Резюме
Акжолова А.Т. – к.ф.н, профессор КазНПУ им. Абая
Важность формирования информационно-коммуникационной компетентности у будущих специалистов
В статье дается определение словам: информация, информационная технология, информационно-коммуника-
ционная технология, информатизация образования, компетентность, информационно-коммуникационная компетент-
ность. В статье рассматриваются такие актуальные вопросы как: возрастание спроса специалистов, владеющих
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
69
знаниями в области информационно-коммуникационных технологий в сфере образования; подготовление к приме-
нению информационно-коммуникационных технологий в использовании не только у технических специалистов, но и у
будущих профессиональных специалистов с высокой информационной культурой; формирование
профессиональной
и
информационной направленности у будущих специалистов в стране. Так же оповещается, что информационно-
коммуникационные технологии в деятельности человека являются неотъемлемой частью нашей повседневной жизни,
включая проникновение во все сферы информационно-коммуникационных технологий, использование различных
средств позволяет работать cразными видами информации, а также облегчает и ускоряет данный процесс. Так же
указаны навыки в формировании информационно-коммуникационной компетентности у будущих специалистов,
которые оказывают влияние быть профессиональным, квалифицированным, компетентным, талантливым специали-
стом; освоение компетентности, с одной стороны, соответствует требованиям времени; с другой стороны, использова-
ние информационно-коммуникационных технологий в качестве новых средств в обучении учебных дисциплин для
интеграции ресурсов и иных технических средств в сфере образования. А также рассматривается важность формирова-
ния информационно-коммуникационной компетентности у будущих специалистов.
Ключевые слова: обновленное содержания знания, информация, информационная технология, информационно-
коммуникационная технология, информатизация образования, компетентность, информационно-коммуникационная
компетентность.
Summary
Akzholova A.T. – k.f.s, associate professor, KazNPU named after Abai
The importance of the formation of information and communication competence of future specialists
In article is given definition to words:information, information technology, information and communication technology,
informatization of education, expertise, information and communication competence. The article excited topical issues: the
increase in demand professionals who own information and communication technologies in education, prepared for the use of
information and communication technologies in the use of not only technical specialists, but also the future professionals with
high information culture, the formation of professional and information orientation in future specialists in the country.Also is
notified that the information and communication technology in human activity is an integral part of our everyday life,
including penetration into all areas of information and communication technologies; the use of different tools simplifies and
speeds up the information and views set out in the work process. Also were listed skills in the formation of information and
communication competence of future professionals, to influence to be a professional, qualified, competent and talented
specialists, development of competence, on the one hand, meets the requirements of the time, on the other hand, the use of
information and communication technology as a new tutorials of learning disciplines to integrate resources and other technical
devices in the field of education. And also discusses the importance of the formation of information and communication
competence of future specialists.
Keywords: renovated contents of knowledge, information, information technology, information and communication
technology, informatization of education, competence, information and communication competence.
ӘОЖ 378.013.42
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТАБЫСТЫЛЫҒЫН
ДАМЫТУДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Үсенова А.М.
–
PhD докторант,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
70
Мақалада болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің әлеуметтік табыстылығын дамытудың диагностикаларының
теориясына қысқаша шолу жасалып, әдістемелері берілген. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қоғамдағы
табыстылығы оның әлеуметтік табиғатымен, оның мәнді бастауымен байланыстылығы туралы айтылған. Жүргізіл-
ген диагностикалау жұмыстары мен қортынды нәтижелеріне талдау жасалған. «Тұлғаның әлеуметтік табысты-
лығын дамытудың негіздері» атты арнайы курс бағдарламасын әзірленіп, қолданысқа ұсынылған.
Кілт сөздер: әлеуметтік табыстылық, диагностика, мотивациялық іс-әрекет, эксперимент әдістеме.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында
«әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, болашақ кәсіби мамандарын даярлау
үдерісінде сапалы кәсіптік білім беру көкейкесті мәселелердің бірі» - деген пікіріне сүйенсек, қарасты-
рылып отырған мәселенің өзектілігі арта түседі [1].
Әдебиеттер талдауы көрсеткендей, біздің зерттеуімізге қатысты бастауыш сынып мұғалімдерін
дайындаудың жалпы мәселелері Ресей ғалымдарының (К.Абдуллаев, С.И. Волкова т.б.) еңбектерінде
зерттелінсе, ал бастауыш білім берудің әдіснамалық, технологиялық, дидактикалық және әдістемелік
аспектілері Қазақстандық ғалымдар: Қ.Аймағамбетова, С.Р. Рахметова, Ә.С. Әмірова және т.б.
еңбектерінде қарастырылған [2]
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге сүйенсек, әлеуметтік табыстылық психология және педагогика
ғылымының әлі де толық зерттелмеген саласы. Адамның қоғамдағы табыстылығы оның әлеуметтік таби-
ғатымен, оның мәнді бастауымен байланысты. Тұлғаның дамуы оның қоғаммен әрекеттестігін көрсететін
өмірдің екі өзара байланысты жақтарының динамикалық тепе-теңдігінде мүмкін: социумға енуі және одан
оқшаулануы, яғни қоғаммен бірге болуы және өзінің әрекетімен бөлінуі, мойындалуы. Сондықтан осы екі
бағыт арасындағы қарама-қайшылық тұлғаның әлеуметтік табыстылығының әлеуметтік-психологиялық
көрсеткіштерін айқындайды. Бұл болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік табыстылығын
дамыту мәселесін өзектендіреді.
Аталмыш мәселе бойынша, эксперименттік-тәжірибе жұмыстары Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінде іс-тәжірибелік сынақтан өткізілді.
Зерттеу бойынша эксперименттік - тәжірибе жұмыстары ұйымдастырылып, экспериментке Абай
атындағы ҚазҰПУ және Алматы университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі»
мамандығының студенттері қатысты.
Анықтау экспериментінің мақсаты – жоғары оқу орны жағдайында болашақ бастауыш сынып
мұғалімі ретінде студенттердің әлеуметтік табыстылығының алғашқы мәліметтеріне сүйене отырып,
дамытудың жолдарын анықтау, сонымен бірге болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік
табыстылығын дамыту моделінің үш компоненттері (мазмұндық, мотивациялық, іс-әрекеттік) бойынша
студенттердің әлеуметтік табыстылық деңгейлерін (жоғары, орта, төмен) айқындау болып табылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері-студенттердің әлеуметтік табыстылығын дамытудың
диагностикасын ұйымдастру барысында біз төмендегідей әдістемелер кешенін пайдаландық:
- тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесі (Т.Элерс) [3];
- «Шығармашылық ойлау» тесті, шығармашылық белсенділік деңгейін диагностикалау, яғни жеке
тұлғаның шығармашылық диагностикасы (Е.Е.Туник) [5];
- тұлға құрылымының мотивациялық диагностикасы (В.Э.Мильман) [4].
Эксперименттік – тәжірибелік зерттеу барысында оқудан тыс әрекетте әлеуметтік табыстылығының
құраушылары ретінде өзінің табысқа жету құндылығы мен мотивациясын қалыптастыруға әсерін зерттеу
мақсатында студенттермен сауалнама жүргізілді.
Т.Элерстің «Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау әдістемесі».
Бастауыш оқыту педагогикасы мамандығының ІІ курс студенттеріне (6 студент), педагогика және
психология мамандығының, орыс бөлімінің ІІІ курс студенттеріне (32) және сонымен қатар ІІ курс
студенттері (23) мен магистратура бөлімінің студенттеріне (26) жауап парағы мен нұсқаулық ұсынылды.
Онда берілген 41 сұрақтың әрқайсысына "ИЯ" немесе "ЖОҚ" деп жауап беру қажеттілігі түсіндіріліп,
студенттердің жауап парағы сауалнаманың кілтімен тексеріледі: "Иә" жауабына 1 ұпайдан мына реттік
нөмірдегі сұрақтарға қойылып, барлығы қосылады: 2–5, 7–10, 14–17, 21, 22, 25–30, 32, 37, 41 және "жоқ" -
келесі: 6, 13, 18, 20, 24, 31, 36, 38 және 39. 1, 11, 12, 19, 23, 33–35 және 40 сұрақтарының жауабына
қосылмайды. Барлық ұпайлар саны қосылады. Табысқа деген мотвацияның интерпретациясы (Элерс
тестінің нормасы): Ұпайлар саны жоғары болған сайын, табысқа деген мотивация жоғары болады. 1
ұпайдан 10 ұпайға дейін - табысқа деген мотивацияның төмендігі; 11 ұпайдан 16 ұпайға дейін - табысқа
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
71
деген мотивация деңгейі орташа; 17 ұпайдан 20 ұпайға дейін - табысқа деген
мотивация деңгейінің аса
жоғарылығы; 21 ұпайдан жоғары - табысқа деген мотивацияның тым жоғарылығы. Студенттердің басым
көпшілігінің табысқа деген мотивацияның төмендігі байқалды (жауаптары бойынша 10-11 ұпай жинаған).
Студенттер жауаптарына Т.Элерс сауалнамасының кілтіне сәйкес талдау жасап, оны төмендегі кестеде
көрсеттік.
Кесте -1. Т.Элерс сауалнамасының нәтижесі
Р/с
Мамандық атауы
Студент
саны
Курс, тобы,
бөлімі
Мотивация
деңгейі –орташа
(пайыздық
көрсеткіші)
Мотивация деңгейі
– жоғары
(пайыздық
көрсеткіші)
1
Бастауыш оқыту педагогикасы
6
ІІ курс, қазақ
бөлімі
47%
23%
2
Педагогика және психология
23
ІІ курс, қазақ
бөлімі
45%
25%
3
Педагогика және психология
32
ІІІ курс, орыс
бөлімі
65%
25%
4
Педагогика және психология,
дефектология, бастауыш
оқыту (магистратура)
26
І курс, қазақ
бөлімі
73%
27%
Келесі әдістеме - Тұлға құрылымының түрткілік диагностикасын анықтау болды (В.Е.Мильман).
Әдістеме тұлғаның жалпы және шығармашылық қабілетіне, қарым-қатынасына, әлеуметтік статусына
және т.б. кейбір ұстанымдарына әсер етеді. Тұлғаның бағыттылығына және жұмысына қатысты сұрақ-
жауап құрастырылады.
Нұсқаулықта: Сіздің өмір салтыңызға және өмірлік ұстанымдарыңызға қатысты 14 дәлел көрсетілген.
Берілген сұрақта 8 нұсқа бар (а,б, в, г, д, е, ж, з). Мақұлданған жауаптың тұсына келесі көрсетілген белгіні
қойыңыз (+) келісемін, (=) әрқалай, (-) жоқ, (х) келіспеймін, (?) білмеймін. Әрбір көрсетілген 1-ден 14-ке
дейінгі сұрақтарға ұзақ ойланбай тезірек жауап беруге тырысыңыз. Жауап қате белгіленбеуін қадағалаңыз
делінген.
В.Е. Мильман ұсынған тұлғаның мотивациялық диагностикасын анықтау үшін педагогика және
психология мамандығының ІІ курс (32 студент) студенттерінен тест алынды.
Нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау. Сыналушының жауаптары баллмен көрсетіледі «+» - 2
балл, «-» - 1 балл , «=» немесе «?» - 0 балл. Баллдар шкала бойынша бағаланады: өмірлік қолдау (ө),
жайлылық (ж), әлеуметтік жағдай (ә), қатынас (қ), жалпы қызмет (жқ), шығармашылық қызмет (шқ),
әлеуметтік пайда (әп). Сосын график құрылады (мотивациялық профиль). Егер сыналушы шкала
бойынша (жқ), (шқ), (әп) жоғары балл жинаса, демек онда «қызметтік» тұлғаның мотивациялық профилі,
ал егер шкала бойынша одан жоғары балл жинаса ө, ж, ә, жқ (немесе басқа шкаламен тең жағдайда) демек
тұлғаның күнделікті мотивациялық профилі көрініп тұр.
Кілт: Өмірлік қолдау – жауабы: 1аб, 2а, 3а, 4е, 5а, 6з, 8а, 10д, 11а, 12а
Жайлылық – жауабы: 1е, 2г, 7в, 8в,з, 9в,г,е, 10г, 12д,е
Қатынас – жауабы : 1в, 2д, 3в, 4б,в, 7б,з, 8б,г, 9д,з,10а, 11г, 12в
Жалпы қызмет (жқ) – жауабы: 1г,з, 4а,г, 5з, 6а, 7д, 9б, 10в, 12з
Шығармашылық қызмет (шқ) –жауабы: 1ж,з, 2е,ж, 3ж, 4д, 5д,е, 6е, 7е,ж, 8д,ж, 10ж, 11з, 12г.
Әлеуметтік пайда (әп)– жауабы: 1д, 2з, 3г,д, 4в,ж, 5г,ж, 6ж, 8е, 9ж, 10б,е, 11е,ж, 12ж.
Бұл шкаладағы балл қосындысы жеке тұлғаның жұмысқа бағыттылығын сипаттайды.
Мысалы, педагогика және психология мамандығының ІІ курс студенті Н. сауалнама нәтижесін талдар
болсақ, «Өмір әрекетінде қандай ұстанымдарды ұстану қажет?» деген сауалға «Ең бастысы – денсаулық.
Өзін және жүйке жүйесін сақтау» деп жауап берген. Жұмыс әрекетінде жұмыс – бұл өмір сүрудегі
қажеттілік деген ұстанымды ұстанса, бос уақытымда орын алатын жағдайлар: демалыс, қызығушылық
деп көрсетсе, ал жұмыс уақытында орын алатын жағдайлар: қосалқы, табыс табу жұмыстары деп көрсет-
кен. Сонымен қатар, студент Н. демалыс уақытында көңіл көтергісі келетіндігін, егер жұмыс уақытын
жоспарлауға мүмкіндік берілсе, онда білімді жетілдіретіндігін және көбіне ортақ таныстары бар ортада
болғысы келетіндігін атап көрсеткен. Сәтсіздікке ұшырағанда қателіктерін түсінуге тырысады және
қазіргі уақыттағы жеткен жетістіктері: басқаларға қажет екенін сезінеді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
72
Студенттің жұмысқа бағыттылығын сипаттау үшін жоғарыда көрсетілген сауалнаманың кілтімен
нәтижелерді өңдейміз. Өмірлік қолдау, жайлылық, қатынас шкаласы бойынша студент жоғары балл
жинап, демек тұлғаның күнделікті мотивациялық профилі жоғары.
Сондай-ақ, осы негізде студенттердің әрбір жауабын жеке талқылап, күнделікті немесе қызметтік
мотивациялық профилін анықтадық.
Нәтижесінде 32 студенттің 7 студентінің, яғни күнделікті мотивациялық профилі жоғары болса, ал 12
студенттің, қызметтік мотивациялық профилі төмен екендігі анықталды.
Келесі сауалнама мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, педагогика және психология, бастауыш
оқыту педагогикасы мамандықтарының магистратура бөлімінен (26 магистрант), педагогика және психо-
логия мамандығының І курс (25 студент), ІІ (33 студент), бастауыш оқыту педагогикасы мамандығының
І курс (25 студент) және ІІІ курс (4 студент) студенттерінен алынды. Сауалнама 18-27 жас аралығында
жүргізілді. Студенттерге оқу жылында орын алған факторларды белгілеулерін сұрадық. Сауалнама сіздің
оқуыңызда табысқа жетуіңізге өз үлесін қосқан және сіздің табысқа жетуіңізге не кедергі болды деген
факторлар негізінде құралған. Табысқа жетуге үлес қосқан факторлар: еңбек жағдайы, ыңғайлы кесте,
үйден қашықта жүретін жұмыс, менің тәртібім, өз жұмысымды орындауға қызығушылық т.б., ал табысқа
жетуге кедергі болатын факторлар: жұмыс кестесі ыңғайсыз, үйден қашықта жүретін жұмыс, ата-аналар,
әріптестер мен басшылықтың әлеуметтік жағдайы, жұмыстың дұрыс жоспарланбауы т.с.с. Студенттерден
алынған сауалнаманың нәтижесі төмендегідей:
Мамандық
Курс, студент
саны
Табысқа жетуге үлес қосатын
факторлар
Табысқа жетуге кедергі
факторлар
Педагогика және
психология
І курс, 25
студент
Ыңғайлы кесте;
Еңбек жағдайы;
Тұрақты бақылау;
Белгілі
сабақтарды
өткізетін
мұғалімдердің болуы
Ыңғайсыз кесте;
Басқа жұмыстардың кедергі
болуы;
Іс-шараларды атқаруға уақытым-
ның болмауы;
Педагогика және
психология
ІІ курс, 33
студент
Ыңғайлы кесте;
Өз
жұмысымды
орындаудағы
қызығушылық;
Белгілі
сабақтарды
өткізетін
мұғалімдердің болуы
Ыңғайсыз кесте;
Біліктіліктің төмендеуі
Бастауыш оқыту
педагогикасы және
әдістемесі
І курс, 25
студент
Жеке жұмыс тәжірибемнің болуы;
Ыңғайлы кесте;
Ұйымдағы қолайлы ахуал;
Ыңғайсыз кесте;
Басқа жұмыстардың кедергі
болуы;
Іс-шараларды атқаруға уақытым-
ның болмауы
Бастауыш оқыту
педагогикасы және
әдістемесі
ІІІ курс, 4
студент
Өз
жұмысымды
орындаудағы
қызығушылық;
Біліктілікті
жоғарылату
үшін
курстардан өту
Біліктіліктің төмендеуі;
Жоғары тығыздықтағы жұмыс
жоспары
Педагогика және
психология,
мектепке дейінгі
оқыту, бастауыш
оқыту педагогикасы
мамандықтарының
магистратура бөлімі
І курс, 26
магистранттар
Ыңғайлы кесте;
Еңбек жағдайы;
Тұрақты бақылау;
Бір айлық іс-шаралардың нақты
жұмыс жоспарының болуы;
Өз
жұмысымды
орындаудағы
қызығушылық;
Менің тәртібім
Белгілі
сабақтарды
өткізетін
мұғалімдердің болуы
Жұмыс кестесі ыңғайсыз;
Жоғары тығыздықтағы жұмыс
жоспары;
Қолдан келмейтін немесе қажет
емес жұмыстың тапсырылуы;
Басқа (жоспарда жоқ) жұмыс-
тардың кедергі болуы;
Іс-шараларды атқаруға уақытым-
ның болмауы;
Біліктілікті жоғарылату үшін
курстардан өту
Қорытындылай келе, педагогика және психология мамандығының І курс студенттерінің 89%-ы табыс-
қа жетуге үлес қосатын факторлар ыңғайлы кесте, еңбек жағдайы, тұрақты бақылау, белгілі сабақтарды
өткізетін мұғалімдердің болуы деп, ал 87%-ы табысқа жетуге кедергі келтіретін факторлар ыңғайсыз
кесте, басқа жұмыстардың кедергі болуы, іс-шараларды атқаруға уақытымның болмауы деп есептесе,
ІІ курс студенттерінің 91%-ы ыңғайлы кесте, өз жұмысымды орындаудағы қызығушылық, белгілі сабақ-
тарды өткізетін мұғалімдердің болуы деп, ал 82%-ы табысқа жетуге кедергі келтіретін факторлар ыңғай-
сыз кесте, біліктіліктің төмендеуі деп есептейді екен.
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
73
Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығының І, ІІІ студенттерінің жауаптарына
талдау жасар болсақ, І курс студенттерінің 94%-ы табысқа жеткізетін факторлар жеке жұмыс тәжіри-
бемнің болуы, ыңғайлы кесте, ұйымдағы қолайлы ахуал деген нәтижені көрсетсе, 91%-ы табысқа жетуге
кедергі келтіретін факторлар өз жұмысымды орындаудағы қызығушылық, біліктілікті жоғарылату үшін
курстардан өту деген нәтижені көрсетіп отыр. Ал ІІІ курс студенттерінің 93%-ы табысқа жеткізетін өз
жұмысымды орындаудағы қызығушылық, біліктілікті жоғарылату үшін курстардан өту деген фактор-
ларды көрсетсе, 95%-ы біліктіліктің төмендеуі,жоғары тығыздықтағы жұмыс жоспары деген факторлар
табысқа жетуге кедергі келтіреді деп есептеген.
Педагогика және психология, мектепке дейінгі оқыту, бастауыш оқыту педагогикасы мамандықтары-
ның магистратура бөлімінің І курс студенттерінің 94%-ы ыңғайлы кесте, еңбек жағдайы, тұрақты бақы-
лау, бір айлық іс-шаралардың нақты жұмыс жоспарының болуы, өз жұмысымды орындаудағы қызығу-
шылық, менің тәртібім, белгілі сабақтарды өткізетін мұғалімдердің болуы деген факторлар табысқа
жетуге үлес қосады деп есептесе, ал 95%-ы оқуда табысқа жетуге кедергі келтіретін факторлар жұмыс
кестесі ыңғайсыз, жоғары тығыздықтағы жұмыс жоспары, қолдан келмейтін немесе қажет емес жұмыс-
тың тапсырылуы, басқа (жоспарда жоқ) жұмыстардың кедергі болуы, іс-шараларды атқаруға уақытым-
ның болмауы, біліктілікті жоғарылату үшін курстардан өту деп есептейді екен. Сонымен, жоғарыдағы біз
өткізген диагностиканы қорытындылай келе, зерттеу мәселемізге қатысты болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің табысқа деген түрткілік деңгейі әлі де болса өз шешімін таппаған екенін анықтадық. Осы
мәселенің шешімі ретінде студенттердің әлеуметтік табыстылығын дамытуға бағытталған « Тұлғаның
әлеуметтік табыстылығын дамытудың негіздері» атты арнайы курс бағдарламасын әзірлеп, ұсындық.
Курстың мақсаты: заманның талабына сай әлеуметті табысты тұлғаны дамытуға жағдай жасау болды.
Резюме
Усенова А.М. – PhD докторант, Казахский национальный педагогический университет им. Абая
Организация диагностики развития социальной успешности будущих учителей
В данной статье был сделан краткий теоретический анализ диагностических методикразвития социальной
успешности будущих учителей начальных классов. Показана заимосвязь социальной успешности будущих учителей
начальных классов с их социальной природой и инициативой. Автор обобщил и проанализировал результаты
проведенного диагностического исследования. В статье предложена к использованию программа специального
курса «Основы развития социальной успешности личности».
Ключевые слова: социальный успешность, диагностика, мотивационный деятельность, эксперимент,
методика.
Summary
PhD students, Kazakh National Pedagogical University named after Abai
Organization of diagnostics of social success of future teachers
This article concludes the outcome of the research which has been done to find out the theoretical analysis of diagnostic
methods of development of successfulness of future primary school teachers. The correlation between social successfulness of
future primary school teachers with their social nature and initiative was shown. The author summarized and analyzed the
results of provided diagnostic studies. The article suggests the use of special program of the course “Basics of social
successfulness of an individual”.
Key words: success, social success,
diagnostics
,
Достарыңызбен бөлісу: |