Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет63/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   106
Қарагөзді қоя беріп, Асанды шақырып алады.
) Жұрт тарқаған 
ба? Асан, менің жайымды сұраймысың, жоқ па?
А с а н . Не дейсің, не қыл дейсің? Тыныштық таба алмай-ақ 
қойдың-ау, сен де!
Н а р ш а . Бүгін таңда тыныштық табар түрім жоқ. 
Жүрегімнің түбінде зіл қара тас басып жатқандай.
А с а н . Қарагөзге енді кімнің ортағы бар? Өтер күн өтті. 
Қарауыл Қарагөзін ұзатты. Қайғының не орны бар?
Н а р ш а . Маған Қарагөз бір қайғы болса, Сырым тағы екі 
қайғы болды. Мені найзалағанын қоя ма, жоқ па осы? Сырым 
менің жайымды ескеруі былай тұрсын, тіпті күннен-күнге жау 
болып барады ғой. Қарагөздің бар сырын осы біледі. Маған 
соның білгенін біліп бер. Жасырса – менімен жау болғаны. До-
сым ба, жауым ба, соны айырып берші!
А с а н . Қазір осыны не деп айтамыз оған? Келмей жатып 
кінәласу лайық бола ма?
Н а р ш а . Тәйірі, Сырымға ой-қыры бар ма? «Кеше келдім, 
бүгін кеттім» дей ме екен ол? Сөйлесіп бер! (
Нарша кетеді.
)
А с а н (
отаудың есігінен қарап
)
.
Сырым құда, бері шығып 
кетші: жалғыз ауыз сөзім боп тұр.
С ы р ы м (
өлеңдете сөйлейді
)
.
Асан сал, сал ішінде бір алуаны,
Тозған заң, азған заман балуаны.


281
Сал болмай, көбінесе жеңге болып,
Жүрген түрі, мінекей, қалып әні!
Жеткіз деп қандай сөздің тасымалын,
Қандай жан жіберді екен бозбаланы?
А с а н . Уай, Сырым, қой, жаным! Сен менің соқтықпайтын 
кісімсің. Сенің сөзің асау қандай, басқа шапшитын болған соң, 
мен жырақ жүремін. Саған мен жол бердім ғой, көп таласпай-
мын. Бірақ сөйтсе де, сөз барымтасы жаман, жаман болады.
Ү й д е г і с а л д а р . Олай болса, айтып жібер: ер шекіспей – 
бекіспейді!
А с а н . Жоқ, мен Сырыммен шайқаспай-ақ, тыныш жүрем. 
(
Сы рым шығады.
) Сырым, саған белгісіз жай жоқ. Сен дағдың-
нан жаңылмайсың, бірбетсің ғой.
С ы р ы м (
салқын қарап
)
.
Иә, Сырымға сый істеп-ақ 
жатырсың. Аңдадық.
А с а н . Сен Қарагөзді жылаған қыз деп шашпауын көтердің, 
наразылық мұңын да айттың. Жүзі жүдеу, көңілі жадау күйінде 
жырлап келесің. Бірақ бұл сөзің екі жүзді семсердей болды. Екі 
басы бірдей ыстық темір болды. Бір жағы Қарагөздің қайғысын 
шығарса, тағы бір жағы Наршаны күйдіріп жатыр. «Әнеугі 
сөз – анау, бүгінгі сөз – мынау. Сірә Қарагөздің қайғысы Сы-
рымнан жасырын емес, Қарагөз өзі айтпайды. Сырымның мен 
де туысқанымын ғой, сезген-білгенін айтса қайтеді? Көптеп-
көмектеп Қарагөздің көңілін жазсақ не етеді?»– дейді. Бұған не 
дейсің?
С ы р ы м . Мен айтсам, Қарагөздің жұртқа білінген нара-
зы көңілін айттым. Ол Наршаға да белгілі болса, менен несін 
сұрайды. Жігіт сияқты жігітке сол білгені жетпей ме? Одан әрі 
бірде-біреудің атын сұраймын десе, менен оны біле алмайсың-
дар. Мен Қарагөздің басын былғап, бұлдық сатып алмаймын.
А с а н . Сырым-ай, маңайыңды бастырмайсың. Бірде-бір 
жанға құрбы болмағандай жат тұрасың-ау! Наршаның басы бір 
әйелге тең емес пе? Екеуінің түз-еңбегін жарастырып жіберсең, 
аз көмек етемісің?
С ы р ы м . Сырым – теріс біткен бір бұтақ. Қалай өсіп, қалай 
басып бара жатқанымды мен өзім де білмеймін. Алдымда менің 
не күтіп тұр! Қайда-қайда тартып бара жатқан тағдырым бар?.. 
Бұл сәтте оны да білген, аңдаған мен емеспін. Сол Сырым сенің 
еліңе келгенде, қайта туам деп келген жоқ. Жат елдің адамы 
19–1247


282
болғанда, Қарагөзді жолға салып, жөнін түзеймін деп, мен ба-
луан шығатын орын жоқ. Бұл сөзді өздерің ақылдас.
Жүре береді.
Қарагөз, Ақбала шығады. Қарагөз Сырымның қасына келеді.
Қ а р а г ө з . Мені тұншықтырып барады мынау ауыл. Тыны-
сым біткен сияқты. Шатасып барамын. Есімнен айырыламын 
ғой деймін. Қайтермін, жаным, айтармысың бірдеме?!
С ы р ы м . Мені сөзден тыйған жоқпысың? Арман айтардан 
қалған кісі емеспін бе мен!
Қ а р а г ө з . Рас, рас, жаным!.. Сенің жүдеген жүзің, 
шытынған қабағың менің үзілмес уайымым боп барады. Жаңа 
Нарша келіп тіл қатып еді, оның да іші толғап азап, шер...
С ы р ы м . Сен енді соны қорғамақ боласың ба? Оны да 
түсінбек, аямақ болғаның ба? Жанашыр, мейірбан Қарагөз 
жүрегі енді барды кешірер әулие-жүрек болғалы тұрғаны ма?
Қ а р а г ө з . Ол емес, олай емес, жаным Сырым! Ол жан 
қатаң болсашы! Бүйткенше топас, тоңмойын болса етті! Өз 
ойында жазықсыз ғой, сонысы қинайды. Оның басындағы 
уайымның қаншалық көп екенін білмейсің бе? Бір жағынан на-
мыс... намыс... «Қалыңдығы менсінбеді» дегенді намыс көріп, 
ішіне бар дертін тықпақ болады. Ол от өн бойын шарпиды; 
оның үстіне, беріп қойған малы, «алам, алдым» деген жесірі... 
бата... қырсық бата!..
С ы р ы м . Лағынет болғыр арамның малы! Лағынет 
болғыр сор бата!.. Ендеше, соның бәрін айта кеп, арылғалы, 
айырылғалы тұрсың ба тағы менен?
Қ а р а г ө з . Жоқ, мен айырыла алмаспын сенен... Осы сәтте, 
әсіресе бар жан-тәніммен сезіп тұрмын. Сенен айырылу менің 
сол жан-тәніме бірдей түскен жарадай... Дәл бір ауыр терең 
жара – қаны сорғалап тұрған жарадай! Тек «айырыламын-ау» 
деген ойдың ғана өз жарасы... Қазір жер тар! Сөйлескім келеді. 
Мені тастама, шыдауға дәрменім жоқ... Ақбаламен ақылдасып, 
жақында оңаша кездесетін орын байлаңдар. 
:
С ы р ы м . Рас па? Тағы да айнитын болсаң, өзіңді де, бізді 
де әурелеме!
Қ а р а г ө з (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет