Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет12/52
Дата15.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#9314
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52

Зерттеу  қорытындысы.  Қойылған  міндеттерді  шешуде  біз  жалпы  спорт  индустриясының  барлық 
қырларын  есепке  ала  отырып,  білікті  спорт  маркетологтарының  жетіспеуі  мәселесіне  кезігеміз.  Мұнда 
шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесін пайдалануымыз, үйрету әдістемесін алуымыз, семинарлар жүргізу 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
64
 
 
үшін әлемдік спорт маркетингінің «ұстаздарын» шақыруымыз және оларды ынтымақтастыққа шақыруды 
ескеруіміз қажет. Уақыт өте бұл шаралар отандық мамандардың жұмыс сапасының жақсаруына әкеледі. 
Тек ірі спорттық форумдар  мен жарыстарды алға тартып, жарнамалау арқылы облыс тұрғындарының 
арасында спортқа деген қызығушылықтың жоғары деңгейін ұстап тұру қиын. Халықтың барлық мақсат-
ты бөлігін толықтай қамту үшін мұндай іс-шараларды барлық ұйымдастырушылық деңгейлерде дамыту 
қажет. Балалар спортын, әуесқой клубтарды, зейнет жасындағы тұрғындарға арналған түрлі спорттық іс-
шараларды  қолдау.  Барлық  санаттарды  қамтып  қана  біз  салауатты  өмір  салтына  деген  жалпы  қызығу-
шылық пен қажеттілік әсеріне қол жеткіземіз. Бірақ көлемді маркетингтік коммуникацияларды жүргізу 
үшін үлкен көлемде құралдар, соның ішінде қаржылық, қажет. Біз осы жағдайда бізге шығынды қаржы-
лық  базаны  және  шығынды  төмендетуге,  жүргізілетін  маркетингтік  коммуникациялардың  тиімділігін 
арттыруға мүмкіндік беретін SMM, партизандық, вирустық маркетинг сияқты инновациялық маркетинг-
тік коммуникацияларды пайдалануды ұсынамыз. 
 
1  Вакалов  Л.Г.  Маркетинг  в  физической  культуре  и  спорте:  Учебное  пособие  для  ин-тов  физ.  культуры  // 
Краснодар: КубГАФК, 2003. 
2  Томич М. Маркетинг в спорте. Рынок и спортивные продукты // М. Томич. - М.: МАФСИ, 2002. 
3  Шитовой Н.А.Экономика физической культуры и спорта // Омск: СибГАФК, 1999. 
4  Шааф  Ф.  Спортивный  маркетинг:  Теперь  это  не  просто  игра...  =  Sportsmarketing.  Спонсорство.  Радио  и 
телевидение.  Соглашения  о  поддержке.  Проблемы  спорт.сооружений.  Менеджмент  спортивного  события. 
Лицензирование и торговля товарами // Ф. Шааф. Перс англ. - М.: "Филинь", 1998. 
5  Кулбаев А.Т. Спорттық іс-шара ұйымдастыруда жарнама қызметінің маңызы // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 
Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(38).  Алматы, 2013 ж. 
 
Резюме 
Искаков Т.Б.– докторант 1-го курса по специальности  
6D010800Физическая культура и спорт, 
taiyrzhan.iskakov@bk.ru
 
Научный руководитель: Кулбаев А.Т. – доктор PhD, старший преподаватель кафедры теоретических основ 
физической культуры и спорта, 
shirganak_aibol@mail.ru
 
 
Роль маркетинговой деятельности в развитии спортивной сферы 
В  статье  рассмотрены  основные  элементы,  используемые  в  спортивном  маркетинге  при  принятии  решений 
управленческого характера. Проанализировано применение комплексных планов управления в контексте спортивного 
маркетинга. Проведен анализ использования теорий для повышения эффективности работы спортивного маркетинга. 
Также рассмотрены факторы, оказывающие влияние на модель спортивного потребительского поведения. 
Ключевые слова: спортивный маркетинг, конкуренция, мотивация, потребность. 
 
Summary 
Iskakov T.B. – 1
st 
cours doctoral candidate specialty of physical culture and sport, 
taiyrzhan.iskakov@bk.ru
 
Scientific supervisor: Kulbaev A.T. – doctor PhD, senior teacher of chair of theoretical bases  
                of physical culture and sport, 
shirganak_aibol@mail.ru
 
 
Role of marketing activity in development of the sports sphere 
In  article  the  basic  elements  used  in  sports  marketing  at  decision-making  of  administrative  character  are  considered.  
Application of comprehensive plans of management in the context of sports marketing is analyzed. The analysis of use of 
theories for increase of overall performance of sports marketing is carried out. The factors having impact on model of sports 
consumer behavior are also considered. 
Keywords: sports marketing, competition, motivation, requirement 
 
ӘОЖ: 378 (004) 
 
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Ақжолова А.Т. – ф.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры 
e-mail: 
aktoty_72@mail.ru
 
 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
65 
Мақалада  ақпарат,  ақпараттық  технология,  ақпараттық-коммуникациялық  технология,  білімді  ақпараттандыру, 
құзыреттілік, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік сөздеріне анықтама беріледі. Елімізде білім беру саласын-
да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген мамандарға деген сұраныстардың артуы, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдаланып қолдануда тек техникалық мамандар ғана даярланып қоймай, қол-
дану салалары мен ауқымдарына байланысты ақпараттық мәдениеті жоғары мамандарды даярлау, болашақ маман-
дардың кәсіптік, ақпараттық бағыттылығын қалыптастыру өзекті болып отырғанмәселелер қозғалады. Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар адам іс-әрекетінің  барлық салаларына енуімен қоса, біздің күнделікті өміріміздің 
ажырамас  бөлігі  болып  табылатындығы,  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  құралдарын  пайдалану  әр 
түрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездететіндігі және жеңілдететіндігі қарастырылған. Бұл құзырет-
тілікті меңгеру, бір жағынан, уақыт талабына сай келуі, екінші жағынан, білім беру салаларын кіріктіру үшін ресурс-
тар мен техникалық құралдарды өзге оқу пәндерді оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жаңа 
құралы  ретінде  пайдалануы,  болашақ  мамандардың  ақпараттық-коммуникациялық  құзыреттілігін  қалыптастыруда 
ие болатын дағдылары, мамандардың кәсіби, білікті, құзыретті, ізденімпаз, жаңашыл маман болуына әсерін тигізуі 
көрсетілген.  Сондай-ақ,  болашақ  мамандардың  ақпараттық-коммуникациялық  құзыреттілігін  қалыптастырудың 
маңызы қарастырылады. 
Тірек  сөздер:  білім  мазмұны,  ақпарат,  ақпараттық  технология,  ақпараттық-коммуникациялық  технология, 
білімді ақпараттандыру, құзыреттілік, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік. 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2050  жылғы  стратегиясында:  «Біздің 
жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделік-
ті  өмірде шебер  де,  тиімді  пайдалануға  тиіс.  Біз  бұл  үшін  барлық  мүмкіндіктерді  жасап,  ең  қолайлы 
жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек»,  - деп атап көрсетті [1]. Бұл қазіргі  жастардың, яғни болашақ 
мамандардың барынша білім алып, оқуына жағдай жасалынып жатқанын көрсетеді. 
Еліміздің білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген мамандар-
ға деген сұраныстардың артуы мен оларды даярлаудағы кәсібилігінің, ақпараттық білімділігі мен қабілет-
тілігінің,  біліктілігінің  қазіргі  талаптарға  сай  болуын  қамтамасыз  ету  өте  үлкен  маңызды  жұмыстарды 
атқаруда.  
Қазіргі  кезде  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  келуімен  бірге  білім  берудің  қуатты 
құралы пайда болды. Ал ақпарат мәліметтерін жинау, сақтау және өңдеу жұмыстарын автоматтандыру 
арқылы қоғамның интеллектуалдық деңгейін бірнеше есеге жоғарылата алды. Сонымен бірге, адамзатқа 
әлемдік  ақпарат  дүниесіне  кіру,  одан  тез  арада  және  қажетті  түрде  деректер  алу  жеңілдеді.  Осындай 
мүмкіншілікке байланысты білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайда-
лануға мүмкіндік туғызу қажет және соған сәйкес болашақ мамандарды құзыретті маман ретінде қалып-
тастыру керек. 
Демек,  қазіргі  таңда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдаланып  қолдануда  тек 
техникалық мамандар ғана даярланып қоймай, қолдану салалары мен ауқымдарына байланысты ақпарат-
тық мәдениеті жоғары мамандарды даярлау, болашақ мамандардың кәсіптік-ақпараттық бағыттылығын 
қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.  
Отандық тәжірибелерде ғалымдар  Е.Ы. Бидайбеков, Ж.А. Қараев,  С.М. Кеңесбаев, С.Ә. Әбдіманапов, 
Б.Б. Баймуханов, Д.М. Жүсібалиева, С.Кариев, С.Ю. Карпова, С.С. Кунанбаева және т.б. сынды ғалымдар 
өз еңбектерінде барлық оқу пәндерін зерттеуде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың 
нәтижелігін көрсеткен. 
Ақпарат – бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект [2]. 
Сонымен,  ақпарат  дегеніміз  қоршаған  орта  құбылыстары  мен  нысандарының  қасиеттері  мен  қалпы 
туралы мәліметтер.  
Қазіргі  ақпарат  көздері  –  компакт  дискілер  мен  қуатты  процессорлар  құрамына  мәтіндік  ақпарат, 
мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін жаңа сапалы бағдарламалар жасауға 
мүмкіндік береді. Көптеген жобаға қатысушылар эксперименттер өткізіп, зерттеу нәтижелерімен алмаса-
ды,  электрондық  почта  бойынша  бірлескен  талдау  жұмыстарын  жүргізеді.  Мұндай  жобалар  қазірдің 
өзінде бірнеше жыл бойына экология саласында жүзеге асырылуда, бірақ оларды арнайы пәнді, информ-
атиканы  оқытуда  пайдаланудың  да  келешегі  мол.  Көптеген  мектептердің  мұғалімдері  мен  оқушылары 
ортақ мәселелерді бірлесе шешуге және зерттеу нәтижелерімен алмасуға мүмкіндік алған. Олар ақпарат-
ты мәтіндер, графиктер және сандық мәліметтер күйінде жөнелте алады. Сонымен, ақпараттық-комму-
никациялық  технологиялардың  өркендеуіне  байланысты  оқу  үдерісінде  түрлі  көрнекілік  құралдармен 
толыға бастады. 
Біздің  пайымдауымызша,  ақпарат  –  жалпы  тұрғыда  нақты  деректер  мен  олардың  арасындағы 
тәуелділіктер жиыны. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
66
 
 
Сонда қоғам ақпарат арқылы өзін-өзі танып, біртұтас жүйе ретінде қызмет атқара алады. 
Ақпаратқа  нақты  анықтама  беру  ғылымдағы  күрделі  мәселенің  бірі  болып  келеді.  Кибернетикалық 
тұрғыда  ақпарат  деп  деректер,  мәлімет,  хабар  туралы  бастапқы  хабарлау  ұғынылады.  Кибернетика 
ақпарат  ұғымын  адам  сөзі  мен  коммуникацияның  басқа  да  формалары  аясынан  шығарып,  кез  келген 
түрдегі мақсатты түрде бағытталған жүйелермен байланыстырады. Ақпарат үш түрлі формада көрінеді: 
- биологиялық (биоток, генетикалық механизм байланыстары); 
- машиналық (электр тізбегіндегі сигналдар); 
- әлеуметтік (қоғамдық жүйедегі білім «қозғалысы»). 
Жасанды  интеллектіге байланысты түсіндірме сөздікте ақпаратты нақты деректер мен олардың ара-
сындағы байланыс туралы білім жиыны деп, екіншіден есептеу  техникасында берілген келісім арқылы 
белгілі бір деректер қорына ғана қатысты, ЭЕМ-ге енгізілетін, оның жадында сақталатын, өнделетін әрі 
пайдаланушыларға берілетін мазмұн екеніне акцент жасалады. 
Ақпараттық  технология  –  белгілі  бір  міндеттерді  орындау  бойынша  әрекет  сызбасы  және  оның 
техникамен қамтылуы. Интернет желісінде және компьютерде жұмысты жеңілдету үшін пайдаланылады. 
Ақпаратты тарату, өзгерту, сақтау, жинақтау үшін құрал ретінде қолданылады [3]. 
Ақпараттық-коммуникациялық технология – белгілі бір күткен нәтижені алу үшін ақпаратты қолдану, 
тапсыру, сақтау, өңдеу, автоматтандырылатын әдістер, амалдар, құралдар жиынтығын көрсететін инфор-
матиканың ғылыми аясындағы қолданбалы бөлігі [4]. 
Білімді ақпараттандыру – Интернетке қосылумен, электрондық оқулықпен мектепті компьютерлер-
мен жабдықтауымен ғана шектелмейтін көпдеңгейлі күрделі үдерісі. Қазіргі таңда техникалық құралдар-
ды  қолданудың  мазмұндық  жағын  қарастыру  және  дамыту  қажет.  Техникамен  қамту  ақпараттандыру 
үдерісінде маңызды іс болып табылады [4]. 
Қоғамды  жаппай  ақпараттандыру  процесі,  оның  технологиялық  ресурсын  анықтайтын  адамзаттың 
капиталы  мен  білімінің,  яғни  мемлекеттің  стратегиялық  қорының  қайнар  көзі,  бұл  мәселе  білім  беру 
бағытын қайта қараумен байланысты. Сондықтан да халықаралық қауымда тиісті орын алуға ұмтылған 
әрбір мемлекет, ешуақытта білімге және ақпараттық-коммуникациялық қоғам құруға арналған бағыттан 
бас тартпауы керек. 
Білімді  ақпараттандыру  үдерісінің  қарқынды  дамуына  байланысты  соңғы  онжылдықта  ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар екпінді өсуде. Қоғамды  ақпараттандыру жаңа есептеу технологиялары 
мен ақпараттарды жіберу құралдары негізінде ақпаратты жіберу, алу, жинақтау, өндеу және сақтау әдіс-
терін жаппай енгізу болып табылады. Адам іс-әрекетінің  барлық салаларында ойдың дамуына ықпал ету, 
есептеу әдісін талап ететін міндеттерді шешу жаңа білім мен әдістерді жинауда маңызды үдеріс болып 
табылады.  Есептеу  үдерісі  ғылыми,  әлеуметтік,  ішкі  жетістіктер  мен  өнертабыстар,  оның  ішінде 
медицина, экономика және білім негіздерінде құрылады.  
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам іс-әрекетінің барлық салаларына енуімен қоса біз-
дің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технология-
лар  құралдарын  пайдалану  әртүрлі  ақпараттың  түрлерімен  жұмыс  істеу  үдерісін  тездетеді  және 
жеңілдетеді. 
Құзыреттілік  ұғымы  белгілі  бір  сала  бойынша  жан-жақты  хабардар,  білгір,  қандай  да  бір  сұрақтар 
төңірегінде беделді түрде шешім шығара алу, - дегенді білдіреді [5]. 
Құзыреттілік  –  маманның  жеке  тұлғасының  білімдері  мен  біліктіліктерінің,  қасиеттерінің,  ішкі 
психикалық  жағдайының  күрделі  жүйесі:  оның  кәсіби-педагогикалық  міндеттерді  шешу  барысында 
кездесетін дамыту жұмыстарын жүргізуге даярлығы. 
Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – бағдарлай, өздігінен іздей білу, талдай, таңдай, өзгерте, 
сақтай  білу,  білім  мен  ақпаратты  ақпараттық  технологиялар  мен  техникалық  объектілердің  көмегімен 
жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі [6]. 
Біздің  пайымдауымызша,  ақпараттық-коммуникациялық  құзыреттілік  –  қарым-қатынасқа,  байла-
нысқа түсе отырып ақпаратты қабылдау, сақтау, өңдеу және тарату білігі.  
Бірнеше елдерде білім берудің басым бағыттарының бірі болашақ мамандардың ақпараттық-коммуни-
кациялық құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. Болашақ мамандардың бұл құзыреттілікті мең-
геруі, бір жағынан, уақыт талабына сай келеді.  Ал екінші жағынан, білім беру салаларын кіріктіру үшін  
ресурстар мен техникалық құралдарды өзге оқу пәндерді оқытуда ақпараттық-коммуникациялық техно-
логиялардың жаңа құралы ретінде пайдаланады. Ақпарат көлемінің екпінді өсуі мен ақпараттық техно-
логиялардың  қарқынды  дамуына  байланысты  ауқымды  ақпараттар  ағымында  оқушыға  бағыт  таба  білу 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
67 
дағдысын қалыптастыру және күнделікті өмірде, оқыту үдерісінде, келешектегі еңбек қызметінде әртүрлі 
мәселелерді шешуде жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет. Сонымен қатар, оқушылар ақпарат-
ты  пайдалануда  этикалық  және  құқықтық  нормаларды  ескере  отырып  сақтауы  маңызды.  Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар ғасыры адамдар арасында, жаңа идеяларды талқылауда, тәжірибе алма-
суда,  мәдениеттер  мен  қауымдастықтарда  іскерлік  қарым-қатынастарға  үлкен  мүмкіндік  бере  отырып, 
«қашықтық» ұғымын өзгертті. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер 
әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай 
жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірі-
нің  барлық  салаларын  ақпараттандырудың  ғаламдық  процесінің  негізіне  айналды.  Ақпараттық  техно-
логиялық  дамуға  және  оның  қарқынына  экономиканың  жағдайы,  адамдардың  тұрмыс  деңгейі,  ұлттық 
қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалып-
тастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа 
жағдайларды  қамтамасыз  етуде  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  маңызды  рөл  атқарады. 
Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, 
телеконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуы керек.  
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:  
1)  үйренушінің  шығармашылық  әлеуетін  дамыту;  коммуникативтік  әрекеттерге  қабілетті  болуды 
дамыту; сараптамалық-зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту; 
2) оқу-тәрбие үдерісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;  
3) қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.  
«АКТ» пәні  ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, басқа білім беру салаларынан 
және  өмірден  алынған  міндеттерді  шешу  үшін  оқу  үдерісінде  практикалық  дағдыларын  дамытуға  көп 
уақыт беруді көздейді.  
Үлкен  көлемді  ақпараттармен  жұмыс  істеу  мақсатында  аталған  пәнді  оқыту  болашақ  мамандардың  
логикалық,  алгоритмдік,  жүйелік  және  сыни  бағалау  тұрғысынан  ойлау  қабілеттерін  қалыптастыруына 
және дамуына  ықпал етеді.  
Болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың маңыздылығы маманның жеке тұлғасы мен оның қызметіне 
деген  объективті  талаптарымен  сипатталады.  Педагогтың  кәсіби  құзыреттілігі,  оның  өзіне  деген  сенім-
ділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен байқалады. 
Қазіргі  заманда  ақпараттық  техника  мен  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қоғамның 
барлық  саласында  қолдануда.  Сондықтан  қоғам  маманның  кәсіптік  даярлығымен  қатар  ақпараттық-
коммуникациялық  даярлығын  қажет  етеді.  Болашақ  мамандардың  кәсіби  қызығушылығы  ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы қалыптасады деп ойлаймыз, себебі: 
-  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  болашақ  маманның  ой-өрісін  кеңейтіп,  жүйелі 
комбинаторлық ойлау қабілетін күшейтеді; 
- танымдық, тапқырлық, шапшаңдық қасиеттерін қалыптастырады; 
- шығармашылыққа жол береді; 
- өз бетімен жұмыс жоспарын жасай білуге үйретеді; 
- ұжымдық жұмыс жасай біледі және оған талап қоя біледі; 
- электронды оқулықтарды оқи отырып, пәнге деген ынтасы, қызығушылығы арта түседі; 
- өз мамандығының қажетті салаларын меңгереді [7]. 
Болашақ  маманның  ақпараттық-коммуникациялық  құзыреттілігі  ретінде  біз  оның  өз  пәнін  оқытуда 
жоғарырақ  нәтижелерге жету үшін  ақпараттық технологиялар көмегімен педагогикалық  инновацияларды 
пайдалану қабілетін ұғынамыз. Ақпараттық құзыреттілік технологиялық  ойлаудың жалпыланған іскерлігі 
арқылы көрініп, мұғалім бойында аналитикалық, болжау, жобалау мен рефлексивті іскерліктерінің болуын 
байқатады.  Технологиялық  ойлау  дегеніміз  –  педагогикалық  қызметте  туындап  отыратын  мәселе  негізін 
ажырата отырып, мультимедиалық технологиялар көмегімен оны шешудің тиімді жолдарын таба білу. 
Қазақ халқының көрнекті ағатушысы А.Байтұрсынов мұғалімнің жеке тұлғасы туралы мәселені көтере 
отырып, «жақсы мұғалім мектепке жан кіргізетін... Мұғалім нашар болса, сайлы мектепте отырып сабақ 
бере  алмайтынын»  айтты.  Сондай-ақ  ол  мұғалімдерге  қойылатын  талаптарды  тұжырымдады:  «Бала 
оқытуын жақсы білем деген адам, әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, 
баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек» [8]. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
68
 
 
Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру барысында ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды пайдалану ойлау, шығармашылық әрекеттерінің жаңа формаларын туғызады. Сондай-ақ, 
мұны  адамның  психикалық  үдерістерінің  даму  үдерісі  ретінде  де  қарастыруға  болады.  Осыған  сәйкес, 
болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыру мамандардың кәсіби, 
білікті,  құзыретті,  ізденімпаз,  жаңашыл  маман  болуына  әсерін  тигізеді.  Болашақ  мамандардың 
ақпараттық-коммуникациялық  құзыреттілігін  қалыптастыруда  ие  болатын  дағдыларын  келесі  кестеде 
келтірдік  (Кесте 1). 
 
Кесте 1 – Болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыруда  
ие болатын дағдылары 
 
Болашақ мамандардыңақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыруда  
ие болатын дағдылары 
ақпараттық-комуника-
циялық  технологиялар 
құралдарын  пайдалана 
отырып ақпаратты іздеу, 
жинақтау,  өндеу,  сақтау 
және  әртүрлі  формалар-
да жіберуді іске асыру 
әртүрлі 
программалық 
қосымшаларды  пайдала-
на  отырып,  нақты  жүйе-
лер  мен  оқиғалардың  мо-
делін  өндеу,  талдау  және 
түрлендіру,  сонымен  қа-
тар өз ойларын іске асыру 
кездескен  түрлі  тапсыр-
малар  орындау  арқылы 
өз  логикалық,  алгоритм-
дік,  жүйелік  және  сын 
тұрғысынан  ойлау  қабі-
леттерін дамыту 
бір-бірімен сөйлесу, ақпарат-
пен  алмасу  және  өзара 
жұмыс  істеу  мақсатында 
АКТ құралдарын пайдалану 
 
Болашақ  мамандардың  ақпараттық-коммуникациялық  дайындығының  қалыптастырылуының  маңыз-
дылығы  теориялық  оқу  және  дидактика,  тәрбие  теориясы  мен  тәлімдік  жұмыс  әдістемесі  бағытындағы 
зерттеу жұмыстарының нәтижелері арқылы көрінуде. 
Қорыта айтқанда, қазіргі заманда болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін 
қалыптастыру «оқып үйрену» және өздігімен жұмыс істеу, қызығушылығы бар, сенімді, жауапты және 
зияткерлі тұлға болу қағидасы білім берудің басым бағыттарына әкеледі. 
 
 
1 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2050 жылғы стратегиясы. – Астана, 2012.  
2 Кеңесбаев С.М. Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны 
пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздері // Түркістан, 2006, – 314 б. 
3  Ахметова  Г.К.,  Мұхамбетжанова  С.Т.,  Толықбаева  Ғ.Н.  Педагогтардың  АКТ-ны  қолдану  арқылы 
құзырлылығын қалыптастыру бойынша портфолио. – Алматы, 2012. – 30 б. 
4  Сарбасова  Қ.А.    Инновациялық  педагогикалық  технологиялар  негізінде  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
даярлығын жетілдіру. – Қарағанды, 2005. – 144 б. 
5  Мулдабекова  К.Т.  Ақпараттық  технологиялар  арқылы  болашақ  мамандардың  коммуникативтік 
құзыреттілігін қалыптастыру. – Алматы, 2014. – 161 б. 
6 Амирова А.С. Ғылым мен бастауыш білімнің қазіргі мәселелері. – Алматы, 2015.  390 б. 
7 Устемиров К., Шаметов Н.Р., Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. – Алматы, 2005.  432 с. 
8 Әбділдабек А. А.Байтұрсынов бастауыш мектеп мәселесі хақында //Бастауыш мектеп. – 1992.  №3.  Б.3-6. 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет