292
Б а л ы қ ш ы ш а л . Айтса-айтпады, қайыптан қайран күт-
кен біз емес пе? Неге шашып жүрсің деймін дүниені
біздер
үшін?
С ы р ы м . Ой, тәңір-ай, мен дүние қуып жүрмін бе? Уа,
дүние мені қуып жүрген жоқ, па, қартым-ау?
Е г і н ш і ш а л . Ал бізді айтсаңшы! Біз тегіс «кедейліктің
уын жесек те, арам жемейік» деген кер кедейміз. Имандай сы-
рымыз бұл. Әлде шашып-төгіп жүргенің кісінікі ме,
жаттың
дүниесі ме?
С ы р ы м . Қоймадың ғой мүлдем, қайран адал бақырларым!
Енді жөнімді айтпай болмас! Шашып-төгіп жүрген дүнием
өзімдікі болмаса да, жаттікі емес.
Е г і н ш і ш а л . Ол қалай?
Б а л ы қ ш ы ш а л . Мәні қалай мұның?
С ы р ы м . Нәсілі жеті-сегіз атаға жеткен Өсердің бір жұра-
ғаты – менмін. «Отыз ауыл Өсер дейді...» Содан менің алмаған
үлесім, ортағым, еншім бар.
Е г і н ш і ш а л . Ендеше, ақы-адал мүлік екен, неге оны ал-
май шашасың?
С ы р ы м . Адал деп ақтамаймын.
Б а л ы қ ш ы ш а л . Уа, неге? Ата-мүлкің адал емей немене?
С ы р ы м . Арғы атадан бүгінгі балаға дейін жинағандары он
қос жылқы болған. Санын атасам – он бес мыңға тартады. Со-
ның көбі, бағып тұрсам, жылаған нәсілдің көз жасы дедім де,
жирендім.
Е г і н ш і ш а л . Кімнің көз жасы дейсің?
С ы р ы м . Өңшең қыршын жас – қор болған қыз көз жасы...
Бұл ауылда қызды «қырық жылқы» деп атады. Менің көзіме
де көңіліме сол он қос жылқыда күңіреніп кеткен көп қыздың
қайғы-қасіреті шұрқырап, шер күңірентіп жүргендей. Қысқасы,
осындай сан жайдан өртендім де, өшіктім. Өсер мүлкіне... Сен-
дерге адал бұл дүние, ала беріңдер!.. Көңілің соқса – көлік ет,
қарның ашса – азық ет, түге!
Б а л ы қ ш ы ш а л . Несін айтайын, Сырымжан, бұл теңіз-
дің мынау өңірінде аты жоққа – ат, асы жоққа – ас болдың ғой,
қайран жас! Бірақ бәр-бәріңнен сенің әнің, өнерің бізге қандай
сый болды! Үйлеріміздегі
бала-бақырларымыз боп сенен
естіген ән мен сөзге имандай ұйып отырғанымыз жоқ па?
293
С ы р ы м . Ой, қадірлі қартың-ай!.. Оның да менде бүгін
қалып жүргені – тек тамтығы ғой.
Д у л а т . Бәсе, бізде бүгін ән қалып па еді?
Е г і н ш і ш а л . Неге? Неден опық жегенсің осы сен?
Қыршын жас! «Дос» дедің, «елім» дедің бізді, «Ерім» дедім мен
дағы, міне. Енді сол сыр-шеріңді айтып бер бізге, шерлі жас.
С ы р ы м . Не деп айтам онымды... О-о-о! Жарам бар, ата-
аналар. Жазылмас жарам жатыр. Сырт жарасы емес, іш жарасы.
Найза жарасы жазылады, жан жарасы жазылмас... Жалғызым,
жарым жарасы. Жарымды алма, жанымды ал дедім! Оны ал-
май, жарымды алсаң, есімді қоса ал дедім тым құрыса... Бірақ
бұл тілекті менен бұрын ол тілепті, жарығым... Қарагөзім!..
Қарагөзім!.. Дариға-ай!.. (
Достарыңызбен бөлісу: