Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет65/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   106
Карагөз құшақтап 
жылайды.
) Жыламай, ойланып жол табайық. Мен әуелі сен ой-
лансын деп тұрмын.
Екеуі үндемей сүйісіп, сахнадан шығып кетеді. Сахнаға Ақбала мен Дулат 
шығады.
А қ б а л а . Құдай-ау, өмір бойы маңына ешбір жанды дарыт-
пай, ешкімге көзін салмай, жұрттың бәрін менсінбей келгенде, 
мұны Молда жігітке кез қылып, мұндайлық қасіретке душар 
етер ме!
Д у л а т . Ақбала, Қарагөз бен Сырым ақыл-ойға ешкімнен 
кем емес. Кінәластырсаң, осы күнде де ешкімнен жеңілмейді. 
Біз бұл жағын қояйық. Өздеріне берейік те, ерейік. Шын 
асықтың адамнан жауы ғана болмасын, досы да болсын. Ол біз 
болайық. Бұл өз алдына. Ал жаңа сен «сезіктеніп жүрген кісі 
бар» дедің, сол кім? Соны айтшы?
А қ б а л а . Бірдемені білген кісі сияқтанып жүрген бірен-
саран кісі бар. Бәрінен де маған сезікті көрінетін – Асан мен 
Матай. Әсіресе Асан! Соның құйқылжыған тұспалында бір 
нәрсені ішіне тығып жүрген жан сияқты.
Д у л а т . Талай шытырманның ішінен бойымызды көрсет-
пей аман шығушы едік. Бүгінде білініп бүлінсе, кім біледі?
А қ б а л а . Жай кісі сезбегенмен, Асандар алаяқ сырқынды 
ғой. Өз басынан да талайды атқарған, жер танып алған жырын-
ды қу емес пе?
Д у л а т (
күліп
)
.
Ақбала-ай, айналайын-ай, ақылшы болуға 
қандай жақсысың?
А қ б а л а (
күліп
)
.
Е... бізді қыз болмады, жас болмады 
деймісің! Өзің сияқты жол-жобаны үйреткен жандар да болған 
шығар (
Қүліп.
) Жә, оны қой, мына жайларыңды айтсаңшы!
Д у л а т . Мен білсем, Асан да басқадан жырындылығы 
асып бірдеме сезіп жүрген жоқ. Осы тұста біздің бозбала мен 
бойжеткеніміз өздері олақ боп кетті.
А қ б а л а . Қайтсін!.. Күні бітіп, құмарлығы асқан сайын 
сүлдер құрымас па?! Бұл екеуінікі әншейін емес, шын асықтық 
қой. Баяғының асықтары дейтін осылар екен ғой. Қалқам-ау, 


286
сынайын деп айтқаным емес, осы соңғы бір жұманың ішінде 
Көзжақсым Молда жігіт жоқ жерде жады болған кісідей есінен, 
сөзінен жаңылып, жай сөзімнің өзін ұқпай кетеді. Мүлде 
ақылынан шатасқандай боп та отырады.
Д у л а т . Рас айтасың. Сезіктенген жұрт сондайдан сезініп 
жүр.
А қ б а л а . Осыны сен Молда жігіт пен Көзжақсыма айтсаң, 
сақтандырсаң не етеді?
Д у л а т . Жай-күй оған қалса айтармыз. Тек қазір тұра тұр. 
Сырым Қарагөзбен осы кеш басқа сөз сөйлескелі келді.
А қ б а л а . О не сөз?
Қарагөз бен Сырым шығады.
С ы р ы м . Мен сенімен уәделесіп сөйлескенім жоқ. Бірақ 
қазір осы уақытта Дәулеткелді, Қоскелді бізді ат ерттеп тосып 
тұр. Мен сені алып кетемін деп келіп тұрмын.
Қ а р а г ө з . Не дейсің?.. Қайда, жаным-ау?
С ы р ы м . Қаракесекке – менің нағашыма. Бұл ел саған да ел 
болмайды. Сен мені сүйгелі, арсыдағы арманыма жеткелі мен 
тыныштықтан айырылғам. Сені ұзатарда: «Қайтып көрме йін, 
енді мен қаңғып кетейін. Бұрынғы маған жоқ болсын!» – деп 
едім. Мені елге тастамадың. Мен сонда енді өзіме екі-ақ жол 
қалды дегем. Бірі – көз көрмес, құлақ естімеске сені әкету. Сенің 
жолыңда, сенімен бірге құшағымды айырмай өлу. Бір қабірге 
бірге түсу. Енді біреуі – бөтендігім бөрідей болып, жұлысып-
жұлқысып кету жау жұртпен. Бүгінде, міне, сол екеуінің бірінен 
басқа таңдау қалған жоқ. Қай жолыма түс дейсің – өзің биле, 
өзің нұсқа! Құдірет әміріндей күтем мен сенен!..
Қ а р а г ө з (
ойланып
). Не деймін?.. Не айтармын?.. Со-
дан басқа істер шара қалмағаны да рас! Не бүгінгі күн бір-
бірімізден айырылу, жат болысу... өлемін, үзілемін десем де, 
бүгін саған «ере алмаймын» деген жауабымды беру керек. Не 
болмаса – етегіңнен ұстау, еру!.. Мезгілдің өлім сағатындай 
бұйрық сағатына жеткені рас.
С ы р ы м (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет