Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет30/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   106
Қаракөзге
)
.
Күннен күн өтіп келеді. Көрмесем 
деген күнге тақап келеміз. Бүгінгі ақ күн, бүгінгі ақ кеш, онан 
соң қоштасу... Көз тіріде айырылу. Сен жат елдің жесірі, жат 
ауылдың келіні боласың. Ерке тотым Қаракөз!
Сен бүгіннен соң маған бөтен боласың. Әлдекімнің жары 
боласың. Көрмесем деген күнді мен шынымен көремін бе? Мен 
сонда не боламын? Кімді іздеп өмір сүремін... Жұртта қалған 
жетім қозыдай осы сайды күзетіп қалғаным ба?
Қ а р а к ө з (
мойнынан құшақтап отырып
). Қайтейін, кү-
нім?!. Мен құтты орныма қондыра көр деп кімді асықтырдым? 
Мен де не ерік бар, мен жатқа кеткенде қызық іздеп кетемін бе? 
Не қызық іздеп барамын?
С ы р ы м . Ендеше неге кетесің? (
Қаракөз үндемей қалады.
)
Д у л а т (
Салдың бірі қолында домбырасы Ақбалаға жа-
қын дап келіп
)
.
Жаным-ау, әлі осы мен ай қарап отырмын ба? 
(
Өлеңдетіп.
)
Күндіз-түні ел шарлап,
«Қыз-қыз-ай» деп жас парлап,
«Ақтамақ» деп жыл сарнап,–
Жүргендегі іздегенім осы тұрған Ақбала... 
Бәйтеректей жапанда жалғыз біткен тақ бала емес пе еді? 
(
Құшақтайды.
)
А қ б а л а . Адасып жүріп айға бата қылғандай, аяқсыз жүріп 
кез келгеніңді мен қайтейін. (
Құшағынан босанады.
) Біз десең 
бұрын көрмеп пе едің... Мазағыңа жоқпын жаным. (
Күледі. Бәрі 
де сейіл қып, құшақтасып сахнадан кетіп қалады.
)


203
С ы р ы м . Мені тойымсыз қылып жүрген құмарлық болса, 
Қарауылдың өзге қызы мен қызығы жетпеп пе еді? Сені қара 
түнде қауіп үстінде ажалдан айырғанда, ақ боранда даладан 
тапқанда, енді айырылмастай болып табыстық деген жоқ па 
едік?
Қ а р а к ө з . Оның несін айтасың, мен мұның бәрін өтірік 
деп тұрмын ба? Мен сол уәдені, сол түнді ұмыттым ба? Маған 
да сен болмасаң, өзге кісінің басы қайғы болар ма еді? Сен 
болғандықтан менің қайғым жанымды жеп жүрген жоқ па?
С ы р ы м . Сырым сені жалықтырған шығар әлде? Сы-
рым сал... Оның қонарын сай біледі, көшерін жел біледі. Оны 
сүйетін туысқан жоқ. Ағайыны жатша қуып жау санайды. Ол – 
жал-құйрығы келте біткен тұлдыр. Ол – жаманатты тентек. Ол 
шешесінің теріс батасын алған. Теріс батаға кездескен жол-
сыз... Сондықтан оны тастаса да түк етпейтін шығар... Әлде 
осыны ойлаймысың? Маған барыңды айтып кет. Өмір бойы 
осы қинау жеткен жоқ па? Неге келдің? Мені неге келтірдің? 
Баяғы қорғаншақтық болса, мені неге шақырдың?..
Қ а р а к ө з . Сағындым, көргім келді, сондықтан шақырттым. 
Әйтпесе менен бір ой шығады дедің бе?..
IV көрініс
Салдар кіреді.
Д ә у л е т к е л д і
Қ о с к е л д і
(
Бәрі қосылып
)
Д у л а т
Ақбала! Мен қайтейін қабағыңды? (
Толқыма
)
Әлі де ұмытқам жоқ баяғыңды.
Келген сайын ұрысып дарытпайсың,
Қашан түзу басасың аяғыңды?
Ақбала! Мен кенейін тамағымды,
Сендей қайтіп ұмытам қарағымды.
Елжіреттің, еріттің, қызықтырдың,
Кәнеки, көтере бер тамағыңды.
Үш сал жан-жағынан құшақтап келіп сүйіп, ойнап, сырласып өтіп кетеді.
С ы р ы м . Сені көзім көріп тұрғанда, мен зорлыққа көне ал-
маймын. Сен мен үшін, мен сен үшін жаралғанмын. Еркем, мен 
жатқа бере алмаймын. Сен менен кетсең, құшағым бірге кетеді. 


204
Менің серіліктен айырылғаным – тірідей өлгенім, шала жанып 
сөнгенім, сенсіз маған дүние тұл, өрттен қалған денем күл... 
Өртеймін десең, өзің біл. Болмаса, сенсіз қалған Қарауылдың 
жайлауы көр емес пе?.. Сен кеткен соң жарық айлы түн, 
жұлдызды жарық кеш неге керек?.. Қалған дүние, қалған өмірді 
көргенімше – екі көзім көр болсын... (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет