Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет57/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   106
ЕКІНШІ АКТ 
Екінші сурет
Той күні. Бір топ әйел оқшау тігілген отауды көріп жүр.
1-ә й е л . Қыздың отауы осы ғой. Анау дөдегелерінен танып 
тұрмын. Ұзынтұра қайнағаның бәйбішесі істеген. Іші қандай 
екен, кірсек қайтеді? (
Үйге кіріседі.
)
3-ә й е л . Алған малын түгел жұмсайым деп отыр десіп еді 
семіз бәйбішені.
2-ә й е л . Түгел жұмсап құтырып па? Онда қыздан олжа 
қылғаны қайсы?
1-ә й е л . Бәсе, «бұл ауыл қыз сатумен байыған ауыл» деп 
сөйлейтін қауесет бар ғой.
3-ә й е л . Бәсе, тегін болмас сол сөз. Пәлен-батыр мол жаса-
уы көрінбейді ғой.
1-ә й е л . «Бұл жолы бермеймін, жасау-жабдығы дайын 
емес», – дескен екен. Қарагөздің наразы боп жүргенін сезіп, 
тоқтатпай беретін болыпты ғой.
2-ә й е л . Қарагөзді жолдан аздырып жүрген кім екен, ей?


265
1-ә й е л . Досы кім екенін білген жан жоқ дейді. Әйтеуір 
мына күйеуге ырза емес деседі.
3-ә й е л . Көрейікші күйеуін! Бұл үйді «жар-жарға» дайын-
дап қойған-ау, тегі.
2-ә й е л . Қыздың «жар-жарын» кім айтар екен?
1-ә й е л . Жүр ғой осында салдар. Сырым да жүр екен. Бұл 
жолы қайтер екен? Өзгенің қызын ұзатарда «күйеуіне ырза 
емес» деп қайдағыны айтушы еді. Айтқыш болса, Қарагөздің 
наразылығын айтсыншы, көрейік!
2-ә й е л . Сырым тайсалар деймісің? Бұл күйге шейін ой-
қырына қарап көрген жоқ. (
Тамсанып.
) Осы біртүрлі-ау өзі. 
Бетің бар, жүзің бар демейді.
3-ә й е л . Мен тіпті жүзіне қарауға шыдай алмаймын кейде. 
Тек бір алмасы бар сияқты.
2-ә й е л (
күліп
)
.
Құрып қалғыр, қызығып жүр екенсің-ау!
1-ә й е л . Қызықса несі бар. Жас болмап па жұрт?
Табақшылар өтіп жатады.
1-т а б а қ ш ы . Ей, қатындар, кісісі жоқ үйді айналдырғанша, 
ана ізденіп отырған жігіттерге – күйеулер үйіне барсаңдаршы!
2-т а б а қ ш ы . Тым-ақ мөлдіреп тұр екен. Бұларды кім ке-
рек қыла қойсын?
2-ә й е л . Етіңді тасы жөндеп. Саған «жігіт тауып бер, басы-
мызды өткізе алмадық» дедік пе?
1-ә й е л . «Жігіт қарамады» деп саған жалындық па? 
Сұқсырдай неме! (
Күліседі.
)
3-т а б а қ ш ы . Бүлінбей-ақ қойыңдар. Сендерге де өліп-
талып тұрған кісі жоқ. Не қылсын өңшең ашамайдай қып арса-
арса кәріні!
Бұл топ кетіседі. Екі келіншек ерткен Ақбала келеді.
А қ б а л а . Ол жібекті мына шымылдыққа іл, оңайға қой
жар-жаршы кыздар жамылады.
1-к е л і н ш е к . Жігіт жағынан «жар-жар» айтатып Асан бо-
лады. Ол бір самар көрінеді. Қыздар ештеңе айта алар ма екен?
2-к е л і н ш е к . Е, айтпай, бүгін туып па? «Жар-жарды» 
Еркемнің өзіне айтқызса, Асанның әдібін қолына берер едіі 
Ұзатылатын қыз болған соң, иба қылады ғой. Болмаса, Сырым-
нан екі елі айырылмай, өлең мен ән үйреніп, ойын-тойда тамам 
қыздың алдына түсуші еді.


266
А қ б а л а . Олар үшін айтатын кісі табылар. Молда жігіт 
дағдысынан жаңылмаса, жігіттерге қосылар деймісің!
1-к е л і н ш е к . Әжемнен қаймықпаса, ұрсады деп!
А қ б а л а . Қаймығатын кісіні тапқан екенсің!
2-к е л і н ш е к . Япыр-ай, әжемнен бай ауылының бар еркегі 
осы күнге шейін қорқып, сыйлап тұрады. Сырым неге соларша 
именбейді?
А қ б а л а . Жас күнінде өз шешесі өлгеннен бері жатбауыр 
болып кетті дейді ғой.
1-к е л і н ш е к . Болса болар-ау! Өзі мына шешесінен өгейлік 
те көріпті ғой бала кезінде.
Қолында таяғы бар, жуан, семіз бәйбіше – Мөржан шығады. Жанында 
күтуші қыз.
М ө р ж а н (
отаудың есігінен қарап
). Болдыңдар ма, түге? 
Ақбала, мұндамысың?
А қ б а л а . Болдық, әже!
М ө р ж а н . Тысқа кілем әкеліп жайыңдар! Жұрттың бәрі 
үйге сыя ма? Қарагөз аттанғанша, күйеулерді төбеңнен тік жүріп 
күт! Қарагөз қайда өзі? Ол үйінде неге отырмайды? (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет