дать казахской советской культуре отчетливо национальный
характер».
После казни Алихана Букейхана 27 сентября 1937 года, в день
вынесения смертного приговора, преступный режим СССР вплоть
до своего краха в декабре 1991 года тщательно скрывал то место,
где был похоронен легендарный сын и вождь казахских степей.
Очевидно, Советская власть не была уверена, что навсегда похо-
ронила национальную идею «Алаш» вместе с ее носителем - лиде-
ром казахского национализма Алиханом Букейханом. Место его
вечного покоя оставалось тайной больше 10 лет даже после краха
«империи зла». Лишь более 60 лет спустя стало известно, что его
прах похоронен в Донском кладбище в Москве [фото № 6].
Также очевидно, что идея «Алаш» не умерла вместе с интел-
лигенцией «Алаш», физически уничтоженным в советских ГУ-
ЛАГах. Она лишь дремала более полвека в генетической памяти
каждого казаха и народа в целом, пробуждаясь в критические мо-
менты истории. Идея Алаш будет жить и дальше в генах, течь в
225
крови каждого казаха в отдельности и всего народа в целом до тех
пор, пока она не будет реализована целиком и полностью, но уже
в эпоху независимого государства казахов.
226
Дулатбеков Нұрлан
Орынбасарұлы
Қарағанды облыстық мəслихатының
Хатшысы, ҚР ҰҒА корреспондент-
мүшесі, заң ғылымдарының докторы,
профессор
БІЛІМПАЗ Ə.БӨКЕЙХАН ХАҚЫНДА
Қазақ үні газеті, № 09 (618), 4 наурыз, 2014 жыл.
Наурыз айының 5 күні ұлтымыздың мақтанышы Əлихан
Бөкейханның туған күні. Сіздердің назарларыңызға ұсынылып
отырған мақалада ұлт көшбасшысының Санкт-Петербургтегі Ор-
ман шаруашылығы институтын тəмамдағаннан кейінгі кезеңді
соңғы сапарымыз барысында қол жеткізген мұрағат құжаттарына
сүйене отырып, əңгімелеп берсек дейміз. Бұл құжаттардың
барлығы қазір жаңадан салынған Санкт-Петербург қаласындағы
Ресей ұлттық мұрағатында сақталып қалыпты (387-қор. 24 б. 1307-
іс). Аталған құнды құжаттармен бұрын-соңды танысқан қазақ
оқырмандары туралы мəлімет жоқ екен.
1895 жылғы 15 маусымда басталған Орман департаменті
1-бөлімінің №100 ісі «Дело ученого лесовода Букейханова» деген
папкада сақталған.
1-бетте Ресей Жер қатынастары жəне мемлекеттік мүлік ми-
нистрлігіне қарасты Ақмола, Семей жəне Жетісу облыстарының
мемлекеттік мүлік басқармасының (Омбы қаласы) 5 маусымда
жазылған №2018 қатынас қағазы тігілген. Онда былай деп
жазылған:
227
«Орман департаментіне. Ғалым ормантанушы Əлихан
Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың Омбы Мемлекеттік Мүлік
Басқармасына төменгі орман мектебіне оқытушы лауазымына
тағайындау, қызметке алу туралы сұранысы. Ақмола облысының
əскери губернаторына Бөкейхановты сұранып отырған қызметке
бекіту туралы мəлімдеме Департаментке телеграф арқылы
жіберіледі».
228
2-бетте Əлекеңнің өз қолымен толтырылған сұранысы бар:
«Орман департаментіне
Ғалым ормантанушы Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтан
Санкт-Петербург Орман шаруашылығы институтын 1894
жылы бітіріп, сол саладағы ведомстваға қызметке тұру ниетімен,
Орман департаментінен мені Орманшылар корпусына тіркеп,
Омбы Мемлекеттік Мүліктер Басқармасы жанынан қайтадан ашы-
лып жатқан орман мектебіне, оқытушы лауазымына тағайындауды
сұраймын.
Менің құжаттарым Мемлекеттік Жер Мүліктері Департамен-
тінде жатыр, оны осы жылдың 28 ақпанында жоғарыда аталған
партиялардың біріне қызметке алу туралы сұраныс жасай отырып
жолдаған болатынмын».
3-бетте Санкт-Петербург Орман институтының аттестаты
тігілген. Онда:
229
«Аттестат Санкт-Петербург Орман институты Кеңесінен,
сұлтан Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановқа берілген, діні –
мұсылман, 1870 жылы туған, Омбы Техникалық училищесін-
де тəрбиеленген, 1890 жылы Институттың тыңдаушысы ретін-
де қабылданып, ғылымның толық курсынан өтіп, институттың
барлық пəндері бойынша сынаққа шыдап, төмендегідей үлгерім
көрсетті:
Ботаника – 5 (өте жақсы),
230
Дендрология – 4 (жақсы),
Зоология – 5 (өте жақсы),
Минерология жəне Геогнозия – 5 (өте жақсы),
Химия – 5 (өте жақсы),
Почвоведение (Топырақтану) – 5 (өте жақсы),
Физика – 5 (өте жақсы),
Метеорология – 4 (жақсы),
Математика – 5 (өте жақсы),
Геодезия – 4 (жақсы),
Саяси экономия – 5 (өте жақсы),
Статистика – 3 (қанағаттанарлық),
Жалпы заңтану – 5 (өте жақсы),
Полиция құқығы – 5 (өте жақсы),
Орман жəне жерді межелеу заңдары – 4 (жақсы),
Ормантану – 3 (қанағаттанарлық),
Орман таксациясы жəне орманды бағалау – 3
(қанағаттанарлық),
Орманды орналастыру – 5 (өте жақсы),
Орман Инженерлік өнері – 5 (өте жақсы),
Орман технологиясы – 3 (қанағаттанарлық),
Неміс тілі – 3 (қанағаттанарлық).
1880 жылы 15 сəуірде бекітілген Санкт-Петербург Орман ин-
ституты туралы Ереженің негізінде, 1894 жылы 12 қыркүйекте
өткен Институт Кеңесінің отырысында Əлихан Бөкейхановқа,
Ресей университеттері студенттеріне қатысты құқықтар мен
артықшылықтармен қоса, екінші дəрежелі ғалым орманшы атағы
берілді» - деп жазылған.
Аттестатқа Институт директоры, оның көмекшісі, хатшысы
қол қойып, мөрі басылған.
4-бетте «Құпиялық» белгісімен Жер қатынастары жəне Мем-
лекеттік мүлік министрлігіне қарасты Орман департаментінің
Ə.Бөкейхановты қызметке орналастыру туралы Полиция департа-
ментіне жолдаған қатынас қағазы тіркелген. 5-бетте сол хатқа По-
лиция департаментінің берген жауабы келтірілген. Онда аталған
департамент тарапынан Əлихан Бөкейхановтың орман ведо-
моствосы бойынша мемлекеттік қызметке орналасуына кедергі
болмайтындығы, қарсылық жоғы жөнінде мəлім етілген.
231
6-7 беттерде ақырында Əлекеңнің жоғарыда аталған қызметке
тағайындалғаны жөніндегі бұйрық берілген. Бұйрық 1895 жылдың
17 шілдесінде шыққан.
Одан кейінгі беттерде Орманшылар корпусы бойынша
бұйрықтар, Ə.Бөкейханов еңбек еткен жылдарғы аттестациялардың
қорытындылары берілген. Сол аттестация қорытындылары бойын-
ша Ə.Бөкейхановтың қызмет дəрежесі де өсіп отырған. Мəселен,
1-дəрежелі аксесссор, т.с.с.
Ең соңғы бетте ғалым орманшы Əлихан Бөкейхановтың тағы
бір сұранысы келтірілген. 1915 жылдың 4 қаңтарында жолданған
қатынас қағазда былай деп жазылған:
«Орман департаментінен мені Дон жер банкіне жеке орман
қызметіне жіберуді сұраймын. Қазіргі кезде осында қызмет етемін,
банкке Самара, Симбирск, Қазан, Уфа жəне Орынбор губернияла-
232
ры бойынша кепілге қойылған орманды жерлерді бағалаумен айна-
лысамын. Менің қызметіме қатысты шығарылған шешім жөнінде
хабардар етуді өтінемін, тұрғылықты жерім: Самара қаласы, Қазан
көшесі, №30-үй».
Бір айта кетерлігі, мұрағат материалдары арасында Əлекеңнің
фотосуреттері жоқ. Есесіне дипломының түпнұсқасы бар. Барлық
дерлік мұрағат құжаттарындағы мəліметтер Ə.Бөкейхановтың сау-
аты зор, қабілеті қарымды маман-қызметші екендігін айғақтайды.
Тайға таңба басқандай қолтаңбасының өзі көп нəрседен хабар бер-
гендей. Бір салада ұзақ жылдар бойы табан аудармай еңбек еткен
Əлекең жат жерде, үлкен қызметте жүрсе де, өзінің туған жерін,
атамекенін бір де бір естен шығармаған. Үнемі ат ізін салып, елдің,
жердің жағдайымен жақын танысып отырған. Олардың тұрмыс-
тіршілігіндегі кем-кетік, жоқ-жітікке жаны ауырып, халқының
өзге мойны озық елдермен жылдам теңеліп, қатарға қосылуына
күш салған.
Əлекең жайындағы мақаланың қорытындысын оның інісі
Смақан төренің естеліктерімен, (айтушының стилін, сөйлеу
мəнерін сақтай отырып) аяқтағанды жөн көріп отырмыз...
* * *
... Бірде Əлекең оқу оқып, елге кеп жүргенінде жүз қаралы қой
айдаған адамға жолығады:
- Бұл кімнің қойы? – деп сұрайды.
Қойшы айтады:
- Төренікі.
- Төрең кім?
- Косте.
- О қайда?
- Əне келеді.
Келсе стражник Косте пұшық – Қарқаралының казак орысы.
• Сен кімсің?
• Мен Костя.
• Қайдан келесің?
• Шеттен – кəрсөн-керней, шұбыртпалыдан...
• Қой кімдікі?
233
• Менікі.
• Қайдан алдың?
• Елден.
• Не деп алдың?
Үндемейді. Костеге дүрені соғып, қойды алып қоя бер-
ген. Мұны Дайыр төре естіп, əкесі Мықанды шақыртып алып:
«Балаңды қойғыз» - депті.
* * *
1895 жылы Тоқырауын болысында Николайдың «бүктеме»
деген сайлауы өтеді. Бір старшын екі жүз үй болса, бір жағы
тоқсан тоғыз болса, бір жағы жүз болса, тоқсан тоғыз үйге түк
жоқ. Жүз бір үй төрт елубасы сайлап алады. Сонда байлар елуба-
сы болады. Əбжан Оспан баласы кедей адам, елубасылыққа «сай-
ламаймыз» дегенде, Əлихан күш салып, жазып жіберген – елуба-
сы болды.
Бөлкембай болды болысы, Ахметжан Абдырбай, бір ауылдан
би еді. Берекеңнің белгісіз елубасы шықты төреден, азғантай
ғана үй еді.
Керей Əбжанды қойған Əлихан. Əділ шариғат болғанда көп
жағына жүйе еді деген сайлауда қазақтың жиын тобында осын-
дай кедейді сайлады, мына Мықанның баласы депті қазақтар.
* * *
1898 жылы жұт болып, ел жұтап, Əлекең Омбыдан келіп,
жұтаған елге Нұра елі Қушоқы табын деген елге сиыр əперген
жəрмеңкеден. Жұтаған елге қырық бұзаулы сиыр əперген. Қайта
төлеусіз болды, содан малданған адамдар да болды.
* * *
1896-ншы жылы бүкілресейлік санақ жұмысына қатысып,
қазақ жерін тегіс аралап шыққан. Бұдан кейін де қазақ жеріне
шыққан бірнеше экспедицияға қатысқан.
Ең соңғы қатысқан экспедициясы профессор Руденко
басқарып, Адай жерінде болған экспедиция еді, бұл экспедиция
материалы жеке кітап болып басылған. Сол кітапта Əлекеңнің
да мақаласы бар.
234
1905 жылғы революция кезінде патша өкіметі «өкіметке
қауіпті адам» деп абақтыға жапқан...
Абақтыдан шыққаннан кейін Семейге келіп, біраз уақыт осы
қалада тұрады. Бір күні Қарқаралы оязының бастығы Кинницпен
кездесіп қалады, сонда Кинниц кекетіп:
• Патшаны құлатамын деп шаршаған боларсыз?! Демалып
жүрген боларсыз?! - деп əжуалап сөйлегенде, Əлекең:
• Қазақ халқының бір мақалы бар: « Ер – туған жеріне, ит
– тойған жеріне» дейді. Менің жауабым осы! – деген екен. Сонда
фон Кинництің əйелі күйеуіне:
• Саған керегі осы еді. Əлихан Нұрмұхамедович өзінің туған
жері үшін зардап көргенін түсінбегенсің, - деп күйеуін одан əрі
сөйлетпей, сүйрелеп жүріп кетіпті.
* * *
Əлекең «оқыдым» деп басына пайда қылмаған, мал жимаған,
үй салмаған, үй тігіп, бие байлап, қымыз ішіп, қазақша дəурен
сүрмеген. «Қазағым, елім!» - деп кеткен. Пара алмаған, қазақтың
елін, жерін аралап көрген. Өмірін «қазақты ел қыламын» деп сарп
еткен.
Əлекең байшыл адам емес, жанның бəрін бірдей көреді. Еш-
кімнен еш нəрсе алайын демейді, пара алмайды. Қазақтың қамын
жеген есіл ер, тілеуі қабыл болмай, арманда кетті. Есенгелді,
Саржан, Кенесары, Наурызбай бауырларындай жазықсыз жаза
шекті!
235
Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы
директор научного центра
гуманитарных исследований
«Евразия», Ученый секретарь
Национального Конгресса историков,
д.и.н., профессор
АЛИХАН БУКЕЙХАН КАК ИССЛЕДОВАТЕЛЬ
ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА
Алихан Бокейхан был поистине многогранной и неординар-
ной личностью, о которых обычно казахи говорят «бір сырлы, көп
қырлы». Наряду с активной политической и общественной рабо-
той, он рьяно и на весьма обстоятельной основе занимался глубо-
кими историческими исследованиями, несмотря на свое «лесотех-
ническое» образование. Он, как и многие другие казахи, не толь-
ко просто увлекался историей, а занимался этим делом на вполне
профессиональном уровне. Действительно, встав на путь нацио-
нально-освободительного движения, он не мог поступить иначе.
Порой бескомпромиссная и жестокая борьба с национал - шови-
нистическими группами российского военного и гражданско-
го чиновничества, депутатского корпуса, а то и просто обычных
обывателей, относящихся к казахам как к людям «второго сорта»,
которых надо «облагораживать», «просвещать» и «осваивать» их
«пустующие» земли, заставляла и вынуждала его относиться к
историей весьма серьезно.
На наш взгляд для того, чтобы вытащить свой народ из - под
ситуации незаконного лишения его народа политической незави-
236
симости он был вынужден детально знать и активно пропаганди-
ровать национальную историю среди широких слоев казахского
общества. В потере казахами своей независимости он винил и
своих родственников - чингизидов, которые не сумели отстоять
независимость казахов, которые почти на протяжений 600 лет до-
верили им свою судьбу.
Более того, он не только изучал его из книг, архивов, но и как
всякий представитель алашского движения, собирал историко-эт-
нологические материалы в ходе нескольких статистических экс-
педиции, а также частных поездок. После себя он оставил замеча-
тельные труды по истории. Среди них яркое место занимает его
соавторство в замечательном фундаментальном труде, вышедшем
в 1903 году в Петербурге восемнадцатого тома собрания под об-
щим названием «Россия. Полное географическое описание нашего
края».
В конце XIX - начале XX века А. Бокейхан принимал деятель-
ное участие в составе статистической экспедиции Ф.А.Щербины,
С. Швецова, С.Руденко по исследованию степных уездов Степно-
го генерал-губернаторства, район сибирской железной дороги, а
также Мангыстау.
Лидер казахского народа сотрудничал в официальных и кадет-
ских изданиях (в газетах и журналах) - «Дала улаятының газеты»,
«Казах», «Айкап», «Степной пионер», «Степной край», «Иртыш»,
«Омич», «Голос», Семипалатинские областные ведомости» и так
далее, где он публиковал историко-этнологические и краеведче-
ские статьи.
Он сам лично собирал ценные ратитеты своих предков и вво-
дил их в широкий научный оборот, за что его можно включить в
разряд первых казахских источниковедов.
Алихан был и блестящим рецензентом и редактором многих
исторических трудов. К примеру, Кошке Кеменгерулы прежде чем
издать свой очерк в 1924 году «Из истории казахов» передал руко-
пись А.Бокейхану для замечаний и рекомендаций.
Руководитель казахского национально-освободительного дви-
жения состоял во многих краеведческих организациях исследова-
тельского характера, к примеру, в работе Западно-Сибирского от-
237
дела Русского Географического общества. Одинаково писал как на
казахском, так и на русском языках. Он был первым исследовате-
лем творчества великого Абая. Написал множество исторических
и этнографических трудов «Киргизы», «Материалы к истории
султана Кенесары Касымова», «Родовые схемы киргиз Карака-
ралинского уезда», «Абай (Ибрагим) Кунанбаев», «О киргизских
поминках», «Из жизни киргиз», «Женщина по киргизской былине
«Кобланды» «Из переписки хана Средней Орды Букея и его по-
томков», «Список обам на реке Слеты в Коржункульской волости
Акмолинской уезда» и другие.
В своей серийной статье «Из истории казахов» он призывал
общество ценить свое прошлое, литературу и культуру: «мы обя-
заны на основе прошлой традиции создать (современную) «казак-
скую культуру» и казакскую литературу. И тогда мы сможем со-
хранить свое настоящее имя, имя казак».
Он призывал грамотную часть казахского общества верно слу-
жить своему народу и родной земле. А без знаний истории сделать
это невозможно.
На наш взгляд, то, что сделал один Алихан Бокейхан, сегодня,
к сожалению, не делают целые научно-исследовательские инсти-
туты исторического профиля. Это, к сожалению, факт, который
трудно опровергнуть или оспорить.
Сегодня практически никто не проводит историко-этнологи-
ческие и статистические экспедиции в сельской местности. Ника-
кая организация централизованно и системно не собирает матери-
алы устного народного творчества, которая тает на наших глазах
вместе с уходом в мир иной людей старшего поколения, которые
являются последними носителями уникальной номадической
культуры.
Мы сегодня имеем сотни тысяч студентов, которые в летние
время могли бы заняться тем, чем в свое время занимался практи-
чески круглогодично и всю свою сознательную жизнь Алихан Бо-
кейхан, по крупицам восстанавливая историческую картину жиз-
ни и деятельности казахов и их тюркоязычных предков.
Мы в настоящее время не имеем единого научного Центра,
где были бы сосредоточены все ценные исторические источники о
238
прошлом нашего народа. К примеру, в Армении есть уникальней-
ший Институт древних рукописей Матендаран им. Маштоца, где
собраны почти 18 тысяч документов из истории армян, собранных
со всего мира. А у нас они разбросаны и не защищены от пропажи
и уничтожения.
Мы не имеем институтов, изучающих проблемы голода и по-
литических репрессии. К примеру, в Украине есть Институт наци-
ональной памяти, под руководством которого, к примеру, установ-
лены имена почти 4 миллионов умерших во время голода в начале
30-х годов минувшего века.
Мы не создали институт, призванный детально и системно из-
учить формирование и героический путь более 70 воинских соеди-
нений, сформированных на территории Казахстана в грозные годы
Великой Отечественной войны. Поэтому, Великую Победу в Ве-
ликой Отечественной войне приписывает только одному народу…
Мы не имеем института, изучающего прошлое и настоящее
казахов, проживающих за пределами своей исторической родины,
хотя при внимательном подходе можно было собрать то, что уже
безвозвратно пропало на территории самого Казахстана. Поэтому
наша история где-то может оказаться не совсем изученной и ос-
мысленной.
Наша история – уникальная и неповторимая. И наши предки
творили уникальную историю. Не случайно и не вдруг наш Пре-
зидент Н.А. Назарбаев писал, что «наше созидание должно опи-
раться на богатейший исторический опыт. Мечтая о достой-
ном будущем, давайте помнить исторический опыт. Мечтая о
достойном будущем, давайте помнить о достойном прошлом».
Ведь не секрет, что саки, гунны, тюрки, кыпчаки, а теперь уже
и казахи сыграли и продолжают играть самую заметную роль в раз-
витии всемирной истории. Об этом наиболее ярко и беспристраст-
но написал великий французский мыслитель Ш.Монтескье: «Ни
один народ в мире…не превзошел татар (тюрков) своей сла-
вой или величием... Этот народ поистине владыка вселенной;
все остальные как будто для того созданы, чтобы ему служить,
он также основатель и разрушитель империи; во все времена
он проявлял на земле свое могущество…Этому победоносно-
239
му народу недостает только историков для прославления его
чудесных деяний. Сколько бессмертных подвигов погребено
во мраке забвения! Сколько они основали империй, которых
происхождения мы даже не знаем!».
Безусловно, новому поколению отечественных исследова-
телей независимой страны предстоит изучить и написать деяния
предков, но и вытащить из «мрака забвения» бессмертные их дела,
в том числе и их вклад в мировую цивилизацию. Это в свое время
замечательно проделал один из самых достойных и лучших сыно-
вей казахского народа Алихан Бокейхан
240
АСТАНАДАҒЫ ШАРА АЛАШ КӨСЕМІНЕ АРНАЛДЫ
Қазақ үні газеті, № 10 (619), 11 наурыз, 2014 жыл.
Қазақтың ұлттық мемлекетін қайсарлықпен қайта қалпына кел-
тірген, Кеңес өкіметіне де бізді мойындауға қол жеткізген, «Алаш»
ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы Əлихан Бөкейхандай
ұлы тұлғамыздың туған күніне орайластырылған аталмыш іс-ша-
ра, ағымдағы жылдың 6 наурызы күні «Жастар шағын» ауданының
аумағында орналасқан «Бабалар қорымындағы» Кенесары хан
сарбаздары мен Смағұл Сəдуақасұлының бейітіне зиярат етуден
бастау алды.
«ӨЛІМ ҚАЙДАН БОЛСА, ТОПЫРАҚ СОДАН» демек-
ші, Ата-бабаларымыздың қанымен сақталып қалған қазақ жерінің
төсі - Сары Арқада жандары мəңгілік дамыл тапқан осынау есіл
ерлердің рухы ұрпағын желеп-жебей жүрсін деп, екі абтобусқа
лық толы адам, тайлы-тұяғымызбен жеткен едік. Жосын бойынша,
бұл қабірстанда жатқан күллі мұсылманға арналып құран оқылды
241
жəне де Дихан ағамыздың əңгімелеуінде, осы мəңгілік мекеннің
тарихына қысқаша шолу жасалды: «Зерттеушілер «Қараөткел»
мұсылман зиратының 1609–1962 жылдар аралығын қамтитынын
анықтады. Бұл қорымда Тəуке ханның ұлы Сəмеке, Ақмоланың
негізін қалаушы аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендин, Бөгенбай,
Қабанбай, Кенеса ры, Амангелді батырлардың сарбаздары, көпес
Баймұхамед Қосшығұлов, Балуан Шолақтың Ғалиясының ескерткіш
тасы да тұр, Ақмолалық əкелі-балалы көпес Уəли жəне Ғалиакпар
Халфин əулетінен тараған үрім-бұтақтарын, зəузат-жұрағаттарын
қосыңыз. Алаш арыстаны Хайретдин Болғанбай қуғындалған жыл-
дарда панасыз қалып шетінеген үйелмелі-сүйелмелі бөбектері, аға
сұлтан Ыбырай Жайықбаев сынды көптеген жақсы-жайсаңдар
осы қорымға жерленгенін ұрпақтары тебіреніп еске алады. 1933
жылы Мəскеуде құпия жағдайда өлтірілген Алаш арысы, 20-жыл-
дары голощекиндік саясатқа қарсы тұрған көрнекті мемлекет жəне
қоғам қайраткері Смағұл Садуақасұлының сүйегінің күлі 2011
жылы 20 мамырда елге əкелініп, осы тарихи қорымға қойылды.
Тіпті, діні мұсылман халыққа белгілі Самарқан, Бұхар, Қазан
242
қалаларында туған қайраткерлер жерлен ген деген деректер де
бар. Ал, құлпытастардағы жазулардың Араб, парсы тілдерінде
жəне төте жазумен жазылғаны белгілі. Сонымен қатар, осы көне
мұсылман зиратын жаңалауға көмек еткен Михаил Саварбекұлы
243
Гуцариев деген ингуш азаматы. Ақмоланың тумасы, бүгінде
Мəскеуде тұрады. Ресейдегі санаулы аса дəулеттілердің бірі».
Зират басынан кері орала салысымен Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратындағы «Ғылыми
кеңес» залында «Əлихан Бөкейхан. Марксизм қағидасынан
Достарыңызбен бөлісу: |