Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет58/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   106
Ақбалаға 
оңашалап.
) Мен бір суық естідім. Осындағы қатын-қалаштың 
аузына да жайылыпты. Ол тағы не сұмдық? Сен білуші ме едің? 
Ауылға, аруаққа нұқсан келтіретінін ойлаймын деймісің сен? 
Сезгеніңді айтпай, ішіңе тығып жүрсің-ау, дәу де болса!
А қ б а л а . Несіне тығайын. Көзжақсымның ырза еместігі 
Наршаға да мәлім болыпты. Білгенмен, мен қайтейін?
М ө р ж а н . Нарша да біліпті дейді? Шынымен-ақ менің 
асыраған балам жаманатты болғаны ма? Мұның не білген 
ойы бар? Шақыр мұнда Қарагөзді! (
Қыз кетеді.
) «Жетім 
қозы – тас бауыр» деп, қанаттыға қақтырмай, туған шешесін 
жоқтатпаймын деп келсем де, бар қадір-қасиетімді басқа 
тепкені ме?! (
Ақбалаға.
) Мұны бұзып жүрген кім? Наршадан 
асып тапқаны қайсы, менсінбегенде?
А қ б а л а . Әже, «Наршаны жақтырмады» дегені болмаса, 
басқа бір кісі бар деп ешкім ешбір сөз айтпайды. Мен де түк 
білмеймін.
М ө р ж а н . Я, сенгенім-ақ!.. Соның сенен жасырын қойма-
сы бар шығар! Баламның ойын бұзатын әзәзілді иіскемей-
ақ білемін. Жеңгемін деп қас істемейтін істі сен сияқтылар 


267
істейтінін сезбейтін шығармын!? Тек қонақ аттансын, тап сенің 
ініңе су құярмын, бәлем! Білдің бе?!
Көп қыз-келіншек нөкерімен сәукеле киген Қарагөз келе жатады.
Қарағым, неге жүдеусің? Мынау отауыңа «ұзағынан сү-
йіндір» деп оң аяғыңмен аттап кір. Атаң – күйеу, анаң – келін 
боп тілеу тілеп кірген ақ күмбезі осы болар!
Қарагөз кірмей, үндемей тұрады.
Кір, жарығым, жасық боламысың, шіркін, әлде немене?
Қ а р а г ө з . Әже-ай, кірерміз де, шығармыз да. Оның несін 
ырым қылдың? Қай қыз «сапарымды оңда» деп тілеу тілемейді 
дейсің? Соған қарап бағы ашылар болса, кім тілемес? Жылы 
ұядан шығып, жат қияға кетіп барам, одан да батаңды берсеңші!
М ө р ж а н . Менің бата бермей жүрген балам ба едің сен?.. 
«Ана сүтті, ақ батамды ақтамасаң – саған серт, тілеуіңді 
тілемесем – маған серт!» дегенім қайда? (
Пауза.
) Басқан ізіңнен 
сынайтын жаттың ортасына барасың, сақ бол! Өркөкірек қып 
өсірген өзім едім, өлшеуіңнен аума, жаным!
Қ а р а г ө з . Әже, мені бір шаруаға шақырттың ба? Әлде бір 
айтпағың бар ма еді?
М ө р ж а н . Иә, қарағым, айтпағым бар екені рас. Сенде 
осы қызығын қызықтағысы келмеген жадаулық бар дейді. Мен 
сенің жолыңда жаным шықсын деген анаңмын. Саған жаманат 
тағылғанша, менің кәрі басыма ол қайғыны салғанша құдайдың 
алғаны артық деп жүрген адаммын.
Қ а р а г ө з . Мен сонша жаманатты болыппын ба? Не 
істеппін?
М ө р ж а н . Сенің қабағыңа қарап, Нарша да жүдеп отыр 
дейді. Оның да көңілі сынық сияқты маған. Осыдан артық 
сұмдық бола ма? Бұл ма еді менің күткен күнім? Осыны тойға 
жиылған өсекші қатындар тобы сусылдап, ордалы жыландай 
ысқырып өсекке таңып, жұртқа жайып барды дейді. Қарағым, 
мен сенен мұның жай-жапсарын сұрамаймын.
Қ а р а г ө з . Неге сұрамайсыз? Мені бұл болмаса – күл бол-
сын дегеніңіз бе? Әйтпесе қызының күйін шеше сұрап білсе, 
мін болар ма еді?
М ө р ж а н . Жоқ, жаным, маған сұратпа! Маған ол күйігіңді 
тарттырма! Осы білгенім де жетер. Шешеңнің ауыр салмақ 
көтерер сиқы жоғын ойла! Мына тойыңды қуанышпен өткіз! 


268
Жабығып, жасытпа жолдасыңды. Ондағы мен мұндағы еліңнің 
жүрегін мұздатпа!
Қ а р а г ө з . Кім болса да қолынан келгенін істер...
М ө р ж а н . Балам, жоқ сұмдықты бастама! Жұрттан естіп 
жатқан суық сөз де жетер! Салғыласпа енді менімен! Болды 
енді, үйге кір!
Қыздар үйге кіреді. Күйеулер тобы шығады. Бір бөлек құда-құдағилар.
(
Мөржан Наршаның алдынан.
) Қарағым Нарша, ұзағынан 
сүйіндірсін! «Қыз алғанша – қайын жуан, қыз алған соң – 
күйеу жуан» деген! (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет