Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет64/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   106
әлсіреп бұрылып бара жатып
)
.
Айттым ғой!
Асан Қарагөзбен бірге кетіп бара жатып, артта тұрған Сырымға қарап 
өлеңдетеді.


283
А с а н .
Сұлу қыз бен келіншек – елдің сәні,
Сұлу кеткен елдің де болмас мәні.
Сұлу қыз тоғайлы өзен бұлбұлындай,
Бұлбұл кетсе тоғайдың жоғалды әні.
С ы р ы м . Рас... рас...
Жүректің жатқа кетсе – қалағаны,
Үміттің қайта үзілсе – жамағаны.
Бетінен жат боп кеткен оралмаса,
Жас төгіп егілмеске шама кәне!
(
Аһ ұрады.
)
А с а н . Әй, азамат, мына түрің тегін емес-ау?! (
Басын 
шайқап.
) Білмедім... білмедім!..
Шымылдық.
Төртінші сурет
Жарық айлы түн. Нарша ауылының сырты. Өзен, тоғай. Алысырақта 
күзетшінің әні естіледі. Сырым, Дулат шығады.
С ы р ы м . Өзгелер қайда? Аттар дайын ба екен?
Д у л а т . Дәулеткелді мен Қоскелді аттарды дайындатып, 
кешегі ақ қайыңның түбінде тосып тұрамыз деп кетті (
Пауза.

Бірақ бұл күнге дейін бір жұмысты бұл қалай деп сұрап көрген 
жоқ едім. Ал осы жолы дәл осы істің лайығын сұрайын деп 
тұрмын. Өзге болған жүрістің жолы – бір басқа. Мынауымызды 
жұрт не дейді осы?
С ы р ы м . Осы сөзді шын айтып тұрмысың?
Д у л а т . Шын айтам. Сен істеген істен бойым тартып 
қалмаймын. Істеймін. Бірақ мәнін ұғындыр.
С ы р ы м . Қоскелді мен Дәулеткелді сұрамай-ақ еріп 
жүр ғой. Соларда ең болмаса сұрай білетін ақыл бар емес 
пе? Сен олардан тартымды, сақ кісі болғаның ба? Немене-
ге қобалжыдың? (
Пауза.
) Бірақ сұрадың – айтайын. Сен жұрт 
құптайтын лайығы десең, «ол қандай жұрт?» деп мен сұрасам 
қайтесің? Жұрттың да жұрты бар емес пе? «Жұрт» деп менің 
аталасым – Өсер ауылын айтсаң, менің бұл ісімнің де лайығы 
жоқ.


284
Д у л а т . Өсектеймін, жаманатқа ұшыратамын деген Өсер-
дің жау жандары аузына келгенін айта береді ғой. Мен оны 
өзің дей-ақ елемеймін. Тек өзімізше не деп жориық? Соны 
білдір деген едім.
С ы р ы м . Ендеше, мен Қарагөз жоқ жерде өз басыма 
тірлік жоқ дейтін күйге жеттім. Жолында жаным шықсын деп 
сүйгемін... Бүгінгі бар тірлігім де, тынысым да – сол!.. Жаның 
құрбы жассың, досымсың. Жазығым болса – осыным ғана.
Д у л а т . Осы жасқа келгенше, талайдың талаймен жақын-
дасқанын көрген ек. Өз басымыздан да көпті атқардық, бірақ 
дәл сен екеуіңдей жалындап, үзіліп тұрған жандарды көрген 
жоқ ем. Бұл дүниеде болар деп ойлаған да емес екем. Жаңағы 
сұрағаным – сондай бір сыпатыңды сезгендей болған ем. Өзің 
де өзек жарған барды айттың.
С ы р ы м . Жә, біздің осы күйімізде, осындай жалын атқан 
шағымызда не жазық бар? Не сұмдық бар?!. Қарагөздің басын 
мен сияқтанып қандай әке сүйеді екен... Олардың «жанашы-
ғаным», «жақсы көргенім осы», деген сөзінің бәрі жалған. Ол – 
бітпес жараны тілмен жалау. Маған айтқызбай, Қарагөздің өзіне 
айтқызып көрші! Бірақ керегі не? Бұған қарайтын дүние жоқ. 
Мен сондықтан да ондағы-мұндағы ауылдың бар әлеміне жат-
пын. Көріп тұрсың, ендеше, міне – жалғыз осы-ақ жол қалды.
Қарагөз бен Ақбала шығады. Сырым қарсы қозғалып:
Күнім-ай, мұнша неге жүдедің?.. Аппақ шөлмектей өңің 
қалай еді, не болған?! Ауырып тұрмысың әлде?
Қ а р а г ө з (
Сырымның мойнына білегін арта салып
)
.
Ауру 
емеспін... Бірақ менің бұл күнгі саулығымда не баға бар? (
Жы
-
лап, Сырымды құшақтап.
) Сәулем!.. Мен сужүрек болуға ай-
налдым. Өне бойым, жаныммен бір жаманшылықты сезгендей 
боламын.
С ы р ы м . Не сездің – айтшы, күнім, айым?! Білдірші маған!
Қ а р а г ө з . Білмеймін... Өзім де білмеймін. Не осы 
қайғыны көтере алмай өлемін. Не жұртқа бар сырымды өзім 
ашып, соның ұятынан өртенемін. Уланып елтіген кісідей мас-
пын. Сенің кететініңді ойлаған сайын ақылестен айырылып, 
езіліп барам, қуатым! Біз ор жағалап жүрміз ғой, құлаймыз ғой 
бір күні осыған. Не боламын, қайтіп адам боламын? (
Пауза.

Әттең, мына тор!..


285
С ы р ы м . Сен тіліңмен айтпасаң да, тек жүзің мен көзіңнен 
ұқпаймын ба, оқымаймын ба барыңды. Жүзіңді көрмесем, өз 
көңілімнің қайғысынан және де сенің жан сырыңды жаттай 
оқимын. Енді, міне, бұл қалыпта қалудың өзі өлімнен артық 
азап болды екеумізге де. Осыны ойлайық (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет