269
А с а н (
өлеңдете сөйлеп
)
.
Д а у ы с т а р . Салдар, салдар келеді! (
Жол беріседі.
)
А с а н (
Сырымға
)
.
Қай топқа қосыласың?
Ж а р ы л ғ а п . Қай топқа қосылғаны несі? Бұл еркек емес
пе, еркекке қосылады да.
М ө р ж а н . Оны істесе, Сырым бола ма?
С ы р ы м (
өлеңмен сөйлейді
)
.
Күлген кісі күлер,
Күлмегенің түнер.
Тілі орамды ілер,
Мұндайда ақын бір түлер.
Түлегенде не дер –
Оны Сырым білер.
Жалғыз-ақ топтан тілек бар:
Тентек
атты Сырым ғой,
Не сөз айтса албырта
Қайнамасын жігер!
Д а у ы с . Әй, байғұсым-ай! Жүрек шерін тарқатар көсем-
серкем осы да!
Сырым жолдастарымен үйге кіреді. Үлкендер ұнатпайды.
М ө р ж а н (
Жарылғапқа
)
.
Осы сияқты ыбылыс-жынның
жүрісін көрмесем деп ем! Бүгінгі күн тағы кез келтірді ме?
Ж а р ы л ғ а п . Оның дағы жүргені аруақтың арқасы шығар.
Қайтуші
едің жатша қуып, жатбауыр қып қайтесің?
М ө р ж а н . Мен қойдым... Бірақ бұл жүрген жерден береке
шықпайды. Айтпадың деме!
С ы р ы м (
Қарагөзге
). Қалқашым, мен бүгін текке қалам
деп келгем жоқ. Баласы жауға тұтқын боп, өзіне оқ тиген жара-
лы жыртқышың – мен бүгін. Сені қамаған топты қуанта алма-
сам, ұрыспа!
Қ а р а г ө з . Мен сөзімді айтқанмын, Сырым. Именерім жоқ.
Өзің біл!
А с а н (
тобымен «жар-жар» бастайды
)
.
Жар-жар
айта біз келдік, еркем, сізге, жар-жар!
Айтысқан сөз жарассын сіз бен бізге.
Қуанышты тойыңды құттықтаймын,
Тілеу тілеп алдыннан үй мен түзге, жар-жар!
Еркелетіп өсірген бетін қақпай,
Жар атын да айтпаған зорын таппай,
270
Көп
тілеулес ағайын ортасында
Бетін аштық сол сөздің келген ашпай, жар-жар!
С ы р ы м (
өз тобымен
).
Жар жақсы деп жаршылар көп айтады, жар-жар!
Өмір көркі жарменен деп айтады.
Жігіт айтса – күлкімен айтар сөзін,
Қыз
жыласа уайым жеп айтады, жар-жар!
Мен жырласам – жылаймын қайғымды айтып, жар-жар!
Іштегі өртті тығамын айтпай қайтіп?..
М ө р ж а н (
шыдамай айқайлап
)
.
«Кер кеткеннің аузынан
ке сел ді сөз шығады» деп, Сырым айтып тұрған сөз ғой мына-
ның бәрі...
Т о й с а р ы . Ұрыспаңыз, бәйбіше, бұ да біралуан сөз шығар.
«Жар-жарда» әйел, бала «ырза болдым» деген сөз сөйлеуші ме
еді, тәйірі? (
Достарыңызбен бөлісу: