Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет66/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   106
құшақтап тұрып
)
.
Ойлан!.. Ойла да қазір бекін, 
байла! Екеумізге берген тағдыр таңдауы ешкімнің басына 
берілмеген. Қадірлей білейік қасиетін!
Осы шақта Матай ақырын бұғып келіп бір ағаштың түбіне баспалап 
тұрады.


287
Осы сырымыз ашылмаған бетте бізге лағынет, қарғыс 
айтқаннан басқа, бүгінгі айналамызда аяйтын, есіркейтін, жай 
ұғатын жан жоқ. Ал іштегі сәулені, қос кеудедегі күн-сәулені 
бітеу жара қып сақтап жүрер шама жоқ. Біз жасырын жүрсек, 
жалын үдеп тағат қылуға, бойды жеңуге ырық бермес болды. 
Не маған «бетіңмен кет!» де, болмаса ер маған!.. (
Тым-тырыс.
)
М а т а й (
сыбырлап, өзіне
)
.
Ә... сұмдық мұнда ма еді?! Бәсе, 
сал-серілік жөні бір басқа. Асанның айтқаны келді ме? Енді 
мұны жалғыз мен білмеймін... (
Сырымдарға қарап.
) Сендер 
сөздеріңді пісіре беріңдер! (
Жүгіріп кетеді
.)
Қ а р а г ө з . Мені сен жеңдің. Сен биледің! Дүниеге тоқтауы 
жоқ, тойымсыз еттің! Енді адасқанды бетінен жарылғасын! 
Өзі берген қасіретін Құдай өзі жеңілдетер әлде. Әлде бізге де 
жарық күн бар шығар? Екеумізді де жетімдіктің үстінде, ана-
ларымыз қатар өліп жылап қалған күнде бір-біріңді уат деп, 
әуелі бауыр етіп үйір қылып, артынан асық деп, жан дескен 
асық етіп қосып еді ғой. Бізді жаман ниет қосқан жоқ-ты. Мен 
саған еремін, Сырым! Ермеске жолым тар. Тыным бітті. Тәңір 
бетімізден жарылқасын!
С ы р ы м (
қатты құшып сүйіп тұрып
)
.
Олай болса, бүгін 
кетеміз. Біз жалынды ыстық жар өмірін сүретін боламыз. Қазір 
кетейік, сәулем!.. Аттар тосып тұр.
Қ а р а г ө з . Сырым, Құдай қосса – бұл байлау нық байлау. 
Енді көңілге күдік кірмес. Бірақ шыдау керек. Бұл ниет бүгін 
орындалмайды.
С ы р ы м . Енді қашан? Неге орындалмайды?
Қ а р а г ө з . Бізді аяйтын туған-туысқан болмаса да, мына 
ауылда біздің ауылдың бар үлкені жатқанда кеткеніміз лайық 
емес. Солар кеткен соң болсын болар іс!
С ы р ы м . Бізді қуса, жаулық қылса, солардан үлкен жау, 
солардан әрі кететін жат жоқ. Бірақ Қарауылдың елін елемей, 
белін сындырғандай болармыз. Бұл сөзіңді теріс дей алмаймын. 
Солар кеткен соң-ақ бетті түзерміз. Келші енді, кел, сәулешім!.. 
Құшақпен қоса тілек қосайықшы мәңгіге!
Қ а р а г ө з . Мәңгіге!..
Дулат пен Ақбала шығады.
Д у л а т . Уа, шіркін шерменделер... Дүниеден осы құшақ-
тарың айырылмай өтіңдер.


288
С ы р ы м . Кәне, Дулат, енді жаңа ниетке бір тілеу тілеп
сөйлеп жібер! Біз емін-еркін екеуіңнің батаңды алып тұрып 
сүйісейік. (
Карагөзді құшақтап тұрады. Дулат өлеңмен 
сөйлейді.
)
Д у л а т .
Жолды оңғар, тілекті бер, о, жасаған!
Қашсақ та, қусақ тағы сендік саған. 
Болғанда дұшпандар көп, біз әлсізбіз,
Сол үшін жүрек қорқақ, үміт шабан.
Сақтай гөр қара күннен аты жаман,
Дегендей тілек бітті, қызық тамам.
Екі жас арманына жолды оңғарып,
Мақсатқа енді жеткіз есен-аман!
Қ а р а г ө з (
жылап, Сырымды құшақтап
)
.
А, Құдай, осы 
тілек – шын тілегім! Жолымды оңғармайтын болсаң, осы 
тілеудің үстінде ал!
Бұл сәтте сахнаға жылдам басып Нарша, Асан, Матай, Жарылғап, Мер-
жан, Жабайлар шығады.
Н а р ш а (
шыға бере сөйлеп келеді
)
.
Аталы ұлдың азғаны, 
мінекей... Мынау серілік емес, осалдық! Бұл жасырынның 
ашылып, абыройдың шашылғаны. Міне, әкелері – балаларың! 
(
Еңіреп жылайды.
)
Ж а б а й (
ақырып
)
.
Құдайдың қарғысы тиген жүзіқаралар!.. 
Не қып тұрсың?! Құдай-ау, мынаны көргенше, көр көзім неге 
шықпайды менің?! (
Сырымға.
) Сені өлтірмесем, кәпір бола-
йын! Байла екеуін де!
С ы р ы м (
ұмтылғандарға қарсы қанжар суырып алады. 
Жасқап жуытпайды
)
.
Тарт! Мен өлсем, өз бетіммен өлем!
М ө р ж а н (
Карагөзді ұстап алып
). Жүзіқара, жерге кір! 
Жүзің неге күймей тұр, арсыз! Өлтір, өлтір екеуін де!
Ж а б а й . Ұста! Ұста арсызды!
Көп жұрт жабылғысы келеді. Сырым әрқайсысын қағып ұшырып, сахна-
дан шыға жөнеледі.
Ж а р ы л ғ а п . Мылтық әкел, ат итті! Өлтір осы жерде.
Көп жұрт шулап қуып кетеді.
М ө р ж а н (
Қарагөзді екі кісіге ұстатып
)
.
Сал кісенді! Та-
банын тіліп, күң қылыңдар! Бетің тіліңгір, қайтіп шыдап тұр 
мына бетің?!


289
Қ а р а г ө з (
есі шығып жүдеген, өңі қашқан, әлсіз
)

Мен... 
мен... өлтірт мені, тірі қойма! Мен... бәрібір өлім... Ал... Құдай!.. 
Ал мені ақ өліміңмен!
Екі жігіт қолын байлайды.
М ө р ж а н . Кеселді, өл енді! Не бетім, не дейім енді ел-
жұртқа!?
Кеткендер қайтып келеді.
Ж а б а й . Жерге кірсең қоймаспын, Сырым! Жаратқан, мұн-
дай итті бергенше, қубас қып, сорлы қып неге қоймадың? Жер-
ге кірсе – қоймаймын. Қуамын, қолымнан бауыздап өлтіремін!
А с а н . Ойпыр-ай, мынау не пәле боп кетті?
Ж а б а й . Мына қызды кісенмен босағаға таңыңдар! Екеуін 
бірге өлтіреміз. Қайда, қайда мылтық?..
Жүріп кетеді.
Н а р ш а (
жерге құлаған Қарагөзге тақап
)
.
Өзіне не болған 
мынаның? (
Қарагөзге қадалып.
) Неғып жатыр?
Ж а р ы л ғ а п . Не болғанын қайтуші едің? Енді бұл өлсін, 
қарасы өшсін! Қара жерге қара басым кіргенше кетпес таңба 
болды ма?! (
Жылап.
) Мендей де сорлы әке болар ма екен?
М ө р ж а н (
талықсып отырған жерінен
)
.
Жердің үстімен 
келіп, астымен қайттым ба? Менің көзім тіріде менен туған 
арам қыз мұны істеді ме? Әкет, Жарылғап, мені таң атпай. Қара 
түнді жамылып, қара тұтып күңіреніп кетейін!
Бәрі кетуге беттейді. Қарагөзді сүйемелдеп, сүйретіңкіреп екі жігіт пен 
Нарша әкетуге айналады.
Қ а р а г ө з (
көйлегінің омырауы жыртық, көзі аларып, 
жүзі есінен шатасқандай бұзылып, шашы дудырап
)

Мен 
өлдім... өзім де өлдім... Шуламаса да өлдім... Ә... о? Не боп 
қалды осы?.. Дулат неге ән салмай қойды? Сырым неге қанжар 
ұстады?.. Мені өлтірді. Өлім... Өлім...
Н а р ш а (
тоқтап, шошыған күйде
). Мынау не дейді?.. 
Жын данған кісіше не дейді?.. Құдай-ау, не болған мынаның 
өзіне?..
Кетіседі.
Пауза


290
Қоскелді, Дәулеткелді шығады. Қарбалас. Қарсы алдынан Дулат келе 
береді.
Д у л а т . Не болды, жандарым? Не деп шуласып жатыр?
Қ о с к е л д і . Не болсын? Өрт... Артымыз қалың шу, өрт 
дерсің!
Д ә у л е т к е л д і . Келді ғой бұл дүниенің асты үстіне! 
Бәрінен жаманы – Қарагөз! Есіл Қарагөз!..
Д у л а т . Не бопты Қарагөз? Оны не деп аяп жатыр?
Қ о с к е л д і . Сорлы Қарагөз... Жынданып кетіпті жаңа.
Д у л а т . Не дейсің... Сұмдық... Жап-жаңа ма?
Д ә у л е т к е л д і . Жынданыпты, қайран асыл Қарагөз! 
Сырым шыға бере естіп қалады.
С ы р ы м . Қарагөз айым!.. Ай сәулелі Қарагөзім! Не дейді, 
ойбай, мыналар?.. Сәулем, сәулешім Қарагөз!.. (
Еңіреп жылап 
жібереді. Өзгелер үнсіз ұзақ жылап, өксіп-өксіп зар етіп алып, 
ұзақ тым-тырыстан соң.
) Лағынет! Лағынет, лағынет болсын 
саған – Өсер ауылы! Лағынет сұм қадам жұрағатыңа сенің!.. 
(
Кекете
.) Өсер... Өсер... не өсер? Тек зұлымдық өсер нөсер 
болып сенен! Сор өсер, ар өшер!.. Өскенде тек зар өсер сенің 
лағынет табаның астында (
Пауза
). Алдың ба тартып барымды? 
Аяулы сәулем, күн сәулелі сәнімді? Өшірдің бе әнімді? Жә-жә... 
кетістік те кешпеске! Кешпес кекке кеттім мен де келмеске! 
Білем, сенің де шымбайыңа батады. Алам, шашам, Өсер, сенің 
қалтырай құшқан малыңды!.. Судай төгем өзгені зорлау-қорлау 
үшін құрал еткен барыңды!.. Айрандай төгем «ақты-бозды» 
дейтұғын, Өсер таңбалы құтыңды! Құртам мен де, аузы қанды 
бөрің болам! Шайқаймын, қарғыс атқыр мүлкіңді. Кегім... 
кегім... Қарагөзім! Аяулы ару ардақтарым! Арнадым саған сол 
әділ ашу-кегімді!..
Сахнадан жөнеліседі.
Шымылдық.


291


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет