамысов:

«Азамат,  біз  əскерміз,  біздер  соғыс  адамымыз!  Біздердің 

тəрбиеміз- жауды жеңсек, жеңісіміз. Өлсек, өлу біздің жолымыз-

қанды жол. Қазір, тұрмыс бұзылды, дүние теңселді. Біздің жалпы 

тілектес-серіктер  Колчак,  Дутов  дейтіндер  қойдай  тозып,  быты-

рай бастады. Үміт күткеніміз тек Жетісу фронты, атаман Аннен-

ков. Ол əзір беріле қойған жоқ. Бізбен, көппен бірге қан майдан 

топырағында ойнақ салып жатқан Алаштың он полкі бар. (дауысын 



көтеріп) Ертеңгі күні ақырғы полкіммен Жетісу фронтына қосылу 

үшін аттанамын. Алдымдағы жау беттегі кезеңде, кезектесіп жау 

большевиктер  жүр.  Олай  болса,  қолдағы  отырған  алты  больше-

викті артыма тастап кете алмаймын. Олар алтау емес, он, он емес 

жүз,  қармағыма  іліккенін  қанды  қылмай  кетпеймін.  Тұтқындағы 

большевиктер туралы алдағы сөйлеп өткендер үкім шығару тура-

лы пікірлерін айтып еді, мен де сол пікірге қосылып, бүгін түннен 

қалмай үкімнің орындалуын қуаттаймын» деп, сөзін бітіреді. 



Əлихан:

«Тағы  сөйлейтіндерің  бар  ма,  жоқ  болса,  дауысқа  қоямын». 



(жан-  жағына  қарайды)  Сөйлеуші  жоқ. (cахна  жайлап  жабыла 

бастайды)

3- ші сурет

 (көрініс)

1918 жылғы Семейдегі аласапыран. Ақтардың əлсіреп, оларды 

қызылдардың жан-жақтан қыспаққа алып, жеңе бастаған кезі.Қыс 

уақыты, шамамен қараша айы. Жетісу фронтына «Алаш полкін» 

аттандырып салуға арналған, Алаш Ордалықтар мен орыс офицер-

лері ұйымдастырған салтанатты митинг. 

Сахнаның ашылар сəті таянғанда, оркестр ақгвардияшылардың 

маршын ойнайды, офицерлердің дауыстары естіле бастайды: бір, 

екі, бір, екі аяқ дүбірі. Барлығы тоқтатылады да, сахна ашылады. 


289

Сахна - қаланың ортасындағы үлкен алаң. Жағалай тізіліп тұрған 

қазақ жəне ақгвардияшыл орыс офицерлері мен олардың ханымда-

ры,  бай  көпестер,  Алаш  Орданың  жас  интеллигенттері,  арала-

рында татар көпестерінің гимназист қыздары да көрінеді. Алаңға 

қойылған трибунада Алаш Ордалықтар - Əлихан, Міржақып, Ха-

лел, Əлімхан, Жақып, Тынышбаев жəне жастардан Сұлтанмахмұт 

тұр. Қатарларында орыс полковниктері де бар.Трибунаны «Алаш 

полкінің» қарулы сарбаздары айнала қоршаған. 

Əлихан:(жан-жағына маңғаздана қарап)

«Құрметті ағызалар, бауырлар! Февраль төңкерісі болды, пат-

ша  тағынан  түсті,  бүкіл  Ресейдің  қол  астындағы  халықтарға  ер-

кіндік  тиді.  Бостандық  болды.  Теңдік  алды.  Бүгінде,  Патшаның 

отаршылдық саясатында езілген елдер теңдікті алуға шабысты. Өз 

тізгініне өзі ие болып, бөлек Автономия, жұрт болуға қамданып, 

Құрылтай съезінің даярлық ісіне кірісті. Сол езілген елдің бірі-біздің 

қазақ елі де, өз алдына «Алаш» атты партия құрып, «Абылайдың ақ 

туын» қолына алып, Отан болуға қалып еді. Қазіргі уақытта, жал-

пы Ресейді бүліншілік басты, астан-кестен дүние болды. Қызыл-

қырман  соғыстан  ер  күңіреніп,  ел  күйзелуге  айналды.  Қазірде, 

арқа тірерлік дүние қалған жоқ. Керенский шапанын арқалап, гра-

ница өтіп, ол кетті. Бүкіл Сібір өлкесіне «Əзіреті Ғалидей үкімін 

жүргіземін»  деген  Колчактан  да  мəн  шықпады.  Атағы  шыққан, 

үміт күткен генерал Дутов болса, бордай тозып, əскеріне ие бола 

алмай, ол барады. Жалғыз үміттенетініміз-Жетісу фронты, Атаман 

Анненков.  Бұрын, «Сары  Арқа  жеріміз  бар,  Сары  Арқада  қалың 

Қазақ Еліміз бар» деп, теңдікті құрғақ сөзден күтсек, қазірде қару- 

жарақты, қылышты, мылтықты халқыңмен қаны бір, жан-тəніңнен 

жаралған Алаштың ардагерлері - Əлібек, Рүстем Əлилер Жетісу-

да, Атаман Анненковпен тізе қосып, жауына қаҺарын төгіп жүр. 

Олар соғыстағы жалғыз емес, Алашыңның атында «Абылайдың ақ 

туын» желбіреткен он полкің бар. Ертеңгі күні қосымша қылып, 

төрт полкіңді жіберткелі отырсың. Бұлар кімдер? Еліңнің Ерлері, 

Ел намысын қолына алған, ар- намысын сақтау үшін қан майданда 

қарсы тұрып, бостандықты күшпен алып, іргелі жұртшылықтың ір-

гесін қалаушылар! (ерекше екпінмен) Жасайды жұртың, көркейеді 

елің, өркендейді Алашың. Жасасын, Алашың, жасасын.(шартта- 



шұрт шапалақ ұрылады.)

290

Трибунаның  жанындағы  Тоқтамысовтың  артында 4-5 қазақ 

жəне орыс офицерлері сап түзеп тұр. Штаб бастығы командирлер-

мен  ақырын  сөйлеседі  де,  дереу  бұйрық  береді: «Полк,  тік  тұр» 

деп,  полковник  Тоқтамысовқа  тағзым  етіп,  мəлімдеме  жасайды. 

Тоқтамысов мəлімдемені қабылдап алады. 



Штаб бастығы:

«Полковник  мырза,  полк  толық  жиналды  жəне  майданға 

аттануға  əзір!»  (полковник  Тоқтамысов  көтеріңкі  дауыспен) 

«Полк,  тік  тұр»  деп,  трибунаға  көтеріледі  де,  Алаш  Орданың 

төрағасы Əлихан Бөкейханұлымен сыпайы түрде сыбырлап қана 

сөйлеседі. (жан-жағына қарап, тамағын кенеп, сөзге кіріседі).



Полковник Тоқтамысов:

«Бауырларым,  қаны  бірге  Алашым,  халқым  менің,  ары-

стандарым  менің,  өскелең  ұрпағым  менің!  Бүгін,  міне  өз  елім-

мен,  өз  жеріммен  жəне  сендердің  мейірімді  ата-аналарыңмен 

қоштасып  тұрмын.  Үлкен-кіші  бауырларым,  сендер  бостандық 

алу  үшін  қан  майданға  аттанып  бара  жатырсыңдар.  (тамағын 



кенеп,  жан  жағына  ойқастай  қарайды)  Сендер,  Алаштың 

сенімді  ұландарысыңдар,  менің  арыстандарым.  Сендердің  күш-

қайраттарың тасып , ерік-жігерлерің жанып тұр. (көтеріңкі дауы-

спен) Сендердің міндеттерің айқын, Сары Арқаның даласы үшін, 

Сары Арқаның халқы үшін, теңдік үшін күреске шықтыңдар, ба-

тырларым.  Біз,  ұлы  қазақ  халқы  үшін,  Алаш  үшін,  қанішер  бал-

шабайлармен (большевиктер) соңғы деміміз қалғанша соғысамыз. 

Егер,  осы  жолда  қаза  болсақ,  шейітпіз.  Егер,  жеңсек  жасасын 

халқымыз,  жасасын  Алаш!  Сендердің  ата-аналарың  мен  сүйікті 

жарларыңды  біз  сендердің  ағаларың  өз  қамқорлығымызға  ала-

мыз! Сөзімнің соңында айтарым, күрессіз жеңіс жоқ, қан төгіссіз 

бостандық жоқ. Сендер, бабаларымыз -Абылай мен Кенесарыны 

естеріңе түсіріңдер. Олар-өз халқы үшін, айқасқа шыққан батыр-

лар.  Сендерге,  нағыз  ер  жүрек  батырларымызға,  Алаш  жолында 

аталарың «Абылайдың ақ туын» көтеруді сеніп тапсырамыз. Егер 

жауды  жеңсеңдер,  халқымыздың  гүлденген  өмірін  көресіңдер, 

егер  жеңілсеңдер,  сендердің  жандарың  құдай  алдында  таза.  Біз 

сендерге ақ жол тілейміз, жасасын біздің батырларымыз, жасасын 

туған халқымыз, жасасын туған жеріміз, жасасын Алаш, жасасын! 



(Сөз аяқталады да, əуен ойналып, Алаштың əнұраны айтылады).

291

(Жалғасы бар)

Пьеса  туралы  ақпарат  берген  жəне  оны  тауып,  алып 

шығуыма  бағыт-бағдар  сілтеген, 2012 жылғы  Семей  қалалық 

мəдениет  жəне  тілдерді  дамыту  бөлімінің  бастығы  Құсмілия 

Нұрқасымға  жəне  республикалық  «Абай»  журналының  бөлім 

меңгерушісі Мұрат Кенемолдинге үлкен рахмет айтамын!!

Ырысбекұлы Айдын

«Ақ жол» ҚДП Орталық

аппаратының идеология бөлімінің директоры,

Алаштанушы



292

«МЕН ДЕ АМАН КЕЛЕРМІН.....»

«Егемен Қазақстан» газеті, 29.10.2013 жыл.

Алаштың тағы да бір ардақты азаматы – Перуаш Кəрімұлы 

туралы  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қауіпсіздік 

комитетінің  арнайы  мұрағатынан  НКВД  кезіндегі  құжаттар 

табылды.

Перуаш  Кəрімовке  қатысты 

қылмыс тық іс - Ұлттық қауіпсіздік 

комитетінің  арнайы  мұрағатында 

сақтаулы.  Бұл  туралы  Перу-

аш  немересі,  Мəжіліс  депута-

ты  Азат  Перуашевтың  атына 

келген  мұрағат  басшылығының 

хатында  айтылған.  Перуаштың 

немерелері  жаппай  саяси  қуғын-

сүргін  құрбандарын  ақтау  туралы 

заңға  сəйкес,  Ұлттық  қауіпсіздік 

комитетінің 

шақыруымен 

қылмыстық  іс  материалдарымен 

танысып  шықты. «Перуаш  атамыз 

туралы  оның  көзін  көрген  туған-

туыстарының, 

жақындарының, 

ел  ішіндегі  əңгімелердің  шындық 

екеніне көзіміз жетті», – дейді олар.

Табылған  деректер  бойынша,  Кəрімов  Перуаш,  ұлты 

қазақ,  КСРО  азаматы, 1914 жылы  туған,  партияда  жоқ,  ком-

сомол  қатарынан  шығарылған, 7 кластық  білімі  бар,  бұрын 

сотталмаған, тұтқынға алынғанша Ақмола облысы, Еркіншілік ау-

данында мектеп инспекторы болып жұмыс істеген. Əкесі – Кəрім 

Əмрин бол  са, əйелі –  Ерке, ұлы – бір жастағы Тұрлыбек.

– Аталып отырған Тұрлыбек біздің əкеміз, – деген Азекеңнің 

сөзінен тебіреніс сезімі байқалып тұрды.

Перуаш  Кəрімов 1937 жылдың 14 наурызында  НКВД-ның  Ер-

кіншілік  аудандық  бөлімімен  «колхоздарда  революцияға  қарсы 


293

əдебиеттерді  тарату  жəне  іріткі  туғызу  жұмысын  жүргізді»  деген 

айыппен  тұтқынға  алынған.  Жарты  жыл  түрмеде  ұсталғаннан  кей-

ін, 8-9 қыркүйекте Қарағанды облыстық сотының үкімімен ақталып, 

босатылған.  Бірақ,  тура  бір  айдан  кейін,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  сот 

төрағасының  жеке  өзінің  талабы  бойынша,  оны  қайтадан  тұтқынға 

алып, түрмеге жапқан. Перуаштың қарындасы Күлшат апайдың ай-

туынша,  түн  жамылып  келіп,  баса-көктеп  үйге  кірген  «қызылдар» 

ағасын  есінен  танғанша  соққыға  жығып,  денесін  арбаға  лақтырып 

тастап, алып кеткен. Мұны Перуаштың жан жары Еркеге түрмеден 

жазған  хатындағы  «тамақсыз  өлмеймін,  уайымнан  өлемін.  Бойым 

ауырлап, денем дірілдеп, аяғымды басайын десем – мүмкіндік жоқ 

тəрізді» деген сөздер де растайды. Бұл жазбаларға əлі қайта ораламыз.

Сөйтіп, ол 1938 жылдың 15 қаңта рындағы Қарағанды облыстық 

сотының  үкімімен  РСФСР  ҚК 58-10-бабы  бойынша  (Кеңес 

өкіметіне  қарсы  насихат  жүргізу) 5 жылға  бас  бостандығынан 

айырылған,  жазасын  қатаң  режімдегі  мекемеде  өтейтін  болған. 

Оның  үстіне  босағаннан  кейін,  тағы 3 жыл  сыртқы  дүниемен 

байланысуға  тыйым  салынады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  барлық 

құқықтарынан  айырылады.  Ресей  тарихшыларының  айтуынша, 

«бұл ешкім сұрау салып, əуреге түсірмесін, ізсіз-түзсіз кетсін» деп 

қасақана жасалған. Шын мəнінде, мұндай үкім - өлім жазасымен 

пара-пар еді. Оған кесілгендер тірі қалмайды деп есептелген.

Қылмыстық  істе  сақталған  құжаттарға  қарағанда, «Байшыл 

элементтермен,  революцияға  қарсы  ұлтшылдық  көңіл  күйдегі 

тұлғалармен  байланысып,  Алаш-Орданың  əдебиетін  жинағаны 

жəне ұлтшылдық насихат жүргізгені» үшін айыпты деп танылған 

Перуаш сол кезде бірталай жерді, оның ішінде Сталин, Алғабас, 1 

май, Соцпуть, Жолбасшы, Мирзоян, Петровск, Коминтерн, Соцма-

як, Фрунзе, Ленин, Исай, Красный пахарь, Бірлік, т.б. ауыл-колхо-

здарды аралап шығып, жергілікті тұрғындармен кездесу-əңгімелер 

ұйымдастырып,  Алаш  идея ларын  таратқан.  Осы  жұмыстарды 23 

жастағы Перуаш Кəрімов жолдастары – 33 жастағы Шайшық Ол-

жабаевпен, 35 жастағы  Ескендір  Жиенбаевпен  жəне 37 жастағы 

Мұсабек Құрмановтармен бірге жүргізген.

Перуаш Кəрімұлы жəне жолдастары тек 23 жылдан кейін ғана, 

1961 жылы Қазақ КСР Жоғарғы соты Президиумының қаулысымен 


294

ақталды.  Сол  кезде,  əділдік  іздеген  Перуаш  баласы  Тұрлыбекке 

əке сінің түрмеде құрбан болғаны хабар ланған еді. Енді міне, ара-

да 50 жылдан астам уақыт өткеннен кейін, атасының қылмыстық 

іс құжаттары Перуаш Кəрімұлы немерелерінің қолына тиіп отыр. 

Алайда, оның өмірінің соңғы сəттері қалай өтті, жас ғұмыры неден 

үзілді: қызылдардың оғынан ба, қарақшының пышағынан ба, əлде 

үмітсіздіктен  өмірден  күдер  үзді  ме,  ауырып  жан  тапсырды  ма, 

сүйегі қайда қалды, барлығы да ұрпақтарына беймəлім болып кел-

ді. Енді осы жұмбақтың түйінін шешіп, атасының сүйегі жатқан 

жерді  табуды  ұрпақтары  өздеріне  жүктелген  перзенттік  аманат 

деп санап отыр.

 Хаттамалар бойынша, 23 жастағы Перуаш өзінен əжептəуір 

жасы  үлкен  жолдастарынан  қалмай,  жауапкершіліктен  бас  тар-

тпай, ұлттық ұстанымдарына берік болып, алған бетінен қайтпай 

ақырына дейін барады. Сол себептен шығар, балаларының айтуын-



295

ша, 80 жасқа жеткен, Шайшық Олжабаевтың інісі Тобай Барлыба-

ев атамыз көзі жұмылып бара жатқанда «Перуаш, Перуаш!» деп 

40 жыл бұрын өмірден озған айнымас досын шақырып жатыпты.

 Бір адамның, бір отбасының басындағы қасіретті тілге тиек 

еткенде  ХХ  ғасырдағы  қазақ  елі  тарихындағы  жеке  адамдардың 

тағдырларын  тəлкек  еткен,  таптап  жаншыған  қаралы  кезең  көз 

алдыңа келеді. Осының өзінен-ақ, Перуаш Кəрімұлы Қазақстанда 

1937-1938 жылдары «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірде-

гілер», «əлеуметтік қауіпті элементтер» деген жалалар жабылып, са-

яси айып тағылған, 105 мыңға жуық елім деп еңіреген боздақтардың 

бірі  екендігі  анық  көрінеді.  Яғни,  ол – кеңестік  билік  жергілікті 



296

тұрғындардың  ұлттық  ерекшеліктері  мен  мүдделерін  қорғау-

шыларды аяусыз жазалап жатқан ауыр кезеңнің құрбаны. Дəл осы 

жылдары  қазақ  халқы  Алаштың  аяулы  ұлдарынан – ұлт  зиялы-

ларынан айырылды. Солардың бірі – Перуаш Кəрімұлы 16 жаста 

мұғалім болып, ауылда тұңғыш мектеп салып, сол мектепті 1936 

жылға дейін басқарды. Сонымен бірге, 1930 жылы Қазақстандағы 

егіншілік техникумында, 1931 жылы Ақмола педагогикалық тех-

никумында  сырттай  оқып,  сол  жылы  қазақ  мұғалімдерінің  кур-

сын үздік бітірді. 1934 жылы Алматыда «аудандық ағарту коми-

теттері  төрағаларының  біліктілігін  арттыру  өлкелік  курстарын» 

тəмамдады, ал 1936 жылдан бастап аудандық білім беру бөлімінің 

мектептер  бойынша  инс пекторы  болды.  Мұның  бəрін  ҰҚК-тің 

П.Кəрімұлының  немерелеріне  жолдаған  анықтамалар,  куəліктер, 

т.б. құжаттар растап отыр.

 Оның 1930 жылы КСРО Егіншілік халық комиссариатының 

«Зернотрест»  кеңестік  астық  шаруашылықтары  мем лекеттік  бір-

лестігі жанындағы Тоғұзақ стансасындағы    (қазіргі Қостанай об-

лысында) Қазақстанның социалистік егіншілік техникумына оқуға 

түсуіне келсек, тек осының өзі 16 жастағы Перуаштың мінезі мен 

мақсаткерлігін айқындап тұр. Оны түсіну, сезіну үшін сол кезеңде 

Қазақстанда қандай оқиғалар орын алғанын еске салу қажет. Тура 

соның  қарсаңында, 1927-1929 жылдары  голощекиндік  «үлкен 

секіріс»  деп  аталған  солақай  саясат  көшпелі  шаруашылыққа 

тыйым  салуға  жəне  шаруашылықтарды,  əсіресе,  үй  малдарының 

басын,  жаппай  ұжымдастыруға  байланысты  қазақ  ауылдарын 

күштеп  отырықшыландыру  болып  өтті.  Бұл  тарихи  даму  бары-

сында  мал  шаруашылығына  сүйенген  жəне  өзін  тамақ  өнімімен 

қамтамасыз ету үшін жеткілікті дəрежеде егіншілік машықтарын 

меңгермеген қазақ халқының ашаршылықтан жаппай қырылуына 

əкелді.  Аштықтан  тұтас  ауылдар  жойылып  кетті,  қаныпезер 

жыртқыштықтың деректері көп, құрбандардың саны миллиондап 

саналады, сахарадағы тұтастай аудандар қаңырап бос қалды.

 Бұл жағдайда ауыл жасөспірімі халқы үшін белгісіз жаңа са-

ланы – егіншілікті  зерттеумен  шұғылдануға  шешім  қабылдайды 

жəне  туған  ауылынан  мыңдаған  шақырым  жерге  оқуға  кетеді. 

Оның  өз  халқын  ашаршылықтан  құтқаруға,  оның  болашағын 


297

осындай  қайғылы  жағдайлардан  қорғауға  бар  ынта-ықыласының 

ауғанына күмəн жоқ. Бүгін біз мұны дамудың инновациялық жо-

лын таңдау деп атаған болар едік, бірақ сол уақытта да бұл сөзсіз 

батыл жəне прогресшіл қадам болатын.

 Құжаттар көрсетіп тұрғандай, қазақ мұғалімдерінің курстарын 

1934 жылы бітіргенде Перуаш орыс тілін еркін меңгерген, матема-

тика бойынша, жаратылыстану, география жəне т.б. пəндерден тек 

үздік бағалар алған.

  Жас  болғанына  қарамастан,  осындай  білімге  құштар,  алған 

білімін  халыққа  таратқан  мұғалім  Перуаш  Кəрімұлы – сол  жыл-

дары  қазақ  даласында  болған  зиялы-ағартушылардың  бірі.  Олар 

атылды, əртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, еріксіз жер аударыл-

ды. Талай бейбіт отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім 

қалды.  Онымен  де  қоймай  оларды  «халық  жауының», «отанын 

сатқандардың»  отбасы  болғаны  үшін  абақтыларға  жапты.  Ал 

жоғарыда аталған хаттағы Перуаштың жазғандары бұл зобалаңның 

отбасын  айналып  өтпейтінін  сезгенін  байқатады: «Ешкімге  дос 

деп еш пікір айтпа. Сыртыңнан «иə» деп те… өзің алданып қалып 

жүрме.  Онымен  жанды  аман  сақтай  алмаспыз».  Өкінішке  қарай, 

оның осы қаупі шындыққа айналды. «Əжеміз – Ерке Жиеналина 

да АЛЖИР лагерінде азап шеккені туралы əңгімелер бар, оның да 

одан арғы тағдыры біз үшін белгісіз, əлде де анықтай түсу керек», 

– дейді ұрпақтары.

  Оның  үстіне  Перуаштың  құдай  қосқан  қосағы  Ерке  Жиена-

лина ерінің ісін қолдап, мұғалім болғанын оның көзін көргендер 

айтыпты.  Мұның  да  жаны  бар.  Еркенің  сауатын  көтеріп,  білімін 

жетілдіргенін, оның қысқа мерзімді курстағы оқуына байланысты 

айта келіп, Перуаш жазған келесі жолдар растап тұр емес пе: «…

сыртқа сыр білдірмей көңілді оқы, нашар үлгеріп қатарыңнан кем 

қалма».  Байқасаңыз,  темір  қапаста  отырған  жап-жас  жігіт  өзінің 

жарына тілеуші ғана болмай, қамқоршылық көрсетіп отыр. Қандай 

қуатты ерік-жігер дің иесі болды десеңізші!? Бұл хаттың Еркенің 

қолына  тимей,  оның  жүрегін  жылытып,  көңілін  жұбатпағаны 

қандай аянышты…

  ҰҚК-ті  ұрпақтарына  қайтарып  берген  құжаттардың  əрбірін 

мұқият  қарап  отырып,  соның  ішінен  менің  назарым  Перуаштың 


298

латын қарпімен Еркеге жазған хатының түпнұсқасына түскен еді. 

Оның тиісті мекенжайға жетпеуінің себебі, бірнеше жерден асты 

қызыл сиямен сызылған хат жолдарында жатса керек, цензурадан 

өтпегені  анық.  Перуаш  немерелері  мұны  ұғынықты  болу  үшін 

латын  қарпінен  қазіргі  қолданыстағы  əліпби  таңбасына  түсіріп 

қойыпты. «Ал жалпы латын қарпімен жазылғандарды түсіну қиын 

болар деп ойлаушы едік, қазір ондай күдігіміз сейіліп кетті, тіпті, 

бұл əліпбиді пайдалану қолайлырақ па деп қалдық», – деді олар.

  Хаттан 1, 2, 3… деп  санамалап, 22-ге  дейін  жеткізіп,  ненің 

қажеттілігін  көрсеткенінен  Перуаш  Кəрімұлы  отбасының 

күнделікті күнкөрісі үшін аса алаңдамайтыны анық аңғарылады, 

яғни  оны  да  сол  кезеңдегі  өзі  үшін  емес,  алашшыл  азамат-

тар  секілді,  ұлт  мүддесі  үшін  жанқиярлық  күреске  өз  істерінің 

дұрыстығына,  əділдігіне  деген  сенім  жетелеген.  Оның  хаттағы 

зайыбы мен жалғыз ұлына деген шексіз сүйіспеншілік сезімдерін 

білдірген сөздерін тебіренбей оқу мүмкін емес, жүректі шымыр-

лататын,  сыздататын  тұстар  көп.  Шимай  емес,  əдемілігімен  көз 

тартатын  жазу-қолтаңбасында  кепілдікпен  шығару  секілді  үлкен 

мəселелермен  қатар,  түрме  түнегінің  қолайсыздықтарына  қарсы 

тұратын  жылы  киімдер,  тұрмыстық  бұйымдар  сұраған: «Кепілге 

алып кетпесе, əкем ұстарасымен келіп, шашымды алып беріп кет-

сін»…,  «…Жауап беріпті, босатпайды ғой. Бұдан тек құтылу қиын 

енді».


Түрмеде баскесер қылмыскерлермен бір камераға қамалып, со-

дан қорғану үшін де керек етті ме екен, кім білсін, «Бірітіба (брит-

ва – С.Б.)  пышағынан  тағы  бір-екеуін  жəшік  (үйден  сəлемдеме 

жəшігі – С.Б.) түбіне жасырып сала сал» деген жері де бар. Мұның 

өзі оның өте қиын жағдайымен қатар, қайтпас-қайсар ерлік мінезін 

көрсетіп тұр.

Хаттың өзге де кейбір үзінділерін, сол жылдардың жан тітіре-

тер суық ызғарын көз алдыңызға келтіріп, өз бағаларыңызды беру 

үшін, осылайша ештеңені өзгертпей қаз-қалпында келтіргенді жөн 

көріп отырмыз:

– «Қош-қош,  бауырым.  Бауырыңды  елжіретпе…  тағы  мен 

жалғызым деп жыладым – сен бар екенсің, Төкенім бар қалатын»…,

– «Сен Төкенімнің исі бар жаңа көрпені сұрағаныма ренжіме… 

Құлыным ақырғы сүйіскенім деп ойлама. Құдайдан тіле, үміт ет»..,



299

– «Ақмолаға  жүргізетін  болса,  қапы  қалмай  қоштасып 

қалыңдар. Төкеніммен қоштасқам жоқ жылар деп»..,

– «Ақмолаға барсам… бос келмеңдер – бəрі бір онда бұдан да 

қатаң ұстайды»…

Бірақ  осындай  қиыншылықтарға  қарамастан,  Алаштың 

жас  азаматы  өз  ұстанымдарынан  тайған  жоқ,  тіпті,  түрмеден 

шыққаннан кейін де өз ісін жалғастыруға үміттенді: «Əуелі жаным 

қалсын. Сосын көрермін»…

Əттең,  шіркін-ай,  аңсаған  арманы  елес  болып,  алдан  көрікті 

өмір  белесін  көре  алмай  кетті-ау,  жас  оғлан.  Мұнымен  қоса 

тоталитарлық жүйе өзінің қанды шеңгелін оның өмірлік серігі Ер-

кеге  де  салып,  көп  ұзамай  ол  да  өмірден  қыршын  кетті,  сөйтіп, 

тағы бір отбасының түтіні өшті.

Перуаш  Кəрімұлының  сотталғаннан  кейін  олардың  тағдыры 

беймəлім  қалпында  қалып,  артындағы  жалғыз  тұяғы:  Төкені – 

Тұрлыбегінің  есейіп,  ат  жалын  тартып  мінгеннен  бастап,  əке-

шешесін  іздеген  əрекеттері  нəтижесіз  аяқталған.  Жалпы,  саяси 

қуғын-сүргін құрбандарын ақтау КСРО-да 1954 жылы басталып, ол 

1960 жылдардың басына дейін жалғасқан. Ал П.Кəрімовке қатысты 

қылмыстық  істің 1961 жылы  наурыз  айында  тоқтатылғанын  осы 

жылымық кезеңге ілігуімен түсіндіруге болатын секілді. Өйткені, 

одан кейін бұл үдеріс тежеліп, тек қайта құру деп аталған кезеңде 

– 1980-жылдардың соңына қарай қайтадан басталғаны мəлім.

Мəселен,  Перуаштың  ақталғанына  қарамастан,  оның  ұлы 

Тұрлыбекке  Алматы  облысы,  Қаскелең  ауданы, «Каменский» 

совхозында  машина  ауласының  меңгерушісі  болып  жұмыс  істе-

ген кезінде 1965 жылы партияға өтуге жəне қызмет бабымен əрі 

қарай өсуіне тыйым салынды. Əрине, ешқандай қызметтік өсу ата-

анасының адал атымен салыстыруға келмейтін еді.

Орнында  бар  оңалар.  Бабалардан  қалған  асыл  сөздердің 

даналығы  мен  ақиқаттылығына  олардың  артында  қалған  жоқтай 

да,  іздей  де  білетін  ұрпағы  тағы  да  бір  көз  жеткізді.  Міне  Азат 

Тұрлыбекұлының  атасын  іздеп,  сұрау  салып  ҰҚК-тен  аса 

құнды  дерек  табуы  əке  үмітін  ақтағаны  емес  пе?!  Тағы  да  бір 

таңғалдырарлығы: 2011 жылы «Ақ жол» партиясы тізгінін қолына 

алып,  біз  «Алаш»  партиясының  ізбасарымыз  деп,  Алаш  рухын 


300

тірілтіп, биікке көтереміз деп жар салып, одан кейін соған сай іс-

қимылдар жасап жүрген Перуаштың немересі сол тұста атасының 

большевиктердің  диктатурасына  қарсы  əрекеттер  жасап,  Алаш 

қайраткерлерінің  идеяларын  көпке  таратып,  ағартушылықпен 

айналысқанын  білген  де  жоқ  еді.  Оның  сол  кездегі  жария  еткен 

ұстанымы  тегіне  тартқан  тектілік  пен  ұрпақтар  сабақтастығына 

деген кіршіксіз таза сезімнен туындаған екен.

Ал, біз Алаштың тағы бір ардақты азаматының табылғанына 

қуаныштымыз.  Олар  əлі  де  көп,  оларды  тарихтың  қалың 

қатпарынан  аршып  алып,  бүгінгі  ұрпаққа  табыстасақ  игі.  Жан-

дарын  шүберекке  түйіп  Алаш  идеялары  үшін  күрескен  Алаш 

партиясының мыңдаған қатардағы мүшелерін, жақтастарын, Ала-

шорда  үкіметі  əскерінің  сарбаздарын  ақтауға  болмай  ма?  Əлде 

бір  баяндамадан  бір  баяндамаға,  бір  мақаладан  бір  мақалаға 

көшіп  жүрген, 30-40-тай  ғана  ақталған  Алаштың  жұртқа  белгілі 

көшбасшыларын айтып, қайталай берумен шектелеміз бе? Тек осы-

мен шектелсек, ауыздан-ауызға көшіп айтылып жүрген Алаштың 

осы арыстарының рухының өзі тыныштала қояр ма екен? Олармен 

қоян-қолтық  жүріп,  уағыздарын  тыңдап,  тапсырмаларын  орын-

дап,  істерін  жалғастырған  ұландар  бұрынғысынша  «бандиттер», 

«халық  жаулары», «шетел  барлау  қызметінің  тыңшылары»  т.с.с. 

болып қала бере ме? Тіпті, Перуаш Кəрімұлының қылмыстық ісі-

мен танысқанда, оның ұрпақтарына бірнеше томдық істен тек же-

келеген  құжаттарды  қайтарып,  сонымен  бірге  Абай мен Мағжан 

Жұмабаевтың өлеңдері бар дəптерді көрсетіпті.

Ал, негізгі құжаттар əлі де құпия болып қалуда.

Қазіргі  ұлттық  тарихымыз  қайта  зерделеніп  жатқан  тұста 

қатты ойланатын жайт, бұл. Қазақстан Республикасының Прези-

денті Нұрсұлтан Назарбаев үстіміз  дегі жылдың 2 қазанында «Абы-

лай  аңсаған  азаттық»  атты  мақаласындағы  «Мемлекет  тарихын, 

даңқты бабалары жүріп өткен жолдың бұралаңы мен бұлтарысын, 

қилы кезеңдері мен тағдырлы шешімдерін, ақтаңдақ беттері мен 

дара тұлғаларының қайраткерлік өнегесін біліп өскен ұрпақ қана 

өзіне  тиесілі  замана  жүгін  діттеген  межесіне  абыроймен  жеткізе 

алады» деп атап көрсетті.

Перуаш  əулетінің  талай  жылдардан  бері  сауал  жасап  жүріп 

тындырған  ұлағатты  ісі  ұрпаққа  үлгі-өнеге  болуға  тұрарлық. 



301

Алла  тағаланың  құдіреті  шығар,  ҰҚК-нің  арнайы  мұрағатының 

П.Кəрімовтің қылмыстық ісін тапқаны туралы хабар немересінің 

қолына «Ақ жол» партиясы Орталық кеңесі Президиумының кезек-

ті отырысы басталар алдында тиді. Азат Тұрлыбекұлы отбасының 

тебіреністі  сəтіне  куə  болған  достары  мен  əріптестері  оны  шын 

жүректен  атасының – Алаштың  ардақты  азаматының  тағдырына 

қатысты  аса  маңызды  құжат  алуымен  қызу  құттықтады.  Бұл  тек 

осы отбасы үшін ғана емес, ұлт үшін құнды құжат. Ақжолдықтар, 

сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 

арнайы мұрағатының қызметкерлеріне қалың көпшілікке белгісіз 

батырларды халықтың жадында сақтауға күш салғаны жəне оларға 

ұқыпты  көңіл  бөлгені  үшін  өздерінің  шынайы  алғыс  сезімдерін 

білдірді. Иə, ешкім де, ешқашан да ұмытылмауы тиіс.

  Барлық  адам  баласына  тəн  ең  қымбаттыларын – отбасын, 

материалдық  игіліктерін,  жеке  перспективаларын  құрбандыққа 

шалып, қорғансыз жап-жас əйелін жəне одан да дəрменсіз нəресте 

–  ұлын  азапта  қалдырып,  ажал  тырнағында  жүрген  Перуаш 

Кəрімұлы өзінің алдына басты мəселені қойды:

 «Құдай не жазса – соны көріп шыдаймыз! Мен шыдадым, сен 

де шыда! Кім озар екен?».

 Бүгінгі тəуелсіз, егеменді Қазақстан – оның жəне басқа да ха-

барсыз кеткен мыңдаған батырлардың мерт болар сəтінде өздеріне 

қойған осы сұрағына жауап емес пе?!

  Бірақ,  адами  сүйіспеншілік  рухының  табандылығы  мен 

қуатының ең керемет аккорды Перуаштың Еркеге жазған хатының 

соңғы жолдары жастарға, əсіресе, ғашық жұптарға махаббат пен 

сүйіспеншіліктің шынайы үлгісіндей естіледі: «…Ал, күнім, тағы 

айтам: шыдамсыздық өлтіреді. Одан да басқадан өлу – шəһіт деген. 

Бірігіп адам болыңдар. Күн көріп, өмір сүру əрекетіне кірісіңдер. 

Мен де аман келермін....».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет