келін сәлем еткенде, Тектіге
)
.
Көрімдігін айтыңыз!
Балаларыңның ішінде көркемдігі көп, ақылы артық келінің!
Жал ғыз қара болмасын. Түйе болса – боталы, бие болса – тай-
лысы.
Т е к т і . Қалағаның болсын! (
Жұрт күледі.
)
278
А с а н .
Тым болмаса ен салдыр,
Түйенің кенже ботасы,
Биенің кіші тайына.
Малға шамаң келмесе
(
Күлкі.
)
Берсең де ырза боламыз
Қаптағы құрт пен майыңа.
Қайнағаға бір сәлем!
Шымылдық түріліп, сәлем етіледі.
Т о й с а р ы . Ауданыңа атақты, ағайынға қадірлі, аулыңның
көркі бол, қарағым! Қосағыңмен қартаятын күнге жеткізсін!
Үбірлі-шүбірлі бол!
К ө п д а у с ы . Бәрекелді, айтқаның келсін! Айтқаның кел-
сін!
А с а н (
Тойсарыға
)
.
Келін-келін, келіңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Ала-құла демеңіз,
Түсін айтып беріңіз!
Т о й с а р ы . Ентелеткеніңмен, саған мал берем деп өлең
айт қызғаным жоқ. Ақ тілеуіммен Қарагөзді ырза қылсам болға-
ны. Атын айтпай-ақ айта бер қалған сөзіңді!
А с а н .
Қойды берсең – қоңырдан,
Өсеріне оңынан.
Абысынға бір сәлем.
Бұрынғыдай сәлем етіледі.
Т е к т і . Асан, балаларды шаршаттың ғой деймін. Өлеңің де
бітті ғой. Енді рұқсат қылайық, үйге кірсін.
Бұл уақытта сахнаға Мөржан бәйбіше де нөкерімен келеді.
А с а н . Өлең біткеннен Құдай сақтасын! Әншейін өздерің
үйге кірсін демесеңдер, мен ала қаптың аузын жаңа ғана аш-
тым.
Келіндер үйге қарай жүреді. Асан өлеңдете сөйлеп:
Жаңа өмір, міне, туды атқан таңдай,
Балалық дәурен өтті, кетті шалғай.
279
Қызыл жібек шымылдық мұнда әкелді,
Ақ үйің алтын сарай енді болғай.
Ағайын тілеуінде бірі қалмай,
Көп тілеуі қалған жоқ, сірә, болмай.
Атта да оң аяқпен босағаңды,
Тілеп кір «бере гөр» деп өмір балдай!
Т о й с а р ы . Бәрекелді, жақсы айтасың, айтқаның келсін!
Қарағым, келін, осының тілегін сен де тілек қыл. Артыңды
онда көгертіп, алдыңды мұнда жасартсын!
Келіндер мен салдар үйге кіреді.
М ө р ж а н . Қарагөзім ақылымен толғанса, кімнен кем бо-
лар дейсің. Қойнымдағы алтынымдай сақтаған асылым емес
пе? Құдай бұйырып, аруақ қолдаса, әлі-ақ аулыңның басы бо-
лар! (
Кетіседі.
)
Н а р ш а (
төмен салбыраған қалпынан көтеріліп, Қарагөзді
оңаша ертіп бері шығады
)
.
Қарагөз, ондағы – ол еді, бүгін
міне – мұнда келіп көріп тұрғаным тағы мынау! Осындай от-
тай шарпыған ұят тегі жалғыз мені ғана ұялта ма, әлде саған да
шарпи соғары бар ма? Шынымен-ақ осының бәрі үшін мен ғана
күйіп-жанып жерге кірейін бе?
Қ а р а г ө з . Рас, сіз шын қиналыпсыз! Сізге солай батқаны
маған да батады.
Н а р ш а . Бәсе, біз ерлі-зайып, ер мен жар болсақ, ортақ
емес ие еді мұндайлық жара-жаза дерттері!
Қ а р а г ө з . Тек жазықты сіз де емессіз, мен де емеспін!
Дерттің шыны сонда ғой...
Н а р ш а . Сырымның аузынан шыққан ащы сөзді мен
айтқызғам жоқ қой. Айтқызбақ түгіл, өзіме сермелген сон-
дай қанжар сөзді жатқа да тілемес едім, Қарагөз!.. Бірақ сенің
ықтиярыңнан тыс, сен тілемеген, сенің рұқсатың болмаған жай
болса, оны айтуға қай ауыздың жөні бар еді?!
Қ а р а г ө з . Оныңыз рас болғанмен... жөні-шыны, мәні-
сыры басқа күй тағы бар ғой! Мен тұсаулы болғандығым үшін
күйікті болсам қайтейін!..
Н а р ш а . Ойпыр-ай, Қарагөз-ай, не дедің? Бұлай болғанда,
біз ақ тілеу, ақ бата, жазықсыз ата-ана қосқан жас зайыптар
емес, тұсау мен бұғаудағы, айдау-жазадағы сорлылар екеміз
ғой!.. Осы ма еді айтпағың?
280
Қ а р а г ө з . Сол айтқаныңыздың бәрі болмастан, түу бастан
тек өзіңізбен өзім болып ұшырассам... басқа болар ма еді менің
жұлдызым! Жаңағы атағанның бәрінің аты, жиын аты, еріксіздік
болса, менің бүгін үріккенім, жатырқаған қарсылығым, сізден
де тітіркене тартынуым – бәрі сол зорлықтан болып жатса – не
дейін? Сіздің адамшылығыңыз, маған сонша ерік беріп, осын-
дай сөйлетіп тұрғаныңыз да мені өлердей ұялтады. Жанымды
жегендей қапа-қайғыға салады. Міне, мен өз алдыңызда... бар
шыным, бар сырыммен аян боп тұрғаным осы. Сұрадыңыз –
айтпасқа амалым жоқ. Мен шын дерттімін!..
Н а р ш а . Қарагөз, аяулы ару Қарагөз!.. Сені мен мендей
шермендені қазақ баласы білмеген-көрмеген де болар. Бірақ
енді мен жетер жеріме жеттім! Сен менің, адал тілеу, ақ бата
қосқан жарымсың! Сол жетті, болды! Енді шектен аспайық.
Бұдан арғыға Наршаны сынама! Осыдан әрі майысар мұршам
қалған жоқ, енді тек сынарым ғана қалды. Естідің бе – сол-ақ!
(
Достарыңызбен бөлісу: |