300
Бір жылы қыстыгүні Қарагөз ауыл қыдырамын деп, қатты суық
боранға кез болып, адасты. Іздеген жұрт таппады. Боран үш күн,
үш түні айықпады, Қарагөзден ел күдерін үзді. Ауыл іздеуден
қалды. Сонда сол күндер күні-түні тыным алмай мен ғана
іздедім. Үсіндім, таптым. Аман алып қалдым. Өлім аузынан
алып келдім. Сол жолы мен ішімнен Қарагөзді өзім үшін тап-
тым деп ем. Ол жыл былтырғы өткен жылдың қысы еді. Бірақ
өзімнің ешкімге мойынсынбаған көңіліммен: «Біз
ақыреттен
табысып келдік», – дедім. Ақырында, ұшырадым, ұшыраттым!
Н а р ш а . Бұл күнде Қарагөз – мынау!
Екеуің бір-біріне
қайғы үстінде сүйеу болып едің. Өзіңді танытып көр. Ескіні
есіне түсіріп көрші!
Т о й с а р ы . Иә, есіне салса, бірдеме болар ма еді? Енді
бауырыңа тартып, ой салып көрші!
А с а н . Сырым, шақырып көрсең қайтеді?
Т е к т і . Иә, шақырып, қасыңа алып көрсең...
Атыңды
айтсаң, бірдеме дер ме еді әлде?
Д у л а т . Есіл алмадай перизат! Жүзіне қарауға жан шыда-
майтын болғаны-ай! Сырым! Қарагөздің көзін көріп отырсың
ғой!.. Бірдеме десеңші!
С ы р ы м . Не дермін?.. Қарагөз есінен шатасып, мен тентіреп
құшнаш болам деп, бойы сергек кісі болып,
тірі қалып өмір
етем деп ойлап па ем? Жаратқан ие, неге ұшыраттың мені? Не
қылдың? (
Тоқтап отырып.
) Сәулем Қарагөз, мені танимысың?
Мен қасыңа барайын ба? Мен – Сырым... ұмытқан жоқпысың?
Қ а р а г ө з (
қолындағы бұтағын бетіне ұстап
)
.
Тоғай...
мынау әжем... сен Сырым... ән салшы! (
Қадалады.
)
С ы р ы м (
қасына келіп, қолын ұстап
)
.
Ән салсам, мені
есіңе аламысың? Сөйлесемісің менімен?
Қ а р а г ө з (
мағынасыздау
)
.
Иә, иә... Ән салшы.
Мен сені
білем.
С ы р ы м . Сәулем, көлеңкем!.. Қайғылы, дертті қарлы-
ғашым!.. (
Жылап.
) Сен кеткен соң, менен өлең мен ән де кетіп
еді... Айтсам – жылау үшін айтушы едім... (
Достарыңызбен бөлісу: