Қазақстанның «АҚ жол» демократиялық партиясы xxi-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы Астана – 2014 ж



Pdf көрінісі
бет18/28
Дата12.03.2017
өлшемі5,45 Mb.
#9204
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

АТАДАН БАТА

 «Азат қарағым! «Түбіріне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы» 

дегендей,  бабаларымның,  аталарымның,  əкелерімнің  атамекені 


270

деп іздеп жиі-жиі келіп жүрсің, ризамыз, рахмет саған!. Мына жер-

де сенің елің бар, жерің бар» деп айтып, бағыт-бағдар бере білген 

шешеңе  де  рахмет!  Сені  «бауырым  келді»  деп  бауырына  тар-

тып жүрген мына Жылқыбайға да рахмет! Енді, міне, бір кездегі 

қимас достардың ұлдары бір-бірлеріңмен байланысты үзбей келе 

жатқандарың қандай жақсы болған, мүмкін «ұрпақтар үндестігі» 

деген сірə, осы болса керекті. Мына бала сол Өндірістің немересі 

- Риза Жылқыбайқызы, бұл қызымыздың атасына арнап шығарған 

бір өлеңі бар екен, соны оқып берсем дейді. 

 Осыдан 20 жыл бұрын небəрі 55 жасында өмірден өткен атасы 

Өндіріс Абақайұлына арнаған өлеңін Риза тебірене оқып берді! 



Бізге үлгі сіздің жолыңыз... 

13 жастан аңшылық, саят құрып, 

Астына екі аяқты тұлпар мініп. 

Қасиетін дарытқан өн бойына, 

Атасы Əбдікəрім нағашы-жұрт. 

Ерен боп мергендік қабілеті, 

Досына құшағы кең, ақ ниеті.

Аттамай бөгде жанның ала жібін,

Қарапайым қалыпта өмірі өтті.

Деген бар жақсы керек Аллаға да,

Қаратпас алда-артыңа бұл жалғанда.

Тосыннан арамызды ойсыратты, 

55-аз ба, көп пе, ер адамға. 

Жанжары ардақты ана-Жəмилə əжем,

Ақылмен қиындықтың бəрін жеңген.

Өрбіген ұл мен қызын отау етіп,

Ордалы шаңыраққа шырай берген.

Жылқыбай-тұңғыш ұлы болған тірек,

Іні мен қарындасқа саулық тілеп,

Уақыттың ыңғайымен ерте есейіп,

Танытқан баршасына адал ниет.

Жер бесігі атамның нұрлы болсын,

МəшҺүр күні иманы жұлдыз болсын.

Ғибадат-ниеті ұрпақтардың,

Жөнімен өзіңізге тие берсін!


271

Бəрекелді,  рахмет  балам!  Өмір  жасың  ұзақ  болсын,  атаңның 

атын асқақтата бер, Əумин! - деп қария батасын берді.

Бөгенбайдың  дулығасы  мен  сауыты  кіші  отау  саналатын 

Кəрімнің қолында болуы керек екен! Ал, қазіргі кезде «Бөгенбайдың 

шүлемі» деп аталып, мына Батырқожа марқұмның қолында болған 

дулыға  мен  сауыт - Жанқұлақұлы  Бапан  бидің  немересі  Қоңқай 

батырға істетіп берген «шүлемі» дейтін еді бұрынғылар (Қоңқай 

батыр - Кенесарының əскерінде қызмет еткен айтулы тұлғалардың 

бірі).  Сол  Батырқожа  ағамыз,  мынау  арадан  байқау  керек,  анау 

арадан қарау керек деп, тіпті сонау шахтаның да бойын қаздырды. 

Бірақ,  таба  алмады.  Тегі,  Кəрім  ақсақал  бабасынан  қалған  асыл 

мұраны  көзінің  қарашығындай  сақтап  келіп,  ақыр  соңында 

қызыл өкіметтің нақақтан күйдіретін жаласынан сескеніп, тығып 

тастағанға  ұқсайды.  Себебі,  ол  тұста  өз  малын  өзі  бағып-қаққан 

байдың  бəрін  қисыққа  санаған  жəне  білімі  бар,  зерделі  адамдар-

ды «халық жауы» деп атап, соңдарына шырақ алып түскен шолақ 

белсенділердің  «шаш  ал  десе,  бас  алып»  шектен  шыға  дəуірлеп 

тұрған кездері еді. Олардың ұраны: халық жауларын соттау керек, 

қыру керек, тұқымын құрту керек, бұлар бұрынғы өмірін өктейді, 

кешегі  Бөгенбайды,  Кенесарыны  қолдайды,  бұлар-бай-кулактар, 

алашордистер жəне т.с.с. толып жатқан жалған лақап аттары өте көп 

болды. Кейде біз, білместікпен Сталин дейміз, Голощекин дейміз, 

енді олар сияқтылар былайша айтқанда, сыртта жүр ғой. Көбінесе, 

осының бəрін істеген өзіміздің ауылдың адамдары болды. Алысқа 

бармай-ақ  қояйық,  Абай  айтпақшы  «қазақтың  жақынынан  басқа 

қасы  жоқ»  дегендей,  ауылымыздың  ішіндегі  ағайынның  бірін-

бірі  түртпектеп,  көре  ал маушылығының  кесірі  тиді  Перуашқа. 

Əйтпесе, «жақсысын асырса, жаманын жасырса», елдің жігіттері 

де  аман  болар  еді  ғой!  Бұл  азаматтардың  жазығы  не  еді  деген 

заңды сұрақтар да тап осы жерде еріксіз туындайды. Ең өкініштісі, 

сол бір абзал жандардың өмірлерін қор етудің зардабын олардың 

ұрпақтары мен туыстары, ниеттес-дос адамдары да тартпады ма? 

«Сенің балаң Алашшыл Олжабай, Нұрымбайларға саяси жағынан 

көмектесіп,  құпия  түрде  жұмыс  істеп  жүр»  деп  басталатын  екі 

абысынның  ұрсысынан  ғана  шыққан  бірауыз  сөздің  кесапаты-ай 

десеңші. Болашағынан үміт күттірген жас жігіттің өмірін құртты, 

бір жас отбасының ошағының отын өшіріп, шаңырағын ортасына 



272

түсірді. «Мың күндік жұмақтан бір күндік жалған артық» демекші, 

тіпті, сол уақыттағы ел аузында Перуаштың: «Бір мені балаушы 

еді  бір  тайпа  елге?» - деп  айтылып  жүретін  өлеңі  де  болған  еді. 

Бұл өлең əлі де ұмытыла қоймаған болуы керек, ауыл ішінде мұны 

білетіндердің де табылуы ғажап емес! 

Шынтуайтына  келгенде,  бүгінгі  күні  ауыл  түгілі  осы  маңда 

Перуашты көргендерден менен басқа ешкім де қалмады ғой дей-

мін. Бірақ, «Ақылсыз басқа адыраңдаған көз бітеді, дұғасыз ауызға 

сылдыраған сөз бітеді» демекші, сылдырлата бергеннің өзі де жөн 

болмайды.  Ал,  кейбіреулер  жалған  бірдеме  айтам  десе,  айтатын 

шығар. Əйтпесе, екі жерде екі неше десең, қанша керек дейтіндер 

бар ғой арамызда. 

Перуаш  ұсталып  кеткеннен  бастап,  Кəрім  мен  Қайша  қатты 

уайымдады, артынан екеуін де ауру меңдеп, сырқатқа шалдықты. 

Соның  қайғысынан  Кəрім  ақсақал  алдымен,  ал  бəйбішесі  араға 

бернеше ай салып барып, соңынан қайтыс болды (біреуінің ажа-

лын екіншісі көтере алмаған сияқты). Екеуін қатар, бір жерге, мына 

Малтабар зиратына жерледі. Үйлерінде Гүлшатай ғана қалды. Ал, 

басқа  қыздары - Құсни  Өсербайға,  Нұршатай  Ғалымжан  дегенге 

тұрмысқа шығып кеткен болатын. 

Ал  енді,  Азат  балам  өздерің  келіп  жүргенге  қатты  қуанып 

жатқан жайымыз бар. «Елге Ер келсе құт, Елден Ер кетсе жұт» де-

ген, бүгінде елден Еріміз кетіп əбден жұтап қалған едік». «Атаңнан 

бота  қалмасын,  бата  қалсын»  деген.  Сенің  бабаңды,  атаңды, 

əкеңді көзім көрді. «Батаменен көгерген ұрпақтың өкілі екеніңді 

ешқашан ұмытпашы» деп терең күрсінген Амантай ақсақалымыз 

да əңгімесін тəмəмдады. 

Сағынып талай жыр туар

Оралар əлі-ақ сан жыршы. 

Даламның иісі бұрқырап, 

Қарттарым, аман-сау жүрші!- 

деп  ақын  жырлағандай,  сайын  даламыздың  қазына  қарттары 

қашанда төрімізден кетпеңіздерші!



Ырысбекұлы Айдын 

 «Ақ жол» ҚДП Орталық аппаратының идеология бөлімінің 

директоры, Алаштанушы


273

АҚЖОЛДЫҢ ОЛЖАЛАРЫ 

МЕН  

ЖАҢА ЖОБАЛАРЫ

274

АЛАШ ПЬЕСАСЫ -

«Мұрат үшін майдан»

Қазақ үні газеті № 05 (614), 4 ақпан, 2014 жыл.

Бұл пьесаның табылуы да, арғы тарихындағы жазылуы да біз 

үшін өте тосын жаңалық болып тұр.

Пьесаның  аты – «Мұрат  үшін  майдан».  Авторы  –

 

Титақов 

Мұхтызар Төлекұлы. 

Шығарма 1935 жылы жазылған.

Пьесаны бізге жеткізіп отырған азамат – Айдын Ырысбекұлы. 

Бұл  туындының  түпнұсқасы  ҚР  Ұлттық  Қауіпсіздік  комитеті 

Шығыс  Қазақстан  облысы  бойынша  департаменті  Семей  қаласы 

басқармасының  мұрағатында  сақталған.  Аталған  басқарама 

бастығының орынбасары С.Əшімов мырза Семей қаласы Мəдениет 

жəне тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Қ.Нұрқасымға жолдаған 

жауап хатында (09.01.2013 жыл) осылай деп жазған.

Біз  Мұхтызар  туралы  көп  білмейміз.  ХХ  ғасырдың 20-30 

жылдарындағы баспасөзде де оның аты көп кездесе бермейді.

ҰҚК  мұрағатында  сақталған  анкета  жауабына  қарағанда,

 

ол 

1904  жылы 22 ақпанда  Қарқаралыда  туған. 

НКВД  ұстаған 

уақытта  Семей  қаласы  Хлебная  көшесі  № 18 үйде  тұрыпты. 

Білімі  толық  жоғары  емес.  Новосібір  қаласындағы  Батыс  Сібір 

халық  шаруашылығы  институтында  оқыпты.  Партия  қатарында 

болмаған. Тұтқындаған шамада (25 ақпан 1936 жыл) əкесі Төлек 

– 63, анасы Жамал – 58, інісі Ескендір – 13 жаста екен. Қаламгер 

«1917 жылдың ақпанына дейін – Қарқаралыда оқыдым, 1932 жылға 

дейін  ара-тұра  болмаса,  əрдайым  оқуда  болдым»  деп  көрсетеді. 

Кесілген  сатьясы - əйгілі 58/10. ( № 1 - 2 суреттер) «Мұхтызар 

ісінде»  кəсіподақ  мүшесінің  билеті  тіркеліпті.  Бұған  ол 1924 

жылы 6 мамырда кіріпті. Мамандығы - «экономист-плановик» деп 

жазылған. ( № 3 сурет)

Мұхтызар (фамилиясын сол кездегі дəстүрге сай «Титақұлы» 

деп жазған) шығармасын «4 перделі, 6 суретті музыкалық драма» 

дейді. ( № 4 сурет)

Оқиға 1918 жылы Семей қаласындағы Алаш өмірінен алынып 

жазылған.



275

Бір  көріністе  Алаштың  бір  жылдығын  атап  өткен  салтанат 

суреттеледі.  Оқиғаға  қатысушылар:  Əлихан,  Міржақып,  Халел 

(Ғаббасұлы), Жүсіпбек, Əлімхан, Ике, Жақып, Мағжан, Шəкəрім, 

Мұхтар,  Хамит  (Тоқтамысұлы),  Сұлтанмахмұт,  Мұсатай  бай, 

басқа  да  шенді-шекпенді  зиялылар,  əскерилер  т.б.  Диалогтар – 

Алаш рухындағы сөздер, ойлар, үндеулер, ұсыныстар...

Екінші бір көріністе Семейде ақтардың жеңіліп, қызылдардың 

қыспақ бастаған кезі, Алаш полкін Жетісуға аттандыру сəті, қазақ 

жəне орыс əскерилерінің бірге жұмылуы суреттеледі. Диалогтар – 

ел мен сарбаздар рухын көтеретін сөздер, серпілтулер, ағымдағы 

деректер т.б.

Тарих бұралаң. Бұралаң болса да өз шындығы бар. Мысалы, 

Халел  Ғаббасұлы  аузына  мынандай  сөздер  салынған: «Бұрын 

«Сары  Арқа  жеріміз  бар,  Сары  Арқада  қазақ  еліміз  бар»  деп, 

теңдікті  құрғақ  сөзден  күтсек,  қазірде  қару-жарақты,  қылышты, 

мылтықты қалпыңмен қаны бір, жан-тəніңнен жаралған Алаштың 

ардагерлері  Жетісуда  атаман  Анненковпен  тізе  қосып,  жауыңа 

қаһарын төгіп, Əлібек, Рүстем, Əлилер жүр. Олар соғыста жалғыз 

емес.  Алашыңның  атында  Абылайдың  ақ  туын  желбіреткен  он 

полкің бар. Ертеңгі күні қосымша қылып төрт полкіңді жіберткелі 

отырсың. Бұлар кімдер? Еліңнің ерлері! Ел намысын қолына алған, 

ар-намысын сақтау үшін қан майданда қарсы тұрып, бостандықты 

күшпен алып, іргелі жұртшылықтың іргесін қалаушылар! Жасай-

ды жұртың, көркейеді елің, өркендейді Алашың!».

Алаш  полкін  шығарып  салу  салтанатында  полковник  Хамит 

Тоқтамысұлы  бүй  дейді: «Сендердің  міндеттерің  айқын:  Сары 

Арқаның  даласы  үшін,  Сары  Арқаның  халқы  үшін.  Теңдік  үшін 

күреске  шықтыңдар,  батырларым!  Біз  ұлы  қазақ  халқы  үшін, 

Алаш  үшін  қанішер  балшабайлармен  соңғы  деміміз  қалғанша 

соғысамыз.  Егер  ол  жолда  қаза  болса – шəйітпіз.  Егер  жеңсек, 

жасасын  халқымыз,  жасасын  Алаш! ... Күрессіз  жеңіс  жоқ,  қан 

төгіссіз  бостандық  жоқ.  Сендер  бабаларымыз – Абылай  хан  мен 

Кенесарыны естеріңе түсіріңдер!».

«Теңізді тамшысынан таны» деген, осы жоғарыдағы үзіндіден-

ақ  Мұхтызар  пьесасының  тарихи  мəні,  танымдық  маңызы 

айқындала түседі.


276

Қазақ  драматургия  тарихында  киіз  үйде  қойылған  «Еңілік-

Кебектен» (М.Əуезов)  ұлт  театры  сахнасы  шымылдығын 

ашқан  «Алтын  сақинаға» (Қ.Кемеңгерұлы)  дейінгі  драмалар  ел 

тұрмысының  кейде  күрделі,  кейде  көлеңкелі  жағын  халық  арма-

нымен  сабақтастыра  суреттесе, «Мұрат  үшін  майдан» - отандық 

драматургиядағы тың серпіліс, идеологиялық темірқазық еді.

Ұлттың қайғы-шері басылмаған кезеңде, халықтың елдік арма-

ны орындалмаған шақта өнер елдің басын қосатын, ұйыстыратын 

құралға  айналса,  бұл  оның  əу  бастағы  мақсатынан  жаңылғаны 

емес,  қайта  діттегенін  орындағаны.  Өйткені  халықсыз - өнер, 

өнердің сүйемелдеуінсіз халық жоқ.

Сонымен,  Мұхтызар  Титақұлының  «Мұрат  үшін  майдан» 

пьесасының тарихи миссиясы мынау еді:

1.  Ел  үшін  аса  жауапты  кезеңде  көркемөнер  күшімен  тарих 

тағылымын түсіндіру, ұқтыру;

2.  Алаш мұраты мен тұлғалары арқылы жастардың рухын ояту;

3.  Жеке адам, тұлға ретінде өткен оқиғаға өз көзқарасын білдіру.

Мұның  қай-қайсы  да  сəтті  шыққанын  туынды  қолжазбасын 

оқып отырып көз жеткіземіз. Басқасын былай қойғанда, көзқарасы 

тұрғысынан  жалғыз  қалса  да,  Мұхтызар  Алаш  мұратын  осылай 

түсінгені үшін кінəлі ме еді?..

Тап бүгін, «Мұрат үшін майдан» драмасының жазылғанынан 

бері 78 жыл уақыт өтіпті. Бұл аз мерзім емес. Тəуелсіздігімізге 22 

жыл толғаны тағы да белгілі. Ал, содан бері Алаш мұраты туралы 

пьеса жазылды ма? Жазылмапты! Жалпы бұл тақырып өзекті ме? 

Өзекті!..

Осы туралы ойланамыз да, «Мұрат үшін майданның» тарихи 

орнын тағы да бір рет бағамдаймыз.

Біз  ұлт  мұратын  білуге  зəруміз!  Меңгеруге  мұқтажбыз! 

«Мəңгілік ел» мұратының бір тетігі осында...

Төменде сол мақсатта А.Ырысбекұлы əзірлеген, аталған драма 

қолжазбасын оқырманға ұсынамыз.

Қамзабекұлы Дихан ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,                                      

филология ғылымдарының докторы, профессор



277

 1

278

 2 

.

279

        


 

 3 



280

 4 

 

 

281

Мұхтызар Төлекұлы Титақов:

 

«Мұрат үшін майдан».



 (Пьеса 1935 жылы 1 қарашада жазыла бастап,1936 жылы 

29 ақпанда аяқталған).

Төте жазудан қазақшаға аударған - 



ҚР Халық ағарту 

ісінің үздігі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 

Мұхамедқазы Мұхамадиұлы.

 

 

4 перделі 6 суретті күйлі драма



Оқиға Семей қаласындағы Алаш Орда өмірінен алынып, 

жазылған.

Оқиғаға қатысушылар:

1.  Əлихан  /Бөкейханов/; 2.Міржақып  /Дулатов/; 3.Халел  /

Ғаббасов/; 4.Жүсіпбек /Аймауытов/; 5.Əлімхан /Ермеков/; 6.Ике /

Əділов/; 7.Жақып  /Ақбаев/; 8.Мағжан  /Жұмабаев/; 9.ШаҺкəрім  /

Құдайбердиев/; 10. Райымжан /Мəрсеков/; 11.Мұхтар /Əуезов/;12.

Алаш полкінің командирі- полковник Хамит Тоқтамысұлы; 13.Жас 

ақын – Сұлтанмахмұт /Торыайғыров/; 14.Орыс офицерлері (пол-

ковниктер); 15.Алаш  Ордашыл  жас  интеллигенттер; 16.Мұсатай 

бай /Молдыбаев/. 

 

1-ші сурет



 (көрініс)

Семей  қаласы,  күз  мезгілі, 1918 жыл.  Қызылдар  төңіректің 

төрт бұрышынан жымқыртып, ақтардың əлсіреуге бет алып бара 

жатқан шағы. Алаш Орда отауының іргесі құрылып, жылдық ме-

рекесін еске түсіру үшін Алаш Орда азаматтарының жасаған сейіл 

кеші. Кең зал, көзге көрік бергендей əйнектерде үлкен сүлгі перде-

лер, төрдегі қабырғада кісі бойындай айналар, қараушы халықтың 

қақ  маңдайындағы  ұзыннан-ұзақ  созылып  тартылған  үстелдер 

үстінде  толған  қызыл,  ақ  шараптар,  көздің  жауын  алатын  түрлі 

дəмдер. Жағалай тізіліп отырған ақгвардияшыл орыс офицерлері 

мен  олардың  ханымдары,  бай  саудагерлер,  Алаш  Орданың  жас 

қазақ  интеллигенттері,  араларында  татар  көпестерінің  гимназист 



282

қыздары да көрінеді. Былайша айтқанда, байманап ақсүйектердің, 

Алаш Орда азаматтарымен бас қосқан үлкен, зор, думанды кеші. 

Қараушы халықтың қақ маңдайындағы ұзыннан- ұзақ құрылған 

үстелді  жағалай  отырғандардың  тап  ортасында,  Алаш  Орданың 

үкіметінің  төрағасы - Əлихан.  Перде  ашылғанда,  отырған  халық 

жым-жырт күйде. Біраз тым- тырыстан соң, Əлиханның қатарында 

отырған Халел орнынан тұрып, қоңырауды шылдырлатып, сөзге 

кіріседі.

Халел:

Құрметті  əскер  басы  төрелер,  ақсүйек  офицерлер,  ардақты 

халқым,  елім,  қаның  бірге  қазағым!  Қазақ  елі  өз  алдына  Алаш 

атты  партиясын  құрып, «Абылайдың  ақ  туын»  қолына  алғалы 

міне,  бір  жыл  толды.  Сол  күнді,  сол  сағатты  еске  түсіру  үшін, 

Алаштың əнұранын айтуды ұсынамын. (отырған жұрт бір кісі-



дей түрегеліп, Алаш əнұранын шырқайды).

Алаш туы астында,

Біз - Алаштың баласы!

Күніміз туып көгерді,

Сарыарқаның даласы.

Құрт аурудай жайлаған,

Құртпаққа бізді ойлаған,

Қанымызға тоймаған,

Қолымызды байлаған,

Ерімізді айдаған,

Елімізді лайлаған.

Жерімізді шимайлаған,

Өшті залым қарасы.

Жасасын, Алаш, жасасын!

Алаш туы астында,

Қолдайтын Алаш бабамыз.

“Туысқандық”, “теңдік” деп,

Туын қолға ап шабамыз!

Берілгенде тілектер,

Жарылмай ма жүректер?!

Заң жасайтын орынға,


283

Жұртпен бірге барамыз,

Қатардан орын аламыз,

Жасасын, Алаш, жасасын!

Алаш туы астында,

Куə болсын арымыз.

Көркейтуге Алашты,

Құрбандық біздің жанымыз!

Былай тұрсын малымыз,

Алаш деген ел үшін

Сарыарқаның жері үшін,

Бостандық берген Ер үшін,

Төгілсін біздің қанымыз,

Аялмасын жанымыз,

Жасасын, Алаш, жасасын!

Алаш туы астында,

Өлсек бірге өлдік біз!

Не жақсылық, не қайғы,

Көрсек бірге көрдік біз!

Ішкі жанжал таласты,

Күншілдікпен қарасты,

Мына жерге көмдік біз,

Жасасын, Алаш, жасасын!

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің алашты,

Қорлығына бермейміз!

Адамдықтың жолына,

Бастаған ерлер соңында,

Басқаға көңіл бөлмейміз,

Қандай шайтан келсе де,

Алдауына көнбейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Бұл заманға жеттік біз.



284

Жасайды Алаш, өлмейміз,

Жасасын, Алаш, жасасын!

(Əнұран айтылып болғаннан кейін, жұрттың бəрі орындары-

на отырады. Халел сөйлей береді).

Халел:

«Жұртым! Əлеумет! (дауысын көтеріп) Қазақ сынды еліңнің 

Алаш партиясы құрылып, міне толық бір жыл толды. Бұл жылдың 

ішінде,  азаматтарың  аз  міндет  атқарған  жоқ.  Сары  Арқаның 

даласындағы қазақ баласының басын қосуға тырысты. Ел болып 

бірігу үшін, жұртың көктен шабуыл ұран салып, айтыс- тартысқа 

түсті. Теңдікті алыстан іздеп, жақыннан күттің. Уақытша үкіметке 

қол  созып,  қазіргі  күнде  жаныңда  көршілес  Омбы  қаласында 

отырған,  Сібір  шеңберіне  қанатын  жайған  қаҺарман  -Адмирал 

Колчакпен үнді бірге шығарып, қол ұстасып, ортақ жауды қалай 

құрту  шарасына  кірісіп  отырмыз.  Бұрын, «Сары  Арқа  жеріміз 

бар,  Сары  Арқада  Қазақ  еліміз  бар»  деп,  теңдікті  құрғақ  сөзден 

күтсек,  қазірде  қару-  жарақты,  қылышты,  мылтықты  халқыңмен 

қаны бір, жан-тəніңнен жаралған Алаштың ардагерлері - Əлібек, 

Рүстем Əлилер Жетісуда, Атаман Анненковпен тізе қосып, жауы-

на қаҺарын төгіп жүр. Олар соғыстағы жалғыз емес, Алашыңның 

атында «Абылайдың ақ туын» желбіреткен он полкің бар. Ертеңгі 

күні  қосымша  қылып,  төрт  полкіңді  жіберткелі  отырсың.  Бұлар 

кімдер? Еліңнің Ерлері, Ел намысын қолына алған, ар- намысын 

сақтау үшін қан майданда қарсы тұрып, бостандықты күшпен алып, 

іргелі  жұртшылықтың  іргесін  қалаушылар!  Жасайды  жұртың, 

көркейеді елің, өркендейді Алашың. Жасасын, Алашың, жасасын. 



(отырғандар құрмет көрсетіп, қуана қол шапалақтайды )

Халел:(ақырын жөткірініп)

«Алаш Орда үкіметінің бір жылға толған құрметті мерекесінің 

ашылуымен  қабат,  Алаш  алдындағы  мақсат,  қазіргі  хал-  күйі, 

Алаш  Орда  үкіметінің  маңызы  жəне  алдындағы  мақсаттары  ту-

ралы  сөз,  ел  бастаған  көсеміміз,  жұрт  бастаған  данышпан  ше-

шеніміз, Алаш Орда үкіметінің басшысы - Əлихан Бөкейханұлына 

беріледі».(отырған  жұрт  ду  қол  шапалақтайды,  біраздан  соң, 

Əлихан сөйлейді).


285

Əлихан:(орнынан  маңғаздана  көтеріліп,  жан-жағына 

қарайды)

 «Ардақты халқым! Қаның бірге, Алашым! «Сары Арқа сары 

бел үшін, Сары Арқадағы ел үшін» аттылы- жаяулы «Абылайдың 

ақ  туының»  астына  жиналу  керек!  Іргелі  жұрттың,  ерікті  Отан 

боларыңда  қорған  алу  керек!  Қаны  бірге  Елім,  Алашым!  Сен 

жалғыз емессің, жəрдемшің, жолбасшың мығым. Адмирал Колчак 

маған берген уəдесі бойынша, бізді Ел қылмақ. «Алаш» атты тіккен 

отауыңның  тасын  өрге  домалатпақ,  іргесін  ұлғайтпақ! «Абылай 

сынды  атаңның  ақ  туын»  Алаш  Орданың  маңдайында  желбірет-

пек! (Сөз аяқталғанда, Алаш əнұранының əуені естіліп тұрады).



2-ші сурет

 (көрініс)

Мезгіл 1918 жылдың  қазан-қараша  айларының  шамасы. 

Алаш Орда үкіметінің кеңсесі. Бірінші бөлме, одан жоғары Алаш 

Орданың  ағасы  отыратын  кабинет.  Кабинет  іші  көркем.  Төрдегі 

ұзыннан-ұзақ жабылған үстел,қызыл күрең түсті мақпал барқытпен 

малынған,  үстінде  əдемі-əдемі  жазу  саймандары  -қоңырау,  гра-

фин тағы-тағылар, адам кірсе шыққысыз сондай бір таза кабинет. 

Қабырғада адмирал Колчактың, атаман Анненковтың жəне Алаш 

Орда  азаматтарының  суреттері  ілулі  тұр.  Кабинеттің  іші  толы 

Алаш Орданың басшылары жəне ақсақалдар. Ортаға, Алты бірдей 

тұтқынды  бірнеше  сарбаз  дедектетіп,  сүйретіп  əкеледі.  (Əлихан 

орнынан жайлап қана тұрып, көпшілікке қарата сөйлейді).

Əлихан:

«Құрметті  Алаш  Орда  үкіметінің  мүшелері,  ардақты  əскер 

басылар,  бауырларым,  күндерім!  Тығыз  түрде,  құпия  ретте 

бас  қосқан  кезексіз  мəжілісті  «ашылды»  деп,  жариялаймын! 

Құрметті  ағызалар,  бауырларым!!!(аз  пауза)  Қилы-  қилы  за-

ман  болып,  қарағай  басын  шортан  шалып,  азамат  басына  күн 

туды.  Сондықтан,  маған  қазіргі  қаралатын  мəселені  жариялауға 

ұлықсат  етіңіздер!  Бірінші  мəселе: «Қазірде  тұтқынға  алынып 

отырған большевик бастықтарына жəне Совдеп мүшелері араңнан 

шыққан  балшабай  қазақтарға  не  шара  қолдану  туралы».  Екінші 

мəселе: «Айналамызды  жан  түршіктіріп,  қамаумен  қабат,  Алаш 


286

Орда  үкіметін  ажыратып,  сақтау  қамы».  Айтылған  күн  тəртібіне 

қосатындарың,  қарсылықтарың  бар  ма?  (жан  жағына  ойқастап 

қарайды. Өзгеріссіз, алынсын деген дауыстар естіледі). Олай бол-

са, күн тəртібі «алынды» деп, санаймын». Я... (-деп тамағын кенеп, 



жан-жағына сабырмен қарайды, аздаған пауза.) Дүние теңселді, 

біз  əлсіредік,  бұзықтық  істеп,  ойдан-  қырдан  құралған  қулар, 

жұмыскердің  алдына  салып,  фронттағы  хахолдың  балаларын 

оларға  серік  қылып,  бүкіл  Ресейге  бүліншілік  тудырып,  Петрог-

рад, Мəскеу сықылды қалалардан бастап, Еділ-Жайықты жаншып 

өтіп, кешегі күні Омбыны алып отыр... Я... (-деп тамағын кеней-



ді) Көбің большевиктер партиясының не мақсат көздейтінін жет-

кілікті түсінбеген де боларсыңдар. Аз сөзбен айтып ұғындырсам, 

большевик партиясы дегеніміз-коммунистердің партиясы. Былай-

ша айтқанда, бұзақылар партиясы. Олардың программасында мен-

шікті дүние болмасқа керек, жер мен суды, малды, жанды ортаға 

салуларың керек.(сəл қатуланып) Керек десеңдер, əйелдеріңе де ие 

бола алмайсыңдар. Е... (-деп тамағын кенеп, жан-жағына қарап, 

дауысын  көтеріп)  Сонымен,  коммунистік  партияның  не  мақсат, 

қандай  мұрат  көксейтінін  іштей  сезген  боларсыңдар.  Ардақты 

ағызалар, сол большевик жауыздар өз арамызда да жоқ емес, бар. 

Алтау-  жетеуді  тұтқынға  алып  та  отырмыз.  Қазіргі  тексермек 

əңгімеміз,  солар  туралы,  соларға  қолданатын  шара  туралы.  Иə, 

олар кімдер дейтін болсаңдар, (тұтқындарға қарап) Разумза, Ти-

мошенко, Радлов. Бұлардың ішінде қазақтан да жоқ емес. Араңнан 

шыққан доңыздарың бар, (дауысын көтеріп) Тасболатов, Кедей-

шин,  Қарманов  тағы  басқалар....  Ерін  сатқан,  елін  сатқан  міне, 

бұларға не істеу керек? Қазірде, қарайлайтын шақ емес, идея жо-

лында əкесі баласына, баласы əкесіне бұрылмайды. Мұны бірден 

біліңдер. Ел қорғау жолында құрбансыз болған емес. Сондықтан, 

тұтқындағы  алтау  туралы,  осы  отырған  кеңес  қолданатын  шара-

сы, Алаш елі атынан айтатын, үкімін шығару керек.(Əлиханжан-



жағына маңғаздана қарап, тамағын кенеп Е... деп, бұл туралы 

тағы сөйлейтіндер бар ма?». 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет