Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет70/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   106
сәл селт етіп
)
.
Жат деймісің, тіліңді алайын ба?
Н а р ш а . Ал тілімді! Байғұс, сенің менен басқа жанашырың 
бар ма? Керек десе, менің шешем де мені де жынданды деп, 
екеумізден құтылғанша асық болып отыр.
Т о й с а р ы . Шешеңе ой түсті ғой.
Н а р ш а (
Карагөзге
). Қарагөз... шаршадың, шамаң бітті. 
Жат енді!
Қ а р а г ө з (
ақырын ілбіп жүріп
)
.
Қазір... қазір... (
Бетіне 
жапырақты ұстап.
) Тоғай ішінде көрге жатқалы келем. 
(
Төсегіне отырып
)
.
Ақыретке оранайын ба? Ән салайын ба?
Өз бетімен ыңырсып ән салып отырады. Аздан соң қайта шығып кетеді.
Н а р ш а . Құданың құдіреті, ауырғаннан бері аузынан 
«тоғай, көр» деген сөз бір түспейді. Бетіңді суыққа салып, 
жүрегің мұздай жат болып жүргенде де ибамен «сіз» деп 
сөйлеп, иіліп күткеніңнің өзі-ақ мені ұйытып еді. Ерекше бо-
лып туып, ерекше болып сөнгенің бе? Шынымен жарық күндей 
болып басталған өмірің қара түндей болып құлазып, жүдеп 
біткені ме?!
Т о й с а р ы . Бәрі рас... Жалғаны жоқ сөз. Бәрі арманды 
дүние!..
20–1247


298
Н а р ш а . Әй... болмайды! Шама жоқ. Мен де ұзамайтын 
жанмын. Жазылса, Қарагөз мені де жазар. Ол жазылмаса, тілер 
тілек, етер үміт жоқ. Тыныс бітіп келеді.
Қ а р а г ө з (
қайта кіріп
)
.
Жығылып барам... Ұйықтайын 
ба? Өлсем бе?.. Құлап кетсем, тау басынан ұшып келем... жерде 
тоғай... тоғай... көп тоғай?.. (
Сыбырлап, төрге қарап ақырын 
жүріп, қолымен ишарат қып.
) Шақырады... иә, иә, барам... 
Келе жатырмын... тоғай... (
Асанның үстіне келеді.
) Ә... қайда 
кетті?..
А с а н . О не, қарағым, Қарагөз? Шатасқаның ғой.
Қ а р а г ө з . Солай ма? Шақырған жоқ қой... (
Тойсарыға 
қарап.
) Ұят-ай! (
Бетін басып. Асанға.
) Асан?..
А с а н . Жаңа кісі таныдың. Кей уақытта танымай қоясың. 
Танып жүрсеңші осылай!
Н а р ш а . Кісіні таниды, бірақ елемейді. Танығанын 
білдірмейді. Әйтпесе оңашада «кім келді, кімді көрдің» десең, 
бәрін айтады. Біралуан қылып берген дерті ғой.
Қ а р а г ө з (
Асанға
) Асан... маған... (
Наршаны көрсетіп.

Ана кісіге ән салып берші. Ән... ән... (
Төсегіне сүйенеді.
)
Н а р ш а . Асанды көрген сайын «ән сал» дейді. Ескі күннің 
бұлдыр бір ұшқыны да.
Т о й с а р ы (
Асанға
). Көңілдері сергісін, салып бер бір әнді.
Н а р ш а . Уһ... Асан, айтшы бір ескі әніңді?
А с а н (
ән салады
)
.
Жігіттің бар тілегі – алдағы өмір,
Бозбала, әнге салсаң – қайғың кемір.
Құданың бергеніне сансыз шүкір,
Көңілім былтырғыдан биыл тәуір.
Н а р ш а . Былтырғыдан тәуір болған көңіл адыра қалсын 
да!
А с а н . А... Олай болса, мынаны тыңда!
Шүкірлік бергеніңе зүлжалалым,
Ойында еш нәрсе жоқ бозбаланың.
Тарқатып жас дәуреннің жәрмеңкесін,
Шетіне шығып қалдық ду базардың.
Текті кіреді.
Т е к т і . Сен не деп ән салып отырсың? Бұл үйге ендігі 
жетпегені ән бе еді?


299
Т о й с а р ы . Бәйбіше, әдейі айтқызып отыр.
Н а р ш а (
Асанға
). Дәурен өткен соң, ән де ажарынан айы-
рылады екен-ау! Тіпті бұрынғы тәтті ән сияқты болып селт 
еткізбейді.
Т е к т і . Ән еститін бізде не көңіл қалды? (
Күрсінеді.
)
Н а р ш а . Жаратқан ие, айығар ма, бұл тұман сергитін 
күн болар ма? Мен де, адам санатына қосылам ба? Жоқ па? 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет